Главная страница
Навигация по странице:

  • Ақпаратты жүйелердің ресустары.

  • База данных. пособие. Ермагамбетова т. С


    Скачать 228.1 Kb.
    НазваниеЕрмагамбетова т. С
    АнкорБаза данных
    Дата28.12.2021
    Размер228.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапособие.docx
    ТипДокументы
    #320784
    страница5 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Ақпаратты технологиялардың (АТ) негізгі ұғымдары. Қазіргі заманғы бизнес-үдерістерді дамытудағы ЭАЖ және АТ рөлі. Дәріс жоспары

    1. Ақпараттық технологиялардың (АТ) негiзгi ұғымдары.

    2. Қазiргi бизнес үдерiстердi дамытудағы ЭАЖ және АТ.


    Экономикалық ақпараттық жүйелердi (ЭАЖ) жұмыс орнында пайдалану үшiн, оны ақпараттық технологиялардың көмегiмен жобалап алу керек. Оның үстiне, бұрын ЭАЖөдарды жобалау үдерiсiнiң заттық саланың экономикалық деректерiн өңдеу үдерiсiнен бөлiнiп алынғандығын айтқан жөн. Бүгiнгi күнi ол дербес қолданыс тапқан, әрi жобалаушы мамандардан жоғары бiлiктiлiктi талап етедi. Алайда кез келген прайдаланушыға қолжетiмдi және ЭАЖөдардың жеклеген элементтерiн жобалауды деректердi өңдеу үдерiсiмен қатар орындауға мүмкiндiк беретiн ақпараттық технологиялар (АТ) құрылып қойды. Мысалы, электрондық пошта, мәтiндiк және кестелiк процесорларды жәнебасқаларын айтуға болады. Оған қоса, кез келген пайдаланушыға қолжетiмдi ақпараттық техгологиялар құру үрдiсi жалғасуда. Жаңа ақпараттық технологиялар құру өзiндiк мақсат емес. Бiрақ технологиялар арқылы қуаттырақ, ғаламдық күштер: мәдениет, саясат, денсаулық сақтау мұқтаждықтары, электрондық бизнес, электрондық комерция, тапсырыстар бойынша өнiмдер өндiру және қызмет ету iлгерi жылжуда.

    Ақпараттық технология – ақпараттық ресурстарды пайдалану әдерiстерiнiң ғылымды қажетсiн азайту, олардың сенiмдiлiгi мен жеделдiгiн

    көтеру үшiн: ақпарат жинау, сақтау,өңдеу, шығару және таратуды қамтамассыз ететiн технологиялық үдерiспен бiрiктiрiлген әдiстердiң, өндiрiстiк үдерiстердiң жіне бағдарламалық – техникалық қүралдардың жиынтығы.

    Деректердi ЭАЖ – дарда өңдеу үдерiсi компьютер, енгiзу – шығару қүрылғысы, оргтехника, байланыс желiлерi, желiлердi жабдықтаудан түратын техникалық қүралдардың пайдалануынсыз мүмкiн емес. «рбiр он сегiз айда микропроцессордың қуаты екi еселенiп отырады. (уатты болған сайын, компьютер бiр мезгiлде арзан да, бiрақ қосымшалардың ең кең шеңберiнежарамды болады.

    Деректерді ЭАЖөдарда өңдеу үдерісі компьютер, енгізуөшығару құрылғысы, оргтехника, байланыс желілері, желілердіжабдықтаудантұратын техникалық құралдардың пайдалануынсызмүмкін емес. Әрбір он сегіз айда микропроцессордың қуаты екі еселеніп отырды. Қуатты болған сайын, компьютер бір мезгілде арзан да, бірақ қосымшалардың ең кең шеңберіне жарамды болды. Үлкен ұйымдардың құралынан компьютер әр адамның құралына айналды. Компьютерлер кіріктірме қатынас құралдарымен, жылдамдық модемдерімен, зерденің үлкен көлемімен, жоғары сапалы видеоны ұдайы өндіруге мүмкіндік беретін, бейнелерді енгізуөшығару құрылғыларымен, дауысты және қолжазба мәтінін тану қондырғыларымен, жарақтандырылады. Әлдеқашан компьютерлік теледидар, видеоконференциядан ақша сомасын жіберуге дейінгі қызыметтің кең саласын ұсынатын ұялы телефондар негізінде қалталық кеңселер жүзеге асырылды. Демек, технологиялық жетістіктердің кілті микропроцессор болып отыр. Компьютердің техникалық кемелденуі өз шегіне жақындап келе жатқанын айта аламыз.

