База данных. пособие. Ермагамбетова т. С
Скачать 228.1 Kb.
|
Экономикалық ақпараттық жүйелер. 1. Ақпараттық жүйелер құрылымы 2. АЖ құрылымын қалыптастыру 3. АЖ құрылымына ықпал ететін факторлар. 4. Ақпараттық жүйелер құрылымы Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану саласына байланыссыз бөлімшелер жиынтығы деп қарауға болады. Бұл жағдайда жүйенің құрылымдық белгісітуралы айтылады, ал қосалқы жүйелер қамтамасыз етушілер деп аталады. Сөйтіп, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы қамтамасыз етуші қосалқы жүйелердің жиынтығы ретінде көрсетілуі Мүмкін. Қамтамасыз етуші бөлімшелер, әдетте, ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Ақпараттық қамтамасыз ету - ақпараттарды жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесінің, құжаттаманың сәйкестендірілген жүйелерінің, ұйымда айналыс жасайтын ақпараттар ағындары сызбанұсқаларының, сондай-ақ деректер әдістемесі қорларының жиынтығы. Ақпараттық қамтамасыз етудің жүйелері басқарушылық шешімдерді қабылдауға арналған нақты ақпарттарды уақытылы қалыптастырудан және беруден тұрады. Құжаттаманың сәйкестендірілген жүйелері мемлекеттік, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Басты мақсат - қоғамдық өндірістің түрлі салаларында көрсеткіштердің салыстырымдылылығын қамтамасыз ету. Төмендегілерге талаптар қойылған стандарттар әзірленген: құжаттаманың сәйкестендірілген жүйесіне; Басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі құжаттардың сәйкестендірілген пошымдарына; Реквизиттер мен көрсеткіштер құрылымына және құрамына; Құжаттардың сәйкестендірілген түрлерін тіркеу, жүргізу және енгізу тәртібіне. Алайда құжаттаманың сәйкестендірілген жүйесінің бар екеніне қарамастан, кәсіпорындардың көпшілігін зерттеу кезінде үнемі әдеттегі кемшіліктердің төмендегідей тұтас жиыны анықталады: Қолмен өңделетін құжаттардың өзгеше үлкен көлемі ; Бір көрсеткіштер әртүрлі құжаттарда жиі қайталанып отырады; Құжаттардың үлкен санымен жұмыс істеу мамандарды тікелей міндеттерді шешуден оқшаулайды; Жасалатын, бірақ пайдаланылмайтын көрсеткіштер және басқалары. Сондықтан көрсетілген кемшіліктерді жою– ақпараттық қамтамасыз етуді құрудағы міндеттердің бірі. Ақпараттық ағымдар сызбанұсқалары ақпараттық қозғалысының бағыттарын және оның көлемдерін, алғашқы ақпараттың пайда болған жерін және нәтижелі ақпаратты пайдалануды білдіреді. Мұндай сызбанұсқалардың құрылымын талдау есебінен басқарудың бүкіл сызбанұсқасын жетілдіру шараларын құруға болады. Ақпаратты анықтауға және оны егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік беретін ақпараттық ағындар сызбанұсқаларын құру төмендегілерді қамтамасыз етеді. Қосарланған және пайдаланылмайтын ақпаратты шығарып тастау; Ақпараттарды жіктеу және ұтымды ұсыну. Деректер қорын құру әдістемесі оларды жобалаудың теориялық негіздеріне сүйенеді. Әдістеме тұжырымдамасын түсіну үшін, оның негізгі идеяларын іс жүзіне асырылатын екі тізбектік кезең түрінде келтіреміз: 1- ші кезең - фирманың барлық қызметтік бөлімшелерін төмендегі мақсатта зерттеу: Оның қызметінің өзіндік ерекшелігін және құрылымын түсіну; Ақпараттық ағындар сызбанұсқасын құру; Құжат айналымының бар жүйесін талдау; Ақпараттық нысандарды және олардың қасиеттері мен қолданылу мақсатын сипаттайтын реквизиттердің ( өлшемдердің, сипаттамалардың ) тиісті құрамын анықтау. 2- ші кезең - қызмет саласының 1-ші кезеңінде зерттелген деректердің тұжырымдамалық ақпараттық-қисындық үлгісін құру. Бұл үлгіде нысандар мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар оңтайландырылуға және құрылуға тиіс. Ақпараттық-қисындық үлгі деректер негізі құрылатын іргетас болып саналады. Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін төмендегілер қажет: Ұйымды басқарудың бүкіл жүйесінің мақсаттары мен қызметтерін айқын түсіну; Ақпараттық ағындардың сызбанұсқасы түрінде талдауға берілген басқарудың пайда болғаннан пайдаланғанға дейінгі басқару деңгейіндегі ақпараттар қозғалысын анықтау; Құжат айналымы жүйесін жетілдіру; Кодтау мен жіктеу жүйелерінің болуы мен пайдаланылуы; Ақпараттардың өзара байланысын көрсеттетін тұжырымдамалық ақпараттық-қисындық үлгілерін жасау әдістемесін меңгеру; Ақпараттардың машиналарда сақталатын жиындарын құру, ол қазіргі заманға сай қамсыздандырудың болуын талап етеді. Техникалық қамтамасыз ету - ақпарат жүйесі жұмысына арналған техникалық құралдары кешені, сонымен бірге осы құралдарға сәйкес келетін құжаттама және технологиялық үдеріс; Техникалық құралдар кешенін құрайтындар: Кез келген үлгідегі компьтерлер Ақпараттарды алу, жинақтау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары; Деректерді беру және байланыс желілері құрылғылары; Оргтехника және ақпаратты автоматты шығару құрылғысы; Пайдалану материалдары және басқалар. Құжаттама арқылы техникалық құралдарды алдын ала таңдау, олардың пайдалануын ұйымдастыру, деректерді өңдеудің технологиялық үдерісі және технологиялық жарақтандыру рәсімделеді. Техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың (техникалық құралдарды пайдалану пошымдары) негізгі екі: орталықтандырылған, бірақ ішінара немесе толық орталықтандырылмаған түрі бар. Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету ақпараттық жүйелерде үлкен ЭЕМ-дерді және есептеуіш орталықтарды пайдалануға негізделген. Техникалық құралдардың орталықсыздандырылуы қызметтік қосалқы жүйелерді дербес компьютерлерде тікелей жұмыс орындарда іске қосуды қажет етеді. Математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйелердің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы математикалық әдістер, үлгілер, алгоритимдер мен бағдарламалар жиынтығы, сонымен бірге техникалық құралдар кешенініңқалыпты қызмет атқаруы. Математикалық қамтамасыз ету құралдарына жататындар: • Басқару үдерістерін үлгілеу құралдары; • Басқарудың үлгілік міндеттері; • Математикалық бағдарламалаудың, математикалық статистиканың әдістері, жаппай қызмет көрсету теориялары. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамына жалпы жүйелік және мамандандырылған бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ техникалық құжаттама енеді. Жалпыжүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге пайдаланушыларға бағдарланған және ақпараттарды өңдеудегі үлгі міндеттерді шешуге арналған бағдарламалар кешендері жатады. Олар компьютерлердің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге, деректерді өңдеу үдерісін басқару мен бақылауға қызмет етеді. Арнаулы бағдарламалық қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйені жасау барысында әзірленген бағдарламалар жиынтығын білдіреді. Оның құрамына нақты нысанның жұмыс істейтінін көрсететін парапарлықтың әртүрлі дәрежедегі әзірленген үлгілерін іске асырушы қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) кіреді. Бағдарламалық құралдарды жасаудың техникалық құжаттамасы міндеттер сипаттамасынан, алгоритимдеуге тапсырмалардан, міндеттердің экономикалық- математикалық үлгісінен, бақылаумысалдарынан тұруға тиіс. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелерді пайдалануда және өңдеу үдерісінде қызметкерлердің техникалық құралдармен өзара әрекеттесуін реттейтін әдістер мен құралдар жиынтығы. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету төмендегі қызметтерді іске асырады: Ақпараттық жүйе пайдаланылатын ұйымды басқарудың бар жүйесін талдау және автоматтандыруға жататын міндеттерді анықтау; Ақпараттық жүйені жобалауға техникалық тапсырманы және оның тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесін қоса алғанда, міндеттерді компьютерде шешуге дайындау; Ұйымның құрамы мен құрылымы бойынша басқарушылық шешімдер әзірлеу, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттерді шешу әдістемелерін жасау. Құқықтық қамтамасыз ету – ақпарттарды алу, түрлендіру және пайдалану тәртібін реттейтін ақпараттық жүйелерді құруды, олардың заңдық мәртебесін және жұмыс істеуін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады. Құқықтық қамтамасыз етудің құрамына: заңдар, жарлықтар, биліктің мемлекеттік органдарының қаулылары, бұйрықтары, нұсқаулықтары және министрліктердің, ведомстволардың, ұйымдардың, жергілікті билік органдарының басқа да нормативтік құжаттары кіреді. Ақпараттық жүйлелердің жұмыс істеуі кезеңдерін құқықтық қамтамасыздандыру төмендегілерді қамтиды: - Ақпараттық жүйенің мәртебесі; - Қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі; - Басқару үдерісінің жекеленген түрлерінің құқықтық жағдайлары. 2. АЖ құрылымын қалыптастыру Ақпараттық технология саласының даму серпіні, әртүрлі салаларда – қаржы-банк саласында, саудада, өнеркәсіпте, байланыста ақпараттандыру деңгейі АЖ-ды өндірістік факторға айналдырды, яғни АЖ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Соның нәтижесінде ббүгінгі күнде кез келген компания мен ұйымның қызметі АТ бөлімшесіне тікелей тәуелді және бұл тәуелділык уақыт өткен сайын күшейе түседі. АЖ-ды басқару және қызмет көрсету тек техникалық міндет қана болып қоймай, барған сайын үлкен дәрежеде компанияның бизнес-әрекетіне ықпалдастырылған бизнестің ажырамас бөлігіне айналып бара жатыр. АТ-бөлімшесінің негізгі қызметі пайданалушыларға ақпарттық қызметті сенімді түрде беру болып табылады. Бұл міндетті шешуде,соңғы уақытқа дейін, басты күш техникалық құралдарға тіреліп отырды. Алайда АЖ күрделі болған сайын, сервис-инженерлердің біліктілігіне талаптар жоғары болғандықтан, соғұрлым АЖ-дың сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық ережелерін сақтау маңызды.АТ-бөлімшесінің қызметін ұйымдастыруға технократиялық көзқарас қалаған нәтижені бермейді. Қызметкердің дұрыс ұйымдастырылмаған қызметінің нәтижесінде жоғары сенімді кешенді енгізгеннен кейін де АЖ-дың істен шығуы бұрынғыдан да гөрі елеулі жоғары болып шығады. АЖ құрылымы кәсіпорынның негізгі қызметіне, көп жағдайда, кәсіпорынның өзінің қызметіне сөзсіз сай болуға тиіс. АЖ саласын жобалау және ұйымдастыру міндетін шешуде жалпы қабылданған негіз құрылымдық тәсіл болып табылады. Компанияның жұмыс істеуі құрылымындағы өзгерістер АҰ (ақпаратты ұйымдастыру)саласындағы ұйым құрылымында елеулі өзгерістерге келтіруі мүмкін. 3. АЖ құрылымына ықпал ететін факторлар Бір тұрпатты кәсіпорындарда АЖ ұйымын қалыптастырудың жағдайлары ұқсас. АЖ ұйымы өзімен-өзі қалыптаспайды, ол негізгі қызметті ұйымдастырумен және осы қызметті қамтамасыз ететін кәсіпорын, компания құрылымымен байланысты. Бұл өзара уақытпен байланыста және тұрпатты сатылардан, ахуалдардан өтеді. Сондықтан АЖ жағдайын және кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктерін кемелдік сатыларды бағалау ретінде бірлестіре қарау керек. Кемелдік сатысы деп АЖ-дың қызмет етуі мен дамуы бір сапалық деңгейде жүретін жағдайларды түсінеміз. Ынтагерлік білдіру Компьютерлер, желілер, БҚ қолдану ақталған жағдайда кәсіпорын жететін ахуал Тарату Компьютерлік қызметке, қосымшаларға сұраныстың тез өсуі. АЖ қаржысы, қызметкерлер саны, технологиялық жабдықтардың қуаты тез артады Бақылау және басқару АЖ жоспарлау, стандарттау, және бақылау жүйесі енгізіледі Ықпалдастық Қогрларды, деректер банкін, БҚ, технологиялық жабдықтарды біріңғай АЖ-ға біріктіру. АЖ кәсіпорын құрылымы ретінде танылады. Деректер бағдарлары Деректер компания ресурсмтары ретінде қаралады Кемелдік АЖ жұмыс істеуі менеджмент және кәсіпорын стратегиясымен келісіледі Сурет. Р.Нолан бойынша АЖ-дарды енгізудің үлгілік сатылары Барлық стандартты сатылармен АЖ даму тарихындағы уақыттың үлгі кезеңінің арақатынасы орнауы мүмкін, олар үшін енгізу мен ұйымдастырудың бір немесе басқа сатысы жаппай сипатқа ие болады. Р.