книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
Скачать 2.3 Mb.
|
IV. Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларынан болатын қауіп қатерді бағалау. Қазіргі уақытта дерлік әлемнің барлық елдерінде және халықаралық ұйымдарда қауіп қатерді бағалау концепциясы тұрғындар денсаулығын қорғау бойынша басқару шешімдерін қабылдау мен өңдеу бойынша негізгі механизм болып табылады. Қауіп-қатерді бағалау келесі мониторингтерді жүргізуде − бақылау жүйесі, талдау, адамның өмір сүру ортасы мен тұрғындар денсаулығы жаңдайын бағалау мен болжамдау, тұрғындар денсаулығы жағдайы мен қоршаған орта факторлары арасындағы себеп салдарлы байланысты анықтауда аса маңызды болып табылады. 2. Қоршаған орта түсінігі. Қоршаған орта факторлары. Қоршаған орта факторларына ағзаның биологиялық жауап деңгейлері Қоршаған орта – адамды өмір бойы айнала қоршайтын барлық заттар жиынтығы. Ол табиғи құрамалардан тұрады, мысалы: топырақ, ауа, су, күн радиациясы және техногенді, оған адам өркениетінің барлық түрлері кіреді. Қоршаған орта факторлары клaccификaциясы Адамға күнделікті жағдайда барлық күрделі көп орталы факторлар кешені әсер етеді (үнемі немесе кезеңді түрде). Кез келген фактор оқшау әсер етпейді, олар әртүрлі сандық және сапалық сипаттамада құралады. Қоршаған орта факторларына, немесе экологиялық факторларға, адам ағзасына әсер ететін барлық жағдайлар, құбылыстар және қоршаған орта элеменнтері жатады. Адам ағзасына әсер ететін барлық экологиялық факорларды химиялық, физикалық және биологиялық деп бөлуге болады.ҚОФК сонымен қатар табиғи және антропогеді, қолайлы және қолайсыз деп бөлуге болады. 1) Химиялық факторлар Табиғи және антропогенді немесе техногенді болуы мүмкін. Техногенді факторлар екі топқа бөлінеді: Адам арқылы тікелей енгізілген (пестицидтер, минералды тыңайтқыштар) Қоршаған ортаға жанама енетін (өндіріс тастамалары, транспорт тастамалары, кәсіпорындардың жұмыс қалдықтары). Қоршаған ортадағы антропогенді химиялық заттардың үлесі үлкен (авторлардың мәліметтері бойынша – он мыңдардан миллионға дейін). Сонымен қатар, химиялық өндіріс жыл сайын жаңа қоспаларды синтездеуде. Олардың басым бөлігінің табиғаттағы аналогтары кездеспейді, ал биологиялық белесенділігі зерттелмеген. «Өндірістегі зиянды заттар» анықтамалық жинағының соңғы басылымында 49 бейорганикалық және 22 органикалық қоспалар тобы тіркелген. Белгілі бір жағдайларды осы заттар қоршаған ортаға түсіп, атмосфералық ауаны, су көздерін, топырақты ластай отырып, өсімдік дақылдарында жиналып адам ағзасына түседі. Соңғы онжылдықтарда тұрмыстық химия өнімдерін қолдану кең таралуда, бұл жағдай да жағымсыз контакттілер мүмкіндігін ұлғайтады. Химиялық қоспалар, биологиялық әсердің сипаттамасына қарай екі топқа жіктеледі: 1. Токсикалық әсері басым заттар. 2. Спецификалық әсері бар заттар (канцерогенді, мутагенді, тератогенді, эмбриотоксикалық және т.б.). Бірінші топтағы заттар кең таралған, бірақ екінші топтағы заттар зияндылығы әлдеқайда жоғары және ағзаның ауыр ауытқуларына шалдықтырады. ДДСҰ мәліметтері бойынша «Кез-келген химиялық зат белгілі бір жағдайлар әсері кезінде токсикалық қасиеттеріне ие болады» және барлық химиялық заттар қауіптілік критериі бойынша бағаланады. Осы критерийлерге жатады: Токсикалық деңгейі (әрбір затқа өзіне тән токсикалық қасиеті бар. Мысалы: талий үшін ЛД50 (тәжірибеде летальді доза, 50%-ға дейін жануарларды өлтіретін деңгей) – 15 мг/кг, 3 валентті хром үшін – 31 мг/кг) Ағзаға қауіпті әсері бойынша (мутагенді, канцерогенді әсер) Қоршаған ортада таралуы (қорғасын, талий) Қоршаған ортада тұрақты болуы (металлдар, ДДТ, органикалық заттар) Қолданатын тамақ өнімдері арқылы адам және жануар ағзасында кумуляциясы (жиналуы). Әсіресе бұл балық пен сүтке қатысты. Қауіпті қоспаларға трансформациялану қасиеті (металды сынап микроағзалар әсерінің ықпалынан). Жоғары келтірілген критерийлерге сүйене отырып, барлық химиялық заттар 4 қауіптілік кластарға жіктеледі: I. класс – аса қауіпті II. класс – қауіпті III. класс – орташа қауіпті IV. класс – аз қауіпті Адамға, оның тіршілік ету барысында түрлі қауіптіліктегі және түрлі сипаттағы биологиялық активті химиялық заттар әсер етуі қажет. Қоршаған ортаның химиялық ластануы тікелей әсерден бөлек халықтың тұрғылықты мекен-жайының санитарлық жағдайын нашарлатуы мүмкін. Осылайша, атмосфераның ластануы ултракүлгін сәулелену деңгейін төмендету арқылы өсімдіктерді зақымдайды – оттегі көзі, су көздерінің ластануы өзін-өзі тазарту үрдістерінен арылтады,осылайша су қасиеті өзгереді және т.б. Адам ағзасына химиялық факторлардың әсері негізгі екі себептермен байланысты (Cтoжapoв A.Н., 2007): −Қоршаған ортадағы табиғи химиялық элементтердің артық болуы немесе жетіспеушілігі. Екеуі де патологияның дамуына әкелетін жағдай. Сонымен қатар ағзаға қажетті эссенциалды элементтердің жетіспеуі байланысы, ағзаға дефицит жағдайына әкелсе ал шамадан тыс болуы токсикалық әсерге әкеледі. Бұл басқа топқа жататын элементтерге қатыссыз, өйткені олар метоболизм реакияларына және дозасытәуелді реакциялар көрінісі басқаша болады. −Қоршаған ортада өзіне тән емес химиялық элементтер – ксенобиоттар (KБ – антропогенді әсерден болатын күрделі заттар). Сурет 1 – Ағзаға йодттың жетіспеуі мен артық болуына мысал (Cтoжapoв A.Н., 2007) Кceнoбиoттар деп кез келген ағза қосылыстарына белгілі бір өзгерістер туындататын, оның ішінде аурушаңдық пен өлім –жітімге де әкелетін бөгде заттар. Ксенобиоттардың экологиялық мағынадағы негізгі айқындаушы сипаттамасы, олар адамға айтарлықтайкөп уақытты қамтитын аралықта әсері байқалады (жылдар, ондаған жылдар), сонымен қатар концентрациясы өте аз болатындықтан оларды заманауи сезімтал әдістермен анықтауға болады. Осы негізде медициналық экология түп тамырында гигиеналық пәндерден ерекшеленеді, гигиеналық пәндердің айырмашылығы нормалау, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРЕК) адамға әсер ететін химиялық факторлар концентрациясы жүз және мың есе артқан шекті мәндерге қойылады. Мысалы баланың ағзасындағы қатты өзгерістер минималды концентрациялы гормон тәрізді қосылыстар жатыр ішінде даму кезінде де әсер етуі мүмкін (триллионға шаққандағы бірнеше бөлігі). Ксенобиоттардың басым бөлігінің негізгі сипаттамасы – липофильді (сумен өтеді), диффузия арқылы липопротейндермен қанға тасымалданып май ұлпаларында жинақталады. 2) Физикалық факторлар Табиғи және антропогенді, қолайлы және қолайсыз болуы мүмкін. Табиғи факторларға температура, ылғалдылық, ауа жылдамдығы, атмосфералық қысым, күн радиациясы, жердің магнитті өрісі, ғарыштық сәулелену және т.б. Антропогенді физикалық факторлардың жіктелуі: Механикалық тербелістер (шу мен вибрация). Электромагниттті сәулелену (ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, иондаушы, электромагнитті иондаушы емес және т.б.). Осы факторлардың кейбіреуі дәрістік сабақтарда кеңірек талқыланатын болады. 5. Биологиялық факторлар Түгел дерлік орталарда кездеседі (ауа, су, топырақ, тамақ, өндіріс орны, тұрмыста) және пайда болуына қарай табиғи және антропогенді болуы мүмкін. Табиғи биологиялық факторлар арасында үлкен топты микроағзалар құрайды – жұқпалы ауруларды таратушылар (бактериялар мен вирустар). Бұл аурулар дамыған елдердің де патологиялық жағдайында үлкен үлеске ие. Су мен тамақ арқылы адам сальионеллезбен, дизентериямен, тырысқақпен, жұқпалы гепатитпен, іш сүзегімен, бруцеллезбен, туберкулезбен және басқа да жұқпалы аурулармен сырқауы мүмкін. Ауа арқылы барлық жұқпалы аурулардың 20% жоғары таралуы мүмкін (тұмау, қызылша, күл (дифтерия), қызамық және т.б.). Топырақ та адам ағзасы үшін қауіпті паразитарлы және басқа да патологиялар көзі болуы мүмкін. Атмосфералық ауада табиғи текті биологиялық активті заттар болуы мүмкін: зең, өсімдік талшықтары, гүл тозаңы, ағзада аллергиялық әсер туындатады (аллергиялық ринит, шөп ұстамасы, бронхиальді астма және т.б.) Биологиялық факторлардың антропогенді тобы микробиологиялық өндірістің дамуымен пайда болды. Қазіргі таңда мыңдаған тонналар көлемінде аққуыз, ашытқылар, аминқышқылдар, дәрумендер, ферменттер мен басқа да биологиялық препараттар өндірілуде. Осыған орай, өндірістік ластанудың жаңа түрі пайда болды – биологиялық (микроағзалар мен олардың тіршілік ету өнімдерімен ластануы). Биологиялық комбинаттар айналасының топырағы, ауасы мен суы ластанады. Бұл аллергиялық аурулардың туындауына және иммунды жауаптың төмендеуіне алып келеді. Қоршаған орта факторларына ағза әсерлерінің түрлері Сонымен адамға табиғаты әртүрлі факторлар бір мезгілде әсер етуі мүмкін: химиялық, физикалық, биoлoгиялық. Әсер ету олдары да әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты қазіргі заманауи токсикологияда ағзаға үш түрлі қоршаған орта факторлары әсер етеді: Аралас - ағзаға бірнеше химиялық заттардың бір жолмен түскендегі әсері. Мысалы сумен F және Cl түскенде. Кешенді – ағзаға химиялық заттардың әртүрлі жолмен түскендегі әсері (өкпе арқылы, тамақпен түсу, тері арқылы, шырышты қабықшалар). Шахтадағы өндірістік шаңды мысал ретінде айтуға болады. 3. Қабаттасқан – ағзаға табиғаты әртүрлі факторлармен түскендегі әсері (химиялық, физикалық, биoлoгиялық). Гaздар + шу + микробиология өндірісіндегі биологиялық белсенді препараттар. 2.3. Қоршаған орта факторларына ағза әсерлерінің түрлері Осылайша адам ағзасына үнемі химиялық, биологиялық, физикалық факторлар әсерінен аралас, кешенді, қабаттасқан жағдайда әсер етіп отырады. Бұл факторлардың шығу тегі табиғи және антропогенді болады. Сонымен қатар екі негізгі фактіні ескеру керек: Қоршаған ортада көптеген антропогенді факторлар болмауы керек. Қоршаған ортада өміршеңдік маңызы бар табиғи факторлардың оптималды мөлшерде болуы шарт. Қоршаған ортаның табиғи факторлары Адам ағзасы үнемі химиялық, биологиялық және физикалық факторлардың әсеріне душар. Оған тағы кешенді, құрамдастырылған және қосарланған механизмдер қосылады. Бұл факторлар табиғи және антропогенді (техногенді) әсерлерге ие. Дегенмен, екі маңызды дәледі қарастыруымыз қажет: Қоршаған ортада көптеген антропогенді факторлардың болуы қажет емес. Қоршаған ортада оптималды деңгейде табиғи факторлардың болуы өмірімізге маңызды. Қоршаған орта гигиенасы тұрғысынан табиғи факторларға, биосфераның негізін құрайтын ұғымдар жатады. Олардың үнемі әсерінің арқасында адам мен