    Жалпы бағдарламалық қамтамасыз етуге операциялық жүйелер, бағдарламалық жүйелер және техникалық қызмет ету бағдарламалары жатады.

    Операциялық жүйе (ОЖ)компьютерді қосқанда автоматты түрде жүктелетін және пайдаланушыға бұйрықтардың жиынтығын ұсынатын бағдарламаны білдіреді. Олардың көмегімен компьютермен қарымөқатынас және бірқатар: бағдарлама қосу, дискетті форматтау, файл көшіру сияқты ісөәрекеттерді орындауға болады, ол деректерді өңдеу технологиясын, компьютермен байланысты қамтамасыз етеді. ОЖөдың негізгі қызметі – бағдарламаларды, файлдық жүйелерді, зердені бөлу және басқа ресурстарды басқару.

    Бағдарламалау жүйесі, негізінен, ЭАЖ жобалауда пайдаланылады, бағдарламалау тілін және осы тілден машиналық кодқа аудару бағдарламасын білдіреді. Ең келешегі бары – нысандықөбағдарлық бағдарламалау.Нысандықөбағдарлық бағдарламалау соңғы кезде көзбен қабылданатын секілді (VOөVisual Objects). Бұл – бағдарламалау ортасының интерфейсі өзгереді деген сөз. Әдетте, шолып қарайтын нысандықөбағдарламалық интерфейсті қосу үшін, қолданыстағы пакеттерге шолушы редактор қосылады.

    Техникалық қызмет көрсету бағдарламалары компьютерді пайдалану – жаңылысу болғанда қателерді анықтау, бұзылған бағдарламалармен деректерді қалпына келтіру үшін қызметтер көрсетеді.

    Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттық технологиялардың әртүрлілігін анықтайды және жекелеген қолданбалы бағдарламалардан немесе қосымша деп аталатын қолданбалы бағдарламалар пакеттерінен тұрады. Қосымшамалардың бір бөлігіне жалпы, жанөжақты сипат тән және олар іс жүзінде адам қызыметінің барлық салаларында қолдануға жарамды. Мысалы, 1С: предприятие, Галактика, Парус.

    Оларды заттық қосымшалар деп айтамыз. Ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, шығару және таратуды қамтамасыз ететін технологиялықүдеріс іспетті құрамдас бөлшекті қарастырайық.

    Экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалау және пайдалану үшін, жобалаудың және деректерді өңдеудің технологиялық үдерісі жасалады. Жобалаудың технологниялық үдерісі төмендегідей бірнеше ірі кезеңнен тұрады:

     Экономикалық ақпараттық жүйе құру қажеттілігін зерттеу және негіздеу, әзірлеу. Берілген кезеіде төмендегі жұмыстар атқарылады:

    - Техникалық тапсырманы әзірлеу;

    - Нобайлық жобаны әзірлеу;

    - Техникалық жобаны әзірлеу;

    - Жұмыс жобасын әзірлеу;

    - Енгізу және жұмыс жобасын аяғына жеткізе орындау;

    - Жүйені пайдалану

    Жобалаудың нақ осы кезеңінде: ақпараттық кірме және шықпа ағындарын, олардың тұрпаттарын, талап етілетін техникалық ресурстарды, оларды өңдеудің бағдарламалық құралдарын анықтау мәселелері шешіледі. Жұмыстың жобаны әзірлеген кезде деректердің сызбанұсқасы ісөәрекеттердің

    менюі, бағдарламалар сызбанұсқалары, бағдарламалардың өзара әрекеттесу сызбанұсқасы, жұмыс жүйесінің сызбанұсқалары жобаланады.