Нолан ажыратып көрсеткен енгізілімнің үлгілік (тарихи қалыптасқан) сатысын қарастырайық (2-сурет). Тағы да бір ұқсастық көрінісі ретінде ірі кәсіпорындар қызметі аясында ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттігі туралы жалпыға бірдей түсініктің қалай өзгергенін есімізге түсірейік. Уақыт аралығы ретінде берілген бағытты іске асыруда компаниялардың ең жоғарғы белсенділігінің жуық мерзімі көрсетілген. 1992-94 жж. Көптеген басшыларға компьютердің болашағы зор екені және дербес ЭЕМ сатып алуға ірі инвестициялар салынғандығы айқын болды. Қарақшылық бағдарламаларда теріліп және принтерлерде басылғандықтан, құжаттар әдемі көрінетін болады. Белгілі бір мезетте бизнес-дерістердің тиімділігі ешбір артпай, тек жұмыс көрінісі өзгергені түсінікті болды. Бірақ ол кезде қызметтік өнімдер нарығы да өз кемелдігіне жетпегендіктен, әрі бәсекелестік іс жүзінде болмағандықтан, кәсіпорындардың операциялық кезеңін оңтайландыру өзімен-өзі басымдық алған міндет болып саналмады. 1994-96 жж. Компьютерді қолданудың айқын тәсілі табылды: жеке операциялары әртүрлі жұмыс орындарында жасалатын бизнес- үдерістерге (құжат айналымы) қызмет ете алуы үшін, компьютерлерді бірыңғай желіге біріктіру керек. Жүйелік ықпалдастыру жобасын бастау туралы шешім қабылданды. Сатып алынған компьютерлер сол кезде айтарлықтай ескірді және ауыстыруды (жаңартуды)талап етті. Жоба нәтижесінде N жұмыс орындарында халықаралық стандарттарға жауап беретін қазіргі заманғы жүйе құрылды. Біраз уақыттан кейін алғашқы әсерлер сейіліп, басқарушылық тұрғыдан қарағанда ешбір елеулі жақсару болмағандығы сезілді. Қызметкерлер Интернет "қуаныштарына" қосылады (жұмыс уақытында да), қызмет бабындағы жазбалар мен есеп-қисаптар электронды түрде жіберіледі, сонымен бірге барлық ұйымдастырушылық электронды түрде жіберіледі, сонымен бірге барлық ұйымдастырушылық мәселелер кәсіпорынның даму қарқынына және бизнестің жалпы тиімділіге кері әсерін тигізуі жалғаса береді. 1996-2001 жж. Компьютерлік ақпараттық жүйелерге белсенді қызығушылық таныту уақыты. Нарықта отандық, ресейлік және батыс әзірлеушілерінің бағдарламалық өнімдері пайда болды. Отандық өнімдер- төмен бағасы және әзірлеушінің жақындығымен (аумақтық және тілдік), ал шетелдік өнімдер берушінің жоғары беделімен, енгізудің үлкен тәжірибесімен, зор күш-жігерімен және "дайын" салалық шешімдердің толық жиынтығымен тартымды.Оның үстіне,сауатты құрылған жарнамалық саясат арқасында көпшілікте,шын мәнінде,бағдарламалық қамтамасыз етудің пакетін ғана алмай,құрамында бизнесті жүргізуге қажетті ережелері мен құралдары бар дайын басқару жүйесіне ие болуға деген қияли көзқарас пайда болады.Мұндай қияли елестердің нәтижесі сәтсіздікке ұшыраған жобалардың да,ендірілген бағдарламалық өнімдердің де саны артуына келтірді,олар жұмыс орнында қызмет еткеніне қарамастан,ешбір өзекті басқарушылық мәселелерді шешпейді. 2002-2010 жж. Жаңа бизнес-үлгілердің пайда болуы болуы және дамуы.Бәрінен бұрын,бұл- мүмкіндікті (виртуалдық) эканомиканы құру.Электрондық коммерция және сауданың түрлі пошымдары (Internet trading,business-business,т.с.с).Келешектегі 10жыл барысында мүмкіндікті индустрия барлық эканомикалардың гүлденуінің негізгі көзі және даму факторы болады деп саналады. Бәсеке түрлерінің өзгеруі.Бұрын бәсеке,негізінен баға мен сапа жары- сынан тұратын,жаңа жағдайда бұл-бизнес-үлгілер мен өнімдердің өзгерту жылдамдығы бойынша бәсеке.Бәсекелестер арасындағы өміршеңдіктің ең маңыздырақ шарттары-ақпараттық технологияларға және Internet-ке негізделген қажет инфрақұрылымның болуы және менеджерлердің осы инфрақұрылымды пайдалана білуі.Одан өзге,өзгерістер жылдамдығының артуына қарай,басқаруға арналған қазіргі заманға сай өзекті ақпарттарға қажеттілікте өседі.Бұндай жағдай ұйымдарда ақпарттық жүйенің маңызының күшеюіне әкеледі,сонымен бірге ақпарттық жүйенің бүгінгі заманға сай болуын талап етеді. Жаһандандыру және халықаралық деп танудың жаңа орамдары.Жаһандандыру және халықаралық деп тану үдерістері компаниялардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруімен байланысты.Бұл үдерістер компанияларды басқаруды қолдау үшін ақпарттық әдістемені кеңінен қолдануға мәжбүрлейді.Ұйымдар желілер,технологиялық тізбектер құруға көшті.Олар әр компания өз қызметін жоғары кәсіби деңгейде іске асыруы және мердігерлерге сол операцияларды соңғылар тез,тиімді,аз шығынмен орындауы үшін бірігеді. Әртүрлі технологиялар мен білімдерді жуықтату және будандастыру.Қәзіргі компаниялардың бір тар салада мамандандырылып қана қоймай,бірнеше технология саласында дамуына тура келеді.Соның нәтижесінде технологиялар мен өндірістердің күрделілігі,кешенділігі күшейеді,басқару күрделенеді. Барлық бизнес-функцияларды бір үлгіге біріктіру.Бұл үлгі электрондық түрде берілген.Компаниялар өз өнімдерін сапалы және тез өндіреді,сонымен бірге нарықтағы және технологиялардағы өзгерістерді жақсы сезеді.Бұндай қызмет барлық бизнес-функциялар бір бүтінге біріктірілген күрделі ақпарттық жүйелерде құрылған.Бұл жүйелер арсында MFG-Pro,SAP/R3,BPCS,Oracle Applications жүйелері және басқалары бар. Ақпараттар рөлінің өзгеруі орын алады.Ақпарат бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ететін стратегиялық ресурсқа айналды.Алдыңғы қатарлы көпшілік ұйымдар оны автоматтандырылған ақпараттық технолгиялар көмегімен жасайды. Ақпарттық жүйелердің ұйымға әсері.(ақпарттық жүйелер әсерімен ұйым құрылымының өзгеруі,ұйымда биліктің басқадай бөлінуі,онда басқа саясат пен мәдениеттіліктің,қалыптаудың,жұмыспен қамтудың,еңбек сипатының,оқуға қажеттіліктің пайда болуын қалыптастыру).