|
Әдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022. Б. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А
Бөлім:
| Өзім туралы
| Педагогтің аты-жөні
|
| Күні:
|
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| №13-сабақтың тақырыбы
| Менің үйім
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.2.7.1 – мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, көркемдегіш құралдар туралы түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табады.
Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегінсіз шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табуға тырысады.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басталуы 5 мин
| Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру.Үйжұмысынсұрау.Жаттау.Ойсергек
Әртүрлі үйдің суреттерін қойып, оқушыларға таңдату.
|
Өздеріне ұнаған суретті таңдап, не үшін таңдағандарын түсіндіреді.
|
|
Үйлердің суреттері
|
Ортасы 35 мин
| Мағынаны тану.
Ойқозғау
1-тапсырма. Жұмбақтарды шеш. Оқулықтағы жұмбақтарды шешкізу. Тақырыпты болжау.
Жұмбақтардың жауаптары арқылы тақырыпты болжату.
|
|
Әр дұрыс жауапты атап өту, мадақтау.
|
|
| Білу.
Оқылым. 2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Кәмен Оразалин. «Абайдың шаңырағы»
Сөздік жұмысы.
Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш. Сүйек төсек – жақтауларына сүйектен өрнек салып, әшекейленген ағаш төсек.
|
Оқушылар тізбектей оқиды.
|
|
|
|
|
|
Суреттер
| Айтылым.
тапсырма. Мәтінге сүйеніп, суреттегі Абай ата үйін сипаттап әңгімеле.
Қолдану.
тапсырма. Абай ата үйіне Кәрімнің көркемсөзбен берген бағасын тауып, жазып ал.
|
Тақта алдында сөйлейді.
|
Дескриптор:
суреттегі Абай үйін сипаттайды; көркемсөздерді қолданады.
| Оқулық
| Сергіту сәті.
Бұл – үйім менің, Терезем бар көңілді. Терезеден қараймын, Бәріне қол бұлғаймын.
|
Орындарынан тұрып қимылмен көрсетеді.
|
|
Жұмыс дәптері
| Талдау.
Жеке жұмыс.
5-тапсырма. Салыстыра отырып, кестені толтыр.
Абай атаның үйі Сенің үйің
|
Оқушылар дәптерде берілген кестені толтырады.
|
|
|
| Топтық жұмыс.
6-тапсырма. Бір оқушы көпқабатты үйдің он алтыншы қабатында тұрады. Лифтімен көтерілгенде оныншы қабаттың түймесін басады. Әрі қарай жаяу барады. Ал төмен түсерде бірден бірінші қабаттың түймесін басады. Неліктен деп ойлайсың?
| Әр топ оқушылары ойланып, ортақ шешім шығарады.
Әр топтың жауабы тыңдалады. Айтылған жауаптардың ішінен оқушылар дұрыс жауапты өздері бөліп алулары керек (Жауап: бойыжетпейді).
|
|
| Соңы 5 мин
| Үй тапсырмасы. Қандай үйде тұрғың келеді? Әңгімеле.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» әдісі
«Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы айтады.
«Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын айтады.
«Қызықты» – өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін айтады.
|
|
|
|
Бөлім:
| Өзім туралы
| Педагогтің аты- жөні
|
| Күні:
|
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| №14-сабақтың тақырыбы
| Менің арманым
| Оқу бағдарла-ма- сына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.2.1.1 – мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.
Оқушылардың басым бөлігі өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар өз ойын тірек сөздерді пайдалана отырып еркін жеткізеді.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басталуы 5 мин
| Қызығушылықты ояту.
|
|
|
| Ортасы 30 мин
| Мағынаны тану.
1-тапсырма. Мақалды оқы. Талабысөзінің орнына арманы, мақсатысөздерін қой. Не түсінгеніңді айт.
| Мақалды оқиды. Талабы сөзінің орнына арманы, мақсатысөздерін қойып оқиды. Түсінгендерін әңгімелеп айтады.
|
Дескриптор:
интонацияны дұрыс қоя біледі; екпін түсетін сөзді көтеріңкі дауыспен айтады; әр сөзді, әр дыбысты дұрыс оқиды; тыныс белгіге қарап дауыс ырғағын ажырата оқиды.
Мұғалім дескриптор бойынша әр оқушыға кері байланыс ұсынады.
