Главная страница
Навигация по странице:

  • Биотикалық факторлар

  • Мeдициналық экoлoгия, түсінігі, oбъeктісі, мақсаты мен зерттеу әдістері

  • Медициналық экологияның нысаны

  • Медициналық экологияның мақсаты

  • Медициналық экология міндеттері

  • Жалпы айтқанда медициналық экологияның негізгі міндеті

  • 1.6. Зерттеу әдістері: Медициналық-экологияның міндеттері өзара байланысқан төрт медициналық-экологиялық зертеулер топтамасын

  • ІІ зерттеу блогіне екі міндет кіреді: І міндет

  • книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеC. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
    Анкоркнига мед экология для мед.универов
    Дата14.03.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЭлектронды оқулык Медициналық экология (1).doc
    ТипДокументы
    #396638
    страница4 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

    1.4. Ортаның экологиялық факторлары
    Экологиялық факторлар - организмге бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.

    Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.

    Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (жарық, температура, радиация, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың тұзды құрамы, жердің рельефі және т.б.)

    Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі үрдістер жиынтығы.

    Антропогендік факторлар - қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ ланшафтарының бұзылуы және т.б.).

    Сонғы жылдары «антропогендік факторлар» табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай адам баласы іс-әрекеті бақылауға алынып, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына жол бермеу жолдары ғаламдық мәселелерге дейін көтерілуде.



      1. Мeдициналық экoлoгия, түсінігі, oбъeктісі, мақсаты мен зерттеу әдістері


    Ғаламдық экология биосфераны тұтас зерттейді, басқаша айтқанда, жер шарын ораған экологиялық жүйені зерттейді. Қазіргі ғаламдык экологияның басты міндеттеріне тіршілік ортасындағы антропогендік өзгерістерді зерттеу мен адамзат мүддесінде осы ортаны сақтау және жақсарту әдістерін негіздеу жатады. Осыған байланысты болашақта экологиялық ситуация өзгерістерін болжамдау және осы негізде жақын жылдарға және алыстаған перспективаға адамдардың тіршілік ортасын сақтау мен жақсартуға, биосфераның керек емес өзгерістерінің алдын алуға бағытталған шаралар өңдеп жасап шығару.

    Соңғы жылдары ғаламдық экологиядан медициналык экология бөлініп шықты бұл жедел дамып келе жатқан пәнаралық ғылыми бағыт. Ол философияны да, медикбиологиялық ғылымдарды да (гигиена, генетика, физиология, патология және т.б.), қоғамдық ғылымдарды (демография, социология), географиялық ғылымдарды (медициналык және әлеуметтік география) біріктіреді. Медициналық экологияның өзегі гигиена болады. Гигиена адамдар денсаулығының күйіне қоршаған орта факторлары әсерінің зандылықтарын және оларсыз жоғарылаған антропогендік жүктемені региондардың медициналық-экологиялык бағалануын жүргізу мүмкін емес гигиеналық нормативтер, ережелер және шараларды жасап шығарады.

    Медициналық экология өзіне генетиканы қосады, өйткені, организм реакциясы биологиялық белсенділік пен экологиялык фактор дозасына ғана тәуелді емес, генетикалық кодқа да тәуелді. Ол, тірі организмдер әмірі және олардың қоршаған ортамен өзаракатынасын зерттейтін физиологияны қосады. 1883 жылы физиолог И.М.Сеченов айтқан: "Ағза, оның тіршілігін ұстап түрған сыртқы ортасыз, мүмкін емес".

    Қазіргі уақытта экологиялық қолайсыз аймақтарда экологияға тәуелді аурулар немесе жалпыға белгілі патологиялар бұрынғы өту қалпынан басқаша, типсіз өтуде. Осындай ауру клиникасын, патогенезін және диагностикасын зерттеумен, осындай аурумен ауыратын сырқаттарды емдеумен медициналық экологияның жана тармағы экологиялык патология (экопатология) айналысады.

    Экологиялық қолайсыз аймақтарда тұрғындар денсаулығы күйін толық бағалау үшін, әрине, кейбір демографиялық көрсеткіштерді (туушылық, өлім-жітім, түрғындардың табиғи өсімі т.б.) әлеуметтік сұрау деректерін және географиялық ғылымдарды білу.

    Ең жалпылама түрде медициналық экология бұл адамнын биологиялық та және әлеуметтік те тіршілік иесі ретінде күрделі көп компонентті коршаған әлеммен, ылғи да күрделеніп түратын динамикалық тіршілік ортасымен өзара әрекеттесуі.

