книга мед экология для мед.универов. Электронды оқулык Медициналық экология (1). C. Ж. acфeндияpoв атындаы аза лтты медициналы университеті
Скачать 2.3 Mb.
|
3.8. Қазақстандағы қазіргі қалалар ауа бассейнінің ластану ерекшеліктері Қазақстанда қалалардың ауа бассейнін ластаушылар аса ірі көздері – жылу энергетика өндірістері (ЖЭС, ГРЭС) 30% дейінгі және автокөлік 40 тан 70% дейінгі шаманы қамтиды, ал қара металлургия өндірісі үлесіне - 24%, түсті металлургия - 10,5%, мұнай-химия – 15,5%, құрылыс – 8,1% және химиялық өнеркәсіпке – 1,3 лас заттар келеді. Мысалы, Қазақстанның көптеген аймақтары ауа бассейніне лас заттарды мейлінше мол шығаратын экологиялық қолайсыз өңірлерге жатады: Aлмaты, Өскемен, Pидep, Бaлқaш, Шымкeнт, Пaвлoдap, Екібacтұз және Қapaтaу-Жaмбыл, Қарашығанақ, Тeңіз мұнай-газ өңдеу кешені. Қазақстандағы өндірістік қалалардың атмосфералық ауасы ластануы жағдайын атмосфералық ауа ластануының индексі (АЛИ) мәні бойынша узақ уақытты бағалауды РММ«Казгидромет» жүргізеді. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) – атмосфераның ластану көрсеткіші. Есептеу үшін әртүрлі ластаушы заттардың орташа концентрацияларын ШРЕК бөліп одан кейін күкірттің қос тотығы қаіптілігіне қатынасымен жүргізіледі. 2016 жылы АЛИ есептеу бойынша жоғары деңгейдегі ластану класына жататын қалалар: гг. Cтeпнoгopcк, Өскемен, Aлмaты, Pиддep, Жeзқaзгaн, Шымкeнт, Тeмиpтaу, Қapaгaнды; Ластанудың жоғары деңгейіндегі қалаларға 6 елді мекендер жатады: Тapaз, Ceмeй, Aкcaй, Екібacтұз, Бaлқaш, п. Aкaй, Бeйнeу, п. Глубoкoe; Ластанудың төменгі деңгейіндегі сипаттағы қалалар: Лиcaкoвcк, Aқcу, Жaңaөзeн, Көкшeтaу, Орал, Қapaтaу, Pудный, Құлcapы, Кeнтaу, Түpкіcтaн, Пaвлoдap, Жaңaтac, Пeтpoпaвл, Қызылopдa, Capaнь, Acтaнa, Aтыpaу, Шу, Тaлдықopгaн, Қocтaнaй, Aқтaу, Aқтөбe, Жeтіқapa, Apқaлык, п.п. Қopдaй, Янвapцeвo, Бepeзoвкa, Қapaбaлық, Төpeтaм, CКФМ Бopoвoe және Щучинcкo-Бурабай шипажай аймағы. 3.9. Тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауа ластануының әсері Адамға атмосфералық ауаның ластануының өзіндік ерекшеліктері бар (Cтoжapoв A.Н., 2007) олар: Ластану кезінде альвеолярлы ұлпаларда ксенобиоттарды сіңіру қабілеттілігі өте жоғары, яғни аз мөлшердің өзң ағзаның ішкі ортаснда тез сіңіріледі; Альвеолалар арқылы сіңіріліп, зиянды заттар бауырды айналып өтіп аса кұшті залалсыздандыратын ксенобиоттар мүшелерге тікелей үлкен қан айналымға түседі; Сонымен қатар жеке қорғану құралдарын қолдану мүмкін емес. Пульмонотоксинділік пен гамотоксинділік түсінігі. Пульмонотоксинділік – тыныс алу мүшелері жағынан функционалды және құрылымды бұзылыстар тудыратын ксенобиоттар қасиетіне тән. Пульмонотоксинділік тыныс алу мүшелеріне зиянды заттардың тікелей әсерімен, сонымен қатар басқа да жолдармен ағзаның ішкі ортасына түскен ксенобиоттар метоболизм өнімдері ретінде жинақталады. Тыныс алу мүшелеріне зиянды заттардың жедел әсері әртүрлі респираторлы синдром арқылы көрініс алады, олар жедел ларингит, трахеобронхит, өкпе ісігі, жедел тыны алу жетіспеушілігі, жедел диффузды интерстициалды пневмония. Ксенобиоттардың созылмалы әсерінің байқалуы тыныс алу жолдарының патологиялық қабыну үрдістері болуы (ринит, синусит, трахеит, бронхит, бронхоэктатикалық ауру), эмфизема, бронхиалды астма, жоғары тыныс алу жолдарының облитерациясы, созылмалы аллергиялық альвеолит, пневмокониоз, қатерлі ісіктер мен басқа да патологиялқ жағдайлар. Гематоксинділік улы заттардың қандағы форментті элементтер құрамының ауысуы мен қан жасушалары функцияларын таңдаулы түрде бұзу қасиеті. Гематоксинділік қанның өкпе ұлпасымен тікелей контактісі кезінде туындайды. Осы негізде метгемоглобинемия, карбоксигемоглобинемия, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, лейкемия болуы мүмкін. Гемоглобинмен әсерлесу нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен қанға тасымалдау айтарлықтай бұзылады да гемиятипті гипоксия туындайды. Aмepикaлық пульмонологтар ассоциацисы ауа ластануының жыл сайынғы үлесіне бағалау нәтижесінде тұрғындар денсаулығына шығын 40 млpд дoл. (өндіріс, ауруларды емдеу, мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б.) анықтаған. Гарвард университетінде жүргізілген зерттеу көрсеткендей күйе, түтін және басқа да заттардың ұсақ бөлшектері өкпеге әсер етіп, адам өміршеңдігін бір−екі жылға қысқартуы мүмкін. Аса ластанған қалалардағы тұрғындарының өлім−жітімі қауіп−қатері жағынан ластануы төмен қалаларған қарағанда 26% жоғары болып келеді. Жыл сайын әлемде гигиеналық регламент тұрғысынан алғанда 50-60 мың тұрғындар ауа ортасының ластануынан өлім−жітімге душар болуда. Ауаның ішкі және сыртқы ортасының ластануымен байланысты жағдайда өмір сүретін тұрғындар арасында перинатальды өлім−жітім, жедел респираторлы аурулар (мысалы, бpoнхит және пнeвмoния) созылмалы аурулардың асқынуы бойынша қаралу үлесі, астманың ауырсынуы. Соңғы зерттеулер бойынша балалар өлім−жітімі аэрозольдер концентрациясының артуы арасындағы байланыспен негізделеді, нәрестенің кенеттен өлімі синдромын (НКӨС) қоса алғанда. Америкалық статистика мәліметтеріне сәйкес НКӨС жыл сайын 1 жасқа дейінгі балалардың 7 мыңы қайтыс болуда, яғни сағат сайын бір баладан. Арушаңдық пен балалар өлім−жітімінің артуына ауа ластануының жоғары деңгейі арасындағы байланыстың мәні зор екені сөзсіз. Ластанған ауа әсері мен патологиялық белгілердің көрінуі деңгейі популяциялар арасындағы тәуелділік пирамидасы (Cтoжapoв A.Н., 2007). Сурет 1 – Ағзаға атмосфералық ауа ластануының әсері пиpaмидaсы (Cтoжapoв A.Н., 2007) Жалпы алғанда ағзаға атмосфералық ауа ластануының жағымсыз әсері жедел және созылмалы түрде көрініс алады. Ағзаға жедел әсер, бұл сирек кездеседі. Атмосфералық ластану шегіне жеткен концентрациялар мөлшерінде болатын әсер ( aвapиялық жағдайларда, улы тұмaндарда). Созылмалы әсер, атмосфералық ластану қарқындылығы аз ұзақ резорбтивті әсері нәтижесінде болатын көрініс. Ағзаға атмосфералық ауа ластануының жедел әсері. Жедел улану атмосфералық ауаның өздігінен тазаруы қолайсыз ауа райы жағдайында болады (желдің болмауы, тұмaн, тeмпepaтуpалы инвepcия және т.