Ақпарттық жүйелер барған сайын қымбат тұратын болды және олар бизнес жүргізудің ережелеріне өздерінің айрықша шарттарын қояды,олар шешуге қажет жаңа міндеттерді әкеледі,ақпарттық технологиялардың әлеуетті артықшылықтарынан ең жоғарғы пайда түсіруді көздейді. Әрбір кәсіпорында АЖ саласында ұйымдастыру мен менеджментке ұйымның ағымдық жай-күйіне тән бірқатар АЖ факторлары әсер етеді. Олар: • кәсіпорынның қызметтік міндеттерінің құрамы; • АЖ міндеттерінің құрамы; • кәсіпорынның,компанияның АЖ-ды дамыту стратегиясы; • тікелей міндеттер құрамы; • еңбек бөлісінің қол жеткен деңгейі - әмбебап мамандармен «тар» шеңбердегі мамандар арасындағы; • АЖ тәсілдері мен міндеттерінің қол жеткен орталықтандыру (орталықсыздандыру дәрежелері) деңгейі. Іс жүзінде осы уақытқа дейін болған барлық ұйымдық басқару жүйелері,негізінен,орталықтандырылған жүйелер болатын.Басқарудағы орталықтандырылған тәсілдердің өміршеңдігі себептерінің бірі-басқаруды жүзеге асыруға қол жеткізетін жалғыз әдістеме-«қағазбастылық»болды. Орталықтандырылған басқаруға қарсы әрекет болып:бөлінген шешімдері сыртқы наразылық әсерлерге жергілікті ықпал етуге жол беретін жүйелер жұмыс істейді.Бұндай жүйелерде иерархия міндетті емес,оларда жазық дерлік,барлық міндетті басқару орталығы бар құрылым болуы мүмкін.Әр буынның жергілікті жеке шешімдер қабылдауға белгілі бір бостандығы бар.Мұндай жүйелер үлкен тұрақтылыққа.қоршаған ортадағы өзгешеліктерге бейімделудің мүмкіндіктеріне ие.Оның үстіне басқарудағы тәртіпсіздікке орын жоқ,өйткені кез келген ұйым белгілі бір мақсаттар үшін өмір сүреді.Әлбетте,басқару орталығынан мақсат айқын көрінеді:орталықтың ғаламдық шешімдер қабылдай алатын жағдай бар. Басқарудағы орталықсыздандыру нәтижесі ақпарат жүйесіндегі орталықсыздандыру болып шығады.Кез келген қызметтің орталықсыздандыруын технологиялық кешендер орналасатын нақты орындарға сүйенеді.Осымен тығыз байланысты технологиялық орталықсыздандыру техникалық құралдар мен желілердің деңгейлерін,бөлінген жүйелік бағдарламалық құралдарды және таратылған деректерді қамтиды.Ұйымдық орталықсыздандыруда АЖ-дың міндеттерін бөлу және олардың нәтижелері үшін жауапкершілік іске асырылады. Өткен онжылдықтарда АЖ саласын орталықсыздандыру дәрежесі тек өсіп отырды.Орталықсыздандыруға беталыс пен жағдайда эканомикалық тиімділікпен түсіндіріледі.«Баға/өндірімділік» арақатынасы шағын АЖ үшін айтарлықтай маңызды екені түсінікті.Алайда соңғы жылдарда бұл үдеріс қарсы-орталықтандыру үрдісімен ауыстырыла бастады.Орталықсыздандырылған құрылымдар мүлдем мүлтіксіз емес және бірқатар ұстанымдары бойынша орталықтандырылғандарға жол береді. АЖ саласындағы орталықтандырылған ұйымдық пошымдарға қызығушылық артуының себебі БҚ және технологиялық жабдықтау күрделілігінің өсуі болып отыр.Есептеу желісіндегі жұмыс ақпарттардың қозғалуына қатаң талаптар қояды.Жаңа жағдайларда біліктілігі жоқ пайдаланушылардың іс-әрекеттері Аж- ды пайдалануға байланысты қиындықтарға алып келуі мүмкін.Бұл жағдайларда АТ-бөлімшелер қызметкерлері алдында тәртіп орнату және бақылауда іске асыру міндеттері сөзсіз пайда болады.Бұл міндеттердің табиғи шешімі Аж-дың пайдаланушылардың орталықтан қолдау және түбегейлі қызмет көрсету болып табылады. Сонымен,біз эканомикалық-ақпараттық жүйелермен таныстық,олардың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнын анықтадық.Одан бөлік,АЖ құрылымын қарадық және оның қалыптасуына әсер ететін факторларды білдік. 2. ТАҚЫРЫП: Ақпараттық жүйелерді жіктеу Дәріс жоспары 1. Ақпараттық жүйелерді жіктеу 2. АЖ – дардың қолданылу ауқымы бойынша жіктелуі 3. АЖ – дардың құру тұжырымдамасы бойынша жіктелуі . 4. АЖ – дардың деректерді өңдеу жеделдігі бойынша жіктелуі. Әдебиеттер № 1,2,3,4,5,6, Ақпараттық жүйелер нысандарының тұрпаттары, шешілетін міндеттердің сипаты мен көлемі, сондай-ақ бірқатар басқа да белгілері бойынша айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Осы уақытқа дейін ақпараттық жүйесінің жалпы қабылданған жіктеуі жоқ, сондықтан оларды әртүрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады, ал бұл ақпараттық жүйелердің бірнеше түрлі жіктеуінің болуына келтірді. АЖ-дың жалпы қабылданған жіктеуіне сай ақпараттық жүйелер төмендегіше бөлінеді: Қолдану ауқымы бойынша – үстел үстілік және кеңселік; Міндеттердің құрылымдылығы белгісі бойынша - құрылымдалған (қалыпталған), құрылымдалмаған (қалыптанбайтын), ішінара құрылымдалған. Ішінара құрылымдалғандар төмендегіше бөлінеді: - АЖ репортингі , ағылшынның < <<есеп>>, <<баяндама>>,<<хабарлама>> мағынасын блдіреді. - Баламалы шешімдерін жасау (үлгілік, сараптамалық) АЖ-ы. Сараптамалықтар өз кезегінде : орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және басқару деңгейіне қарай және жоспарлау деңгейі бойынша, ықпалдасқан ұжымдық пайдалану бойынша деп т.с.с. бөлінеді: Қызметтік белгісі бойынша – өндірістік, маркетингтік (нақты талдау, жарнамалық, жабдықтаушылық), қаржылық (бухалтерлік, статистикалық және басқалары) кадрлық; Қызметкердің біліктілігі және басқарудың деңгейлері бойынша – стратегиялық(топ - менеджерлер), қызметтік(орта буындағы менедерлер) және оперативтік(мамандар); Ақпараттарды өңдеу сипаты бойынша: деректерді өңдеу жүйелері, басқару жүйелері, шешім қабылдауды қолдау жүйесі; Деректерді өңдеу жеделдігі бойынша – пакеттеп өңдеу және жедел; Автоматтандыру дәрежесі бойынша – қол жұмысы, автоматтық, автоматтандырылған; Ақпаратты пайдалану бойынша – ақпараттық – іздестіру, ақпараттық – анықтамалық, ақпараттық – шешуші, басқарушы, кеңес беруші т.с.с.; Ақпараттарды өңдеу орталықтандыру деңгейі бойынша – орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, ұжымдық қолданыстағы ақпараттық жүйелер; Есептеуіш ресурстарды пайдалану сипаты бойынша – жергілікті және бөлініп берілген; Қызмет саласы бойынша – мемлекеттік, аумақтық (аймақтық), салалық, бірлестіктер, кәсіпорындар немесе мекемелер, технологиялық үдерістер; Іске асырылатын технологиялық операциялар топтпры бойынша – мәтіндік редакторлар жүйелері, кестелік редакторлар жүйелері, ДҚБЖ, БҚБЖ, графика, мультимедия, гипермәтін; Кәсіпорынды басқару үдерісіндегі орны бойынша – АЖО маманы, АЖ жетекшісі, сыртқы бақылаушы АЖ-ы, біріктірілген жүйелер, яғни өздеріне осы қызметтің бір бөлігін не осы қызметтерді түгелдей біріктірген ықпалдас жүйелер; Құру тұжырымдамасы бойынша – файлдық, деректердің автоматтандырылған банктері, білімдер банктері, ДҚм(деректер қоймасы); Жұмыс режимі бойынша – пакеттік, сұхбаттық және аралас. Ары қарай жоғарыда берілген жіктеу тәртібі бойынша АЖ-ның негізгі тұрпаттары мен түрлері қысқаша қаралады. АЖ-дың ерекше маңызды тұрпаттары тиісті тарауларда нақты, егжей – тегжейлі қаралатын болады. АЖ-дардың қолданылу ауқымы бойынша жіктелуі Қолданылу ауқымына қарай қазіргі АЖ-дар төмендегіше бөлінеді: Үстелүсті (жеке-дара) АЖ-жалғыз адам жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер. Оларға маманның (конструктор,технолог,беріктікті есептеуіш, шағын кәсіпорын бухгалтері, еңбекақы есептеуші) автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) жатқызуға болады. Бұл деңгейдегі АЖ деректермен жұмыс ісейтін мамандарға жұмыстың өнімділігін, еңбек өндірімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Соларға ұқсас қосымшалар <<үстелүсті ДҚБЖ>> деп аталатындардың (Fox Pro, Paradox, dBase, MS Acces) көмегімен құрылады. Кеңселік (топтық) ақпараттық жүүйелер – кеңсені ақпараттандыру АЖ- дарының негізгі мақсаты – деректерді өңдеу, олардың жұмысының тиімділігін арттыру және кеңсе жұмыстарын оңайлату. Топтық АЖ-дар жұмыс тобы (бір бөлімше) мүшелерінің ақпаратты топ болып пайдалануына бағытталған. Көбінесе олар ДК-нің жергілікті есептеу желісі ретінде немесе сирегірек, көптерминалды орталықтандырылған есептеу жүйесі болып құрылады. АЖ-дардың құру тұжырымдамасы бойынша жіктелуі Құру тұжырымдамасыбойынша АЖ-дар төмендегіше бөлінеді: Файлдық жүйелер. Ақпараттық қамтамасыз ету файлдық жүйе түрінде құрылған. Қаіргі ЭЕМ-дерде операциялық жүйе (ОЖ) сыртқы зердені бөлуді, файлдар атаулары көрінісін сыртқы зерде бойынша тиісті адрестерге беруді және деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді міндетіне алады. АЖ бағдарламалық қамтамасыз ету ОЖ қызметтерін файлдармен жұмыс істеу үшін тікелей пайдаланады. Файлдық жүйелер әдетте келешектегі құрылымдауды қолданбалы бағдарламаларға қалдыра отырып, әлсіз құрылымдалған ақпараттарды сақтауды қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерде түрлі файлдардағы деректерді келістіру, деректерге ұжымдық қол жеткізу, деректер құрылымын түрлендіру мәселелерін шешу қиын. Деректердің автоматтандырылған банктері. Деректер банкі – бұл арнайы ұйымдастырылған ДБ, бағдарламалық, техникалық, тілдік және ұйымдастырушылық – әдістемелік құралдардың орталықтандырылған қор жинауға және деректерді ұжымдық көпмақсатты пайдалануға арналған жүйесі. Файлдық жүйелерден өзгешілігі – ДБ құрылымы қолданбалы бағдарламаға азырақ тәуелді, ал ДБ – лармен жұмысындағы барлық қызметтер арнайы құрауышқа – ДБ қызметінде орталық маңыз атқаратын деректер қорын басқару жүйесіне (ДҚБЖ) жұмылдырылған, өйткені қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушылардың деректермен байланысын қамтамасыз етеді. ДБ құрылымы туралы мағұлматтар сөздік анықтамалықта (репозиторий) жинақталған. Ақпараттың бұл түріі метаақпарат деп аталады. Метаақпараттың құрамына семантикалық ақпарат, деректердің нақты сипаттамасы және оларды пайдалану туралы ақпарат кіреді. Деректер сөздіктерінің көмегімен АЖ – дағы метаақпараттарды пайдалану үдерісі автоматтандырылды. Деректердің зерде банктері (білімдер банктері, ББ). Бұл – АЖ-ды құрудың салыстырмалы жаңа тәсілі, онда заттық сала туралы ақпарат шартты түрде екі қор арасында бөлінеді.Егер ДБ-да нақты нысандардың саны бойынша және сапалық сипаттамалары туралы мағұлматтардан; метаақпараттан, заттық сала құрылымы туралы мәліметтерден; сауалды түсінуді және жуаптың түзілуін қамтамасыз ететін мәліметтерден тұрады. Егер деректердің дәстүрлі банкінде бағдарлама жасаушы заттық сала туралы білімдерді әрбір қолданбалы бағдарламаға және ДБ құрылымына ендірсе, онда деректердің зерде банкінде олар білімдер қорында сақталады және қолданбалы бағдарламадан бөлінеді. Деректерден өзгешелігі – білімдер белсенді: олардың негізінде міндеттер қалыптасады және оларға қол жеткізу тәсілдері таңдалады. Мысалы, деректердің ақпаратық қоры (ДАҚ) қойма есебі жүйесінде қоймадағы бөлшектер санының сын көтермейтін қалыпқа дейін азаюы сияқты жағдайға автоматты түрде қарсылық білдіре алады, бұл жағдайда қолданушының қатысуынсыз ДАҚ осы бөлшектерге тапсырыс беру үшін құжаттар әзірлеп, оларды тауар берушіге электронды поштамен жібереді. Білімдердің деректерден ажыратылатын басқа басты айырмашылығы – байланыстылық, оның үстіне, білімдер заттық сала нысандары арасындағы құрылымдылық өзара байланыстарды да , нақты бизнес- үдерістер тудыратын , мысалы , <<бір мезгілде болады>>,<<содан шығатын...>>, <<егер – онда >> секілді және басқадай байланыстарды да білдіреді. ДАҚ – та пайдаланушының ақпаратты қалай ұсынатыны маңызды рөл атқарады: ол мүмкіндігінше деректерді алмастырудың (кәсіптік табиғи тіл, сөзді енгізі/шығару, графикалық пошым) табиғи тәсілдеріне жақын болуы керек. АЖ-дардың деректерді өңдеу жеделдігі бойынша жіктелуі Деректерді өңдеудің жеделдігі бойынша АЖ төмендегіше бөлінеді: • Пакеттеп өңдеудің ақпараттық жүйелері. Таза түрінде оларды орталықтандырылған үлкен ЭЕМ-дерде кездестіруге болады. Олардың көпшілігі – қолданылып жүрген АЖ-дар. Олар банк шоттарын басқару, материалдық құндылықтарды есептеу, ақпараттық іздестіру, ДБ қауіпсіздігіне негізделген желі қауіпсіздігі мониторингі міндеттерін шешеді. • Оперативтік (операциялық) деңгейдегі АЖ. Олар ақпараттарды талдау жұмысында және жедел деректерді (шоттар, жүкқұжаттар,еңбекақы, кредиттер, шикізат пен материалдар ағынын) өңдеуде маман – орындаушыларды қолдауға арналған. Жедел АЖ міндеті – нақты уақыт режиміндегі ызмет барысында болып жатқан жағдайлар бойынша сауалдарға жауап беру және фирмадағы мәмілелер ағынын қадағалау – осының бәрі тікелей басқаруға сай келеді. 3. ТАҚЫРЫП: Ақпараттық жүйелерді жіктеу. Дәріс жоспары 1. АЖ – дардың міндеттер құрылымдылығының белгісі бойынша жіктелуі. 2. АЖ – дардың қызмет саласы бойынша жіктелуі 3. АЖ – дардың автоматтандыру деңгейі бойынша жіктелуі. АЖ – дардың міндеттер құрылымдылығының белгісі бойынша жіктелуі АЖ – дарды құруда не жіктеуде ресми – математикалық және алгоритімдік шешуші міндеттердің сипатына байланысты мәселелер пайда болады. Құрылымдалған міндеттер. Мазмұны шешім алгоритімі бар математикалық үлгі түрінде тұлғаналуы мүмкін. Ұқсас міндеттерді әдетте көп мәрте шешуге тура келеді және олар бірсарынды сипатта болады ( мысалы, стандартталған бөлшектердің беріктігіне есеп жасау). АЖ – дарды құрылымдалған міндеттерді шешуде пайдаланудың мақсаты олардың шешімін толық автоматтандыру, яғни адам рөлін нөлге жеткізу болып саналады. Құрылымдалмған міндеттер. Бұл – математикалық сипаттау және алгоритімді өңдеуді құру мүмкіндігі болмағандықтан , үлкен қиындықтармен шешілетін міндеттер. Бұл жерде ақпарат жүйелерін қолдану мүмкіндігі үлкен емес. Бұндай жағдайда шешімді адам эвристикалық ойларға сүйеніп, өз тәжірибесі және, мүмкін, қосымша әртүрлі дереккөздерден шығатын жанама ақпарат негізінде қабылдайды. Ішінара құрылымдалған міндеттер. Бұл – оларда элементтер мен олардың арасындағы байланыстардың бір бөлігі ғана белгілі міндеттер. Кез келген кәсіпорынның жұмыс тәжірибесәнде салыстырмалы түрде біраз толық құрылымдалған немесе мүлдем құрылымдалмаған міндеттер болады. Көпшілік кәсіпорындарда қызметкерлер ішінара құрылымдалмаған міндеттерге тап болады. АЖ – дардың қызмет саласы бойынша жіктелуі Мемлекеттік ақпараттық жүйелер (АЖ). Мемлекеттік ақпараттық жүйелер еліміздің маңызды мәселелерін шешуге арналған . Есептеу кешендері мен экономикалық – математикалық әдістерді пайдалану негізінде оларда еліміздің дамуындағы келешегі бар және ағымдағы жоспарлар құрлады, жетістіктердің есебі жүргізіледі, еліміздің нақты экономикасының жеке буындарының қызметі реттеледі, мемлекеттік бюджет әзірленеді, оның орындалуы бақыланады т.с.с. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамытудың мемлкеттік бағдарламасының қабылдануымен меммлекеттік ұйымдарда ақпараттық жүйе құру жұмыстары жанданды. Қазақстан республикасы үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашада № 1124- қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік тіркелімінде, жыл сайын ақпарат ресурстары мен ақпарат жүйелері иеленушілері тапсыратын мәліметтер негізінде 2011жылға, мысалы, келесі АЖ: <<Жеке куәліктер мен паспорттарды беру жүйесі >> (ҚР IIM); <<Заңды тұлғалардың біріңғай электрондық тізілімі >> (ҚР ӘМ); << Ведомостволдық кадрлар АЖ – дары (ҚМ) <<Валюталық статистика ААЖ – дары >> т.б тіркелді. Жергілікті міндеттерді әзірлеуден үлестірмелі көпдеңгейлі ақпараттық жүйелер құруға өту іске асырылып отыр. Мемлекеттік органдар жүйелерінің болуы және дамуы деңгейі мысалы суретте берілген. Аумақтық АЖ-дар әкімшілік – аумақтық өңірді басқаруға бағытталған. Оған облыстың, қаланың, ауданның БАЖ-дарды, мысалы, Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының біртұтас ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымы жатады. Бұл жүйелер аймақты басқару ісін жүзеге асыру, есеп-қисап жасау және жергілікті және басқарушы мемлекеттік, шаруашылық органдарына тікелей деректер беретін қызметтерді жүзеге асыруға қажет ақпараттарды өңдейді. Басқарудың салалық ақпараттық жүйелері – БАЖ. Салалық БАЖ-дар ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға арналған. Салалық БАЖ-дар өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте және басқа да салаларда қолданылады. Оларда салалық министрліктер және олардың бөлімшелерінің басқару аппаратында ақпараттық қызмет көрсету міндеттері шешіледі. Салалық АЖ қолдану саласына қарай – өнеркәсіптік, өнеркәсіптік емес, ғылыми және т.б. болып ажыратылады. 3. АЖ-лер автоматтандыру деңгейі бойынша жіктелуі Ақпараттық үдерістерді автоматтандыру деңгейіне байланысты АЖ – дар қолмен, атқарылатын, автоматты, автоматтандырылған болып бөлінеді Қолмен атқарылатын АЖ – дар. Қолмен атқарылатын АЖ – дар ақпараттарды жасауда қазіргі техникалық құралдардың жоқтығымен және барлық операцияларды адамның орындауымен сипатталады. Мысалы, фирмадағы менеджер қызметін алайық, онда компьютер жоқтығынан ол қолмен іске қосылатын АЖ –дармен жұмыс істейді. Автоматтандырылған АЖ – ААЖ. Автоматтандырылғаан ақпараттық жүйелер (ААЖ) ақпаратты өңдеу үдерісіне адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын болжайды, ол кезде негізгі рөл компьютерге беріледі. Қазіргі заманғы түсіндірмесінде « АЖ » терминіне автоматтандыру жүйесі түсінігі міндетті түрде енгізіледі. Қызметтік белгі жүйенің қолданылуын, сонымен бірге оның негізгі мақсаттарын, міндеттерін және қызметін анықтайды. АЖ құрылымы оның қызметтік қосымша жүйелерінің жиыынтығы ретінде беріледі, сондықтан қызметтік беліні А жіктеуінде қолдануға болады. АЖ тұрпаты оның кімнің мүддесіне қызмет ететіндігіне және басқарудың қай деңгейінде екендігіне байланысты.Суретте АЖ – дардың жіктелу нұсқасы қызметтік белгісі бойынша, басқару деңгейі және қызметкерлердің біліктілігі деңгейі есепке алына отырып көрсетілген. Басқару деңгейлері Біліктілік деңгейлері Басқару деңгейі мәнділігі бойынша өрлеген сайын, АЖ көмегімен маман мен менеджердің орындаған жұмыстарының көлеі азаяды. Алайда ол кезде АЖ күрделілігі және зерделік мүмкіндіктері мен менеджердің шешім қабылдаудағы рөлі өсе түседі. Басқарудың кез келген деңгейі барлық қызметтік жүйелердің ақпаратына мұқтаж, бірақ мұқтаждық әртүрлі көлемде және әртүрлі қорыту дәрежесінде болады. Пирамиданың негізін АЖ құрайды, олардың көмегімен қызметкерлер – орындаушылар деректердің операциялық өңделуімен, ал төменгі буын менеджерлері жедел басқарумен айналысады. Пирамиданың жоғарғы жағында басқарудың стратегиялық деңгейінде АЖ – дар өз рөлін өзгертеді және қойылған міндеттердің нашар құрылымдалған жағдайында жоғарғы буын менеджерлерінің қызметін стратегиялық қолдаушыға айналады. Өндірістік және коммерциялық нысандардың шаруашылық іс – тәжірибесінде АЖ жіктеуінің қызметтік белгісін анықтайтын қызметтің үлгілік түрлері төмендегідей: • Өндірістік . Өнім шығарумен тікелей байланысты және ғылыми – техникаалық жаңалықтарды жасауға және өндіріске енгізуге бағытталған. • Маркеттингтік. Оның құрамында: - Шығарылған өнімді өндіруші мен тұтынушының нарығын талдау, сатылымдарды талдау; - Өнімді алға ілгерілету бойынша жарнамалық науқандар ұйымдастыру; - Материалдық-техникалық жабдықтауды ұтымды ұйымдастыру. • Қаржылық. Бухалтерлік статисикалық, жедел ақпараттар негізінде фирманың қаржы ресурстарын бақылауды ұйымдастыруға және талдауға байланысты. • Кадрлық. Фирмаға қажет мамандарды таңдауға және орналастыруға, сонымен бірге әртүрлі мәселелер бойынша қызметтік құжаттама жүргізуге бағытталған. Қызметтің көрсетілген бағыттары АЖ – дың мынадай үлгі жиынтығын айқындап берді: өндірістік жүйелер; маркетинг жүйелері; қаржылық және есептік жүйелер; мамандар жүйесі (адамдар ресурстары); фирма қызметінің ерекшелігіне байланысты көмкеші қызметтер атқаратын басқа да тұрпаттар. Ірі фирмаларда қызметтік бағыттағы негізгі АЖ қосалқы функцияларды орындауға арналған бірнеше бөлімдерден тұрады. Мысалы, АЖ – ақпараттық жүйенің өндірістік қосалқы жүйелері: Өндірістің конструкторлық дайындығы; Өндірістің технологиялық дайындығы; Материалдық – техникалық жабдықтауды басқару; Өндіріс үдерісін басқару; Компьютерлік инжиниринг және басқалары. Маркетинг жүйесі Өндірістік жүйелер Қаржылық және есептік жүйелер Кадрлар жүйесі(адам ресурстары) Басқа жүйелер(мысалы басқару АЖ-ы) Нарықты зерттеу және сатылымдарды болжау Жұмыс көлемдерін жоспарлау және күнтізбелік жоспарлар әзірлеу Тапсырыстар қоржынын басқару Еңбек ресурстарына қажеттілікті болжау және талда Фирма қызметін бақылау Сатылымдарды басқару Өндірісті тікелей бақылау және басқару Кредит саясатын басқару Қызметкерлер туралы мұрағаттық жазбалар жүргізу Шұғыл мәселелерді анықтау Жаңа өнімді өндіру бойынша ұсыныстар Құрал жабдықтардың жұмысына талдау жасау Қаржы жоспарын әзірлеу Кадрларды даярлауды жоспарлау және талдау Басқарушылық және стратегиялық жағдайларды талдау Баға белгілеу және талдау Тауар берушілерге тапсырыстар қалыптастыруға қатысу Қаржылық талдау және болжау Стратегиялық шешімдер жасау үдерісін қамтамасыз ету Тапсырыстарды есепке алу Сақтаулы қорларды есепке алу Бюджетті бақылау Бухалтерлік есеп және еңбекақы есептеу Қызметкерлер мен басқарудың біліктілігі бойынша жіктеу Ма.мандардың ақпараттық жүйелері.Мамандардың ақпараттық жүйелері деректермен жұмыс істейтін мамандарға көмектеседі,жұмыстың өнімділігі иен өндірілімділігін арттырады. Міндеті – үйымға жаңа мағлұматтарды біріктіріу және қағаз құжаттарды әзірлеуге көмектесу. АЖ-дардың бүл тобында АЖ-дарды екі жікке бөлуге болады: Кеңселік автоматтандыру жүйесі. Өзінің қарапайымдылығы және көп салалы болуы себепті оны кез келген ұйымдастырушылық деңгейдегі қызметкерлер белсенді пайдаланады.Бұл салада автоматтандырудың бағдарламалық құралдарының бірі Digital Equipment компаниясының Link Works пакеті болып табылады, ол кішігірім компанялардың да,корпарациялардың да жұмыстарын ұйымдастыруға арналған. «Ашық» жүйелер идеологиясының іске асырылуы бола тұра, Link Works аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің өмір сүріп жатқан кешеніне оңай қатарласты. Білімдерді өңдеу жүйесі. Бұл АЖ өзіне инженерлерге, заңгерлерге, ғалымдарға жаңа өнімді жасау және өңдеу барысында қажет білімдерді жинақтайды. Олардың жүмысы жаңа ақпараттар мен жаңа білімдер құрудан тұрады.Сонымен, мысалы, жұмыс істеп жатқан мамандырылған жұмыс станцияларында инженерлік және ғылыми жобалау бойынша техникалық әзірлемелердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Орта буын менеджерлерінің АЖ-дары. Орта буындағы менеджерлер АЖ- дары мониторниг (тұрақты қадағалау),бақылау,шешімдер қабылдау және басқарушылық қызмет үшін пайдаланылады. Бұл АЖ-лардың негізгі қызме ағымдық көрсеткештерді бұрыңғы көрсеткішnермен салыстыру; оперативті деңгейдегідей, ағымдағы жағдайлар есебін беру емес, белгілі уақытқа кезеңдік есеп-қисаптар жасау; мұрағаттық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету және басқалары. Осы деңгей жүйелері үшін қолданылатын бағдарламалар өрісі өте кең. Олардың ішінен төмендегі негізгі топтарды бөліп көрсетуге болады: • маркетинг талдауы.Стратегияны үлгілеу,компанияның нарықтағы жағдайын талдау, маркетинг жоспарын әзірлеу. • Сатылымдарды талдау.Сату үжерісін ақпараттық қолдау және талдау,сату арналарын үлгілеу. Кейбір АЖ-дар тапьаурын емес шешімдерді қабалдауды қамтамасыз етеді.Ақпараттық қамтамасыз етуге талаптар осал қойылса, олар «не болады, егер. ?» деген сұраққа жауап беруге қабілетті. Стратегиялық АЖ - ақпараттық жүйелер.Стратегиялық ақпараттық жүйелер - кәсіпорынның дамуындағы келешегі зор стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үшін шешімдер қабылдауын қолдауды қамтамасыз ететін компютерлік АЖ-дар. Бұл жуйелер топ менеджерлерге арналған,сондықтан олар үшін екінші,тіпті жиірек қолданатын корпоративтік ақпараттық жүйелер(КАЖ) деген атау бар.Олар басқарудың жоғарғы буынына құрылымдалмаған міндеттерді шешуде ұзақ мерзімді жоспарлауды іске асыруға көмектеседі.Кез келген кәсіпорынның. Ұйымның,фирманың өркендеуін және жетістігін көп жағдайда онда қабылданған стратегия анықтайды.Стратегия- келешекке арналған ұзақ мерзімді міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қазіргі уақытта даму стратегиясы мен кәсіпорынның іс-әрекеттері мәселесіне көп көңіл аударылуда, бүл АЖ-ға көзқарасты түбегейлі өзгертуге ықпал етті.Олар стратегиялық маңызды жүйелер ретінде бағалана бастады, фирманың мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін,өнімдерін,қызметтерін таңдауды өзгертуге,бәсекелестерінен озуға мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге тұтынушылар мен өнім берушілер арасында өзара тығыз іс-әрекет орнатуға ықпал етеді. Стратегиялық АЖ-дардың негізгі міндеті - сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерді қажет ұйымның қолда бар әулетімен салыстыру және шешім қабылдау. Аж қолданудан болған нәтижені түсіну үшін,фирма мен сыртқы орта арасындағы өзара байланысты түсіну керек.8 – суретте факторлардың фирмаға әсері көрсетілген. Негізгі әсер етуші сыртқы факторлар ретінде төмендегілерді атауға болады: нарықта өз саясатын жүргізуші бәсекелестер; тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша әртүрлі мүмкінліктері бар тұтынушылар; өздерінің баға саясатын жүргізетін өнім берушілер. Егер фирма осы факторларды есепке алып және төмендегі стратегияларды ұстанса, онда өзін бәсекелестік артықшылықпен қамти алады; ұқсас тауарлар мен қызметтерден тиімді айырмашылығы бар жаңа қызметтер құру; онда бар ұқсас тауарлар мен қызметтерге қарағанда, әртүрлі өзгешелік белгілері көп тауарлары мен қызметтері бар нарық іздеп табу; түтынушылар мен өнім берушілерді сол фирмаға бекітетін және басқа фирмаға жүгінуді пайдасыз ететін байланыстар құру; сапасына зиян келтірмей, өнім бағасынн төмендету. Ресурстарды бөлу тәсілі бойынша жіктеу Жергілікті ақпараттық жуйелер.Жергілікті АЖ-дар басқарудың жекелеген деңгейлерінде басқаруыдың жекелеген функцияларын автоматтандыруға арналған.Бұндай АЖ-дар бір қолданбалық басқару жүйесінің жекелегенбөлімшелерінде жұмыс істейтін бір рет пайдаланылатын және көп рет пайдаланылатын болуы мүмкін. Мысал.Тәуекелдікті басқарудың «ERP Central Asia» ЖШС-інің бақылау жүйесі. Бөлінген АЖ-дар.Бөлінген АЖ-дарда желімен байланыстырылған бірнеше ЭЕМ өзаа әрекеттеседі.Желінің жеке тораптары әдетте аумаға жағынан бір- бірінен алшақ,әрі әртүрлі міндеттерді шешеді,Бірақ ортақ ақпараттық қорды пайдаланады. Мысал. SAP IS-OIL мұнай-газ саласы үшін «Қазмұнай газ Сауда үйі»АҚ- ына салалық шешім енгізіу. Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктеу Пайдаланылатын сипаты бойынша барлық жіктелетін АЖ-дар автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (ААЖ) жатады. Жүйелердің бұл тобына жалпы құрылымы алдыңғы суретте көрсетілген АЖ-дар кіреді. Ақпараттық іздестіру жүйелері (АІЖ).Ақпараттық іздестірі жүйелері ақпаратты, құжатты немесе фактіні көпшілік ақпараттар (құжаттар) көздері ішінен іздеу міндеттерін шешуге бағытталған.Бұндай жүйелерде ақпараттардың мазмұнды өндеуі болмайды.Деректерді күрделі түрлендірусіз-ақ пайдаланушының сұрау салуы бойынша енгізу, жүйелеу,сақтау,ақпаратты беру іске асырылады.Мысалы, билеттер кітапханасындағы ақпараттық-іздестіру жүйесі.Мұндай жүйелерде ақпараттық жиын сақталады, одан пайдаланушының талабы бойынща қажет ақпарат беріледі.Пайдаланушының талабымен ақпарат іздеу автоматты түрде, не қолмен іске асырылады.Суретте құжат іздеудегі ақпараттық ағындар құрылымы берілген. Құжаттарды іздестіру бейнесі (ҚІБ) индекстеу үдерісі нәтижесінде болады, ол екі: құжаттың мазмұнын анықтау және мазмұнды арнайы ақпараттық - іздестіру тілінде (АІТ) сипаттау кезеңінен тұрады. АЖІ-ге сұраныста осы тілде сипатталады. Құжатты іздестіру жүйеде сақталуы көптеген ҚІБ және ағымдағы сұранысты іздестіру бейнесін (СІБ) салыстырудан тұрады, соның нәтижесінде пайдаланушыға талап етілген құжат беріледі немесе берілмейді. • құжаттық (құжат – кескіндік). Бұл жүйелерде сақтау және өңдеу нысаны құжаттың өзі болып табыдады. Бұндай АІЖ – де сақталған барлық құжаттар белгілі бір түрде индекстеледі. Әр құжатқа (мақалаға, есепке, хаттамаға және т.б.) құжаттың іздестіру бейнесін құрайтын дербес код беріледі. Іздестіру құжаттардың өздері бойынша емес, олардың құжаттың қайда орналасқандығы туралы ақпаратты бар іздестіру бейнелері бойынша жүргізіледі. Дәл осылай кітаптар үлкен кітапханаларда (кіші кітапханаларда кітапты кітапханашы өзі іздейді ) оқырман тапсырысы бойынша ізделеді. • Фартографиялық ақпараттық іздестіру жүйесі - АІЖ. Бұл – нысаны не мәні проблемалық сала үшін көпжақты қызығушылық танытылатын жүйе (қызметкер, келісім, өнім және т.б.) бұл мәндер туралы ведомостар көптеген кірме немесе шыпа хабарламаларда болуы мүмкін. Фактографиялық АІЖ - ден айырмашылығы – мүндай АІЖ – ден айырмашылығы – мұндай АІЖ үлгілерінде құжаттар емес, бірақ белгілі заттық салаға жататын фактілер сақталады. • Сақталатын фактілер әртүрлі құжаттардан алынуы мүмкін. Фактілер қорында олар өзара әртүрлі қарым – қатынастар жүйесі арқылы байланысады. АІЖ – дегі мұндай желі заттық сала тезаурусы деген атау алған. Фактографиялық АІЖ – ге түскен сауалдар тезаурусты сауалдарға жауап іздеу үшін пайдаланылады. Іздестіру жасанды зерде жүйесінің білім қорларында кеңінен қолданылып жүрген үлгі бойынша іздестіру әдісімен іске асырылады. Фаутографиялық түрпаттағы АІЖ өз ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі бойынша бірте – бірте дамыған деректер мен білімдер қорына жақындап келеді. • Ақпараттық-шешуші жүйелер. Мұндай АЖ-да іздестіру нәтижесі бойынша арифметикалық функциялар мәні есептеледі. Ақпаратты өңдеудің барлық операциялары белгілі алгоритммен іске асырылады. Олардың арасында бірге өндірілген нәтижелі ақпараттың шешім қабылдау үдерісіне әсер ету деңгейі бойынша жіктеу жүргізуге және екі топқа: басқарушыларға және кеңес берушілерге бөлуге болады. • Басқарушы АЖ-дар – ақпараттық жүйелер. Ақпараттық – басқарушы немесе басқарушылық жүйелер (отандық әдебиетте «ұйымдық басқарудыңмавтоматтандырылған жүйесі» атымен таныс) басқару саласында акпарат |