    Жалпы экологиядан медициналық экологияны біз неге бөлеміз? Осыны түсіну үшін биологиялық пән ретінде, экология негізделінген үш жалпы биологиялық қағидаларға тоқталып өтуіміз керек. Оларға жататындар:

    1. Ағза мен ортаның өзара қатынасы туралы мәселе.

    2. Адаптация мәселелері.

    3. Түр туралы үғым.

    Көрсетілген экология мәселелері медицинаның жалпы биологиялық фундаментіне кіреді. Биологияның негізгі экологиялық заңы "ағза мен ортаның бірлігі" заңы адамға да қатысты. Медициналық экологияның жалпы экологиядан айырмашылығы "ағза мен ортаның бірлігі" заңының әрекетін адам саналы еңбек қызметімен шектей алады.

    Мысалы: Адам өзіне өзі өмір сүретін және табиғи орталарда қолайлы микроклимат орнатып, осылайша қолайсыз химиялық, биологиялық және физикалық факторлардың әсерін шектейді.

    Адам үшін тән:

    • жасанды иммунитет адаптация үрдістерін реттейді;

    • қоршаған ортаға факторларына тәуелді (ыстық және суық климат, немесе цех);

    • рациональды және балансты тамақтану, енбек ауырлығына тәуелді тамақтану.

    Осындай үлгіде адам "ағза мен ортаның бірлігі" заңының әрекетін шектейді. Бірақ заң әрекетін толык басып тастау мүмкін емес, өйткені ол биологиялық ағза ретіндегі адамға да тарайды.

    Aдaптaция (бейімделу) – бұл ағзаның толық және гомеостатикалық жүйелердің функционалды жағдайын максималды қолайсыз жағдайдада қалыпты ұстап тұратын, оларды толық сақтайтын, өміршеңдігін қамтамасыз ету үдісін айтамыз (Кaзнaчeeв В. П., 1973).

    Aдaптaция сөзсіз тірі материяның фундаменталды көрінісі болып табылады. Ол барлық өмір формасына тән жағдай. Адаптацияның келесі түрлері бар: биoлoгиялық, физиoлoгиялық, биoхимиялық, пcихoлoгиялық, әлеуметтік және т.б.

    Адаптация үрдісін жіктеуде ескеретін жағдайлар:

    1. Орта факторлары (физикалық, химиялық, бaктepиaлды, виpуcты).

    2. Ағза құрамы (эмбpиoнaлды, балалар, ересектер, жынысы, ұлты.)

    3. Әртүрлі мүшелер жүйесінің қайта құрылуындағы бейімделу сипаты (ең бастысы - жүйке, гopмoнaлды, иммунды жүйелер, сонымен қатар жүрек қантамыр, тыныс алу, асқорыту және т.б.).

    4. Биожүйелер ұйымдасуының деңгейлері (түр, пoпуляция, ағза, cиcтeмa, мүшелер және т.б.).
    Медициналық экологияның нысаны - қоршаған орта, аумақтық антропогенді (медициналық) экологиялық жүйелер болып табылады.

    Медициналық экология пәні - адамдардың денсаулығы мен аурулардың экологиялық алғы шарттарының, денсаулыққа ықпал ету кезінде болатын медициналық-экологиялық жүйелерінің қасиеттері болып табылады.

    Медициналық экологияның мақсаты – нақты территорияларда адамдардың денсаулығына оптималды экологиялық тепе-теңдігін сақтауды (қалпына келтіруді) қамтамасыздайтын шараларды даярлау.

    Медициналық экология міндеттері:

    • Биосфера мен қоғамда қазіргі заманғы өзара қарым-қатынас туралы көзқарасты қалыптастыру

    • Тіршілік ету ортасының сапасын анықтау, алғашқы медициналық денсаулық сақтау саласында адам мен оның денсаулық жағдайын алдын алу, себеп-салдарын анықтау;

    • Қоршаған ортаның сапасын бағалау өлшемдері мен функцияларын, әртүрлі организм жүйелерінің көрсеткіштерін (параметрлерін) анықтау

    • Қоршаған орта факторларының рөлі мен орнын, оның денсаулыққа әсерін, үлесі бойынша жиынтық әсерлерін зерттеу;

    • Қоршаған орта факторларының адамдарға теріс және оң жиынтық әсерлерін адамдарға экологиялық аспектілері ретінде анықтау;

    • Медициналық-экологиялық қауіп-қатер мен медициналық-экологиялық ланшафтардың көлемін бағалау;

    • Медициналық-экологиялық нормативтерді өңдеу;

    • Техногенді жүктеме,қауіп-қатер анықтамасы;

    • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    • Ғаламдық экология мәселелерін шешу;

    • Биогеохимиялық патологиялардың экологиялық жағдайына байланысты аурулардың алдын алу, емдеу,диагноз қою.

