Английский. Ер адам 47жаста, анамнезде ауруханадан тыс ожаты пневмония. О жа кеуде клеткасыны ауру сезіміне, жтелгенде кшейетін, ентігуге, лсіздікке шаымданады
Скачать 0.64 Mb.
|
еңбекке жарамсыздық анықтамасын беруВКК-ға жіберуСтрофантинАТФмиокард инфарктісіӨкпе артериясының тромбоэмболиясы МакролидтерАминогликозидтеринфаркты пневмонияұстамалы бронх демікпесіАсцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикардАсцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард Гис будасы сол тармағының блокадасысол қарыншаның гипертрофиясы бүйректің УДЗКөз түбін қарауМагнезий сульфатЭтмозинРевмофакторАнтистрептолизин Инфарктан кейінгі стенокардияӨкпе артериясының тромбоэмболиясыцефалоспориндермакролидтер метациклинампициллинаспириндигоксинревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адамқабылдаудағы кардиолог дәрігер еміне коррекция қажет пациентЖүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуыЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді.себебіндиагностикасын гранулезспонгиоз1 дан 2 апта2 дан 4 апта.Қосымша тамақ енгізуЖасанды тамақтаандыруға көшіруПолиомиелитке қарсывирусты гепатит В қарсы ұзына бойы орналасуы, жамбаспен келуұрықтың көлденең орналасуы, 1 позиция1жыл5 ай дейінЖүректің жабық массажыВена ішіне лидокаинТермиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шокТермиялық күйік, III дәрежеліСозылмалы пиелонефритРеноваскулярлы гипертензияЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфарктірестриктивті кардиомиопатияжүрек демікпесіөкпе эмфиземасыРейно ауруыҚолқа саңылауының стенозыдәрілік ауружедел лейкозжүрек демікпесіөкпе эмфиземасыжүрек жетіспеушілігібронхиальді демікпе перикардит Құрғақ плевритӨкпе эмпиемасыӨкпе абцесі Науқаста қандай диагноз? { |
=Өкпе гангренасы
}
Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады.Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
{
}
69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды , соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде:
аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.-24рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен .
Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады?
{
=ӨСОА
}
49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
{
=Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
}
К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз?
{
=инфекционды эндокардит
}
Науқас , 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде : дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ..
АГ себебі не деп ойлайсыз:
{
=Қолқа коарктациясы
}
49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
{
=Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
}
Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу , ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз:
{
=гипертрофиялық кардиомиопатия
}
Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.
Сіздің диагнозыңыз:
{
}
39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: тұлғаның, жамбастың алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз?
{
=Термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок
}
Науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара:
{
}
Науқас 2,5 ай бойы сирақтың т/3 бөлігінің сынығымен емделді. Бақылаулы рентгендік тексеруде сынықтың толық емес бітімі көрінеді. Дәрігер емдеуді жалғастырды. Уақытша еңбекке жарамсыздығы парағында қанша мерзімге дейін болады?
{
=4 айға дейін
}
Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 37 апта әйел жеткізілді. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілімен тексергенде оң жақта ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады. Диагноз қойыңыз:
{
}
Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамензінен : 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ.
Осы жаста қай екпені жүргізу керек?
{
=АКДС бірінші ревакцинациясын
}
17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн ?
{
=Емізу техникасының дұрыстығы
}
Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң.
{
}
Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады
{
=паракератоз
}
Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма?
{
=емін
}
ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз.
{
=ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы
}
Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған?
{
}
Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?
{
=гентамицин
}
Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек?
{
}
25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.
Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.
Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.
Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.
Қандай ем қолдану қажет?
{
=микотикалық дәрілер
}
Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?
{
}
28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер9800.
Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды?
{
}
68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.
Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.
Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады?
{
=Амиодарон
}
Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?
{
}
Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:
{
=оң қарыншаның гипертрофиясы
}
7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?
{
=Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы
}
Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән?
{
}
32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 380С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста қандай антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін?
{
}
Тұрақсыз стенокардия АҚ - 180/100 мм.сын.бағ. (бірінші сағаттарда). Жүрек перкуссиясы кезінде тамыр шоғырының кенейгені анықталады. Аусультативті: қолқа жолдарында систоликалық шу, (қолқа регургитациясының ерте диастоликалық шуы). Пульс ассимитриясы, тахикардия. Пальпаторлы іші жұмсақ, пульсирлеуші түзіліс анықталады. Тропонинмен Экспресс (-). ЭКГ-да: коронарлы жетіспеушілік белгілері, миокардтағы ошақты өзгерістер. Қарыншаның гипертрофиясы. ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдардың себептері не болуы мүмкін?
{
}
Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола, ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты таңдау керек?
{
=Лидокаин
}
Науқас 59 жаста, құрылысшы, 1 жыл бұрын миокардтың трансмуралды инфарктсын бастан кешкен. Жақында 1ай бұрын АКШ жасалған. Жағдай күйі орташа ауырлықта. Тыныш кезде ентікпе, жүрек жеткіліксіздік белгілері бар. Аяқтарында ісіктер. Науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтаңыз:
{