База данных. пособие. Ермагамбетова т. С
Скачать 228.1 Kb.
|
Репортингтің талдамалық АЖ – дарды, OLTP, OLAP, DATA MINING 1. Репортинг жүйелері . 2. OLTP транзакцияларын жедел өңдеу режимі. 3. OLAP – жүйелері. 4. DATA MINING (DM) – деректерді зерделеп талдау. Репортинг жүйелері Есеп – қисап дайындау – ұйымдар алдында тұратын маңызды міндеттердің бірі. Бүгін есеп – қисапты тудыру және талдау жасауды орындау – компаниялар өзіне рұқсат ететін не бастартатын жағдай емес. Шынында, қай түрде болса да, есеп – қисап бүкіл бизнес үшін де, оны құрайтын алуан бөліктер үшін де, - мейлі, ол корпаративтік транзакциялық қосымша болсын, деректер қоры немесе жүйелі негізде орындалатын үдеріс болсын талап етіледі. Демек, есеп – қисаптың түрлі үлгілер – талдау, корпоративтік және бизнес – есептеме – оларды есеп – қисапты дайындаудағы құралдармен арасалмағын білу және салыстыру үшін айқын болу керек. Есеп – қисапты дайындау құралдары мен талдау нарығы қалыптасты. Тұтынушы компаниялардың өнім берушілер мен тұрғынамалы негізді қайта жасаушылардан дайын қосымшаларға дейін таңдау мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстанда System Center Reporting Manager 2010 жүйесі қолданылады, ол жүйелерді басқару ақпараттарын талдайды, сонымен бірге басқарушылар үшін есеп – қисаптар мен болжамдар жасайды. Microsoft Operations Manager және Systems Management Server операциялық базаларын ақпараттар тудыруға және біріңғай Microsoft форматында солар бойынша есеп – қисап қалыптастыруға мүмкіндік береді. Басқа, тиімділігі одан аз емес жүйе - SAP Crystal Reports Server 2008 Business Objects an SAP company компаниясынан есеп – қисапты тудыруды басқаруда жан жақты шешім болып табылады, ол кіші және орта ұйымдар құру, басқару және есеп қисапты веб арқылы не корпаративті қосымшаға кіріктіру жолымен беру мүмкіндігіне жол ашады. 2010 жылғы желтоқсанның соңында «КазТрансОйл» АҚ- ында Service Desk бөлімшесі және 2011 жылғы наурыздың басында Change Management SAP Solution Vanager бөлімшесі іске қосылды. OLAP транзакцияларын жедел өңдеу режимі Транзакцияларды жедел өңдеу режимі – OLTP (On-Line Transaction Processing) ұйымдық басқарудың ақпараттық жүйесінде кез келген сәтте заттық аймақтағы өзекті жағдайды бейнелеу үшін қолданылады, ал пакеттік өңдеу шектеулі салада орын алады. Әдетте, OLTP-жүйелердің талдау мүмкіндіктері өте шектеулі. Олар корпорацияның күнделікті қызметіне ықпал ету үшін пайдаланылады және өтіп жатқан мезет үшін төзекті деректерге сүйенеді. OLTP тобының ақпараттық жүйелері бір немесе басқа салаға жататын бастапқы деректерді жинауға, сақтауға, көзбен теңбе-тең шолып қарауға , іздеуге, анықтамалар мен есеп- қисап материалдарын беруге арналған. Бастапқы өңдеу енгізілетін деректердің дұрыстығын және олардың тұтастық шектеулеріне сәйкестілігін, деректер сипаттайтын нысандардың сәйкестігін, тексеруден деректерді кодтаудан, деңгейлес және сатылас белгілі құқықтық күші бар құжаттан немесе тікелей деректер пайда болған жерден енгізіледі. Соңғы жағдайда енгізілген деректері бар құжатты жүйе басып шығарады және оған құқықтық күш беріледі. OLTP-жүйелерде мақсаттық ДҚ үстінен мақсаттық транзакциялар орындалады (мысалы, шот өлшемдері, кіріске алынған фигура немесе кез келген басқа жазылып берілген жазбаны енгізу), олар ДҚ жағдайын өзгертіп және оларды қазіргі ағымдағы нақты әлемнің ДҚ-ны үлгілейтін үзіндісін сәйкестікке келтіреді. Сөйтіп, мақсатты ДҚ-ның негізгі міндеті транзакцияларды өңдеу болып табылады. Осыған ұқсас жүйелер ақпараттарды нақты уақыт режимінде енгізуге, құрылымдап сақтауға және өңдеуге арналған. OLTP-жүйелер: қанша, қайда және басқа сауалдарды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Үнемі жаңартылатын ДҚ-лардан деректер ұсына отырып, операциялық жүйелер іс жүзінде деректерді өңдемейді (тек белгілі бір есеп-қисапты қоспағанда) және негізгісі – бұл үдерісті шешім қабылдаған тұлғаға қалдыра отырып, бар деректер бойынша қорытынды жасамайды. Бұл талдау жүйелері басқарушылық ақпаратты талдамалық өңдеуге, талдамалы есеп-қисап дакйындауға, шешімдерді сараптауға және талдауға дербес бағдарламалық өнім ретінде таратылады. Бұл жүйелердің көбірек дамығандарының деректердің сыртқы қорларымен ақпараттық алмасу құралдары бар және олар кәсіпорынды басқару жүйесінің талдамалы үлгілері ретінде қолданылуы мүмкін. OLTP-қосымшалар OLAP –жүйелер Осы уақытта OLAP-технологияны (Hyperion OLAP,Elite OLAP,Oracle Express және басқалары) пайдалана отырып құрылымдалған көптеген талдамалық жүйелер әзірленеді.Бағдарламалық OLAP-өнімдер нарығы барған сайын кеңейіп отыр.Жедел талдамалы өңдеудің қазіргі заманғы жүйе-лері пайдаланушыларға бизнес-үдерісті басқарудағы шешуші міндеттерді шешеуге мүмкіндіктер береді: Hyperion OLAP қолданбалы бағдарламалары төмендегілерді;пайдалықты талдау; өнімділіктерден есеп-қисап құру, сценарийді үлгілеу;бюджетті және болжамдарды талдау және басқаларын орындау үшін жағдай туғызады. Ақпараттық жүйелерді құруға катысты қазіргі көзқарастарға сәйкес OLAP –жүйелер деректердің арнай қорларына-деректер қоймасына (ДҚм) негізделуге тиіс екендігін атап айту керек. OLAP-та деректерді күрделі талдауы іске асырылады.Өздерін жақсы жағынан танытқан математикалық статистика,нейрондық желілер машина-мен үйрету, деректерді көзбен шолу әдістерді қолдануда талдаушылар, зерттеушілер сол сияқты шешімдер қабылдайтындар-компания жетекшілері мен менеджерлер алдында жаңа мүмкіндіктер ашты.Деректерді өңдеу әдіс- терінің күрделілігі және әртүрлілігі нақты салаларда ақпараттарда талдаудың үлгілік міндеттерді шешу үшін, түбегейлі пайдаланушының достық интерфейсі арқылы мұқият жасырылып отыр. Деректерді зерделеп талдау технологиясын алғашқы қолданушылардың бірі АҚШ-тың феодалдық үкіметі болады.Ол 1996 жылдан бастап салық төлеуден жалтару жағдайларын анықтау және басқа мемлекеттердің ақпарат- пен алмасуды қағып алу материалдарын өңдеу үшін арнаулы қамтамасыз етуді қолданып келді. Бизнес-қызметті автоматтандырудың басқа тәсіліне қарағанда, OLAP қолданушыға «шығуда» дайын айқын құрылымдалған,қалыпты өңдеу үшін алдын ала шебердің қосып қойған шешімін алуға емес, болып жатқан жағ- дайды шығармашылық бағалауға арналған өзіне тән материал алуға мүмкін-дік береді. Ол үшін OLAP-жүйелерді пайдаланушы қолына өзі таңдаған салалар мен бағыттар бойынша әртүрлі есеп-қисап жасау үшін қуатты,өте икемді құрал алады.Оның үстіне, үйреншікті электрондық кестелерге қарағанда, OLAP-тың әдістемелері кемілрек: өйткені кестелерді, сызбаларды диаграммаларды құрудың қарапайым үдерісін өзге OLAP-жүйелер өз бетінше таңдаған бағалау белгілері бойынша кең көлемді деректер алуға, сол сәтте таңдалған бағалау белгілері бойынша кең көлемді деректер алуға, сол сәтте таңдалған бағыттарға тереңдеуге,іріктеуге сұраптауға және керексіз сандар мен көрсеткіштерді алып тастауға мүмкіндік береді. OLAP-технологияларды қолданудың ең маңызды салалары: сату, сатып алу,маркетинг,ақша қаражаты қозғалысы,бюджет құру,қаржылық есеп-қисап, социологиялық сауалнама және көптеген басқаларын айтуға болады. Деректерді жедел талдамалы өңдеудегіOLAP-жүйелердің кемшілік-тері: -пошымдардың ерікті дизайнына осал бейімділік,өйткеніOLAP-есеп- қисаптар,әдетте,кестелер жиынтығы болып келеді. -деректердің қорларын қоймаға түсіру,ДҚм өңдеу ,оларды деректермен толтыру сызбанұсқасы, осының бәрі маманның білімінің жоғары деңгейде болуы керек екендігін талап етеді. -OLAP-тың мақсаты түрлі ақпараттарды ерте белгіленбеген болса да, тез арада жетізу болғандықтан, реляциялық құрудың классикалық теориясы тұрғысынан алғанда,ДҚ басынан-ақ атық өндірілуге тиіс.Бұл бизнес- жүйелердің тіркелген ақпараттарын енгізуге және деректер көлемін азайтуға оңтайландырылғанына байланысты. OLAP-тың артықшылықтары: Заттық бағдарлылық. Ұйым қызметінің әр түрлі салалары:сатып алу, сату және т.б. бойынша ақпараттың кубта толық жиналғандығын білдіреді. Бұл OLAP қорларын жедел ДҚ-лардан ерекшелейді,онда деректер әртүрлі, мысалы, құжаттарды рәсімдеу және шығару, тапсырыстарды рәсімдеу сияқты ұйымдастырылған. Деректерге тура қол жеткізу. Пайдаланушыға бүкіл есеп-қисаппен іріктелмеген ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Егерде пайдаланушы, мысалы, құжатта оғаш орындалу күні тұрғынан көрсе, онда бұл сондай құжаттың бастапқы қорда бар екенін білдіреді. Қол жеткізудің ыңғайлы құралдары. Іскерлік ақпаратты қарау және талдау. Пайдаланушы деректерді көп мөлшерлі куб ретінде ұйымдастыра отырып, олардың түйсік арқылы түсінікті үлгілерін алады. Бұл оған компа- нияның «... не егер» қағидасы бойынша болжам және талдамалық негізінде құрылған әртүрлі көріністерді талдауға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеудің әртүрлі құралдары. Агрессияның кіріктірілген қызметтері, саралау, сұрыптау, есептеу,Парето ережесі (80/20) ж/е басқалары. Ақпараттарды көретін ету. Деректер кесінділері пайдаланушының қабылдауына қаншалықты қолайлы болса, ақпаратты талдау сапасы соған байланысты болады. On-Line қызметі. Бірігіулерді, заңдылықтарды, трендтерді, жіктеу жүргізуді жалпылау немесе нақтылауды, болжамдар құруды қамтамасыз етеді, яғни кәсіпорынды нақты уақытта басқару құралдарын ұсынады. Қазіргі кезде төмендегі OLAP-жүйелері кеңінен пайдаланылады: -SAS платформасындағы кең салалы ақпараттық талдау жүйелері. -SAS Banking Intelligence Solution (BIS) негізінде банктерге арналған шешімдер. -SAS платформасында деректердің (Data Qualty) сапасы бойынша шешімдер; Бұл жүйелер Қазақтелеком телекоммуникациялық компаниясында,ҚР Қаржы министрлігінде,ҚР Ұлттық банкінде ,ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде және басқа да ұйымдарда табысты қызмет атқаруда. 4. Data Mining (ДМ)-деректерді зерделеп талдау Бұл- шешімдер қабылдау үдерісін қолдау технологиясы, яғни ақпарат- тың кейіннен деректердің жаңа жиынтықтарына қолдануға, болатын үлкен жиындары ішіндегі айнымалылар арасындағы жасырын заңдылықтарды және өзара тұрақты байланыстарды айқындауға негізделген технология.Оның үстіне, жинақталған мәліметтер білімдер ретінде сипатталатын ақпараттарға дейін автоматты түрде жинақталады. Жаңа білімдердің табылуын бизнестің тиімделген арттыруға пайдалануға болады. Кез-келген қазіргі заманғы кәсіпорын деректерінің корпоративтік қоры, әдетте, бір немесе басқа фактілер, не нысандар туралы сақталған жазбалар-дан, кестелер жиынтығынан тұрады.Әдетте, ұқсас кестедегі әрбір жазба белгілі бір нақты фактіні не нысанды сипаттайды. Алайда бірнеше жылдар бойы жинақталған бұндай жазбалардың үлкен сандарының жиынтығы құндырақ ақпараттың, нақты бір жазба негізінде алуға болмайтын, атап айтқанда, кейбір заңдылықтар, мәліметтер, үрдістер немесе әлдебір деректер арасындағы өзара байланыстар туралы ақпараттың қосымша көзі болып табылады. ДМ-ның синонимдері деп төмендегілерді айтуға болады. ДҚ-да білімдерді табу. Бұл пайдалы білімдерді «шикі» деректерден іздестіру үрдісі. КДД-ның құрамына: деректерді дайындау мәселесі, ақпарат- тың белгілерді таңдау, деректерді тазарту, ДМ әдістерін қолдануі сонымен бірге алынған нәтижелерді өңдеу және ұсыну кіреді. Data Mining термині нақты технологияны емес, әртүрлі математикалық немесе статистикалық алгоритмдер: кластеризация, қосалқы іріктеу, регрес- сивті және корреляциялық талдау көмегімен іздестіру үдерісін білдіреді.Бұл іздестірудің мақсаты- деректерді бизнес-үдерісті айқын көрсететін тұрде ұсыну, сонымен бірге бизнесті жоспарлауға қауіпті үдерістерді өз көмегімен болжауға болатын үлгілер құру. ДМ-ның маңызды жағдайы-ізделетін алгоритмдердің қарабайырлығы. Бұл табылған үлгілердің деректердегі анық емес, күтпеген жүйелілігін, олардың ,былайша айтқанда, жасырын білімдерін құрайтындарды көрсетуге тиістігін білдіреді. ДМ-Data Mining-ті қолдану.ДМ құралдарын қолдану статистикалық құралдарды және OLAP –құралдары пайдалануда теріск шығармайтынын тапа айту керек, өйткені соңғылар көмегімен деректерді әзірлеу, әдетте, іздеуге тұрарлық заңдылықтар сипатын жақсы түсінуге ықпал етеді. Деректер жеткілікті үлкен көлемді болғанда, ДМ-ны қолдану дұрыс болады, ал ең дұрысы-жобалаған ДҚ құрамында талдау және болжау міндеттерін шешу үшін қолданылады. ДМ құралдарын қолданылатын технологиялар бойынш жіктеуге болады: -Көрінетін ету.Көрінетін етудің сапасы деректер мәндерінің кескіндік бейнесі арқылы анықталады.Түстерін, пошымдарын және басқа элементтерін өзгерту жолымен кескіндік бейнелеуді түрлендіру жасырын тәуелділікті анықтауда оңтайланады. -Машиналық оқыту.Машиналық оқыту әдістерінің тиімділігі, негзінен олардың адам істей алатынға қарағанда, деректердің өзара байланысының көп көлемін зерттеу қабілетімен айқындалады. -Біріктіру. Бірнеше оқиға бір-бірімен жоғары ықтималдылықпен байла- нысқан жағдайда орын алады. -Жіктеу. Бір немесе бақа нысан оқиға жататын топты сипаттайтын белгілер анықталады.Бұл-жіктелген нысандардың және кейбір ережелер жиынтығы тұжырымдалған соң жасалатын талдау. -Кластерлеу.Кластерлеудің жіктеуден айырмашылығы–ондағы топтар алдын ала берілмейді.Кластерлеу көмегімен ДМ құралдары өз бетінше деректердің әртүрлі біртектес топтарын ажыратады. -Болжау. Бір немесе басқа деректердің әректеттерінің серпінінде болжау үшін қолданылатын үлгілердің болуы. ДМ-ның қолдану саласы. Банк ісі. ДМ-Data Mining технологиясының жетістіктері банк ісінде төмендегі көп таралған міндеттерді шешу үшін қолданылады: -Кредит каточкаларымен жасалатын алаяктарды анықтау -Клиенттерді саралау -Клиенттер құрамы өзгерісін болжау Бизнес. ДМ төмендегі салаларда қолданылады: -Нарықты саралау -Автомобиль өнеркәсібінің дамуы -Кепілдіктер саясаты -Жиі ұшатын клиенттерді ынталандыру Бөлшек сауда. Бөлшек сауда саласында ДМ көмегімен төмендегідей үлгілік міндет- терді шешуге болады: -Сатып алушы себетін талдау -Уақытша үлгіледі зерттеу -Болжау үлгілерін құру Сақтандыру. Сақтандыру компаниялары бірқатар жылдар бойы деректердің үлкен көлемдерін жинақтайды.Мұнда ДМ әдістері үшін қызметтің кең аясы бар: -Алаяқты анықтау -Тәуелділікті талдау DSS – шешім қабылдауды қолдау жүйелері (ШҚҚЖ) 1. DSS – шешім қабылдауды қолдау жүйелері (ШҚҚЖ). 2. DSS – шешім жұмысын талдау . Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу үшін,деректерді іздестіру құралдарын-ың бар болуын қамтамасыз ету қажеттілігімен бірге талдау құралдары да болуы қажет.АЖ да бар сұратуларды құру құралдары ақпаратты алуды жеңілде ткенімен,бірақ оның дұрыстығын көтеруге қабілетті емес.Бүгінгі күні кәсіпорынды басқарудағы жетістік көп жағдайда шешімдер қабылдаудың жеделдігімен анықталады,ал оларға деректерді АЖ ұсынады. Шешім қабылдау.Соңғы жылдары белсенді түрде “шешім қабылдау”тү- сінігі және ол ұғымға байланысты жүйелер,әдістер,шешімдер қабылдауды қолдау құралдары деген түсініктер қолданыла бастады.Шешім қабылдау-бұл нысанға мақсатты сай бағдарланған,жағдайларды талдауға,мақсатты анықтауға, осы мақсатқа жету бағдарламасын өңдеуге негізделген әрекет. Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері(ШҚҚЖ,DSS,Decision Support System)20ғасырдың 70жылдарының басында басқарушылық ақпараттық жүй- елердің дамуы және жасанды зерде құрудағы жетістіктердің нәтижесінде пайда болды.ШҚҚЖ дамуына ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер,атап айтқанда,телекоммуникациялық жүйелер,жоғары қуатты дербес компьютерлер,динамикалық электронды кестелер,сараптамалық жүйелер маңызды ықпал етеді. Шешімдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясының негізгі ерекшелігі адам мен компьютердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудағы сапалы және әдіс болып табылады.Бұл технологияның негігі мақсаты болып табылатын шешім әзірлеу қайталама үрдіс нәтижесінде өтеді,ол Суретте бейнеленген оған қатысушылар: • Шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі есептеуші буын және басқару нысаны рөлінде; • Адам кірме деректерді беретін және компьютердегі есептеулердің алдынғы нәтижесін бағалайтын басқарушы буын ретінде. Жаңа бастапқы деректерді енгізу Сурет.Шешімдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы қайталама үдеріс ретінде ШҚҚЖ құрамына:ахуалдық орталықтарды,деректерді талдаудың көп өлшемді құралдарын және ақпаратты талдап өңдеудің өзге құралдарын қамти алады,сондай- ақ бизнестің ережелерімен стратегияларын үлгілеуге,әрі құрылымдалған ақпаратқа зердемен жетуге мүмкіндік береді.Осы деңгейде пайдаланылатын математикалық әдістер әртүрлі көрсеткіштердің серпінін болжауға,қызметтердің әр түрі бойынша шығындарды талдауға,олардың егжей-тегжейлі құрылымын анықтауға,әр алуан сызба-нұсқалар бойынша бюджеттерді толық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін ШҚҚЖ –ның бірыңғай анықтамасы жоқ,мысал ретінде төмендегіні келтіруге болады: • Бұл-талдау жүйелері тобының ең қуатты өкілі,ол төмендегілерге бағытталған: -деректердің үлкен ауқымын талдау; -күрделірек сауалдарды орындау; -заттық сала үдерістерін үлгілеу; -болжау; -деректер арасындағы тәуелділіктерді табу; -«не... егер» талдауын өткізу. • Бұл-интерактивті қолданбалы жүйе;ол шешім қабылдаушы түпкілікті пайдаланушыларға адам қызметінің түрлі шешімдер қабылдау мақсат- ында үлгілер мен деректерге жеңіл және қолайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. • Шешім қабылдауға көмектесетін деректер мен ойларды өңдеу үлгілері мен шараларын пайдалануға негізделген жүйелер. • Бұл-құрылымдалған және осал құрылымдалған мәселелерді шешу үшін деректер мен үлгілерді пайдалану туралы шешім қабылдаушы тұлғаларға көмектесетін интерактивті автоматтандырылған жүйелер. • Бұл шешімдердің барша үдерісін толық шешім қабылданатын кезде, қызметтін әр түрлерін қолдау үшін пайдаланылатын компьютерлік ақпараттық жүйе. • Бұл көп деңгейлі қызмет атқаратын автоматтандырылған шешімдерді әзірлеу және іске асыру жүйесі төмендегілермен қалыптастырылады: -нысанның жекелеген бөлімдерінің қызметтік және құрылымдық сызбанұсқаларының синтезі; -толассыз үлгілер және нысанның өзінің өміршендік кезеңі сатылары бойынша міндеттер; -бытыраңқы жергілікті қосалқы жүйелерді басқарудың бірыңғай жүйесіне біріктіру; -басқарудың өзара байланысты сұлбаларын құру және жедел басқарудың рөлін күшейту (логиканы және олардың ағымының диагностикасын зерттеу үшін); -нысан жұмысын жоспарлауға және автоматты талдауға жүйелік және бағдарламалық-мақсаттық тәсілді тереңдету; -бірыңғай толассыз нормалар мен нормативтерді дамыту; -тармақталған АЖО құру(зияткерлік терменалдар ретінде),бағдарламалық өзара байланыстарды қаитамасыз ету,ақпарат пен сұхбаттың келісілуі. DSS – шешім жұмысын талдау DSS-бұл деректерді талдауға бағытталған және басқару саласында шешім қабылдауға қажетті ақпарат алуды қамтамасыз ететін адам- машиналық есептеуіш кешен.Анықтамалардың бұндай әртүрлілігі ШҚҚЖ-ның түрлі үлгілерінің кең ауқымын бейнелейді.Бірақ іс жүзінде осы компьютерлік жүйелердің барлық түрлері ШҚҚЖ-ның классикалық құрылымының негізгін құрайтын негізгі үш құрамдас бөлшектен тұратын,оны Аж-дың басқа тұрпаттарының ерекшелейтін нақты құрылыммен сипатталады: Пайдаланушы интерфейсі:ол шешім қабылдауға құқығы бар адамға жүйе мен ендірудің түрлі бағдарламаларын,форматтарды және шығару технологияларын пайдалана отырып сұхбат жасау мүмкіндігін береді; Деректерді талдау,бейнелеу,таңдау,басқару және сақтауға арналған қосалқы жүйелер; Талдау міндеттері үшін пайдаланушылардың көптеген сауалдарының жауаптарын қамтамасыз ететін үлгілер жиынтығынан тұратын қосалқы жүйелер; Өзгеше ерекшеліктер мен құрамдас бөлшектер ШҚҚЖ-да АЖ-дың төмендегі сипаттамаларын қамтамасыз етеді: ШҚҚЖ интербелсенділігі.Адам есептеу үдерістеріне ықпал еткісі келген әртүрлі іс-қимылдарға,атап айтқанда,сұхбаттық режимде жүйенің жауап беруін білдіреді.Адам мен жүйенің ақпаратпен алмасуы қарқынын адамның ақпаратты өңдеу қарқынымен салыстыруға болады. ШҚҚЖ ықпалдығы.Құрамдас жүйелердің деректерді және пайдаланушылар мен қатынас құралдарын басқаруға қатысты үйлесілімдігін ШҚҚЖ үдерісінде қамтамасыз етеді. ШҚҚЖ қуаты.Жүйенің ең маңызды сұрақтарға жауап беру қабілетін білдіреді. ШҚҚЖ қолжетімділігі.Бұл қабілет пайланушы сауалдарына жауаптарды керекті пошымда және керекті уақытта беруді қамтамасыз етеді. ШҚҚЖ икемділігі.Жүйенің қажеттіліктер мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделу қабілетін білдіреді. ШҚҚЖ сенімділігі.Жүйенің уақыттың берілген мерзімі ішінде керекті қызметтерді атқару қабілетін білдіреді. ШҚҚЖ тиянақтылығы.Бұл жүйенің сырттан да,іштен де пайда болған қателік жағдайларында қайтадан бұрынғы қалпына келуі қабілеттілігі деңгейі. ШҚҚЖ басқарымдылығы.Міндеттерді шешу барысына араласа отырып,пайдаланушының жүйе әрекеттерін бақылай алатындығын білдіреді. Шешімдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясының осы ерекшеліктеріне қосымша оның тағы бірқатар ерекше сипаттамаларын көрсетуге болады: Деректердің үлкен көлемдерін пайдалану; Нашар құрылымдалған(қалыпталған) міндеттерді шешуге бағдарлану; Компьютерлік деоектерді алудың және өңдеудің дәстүрлі әдістерін математикалық үлгілердің мүмкіндіктерімен және олардың негізінде мәндеттерді шешу әдістерімен үйлестіру; Жүйеге жаңа деректер қосу салыстырмалы түрде сирек ірі блоктармен атқарылады(мысалы,әр тоқсанда бір рет OLTP-қосымшадан тоқсандық сатыламдардың қорытындысы бойынша алынған деректер жүктеледі); Жүйеге қосылған деректер,әдетте,ешқашан алынып тасталмайды; Жүктеме алдында деректер әртүрлі тазарту шараларынан өтеді,себебі,бір түсініктерге әртүрлі көзқарастар форматы бар деректер бір жүйеге түрлі көздерден түсуі мүмкін,ал деректер дұрыс емес,жаңсақ болуы мүмкін; Компьютердің кәсіби емес пайдаланушысына бағыттылық; Пайдаланушылардың(талдаушылардың)аз саны; Қолданыстағы техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету ерекшеліктеріне сай,сондай-ақ пайдаланушының талаптарына сай бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жоғары бейімделушілік; Көбінесе жаңа сұрату алдыңғы сұрату(интербелсенділік)барысында алынған нәтижені анықтау үшін тұжырымдалады; Сұратуларды орындау жылдамдығы маңызды,бірақ қиын емес; ЭЕМ-мен жұмыс істеуде тәжірибесі жоқ адамдар үшін қарапайым.Жүйелер пайдаланушылар үшін қолайлы,іс-жүзінде есептеуіш техниканы терең білуді талап етпейді және жүйемен өзара қарайым әрекеттестікті қамтамасыз етеді.Оқытудың кіріктірме құралдары және бағдарламалық интерфейстік жүйелердің өзге де қажетті белгілері бар; Шешімдер қабылдаудың белгілі бір үдерісін пайдаланушыға мәжбүрлеп таңуға тиіс.Пайдаланушының мүмкіндіктер жиынтығы болуы тиіс,оларды өз қызметінің стиліне сәйкес таңдап алуы керек. Аталған сипаттамалар OLTP-жүйелерде қолданылып жүргендерден деректердің ерекше ұйымдастырылуын талап етеді(қалыпты реляциялық кестелер).Қолданыста бар ДҚм-дардың басқарушылық шешімдердің қабылдауына жағдай туғызуы үшін,ақпарат талдаушыға керекті пошымда берілуі керек,яғни оның қойма деректеріне және оларды өңдеуге қол жеткізуінің дамыған құралдары болуы керек. Деректерді талдау режимінің бағалау белгісі бойынша ақпараттық-талдау жүйелері екі санатқа бөлінеді: • Статистикалық DSS-ШҚҚЖ.Әдебиетте-басшының ақпараттық жүйелері(EXECUTIVE INFORMATION-EIS). EIS-жүйелер алдын ала анықталған көптеген сұратуларды қамтиды,бірақ олар күнделікті шолуға жеткілікті болғанымен,қолданыстағы деректердің шешім қабылдау барысында пайда болатын барлық сұрақтарына жауап беруге қабілетті емес сұратулар болады.Бұндай жүйенің жұмыс нәтижесі,әдетте,деректер туралы қалаулы пікірлер алуға,пайдалануға болмайтын және оларды егжей-тегжейлі зертттегеннен кейін талдаушыда сұрақтардың жаңа сериясы пайда болатын көп бетті есеп-қисаптар болып шығады. • Динамикалық DSS-ШҚҚЖ.Олар талдаушылардың деректерге регламенттелген сұратуларын өңдеуге бағытталған.Бұндай жүйелерге ең терең талаптарды 1993жылы OLAP тұжырымдамасының негізін салған E.F.CODD құрастырды. ШҚҚЖ жұмысын талдау үшін,ол шешетін мәселелердің,сондай-ақ ол құрамына кірген ұйымдастыру үдерістерінің мәнін түсіну қажет.Сонымен, мысалы,ШҚҚЖ ендіру мүмкіндіктерін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: • Шешілетін басқарушылық міндеттердің құрылымдылығы; • Шешім қабылдауға тиіс фирманы басқарудың иерархиялық деңгейі; • Шешілетін міндеттің бизнестің бір немесе басқа қызметтік саласына жататындығы; • Пайдаланылатын ақпараттық технологияның түрі. Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ғана экономикаларында кең қолданыс тапқан жоқ.Олардың саны тұрақты өсіп отыр.Бүгінгі күнде Қазақстанда ШҚҚЖ әзірлеумен және өндірумен айналысатын бірнеше компания бар.Мысал ретінде Алматы мен Астана қалаларының кәсіпорындарын қарамаймыз,мысал үшін ақпараттар технологиясы нарығында кез келген деңгейде жұмыс орындарында ақпараттарды әзірлеуді автоматтандыру бойынша жүйелік ықпалдастырушы ретінде алға шыққан АПРО компаниясын (Ақтөбе қаласы)келтіреміз.Компа- нияның клиенттері:«Ақтөбе хром қосылыстары зауаты» АҚ-ы; «Калугин және К» сату маркасымен «Ақтөбе Экорт» ЖШС-і; «Ақбұлақт» АҚ-ы;«КТП» ЖАҚ- ы;«Манар»ЖШС-і;«Кеден Транссервис»ЗҚРФ ЖАҚ-ы,«Бителеком»ББК- і;«Анвар»ЖШС-і,Ақтөбе облысының әкімдігі,Ақтөбе облысы Білім беру департаменті;К.Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет;«Экономика және транспорт телекоммуникацияларды ақпараттандыру ҒЗИ-і»ЖШС- і;«Ақтөберентген»АҚ-ы. Стратегиялық басқару деңгейінде бірқатар ШҚҚЖ,атап айтқанда,ұзақ, орташа және қысқа мерзімді жоспарлау үшін қолданылады.Сонымен,Қазақс- тан Республикасының 2020жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын іске асыруды бағалау және кешенді мониторинг шеңберінде статистикалық 2020 жобада алдын ала қаралған стратегиялық мақсаттар мен мақсатты индикаторлардың жетістіктерін бағалау және мониторинг жүргізу үшін,деректердің статистикалық базасын қалыптастыру жұмыстары кезендер бойынша жүргізіледі:2011жылға-мониторинг пен стратегиялық мақсаттары мен мақсаты индикаторлардың етістіктерін және бастапқы жетістіктерін бағалауға қажет статистикалық көрсеткіштер және бастапқы жетістіктерін бағалауға қажет стратегиялық көрсеткіштер тізбесін анықтау.2012жылға стратегиялық 2020жобасының стратегиялық мақсаттары мен мақсатты индикаторларының жетістіктері мониторингі үшін жыл сайынғы бірінші деректер жиынын өткізу;2015жылы стратегиялық 2020 жобасының бес жылдық қорытындысы бойынша бағалау өткізу;2020жылы стратегиялық 2020 жобасын толық іске асыру қорытындысы бойынша бағалау өткізу. Шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі құрамына негізгі үш құрамдас бөлшек:деректер қоры,үлгілер қоры және бағдарламалық қосалқы жүйе кіреді,бұлар үш қосалқы жүйеден:деректер қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ),үлгілер қорын басқару жүйесі(ҮҚБЖ)және пайдаланушы мен компьютер арасындағы интерфейсті басқару жүйесінен тұрады.ШҚҚЖ құрылымы,онымен бірге оның тармақтарын құрайтын қызметтер олардың негізгі технологиялық операцияларын анықтайтыны Шешімдер қабылдауды қолдаудың кез келген жүйесі деректердің қосалқы жүйесі бар негізгі екі бөлімнен:ДҚ және деректер базасын басқару жүйесінен (ДҚБЖ)тұрады.ДҚ шешімдер қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясында маңызды рөл атқарады.Пайдаланушы деректерді тікелей есеп-қисап айырысу үшін математикалық үлгілер көмегін пайдалана алады.ШҚҚЖ ақпаратты басқарушылық және операциялық АЖ-дардан алады. ШҚҚЖ деректердің көздері: • Деректердің бір бөлігі операциялық деңгейдің ақпараттық жүйесінен түседі.Оларды пайдаланудың тимділігі алдын ала өңдеумен анықталады; • Ішкі деректер,мысалы,қызметкерлердің қозғалысы туралы деректер,инженерлік деректер,тағы сол сияқты,өз уақытында жиналуға,енгізілуге және қолданылуға тиіс деректер; • Сыртқы көздерден алынатын деректер.Қажетті сыртқы деректердің қатарында бәсекелестер,ұлттық және әлемдік экономикалар туралы деректерді көрсетуге болады.Ішкі деректерден айырмашылығы-сыртқы деректер,әдетте,оларды жинауға мамандандырылушы ұйымдардан алынады; • Құрамында жазбалар,хаттар,келісім-шарттар,бұйрықтар және басқалар бар құжаттар.Егер бұл құжаттардың мазмұны зердеге жазылып және содан кейін кейбір маңызды сипаттар(өнім берушілер,тұтынушылар,ай-күн,қызмет түрлері және басқа)өңделсе,онда жүйе жаңа қуатты ақпарат көзіне ие болады. Түпкілікті пайдаланушылардың(қолданбалы бағдарламалардың)деректер қорымен байланысы ДҚБЖ көмегімен болады.Соңғы бағдарламалық қамтамасыз ету болып саналады,ол жүйе ДҚ тілдерімен өңдеу құралдарынан тұрады және ДҚ құруды,әрі оның бүтіндігін қамтамасыз етеді,оны өзекті жағдайда қолдайды,деректермен әртүрлі амалдар жасауға және олар қолданбалы бағдарламадан және түбегейлі пайдаланушылардан түсетін(ақпаратты өңдеудің қолданылатын технология шартымен)ДҚ-ларға сауалдарды өңдеуге мүмкіндік береді.Зерттеу және деректерге жүгіну үшін пайдаланылатын ДҚ құрамына деректерді сипаттау тілі(ДСТ)және деректермен әртүрлі іс-әрекеттер жасау тілі(ӘӘТ)кіреді. ДҚҚЖ-ның төмендегі мүмкіндіктері болуы қажет: • Біріктіру және іріктіру шараларын пайдалану арқылы әртүрлі көздерден алынатын деректер әрекеттерін құру; • Бір немесе басқа деректердің көзін тез көбейту немесе шығару; • Пайдаланушының терминдерінде деректердің қисындық құрылымын құру; • Пайдаланушының жұмыстық баламаларын сараптамалық тексеру үшін,ресми емес деректерді пайдалану және әртүрлі амалдар жасау; • Фирма шеңберінде жұмыс істейтін басқа операциялық ДҚ-лардан бұл ДҚ-ның толық қисынды тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Деректер мен үлгілер ШҚҚЖ-дағы орталық элементтерболып табылады. Үлгілерді басқару жүйесі-әмбебеап ШҚҚЖ-ның құрамдас бөлшектерінің бірі.Бұл құрамдас бөлшектін қызметтері жіктеу,ұйымдастыру және үлгілерге қолжетімділік немесе бұл қызметтер деректер қорларын басқару жүйесіне қызметтеріне ұқсас. Үлгілер қоры(ҮҚ).Үлгілерді құрудың мақсаты қайсыбір нысанды немесе үдерісті сипаттау және оңтайландыру болып табылады.Үлгілерді пайдалану шешімдер қабылдауды қолдау жүйесінде талдау жүргізуді қамтамасыз етеді. ШҚҚЖ келесі үлгілерді қабылдайды: • Оңтайландыру.Кейбір көрсеткіштердің ең кіші және ең үлкен нүктелерін табуға байланысты. • Сипаттамалық.Кейбір жүйе тәртібін сипаттаушы,бірақ басқару мақсаттарына арналмаған.Бұл үлгілерге статистикалық үлгілер,уақыттық қатардың болжау әдістері және басқалар жатады. • Кездейсоқ.Айнымалылардың бірнеше өлшеммен бағалайды,өйткені бастапқы деректер ықтималды сипаттамалармен берілген. • Әмбебап .Бірнеше жүйені пайдалану үшін керек. • Мамандандырылған .Тек бір ғана жүйені пайдалану үшін керек. ШҚҚЖ-да үлгілер қоры стратегиялық,тактикалық және оперативтік үлгілерден,сонымен бірге үлгілік блоктар жиынтығы түріндегі модульдерден және шаралардан,оларды құру үшін пайдаланылытын элементтер ретінде математикалық үлгілерден тұрды: • Стратегиялық үлгілер.Ұйымның мақсаттарын,соларға жету үшін қажетті ресурстар көлемдерін,сондай-ақ осы ресурстарға қол жеткізу және пайдалану саясатын белгілеу үшін басқарудың жоғары деңгейлерінде пайдаланылады. • Тактикалық үлгілер.Оны орта деңгейдегі басқарушылар қолда бар ресурстарды бөлу және пайдалануды бақылау үшін қолданады.Оларды пайдалану мүмкіндігі бар салалар ішінен төмендегілерді көрсетуге болады:қаржылық жоспарлау,жұмысшыларға қойылатын жоспарлау,сату ды ұлғайтуды жоспарлау,кәсіпорындарды топтастыру сызба нүсқасын құру. • Оперативтік(жедел үлгілер).Басқарудың төменгі деңгейлерінде шешіледі,күндер және апталармен өлшенетін жедел шешімдер қабылдауды қолдау үшін пайдаланады. • Математикалық үлгілер.Математикалық әдістерді іске асыратын үлгілік блоктар,моделдер және шаралар жиынтығынан тұрады.Оларға желілік бағдарламалау шаралары,уақыттық қатарлардың статистикалық талдау,кемімелі талдау және басқада қарапайымнан күрделіге ЖБЖ кіреді. Үлгілерді пайдалану мысалы Табиғатты пайдалану.Қазақстан Республикасында табиғатты пайдалану- басқару ең күрделі нысандардың бірі,ол табиғи және қоғамдық үдерістердің өзара іс қимылдарды түйіскен жерде орналасқан.Осыдан табиғатты пайдалануды басқарудың барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдердің ғылыми негіздемесі рөлінің маңыздылығы келіп шығады. Үлгілерді пайдаланудан келетін экономикалық экологиялық тиімділік еңбек өнімділігін 4-6% артуына,құрал жабдықьтарды пайдаланудың 20-30% жақсаруына,айналым қаражаттырының 20-30% босауына өндіріс көлемін 3- 10%артыруға,құрал жабдықтарды жүктеуді 10-30% артыруға басқару нысаны шығатын қайталама өнімнің өзіндік құнын 4-5% төмендетуге,айналым қаражатын 15-20%қысқартуға,қоймалық қосалқы қорды 10-20% қысқартуға жағдай туғызады. Әлеуметтік экономикалық үдерістер.Қоғамның қазіргі кезеңіндегі дамуы Қазақстанның қоғамдық саяси және экономикалық өмірінде түбегейлі ілгерілеуге себепшпші болды. Сонымен,қазіргі шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі(ШҚҚЖ)күнделікті басқарушылық міндеттерді шешеуге барынша бейімделген жүйелер,сондай-ақ олар шешім қабылдаушы адамдарға(ШҚА)көмек көрсетуге арналған құралдар болып табылады.ШҚҚЖ көмегімен кейбір құрылымдалмаған және осал құрылымдалған,оның ішінде көп өлшемді міндеттердің шешімдерін таңдауға болады. |