    Жалпы айтқанда медициналық экологияның негізгі міндеті- дені сау адамның денсаулығын сақтау және нығайту;

    Оңтайлы жағдайлар жасауға қолайлы факторларды (мысалы, оттегінің ауа ортасындағы құрамының жеткіліктігі, көгалдандыру, озонмен тазарту, иондану, инсоляция, қала және т.б.). қолданылуды күшейту үшін

    Көптеген зиянды және қауіпті заттардың қоршаған орта факторларына қолданылуды шектеу

    Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін төмендету, олардың денсаулық жағдайларының алдын алу маңызды рөл атқарады.

    Алдын алу- бұл әр түрлі аурулардың немесе қатерлерді азайтуды болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені.

    Мазмұны мен міндеттері бойынша аурулардың алдын алу біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөледі.

    Біріншілік алдын алу аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған.

    Бұл жалпы популяциялық (тұтас) сипатта алуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда - қысқа бағытта.

    Бірінші ретте салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, екінші ретте ic-шаралар кезеңдерінде қауіп-қатер аумағында сезінеді.

    Екіншілік алдын алу - сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологиялық алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады.

    Емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үрдісінде оны ерте анықтауға, емдеу және аурулардың сұрауды, жеке топтарын анықтауда қауіп-қатер топтарында анықтау басты міндет болып табылады.

    Үшіншілік алдын алу- ауырған адамдарға жүргізіледі.Оның мақсаты-ауруды ерте анықтау және емдеу, аурудың әрі қарай үдеуінің және оның салдарының-асқынуының, қайталануының, созылмалы түріне өтуінің және басқалардың алдын алу.
    1.6. Зерттеу әдістері:

    Медициналық-экологияның міндеттері өзара байланысқан төрт медициналық-экологиялық зертеулер топтамасын жүргізу арқылы өз шешімін табады.

    I. Қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау.

    II. Қоршаған орта факторларының адам мденсаулығына және оның өмір сүру жағдайларына тигізетін әсерін тәжірибелік-гигиеналық бағалау.

    III. Халықтың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық зерттеу.

    IV. Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларынан болатын қауіп қатерді бағалау.

    Зерттеу жүргізгенде гигиеналық нормалар мен әдістер қолданылады

    Бірінші топтаманы зерттеу үш міндеттен тұрады:

    І міндет. Зерттелетін аймақтарда ортаның нақтылы күйінің гигиеналық сипаттамасы.

    Осы міндетке мынадай зерттеу түрлері кіреді: 1. Берілген аймақ немесе мәселе туралы басылып шыкқан әдебиетке талдау бұл мәселе туралы көріністер мен зерттеулер қажеттігін береді.

    2. Жұмыстың құжаттары талдауы есеп берулер, санитарлық эпидемиологиялық кызмет, экологиялык қызметтер, қоршаған ортаны қорғау бойынша ведомстволык лабораторилардың және т.б. бюллетені.

    ІІ міндет. Әртүрлі табиғаттык ортада әртүрлі ластаушы агенттер мөлшерінің деңгейлерін бағалау максатымен жүргізіледі. Мысалы: жер беті және жер асты суларында елді мекендердің атмосфералық ауасында, топырақта, топырақтан өсімдіктерге тасымалдануы, ауылшаруашылық өнімдерге, жануарлар мен адам биоорталарында зиянды химиялық факторлармен (токсикалық заттар)ластану көздерінен ара қашықтықта мөлшер мен таралуының деңгейлері.

    Токсикалык заттардын негізгі жинақтаушысы топырақ болғандыктан, адам ағзасына токсикалық заттардың топырақтан түсуінің ықтимал жолдары зерттеледі, олар үшеу:

    • миграциялық-ауалық -ағзаға ауа аркылы түсу жолы.

    • "миграциялық-сулық" ағзаға сумен түсу жолы.

    • "транслокациялық" тізбектер аркылы өсімдіктер жануарлар ауылшаруашылық өнімдері аркылы түсу жолы.

    Биологиялык факторлар мөлшері мен таралуы: топырақтағы, судағы, ауадағы, тағам өнімдеріндегі микроағзалар, гельминттер, саңырауқұлақтар.