    Деректер сызбанұсқасы міндеттерді шешу барысында деректердің пайда болған сәтінен тұтынушыға берірлгенге дейінгі жолын кескін түрінде өңдеудің кезеңдерін, сондай – ақ қолданылатын деректерді иеленушілерді анықтайды.

    Іс – әрекеттер менюі – бұл пайдаланушының таңдауы үшін қолжетімді іс – әрекеттер тобын білдіретін экран бетіндегі нысандардың деңгейлес тізімі. Пайдаланушы әрекетті таңдағаннан кейін түсіп қалатын меню пайда болуы мүмкін.

    Бағдарлама сызбанұсқасы бағдарламадағы операциялардың бірізділігін, яғни оның алгоритмін бейнелейді.

    Бағдарламалардың өзара әрекеттесуінің сызбанұсқасы бағдарламалар мен өзара іс – әрекеттердің тиісті деректермен күшейтілуі жолын көрсетеді. Әр бағдарлама тек бір – ақ рет көрсетіледі. Бұл сызбанұсқаның болуы кез келген әрекетті меню көмегімен таңдауға болатындығымен түсіндіріледі, әйтсе де нақты міндетте іс – әрекеттердің бұзуға болмайтын белгілі тізбектілігі болады. Мысалы, деректердің өзекті етілмеген қорын пайдаланудың мәні жоқ.

    Жүйе жұмысының сызбанұсқасы операцияларды және деректер ағынын басқаруды, экономикалық ақпараттық жүйелерде деректерді өңдеудің технологиялық үдерісін бейнелейді. Алдыңғыға қарағанда бұл сызбанұсқа деректерді өңдеу операциялардың барлық мүмкін тізбектіліктерін көрсетеді, ол кезде сол бір бағдарламаны бірнеше рет пайдалануға болады.

    Деректерді өңдеудің технологиялық үдерісінде операциялар мен кезеңдер ажыратылып көрсетіледі. Операция – бұл бір жұмыс орнында атқарылатын қарапайым іс – әрекеттердің деректерді өңдеудің белгілі бір қызметін жүзеге асыруға келтіретін жиынтығы. Операция деп деректерді өңдеуге байланысты кез келген үдерісті айтамыз. Операцияны бағдарлама не қосымша бағдарлама атқарады. Кезең – бір – бірімен өзара байланысты операциялардың деректерді өңдеудің аяқталған қызметін жүзеге асыратын жиынтығы.

    Технологиялық үдерісте келесі: бастапқы, негізгі және қорытындылаушы кезеңдер ажыратылады.

    Бастапқы кезеңде алғашқы құжатты толтыру және қалыптастыру, оларды жинау, көзбен шолып бақылау, тіркеу, кодтау, жиынтықтау, бақылау сомаларының есебі, машиналық сақтаушыға ауыстыру жүргізіледі. Бұл кезеңді көбінесе машинаға дейінгі кезең деп атайды және барлық операциялар іс жүзінде қолмен атқарылады.

    Көзбен шолып бақылау толтырудың анықтығын, қолдың қойылған болуын, реквизиттерді өткізудің болмауын және т.б тексереді. Қателер болған жағдайда, әдетте, деректер көзі орындайтын түзету операциясы көзделген. Енгізілетін ақпараттар мен аралық файлдардың көлемін қысқарту үшін кодтау операциясы енгізіледі, яғни бір немесе бірнеше реквизитке код беріледі.

    Әдетте, атаулар кодталады, ол үшін арнайы әзірленген анықтамалықтар және жіктегіштер беріледі.

    Деректерді жиынтықтау – лажсыздық операциясы. Деректердің үлкен көлемін енгізу барысында олар қораптарға бөлінеді. Әр қорапқа нөмір беріліп, ол да енгізіледі. Жиынтықтау іздестіруді және қатені түзетуді жеңілдетеді, енгізілетін деректердің енгізу толықтығын бақылауды қамтамасыз етеді, машиналық сақтаушылардағы деректерді енгізу, дайындау үдерісін тоқтатуға мүмкіндік береді.