Мадақтама.Оқушылардың құрастырған өлеңдеріне
«Тамаша!», «Жарайсың!»,
«Керемет!» сөздерімен баға беру.
|
Оқулық Интербелсенді тақта
|
| Білу. Түсіну.
|
|
|
| 2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Қадыр Мырза Әли. «Баспалдақ» Қолдану.
|
Өлеңді іштей оқиды (1 рет). Тізбектей оқиды (1 рет).
Мәнерлеп оқиды (бірнеше рет).
|
|
| 3-тапсырма. Өлеңдегі арманға
сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
|
Өз ойларын білдіреді.
|
|
| 4-тапсырма. Өлеңнің соңғы шумағындағы баспалдақ сөзін армандардеген сөзбен алмастыр. Мәнерлеп оқы.
|
|
|
| Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
5-тапсырма. Арман,мақсат,талапсөздерін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер:
|
Әр топ осы сұрақтар төңірегінде ой бөліседі, әңгімелеседі. Қажет болса, мұғалімнің көмегіне жүгінеді.
|
|
| Сенің арманың не? Қандай адам арманына жетеді?
|
| Қайталанбайтын сөздер жаза білген топты мадақтау.
|
| Соңы 5 мин
| Кері байланыс.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі.
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
| Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім,
... білдім, ... көзімді жеткіздім.
Бүгін сабақта қуантқаны ... . Маған ерекше ұнағаны ... Қызықты болғаны ... . ... қиындық тудырды. Менің түсінгенім ... . Енді мен аламын.
|
| Стикерлер, маркер
|
Бөлім:
| Өзім туралы
| Педагогтің аты-жөні
|
| Күні:
|
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| №15-сабақтың тақырыбы
| Не үйрендім?
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.1.1.1 – шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар бөлім бойынша өткен шығармалар туралы сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі тірек сөздер арқылы өз ойын жеткізеді.
Кейбір оқушылар бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылап, ол туралы пікір білдіре алады.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Басталуы 5 мин
| Қызығушылықты ояту.
Балалар, бүгінгі көңіл күйлеріміз қандай? Керемет! Сабаққа дайындықтарың қалай? Тамаша! Ендеше, сабағымызды бастайық. О-о-о!
|
Қолдарын көтереді. Алақандарын шапалақтайды. Бас бармағын көрсетеді.
|
|
| Ортасы 30 мин
| Мағынаны ажырату. Жеке жұмыс.
Оқулықтағы 1-тапсырмадағы
кесте бойынша жұмыс. Анықта.
2-тапсырма. Кейіпкерлерді атап жаз.
Кітапты сүйіп оқитын ... Ақ лағын емдеп жазған ... Май шайқап, құрт қайнататын ...
|
Оқулықтағы кестені оқушылар алдымен жеке орындайды, содан кейін жұпта жұмыстарын алмастырып, бір-бірін тексереді. Сипаттамасы бойынша кейіпкерлерді табады. Тірек сөздерді қолданады.
| «Көк және қызыл шаршы» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көк шаршы
«Иә, келісемін...», қызыл шаршы «Жоқ, келіспеймін...» деп қарсы пікір айтып, өз сөздеріне аргумент келтіріп, ойларын ортаға салады.
|
|
|
Сергіту сәті.
«Қыдырып қайтайық» биі
Топтық жұмыс.
3-тапсырма. Тірек сөздер арқылы өз ойыңды жеткізе аласың ба?
Тексеріп көр.
Бұл жұмысты «Аялдама» әдісі арқылы ұйымдастыру. Оқулықта берілген тірек сөздерді аялдамаларға бөлу.
1-аялдама. Қыргүйек, қызыл гүл, жүзі жайнап
| Оқушылар дәптерлеріне орындайды. Би қимылдарын жасайды. «Мозаика» әдісі арқылы топтасады.
«Аялдама» әдісі
Әр топ өз алдындағы парақшадағы тірек
сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, жазады.
Мұғалім белгі бергенде топтар сағат тілі бойынша ауысады, ал жазып жатқан парақшалары
|
Мұғалім дұрыс жауаптарды оқиды, оқушылар өз жұмыстарын тексеріп, өз-өздерін бағалайды. Парақшадағы сөйлемдерді оқып, ішіндегі ең ұтымды, мағыналы сөйлемдерді дауыстап оқып береді, мадақтайды.
|
http://vk.com/video 335070773_456239018
|
| аялдама.Қымыз, айран аялдама.Көк көйлек аялдама. Қызыл күрең кілем, үш ішекті домбыра, дөңгелек үстел
| орнында қалады.