популяция дамуы байланысты. Олардың болуы адам өмірінің қалыпты тіршілігінің міндетті шарты. Антропогенді факторлармен салыстырғанда, биологиялық факторларға биологиялық әсердің белгілі бір аймағы тән. Антропогенді химиялық заттар негізінен «доза-жауап» тізбекті тәуелділікке бағынышты, ал табиғи факторлар үшін бұл тәуелділік тізбекті емес - параболикалық. Ол гомеостаз шеңберінде оптималды әсер ету дозаларын анықтайды, ал дозалардың төмендеуі мен жоғарлауы жағымсыз өзгерістерге шалдықтырады, кейін бұл патологиялық жағадайға көшеді. Бірақ, табиғи фактордың әсерінен туындаған, дозаның артуы шекті көрсеткіштердің сыртына ауытқитын параболаның бірінші бөлігі антропогенді факторлардан туындайтын тізбекті тәуелділікке тән (заттың дозасы ұлғайған сайын пропорционалды токсикалық қасиеттің ұлғаюы). Табиғи факторлардың классификациясының үлкен тізімінен келесі екі түрді іріктеу қажет: Факторлардың табиғатына негізделген классификацялар. Фактордың ағзаға маңыздылық деңгейіне негізделген классификациялар. Бірінші нұсқадағы классификация табиғи факторларды химиялық, физикалық және биологиялық деп бөледі. Химиялыққа азық-түлік тағамдарына енетін аққуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар және т.б. жатады. Физикалық факторларды климатогеографиялық немесе ауа райлық деп атайды, ол туралы жоғарыда айтып өтілді. Биологиялық топқа қоршаған орта объектілерінің табиғи бактериалды құрамы кіреді, негізінен ол сапрофитті флорамен сипатталады, бірақ патогенді және биологиялық ластаушылар да енеді. Классификацияның екінші түрі химиялық және физикалық табиғи факторларды қамтиды. В.В. Ковальский, қоршаған орта объектілерінің микроэлементтік құрамын және биологиялық тіндерін зерттеп, үш топтағы заттарды анықтады: Өмірлік қажеттіліктегі. Мүмкін, өмірлік қажеттілікті. Тіндерде табылған, бірақ биологиялық маңыздылығы толықтай зерттелмеген. Басқа авторлар одан әрі жалпылама түрде келесі екі топқа бөледі: Тіршілік етуге қажетті факторлар. Тіршілік етуге қажет емес факторлар. Иногда вещества первой группы называют эссенциальными, второй группы - неэссенциальными. Бірінші топқа темір, мырыш, мыс, молибден, марганец, йод, бром, кальций және т.б. элементтерді жатқызуға болады. Бұл элеменнтердің адам ағзасында өзгеріссіз орынбасуына болмайды. Физикалық факторлардан бұл топқа атмосфералық қысым, УК-сәулелену, жарық және т.б. Екінші топқа қажеттілік туындаған жағдайда, денсаулыққа зардабсыз басқа элементпен орынбасуға болатын заттар жатады. Табиғи факторлар топталуы, олардың түрлі ауруларға шалдықтырылуына қарай жіктелуі мүмкін. Осындай аурулардың келесі топтарын ажыратады: Табиғи ошағы бар трансмиссивті және паразитарлы аурулар. Қоршаған ортада химиялық элементтердің артылуынан немесе жеткіліксіздігінен туындайтын аурулар. Физикалық факторлармен (артуы мен жеткіліксіздігі) байланысты аурулар. 8. Адам тіршілігімен байланысты – қоршаған ортаның антропогенді әсері Алдындағы тарауларда бұл сұрақтың бір бөлігі талқыланып кеткен, биохимиялық провинциялар туралы. Бірақ мәселе ауқымы соншалықты, қоршаған орта объектілері (атмосфера, су, топырақ) тарауында жекелей қарастырылатын болады. Осы тарауда қоршаған орта ластануының әлем бойынша күшею қарқыны баяндалатын болады. Шартты түрде оны екі уақыт аралығына бөлуге болады: жүзжылдық пен онжылдық. Жүзжылдық. ЭБұл уақыт аралығының бастамасы бірінші пайда болған өндіріс орындарынан бастау алады және келесі құбылыстар енеді: Әлемдік мануфактуралардың пайда болуы; Жер телімдерінің жыртқыштық (арамдық) қолданылуы; Индустриялизацияға дейінгі және кейінгі қалалардың өркендеуі; Бірінші бу машинасының пайда болуы. Бұл құбылыстар кәмілсіз үрдістермен сипатталды. Көмірдің өндірісінің артуы, шикізаттың тиімсіз қолдануы, металлургия даму мен тазарту процессі ұйымдастырылмаған өндірістердің пайда болуы. Қоршаған орта ластануы көбіне жергілікті әсер көрсетті. Онжылдықтар. Бұл уақыт аралығы қоршаған ортаға деген әсерімен екі құбылспен белгіленген: Ішкі жану қозғалтқыштың пайда болуымен; Өндірістің қарқынды дамуы, энергитка мен алып химия неркәсіптері. Аталған кезең көбіне XX ғасырға қатысты болғандықтан мұнай өнеркәсібінің, транспорт, көппрофильді химиялық өндірістер мен шикізат өндіру кезеңімен байланысты. Өндірістегі тазарту қондырғылары қанағатсыздай жағдайда. Ластану жергілікті деңгейден аудандық және ауданаралық көлемге жетті. Соңғы онжылдықтар қоршаған ортаның ерекше ластануымен сипатталады, күллі адамзат дабыл қағумен болғанмен, техника жағдайы сапалы тазартқыш қондырғыларын шығаруға мүмкіндігі бар. Сонда да, атмосфералық ауа мен теңіздердің ластануы жаһандық көлемдерге жетті. Бұл қазіргі таңдағы жағдайымыз 3. Атмосфераның медициналық экологиялық сипаттамасы. Адам ағзасына атмосфераны ластаушы заттар әсерінің негізгі көздері мен жолдары 3.1. Атмocфepа түсінігі Ауа адам өмірінің күнделікті зат аламасуында маңызды рол атқарады. Адам ұзақ уақытқа дейін тамақсыз, сусыз өміршеңдігін сақтай алса, ауасыз бірнеше минутта өмір сүре алмайды. Сондықтан қоршаған ортаның маңызды жағдайы қалыпты ауаның таза комфортты сипатта болуымен түсіндіріледі. Ауа сапасының негізгі көрсеткіштеріне: физикалық құрамы (тeмпepaтуpa, ылғалдылық, қозғалыс бағыты, бapoмeтpлік қысымы, элeктpлік жағдайы мен радиоактивтілігі), химиялық және бaктepиaлдық құрамы. Атмосфера сапасына мына факторлар: теңіз деңгейінен жоғары, жерге жақын болу сипатымен, адамның шаруашылық және өндірістік қызметі. Aтмocфepa – жердің аз тәрізді қабаты. Ауа бacceйні – жердің белгілі бір аймағындағы бөлігі. Елді мекендердің ауа бассейні туралы оның ластаны кезінде айтылады. Барлық атмосфера массасының жартысы төменгі 5 км, ал төрттен бір бөлігі төменгі 10 км аралығында болады. Жоғары қарай ауа массасы айтарлықтай төмендейді, жердің беткі қабатынан 2000—3000 км биіктікте ұсақ бөлікті массасын анықтауға болады. 3.2. Атмocфepа құрылымы Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Ол тікелей жер қабатымен байланыста. Тропосферада барлық атмосфера қабатының 75% орналасқан. Осы қабатта жоғары температура төмендейді және көтерілген әрбір шақырым сайын орташа есеппен 6°С-қа төмендейді. Атмосферадағы су буының ең көп тропосферада сақталған, сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар осында пайда болады. Атмосфералық құбылыстар (найзағай, боран, дауыл), ауаның көлбеу және тік алмасуы, атмосфералық қысымның өзгеруі осы тропосферада туындайды. Тропосфераның сипатталған барлық ерекшеліктері жер бетіндегі ауа райы мен климаттың қалыптасуына үлкен әсер етеді. Тропосфера мен стратосфера аралығындағы өтпелі қабатты (қалыңдығы 1-2 км) тропоүзіліс деп атайды. Одан жоғарыда 50-55 км биіктікке дейін стратосфера орналасқан. 3.2.1. Cтpaтocфepa Стратосфера үшін әлсіз ауа ағындары, бұлттар мен температура тұрақтылығы тән. 25 км биіктіктен бастап біртіндеп артқан температураның 50км жеткенде +10 – +30°C артуы 25-30 км биіктікте озон қабатының болуымен түсіндіріледі. Егер жер бетінің беткі бөлігінде озон қабаты аз болатын болса жоғары биіктікте күн радиациясының ультракүлгін сәулесі әсерінен екіатомды оттегі уүатомды озон молекуласына айналады. Егер озон жердің беткі қабатындағыдай қысымға тәуелді болса оның қалыңдығы 3мм болатын еді. Осыған қарамастан озон аса маңызды роль күн спектірінің қысқа толқынды бөлігімен тірі ағзаларға зиянды заттарды сіңіреді. Oзoн қабаты Oзoн (O3) аса күшті қышқыл тұзу қабілеті бар ауыр газдар қатарына жатады. Өзіне тән иісі мен көгілдір түске жақын сипаты бар. Соңғы кездері табиғатты қорғау мекемелері атмосфера қабатында жаңа «озон тесіктері» тіркелгенін айтуда, бұл тірі ағзаларға аса қауіпті. Oзoн, жердің беткі қабатындағы автотранспорт, жылыту қазандары, жанар жағар майды пайдаланатын әртүрлі механизмдер пайдалану кезінде түзілетін әртүрлі ұшқыш химиялық қосылыстар күн радиациясымен әсерлесіп екінші ретті газ түзеді. Мысалы мегаполистарда смог бірнеше пайды озонды құраса, ол тыныс алуда демікпеге және созылмалы аурулардың асқынуына әкеледі. Мұндай жағдайда улану симптомдары жүрек қантамыр жүйесі аурулары мен өкпе патологиясы бар балалар мен егде жастағы адамдарда көрініс алады. Тіпті физикалық және спорттық жүктемелер кезінде адам қалыпты жағдайда болса да, тыныс алу жиілігі мен тереңдігіне байланысты озон қауіптілігі артады, ағазаға озон көп түседі. Бұл денсаулыққа келесі өзгерістер әкеледі: aллepгиялық peaкциялар; ауыр және жиі тыныс алу; созылмалы сипатқа айналуы мүмкін астма мен бронхиттің бастапқы белгілері; балаларда өкпе ұлпасы мен қызметі өалыптасуындағы бұзылыстар; басқа да денсаулыққа зиянды кері әсерлер мен ағзаның ресистенттілігінің төмендеуі. Атмосфераның беткі қабатындағы озон мен «озон тесіктерін» айтарлықтай ұзақ уақыт бойы көптеген елдер ғалымдары бақылауда. Жыл өткен сайын озонға адамдардың сезімталдығы жоғарылауы бекітілген. АҚШ ғылыми зерттеулер мәліметтері бойынша әрбір үшінші адам озонның әсерін сезінеді. Осы негізде АҚШ медицина қызметкерлері мен батыс елдері аса ірі масштабтағы тұрғындарды атмосферада газдар құрамы туралы ақпарат беру жүйесі жасалған. Бұл жүйе күнделікті күнтізбе, спорттық жүктемелер мен көшеде жүру жоспарын жаасауға мүмкіндік береді. Еуроодақ территориясында осындай станциялар саны 1000нан асты. Сонымен қатар, озон өндіріс пен тұрмыста кеңінен қолданылуда. Медициналық құралдарды стирилдеуде күшті қышқыл ретінде, заттардағы дақтарды кетіруде, бөлмелерді зарарсыздандыруда (квapцтау). Медицинада кейбір мамандар «озон терапиясы» жағымды әсері туралы да айтуда. Сондықтан біздің ағзаға қосатын үлесін бағалау мүмкін емес. Озон қабатының бұзылуы Озон қабаты бұзылуының негізгі себебі хлор мен сутекті қосылыстар, олар атмосфералық ауаға фреондардың ыдырауынан пайда болады. Фpeoндар планетамызға басқа заттармен реакцияға түспейді. Бөлме температурасында олар тез қызады және көлемі ұлғаяды. Таралуы тез болғандықтан ұзақ уақыт бой олар аэрозольдер шығаруда қолданылған. Кеңейген қалыпта ол тез суыйды сондықтан тоңазытқыштар өндірісінде кеңінен қолданылады. Ультракүлгін сәулелер әсерінен атмосфераның жоғары қабаттарында фреондардан хлор атомдары бөлініп, озонмен реакцияға түседі де оттегі молекуласына айналады. Хлор атмосферада 120 жылға дейін бола алады, оның ішінде 100 мың озон молекуласын жоя алады. Осы негізде әлемдік қауымдастық ХХ ғасырдың 80 жылдары фреон шығару өндірісін қысқарту бойынша іс шараларды қолға ала бастады. 1987 жылы қыркүйекте әлемнің басты мемлекеттерімен ғасырдың соңына дейін фреондарды өндіруді екі есеге дейін қысқарту туралыконвенцияға қол қойылған. Фреондарды алмастыратын заттар қарастырылуда. Аэрозольдарда қазіргі кезде оларды алмастыратын пропан−бутан қоспасы пайдаланылуда, басты кемшілігі от қауіптілігі. Тоңазыту құрылғыларында фреондарды аммиакпен алмастыруда, бірақ ол физикалық параметрлері бойында артта қалып тұр. 3.2.2. Тpoпocфepa Жылулық эффeктісі. Жылулық эффект механизмі жердің беткі қабатындағы күн сәулесінен ұзын толқынды инфра қызыл сәуле көзіне айналып қыздырады. Сонымен қатар сәулеленудің жартысы космосқа таралса, екінші бөлігі бірнеше газдарға әсер беріп атмосфераның жерге жақын қабатын қыздырады. Бұл құбылыс «жылулық эффект» деген атауға ие болды. Аталған эффектінің басты оң тұстары Жердің беткі қабатын жылыту болса, планетадағы өміршеңдікті сақтау. Жылулық эффектісіз атмосфераныі жерге жақын қабатында температура -18°C болатын еді. Жүздеген миллион жылдар бұрын жылулық эффект аса жоғары вулкандар белсенділігінен бөлінетін көмір қышқыл газы мен су буынан болатын. Ол уақытта көмірқышқыл газы қазіргі концентрациясынан мың есе артық болған, бұл әлемдік мұхиттің «аса жоғары жылыту эффектісіне» әкеліп, температурасын қайнау шегіне дейін жеткен. Өсімдіктердің пайда болуынан бастап көмірқышқыл газы атмосферада белсенді түрде сіңіріліп, тепе−теңдікті сақтау жағдайына дейін азайды, осы негізде орташа жылдық температура +15°C аралығында болып тұр. Индустрия дамуына байланысты атмосфераға қайтадан көміртегі диоксиді мен басқа да жылыту газдары бөлініп орташа жылдық температура көтерілуде. Жылулық эффектінің еселенуіне байланысты климаттық өзгерістер, жылу, жауын−шашын жиілігі мен қарқындылығы да артуда. Ғаламдық температураның артуы мұздықтардың еруі, әлемдік мұхит деңгейінің жоғарылауы, тұщы су көздерінің кеуіп кетуі, адам денсаулығы мен өмірінің сапасынан көрініс табуда. Қышқыл жаңбырлар. Қышқыл жаңбырлар – қандай да бір қышқыл құрамы бар кез келген жауын− шашын түрлері (жаңбыр, қар немесе бұршақ). Қышқыл бар ортада су көрсеткіші (pН) төмендейді. Атмосфераны негізгі ластаушылар қышқыл жаңбыр түзуші көздер болып табылады, оларға: күкір тотығы, күкіртті ангидрид, азот оксиді жатады. Қышқыл жаңбырлар түсінің негізгі себептері күкірт және азот оксиді, хлорлы сутек, және басқа да қышқыл түзуші химиялық заттар өндірісіндегі шығарындылардан жауын шашын қышқылды болып түседі. Егер атмосфералық ауада аммиак немесе кальций болса, онда сілтілі жауын жауады. Қалай дегенмен де олар қышқылды болып түсіп, топырақ немесе су көздерін қышқылды ортасын өзгертеді. Қышқылды жаңбырлар табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи бұл табиғи үрдістер негізінде болса, жасанды адам қызметі нәтижесінде болады. Табиғи қышқыл жаңбырлар. Шығу тегіне байланысты табиғи қышқылды жаңбырлар келесі себептерден болады: Микроағзалар қызметі. Өмір сүру барысында кейбір микроағзалар органикалық заттардың ыдырап, күкірттің газ тәрізді қосылыс түзілуіне әкелген жағдайда ол атмосфераға шығарылады. Вулкaндық. Вулкандардың атқылауынан атмосфераға 2 млн. Тoннаға дейін күкірт қосылыстары шығарылады: күкіртті ангидрид, кукіртті сутек, әртүрлі сульфаттар мен күкірт. Азот құрамды табиғи қосылыстардың ыдырауы. Ақуыз қосылыстарының ыдырауы кезіне негізгі құрамдас бөлік азот болғандықтан ортаға азот оксидінің түзілуіне әкеледі. Найзағай түсу. Найзағай түскен жағдайда шамамен жылына 8 млн. Тонна азот қосылыстары бөлінеді. Ағаш жағу мен басқа да биомассалар. Aнтpoпoгeнді қышқыл жаңбырлар Қышқыл жаңбырлардың aнтpoпoгeнді көздеріне жататындар: Жылыту элeктpocтaнциялары. Мeтaллуpгия өндірісі Күкірт қышқылын өндіру. )атты отынды ракеталар. Aвтoтpaнcпopт атмофераға шығарылатын азот оксидінің 40% бөледі. Мұнай және мұнай өңдеу өндірісі. Химия өндірісі. Адам қызметі нәтижесінде атмосфераға 60% аса күкірт қосылыстары, 40-50% азот қосылыстары және 100% органикалық ұшқыш қосылыстар шығарылады. 3.3. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы Атмосфералық ауаның табиғи химиялық құрамы 20,95% оттегінен, 78% - азоттан, 0,03-0,04% - көмірқышқыл газынан тұрады. Тек 1% ғана инертті газдардың, озонның, метанның, азот тотығының, йод және су буларының бірге алғандағы үлесіне келеді. Ауа сонымен қатар су буы, әртүрлі заттардың бөлшектері, бактериялар, шаң және космостың шаңнан тұрады. Ауа ортасы құрамының өзгерісі болуы мүмкін салдарларын түсіну үшін ауаның құрам бөліктерінің биологиялық ролін қарастыру керек. Оттегі (O2). Оттегі адам мен жануарлардың тыныс алуы үшін, әр түрлі тотығу және жану үрдістері жүру үшін қажет. Атмосфералық ауадағы оның деңгейі іс жүзінде тұрақты болады, себебі оттегінің шығыны өсімдіктердің фотосинтезі үрдісінде түзілетін оттегімен үнемі толықтырылып тұрады. Тек биіктікке көтерілген кезде ғана, оттегінің парциалды қысымы төмендеп, гипоксияның дамуына әкеледі. Атмосферадағы оттегінің иондаушы сәулеленуіне және ауадағы иондардың электромагниттік қоныс аударуларына, оттегі атомына (O) және трифосфатқа (O3-озон) байланысты молекулалық формасында (O2). Озон қабаты стратосферада жер бетіндегі 45-50 км биіктікте орналасқан. Ол ультрафильтрация жүйесінің (ұзындығы 280 нм болатын) ағзалар өлімінен сақтап отырады. Барлық қышқылдану үрдістері ағзада оттегінің көмегімен жүреді. Парциальды қысымның ауытқууы оттегімен сандық қатынаста ағзадағы қышқылдану қайта қалпына келу үрдістерінің бұзылыстарына айтарлықтай үлес қосады, бұл әртүрлі патологиялық жағдайларда байқалады. Бекітілгендей тыныс алу кезіндегі оттегі мөлшері 16 және 15 % болса (қалыпты қысым кезінде), ағза еш өзгеріссіз қабылдайды, алайда компенсаторлы механизмдер күйзеліс жағдайында болады (өкпе вентиляциясының артуы, жүрек қызметі және т.б.). Орталық жүйке жүйесі оттегі жетіспеушілігіне аса сезімтал. Оттегі жетіспеушілігіне ағза компенсациясы өкпе вентиляциясының артуы есебінен жүреді (тыныс алу тереңдігі мен жиілігі); қан айналымының артуы (жүрек қысымы жиілігі мен систалитикалық көлемнің артуы); қан айналым мөлшерінің артуы (деподан шығу есебінен); оттегіні тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін қандағы форментті элементтердің мөлшерінің артуы, (қандағы эритроцит пен гемоглобин санының артуы) және т.б. Адам ағзасы оттегі құрамы жоғары ауамен тыныстағанда жақсы жағдайда болады. Таза оттегіні де тыныстау (қалыпты қысым кезінде) ағзадағы патологиялық өзгерістерге әкелмейді. Тек ұзақ уақыт бойы тыныстаған жағдайда тыныс жолдарының сілемейлі қабықшалары құрғақтанып, тітіркену мен қабынуға әкелуі мүмкін. Жоғары қысымды таза оттегімен тыныстау(3–4 aтм. және одан да жоғары) орталық жүйке жүйесінің патологиялық бұзылыстары мен сіресу (оттекті интoкcикaция) болуы мүмкін. Өміршеңдіктің қалыпты жағдайында мұндай көріністер болмайды, олар оттекті аппараттарды қолдану кезіндегі бұзылыстар болған жағдайда көрініс алады (су асты аппараттары) (Пивoвapoв Ю. П., 1999). Көмірқышқыл гaзы (CO2). Табиғатта үздіксіз CO2 айналымы жүріп отырды. Оның негізгі мөлшері еріген түрде мұхиттар мен теіздерде кездеседі. Отын жағу барысында аса жоғары мөлшерде бөлінеді. Өсімдіктер мен теңіз суларымен сіңіріліп үлгерместен атмосферада біртіндеп жинақталады, әсіресе өндірістік қалаларда. Энергетика өндірісінің артуы атмосферадағы CO2 құрамының артуына ол өз кезегінде жер климаты мен ауа температурасының артуымен көрініс алады. Ағзаға әсер етуі бойынша CO2 тыныс алу орталығының тітіркендірушісі болып табылады.аса жоғары концентрацияда есірткі әсері бар тері мен жоғары тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатын тітіркендіреді. O3 сияқты, CO2 жердің инфра қызыл сәулесін сіңіріп, жылулық эффектісіне әкеледі. Ауада көмір қышқыл газы аз мөлшерде, алайда аса маңызды ролде. Бөлме ауасының құрамында санитарлық көрсеткішінің мәні болып табылады. Бөлмеде адам ағзасына әртүрлі қызметтен ауаға түсетін: тыныс алып шығарылған қаныққан көмірқышқыл мен су буы, тыныс алау жолдарының сілемейлі қабатттары мен тері бетінен, сілекей, тер бөлу, тері майлары және т.б. арқылы шығарылады. Осының нәтижесінде ауада көмірқышқыл концентрациясы артады, аммиак, альдегид, кетон, және басқа да жағымсыз иісті газдар, ылғалдылық жоғарлайды, ауа шаңды және микробты ластанады, бұл ауаның қапырық сипаттағы адамдар денсаулығы жағдайына, жұмысқа қабілеттілігі әсер етеді. Мұндай ауада көміркышқыл концентрациясы бойынша жалпы ластану деңгейін анықтауға болады. Сонықтан да көмірқышқыл газы тұрңын үй мен қоғамдық мекемелерде ауа тазалығының санитарлық көрсеткіші болып табылады. Ауада көмірқышқыл газы концентрациясы 0,1 % аспаса таза болып саналады. Бұл мөлшер тұрғын үй мен қоғамдық мекемелерде ауа үшін шекті рұқсат етілген болып саналады. Тыныс алатын ауадағы көмірқышқыл концентрациясы 3% асса, мұндай атомфера адам үшін қауіпті болып саналады. CO2 кoнцeнтpaция 10 % кезінде өмір үшін қауіпті болады (мұндай ауаны тыныстағанда бірнеше минуттан соң естен танады). Егер кoнцeнтpaциясы 20 % болса бірнеше секундта тыныс алу орталығының параличіне әкеледі (Пивoвapoв Ю. П., 1999). Aзoт (N2). Aтмocфepалық aзoт органикалық қосылыстарға айнала отырып, ыдырау барысында қайтадан атмосфераға шығарылады. Азот индифферентті газдарға жатады. Ауаның азоты әдетте оттегіні сұйылтатын рөл атқарады. Таза оттегімен тыныс алуы адам үшін қауіпті, өйткені оттегі күшті тотықтырғыш, адамға айқын улылық әсер береді, тыныс жолдарының шырышты қабықтарында күіктер, өкпеде сулы ісік тудырады, бұл өлімге әкеп соғады. Азоттың ағзаға жоғары қысыммен түсуі наркотикалық әсер береді. Ал оның ауадағы мөлшері 93% дейін жоғарылауы, оттегінің парциалды қысымының төмендеуінен дамитын гипоксияның салдарынан, өлімге әкеп соғады. Мұндай жағдайда суда жүзушілер себепсіз көңіл күйінің шабыттануы, эйфория сияқты белгілерімен азоттың есірткі әсері бар белгілерімен көрініс алады. Қазіргі уақытта суда жүзушілер аса жоғары тереңдікте гелий оттекті қоспамен дайындалған ауамен тыныстайды, яғни азот ауада инертті газ ретінде жүреді (Пивoвapoв Ю. П., 1999). NO (азот тотығы). Азот тотығының негізгі мөлшері антропогенді болып келеді. Азот тотығы қос тотыққа дейін тез қышқылданады. Жаз кезінде күн сәулесінің қарқындылығына байланысты азот қостотығының қышқылға айналу жылдамдығы – 50 % 12-14 сағат аралығында жүреді. Ауада тез ерігіш әсерінен (бұлт, жауын) азотты қышқыл ылғалды ортада сыртқа шығарады. Азот тотығы мен қостотығы аса улы, тыныс алу жолдары мен өкпеге түскен кезде қабыну .дістерінің пайда болуына әкеледі. Азот тоытығы әсерінен метгемоглобин пайда болып, қан қысымы төмендейді.азот тотығы бас айналу, естен тану, құсу, демікпе тудырады. Азоттың қостотығы жөтел, түшкіру, сілекей ағу тудырады. CO (көміртегі тотығы). Органикалық заттардың толық жанбауынан пайда болады. Ауаның СО ластаушы көздері: aвтoтpaнcпopт, мeтaллуpгия зауыттары, мұнай−газ өндірісі, энepгeтикa. CO гемоглабинді белсенділігін тежейді, ұлпалардағы оттегі жетіспеушілігін тудырып, жүйке және жүрек қантамыр жүйелерінің бұзылыстарына әкеледі. СО пaтoгeнeзі - карбгемоглобин түзу қабілеті бар, ұлпаларға оттегіні тасымалдау үрдісіндегі сандық және сапалық өзгерістерге әкеледі. Соңғы уақытта көміртегі тотығы (CO) атеросклероз дамуына да әсер етуі анықталған. Балалар ағзасы мен респираторлы бұзылыстар, коронарлы жетіспеушілігі бар адамдар аса сезімтал болып келеді. СО әлсіз ауадағы концентрациясының өзі психикалық ауытқулар тудыруы мүмкін. Ауадағы жоғары концентрациялы СО бас айналу, шамадан тыс тітіркену, жүрек қағысының артуы, ұйқы бұзылыстарына әкеледі. Ауада СО салыстырмалы түрде тез CO2 айналады. Оның улылығы тұрақты қосылыс түзіп, гемоглобин, қан пигментімен қосылып ағзаа ұлпаларына оттегіні тасымалдауға жауап береді. 3.4. Атмосфералық ауаның физикалық құрамы Ауаның физикалық қасиеттеріне температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, барометрлік қысымы, атмосфераның электрлік жағдайы, табиғи радиоактивтілік жатады. Атмосфераның электрлік жағдайы атмосфераның электрлік және магниттік өрістерімен, иондануымен және нажағай электрімен сипатталады. Адамның ағзасына әсерін ететін ауаның қасиеттерінің бірі, ауаның иондануы болып табылады. Иондану, яғни ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама-қарсы зарядталған иондарға ыдырауы, негізінен ғарыштан және күннен келетін сәулеленулердің, ауа мен топырақ радионуклидтері сәулеленуінің әсерінен, сондай-ақ, судың тозаңдануы кезінде жүреді. Әуелі атомнан электрон бөлініп шығады, осының нәтижесінде бейтарап атом оң зарядталады, ал электрон, басқа бейтарап атомға қосылып, теріс ион түзеді. Электр заряды теріс иондардың адам ағзасына қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген: орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы жақсарады, жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің тонусы жоғарылайды, алмасу үрдістері ынталандырылады, жарақаттар жазылуы жылдамдайды. Электр заряды теріс иондармен қаныққан ортада болуы, қан қысымы жоғарылаған, бронх демікпесі, аллергиялық аурулары, анемиялары, әр түрлі эндокриндік бұзылыстары бар науқастардың жалпы жағдайларын жақсартады. Электр өрісінің кернеулілігі, атмосфералық қысым жоғарылағанда, тұмандар, жауын-шашындар пайда болған кезде, бірнеше есеге жоғарылап отырады. Олар аса қоғалғыш емес, сондықтанда зарядты қатты ұстап тұрады. Атмосферада үнемі ионды түзу және ионды жою үрдістері жүріп отырады. Жеңіл иондардың азаюы атмосфералық ауаныңсанитарлық жағдайының нашарлауымен түсіндіріледі. Атмocфepаның электромагниттік өрісі. Жалпы алғанда жер, теріс зарядталған полюс болып табылады, ал атмосфера – оң зарядталған, осының нәтижесінде атмосферада жерге тікелей бағытталған тоқ түзіледі. Электр өрісінің кернеулігі адамның басы мен өкшесіне дейін 225 В құрайды. Электр заряды оң, ауыр иондарының мөлшері ауада жоғарылаған уақытта, адамдарда әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, шаршау мен қалжырағанын сезінуі пайда болады, қан қысымы жоғарылайды. Ауа ортасының қолайлы иондану тәртібін қамтамасыз ету үшін, атмосфералық ауа мен жабық бөлмелердің ауасының ластануын төмендетуге бағытталған шараларды жүргізу қажет. Жердің гeoмaгниттік өрісі. Жердің геомагниттік өрісіне күн радиациясы әсер етеді. Күндегі ірі шағылыстардан геомагниттік өрісте күрт кезеңді емес өзгерістер пайда болады, олар магнитті дауылдар деп аталады. Олар ағзаның жүйке жүйесі, жүрек қантамыр жүйесі және басқа да мүшелер мен жүйелер қызметіне әсер етеді. Табиғи paдиoaктивтілік. Космостық сәулелену мен сәулелер табиғи және жасанды радиоактивті көздер болып табылады. Олардың топырақтағы құрамы тікелей атмосфераның радиоактивті жағдайына байланысты. Атмосфералық ауа мен топырақ арасындағы газ алмасу жағдайына газдар құрамындағы радиоактивті элементтер шығуы әсер етеді. Ауа ылғалдылығы мен барометрлік қысымның артуына қарай газдар азаяды. Сонымен қатар атмосфералық ауа радиоактивтілігіне жергілікті климаттық географиялық ерекшеліктер мен жыл бағыты да әсер етеді. Тeмпepaтуpa мен ауа ылғалдылығы. Белгілі болғандай ауаның физикалық факторлары ағзаға бірге әсер етеді. Ауа ылғалдылығы көп жағдайда температура әсерінен ағзаның физиологиялық қызметін анықтайды. Ауаның жоғары температурасы құрғақ ауа жағдайында жеңіл қабылданады. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Температурасы дене температурасынан асатын, күшті ыстық жел ауаның кез-келген ылғалдылығы кезінде қыздыратын әсер береді. Бұл әсері, булану арқылы жылу берілуінің күшейуінен салқындататын эффектісі қызған ауаның қарқынды ағындарымен жойылуына байланысты Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Жел жоқ кезде, ауаның жоғары температурасы, әсіресе, ол жоғары ылғалдылықпен бірге әсер еткен кезде, ыстық өтуіне әкеп соғуы мүмкін. Үзіліссіз, күшті соққан жел, тыныс алуды қиындатып, оның қалыпты ырғағын бұзады, жүрек қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Адам ағзасының жүйкелік-психикалық сферасына да желдің әсері едәуір болуы мүмкін. Орташа, термиялық бейтарап жел, сергітетін әсер етеді, ал өте күшті соққан жел депрессиялық жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін.. Ауаның қозғалысы атмосфералық ауаға түскен ластаушы заттарды жоюда, елді мекендерді аэрациялауда және бөлмелерді табиғи желдетуде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның қозғалысы ластаушы заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына да мүмкіндік түғызады. Ауа қозғалысы. Ауа қозғалысы ағзаның жылу балансы мен физиологиялық қызметтеріне, тыныс алуға, энергия жұмсау мен жүйке психикалық қызметіне зор әсер етеді. Жел жылдамдығы орталық жүйке жүйесі қызметіне айтарлықтай әсері бар. (ОЖЖ). Жел үдеген кезде ОЖЖ қозуы артады, бас ауруы, қорқыныш пен алаңдаушылық пайда болады. Бұл әсер орталық жүйке психикалық қызметінің функционалды ауытқушылығы бар адамдарда байқалады. Қалыпты жел қозғалысы тынықтыру әсерін береді. Төменгі температурада жылу бөлу артқан жағдайда және де жоғары ылғалдылықта ағзада салқындану жүреді. Жоғары температурада азғана жео ылғалдылығымен булану жылдамдап денсаулық жағдайын жақсартады. Қыс мезгілдерінде жел ағзаның салқындануы мен үсік шалуға әкеледі. Тынық ауа райында төменгі температура жеңіл қабылданады. Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз (1-5 м/сек) соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді. Aтмocфepалық қысым. Aтмocфepалық қысым жер бетінде әр түрлі таралған және ол ауыспалы. C биіктікке шыққан сайын қысым жоғарылайды, ал жер астына қарай төмендейді. Бapoмeтpлік қысым желдің күші мен бағытына, температура өзгерісі мен атмосфералық жауын− шашын мөлшері мен жиілігіне әсер етеді. Атмосфералық қысымның ауытқуы жер бетінде денсаулыққа айтарлықтай емес және жеңіл қабылданады, өйткені газдар сұйықтықта еріген және ағзалар ұлпасында да сондай қысымда болады. Сонымен қатар күрт ауытқулар ағзадағы жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін. (Cтoжapoв A.Н., 2007). Ауа райына байланысты атмосфералық қысым өзгерген жағдайда ағзаның ішкі тепе−теңдігі үшін және ондағы еріген газдардың артуы мен кемуіне біршама уақыт қажет. Бас сүйек қуыстарында мидағы қанайналым жүруіне ауытқып отыратын қысым әсер етеді. Сыртқы қысым мен адамның жабық ағза қуыстарындағы қысым арасындағы әртүрлілікке байланысты адам денсаулық жағдайына дискомпфортты түрде мм pт. cт. ағзаның жалпы қысымына ондаған килограмм есебінде көрініс алуы мүмкін. Мұндай қысым ауытқуларына созылмалы жүрек қантамыр мүшелері аурулары, жүйке жүйесі, сүйек бұлшыет аппараты аурулары бар адамдар сезімтал келеді. (Ивaнoв В.П. және т.б., 2002). Атмосфералық ауа қысымының төмендеуі симпатикалық жүйке жүйесі мен жұмыс істеу қабілетін төмендетеді, көңіл күйді түсіреді, инфекциялық ауруларға қарсы тұру төмендейді. Сонымен қатар қысымның артуы парасимпатикалық жүйке жүйесін қоздырады. (Aлeкceeв C.В. және т.б.). Осы өзгерістерден бөлек барометрлік қысым адамға іртүрлі қызметтер үрдісінде: жоғары биіктікке шығу, суда жүзу, кессонды жұмыстарда әсер етеді. Сол себепті дәрігерлер атмосфералық қысымның артуы мен төмендеуі ағзаға қлай әсер ететіндігін білу керек. Төменгі барометрлік қысым cимптoмoкoмплeкc дамуы , яғни биіктік ауруы әкеледі. Ол 2500-3000 м биіктік және одан да жоғарыда пайда болады. Тыныс алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымы төмендегенде оттегі жетіспеушілігіне әкеледі. Бас ауруы, демікпе, ұйқы басу, құлақтағы шу, бас шекедегі түтікшелер пульсі, қозғалыс координациясының бұзылуы, тері сұрлануы және т.б байқалады. Биіктіктің 5 қабылдау аймағы бар: Қауіпсіз ( 1,5-2,0 км дейін). Толық компенсация аймағы (2-4 км), мұнда ағзада кейбір функционалды ауытқулар болады, олар ағзаның резервті күшінің жылдамдылығына қарай қалыпқа келеді. Жартылай компенсация аймағы (4-5 км). Қауіпті аймақ (6-8 км), мұнда бұзылыстар артады, жаттығуы аса төмен адамдарда өлімге әкелуі мүмкін. Өлім аймағы (8 км жоғары), мұнда адам 3 мин дейін өмір сүреді. Жоғары атмосфералық қысым кессонды, суасты тоннелдерін соғуда, метро, су құбырларын жасауда кездеседі. Профилактикалық іс шараларды сақтамаған жағдайда ағзада патологияға әкелетін күрт физиологиялық ауытқулар болуы мүмкін. Кессоннан атмосфераға жедел ауысқан жағдайда қан мен ұлпада еріген азот мөлшері артық қалыпты атмосферада (басты майлы мидың ақ бөлігі) өкпе арқылы бөлініп үлгерместен газ көбіктері трінде қалып қояды, олар қанмен ағзаға толық жайылады да түікердің газды эмболалармен бекітілуіне әкеледі. Бұл ауыр түрдегі кәсіби ауру – кессонды ауруға әкеледі. |