    Бақылау сомаларының есебі реквизиттер топтары бойынша немесе бүкіл құжат (жазба) бойынша деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін орындалады.

    Енгізілген деректерді бағдарламалық бақылаудың басқа да әдістері бар.

    Машиналық сақтаушыға көшіру операциясы үлкен ЭЕМ – дерде орындалады. Негізгі сақтаушылар перфотаспалар, перфокарталар, магниттік таспалар болады. Қазіргі уақытта бұл операция көбінесе клавиатурадан компьютерге тікелей енгізумен, құжатты көшірумен, штрих – кодтарды танумен, сонымен бірге дерекетерді желі бойынша алумен немесе дерекқордан сұратумен бірге атқарылады.

    Негізгі кезең деректерді ЭЕМ – ге енгізу операциясынан, деректер мен жүйелердің қауіпсіздігін бақылау, сұрыптау, іріктеу, түзету, топтау, талдау, есеп жүргізу, есеп – қисаптарды оларды құру және шығару сияқты іс – шаралардан тұрады. Барлық операциялар компьютермен орындалатындықтан, бұл кезең машиналық деп аталады.

    Деректерді енгізу операциясы – технологиялық үдерістің негізгі және күрделі операцияларының бірі. Экономикалық деректер қағазға жазылған құжат түрінде, электрондық құжат бейнесінде, штрих – код, электрондық кесте түрінде берілуі, деректер қорынан сұратылуы, желі бойынша алынуы, клавиатурадан енгізілуі, ал келешекте сөйлеу енгізу іске асырылыуы мүмкін. Енгізу міндетті түрде бақылау операциясымен қатар жүреді, өйткені анық емес деректерді өңдеудің мәнісі жоқ. Деректердің өздері кез келген тұрпатта: мәтіндік, кестелік, графикалық сызбанұсқалар, білімдер, нақты әлем түрінде болуы мүмкін. Оның үстіне, ЭАЖ – дың бір қосалқы жүйесі әдетте әртектес деректермен жұмыс істейді, деректер сенімділігін бақылау, деректер қауіпсіздігін және компьютерлік жүйелерді бақылау сияқты жұмыстарды атқарады. Деректердің сенімділігін бақылаубағдарламалық түрде енгізу және өңдеу кезінде орындалады.

    Деректер мен бағдарламалардың қауіпсіздігі құралдары оларды көшіруден, бұрмалаудан, рұқсат берілмеген алудан қорғайды. Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі құралдары ұрлықтан, вирустардан, пайдаланушылардың дұрыс емес жұмысынан, рұқсат берілмеген алудан қорғайды. Сұрыптау бір немесе бірнеше кілт арқылы файл жазбаларын реттеу үшін қолданылады. Жазба – бұл бағдарлама мен сыртқы зерде арасындағы айырбастың ең кіші бірлігі. Әдетте, бір жазба бір құжаттың (емтихандық жеке ведомость) немесе оның аяқталған бөлігінің ақпаратын (топтың емтихандық ведмостындағы жол) құрайды. Файл – жазбалар жиынтығы. Жазба мен файл құрылымын пайдаланушы жобалауда анықтайды.

    Кілт – жазбаларды сәйкестендіруге қызмет ететін деректеме немесе деректемелер тобы. Мысалы, емтихандық ведомость жазбасын бағалар бойынша сұрыптау. Кілт болып баға саналады. Сұрыптау ары қарайғы өңдеуді жеңілдетеді. Утилита ретінде ол барлық файлдық жүйеге қатысады.

    Іріктеу – деректерді берілген сүзгілер – талдауды бағалау белгілері арқылы өткізу операциясы. Операцияны орындау нәтижесінде пайдаланушыға бір немесе бірнеше шартты (таңдау бағалау белгілерін) қанағаттандыратын деректер беріледі. Мысалы, емтихан ведомосты файлынан үздіктерді табу.