Бір топ келесі топтың парақшасын оқиды да, алдыңғы топтың жазғанын қайталамай, басқа сөйлем жазады. Осылайша әр топ бір айналым жасағанша орындарын ауыстыруды жалғастырады. Соңында өз орындарына қайта келеді, танысады, талдайды, өзге топтардың жазғанын бағалайды.
|
|
| Соңы 5 мин
| Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі
| Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
|
|
Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу
Бөлім:
| Менің отбасым және достарым
|
| Педагогтің аты-жөні
| Молдаш Арайлым
|
| Күні:
| 10.10.2022
|
| Сынып:
| 2 Д
| Қатыспағандар саны:
|
| №16-сабақтың тақырыбы
| Менің отбасым
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.1.2.1 – шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау;
2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
|
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, түсінгенін өз сөзімен әңгімелей алады.
|
|
| Оқушылардың басым бөлігі шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша мазмұндайды.
Кейбір оқушылар шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша мазмұндайды, өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
|
| Сабақтың кезеңі/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басталуы 5 мин
| Қызығушылықты ояту.
– Осы біздер қандаймыз? Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз. Үлкенге ізеттіміз,
Кішіге қамқормыз. Көп оқимыз, Өнерліміз,
Жанып тұрған шырақпыз!
|
Хормен айтады.
|
|
|
| Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен
талқылау. Жетістік критерийлерін анықтау.
|
|
|
|
|
|
|
| Ортасы 35 мин
| Мағынаны тану. Білу.
|
|
|
|
| 1-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Туыстық атауларды есіңе түсір.
| Сөзжұмбақты шешеді.
Отанотбасынан басталады. Әкеңнің әкесі – ата. Сен әкеңе кім боласың? (бала) Мейірімді жан – ана. Ағайынды адамдар бір-біріне
туыс.
Ұлдан кіші қыз бала –
қарындас.
| Дұрыс шешкен оқушыларды мадақтау.
| Оқулық
|
| Оқылым.
2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Бейсебай Кірісбайұлы. «Біздің әулет» Өлең тақырыбының мағынасын ашу.
– Әулет дегенді қалай түсінесіңдер?
Айтылым.
3-тапсырма. «Әулет» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата. Өз отбасың туралы әңгімеле.
Менің отбасымда ... . Біз ... тұрамыз. Демалыс күндері ... .
|
Іштей оқиды. Тізбектей оқиды. Мәнерлеп оқиды.
Берілген рет бойынша өз отбасы туралы әңгімелейді.
Оқушылар тыңдайды.
|
Дескриптор:
интонацияны дұрыс қоя біледі; екпін түсетін сөзді көтеріңкі дауыспен айтады; әр сөзді, әр дыбысты дұрыс оқиды; тыныс белгіге қарап дауыс ырғағын ажырата оқиды.
|
| 4-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
(Алдымен мұғалім мәнерлеп оқу үлгісін көрсетеді).
Қастек Баянбай. «Немере»
|
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
|
|
| Оқушылар қимылмен көрсетеді.
|
| Сергіту сәті.
Біз бесеуміз, бесеуміз, Бес тармақты жұлдызбыз. Біз бесеуміз, бесеуміз,
Ақ қалпақты құндызбыз. Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен. Бiзден биiк секiрер
Мықты жандар бар ма екен?
|
|
Мұғалімнің ауызша кері байланыс беруі.
| Топтық жұмыс.
1-топ.
5-тапсырма. Өлеңге сүйеніп, суретті қара сөзбен әңгімеле.
2-топ.
| Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша дайындалады.
Топ спикері сынып алдында өз тобының жауабын ұсынады.
|
|
| 6-тапсырма. Баланың орнында сен болсаң, не істер едің? Өлеңдегі оқиғаны өз ойыңша қайта құрып, әңгімеле.
3-топ, 4-топ.
7-тапсырма. «Жалқаулық»,
«Қамқорлық» тақырыптарына оқиға ойластыр.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
|
|
|
| Соңы 5 мин
| Үй тапсырмасы. Өз отбасындағы қамқорлық туралы шағын әңгіме жазу. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі
| Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
|
|
Бекітемін: Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу
Бөлім:
| Менің отбасым және достарым
| Педагогтің аты-жөні
| Молдаш Арайлым
| Күні:
| 11.10.2022
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| №17-сабақтың тақырыбы
| Қара шаңырақ
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтін бойынша өз ойын білдіреді.
Көптеген оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып өз ойын айтады.
Кейбір оқушылар сабақта үйренген жаңа сөздерді орынды қолданады.
|
|
|
|