Главная страница

Әдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022. Б. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А


Скачать 1.17 Mb.
НазваниеБ. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А
Дата20.12.2022
Размер1.17 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022.docx
ТипДокументы
#855286
страница18 из 35
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




Бөлім:

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

22-сабақтың тақырыбы

Ата ақылы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар шығарманы оқып, қажетті ақпаратты түсінеді.

Көптеген оқушылар рөлге бөліп оқиды, мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар мәтіндегі негізгі ойды өзі анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Топқабөлу.

Балалар, сендерді үлкендер қандайқасиеттерге тәрбиелейді? (Сыйластыққа,мәдениеттілікке, қамқорлыққа,адамгершілікке)



Қимылдарды жасайды.


Осы сөздер бойынша 4 топқа бөлініп отыру.







Ортасы 30 мин

Мағынаны тану. Білу. Түсіну.

1-тапсырма. Нақыл сөздерді жаттап ал. Қалай түсінетініңді айт.

  1. Аталар сөзі ақылдың көзі.

  2. Әке ақылы бұлақ.

Автор туралы мәлімет

Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Туған жері бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).



Оқушылар оқулықта берілген нақыл сөздерді іштей оқиды. Қалай түсінетіндерін ортаға салады.


  1. Іштей оқиды.

  2. Дауыстап тізбектей оқиды.



Мадақтау.

Оқулық Жұмыс дәптері




Оқылым. 2-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.













Мәтінді түсініп оқы.

Ахмет Байтұрсынұлы. «Ата насихаты»
3-тапсырма. Насихатсөзіне мағынасы жуық сөздерді белгіле.

Насихатсөзіне мағынасы жуық сөздерді белгілейді:

а) ақыл; ә) өтініш; б) шешім; в) өсиет; г) келісім.

Дескриптор:

  • насихат сөзіне мағынасы жуық бірінші сөзді белгілейді;

  • насихат сөзіне мағынасы жуық екінші сөзді белгілейді.




Айтылым.

  1. тапсырма. Мәтіннің суретке сәйкес келетін тұсын тауып, әңгімеле.




  1. тапсырма. Мәтіндегі оқиға қандай нақыл сөзге құрылған? Тауып айт.


Мәтіннің суретке сәйкес келетін тұсын тауып, әңгімелейді.
Оқушыларға бірнеше нақыл сөздер жазылған қағаздар тарату. Осы нақыл сөздердің ішінен мәтіндегі оқиға қандай нақыл сөзге құрылғанын табады.

  1. Аталар сөзі – ақылдың көзі.

  2. Әке ақылы бұлақ.

  3. Ақыл тозбайтын тон. 4. ... ... ...


Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау, басқа оқушыларға қолдау көрсету.




Сергіту сәті.

«Ұйқасын тап» ойыны. Отынды да ... (жарамын) Дүкенге де ... (барамын) Үлкендерге осылай

Мен қолғанат ... (боламын) Қолдану.

6-тапсырма. Саған үлкендер қандай ақыл айтады? Қалай орындап жүрсің?

Кесте бойынша жауап бер.

Іс-әрекетті жасайды.
Оқушылар кесте бойынша берілген ретпен жүйелі сөйлейді.

Ауызша кері байланыс ұсыну







Соңы 10 мин

Рефлексия. «Тазалық» ойыны. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңды шабаданға салыңдар

(жазыңдар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңдар (жазыңдар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңдар (жазыңдар).




  • Оқушыларға бір парақ беріледі.

  • Оқушылар ойлана отырып жазады.




  1. Шабадан

  2. Қоқыс жәшігі

  3. Еттартқыш




Үй тапсырмасы. Мәтінді оқы.










Бөлім:

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

23-сабақтың тақырыбы

Қолғанатпын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар шығарманы түсініп оқиды.

Көптеген оқушылар шығарманың желісі бойынша мазмұндай алады.

Кейбір оқушылар қажетті ақпаратты белгілеп отырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен

Қимылдарды жасайды.








Білемін

Білгім келеді

Білдім


















Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Топқабөлу.

Түрлі түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлу.








Түрлі түсті қағаздар

Ортасы 30 мин

Мағынаны тану.

Ойқозғау

«БББ» кестесі. Сәкен Сейфуллин туралы не білесіңдер?

Оқушылар кестенің 1–2 бөлімі бойынша сөйлейді. С. Сейфуллин туралы не білетіндерін айтады.

Не білгісі келетіндерін айтуға тырысады.




Кесте




Білу.

Есіңе сақта! Әңгімені жазған Мәжит Сейфуллин. Ол ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің інісі.
Оқылым. «Түртіп оқу» әдісі

  1. тапсырма. Мәтінді іштей түсініп оқы. Қолғанат сөзінің мағынасын ашатын жолдарды белгілеп отыр.

Түсіну. Айтылым.

  1. тапсырма. Мәтінге сүйеніп, бала Сәкенді сипатта.


Суретпен жұмыс.

  1. тапсырма. Суретке зер сал. Мәтіннің қай тұсына сәйкес келетінін әңгімелеп айт.


Мәтінді іштей түсініп оқиды. Қолғанат сөзінің мағынасын ашатын жолдарды белгілеп отырады.
Мәтіндегі көркемсөздерді қолдана отырып, кейіпкерді сипаттап әңгімелейді.

Дескриптор:

  • мәтіндегі қажет ақпаратты белгілейді.


Дескриптор:

  • мәтінге сүйеніп кейіпкерді сипаттайды;

  • көркемсөздерді қолданады.

Оқулық Жұмыс дәптері
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35


написать администратору сайта