    Түзету – файлды немес қорды өзекті ету операциясы. Ол қарап шығу, ауыстыру, алып тастау, жаңаны қосу операцияларынан тұрады. Бұл операциялар жекелеген деректемелерге, жазбаларға, жазбалар тобына, файлға, қорға қолданылады.

    Топтау немесе ақпар, мәлімет – бір немесе бірнеше кілт бойынша жазбаларды бірнеше дербес, салыстырмалы түрде жаңа нысандар – топтарға біріктіру операциясы. Excel – де бұл операция шоғырлау деп аталады.

    Талдау – бүтінді құраушы бөліктерге бөлшектеуге, бір нәрсені талдауға, қарауға негізделген ғылыми зерттеулерді іске асыратын операция. Талдауды жүргізу үшін экономикалық – математикалық, статистикалық әдістер, үрдістерді анықтау, болжау, үлгілеу, кестелер, диаграммалар құру әдістері пайдаланылады.

    Есеп айырысу – нәтижелер мен аралық деректерді алу үшін талап етілетін есеп айырысуды орындауға мүмкіндік беретін операция.

    Есеп – қисаптар қалыптастыру – тұтынушыға қалыпты жағдайда жеткізу үшін, нәтижелерді рәсімдеу және шығару операциясы.

    Шығару – басуға, деректер базасына, файл, дисплей, ЭЕМ желісі бойынша нәтижелерді шығару операциясы.

    Қорытынды кезең келесі операцияларды құрайды: нәтижелерді көзбен шолып бақылау, көбейту, қол қою және тұтынушыға беру. Бұл кезеңді сонымен қатар машинадан кейінгі кезең деп те атайды. Егер компьютер ақпараттық қызметкердің жұмыс орнында орнатылса, онда қорытынды кезең тек бақылау операциясынан (шығарудың айқындығы, нәтижелердің қарама – қайшы еместігі) тұрады. Барлық қалған операцияларды машиналық кезеңде орындаға болады, өйткені электрондық қол қою әлдеқашаннан бар, ал ақпараттық жұмысшы тұтынушының өзі болады немесе нәтижелер желі бойынша беріледі немесе қорға жазылады.

    Бизнес үлгілерінің пайда болуы және бизнес – үдерістердің негізінде АЭЖ – ды жобалауға өту – жобалау кезеңдері құрамын, олардың мазмұнын, құрылымы мен қызметін өзгертеді. Бұл мәселелер ЭАЖ – ды жобалау барысында қаралады.

    Сонымен, бұл тарауда сіздермен бірге ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктерін, экономикалық ақпараттық жүйелердің аймақтың,мемлекеттің, яғни қазіргі бизнес – үдерістің орын теуіп жатқан жерлеріндегі дамуы рөлін қарастырдық.
    Ақпаратты жүйелердің ресустары.

    1. Ақпаратты жүйелердің ресустары.

    Ақпараттық жүйенің қалыптамалық көрінісі кешенді түрде элементтердің екі түрін: үдерістерді (енгізу, өңдеу, шығару, сақтау, бақылау) және ресурстарды (жабдықтар, бағдарламалар, деректер, адамдар, өнімдер) бейнелейді. Нақты жағдайларда АЖМ – да адамдар жұмыс істейді. Олар деректерді жабдыққа енгізеді және ақпаратты (жүйелер өнімдерін) қолданады.

    АЖМ – бұл адам – машиналық жүйе. АЖМ жұмысы екі түрлі адамдық ресурстарсыз – түпкілікті пайдаланушылар (менеджерлер) және кеңесшілерсіз (жүйелік талдаушылар, бағдарламашылар, инженерлер) болмайды. Адамдар жүйенің барлық басқа түрлерін біріктіріп, оларды толықтырып және олардың өзара әрекеттесуін ұйымдастырады. Өзара байланысқан, мықты ықпалдастырылған ақпаратты түбегейлі пайдаланушылардың саны артып отырған ірі ұйымдарда кеңесшілерге деген қажеттілік пайда болып, әрі ұлғайып келе жатыр.