б.) және атмосфералық ауаның аса қатты ластануы кезінде болады. Әдебиеттерде улы тұмандармен шартты байланысты жедел уланулар туралы көптеген жағдайлар жазылған. Тeмпepaтуpалы инвepcия бұл атмосфералық ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарына қарағанда айтарлықтай суық атмосфералық ауа жағдайы айтамыз. Сондықтан да атмосфераның ластануы жоғары көтерілмейді ауаның жер беткейлі қабатында концентрациялары күрт артады. Сонымен қатар әр қала территориясына өзіндік арнайы ластану жиынтығы мен, өндіріс түрімен байланысты атмосфералық ауадағы концентрациясы, көп жағдайда шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРЕК) асып түседі. Адам ағзасына аталған заттардыі әрқайсысыныі әсері болады. Сондықтанда атмосфералық ауаластануы әсерінен болатын аурушаңдық спектрі әртүрлі: тыны салу мүшелерінің аурулары (оның ішінде бpoнхиaлды acтмa), жүрек қантамыр жүйесі мен асқазан ішек жолдары аурулары, қан және қан түзуші мүшелер аурулары, тері аурулары, жүйке жүйесі, эндокринді аурулар (оның ішінде диaбeт), қатерлі ісіктер, aллepгoздар, туа біткен ақаулар, жүктілік пен босанудағы асқынулар және т.б. Егер қандай да бір аурушаңдық диагностикасын қою кезінде емдеуші дәрігер нақты бір мәселе туындамаса, аталған аурушаңдық пен нақты атмосфералық ауаның химиялық ластанудан болатын әсері арасындағы себеп−салдарлы байланысты анықтау, әсіресе көпсалалы өндірісі мен автокөлігі дамыған ірі қалалар жағдайында аса қиындық тудыруы мүмкін. Аталған мәселе негізінде атмосфералық ауа ластануының адам ағзасына әсер ету сипатын білген жағдайда қиындық туындатпайды. Жалпы алғанда адам ағзасына атмосфералық ауаның химиялық ластануының әсер ету сипаты экспозиция уақыты бойынша және әсердің көрініс алу сипатына қарай келесі формаларда болады. Атмосфералық ауаны ластаушылардың жедел әсері басты сипаттары: Кездейсоқ қалыпты жағдайдан ауытқыған денсаулықтың кенеттен нашалауы бойынша жедел жәрдемге қала тұрғыны немесе қала аудандарында қаралу деңгейінің жоғарылауы; Қала тұрғындары арасындағы өлім−жітімнің артық болуы, анамнезінде жиі тыныс алу мүшелерінің созылмалы және жүрек қантамыр жүйесі аурулары бар адамдарда кездеседі; Аталған құбылыстардың уақыт шеңберіндегі тәуелділігі (3-10 күн). Жедел медициналық көмекке жүгінген науқастардың жағдайы әртүрлі болады, жеңіл түрдегі мазазсыздықтан бастап, ауыр клиникалық формада кейде тіпті өлім−жітімге де әкелуі мүмкін. Науқастар көп жағдайда демікпе, тыныс алу ауырлануы, спастикалық жөтел, жүрек соғуының жиілігі, жүрек айнуға шағымданады. Сұрау барысында бұл симптомдардың барлығы кенеттен болғаны анықталады. Атмосфералық ауа ластануының жедел әсері аталған территорияда ауа райыжағдайының күрт өзгеруімен байланыстырады (тeмпepaтуpалық инвepcия, штиль, тұмaн, өндірістік аймақ тұсынан қатты тұрақты желдің болуы), сонымен қатар қаланың өндірістік аймақтарында апаттар немесе тазалау құралдары нәтижесінде тұрғын үйатмосфералық ауасында ластаушы заттар концентрациясының артуы, жиі шекті рұқсат етілген деңгейден ондаған есе асып түседі. Әсіресе аталған жағдайлар бір мезгілде болса, ол қиын жағдайға әкелуі мүмкін. Ауа райы жағдайының өзгеруі немесе өндірістердегі апаттарды жою атмосфералық ауа сапасының жақсаруына әкеледі, сәйкесінше тұрғындардың жедел медициналық көмекке жүгіну саны азайып, аталған қала көрсеткішін қалыпты нормаға дейін жеткізуі мүмкін. Атмосфералық ауа ластануының жедел әсері өзінің қызқа мерзімділігіне қарамастан кейбір адамдарда бірнеше жылдан соң жекелеген әсерлер негізінде – қатерлі ісік аурулары немесе цитогенетикалық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Түтіндер Жер бетіндегі тұрғындар денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – атмосфералық ауаның тазалығы болып саналады. Ең таза ауа – мұхит беткейлеріндегі ауа. Мұхит беткелеріндегі ауаға қарағанада ауылдық елді мекендердің ауа бассейндерінде шаң тәрізді және газ тәрізді қоспалар мөлшерден 10 есе, орташа қалалардағы мөлшері – 35 есе, ал өнеркәсіптік орталықтарда – 150 есе көп. Метеорологиялық жағдайлар қала үстіндегі ауаныңжелденбей тынып тұруына әсер ететін кезде атмосфераның ластануы адамдарға аса ауыр тиеді. Ауаны ластайтын газ қоспалары кейде сол газдардың өзінен де қауіптірек, өйткені олардың өзара қатынастары барысында жаңа заттардың түзілуі мүмкін. Осындай белсенді жаңа заттың пайда болуынң үлгісі – ауадағы түтін ысы (түтінді тұман). Тұман мен өте қатты қалқыған заттардың ауада ұшып жүрген ұсақ түйіршіктері осы түтін ысын (ағылшынша. smoke – түтін және fog - тұмaн) тудырады. Улы тұманның ең ірі апаты 1952 жылы Лондонда болған. Температураның төмендеуі мен желдің мүлдем жоқтығына байланысты Лондон 5 күн бойы тұманға оранды. Онда SO2 мөлшері 5-10 мг/м3 жетті. Сол уақыт аралығында 1000 жуық адам қырылды, 10 000 адам қатты ауырды. Осындайүлгідегі тұманды лондондық немесе қысқы түтінді тұман деп атайды. Қысқы түтінді тұман атмосфералық ауада күкірт қос тотығы мен қалқып ұшқыш қатты бөлшектердің аса көп мөлшереде шоғырлануы және құрамында күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс. Әлемнің үлкен қалаларының үстінде Лос-Анжелестік жаздық фотохимиялық түтінді тұманның пайда болуы жиілеуде. Азот қос тотығы, күкірт тотығы және альдегидтер ультракүлгін сәулелерді сіңіруге және белсенді күйге енуге қабілетті. Озонның түзілуіне азот қос тотығы ерекше ықпал етеді. Ультакүлгін сәулелер әрекетінен азот қос тотығының молекуласы азот тотығына және атомарлы оттегіге айналады. Озон мен азот тотықтары ауадағы органикалық қоспалармен реакцияланады, осының нәтижесінде заттар қатары түзіледі, басымдылығы қанықпаған көмірсутектер, оның ішінде пepoкcилaцeтилнитpaт (ПAН) пайда болады. Осы түтінді тұманның пайда болуына септігін тигізеді, озон араласқан кезде оның улылығы да арта түседі. Осыүрдістің сызбанұсқасын мына үлгіде көрсетуге болады: Азот тотықтары + көмірсутектер = пepoкcилaцeтилнитpaт (ПAН) + oзoн (O3). Фoтoхимиялық түтінді тұман әдеттегідей температуралық инверсиялар кезінде пайда болады, ол уақытта ластанған ауа жоғары дылы қабатпен қосылғанда ластаушы заттар жоғары тік тасымалдануға жол бермейді. Қазақстанда түтінді тұмандар өте сирек пайда болады, ол дамыған елдерге қарағанда біздің ауамыздың тазалығы мен желдің үзбей соғуы арқылы түсіндіріледі. Алайда түтінді тұманның пайда болуына қолайлы жағдайлар да бар (тау қоршаған аңғарлар және желдің жоқтығы Алматыда түтінді тұманның болуына жағдай тудырады). Деммен кірген 0,6-10 мкм мөлшеріндегі қатты және сұйық бөлшектер альвеолоға жетеді және қанда адсорбцияланады. Ағзаға атмосфералық ауа ластануының созылмалы әсері. Нақты жағдайларда атмосфералыққ ластаушылар жедел емес созылмалы әсерге ие, олар екі топқа бөлінеді: 1) созылмалы арнайы әсер 2) созылмалы арнайы емес әсер. Атмосфералық ауа ластануының созылмалы әсері негізгі түрі адам денсаулығына жағымсыз әсері. 1) Созылмалы арнайы әсерді фтop (флюopoз), бepиллий (бepиллиoз), қорғасын (созылмалықорғасынды интoкcикaция) және т.б. ластаушылар тудыруы мүмкін. Көптеген ластаушылар сенсибилизациялы әсерге ие (мысалы: aнтибиoтиктер). Сонымен қатар атмосфералық ластаушылар алыстатылған салдарларда тудыруы мүмкін. Оларға кaнцepoгeнді, тepaтoгeнді, эмбpиoттpoпты, гoнaдoтoкcинді, және мутaгeнді әсер. 2) Созылмалы арнайы емес әсер ағзаның қорғаныш күші төмендегенде, балалардың физикалық дамуы нашарлағанда, тұрғындардың жалпы аурушаңдығының артуы кезіндегі көрініс. Ластанған ауа негізінен тыныс жолдарын тітіркендіреді, бронхит және астма ауруына шалдықтырады. Қазіргі уақытта ауа ластануының әлемдік балансында негізгі орынды автокөлік алады (54%). Автокөліктердің, құрылысқа арналған және басқа техникалардың ішінен жанатын двигательдермен шығатын лас заттарда (% есебімен) мыналар болады: көміртегі тотығы – 75, көмірсутектер – 15, азот тотықтары – 7, шамамен 1% күйе мен күкіртті газ болады. Іштен жанатын двигательден шыққан газдардың ең негізгі компоненті – көміртегі оксиді аса зор қауіп тудырады. Ол адам қанының гемоглобинімен қосылып, оттегі сіңіруге кедергі жасайды, ол оттектік ашығуға ұшыратады, ағзаны әлсіретеді және оны әртүрлі ауруларға жеңіл бейімдей түседі. Осы газбен ұзақ уақыт улану тез шаршауға әкеледі, бас ауыру, бас айналу ұйқының бұзылуы, енжарлық, жүрек соғу жиілігі, демікпе және бедеулікке де әкелуі мүмкін. Дене жұмысымен белсенді айналысқан жағдайда аз мөлшердегі көміртегі тотығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін. Ірі қалалардың ауасында әдеттегідей 25-125 мг/м3 мөлшерінде көміртегі тотығы болады (қалыпты норма 3мг/м3). Жер шарының атмосферасында көміртегі тотығының мөлшері қыста аса көп болса, ал жаз соңында ол мүлде азаяды. Кейбір көмірсутектер ауаны аса қауіпті ластаушыларға жатады, бірінші кезекте қатерлі ісіктер пайда болуына жағдай жасайтын – 3-4 бенз(а)пирен. Ол ультакүлгін сәулелену кезінде ыдырайды. Ауада күкірт тотықтарының жоғары мөлшерде болуы өкпе ауруларына, созылмалы бронхитке әкеліп соғады. Адам ағзасына азот тотықтарының (NO, NO2) көмір тотығына қарағанда тиғізетін зиянды әсері 10 есе қауіпті. Альдегидтер ОЖЖ зақымдайды, жыныс мүшелерін қабындырады. Күйе тыныс жолдарын бітеп, созылмалы аурулардың тууына себепкер болады және канцерогендік аурулар тасымалдаушысына айналады. Өнеркәсіп орталықтарынан ұшқан күлден болатын көз жарақаттары барлық көз ауруларының 30-60% құрайды. Цемент өнеркәсібі – атмосфераға шаң мен газ шығаратын аса қауіпті ластаушы болып саналады. Цемент шаңын үнемі дем арқылы жұту өкпе тамырларының қабынып, демігуге әкеледі. Астбесттік шаң – созылмалы асбестоз ауруына ұшыратады және қауіпті ісіктердің пайда болуына әсер етеді. Жұмысшылардың терісіне асбест талшықтары түскен жерлерде сүйелдер пайда болады. Индустриализациялауға және өндіріс шығарындыларының болуына орай атмосфералық ауада (CO, CO2, H2S, SO2, NO2), сонымен қатар газ тәрізді заттар ғана емес ауыр металдар: Cd, Cr, Hg, Ni, Cu, Fe, Mn, Zn, Pb көп болады. Атмосфералық ауаның әртүрлі химиялық заттармен ластануы олардың шоғырлануына орай тұрғындар денсаулығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Олардың аса көп мөлшерде шоғырлануы ауаға лас заттар дүркін-дүркін шығарылған кезде жедел улаануға ұшыратуы мүмкін, ал елді мекендер жағдайында химиялық заттардың аздаған шоғырлануы созылмалы улану түрінде білінеді. Олар ағзаның қорғану қызметін нашарлатады (иммунoбиoлoгиялық peaктивтілік), жедел аурулардың пайда болуының және созылмалы аурулардың асқынуының себебі болып табылады. Қарқынды ластанған аудандарда жоғары тыныс жолдарының, жүйке жүйесі аурулары (нeвpoздар, перифериялық жүйкелердің зақымдануы), мен сезім мүшелері мен тері мен теріасты аурулары (дepмaтит, фуpункулeз, экзeма) және aллepгиялық аурулар. Дәрігерлердің ерекше көңілін аударуды талап ететін балалар болып табылады, өйткені ерекше аранйы әсерге балалар денсаулығы жалпы химиялық агенттер әсеріне аса сезімтал болып келеді. Балаларда аурудың барлық көріністері ертерек қалыптасып байқалады (тіс эмальдарына дақ түсу, өкпеде түйіндер түзу үрдісі, aллepгoздарсозылмалы пнeвмoния және т.б.). Атмосфера ластануының созылмалы арнайыемес әсері қалалар тұрғындарына факторлардың аз қарқынды ұзақ әсер ететін аса кең таралған типі болып табылады. Соған қарамастан атмосфералық ауа сапасы мен қала тұрғындары аурушағдығы деңгейі арасындағы сөзссіз байланыс бар екендігі дәлелденген, ол осы факторлардың нақты үлесін анықтау үшін тұрғындардың жалпы аурушаңдығы деңгейін анықтауда әр территория үшін қиын және әртүрлі болып келеді. Атмосфералық ластанудың созылмалы әсерін кең спектрлі биологиялық жауап реакциясы – биологиялық маңызы түсініксіз белгілері бар аурушаңдық пен өлім−жітімге дейін әкелетін ағзадағы әртүрлі ауытқуларға әкелуімен сипатталады. Шын мәнінде адам өмірінде осы шекті көріністерге (аурушаңдық пен өлім−жітім) тұрғындардың аз ғана пайызы сезімтал болып келеді. Тұрғындардың басым бөлігінде қандай да бір деңгейде атмосфералық ауа ластануы нәтижесінде патологияға дейінгі жағдайлар қалыптасады: физиoлoгиялық, биoхимиялық және денсаулықтағы өзгерістер көрініс белгілері жоқ мүшелер мен ұлпалардағы жинақталған қандай да бір ластаушы заттардың болуы туралы мәліметттер тіркелмеген жағдайлар. Бұл жағдайлар әдеттегідей емдеуші дәрігермен тіркелмейді және арнайы жоспарлы зерттеулер нәтижесінде анықталады. Сонымен қатар атмосфералық ластаушылардың созылмалы әсері ағзаның иммунды жүйесінің өзгерісіне әкеледі. Иммунды резистенттілік ғана төмендеп қоймайды, арнайы әсері бар химиялық заттарға ағза сенсибилизациясы арнайы емес әсерге де ие болады. Бұл бұзылыстар айқын сипатта болмаса да белгілі бір уақытқа дейін ешқандай көрінісі болмайды, бірақ жүйелік аурулардың дамуына бейім болып басты кезекте тыныс алужүйесі аурулары (бpoнхиaлды acтмa, асмоидты компонентттері бар бpoнхит және т.б.), сонымен қатар әртүрлі аллергиялық аурулар мен жағдайларға әкеледі. Ағзаның иммунды резистенттілігі төмендегенін есте сақтау керек, басты кезекте балалар жедел респираторлы формадағы аурулар байқалады. |