База данных. пособие. Ермагамбетова т. С
Скачать 228.1 Kb.
|
Электрондық банк қызметтері жүйесі. 1.Электрондық банк қызметтері жүйесі. 1. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары Жалпы ережелер 1. Осы Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы(бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы (бұдан әрі – Электрондық құжат туралы заң), «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы(бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң), «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі(бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. Банктердің электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібінде электрондық банктік қызметтерді көрсету, қауіпсіздік рәсімдері, рұқсат етілмеген кіруден қорғау шаралары, электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру және тоқтату, электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау қамтылады. Осы Қағидалар Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді сатушы тұлғалардың пайдасына төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға байланысты қызметтерге (интернет-эквайринг) қолданылмайды. 2. Осы Қағидаларда банктер және банк қызметі туралы, электрондық құжат туралы, ақпараттандыру туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңдарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аутентификация – қауіпсіздік рәсімінің талаптарына сәйкес электрондық құжаттың түпнұсқалығын және дұрыс жасалуын растау; 2) бір реттік (біржолғы) код – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдар арқылы жасалатын және клиентке электрондық банктік қызметтердіеқолжетімділікті ұсыну кезінде біржолғы пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей жүйелілігі; 3) биометрикалық сәйкестендіру – клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын бірыңғай растау мақсатында клиенттің жеке басын физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде анықтау рәсімі; 4) серпінді сәйкестендіру –бір реттік (бір жолғы) кодты пайдалану арқылы клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын бірыңғай растау мақсатында клиенттің жеке басын растауды белгілейтін рәсім; 5) қауіпсіздік рәсімі – клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын белгілеу мен берілетін және алынатын электрондық құжаттардың мазмұнындағы қателерді және (немесе) өзгерістерді анықтау мақсатында электрондық құжаттарды жасау, беру және алу кезінде клиентті сәйкестендіруге арналған ұйымдастыру шараларының және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені; 6) пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші – банк жүйесіне кіру үшін клиентке банк тағайындайтын цифрлық, әріптік немесе өзге де символдардан тұратын коды, ол бойынша электрондық банктік қызметтерге рұқсат беріледі; 7) пароль – электрондық банктік қызметтерді алу үшін банктің жүйесіне кіру құқықтарын растау үшін жасалатын цифрлық, әріптік немесе өзге де символдар жиынтығы; 8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және сәйкестендіру құралдарымен куәландырылған Қағидаларда көзделген тәртіппен жөнелтуші жасаған және бұрмалаушылықтар және (немесе) жасалғаннан кейін оған енгізілген өзгерістер жоқ электрондық құжат; 9) электрондық төлем қызметтері – банк шотын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге және ақпараттық банктік ақпараттық қызметтерге жатпайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер. 2- тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары 3. Электрондық банктік қызметтер қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы көрсетіледі. 4. Банк электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін интернет-ресурс ашқан кезде интернет-ресурсты ашқаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) еркін жазбаша нысанда хабарлайды. Хабарламада: 1) интернет-ресурстың домендік аты және электрондық мекенжайы; 2) Интернет арқылы көрсетілетін электрондық банктік қызметтердің тізбесі; 3) электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде ақпарат қауіпсіздігінің және ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғаудың бекітілген рәсімдерінің болуы туралы растама қамтылады. 5. Интернет-ресурстың домендік аты, электрондық мекенжайы өзгерген кезде банк осындай өзгерістер болғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда хабарлайды. 6. Банк электрондық банктік қызметтерді уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көзделген банк операцияларына ғана көрсетеді. Банк электрондық банктік қызметтерді көрсеткенге дейін клиентке көрсетілетін электрондық банктік қызметтер бойынша ақшалай көрсетілген комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. 7. Банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банктік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы немесе енгізілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау рәсімдерін және олар жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді. Банк электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) көзделген, сондай- ақ валюталық бақылау агентінің функцияларын сақтау үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдайды. 8. Электрондық банктік қызметтер осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы көрсетіледі. Банктің электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып клиентке электрондық банктік қызметтерді көрсетуі клиентте Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталық немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық берген тіркеу куәлігі болған кезде жүргізіледі. 9. Клиентке электрондық банктік қызметтер электрондық банктік қызметтерді көрсету туралы шарттың не электрондық банктік қызметтерді көрсету талабы қамтылған электрондық банктік қызметтерді көрсету шартының (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі. 10. Шартта мынадай талаптар қамтылады: 1) электрондық банктік қызметтердің тізбесі; 2) электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі және ең көп мерзімі; 3) электрондық банктік қызметтерді көрсетудің және оларға қол жеткізудің (Интернет, телекоммуникациялар, цифрлық және ақпараттық технология құралдары, бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтар немесе басқа құрылғылар арқылы) тәсілдері (тәсілі); 4) алынатын комиссиялардың мөлшері немесе олар туралы ақпарат қамтылатын интернет-ресурсты көрсету және оларды өндіріп алу тәртібі; 5) банктің негізінде клиентке электрондық банктік қызметтер көрсетілетін электрондық құжаттардың жөнелтілгені және (немесе) алынғаны туралы растама беру тәртібі мен мерзімдері; 6) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 7) қауіпсіздік рәсімдері, сондай-ақ клиенттің электрондық банктік қызметтерді алуға құқығын аутентификациялау және растау тәртібі; 8) тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі; 9) клиентке хабарлау тәртібі мен нысандарын көрсете отырып, электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру, тоқтату негіздері; 10) банк электрондық банктік қызметтерді көрсеткен кезде шағым-талапты ұсыну тәртібі және туындайтын даулы жағдайларды шешу тәсілдері; 11) байланыс телефондары мен мекенжайлары, оның ішінде электрондық банктік қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша банкке хабарласуға арналған; 12) электрондық банктік қызметтерді көрсеткен кезде клиенттен алынған ақпаратты банктің жария етпеуі туралы талап; 13) клиенттің шартты бұзу құқығы; 14) электрондық банктік қызметтерді шетел валютасымен көрсеткен кезде қолданылатын валюта айырбастау бағамын айқындау тәртібі. Шартқа осы тармақта қамтылмаған өзге талаптарды енгізуге рұқсат етіледі. 11. Шарт жасаған кезде банк клиентке электрондық банктік қызметтер туралы ақпарат ұсынады. 12. Шартта банктің интернет-ресурсында орналастырылған және шартқа қосымша талаптар қамтылған электрондық құжатқа сілтеме көрсетілген жағдайда банк клиентке шарттың қолданылу мерзімі ішінде аталған электрондық құжатқа кедергісіз қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 13. Банк электрондық банктік қызметтерді Интернет арқылы көрсеткен жағдайда,электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптары банктің ішкі құжаттарында айқындалады, бұл құжаттар банктің интернет-ресурсында орналастырылады. 14. Электрондық төлем қызметтері заңды тұлғаларға олардың уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбасын, серпінді сәйкестендіруін немесебиометриялық сәйкестендіруін пайдалана отырып көрсетіледі. 15. Заңды тұлғалар электрондық төлем қызметтерін алу үшін серпінді сәйкестендіруді пайдаланған кезде бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құралдарды және оларға берілетін кодтардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін міндетті пайдаланылады.Бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құралдың бірегей нөмірі болады және заңды тұлғаның әрбір нақты уәкілетті адамына өз өкілеттіктері шегінде ол айқындаған операцияларды жүргізу үшін бекітіледі. Бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құралды пайдалану оған жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу және теріп алу қызметіне қолжетімділік болған кезде сәйкестендірудің басқа құралдарын (пайдаланушының бірегей сәйкестендіргішін, парольді) көрсету арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның уәкілетті адамына басқа уәкілетті адамға тиесілі бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құралды пайдалануына рұқсат берілмейді. 16. Электрондық төлем қызметтері жеке тұлғаларға сәйкестендірудің мынадай тәсілдерінің бірін: пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасын, серпінді сәйкестендіруін, биометрикалық сәйкестендіруін немесе бірегей сәйкестендіргіші мен паролін пайдалана отырып көрсетіледі. 17. Жеке тұлғалар электрондық төлем қызметтерін алу үшін серпінді сәйкестендіруді пайдаланған кезде банк бір реттік (біржолғы) код жасайды және оны жеке тұлға клиентке олар арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жібереді. Электрондық төлем қызметтерін алу үшін жеке тұлғаға бір реттік (біржолғы) код жасайтын құрылғыны да пайдалануына рұқсат беріледі. 18. Электрондық төлем қызметтеріне әрбір қолжетімділік үшін серпінді сәйкестендіруді пайдаланған кезде жаңа бір реттік (біржолғы) кодты жасау талап етіледі. Клиент үшін электрондық төлем қызметтеріне қайтадан қолжетімді болған кезде жаңа бір реттік (біржолғы) кодты жасау және пайдалану талап етіледі. 19. Ақпараттық банктік қызметтер сәйкестендірудің мынадай тәсілдерінің бірін: электрондық цифрлық қолтаңба, серпінді сәйкестендіру, биометрикалық сәйкестендіру немесе бірегей сәйкестендіргіш пен парольді пайдалана отырып көрсетіледі. Пароль бірнеше мәрте негізде пайдаланылады не клиенттің қалауы бойынша өзгертіледі. 20. Электрондық төлем қызметтеріне қолжеткізу үшін банктің жүйесінде көрсетілетін пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші мен паролін пайдалану серпінді сәйкестендіру болып танылмайды. 21. Клиенттің электрондық төлем қызметтерін төлем қызметтерін тысқары жеткізушінің қашықтан кіру жүйесі арқылы алуына рұқсат етіледі. Клиенттің төлем қызметтерін тысқары жеткізушіден электрондық төлем қызметтерін алуы үшін клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін банк төлем қызметтерін тысқары жеткізушіге клиенттің банктік шоты мен ақпаратына қолжетімділік береді. Төлем қызметтерін тысқары жеткізуші электрондық банктік қызметтердікөрсету кезінде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және Қағидаларда белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 22. Банктің өтеусіз қызмет көрсету шартының (бұдан әрі – аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды беруіне рұқсат етіледі. Электрондық банктік қызметтерді көрсету жөніндегі аутсорсинг тәртібі банктің ішкі құжаттарында және аутсорсинг туралы шартта айқындалады және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 16, 17-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік рәсімдері 23. Банктің электрондық банктік қызметтерді көрсетуі банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі. 24. Қауіпсіздік рәсімдері: 1) клиентті және оның тиісті электрондық банктік қызметтерді алу құқығын дәйекті түрде сәйкестендіруді; 2) негізінде клиентке электрондық банктік қызметтер көрсетілетін электрондық құжаттардың мазмұнында бұрмалаулардың және (немесе) өзгерістердің болуын анықтауды; 3) банктік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды және осы ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етеді. 25. Клиент банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін орындаған жағдайда электрондық банктік қызметтерді көрсету дәйекті болып табылады. 26. Банк клиентке электрондық банктік қызметтерді көрсетуге негіз болған хабарлардың жіберілгені және (немесе) алынғаны туралы растамалардың сақталуын қамтамасыз етеді. 27. Банк клиенттің сұратуы бойынша оған электрондық банктік қызметтерді көрсетілгенін растайтын электрондық құжаттардың жіберілгені және (немесе) алынғаны туралы растаманы шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде береді. 28. Электрондық банктік қызметтерді банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін қолдану негізінде сәйкестендіру құралдарын пайдаланбай, телефон арқылы көрсетуге рұқсат беріледі. Электрондық банктік қызметтерді телефон арқылы көрсету кезінде банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес алынған, клиенттің төлем қызметтеріне бастама жасауы туралы растамасы банкте қалады. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ Картоптың маңызы қандай? Картоп қандай мақсаттарда қолданылады? Картоптың өнімділігі қандай? Картоптың морфологиялық құрылымының ерекшеліктері туралы айтып беріңіз. Картоптың өсуі мен дамуының ерекшеліктері қандай? Картоптың өсіп келе жатқан жағдайларға қойылатын талаптарын көрсетіңіз. Картоптың "нашарлауының" себептерін атаңыз. Картоп өсіру проблемалары және оларды шешу жолдары қандай? Түйнек, столондар дегеніміз не? Картоптың сорттары ерте пісуіне қарай қандай топтарға бөлінеді Пайдалану бойынша картоп сорттары қандай топтарға бөлінеді? Ауыспалы егісте картоптың орны қандай? Картоп үшін топырақ дайындау ерекшеліктерін көрсетіңіз. Картоп үшін тыңайтқыштарды қолдану жүйесін сипаттаңыз. Түйнектерді отырғызуға дайындау және оларды отырғызу қалай жүзеге асырылады? Картоп отырғызудың тығыздығын негіздеңіз. Картопты отырғызу мерзіміне әсер ететін факторлар қандай? Картоп отырғызу әдістерін тізімдеңіз. Картоп отырғызуға күтім жасау шаралары қандай? Саңырауқұлақ және бактериялық аурулармен күресудің қандай шаралары бар? Картопты жинау уақыты мен әдістерін негіздеңіз. Картопты сақтау ерекшеліктерін көрсетіңіз. Иерусалим артишокының маңызы мен таралуы қандай? Иерусалим артишокын пайдалану бағыттарын тізімдеңіз. Иерусалим артишокының морфологиялық құрылымының ерекшеліктерін көрсетіңіз. Иерусалим артишокының өсуі мен даму ерекшеліктерін беріңіз. Иерусалим артишокының температура мен ылғалға қатынасын сипаттаңыз. Иерусалим артишокының қонуы қалай орналастырылған? Иерусалим артишокы үшін топырақ қалай өңделеді? Қандай тыңайтқыштар қолданылады? Иерусалим артишокының екпелеріне күтім жасауды сипаттаңыз. Иерусалим артишокын тазарту ерекшеліктерін көрсетіңіз. Иерусалим артишок плантациялары қалай жойылады? Картоп сабағында қанша қашу болуы мүмкін Картоп гүлдері қандай түсті болуы мүмкін Картопты зақымдайтын жәндіктер қандай Колорадо қоңызының орташа құнарлылығын атаңыз. Картоптың техникалық сорттары қандай мақсаттарда қолданылады? Картоптың үстел сорттары қандай мақсаттарда қолданылады? Картоптың жемдік сорттары қандай мақсаттарда қолданылады? Картоптың әмбебап сорттары қандай мақсаттарда қолданылады? Қазақстанда картоп өсіру қай жылдан басталады? Картоптың отаны қандай? Голландиялық картоп өсіру технологиясы әдеттегіден несімен ерекшеленеді? Картоп сорттарын өсіру үшін оңтайлы жағдайлар (температура) қандай Ақтөбе облысында аудандастырылған картоп сорттарын атаңыз, Картоп отырғызу нормалары қандай? Картоптың қандай жұқпалы ауруларын білесіз? Картоптың инфекциялық емес аурулары қандай? Картоптың қандай бактериялық ауруларын білесіз? Картоптың қандай вирустық ауруларын білесіз? Картоптың қандай саңырауқұлақ ауруларын білесіз? Картоп зиянкестерін атаңыз. Картоп отырғызу тереңдігін атаңыз. Тәтті картоптың құрамында қанша крахмал бар?. Картопта қанша крахмал бар? Тәтті картоптың отаны (тәтті картоп) деп атаңыз. Кәдімгі картоп пен тәтті картоптың айырмашылығы неде (тәтті картоп) Картопты қандай комбайн жинайды? Картоельді отырғызу үшін қандай отырғызғыштар қолданылады? Картопты өңдеу үшін қандай қопсытқыштар қолданылады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Абильдаев В.С,Бабаев С.А.,Ахметова Ф.С.Картоп дақылы-Алматы.2000-155б. Альсмик П.И., Амбросов А.Л., Вечер А.С. Физиология картофеля. «Колос», 1979 ж. 270 бет. Агротехника картофеля и овощных культур в Северном Казахстане. Труды, том8, выпуск 6, 1972 ж190 бет. Әрінов К.К., Можаев Н.И.,Шестакова Н.А.,Ысқаков М.Ә.,Серікпаев Н.А.Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы ) Астана,2004,280 бет. Әрінов К.К.,Нағымтаев А.Н. ж.б. Агрономия негіздері.Астана,2007. Бабаев С.А., Токбергенова Ж.А., Амренов Б.Р. Семеноводство картофеля на юго-востоке Казахстана. – Алматы, 2010. Барсуков, А.С. Тип почвы, способ и густота посадки влияют на продуктивность / А.С. Барсуков, С. Барсуков // Картофель и овощи. - 2002. - №3, 25 бет. Басиев, С. Схемы посадки, удобрения и сохранность клубней / С. Басиев, А.Е. Басиев // Картофель и овощи. — 2002. — №3, 24 бет. Бобров Л.Г. Производство картофеля в Казахстане. «Қайнар» Алма-Ата, 1968. 175 бет. Бутов, А.В. Правильная агротехника сохраняет плодородие почвы и обеспечивает высокий урожай / А.В. Бутов // Картофель и овощи. - 2006. - №5. -17-20 беттер. Власюк, П.А. Химический состав картофеля и пути улучшения его качества / П.А. Власюк, Н.Е. Власенко, В.Н. Мицко. - Киев, 1979. - 195 б. Григоров, М.С. Режим орошения и удобрение раннего картофеля в северном Прикаспии / М.С. Григоров, Л.Л. Свиридова // Картофель и овощи. — 2007.-№4.- 15-16 беттер. Гусев, Г.С. Сорт определяет величину урожая и доходность культуры /Г.С. Гусев, Д.С. Волков, О.В. Серебряков // Картофель и овощи. — 2007. — № 4 . - 16-17 беттер. Давоян, Э.И. Сорта картофеля для южной засушливой зоны / Э.И. Давоян //Картофель и овощи. - 2003. - №2. - 6-7 беттер. Доспехов, Б.А. Методика полевого опыта / Б.А. Доспехов. — М.: Колос,1985.-354 бет. Доспехов, Б.А. Планирование полевого опыта и статистическая обработка его данных / Б.А. Доспехов. — М.: Колос, 1972. — 206 бет. Замотаев, А.И. Справочник картофелевода / А.И. Замотаев. - М.: Агропромиздат, 1987.— 351 бет. Иванюк, В.Г. Система защиты картофеля от болезней, вредителей и сорняков / В.Г. Иванюк, А. Банадысев // Картофель и овощи. - 2002. — №4. — 23-25 беттер. Ильин, В.Б. Элементный и химический состав растений / В.Б. Ильин. — Новосибирск: Наука, 1985. - 128 бет. Ильин, В.Ф. и др. Удобрение картофеля / В.Ф. Ильин. — М.: Колос, 1974. —144 бет. Интенсивная технология производства картофеля / Сост.: А.И. Замотаев идр. - М.: Росагропромиздат, 1989. - 303 бет. Картофель Д.Шпаар,А.Быкин,Д.Дрегер и др. по ред. Д.Шпаара,-Торжок:000 Вариант,2004,-466 с Растениеводство/ Васин В.Г. -.: Учебное пособие,2009.-528 с. Төлегенова Д.Қ., Браун Э.Э. Қазақстандағы картоп шаруашылығы. Орал. 2008ж. 144 бет. Электронный ресурс http://kartofel.ru/. ОҚУЛЫҚ Буктыбаева А.Б. Голландық және казіргі кездегі прогрессивті технологиялар оқу құралы Нач.офиса печати/АБО РБ басшысы А.Мухамбетова Технический редактор И.И.Магай Компьютерная верстка/Компьютермен беттеген А.Мухамбетова Басуға 19.05.2020 ж. қол қойылды. Таралымы 500 дана. Пішімі 60×84 1/16 Шартты баспа табағы 9,1 _______________________________________________________ Рдакционно-издательский отдел Баишев Университета 030000, г.Актобе, ул. Бр.Жубановых, 302 А |