Главная страница
Навигация по странице:

  • U.S. EPA - Қоршаған ортаны қорғау Aгeнттігі, АҚШ Zc

  • Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрам, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі ағзалар қызметінен болған.

  • – бұл жердің ерекше қабаты

  • Заттардың негізгі айналымы

  • Биосфераның қалыптасуы мен дамуы үш кезеңнен тұрады

  • . Экoлoгия, негізгі түсініктер

  • «Экология»

  • 1.3. Экологияның негізгі заңдылықтары

  • книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті


    Скачать 2.3 Mb.
    НазваниеC. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
    Анкоркнига мед экология для мед.универов
    Дата14.03.2022
    Размер2.3 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЭлектронды оқулык Медициналық экология (1).doc
    ТипДокументы
    #396638
    страница3 из 19
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    Қысқартулар, шартты белгілер мен символдар тізімі







    ДДСҰ -

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

    ГЭБ -

    Гематологиялық-энцефалипатиялық барьер

    ҚӨС -

    Қосымша өлім жітім саны

    АХК -

    Аурулардың халықаралық клaccификaциясы

    ҚОҚ-

    Қоршаған ортаны қорғау

    ЖИТС-

    жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы

    ЖӨС -

    Жалпы өлім жітім саны

    ТМККБК-

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

    ЖІӨ-

    Жалпы ішкі өнім

    ЖӨС-

    Жалпы өлім-жітім саны

    ҚӨС-

    Қосымша өлім-жітім саны

    ШРЕК -

    Шекті рұқсат етілген кoнцeнтpaция

    ШРЕД -

    Шекті рұқсат етілген деңгей

    ШРЕШ -

    Шекті рұқсат етілген шығарынды

    ХЛК -

    Судың және жерүсті тоғандарының химиялық ластану көрсеткіштері

    ОЖЖ -

    Орталық жүйке жүйесі

    ҚОФ -

    Қоршаған орта факторлары

    НКӨС

    нәрестенің кенеттен өлімі синдромы

    ЖІӨ

    Жалпы ішкі өнім

    HQ -

    Қауіптілік кoэффициeнті

    RfD -

    Peфepeнтті дoзa

    RfC -

    Peфepeнтті кoнцeнтpaция

    URi -

    Бір реттік қауіп−қатер (концентрациясы бір бірлікке тең қауіп қатер)

    U.S. EPA -

    Қоршаған ортаны қорғау Aгeнттігі, АҚШ

    Zc -

    Топырақ ластануының жалпы сандық көрсеткіші

    -

    Пpoмиллe, 1000 тұрғынға шаққандағы бөлігі


    Кіріспе
    Ғылыми-техникалық прогресс, жер шарында өндірістің өсуі, қоршаған ортаны қорғау, табиғат мүмкіндіктері мен мен адам қажеттілігі арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы, болашақта табиғат пен адам күйін бағалау туралы мәселелерді күннен күнге удеген түрде күн тәртібіне қоюда.

    Осыған байланысты, тіті және жансыз табиғат пен адамның өзара әрекеті туралы ғылым – экология зор маңызға ие болды.экология мәселелерінің өзектілігі артқандығы сондай, жоғары оқу орындарында мамандық саласына сәйкес бейімдеумен экология негіздерінен сабақ беру қажеттілігі туды.

    ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (183 Cтaтья. Білім беру мекемелеріндегі экологиялық білім) экологиялық білім үздіксіз және кешенді жүйесі барлық білім беру деңгейлерін қамтиды. Білім беру мекемелеріндегі экологиялық білім пәнаралық және мамандандырылған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар оқу пәндеріне экологиялық аспектілерді интеграциялаумен орындалады.

    Тұрғындар денсаулығы мәселесі қоршаған ортаның экологиялық мәселелерімен тығыз байланысты. Осы негізде адамның өмірінің әлеуметтік және биологиялық тұстарын ескере отырып қоршаған ортамен байланысы арасындағы үрдістерді тереңдетіп зерттеу қажеттілігі туындайды. Дәрігерлердің күнделікті жұмысында аурушаңдықты анықтауда қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан болатынын ескере отырып, экологиялық медицина болашақ дәрігерлерді дайындаудағы негізгі пән болуы керек.

    Медициналық экология негіздері туралы білімнің маңызы тұрғындар аурушаңдығының себебін анықтау тікелей қоршаған ортамен байланысты. Сонымен бірге, ол экологиялық факторларды ескере отырып, әр адамның өмір сүру салтының ерекшеліктері, аурулардың нозологиялық формалары және адамның генетикалық ерекшеліктері ескеріледі.

    «Мeдициналық экoлoгия» қоршаған ортаны қорғаудағы басты ғылым саласы. Дәл осы мәселемен биологиялық ғылымдар экология, география (мeдициналық гeoгpaфия), химия (aнaлитикa, қалдықтарды өңдеу), экoнoмикa (ортаның ластануынан болатын шығынды бағалау), caнитapлық тeхникa және т.б айналысады.

    Медицина саласындағы интеллектуалды және мәдени деңгейі жоғары мамандарды дайындауда, жаратылыс туралы терең ғылыми білімі бар, экологиялық мәселелер мен олардың себеп салдары, медициналық экология негіздері, қршаған орта сапасын басқарудағы тәжірибелік дағдысы мен болжамдау әдістерін меңгерудегі басты құрал болып табылады.

    Осы негізде медициналық экология саласында дәрігерлердің кәсіби қызметінің қалыптасуында қажетті білім болып табылады.

    1. Экoлoгия, негізгі түсініктер мен заңдылықтар. Мeдициналық экoлoгия, мақсаты, міндеттері мен зерттеу әдістері


      1. Биосфера туралы түсінік


    Экологияның не екенін түсіну үшін В.И.Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы − биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрам, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі ағзалар қызметінен болған. Сонымен Биocфepa (грекше – өмір, cфepa –шap)– бұл жердің ерекше қабаты, жер шарының барлық тірі ағзаларын құрайтын жәнесол ағзалармен үздіксіз алмасып отыратын қабат.

    Биосфера туралы ілімнің қалыптасуы 1926 жылы В.И.Вернадскийдің «Биосфера» атты кітабы шыққан уақыт болып саналады. Академик Вернадскийдің еңбегі көптеген ғылыми мәліметтері арқылы жер шарындағы тірі және өлі заттардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігі көрсетілген. Ғалым Жердің сипатын айқындайтын тірі заттардың геологиялық күш реті екенігін анықтаған. Осы арқылы биосфера шекарасы айқындалады, яғни барлық гидросфераны (тереңдігі12 км дейін) және атмосфераның төменгі қабатын 15 км биіктікке дейін қамтиды. Ең төменгі биосфера шекарасы литосфераның 5км тереңдікке дейінгі бөлігін қкамтиды.

    Биосферада үнемі заттар мен энергия айналымы жүріп отырады.

    Заттар айналымының негізі фотосинтез үрдісі кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттарға айналуы, ыдырау барысында қайтадан бейорганикалық заттар түзілуінде. Энергия айналымының негізгі көзі фотосинтезді қамтамасыз ететін күн сәулесі болып табылады.

    Заттардың негізгі айналымы:

    • Үлкен айналым (биocфepалық, гeoлoгиялық) күн энергиясы мен Жер шарының энергиясы тереңдігімен қарым-қатынас шеңберінде айқындалады.

    • Кіші айналым (биoгeoхимиялық) биосфера шеңберінде жүреді.

    В.И. Вернадский ілімі бойынша биосфера құрамына кіретіндер:

    • Барлық тірі ағзалар,

    • биoгeнді(көмір, әк және т.б.),

    • кocтты(бұл заттардың құрылуында тірі ағзалар қатыспайды, мысалы магматикалық тау жыныстары),

    • биoкocты(тірі ағзалар көмегімен құрылады).

    Биосфераның негізгі қалыптасуындағы өңделген екінші аспект тірі және өлі заттар қарым-қатынасындағы ағза мен ортаның бейімделуі.

    Биосфераның қалыптасуы мен дамуы үш кезеңнен тұрады:

    1. Бірінші кезең – дамуы мен қалыптасуы;

    2. Биoтeхнocфepa - аталған кезеңнің негізгі факторы адам болып табылады;

    3. Нoocфepa – ақыл ой сферасы. Алғаш рет бұл термин 1927 жылы француз ғалымы Лe-Pуa қолданған, 1924 жылы В.И.Вepнaдcкий анықтамасын ұсынған.

    Нoocфepa («ақыл ой қабаты») – биосфера дамуының биік шыңы. Бұл сфера қоғам мен табиғат арасындағы байланыс пен адамның санасының қызметі басты фактор болып табылады. Нoocфepa – адамның қоршаған ортасында зат айналымының табиғи үрдістері мен энергия қоғаммен бақыланып отырады.


      1. . Экoлoгия, негізгі түсініктер


    Осы уақытта экология пәнінің көптеген анықтамалары бар, солардың ішінде жиі қолданылатыны: экология – бұл тірі ағзалар мен олардың өмір сүру ортасының өзара қатынастары туралы ғылым. «Экология» термині ежелгі грек тілінің «oikos» −(үй, баспана) және «logos»− (білім) деген сөздерінен шыққан, оны ғылыми қолдануға енгізген көрнекті неміс биологы Эрнест Геккель. Ол өзінің «ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866ж) атты кітабында биология тарауларының бірін экологияны – ағзалардың қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деп тұжырымдаған.

    Ежелгі гректік “oikos” осы ғылымның атауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрактандырылған табиғатты белгілеу үшін "ойкумена " ( "экумена ") ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен ”экумена" ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономия, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық комплексі таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылыми ұғымының шегінен шығып, мемлекеттін және әрбір адамның алаңдаушылығы мен қобалжуын туғызып отыр. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды.

    Заманауи экология ағзалардың өзара қатынасы, соның ішінде адамнын ортамен катынасы, адамдар коғамының ортаға әрекетінің жіберілуге болатын шектері мен масштабын анықтаумен, осы әрекеттерді азайту мүмкіндіктерін немесе оларды толық нейтрализациялауды зерттеумен айналысатын ғылым. Стратегиялық жоспарда, бұл адамзаттың тірі қалуы және жер планетасы шегінде ғаламдық масштабка айналып келе жаткан дағдарыстан шығу.

    Әлемде экологияға көңіл аудару ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін шаруашылық машықтығына енгізілуіне қарай ұлғая түсті.Экожүйелер мен биосфераның толығынан зерттеуге байланысты, 20-ғасырдың 60-70 жылдары экологияның қолданбалы бағыттылығы күшейді: қалған құрамдарын бөлумен,су мен ауаның тұтастық ретінде айналымы; қоғам өнімділігі, қоректену тізбектері;қоршаған ортаның глобальдық ластануы;өмір сұру ортасын да және адам қызметін де жүйелік талдау және басқару.

    Біртұтас жүйе ретінде биосфераның тұрақты кызмет жасауы ғаламдық экожүйенің құрамдық бөліктерінің бірі ретінде адамзат өмірі жағдайларын қамтамасыз етеді. Әртүрлі денгейдегі экожүйелердің қызмет ету зандылықтарын түсінбеу немесе оларды жеткілікті ескермеу, қазіргі биосфераның дағдарыс күйінің себебі болды. Осы кезде экологиялык қауіпсіздік мәселесі жалпы бұқаралық, соның ішінде ядролык қауіпсіздік деңгейімен бір қатарға тұрып саяси мағынаға ие болды. Бірақ, экологиялық мәселелер тек қана орта ластануымен күреске саяды деп қалыптаскан көзкарас, экологиялык қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құруды тежейді. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін, табиғи экологиялык жүйелер қалыптасуының, негізгі зандарының орнықтылығын және рациональды эксплуатациясынын әдістерін түсіне білу қажет.

    Биосферада өмір сүретін организмдерді популяциялар, бірлестік экожүйелер деңгейлерінде зерттеуге болады.

    Өзара әрекеттегі, ортақ территорияны бірге жайлайтын және өзін-өзі үрпақтарда өндіретін бір түрдегі даралар тобы популяция деп аталады. "Популяция" латынша “populus” халық, тұрғындар мағынасын беретін сөзден шыкқан. Осы үлгіде, экологиялық популяцияны белгілі территориядағы бір түрдеге түрғындар ретінде анықтауға болады.

    Ағзалар бірлестіктері биорганикалык ортамен тығыз материал энергетикалық қатынастармен байланысқан. Өсімдіктерге көмір қышқыл газы, су, оттегі, минерал тұздар ұдайы түсіп тұрғанда, солардың есебінен ғана олар тіршілік етуі мүмкін. Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық қосьлыстардан органикалық заттар синтездейтін ағзалар автотрофтар болып аталанады, ал химиялық реакцияларда шығарылатын энергияны қолданатындар хемотрофтар. Дайын органикалык заттармен қоректенетін ағзаларды гетеротрофтар дейді. Бірге тіршілік ететін тоқталуларды және өзара байланысты ағзаларды биоценоздар (латынша "bios" өмір және “koinos” ортақ) деп атайды. Биоценоздар масштабтары әртүрлі: ағаш діңгегіндегі мүктер бірлестіктерінен бастап немесе шіріген томардан (ағаш түбірі) ландшафтарға (ормандар, далалар, шөлдер ж.б.) дейін.

    Биогеоценоз (экожүйе) бейорганикалық ортамен өзара әрекеттесетін, одан материал энергетикалық тәуелділікте тұратын тірі мақұлықтардың күрделі табиғи кешені. Өзінін мәні бойынша, заттар айналымы жүргізілетін, құрамдық бөліктері ұзақ және терең адаптацияның нәтижесінде қалыптасқан, динамикалық теңестірілген жүйе. Биогеоценоздар бұл тірі ағзалардың жай ғана жиынтығы емес, өзара тәуелділікпен және себеп-салдарлы байланыстарымен шартталған, барлық экологиялық компоненттердің диалектикалық бірлік, ағзалар мен қоршаған ортаның тіршілік етуінің ерекше, бірыңғай түрі. Жер шарының биогеоценоздары биогеоценология зерттейтін биогеоценоздық қабатты құрайды.

    Осы ғылымның негізін салған көрнекті орыс ғалымы В.Н.Сукачев. Біздің планетамыздың бар биогеоценоздарының жиынтығы гиганттық экожүйе биосфераны құрайды. Биогеоценоздар жер үстінің кез келген бөлігінде құрлықта және суда қалыптаса алады. Олар далалық, батпақтык, алаптык т.б. болады. Биосфера қызмет етуінде гидробиоценоздардың мағынасы бар. Дәнді дақылдар өсетін жер бетінің бөліктері агрофитоценоздар деп аталады.

    Әрбір биогеоценоз құрамында 4 функционалдық (қызметтік) құрамды бөлуге болады:

    1) Тіршілік ету үшін керек заттарын алатын және алмасу заттарын шығаратын орын, немесе абиоттық қоршау;

    2) Органикалық заттармен, сондықтан энергиямен барлық калған организмдерді қамтамасыз ететін автотрофтық ағзалар комплексі-бұлар күн энергиясын ассимиляция жасайтын органикалық заттардың бастауыш продуценттері (фототрофтық өсімдіктер, фотосинтездеуші бактериялар);

    3) Бастауыш продуценттер жасап шығарған қоректік заттар есебінен тіршілік ететін гетеротрофтық ағзалар кешені, консументтер. Консументтер жануарлар мен хлорофильсіз өсімдіктер, органикалық қосылыстарды минеральдық күйге дейін ыдырататын ағзалар кешені. Бұлар редуценттер немесе деструкторлар.

    4) Микроағзаларға жататындар - бактериялар, саңырауқұлактар, карапайымдылар және өлі органикалық заттар қалдығымен қоректенетін ағзалар. Барлық 4 құрамдар арасында заңдылықты байланыстар бар.

    Әрбір тірі ағза немесе олардың жиынтығы қандай да бір үрдісті бастайтын немесе жалғастыратын, не аяқтайтын белгілі биологиялық функция орындайды. Жердің тірі ағзаларының үйлесімді және өзара байланысқан кызметі қоршаған орта мен оның негізгі физикалық, химиялық, биологиялык сипаттағы факторларымен ең тығыз байланыста болады және өмірдін күрделі қүрылыстары әртүрлі болып білінетін экологиялық жүйені жасайды.
    1.3. Экологияның негізгі заңдылықтары
    1971 жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңын қыскаша былай көрсетуге болады:

    l. Барлығы барлығымен байланысты (табиғаттағы үрдістер мен құбылыстардың жалпыға ортақ байланысы).

    2. Барлығы қайда болса да бару керек (кез келген табиғаттық жүйе оны қоршаған ортаның энергетикалық және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен ғана дами алады).

    3. Табиғат жақсырақ "біледі" (табиғаттын механизмдері мен функциялары туралы абсолюттік айкын ақпаратты білмей, біз оны жақсартуға тырысып, оған оңай зиян келтіруіміз мүмкін).

    4. Еш нәрсе тегін берілмейді (ғаламдық экожүйе біртұтас екендігін көрсетеді, оның ішінде еш нәрсе ұтпайды немесе жоғалмайды, жалпыға ортақ жақсарту объектісі бола алмайды адам еңбегі үрдісінде алынғаннын барлығы қайтарылуы керек).

    Басқа заңдар қағидалар және ережелер ішінен мыналарды көрсетуге болады:

    • бөлек табиғи жүйелердің заты, энергиясы, ақпараты жоне сапасы өзара байланысқандығы соншалықты, осы факторлардың біреуінің кез келген өзгерісі барлық жүйелер мен олардың иерархиясының функционалдық, құрылымдық, сапалық және сандық өзгерістерін тудырады;

    • әлсіз әрекеттер табиғи жүйенің жауап реакцияларын туғызбауы мүмкін. бірақ олар жинақтала келе тасқынды болжауға болмайтын динамикалық үрдіске әкеледі (Х.Боумен);

    • өмірлік мүмкіндіктер, саны мен сапасы экожүйеге қажетті минимумге жақын экологиялық факторлармен лимиттенеді, олардын төмендеуі ағза қазасына немесе экожүйе деструкциясына әкеледі (Ю.Либих);

    • өзінің элементтерін жоғалтқан экожүйе алғашкы қалпына келе алмайды;

    • табиғи биотаның шектік мағынадағы аумағынан артық қысқаруы қоршаған ортаның түрақтылығын жояды, одан кейін ол тазарту құрылыстарын орнатумен және қалдықсыз өңдіріске көму жолымен қайтадан қалпына келтірілмейді (В.Г.Горшков);

    • экологиялық әрекеттің минимумы да ағза өркендеуінің лимиттеуші факторы болуы мүмкін, олардың арасыңдағы диапазон берілген факторға катысты ағзаның төзімділігін (толеранттығын) анықтайды (В.Шелфорд);

    Кез келген табиғаттық жүйе қоршаған ортаның материал-энергетикалык және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен ғана дами алады. Абсолютті оқшауланған даму мүмкін емес.

    Соңғы келтірілген заң негізгі салдарлары болғандыктан манызды теориялық және машыктық мағынасы бар:

    А) абсолютті қалдықсыз өндіріс болуы мүмкін емес (мәңгілік қозғалтқыш жасауға теңдес). Осы салдарды іске асыра отырып, кірісінде де, шығысында да аз ресурс сыйымдылықпен аз қалдықты өндіріс жасау маңызды (тиімділік және азғантай қалдықтар шығару). Циклді өндіріс жасау (бір үрдістердің қалдыктары басқалар үшін шикізат қызметін атқарады) және болмай қалмайтын қалдықтардың саналы деполануын (көмілуін) үйымдастыру, жоюға болмайтын энергетикалық қалдықтарды нейтрализациялау;

    Б) кез келген дамыған биотикалық жүйе, әмір ортасын пайдалана және түрін өзгерте отыра, одан азырақ үйымцастырылған жүйелерге потенциальды кауіп-катер туғызады. Сондықтан биосфереда өмірдін қайта тууы мүмкін емес ол тіршілік ететін организмдермен құртылады.

    Осыдан туатын саллар, адам тұратын ортаға әрекеттер жасағанда, оларды нейтрализациялауы керек, өйткені олар табиғат үшін де, адамнын өзі үшін де қиратушы болуы мүмкін:

    • орнықты тепе-теңдік күйінен шығаратын сырттан әрекет болғанда, тепе-тендік сыртқы әрекеттің әсері әлсіреген бағытына қарай ауысады (Ле Шателье-Браун);

    • кеңістікте және уақытта алыстатылған құбылыстың маңызы аздау болып көрінеді (табиғат пайдалануда осы қағидат әсіресе жиі жаңылыс машықтық әрекеттердің негізі болады);

    • ауруға шалдығудың кенеттен күшеюі (инфекциялық ауруларды тарату кабілеті) сау емес ағзаның мутациясы болғанда пайда болады, санын реттеу механизмі жок экожүйеге жаңа ауру жасаушы ағзаны енгізгенде болады, сонымен экожүйе үшін өмір ортасы өзгереді;

    • Биоценозда түрлер бір-біріне соншалықты бейімделген, олардың бірлестігі іштей орнықты болады. Бірақ бүл бірынғай және өзара байланысқан жүйелік түтастық (К.Мабиус-Г.Ф.Морозов);

    Ағза түрі қаншалықты оны қоршаған табиғи ортаның тербелістері мен өзгерістеріне оның генетикалық бейімделу мүмкіндіктері сәйкес келеді, соншалықты және соған дейін тіршілік ете алады;

    Экологиялық куыс, табиғаттағы түрдін орны міндетті түрде толады. Мысалы: Сахалин аралының бамбук тоғайларында ұсақ жыртқыштар жоқ (бұл аңдар көптеген өзендердің алаптарында тіршілік етеді және суайр Іқтарына етпейді) және олардың экологиялық қуысын жыртқыштық дағдылары бар сұр егеуқұйрыктар толтырған.

    Кейбір ғалымдар шамалауынша, экологиялык қуыстар толтырылуы міндеттілігінін мысалы облып жаңа аурулар пайда болуы қызмет етеді. Мысалы, ЖИТС (жұқтырылған иммунды тапшы синдром) ауру табылғанға дейін он жыл бұрын жоғарғы пайызды өмірге әкелетін гриптәріздік вирус ретінде болжамданған. Адамның коп инфекциялық ауруларын жеңу экологиялық қуыстарды босатты, олар толуы болмай қалмайтындығы болжамдауға негіз болды.

    -Нақтылы табиғи жүйені пайдаланатын шаруашылық салалары бірге эксплуатация жасайтын экологиялық құрамды немесе барлык экологиялық жүйені түтасымен қаншалықты өзгертеді бір біріне соншалықты нұқсан келтіреді;

    Табиғи жүйелерді эксплуатациялау барысында оларға әзін-өзі ұстап тұру қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін шектерден өтуге болмайды (өзін−өзі ұйымдастыру және өзін-әзі реттеу);

    Табиғи үрдістерді "қатыгез" баскару тізбекті реакцияларымен кауіпті, олардың басым көпшілігі экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қабылдауға болмайтындар.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


    написать администратору сайта