    Түпкілікті пайдаланушының ақпараттық жүйесінің (ТПАЖ) ресурстары мыналарды: түпкілікті пайдаланушының компьютерлік қосымшаларын, жабдықтарды, бағдарламаларды, адамдарды, деректердің көптеген қорларын қамтиды.

    Өндірілетін, ақпараттық технологиялар нарығында сатылатын, сатып алынатын, қалған ресурстар төрт топқа: техникалық ресурстар (жабдықтатр), бағдарламалық ресурстар, деректер қорлары, телекоммуникациялар деп бөлінеді.

    Халықаралық сауда жүйесінде біршама бөлек номенклатура қолданылады, өйткені телекоммуникацияларда ақпараттық жүйелердегі байланыс үдерістерін қамтамасыз ететін ресурстардың арнайы топтарына бөлінетін жабдықтар мен бағдарламалар пайдаланылады.

    Ең көп тармақталған топ – құрал – жабдықтар ресурстары. Бағдарламалық ресурстардың да кең жиынтығы бар. Деректер ресурстары – бұл түрлі деңгейлердегі (корпоративтік, фирмалардың, жұмысшы топтарының жекелеген) деректер қорлары (ДҚ).

    Ақпараттық жүйелер құру барысында жобалаушылар қолданыстағы жүйенің үдерістері мен ресурстарын талдайды, ал содан кейін жаңа ақпараттық технологиялардың негізінде олардың ең тиімді өзара іс ө әрекеттерін жобалайды.

    АЖ жобаларын енгізу кезеңінде ресурстардың бір бөлігі нарықта сатып алынады, ал (деректер қоры және «толық дайын» бағдарламалар) тікелей нысанда өз ұйымының күшімен құрылады. Ресурстарды сатып алу мәселелері

    менеджер мен директордың қатысуымен шешіледі, сондықтан болашақ менеджерлердің ақпараттық жүйелер ресурстарының түрлерін және қызметін білулері қажет.

    Компьютер мен бағдарламаларды өздерінің күнделікті жұмыстарында қолдаудың көмекші құралы ретінде пайдаланатын қазіргі заманғы менеджерлер, одан бөлек, ақпараттық технологияларды бизнесінің басты нысаны жасай алады. Сондықтан бұл құралдардың жиынтығын қолданыстағы халықаралық стандарттардың анықтамалары деңгейінде білулері керек.

    Халықаралық ELTO TASK FORCE жұмысшы тобы және IDC корпорациясы келісіміне сәйкес келетін сауда статистикасы саласындағы EO стандарттарының талаптары аясында негізгі анықтамалар жүйесі бар.

    Халықаралық жұмысшы тобының келісіміне сәйкес келетін сауда статистикасы саласында EO стандарттары талаптары шеңберінде негізгі анықтамалар жүйесі төмендегі бөлімдерден тұрады:

    1. АТ және АКТ жалпы анықтамалары:

    1.1. Техникалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлшектері

    1.2. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлшектері

    1.3. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ).

    2. Аппараттық құралдар (компьютерлік құрал ө жабдықтар):

    2.1. Деректерді өңдеу жүйелері

    2.2. Көп пайдалануға арналған жүйелер

    2.2.1. Үлкен жүйелер

    2.2.2. Орташа жүйелер

    2.2.3. Кіші жүйелер

    2.3. Жұмыс стансалары

    2.4. Дербес компьютерлер (ДК немесе ДЭЕМ)

    2.4.1. Портативті ДК

    2.4.2. Үстелүсті ДК

    2.5. ДК үшін принтерлер

    2.6. Кеңселік құрал – жабдық

    2.6.1. Жазу машиналары

    2.6.2. Калькуляторлар

    2.6.3. Көшіру техникасы

    2.6.4. Басқа кеңселік және қызметтік құрал – жабдықтар

    2.6.5. Желілік құрал ө жабдық

    2.6.5.1. ЖЕЖ интерфейсі

    2.6.5.2. ЖЕЖ зерделік шоғырландырушылары

    2.6.5.3. Терминалдық серверлер

    2.6.5.4. Желіаралық құрал – жабдықтар

    2.6.5.5. Басқа деректерді беру аппаратурасы

    3. Бағдарламалық өнімдер

    3.1. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету

    3.2. Көмекші бағдарлама – утилиталар

    3.3. Қолданбалы бағдарламалық құралдар

    қызметі

    3.4. Қолданбалы бағдарламалық шешімдер

    4. Қызметтер

    4.1. Кәсіптік қызметтер

    4.2. Есептеуіш қызметтер

    4.3. Желілік қызметтер

    4.4. Техникалық қызметтер ж2не құрал – жабдықтарды қолдау


    5. Телекоммуникациялық құрал – жабдықтар

    5.1. Пайдаланушының үй – жайында орналастырылатын

    5.2. Қарым – қатынас қызметтерін қамтамасыз етуші.
    6. Байланыс желісі қызметтері

    6.1. Дыбысты (дауысты) беру желілерінің қызметтері

    6.2. Деректерді беру желілерінің қызметтері

    6.3. Пайдаланушының тұрақжайларында құрал – жабдыққа орнату ж2не жұмыс істеу бойынша қызметтер.

    АТ және АКТ – лардың жалпы анықтамасы. «Ақпараттық технология» (АТ) ұғымы көрсетілген келісім шектерінде төмендегілерді өндіруге жатады:
    - техникалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлшектері (есептеуіш жүйелер және желілер, кеңсе жүйелері, деректерді өңдеу мен беру және т.б. немесе аппараттық құралдар (компьютерлік құрал - жабдықтар);

    - бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлшектері (жүйелік, қолданбалы, көмекші) немесе бағдарламалық өнімдер (бағдарламалық құралдар);

    - қызметтің алуан түрлері (кәсіптік, есептеуіш, желілік, ақпараттық, техникалық).

    «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» (АКТ) телекоммуникациялық құрал – жабдықтар және коммуникация қызметтерімен бірге қаралатын ақпараттық технологияларға жатады.

    Ақпараттық құралдар анықтамаларының сауда номенклатурасында жалпы қолданыстағы құралдардың алты түрі бөлінген: деректерді өңдеу жүйелері, көп пайдалануға арналған жүйелер, жұмыс стансалары, дербес компьютерлер, ДК үшін принтерлер, кеңсеге арналған құрал – жабдықтар. Кеңсеге арналған желілік құрал – жабдықтардың құрамында деректерді беру аппараттары бар.

    Деректерді өңдеу жүйесі (есептеуіш жүйелері) орталық процессорларды және негізгі шеткі құрылғыларды қамтиды. Шеткі құрылғыларға, мысалы, деректерді жинақтау және сақтау құрылғылары, терминалдар және басқалары, сонымен бірге оны кеңейткен (жаңалаған) кезде негізгі пішін үйлесімін толықтыратын құрамдас бөлшектер жатады.

    Жүйелердің үш түрін (үлкен, орта және кіші) қамтитын көппайдаланымдық жүйелер бір рет пайдаланылатын жұмыс стансасына және дербес компьютерлерге жатпайды. Көппайдаланымдық жүйелердің жалпы белгісі болып олардың екі және одан артық пайдаланушының жұмысын көп міндетті режимде қолдауы саналады.

    Үлкен жүйелерге жалпы қолданыстағы қуатты әмбебап ЭЕМ – дер, супер компьютерлер, ғылыми зерттеулер үшін мамандандырылған жоғары жылдамдықтағы ЭЕМ – дер жатады. Есептеуіш жүйелерді үлкен жүйелердің қосалқы тобына жатқызудың баға белгілері, бәрінен бұрын, олардың құны болады.

    Көппайдаланымдық орташа жүйелердің қосалқы тобына ұқсас белгілері бойынша дәстүрлі супер – мини ЭЕМ – дер және жалпы қолданыстағы кіші әмбебап ЭЕМ ө дер жатқызылады.

    Көппайдаланымдық жүйелерден айырмашылығы – екі және одан көп пайдаланушының жұмысын көп міндетті режимде ұстап тұрмайтын, бір рет пайдаланылатын компьютерлік құрал – жабдық жұмысшылар стансасы тобына жатқызылған.

    «Дербес компьютерлер» (ДҚ немесе ДЭЕМ) тобы компьютерлердің екі: алып жүретін (порталдық) және үстелүстілік түрін құрайды. Құрал – жабдықты таңдау барысында дербес компьютерлердің сапасын бағалау көрсеткіштердің үлкен саны негізінде іске асырылады, олар әдетте, төмендегі: сенімділік, жалпы сапа, қолданбалы бағдарламалардың болуы, қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлесімділік, пайдаланылатын компьютерлермен аппараттық үйлесушілік, қолданудың қарапайымдылығы іспетті топтарға біріктіреді.

    Ерекше топқа ДК үшін принтерлер жатқызылған.

    «Кеңселік құрал - жабдық» түсінігі әр түрлі жазу машинкаларын (электрондық, электр және механикалық), калькуляторды (қол, қалта, үстелүсті, кәсіптік), көшіру техникасын (дербес, сандық және түрлі түсті), сондай – ақ басқа да кеңсеге арналған және қызметтік жабдықтарды (мысалы, электрондық касса аппараты, электрондық сауда жабдығы, банкомат есептеуіштері және т.б.) қамтиды. Кеңсе жабдықтарына жүйелік жабдық та кіреді, оның өзінің қосалқы топтары бар.

    Желілік құрал – жабдықтар анықтамасына көппайдаланымдық жүйелерді, ДК немесе жұмысшы стансаларын жергілікті есептеу желілеріне (ЖЕЖ) қосу құрылғысы, сонымен бірге техникалық және бағдарламалық қамсыздандырудың басқа санаттарында есептелетін серверлер кіреді.

    Желілік құрал – жабдықтардың негізгі санаттары ЖЕЖ интерфейстері, ЖЕЖ зияткерлік шоғырландырушылары, терминалдық серверлер, желіаралық жабдықтар ж2не деректерді берудің басқа аппаратурасы болып саналады.

    «Басқа» санатына модемдерді, пакеттерді, желіге қосу құралдарын, сандық ауыстырып қосқыштарды, қосу процессорларын, топ бақылаушыларын және басқаларды жатқызуға болады.

    Аталған аппараттық жалпы қолданыстағы құралдар экономиканың әр түрлі салаларында қолданудың кең ауқымына ие. Одан бөлек, тағы арнайы құралдар да бар. Мысалы, банктің ақпараттық жүйелерінде банктің автомат – кассирлері, кредит карточкаларының авторизаторлары (рұқсат берушілері), пластик карточкалардан оқу құрылғысы кеңінен пайдаланылады. Сондай – ақ дербес, әскери, полициялық және басқалар үшін ерекше құралдар бар.

    Құрылым, номенклатура және бағдарламалық қамтамасыз етудің Бұл жерде бағдарламалық өнімдер құрамында олардың төрт тобы: жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету, көмекші бағдарламалар – утилиталар қолданбалы бағдарламалық құралдар, қолданбалы бағдарламалық шешімдер ажыратылып көрсетілген.

    Телекоммуникациялық құрал – жабдықтарды топтастырудың негізіне пайдаланушының санатқа көзқарасы салынған. Тиісінше, құрал – жабдықтардың екі тобы ажыратылады. Бірінші топ пайдаланушының тұрақжайында орналастыру белгілері бойынша біріктіріледі Телекоммуникациялық құрал ө жабдықтардың екінші тобы коммуникациялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. Коммуникациялық қызметтердің номенклатурасы мен мазмұны ашылып көрсетілген.

    Сонымен, бұл тарауда біз ақпараттық жүйелердің ресурстарын қарастырдық. Негізгі ұғымға, яғни элементтердің екі түрін: үдерістер мен ресурстарды жан – жақты көрсететін ақпараттың жүйенің қалыптық көрінісіне ерекше назар аударғымыз еді. Аталған түсінікке сүйене отырып, ақпараттық жүйелер ресурстары ұғымын егжей – тегжейлі құрылымдауға болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта