Детские болезни
Скачать 125.13 Kb.
|
Бұл аурудың негізінде қандай бұзылыс ЕҢ сәйкес? *+пуриндік алмасу *витаминдік алмасу *көмірсулық алмасу *минералдық алмасу *билирубинді алмасу #1151 *!Анасы 6 айлық баласымен облыстан учаскеге келді, дәрігерде қаралмаған. Анасының айтуынша, шағымдары жоқ.Анамнезінен: бала І жүктіліктен,жүктілік гестозбен өткен, І жедел босану. Бала желтоқсан айында дүниеге келген. Аралас тамақтанады, бейімделген сүт қоспалармен үстеме тамақ беріледі. Қарап-тексергенде: краниотабес, үлкен бас, иектің тегістелуі, рахиттік тасбықтар. Жүрек-қантамырлық жүйеде жүрек ұшынан систолиялық шу естіледі. Басқа ағзалар өзгеріссіз. Аурудың бұл кезеңінде қандай жүйе ЕҢ қатты өзгеріске ұшырайды? *сүйектік *+жүйкелік *эндокринді *бұлшықеттік *жүрек-қантамырлық #1152 *!Ана 2,5 жастағы баласымен дәрігерге қаралды, анасының айтуы бойынша, солғындық, аз қимылдау, ұйықтағанда қорылдайды, мыңқылдап сөйлеуге шағымданады. Баланың анамнезінде – жиі тұмаулық аурулар. Қарап-тексергенде: бала гиперстениялық дене бітімді және жоғары тамақтану, ауызы сәл ашылған күйде,мойыны қысқа, кеуде торы кең, салмағы– 15 кг, бойы - 88 см. Ауыз-жұтқыншақ –жұтқыншақтың артқы қабырғасында дәнділік анықталды. Ішкі ағзалары патологиясыз. Мұрын-жұтқыншақты эндоскопиялау кезінде мұрын арасындағы жарғақшаның жоғарғы бөлігін жауып тұратын аденоидты вегетация анықталды. Бұл патологияға қандай диета ЕҢ сәйкес? *майларды шектеу *+ақуыздарды шектеу *сүт-өсімдік өнімдерін шектеу *пуринге бай тағамдарды шектеу *тез сіңірілетін көмірсуларды шектеу *Балалар аурулары*3*108*8* #1153 *!Бір айлық бала анасымен емханаға шақырылды, анасының айтуынша, балада еш шағым жоқ. Анамнезінен: ер бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3500 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімдлген сүт қоспалармен тамақтанады. Ішкі ағзаларды қарап-тексеру кезінде ешқандай өзгерістер жоқ. Балаға рахитті спецификалық постнатальды алдын алу үшін қандай препарат ЕҢ қажетті? *видехол *вигантол *рокальтрол *+аквадетрим *эргокальциферол #1154 *!Ер бала 12 жаста, емханаға шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, шыдамсыздыққа, ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. Анамнезінде 3 жасқа дейін атопиялық диатезі болды, жүйке-психикалық даму жағынан қатарластарының алдында, мектепте барлық пәндерден үздік екені анықталды. Орта білімді мектептен басқа, бала, дене шынықтыру бөлімінде жүзумен және өнер мектебінде – фортепиано сыныбында айналысады. Қандай диагноз ЕҢ сәйкес? *хорея *экзема *атопиялық диатез *атопиялық дерматит *+жүйке-артриттік диатез #1155 *!Ер бала 13 жаста, емханаға шаршағыштыққа, шыдамсыздыққа шағымданып келді. Анамнезінде цитрусы бар тағамдарға пайда болатын сирек терілік бөртпелердің пайда болуы, жүйке-психикалық даму жағынан қатарластарының алдында, мектепте барлық пәндерден үздік екені анықталды. Қандай тағамды тамақтану тәртібінен алып тастау ЕҢ сәйкес? *сәбіз *картоп *+щавель *қызылша *қырыққабат #1156 *!Бала 10 айда. Шағымы: тыныс алуы қиындаған, ентігу, мұрын-ерін үшбұрышы көгерген, дене қызуы 37,9ºС дейін көтерілген. Ауру 2 күн бұрын сирек құрғақ жөтелден, тұмаудан басталған. Динамикада жағдайы жақсарған. Тексеру кезінде: шулы қиындаған тыныс шығару,спастикалық жөтел, өкпесінде-өкпелік дыбыс қораптық түрде, қатаң тыныс, ұзақ тыныс шығарғанда құрғақ ысқырықты сырылдар, ТЖ 58 минутын. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз? *жедел трахеит *жедел бронхит *жедел пневмония *жедел бронхиолит *+жедел обструктивті бронхит #1157 *!Бала 7 жаста. Дене қызуы 39,0°С дейін көтерілді, бас ауруы, ылғалды жөтел, кеудеде ауру сезімі шағымымен қаралды. Тексеру кезінде: тері жабыны бозғылт, «мраморлы» суреттермен, ТЖ 32 минутына, кеудесі кебіңкі, оң жақ жартысы тыныс алудан қалған. Өкпеде – оң жақ дыбыс тұйықталған, тынысы әлсіреген, сырыл жоқ. ЖСЖ 110 минутына. Рентгенологиялық зерттеуде: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті қарауыту. Осы ауруды анықтауда қан анализінде қандай өзгерістер болады? *лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ төмендеуі *лейкопения, лимфопения,ЭТЖ төмендеуі *лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ төмендеуі *лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы *+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы #1158 *!Бала 13 жаста. Шағымы ұстама тәрізді жөтел, ысқырықты сырыл, ентігу. Анамнезінен: 4 айында - атопиялық дерматит, ары қарай – өздігінен қайтатын жиі-жиі қысқа мерзімді тұншығу ұстамасы; әкесінде – поллиноз. Осы ұстама мысық пен қарым-қатынаста болғаннан пайда болды. Тексеру кезінде: құрғақ жөтел, ысқырықты тыныс, ТЖ 26 минутына, өкпеде – перкуторлық дыбыс қорапты түрде, барлық бөлікте көлемді құрғақ ысқырықты сырылдар. Диагноз анықтауға көбіне қай ақпаратты зерттеу әдісі көмектеседі? *+спирометрия *флюрография *бронхоскопия *рентгенография *компьютерлі томография #1159 *!Бронх демікпесін емдеудегі дәрі-дәрмекті қабылдау «Баспалдақты тәсіл» дегеніміз қаңдай? *препаратты ұзақ уақытқа тоқтатып көп мөлшерін бірден беру *препаратты біртіндеп тоқтатып мөлшері мен жиілігін арттыру *ауру ұзақтығына қарай мөлшері мен жиілігін арттырып қабылдау *жағдай ауырлығына қарай мөлшері мен жиілігін азайтып қабылдау *+жағдай ауырлығына қарай мөлшері мен жиілігін арттырып қабылдау #1160 *!Қызға 2 жас. Тексеру кезінде: улану белгілері, ТЖ 54 минутына, алыстан естілетін шулы тыныс шығару, өкпеде - қорапты дыбыс, қатаң тыныс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. Осы ауру кезінде төмендегі көрсетілген бронхолитиктердің қайсысын қолданған дұрыс? *формотерол *+сальбутамол *сальметорол *кленбутерол *орципреналин #1161 *!Қызға 2 жас. Тексеру кезінде: улану белгілері, ТЖ 54 минутына, алыстан естілетін шулы тыныс шығару, өкпеде - қорапты дыбыс, қатаң тыныс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. Осы ауруда қандай топ препараттарын қолданған дұрыс? *+кромондар, метилксантиндер, β2-адреномиметиктер *антибиотиктер, муколитиктер *теофиллиндер *орталық жөтелге қарсы препараттар *шеткері жөтелге қарсы препараттар #1162 *!Ұл бала 11 жаста, созылмалы гастрит диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Эпигастрий аймағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімін басу үшін қолданылатын препарат қандай? *атропина сульфат *мебеверин (дуспаталин) *пинаверия бромид (дицетел) *гиосцина бутилбромид (бускопан) *+дротаверина гидрохлорид (но-шпа) #1163 *!Ұл бала 13 жаста,тексерілуден соң диагноз: НР-ассоцирленген созылмалы гастродуоденит, өршу сатысы. Ішек лямблиозы. Эрадикациялық терапияның ең тиімді қайсысы? *омепразол+амоксициллин *+омепразол +амоксициллин+метронидазол *омепразол +амоксициллин+кларитромицин *висмут тұзы+амоксициллин+ метронидазол *омепразол +амоксициллин++кларитромицин+висмут тұзы #1164 *!Ұл бала 9 жаста, тамақтан соң эпигастрий аймағында басып ауру сезіміне,қыжыл,кекіруге шағымданады. Төмендегі шағымдар 2 ай көлемінде мазалайды. Болжамды диагноз: гастроэзофагеальды рефлюкс. Асқазан гиперсекрециясын коррекциялауға қолданылатын препараттар қайсысы? *маалокс *алмагель *фамотидин *ранитидин *+омепразол #1165 *!Он үш жастағы қыз балаға диагноз қойылды: спецификалық емес жаралы колит. Проктит формасында емді қандай препараттан бастаған жөн? *+месалазин балауыз түрінде *будесонид балауыз түрінде *месалазин таблетка түрінде *азатиоприн таблетка түрінде *преднизолон таблетка түрінде #1166 *!Қыз бала 10 жаста, диспансерлік тіркеуде: созылмалы гастрит секреттік функциясы төмендеген, ремиссия сатысы. Қандай физиотерапевттік ем тағайындалды? *+индуктотермия *диадинамикалық токтар *ультрадыбыстық терапия *электрофорез бромоммен жағалалық аймаққа *эпигастральды аймаққа новокаинмен электрофорез #1167 *!Ұл бала 9 жаста,функциональды диспепсиямен ауырады.Тамақтан соң төс астында ауырлық және толу сезіміне, аэрофагияға, жүрек айнуға, метеоризмге шағымданады. Қандай препараттар қолданылған жөн? *антацид (алмагель) *спазмолитик (ношп) *+прокинетик (мотилиум) *Н2-блокатор (ранитидин) *ингибитор протонной помпы (омепразол) #1168 *!Қыз бала 12 жаста, асқазан ойық жарысы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Эпигастри аймағында кенеттен пайда болған ауру сезіміне, кофе тәрізді көп мөлшерде құсу , мелена, әлсіздік. Қарап тексеру кезінде: айқын бозару, пульс - 120 минутына. АҚ 80/50 мм.рт.ст. іші кернелген,эпигастри аймағында ауру сезімі. Қандай асқыну болуы мүмкін? *стеноз *+қанкету *пенетрац *перфорация *малигнизация #1169 *!Ұл бала 6 жаста. Тәбеттің төмендеуі, тәулігіне 4–6 рет қан аралас сұйық нәжіске, іш ауыруына шағымданады . Тексерістен соң диагноз: спецификалық емес жаралы колит. Певзнер бойынша емдәм тағайындауыныз қаңдай? *стол №1 *стол № 2 *+стол № 4 *стол № 5 *стол № 7 #1170 *!Ұл бала 13 жаста , өт–тас ауруы бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Емдәмді бұзған соң пайда болған шаншуға шағымданады. Қарап тексергенде: өт қабы аймағында ауру сезімі, қайталамалы шаншу ұстамалары. УДЗ-де өт қабы: контуры тегіс емес,қабаттары қалыңдаған, кеңістікте 4 гиперэхогенді тастар анықталды. Мөлшері 1,0 нен 3,5см дейін. Емдеу тактикаңыз қаңдай? *Пероральды литотрипсия *жанаспалы литотрипсия *Кеңістікті холецистэктомия *Дистанционды литотрипсия *+Лапароскопиялық холецистэктомия #1171 *!Ұл бала 8 жаста,диспепсиялық құбылысқа шағымданады,оң жақ қабырғаның асты аймағында тұйықталған ауру сезімі,жүрек айыну. Қойылған диагноз: билиарлы жолдың дисфункциясы, гипокинетикалық форм. Қандай өт айдағыш препараттар қолданған жөн? *фитошай *холеретиктер *+холекинетиктер *холелитолитиктер *холеспазмолитиктер #1172 *!Қыз бала 15 жаста, 3 жыл аутоиммунды гастрит тип (В12және темір–тапшы анемия) бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан анализінде асқазанның париетальды жасушалары мен ішкі Кастл факторына қарсы Ig G анықталған. Қандай нәтиже анықталады? *АТ IgG кПК--0.3,АТ IgG ішкі Кастл факторына - 5 ед/мл *АТ IgG кПКЖ-0.5, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 1,0 ед/мл *АТ IgG кПКЖ-0.7, АТ IgG ішкі Кастл факторына -1,5 ед/мл *АТ IgG кПКЖ-0,9, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 1,8 ед/мл *+АТ IgG кПКЖ-1,2, АТ IgG ішкі Кастл факторына - 2,2 ед/мл #1173 *!Ұл бала 10 жаста, созылмалы гастродуоденит диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Әкесінде- ойық жара бар. Тексеру кезінде Helicobacter pylori балада және отбасы мүшелерінде анықталды. Емдеу тактикаңыз? *эрадикационды терапия қажеттілігі аз *балаға эрадикационды терапия тағайындау *эрадикационды терапия бір уақытта баласы мен әкесіне *эрадикационды терапияны бүкіл отбасы мүшелеріне тағайындау *+біруақытта балаға және барлық отбасы мүшелеріне эрадикационды терапия тағайындау #1174 *!Қыз бала 10 жаста,шағымдары: 8 рет тәулігіне қан мен шырыш аралас құсу,іш кебу,толғақ тәрізді іштің төмен бөлігінде ауру сезімі,дене салмағы азаюы. Крон ауруы бойынша тіркеуде тұрады. Жалпы шолу рентгенограммасында іші: тоқ ішектің айқын диффузды ұлғаюы, сұйықтық пен газға толы,қабырғалары қалыңдаған, гаустр жоқ. Крон ауруының қандай асқынуы? *жыланкөз *абсцесстер *іш өтімсіздігі *стриктуралар *+токсикалық дилатация #1175 *!Ұл бала 5 жаста, мальабсорбция бойынша диспансерлік тіркеуде тұрады. Шағымдары: буындарында ауру сезімі ,екібасты бұлшықетте ұстамалар. Биохимиялық қан анализінде: кальций и фосфор төмендеген. Копрограмма: креаторея. Объективті: сүйек-буын жүйесі өзгеріссіз, дистальды бөлігіндегі түтікті сүйектерді ұрғылағанда айқын ауру сезімі бар. Қандай асқынулар тән? *+остеопороз *соматогенды нанизм *аутоиммунды тиреоидит *теміртапшылықты анемия *созылмалы гломеруонефрит #1176 *!Қыз бала 11 жаста, созылмалы гепатит С диагнозымен 2 жылдан бері диспансерлік тіркеуде.Тексеруде: терісі сарғайған,көздің ақ қабаты иктериялы, пальмарлы эритема, тамырлық жұлдызшалар, бауыр пальпация кезінде ауырады, тығыз консистенцияда,қабырға асты доғасынан 4,5 см төмен. Бауыр зақымдануында морфологиялық өзгерістер қандай? *майлы кисталар, Мэллори денешіктері *без клеткаларының дегенерациясы *жұлдызды ретикулоциттердің гипертрофиясы *подоциттердің педикулдарының деструкциясы *+өт жолдарының деструкциясы ,майлы дистрофия,гидропиялық дистрофия #1177 *!Бір жарым айлық қыз бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктен, бірінші босанудан (І-ші жүктілік - медаборт, ІІ-ші – түсік), осы жүктіліктің 34 аптасында туылған. Профилактикалық мақсатта нәресте 3-ші аптасынан бастап күнделікті темір препараттарын (Актиферрин) қабылдайды. Қарап тексергенде: салмағы - 2150 г, бойы - 45 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз. Осы нәрестеге темір препаратының қандай профилактикалық дозасы ЕҢ тиімді? *1-2 мг/кг/күніне *+2-3 мг/кг/ күніне *3-4 мг/кг/ күніне *4-5 мг/кг/ күніне *5-6 мг/кг/ күніне #1178 *!Алты күндік ұл бала. Жаңа туған нәрестеге участкелік дәрігердің біріншілік патронажы. Анамнезінде: нәресте 1-ші жүктіліктің 39 аптада мерзімімен туылған, профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина жасалынған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстер анықталады, мүшелері патологиясыз. Жаңа туған кезеңде қандай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау осы нәрестеге ЕҢ ықтимал? *күл, сіреспе *коклюш, дифтерия, сіреспе *қызамық, қызылша, паротит *+туберкулез, вирусты гепатит В *полиомиелит, гемофильді инфекция, пневмония #1179 *!Бір жастағы ұл бала. Ана баласымен аймақтық дәрігерге жоспарлық қарап тексерілу және профилактикалық екпе алу үшін емханаға қаралды. Қарап тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық, психо-физикалық дамуы жасына сай, организм мүшелері патологиясыз. Қандай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау осы нәрестеге ЕҢ ықтимал? *+қызамық, қызылша, паротит, сал, пневмония *полиомиелит, күл, сіреспе, гемофильді инфекция *полиомиелит, гемофильді инфекция, қызамық, қызылша *туберкулез, гепатит В, полиомиелит, гемофильді инфекция *гепатит В, полиомиелит, көкжөтел, күл, сіреспе, гемофильді инфекция, пневмония #1180 *!Бір жастағы ұл бала. Балаға егудің профилактикалық күнтізбесіне байланысты полиомилитке, пневмонияға, қызамыққа, қызылшаға, паротитке қарсы вакцинация жүргізу жоспарланған. Анамнезінде: ер бала өткен аптада жеделдеу ағымындағы II дәрежелік рахиттің негізгі емін айақтаған. Қазіргі кезеңде D витаминының профилактикалық дозасымен емделуде. Осы балаға қандай мерзімде вакциналау ЕҢ тиімді? *+күнтізбесіне сәйкес *2 аптадан кейін *3 аптадан кейін *4 аптадан кейін *2 айдан кейін #1181 *!Бір жарым жастағы қыз бала. Балаға екпенің профилактикалық күнтізбесіне сәйкес көкжөтелге, күлге, сіреспеге, гемофильді инфекцияға қарсы вакцина жүргізу жоспарланған. Анамнезінде: өткен аптада қыз бала жедел респираторлы-вирусты инфекциясының жеңіл түрімен ауырған. Қазір қарап тексерген кезде: баланың жағдайы қанағаттанарлық, мүшелері патологиясыз. Осы балаға қандай мерзімде вакциналау ЕҢ тиімді? *1 аптадан кейін *2 аптадан кейін *3 аптадан кейін *4 аптадан кейін *+күнтізбеге сәйкес #1182 *!Бір жас екі айлық қыз бала. Анамнезінде: бала 4 айлық жасынан бастап «Атопиялық дерматит» диагнозымен «Д» есепте тұрады, II денсаулық тобында бақыланады. Екі ай ішінде ремиссиясы байқалды. Балаға антигистаминді дәрілік заттарды қолдана отырып балаға полимеолит, пневмония, қызылша, қызамық, паротитке қарсы вакцинация жүргізу жоспарланды. Осы балаға антигистаминді терапияны қандай мерзімде қабылдағаны ЕҢ тиімді? *егуге дейін 1-2 күн және егуден кейін 1-2 күн *+егуге дейін 1-2 күн және егуден кейін 3-5 күн *егуге дейін 3-4 күн және егуден кейін 5-7 күн *егуге дейін 4-5 күн және егуден кейін 4-6 күн *егуге дейін 2-3 күн және егуден кейін 5-7 күн #1183 *!Жеті күндік қыз бала. Нәрестеге аймақтық дәрігердің бірінші патронажы. Анамнезінде: бала біріншілік жедел жүктіліктен Апгар шкаласы бойынша 9 балл көрсеткішпен НВs Ag + позитивті анадан туылған. Перзентханада гепатит В және туберкулезге қарсы вакцинация жүргізілген. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстер анықталады, мүшелері патологиясыз. |