    Елді мекендердің табиғи-климаттық факторлары зерттеледі күн инсоляциясы, температура ылғалдылық, ауа қозғалысынын жылдамдығы және бағыты, атмосфералық қысым.

    Физикалық факторлар: өндірістік бөлмелердегі иондаушы сәулелену деңгейлері. Елді мекендерде көшедегі шу және қоршаған ортаның табиғи радиациясы және басқалар.

    ІІІ міндет. Қоршаған ортаның денсаулық үшін жаңа, қауіпті факторларын табу. Атап айтқанда, әлі зерттелмеген, аналогтар қоршаған орта бұрын байқалмаған жана химиялық заттарды табу: гербицидтер, пестицидтер, асбест, диоксиндер, космостық отын құрамына кіретін заттар, олардан өніп шығатындар және т.б.

    Физикалық табиғатты жаңа факторларды табу, радиостанциялар, телеорталықтар, радар қондырғылары маңайында кұрылатын (иондамайтын радиация деп айтылатын) электромагниттік өрістер.

    Жаңа биологиялық факторларды табу. Оларға синтетикалық биологиялық белсенді препараттар жатқызуға болады антибиотиктер, ферменттер, вакциналар, витаминдер, азықтық ақуыздар және басқалар. Олар қоршаған ортаға жедел қаркында дамудағы микробиологиялық өнеркәсіптің қалдықтары ретінде түсуі мүмкін.

    ІІ зерттеу блогіне екі міндет кіреді:

    І міндет. Адам ағзасына әртүрлі ластаушы агенттер әрекетін экспериментальды бағалау. Бірінші кезекте, бұл, әртүрлі табиғатты факторлардың адамға әрекетін модельдейтін лабораториялық жануарларға жасалатын токсикологиялық эксперимент:

    l) Химиялық табиғатты факторлар экспериментте химиялық факторлар әсері зерттеледі:

    −токсикалық заттардың ағзаға ауыз сумен, немесе суға шомылғанда тері аркылы түсуі-тері-резорбтивтік әрекеті;

    −токсикалық заттардың ағзаға арналуы уландыратын камераларда ауамен түсуі;

    −токсикалық заттардың тағамдық өнімдермен түсуі.

    2) Физикалық табиғатты факторлар арналуы камераларда шу, діріл, иондайтын сәулелену, электромагниттік толқындардың ағзаға әсерін зерттейді.

    3) Биологиялық табиғатты факторлар:

    -микроағзалар өндіретін биологиялык белсенді препараттардың ағзаға

    әсерін зерттейді.

    Осы эксперименттер қоршаған ортаның нақты жағдайларында бар деңгейлер мен режимдер сақталуымен жүргізіледі.

    Осындай эксперимент барысында:

    l) токсикалық параметрлерді анықтайды: LDSo (жануарлардьщ 50% кырылатын ауадағы токсикалық зат); CL“, (жануарлардың 50% қырылатын ауадағы токсикалық зат концентрациясы; кумулятивтік (ағза жүйелері мен мүшелерде токсикалық заттын жинақталуы); зиянды фактор әрекетінін шектік және шектіктен төмен деңгейлері.

    2) Биологиялық әрекеттін барынша мүмкін түрлерін зерттеу: жалпы токсикалык, аллергендік, тері-резорбтивтік және басқалары.

    3) Алыстатылған салдарын зерттеу, мутагендік (хромосомдық абберациялар, гендегі өзгерістер); концерогендік (кауіпті ісіктер пайда болуы); эмбриотоксикалык (құрсақтағы бала дамуына әсері); гонадотоксикалык (ерлер гонадасына әсері); геронтологиялык (қартаю үрдісінің үдеуі).

    ІІ міндет. Нақтылы химиялық заттардың орта объектісінің біріне әсерін зерттейді. Мысалы, су ластануларынын онын сапасы көрсеткіштеріне әсері (түстілігі, лайлығы, иісі және т.б.) және өзін-әзі табиғи тазалануы (су комалаларының санитарлык режимі). Бұл зерттеулер адамның өмір сүруі жағдайларына химиялық ластанулардын мүмкін колайсыз әрекетін бағалауға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, адамға өзгерген қоршаған ортаның жанама әрекеті. Тұтасынан алғанда, жоғарыда көрсетілген зерттеулер, өмірінін әр кезінде және әртүрлі әлеуметтік жағдайларда адамға әрекет ететін қоршаған ортаның потенциальды зиянды факторларын регламенттеудін немесе нормалаудың негізгі болып қызмет жасайды былайша айтқанда, ШРЕК, ӘШАҚД, ОҚЗД және басқаларды анықтау үшін.

    ІІІ зерттеу блогі.

    Орта факторларының адамға мүмкін қолайсыз әрекетін толық бағалау үшін аталған тек қана лабораториялық жағдайлардағы экспериментальдық зерттеулер жеткіліксіз.

    Олар тұрғындарды натуралық зерттеулермен толтырылуы керек, басқаша айтканда, эпидемиологиялық зерттеулермен. Бұл зерттеулерде, коршаған ортада нактылы бар факторлар әсерінің дәрежесі мен тұрғындар денсаулығы күйінің сандық байланыстарын зерттеуге, ауыз су сапасына, үй-іші ортасына, қалалық агломерациялардың атмосфералық ауасы мен топырағына және агроөндірістік кешендерге байланысты ағзаның функциональдық күйі өзгеруінің тарауларын бағалауға басты көніл аударылады.

    Тұрғындар денсаулығы күйін зерттеудің эпидемиологиялық әдісі гигиенанын басты әдісі ретінде 2 кезеңнен тұрады.

    І-кезең Қандай да бір фактор әрекетіне ұшыраған тұрғындар денсаулығы күйін санитарлық-статистикалық зерттеу. Осы мақсаттар үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген есепке алу есеп беру қүжаттары қолданылады.

    Мысалы, қаралуға келуі бойынша тіркелетін, аурушандық еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалту, инфекциялық аурушандық, балалар аурушандығы және басқалар.

    Кейбір демографиялық көрсеткіштер (туушылық, жалпы және сәбилер өлім-жітімі, табиғи өсім), тұрғындар (халық), жыныстық-жас шамалық және ұлттық құрам саны туралы деректер. Тұрғындар миграциясы және басқалар.

    Дене жетілуі (ұзындық, салмақ, бас және кеуде шеңбері).

    Мүгедектік (мүгедектікке бастапкы шығу себептері туралы мәліметтер).

    2-кезең қандай да бір фактор әрекетіне үшырағанда тұрғындарды терең медициналық тексеріп қарау.

    Дәрігер мамандар тобымен жүргізіледі және тұрғындардың шын аурушандығын анықтауға, патологияның ерте белгілерін табуға мүмкіндік береді.Аурушаңдылықтың кездесу жағдайлары 1000 ға есептелінеді немесе қаралған тұрғындардың жалпы санынан % бойынша беріледі.

    Алынған мәліметтер негізінде арнаулы статистикалық көрсеткіштер есептелінеді. Мысалы, кандай да бір патологиянын тұрғындар арасында кездесу жиілігі, аурушандылық құрамы.

    Тәжірибелік түрғындар тобынан (қауіп қатер тобы) баска міндетті түрде оған зерттеуші фактордың әрекеті тимейтін немесе аз дәрежеде тиетін бакылау (контроль) тобы тандалып алынады.

    Бақылау нәтижелерін салғастыру осы немесе басқа фактордың тұрғындар

    саулығына әсерінің бағалануын беруге мүмкіндік береді. Бақылау таңдау барлық гигиеналық-экологиялық зерттеулерге қатысты.

    Бакылауды таңдап алуға койылатын талаптар;

    l. Бақылау елді мекен зерттелетін фактор әсеріне ұшырамау керек.

    2. Рельеф, микроклимат

    (температура, ылғалдылық, ауа козғалысының жылдамдығы мен бағыты, күн инсоляциясы) әлеумет-тұрмыстық жағдайлары, үлттык құрамы, жыныстық жас ерекшеліктері және кәсіби құрамы зерттелетін аймақтан ұқсас болуы керек.

    Қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау және тұрғындар денсаулығының күйін эпидемиологиялық зерттеу 3 негізгі нүсқада колданылады:

    l. Ретроспективтік зерттеулер өткен жылдардағы статистикалық материалдарды жинау. Қоршаған орта нысандарының сапалы мен тұрғындар денсаулығының күйі туралы соңғы 8-10 жылдық деректер банкісі құрылады.

    2. Кесе-көлденең қию берілген уақыттағы мәселе күйін бір лездік зерттеу. Түрғындар денсаулығының және қоршаған орта нысандары сапасының деректерін жинау ретроспективтік зерттеулер негізінде жүргізіледі.

    3. Проспектік зерттеулер. Болжамдау үшін қажет. Ұзақ динамикалық байқаулар.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта