Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазіргі заманға корпоративтік ақпарат жүйелері

  • База данных. пособие. Ермагамбетова т. С


    Скачать 228.1 Kb.
    НазваниеЕрмагамбетова т. С
    АнкорБаза данных
    Дата28.12.2021
    Размер228.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапособие.docx
    ТипДокументы
    #320784
    страница4 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Деректердің – деректерді өңдеу жүйелерінің қоймасы.

    1.Data Warehouse, DW, ДҚ – ақпараттарды сақтау орны, деректер қоймасы.

    2.Data Mart – деректер сөресі (дүңгіршек, секция, дүкен, нарық, ДС).

    3.Деректерді сақтауды жүзеге асырудың негізгі мәселелері.
    Деректер қоймасының (ДҚм) бірнеше анықтамасын талдайық:

    • бұл құрымдалған сақтаудың және ақпарттардың Off-line талдауында оларды жылдам іздестірудің орталықтандырылған қоры;

    • бұлзаттық-бағытталған,ықпалдастырылған,өзгермейтін,хронологияны сақтап тұратын және деректердің шешімдерді қабылдауды қолдауға арналған өзгермейтін жиынтығы және оны пайдаланушылары-бұл жоғары және менеджмент,талдаушылар,бизнес-талдаумен маркетинг бөлімшелерінің өкілдері;

    • бұл бір не бірнеше ДҚ-дан тұратын,тиісті және келісілген бизнес- талдауды (Business Intelegence,BI) ұйымының барлық бизнес-бөлімшелеріне жеткізу үшін жобаланған орта;

    • бұл-басшылардың негізделген шешімдер қабылдауға қажет ақпарттарға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін басқару құралы;

    • бұл-басшылыққа стратегиялық шешімдер қабылдауға,деректердің үлкен көлеміне талдау жүргізуге,өз кәсіпорнының жасырын мүмкіндіктерін ашуға және бәсекеге жарамдылығын жақсартуға көмектесетін құрал;

    Деректер қоймасы тұжырымдамасы деректерді ұзақ уақыт сақтау мақсатында жинақтау және ұсыну,статистикалық талдау және есеп-қисаптарын құру үшін пайдаланушыларға ыңғайлы нысанда нәтижелі ақпарттар беріп отыру,жинау,іріктеу,алдын ала өңдеу үдерісін айқындайды.ДҚм тұжырымдамасы негізінде біртектес емес деректер көздерін біріктіруде негіз қалаушы екі:Ықпалдастар және Бөлу идеясы жатыр.
    Data Mart – деректер сөрелері(дүңгіршек, секция, дүкен, нарық, ДС)

    Корпоративтік деректер қоймасының жеңілдетілген нұсқасы Деректер сөресі (дүңгіршек, секция, дүкен, нарық) болып саналады. Бұл-ұйым қызметінің жекелеген аспектілеріне жататын ақпараттардан тұратын тақырыптық тұрғыда байланысқан деректер қорлары жиынтығы. Істің мәніне келсек, ДС – ол корпоративтік ДҚм-на қарағанда көлемі жағынан елеулі жеңілдетілген ДҚм нұсқасы, оны іске асыруда ерекше қуатты есептеуіш техника талап етілмейді.

    ДС тұжырымдамасын 1991 жылы Forrester Research ұсынған. Оның негізгі идеясы бойынша ДС түпкілікті пайдаланушыға барынша жақындайды және көлемі жалпы корпоративтік Дқм-нан айтарлықтай кіші,күні бұрын біріктірілген көптеген тақырыптық деректерден тұрады, демек, қолдау үшін

    азырақ өндіргіш техниканы қажет етеді. ДС тұжырымдамасы корпоративтік деректерді өңдеуге емес, тек сақтауға бағытталған. Ол мақсатты талдау жүйелерінің сәулетін алдын ала анықтамайды, тек олардың жұмыс істеуі үшін, деректерге қойылатын талаптарға ден қоя отырып, қызмет аясын қалыптастырады. Сөйтіп, мақсатты (хабарламалық, көпөлшемді) деректерді және қойма деректерін талдау режимдерін көрсету тәсілдеріне қатыстының барлығында таңдау еркіндігін береді.

    Көп жағдайда ДС (деректер сөресі) – бұл әдетте бір қосымшаның, бизнес- үдерістің не бөлімнің жұмыс саласын қуаттайтын талдамалы құрылым. Бөлім қызметкерлері ақпаратқа қойылатын талаптарды қорытындылайды және әр сөрені өз мұқтаждықтарына қарай бейімдейді. Содан кейін олар ақпаратпен жұмыс істейтін қызметкерлерді интерактивті есеп-қисап құралдарымен (мысалы, OLAP құралдарымен, жоспарланбаған сұратуларды қалыптастыру құралдарымен және өлшемдері алынған есеп- қисаптармен) қамтамасыз етеді. Бұл құралдар қызметкерлерге деректерге тереңдетуге және олардың «ол шетінен бұл шетіне дейінгі» трендтерді анықтау және осы қызметкерлер басқарып отырған міндеттер мен үдерістердің қозғаушы күштері болып табылатын оқиғалардың егжей-тегжейлі көрінісін алуды қамтамасыз ететін кеңістік құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
    3.Деректерді сақтауды іске асырудың негізгі мәселелері

    Бағдарламалық ортаның біртекті еместігі

    ДҚм ешқашанда бос жерде құрылмайды. Әрқашан дерлік түпкілікті шешім әртектес болады, яғни онда дербес әзірленген бағдарламалық құралдар пайдаланылылады. Бәрінен бұрын, бұл әртекті ДҚ-лардың электронды мұрағаттардан, көпшілік және коммерциялық электронды каталогтардан, анықтамалардан, статистикалық жинақтардан түсуі мүмкін деректердің біріктіріліп келісілген жиынтығын қалыптастыруға қатысты болады. Деректер қоймасын құру барысында біртектес емес бағдарламалық құралдар мен шешімдер негізінде біртұтас, келісілген түрде жұмыс істейтін ақпараттық жүйе құру міндетін шешуге тура келеді. ДҚм-ның жүзеге асыру құралдарын таңдаған кезде түрлі бағдарламалық құрамдас бөлшектердің үйлесімділігі деңгейін, оларды игеру және пайдаланудың оңайлығын, жұмыс істеуінің тиімділігін қамтитын көптеген факторларды есепке алу қажет.

    Ұйымдастырудың бөлінген сипаты

    ДҚм тұжырымдамасында операциялық талдап өңдеу негізгі қойманың орналасқан жеріне байланыссыз желінің кез келген торабында орындалады. Талдап өңдеуде деректер тек оқылғанымен, синхронизацияға қажеттілік болмағанмен, тиімділікке жету үшін деректер қайталамасын желінің әр торабында ұстап отыру керек. Іс жүзінде бұның бәрі оңай емес. Деректер қоймаларына қойылатын талаптардың бірі – жаңа ақпараттың ДҚм-ға тезірек түсуі, яғни жедел ДҚ-ның жаңалануы әлеуетті түрде деректер қоймасын деректермен толықтыруға бастамашылық білдіре алады, ал ол кезде барлық жауаптарды жаңарту керек, сол үшін үйлесімділік бәрібір қажет.

    Деректердің қауіпсіздігіне талаптардың өсуі

    Корпорацияның даму тарихы туралы оның жетістіктері мен сәтсіздіктері, өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің арақатынасы туралы, нарықтың тарихы мен жай-күйі туралы бірге жинақталған келісілген ақпарат корпорацияның өткен және ағымдағы қызметін талдауға, келешекке болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат корпорация үшін соншалықты құнды болғандықтан, оның жойылуына жол беруге болмайды (шын мәнінде, егер бір корпорацияның ДҚм-ы екінші компания талдаушыларының қолына түссе, онда бірінші компанияның барлық талдау болжамдары сол бойда дұрыс болмай шығады. Деректер қоймаларына негізделген жүйелерде SQL тілі стиліндегі деректердің әдеттегі ДҚБЖ қамтамасыз ететін қорғауы жеткіліксіз. Қорғауды қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін, деректерге қолжетімдік кестелер мен бағандар деңгейінде ғана емес, жекелеген жолдар мен ұяшықтар деңгейінде де бақылануға тиіс. Пайдаланушыларды түпнұсқаландыру, жедел ДҚ-лардан және сыртқы дереккөздерден ДҚм-ға ауыстырған кезде, деректерді желі бойынша орын ауыстыруы кезінде оларды қорғау мәселесін шешуге тура келеді.

    Метадеректердің көп деңгейлі анықтамалықтарының болуы қажеттілігі

    Егер оперативті ақпараттық жүйелерде метадеректердің (әдетте, кесте каталогтарда болатын) рөлі жеткілікті шектеулі болса, онда OLAP-жүйелер үшін жетілген метадеректердің және оларды түпкілікті пайдаланушыларға беретін құралдардың болуы нәтижелі іске асырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Мысалы, корпорация менеджері жүйеге өз сұрағын қоймас бұрын, қандай ақпараттың бар екенін, оның қаншалықты өзектілігін, оған сенуге болатын-болмайтынын, жауапты қалыптастыру қанша уақыт алатынын және басқа сұрақтарды түсініп алуға тиіс.

    Сонымен, бәсекеге қабілеттілікті сақтауға және компанияның болашағы туралы негізделген шешімдер қабылдауға қажетті деректер көлемі сияқты деректер қоймасы қазіргі компаниялар үшін барған сайын үлкен маңыз алып отыр. Компанияның деректер қоймасы көбінесе деректер сөрелері жинақтамасынан, клиенттер жайындағы, сатылымдар туралы деректер жинақтамасынан тұруы немесе компания бөлімінің адам ресурстарын қолдау үшін арнайы құрылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда деректер сөрелері деректердің басты қоймасының деректері негізінде құрылады.
    Қазіргі заманға корпоративтік ақпарат жүйелері

    1.Қазіргі заманға корпоративтік ақпарат жүйелері

    2.Корпоративтік ақпарат жүйелерінің құрылымы

    3. Корпоративтік ақпараттық жүйелердің әлемдік нарығы

    Қазіргі заманғы кәсіпорынды тиімді басқару - пайдаланылатын ресурстардың алуан түрлілігін, операциялық орта өзгерістерінің жоғары жылдамдығын ескере отырып, қарабайыр міндеттерді білдіреді.

    Жүйелік талдаушының көзқарасы бойынша барлық ұйымдар бір-біріне өте ұқсас. Қызмет түріне байланыссыз, олардың әрқайсысының құрылымына компания қызметінің бір немесе басқа түрін тікелей іске асырушы көптеген бөлімшелер, сонымен бірге дирекция, бухгалтерия, кеңсе және олар өзара ақпараттармен алмаса отырып, сатылас және деңгейлес байланыстарға толы, сондай-ақ негізгі бизнес-үдерістің бір бөліктерін орындайтын басқа бөлімшелер кіреді. Оның үстіне, бөлімшелердің кейбіреулері, мысалы, дирекция, қаржы және жабдықтау қызметтері сыртқы серіктестермен (банк, салық инспекциясы, өнім берушілер және ұйымдар), сол сияқты компанияның өз финалдарымен өзара бірлесе әрекеттеседі.

    КАЖ-дың сипаттары

    Басқарудың негізгі қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, жұмылдыру, үйлестіру, бақылау және талдау болып табылады, олар кәсіпорын қызметінің түрлі салаларының көп өлшемді кеңістігінде іске асырылады. Жоғарыда аталған қызметтерді орындау барысында қалыптасатын басқарушылық шешімдер нақты орындаушылар үшін негізгі басты мақсат іспетті. Лауазымдық міндеттер мен жекелеген тапсырмалардың орындалуын автоматтандырудың кейінгі уақытта іс жүзінде стандартқа айналуына байланысты, тікелей басқару қызметтерін автоматтандыру ерекше өткір мәселе болып отыр.

    Сонымен, кез келген кәсіпорын - өзара әрекеттесуші, әрқайсысында бірнеше деңгейден тұратын өзінің сатылық құрылымы бар бөлімшелердің жиынтығы. Бөлімшелердің бір-бірімен қызметтік байланыстары бар, яғни олар бірыңғай бизнес-үдеріс шеңберінде қызметтің жекелеген түрлерін орындайды. КАЖ, әдетте, бүкіл қаржылық-шаруашылық және өндірістік қызметі бар, оның ішінде, холдингі, компаниялары мен концерндер кіретін, филиалдары және еншілес фирмалары бар кәсіпорындарды қамтиды. Одан бөлек, бұл элементтер сыртқы жүйелермен өзара әрекеттеседі, оның үстіне, олардың өзара іс- әрекеттері ақпараттық та, қызметтік те бола алады. Сондай-ақ бұл жағдай іс жүзінде қызметтің қай түрімен айналысса да, барлық ұйымдар - үкіметтік мекеме, банк, өнеркәсіптік кәсіпорын, коммерциялық фирмалар және басқа ұйымдар үшін әділетті.

    Корпорациялық ақпараттық жүйенің құрамы

    Демек, КАЖ құрамына: бизнес-үдерістерді құжаттық қамтамасыз ету құралдары, заттық салаларды ақпараттық қолдау, коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз ету, қызметкерлердің ұжымдық жұмысын ұйымдастыру құралдары және басқа көмекші (технологиялық) өнімдер осыған ұқсас кең салалы жүйе теңдей, жол берілетін ең жоғарғы деңгейде ұйымның барлық бөлімшелерін қанағаттандыруға, мүмкіндігінше қолда бар бизнес- үдерістерді, сондай-ақ басқару әдістері мен құрылымын сақтап қалуға тиіс. Іс жүзінде автоматтандыруды қоспайынша, үнемі өзгеріп отыратын бизнес- үдерістерді бақылау тіпті де мүмкін емес.

    КАЖ құрамына бағдарламалық өнімдердің, аз дегенде үш топтың өнімдері кіруге тиіс.

    КАЖ бағдарламалық өнімдерінің топтары:

    • кәсіпорынды басқарудың кешенді жүйелері (басқарушылық шешімдерді қолдаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері);

    • электрондық құжат айналымы жүйесі;

    • ұйымның жұмыс істеуі үлгілерін құруға, оның қызметін талдауға және оңтайландыруға мүмкіндік беретін өнімдер. Бұған ТҮБАЖ және АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйелері) топтары жүйелерін, деректерді зерделік талдау өнімдерін жатқызуға болады.

    Барлық сипатталған ортақ қасиеттеріне қарамастан, әр кәсіпорынның өз қызметінің саласына тәуелді ерекшелігі (заттық бөлігі) бар, сондықтан мамандандырылған АЖ таңдау елеулі дәрежеде оның ерекшелігіне тәуелді. Мысалы, ГАЖ-ды пайдалану арқылы қашықтықтап барлау деректері негізінде Теңіз-Шеврон аумағының табиғи-аймақтық кешендері картасы жасалды.

    Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін – CAD, CAM, PDM SCADA, MES конструкторлық-технологиялық дайындықтық автоматты жүйелері жасалған. Мысалы, қазақстандық<>компаниясы – өндірістік автоматтандыру саласындағы жүйелік біріктіруші.<>ЖШС-і жаңа салынып жатқан және қайта құрылған нысандар үшін, технологиялық үдерістерді, агрегаттарды, өндірістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізумен айналысады. Бүгінгі күнге <> компаниясы ҚР өнеркәсіптік аумағында технологиялық үдерістерді автоматтандыру саласында үздіктердің бірі болды. Компания жалпы сомасы 1ұ миллиардтан астам теңгені құрайтын 198 жобаны жүзеге асырды, ал компания мамандары әзірлеген жүйелер өндірістің түрлі салаларына – тамақ өнеркәсібінен мұнай өнеркәсібіне дейін енгізілді.

    Экономикалық қызметтер үшін – қаржылық талдау, жоспарлау және болжау жүйелері, ал коммерциялық қызметтер үшін клиенттерді есепке алу жүйесі және басқа жүйелердің болғаны дұрыс. Мысал ретінде Қазақстан Республикасы ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті пайдаланатын қаржылық ақпараттық жүйені қарауға болады.

    КАЖ-дың кейбір бөліктері ұйымдастыру ауқымы және ақпараттық жұмыстардың көлемдері сияқты сипаттамалармен анықталады. Олардың артуына қарай іс жүргізудің және мұрағаттық сақтаудың мамандандырылған үлгілерін енгізу өзекті мәселегі айналады, олардың ақпараттарды сақтаудың сенімділігінің және қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету отырып, аралас құжаттардың ірі электрондық мұрағаттарын қолдау қабілеті зор.

    Қазіргі түсінігінде бизнес-нысанның (фирмалар немесе кәсіпорындар) КАЖ-ы құрамына кіретіндер:

    • кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі (ERP-жүйе);

    • бөлінген логистиканы басқару жүйесі (SCM-жүйе);

    • сатып алуды, сатуды және сатудан кейінгі басқару жүйесі;

    • өндірістік кәсіпорындарда бұйымдар жайындағы деректерді басқару жүйесі (PDM);

    • CAD/CAM/CAE жүйелері;

    • құжат айналымы жүйесі (DocFlow);

    • Internet/ Intranerорта;

    • электрондық коммерция жүйесі (E-commerce);

    • ақпараттық ресурстарды басқару жүйесі;

    • Data Warehouse жүйесі;

    • Деректерді шығару жүйесі (Data Mining);

    • Деректерді талдау жүйесі (OLAP);

    • Жұмыс істеу кеңістігін ұйымдастыру жүйесі (Workflow);

    • Деректерді басшының талдауына ұсыну жүйесі (MIS);

    • Дербес пайдаланушылардың арнаулы жұмыс орындары;

    • Бизнес-үдерістерді үлгілеу және ұсыну жүйесі;

    • Үдерістерді математикалық және ұқсастырып үлгілеу жүйесі;

    • Деректерді математикалық (оның ішінде статистикалық) талдау жүйелері;

    • Жекелеген міндеттерді жүзеге асыруға маманданған өнімдер немесе жүйелер.

    Оның үстіне, құрамдас бөлшектердің әрқайсысы жеткілікті дәрежеде күрделі бола алады және бірнеше бағдарламалық өнімнен, әрі оларды басқару әдістерінен тұрады. Сонымен бірге КАЖ-дың жоғарыда аталған бірқатар құрамдас бөлшектері тек соңғы жылдары қалыптасқанына, ал қатары әлі қалыптастыруды жалғастыруда екеніне назар аудару керек. Бұндай жағдайда бір жеке-дара өнім бүкіл КАЖ-ды жүргізуге қатысты міндеттер кешенін жүзеге асыруға үміт арта алар ма екен. Оған қоса барлық жағдайларда бірінші екі міндеттің толыққанды шешімінен, SAP R/3-ті қосқанда, ешбір өнім үміттене алмайды.

    Бизнес-үдерістерді басқарудың қазіргі жүйелері бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыра отырып, өз айналасына әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіруге мүмкіндік береді. Сол арқылы бөлімшелер және қызметкерлер қызметін үйлестіру, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету және қызметтік тәртіпті бақылау мәселелері шешіледі, ал басшылық өндірістік үдерістің барысы туралы сенімді деректерге осы заманға сай қол жеткізе алады және өз шешімдерін жедел қабылдап, жүзеге асыруға керек құралдары бар. Ал, ең бастысы, алынған автоматтандырылған кешен ашық икемді құрылымды білдіреді, оны жылдам қайта құруға және жаңа үлгілермен немесе сыртқы бағдарламалық қамсыздандырумен толықтыруға болады.

    КАЖ пайдалану мысалы

    <<Қазақстан галактикасы>> корпорациясының бизнес-шешімдер кешені басқарушылық міндеттер ауқымын тиімді қолдауды қамтамасыз етеді, қызметінде ішкі және сыртқы өзгерістерге қарай икемді әрекет етуге мүмкіндік береді, кәсіпорын бизнес-мақсатының жетістігін және әрбір қызметкердің қолайлы да өнімді жұмысын қолдайды. Бірыңғай ақпараттық кеңістікте кәсіпорын, холдинг, компаниялар тобын басқарудың үлгілік және мамандандырылған міндеттері қолдау табады. <<Галактика>>

    корпорациясының бинес-шешімдер кешені озық ақпараттық технологиялар негізінде төмендегілермен қамтамасыз етеді:

    • Кәсіпорын ресурстарын ЕRP тұжырымдамасына сәйкес басқару;

    • Кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерін анықтау, жоспарлау, қол жеткізу, талдау есебінен басқарушылық шешімдер қабылдау (Balanced Scorecard, KPI);

    • Компаниялар тобының, холдингтің, көп филиалы бар ұйымның қорытынды есеп-қисабын құру;

    • Тапсырыстардың өміршеңдік кезеңін басқару;

    • Корпоративтік қаржыландыруды басқару;

    • Сервис пен бағытталған сәулетшілікте бизнес-қосымшаларды әзірлеу және біріктіру (SOA).

    <<Қазақстангалактикасы>>корпорациясы бизнес-шешімдерінің кешені Қазақстанның: <<Еуразиялық энергетикалық корпорация>>; <<Шұбаркөл көмірі>> АҚ-ы; Соколов-Сарыбай кен байыту ӨБ-і;

    <<Маңғыстаумұнайгаз>> АҚ-ы; <<Тау-кен компаниясы>> ЖШС-і;

    <<Қазақстан алюминий>> АҚ-ы; <<Ақтөбе темір балқыту зауыты>> АҚ- ы;<<Ақсу темір балқыту зауыты>> АҚ-ы кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылады.

    2. Корпоративтік ақпарат жүйелерінің құрылымы

    КАЖ құрылымын мақсаттық қызметті іске асыратын технологиялар анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі заманғы АЖ-дар міндетті талаптардың бүтін жиынтығына жауап беруге тиіс. Олардың арасынан төмендегілерді ерекшелеуге болады.

    • Өнеркәсіптік ДҚБЖ қолдау мүмкіндігі бар клиент-сервер сәулетшілігін пайдалану;

    • Ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді бақылау және шектеу әдістерімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    • Ақпараттарды бөліп өңдеуді қолдау;

    • Ашық стандарттар (API, COM және басқалары) есебінен кеңейту мен жедел-тәуелсіз қызмет блоктарынан үлгілік принцип құру;

    • Internet/Intranet технологиясын қолдау;

    • Пайдаланушылық сипаттамалар: басқарудың жеңілдігі, эргономикалық, оқшауландырылған интерфейстің болуы.

    КАЖ, яғни сол жоғарыда аталған қызметтер жәнетехнологиялыққа талаптар орындалатын; ең табиғи және тиімді тәсілі бизнес-үдерістерді автоматтандыру жүйесін бүкіл ақпараттық кешенінің өзегі ретінде пайдалану болып табылады.

    Кез келген кәсіпорында не фирмада КАЖ құрамына түрлі қолданыстағы бірнеше жергілікті АЖ кіруі керек, олар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, барлық деңгейде басқарушылық шешімдерді қолдайды. 16-суретте осы нұсқалардың бірі көрсетілге Жергілікті АЖ-дар арасында әртүрлі сипаттағы және қолданыстағы байланыстар ұйымдастырылады. Бір жергілікті АЖ-дар фирмада жұмыс істейтін көпсанды жүйелермен байланысты болуы немесе

    туыстастарымен және сыртқы ортаға шығуы, ал басқалары тек біреуімен немесе жақын жүйемен байланысты болуы мүмкін.

    Байланысты ұйымдастыру деген қазіргі заманғы көзқарас басқа кәсіпорынның немесе корпарация бөлімшесінің ұқсас АЖ-дарына шығатын жергілікті компьютерлік желілерді пайдалануға негізділген. Ол кезде аймақтық жә не ғаламдық ресурстар пайдаланылады.

    3. Корпоративтік ақпараттық жүйелердің әлемдік нарығы

    Қазіргі уақытта КАЖ-дың төмендегі түрлері ажыратылады: кәсіпорындар ресурстарын басқару (ERP); тапсырыс берушілермен өзара қарым- қатынасты басқару (CRM); өнім беру тізбегін басқару (SCM) және кейінгі уақытта пайда болған бірқатар басқалары (мысалы, электрондық коммерция жүйелері және кәсіпорын мүлкін басқару жүйелері ЕАМ (Enterprise Asset Management).

    Aмерикандық өнеркәсіптің 13 саласын, 800 компаниясын зерттегеннен кейін АМR Research-тан алынған мәліметтер де қызықты.

    Зерттеудің мақсаты кәсіпорындардың өз ақшаларын қандай КАЖ-ға жұмсайтындығын анықтау болды. Зерттеу нәтижесінің көрінісі мынандай: ЕRP

    – 43%; CRM – 17%; SCM – 13%; және басқа КАЖ – 27%. Оның үстіне, жоғары технологиялы компаниялар бюджеттің 28%-iн КАЖ-ға жұмсайды, дәрі-дермек шығындары – 20%, ал қаржы бойынша – 15%.

    Қазіргі уақытта әлемдік нарықта әртүрлі бағалар бойынша 500-ден астам КАЖ бар,ЕRP –жүйелер нарығында, сөзсіз, үздік компаниялар: - SAP AG, Oracle, J.D. Edwards, Peoplesoft, Baan, олардың үлесіне көрсетілген нарықтың 64%-i келді. Ол кезде еуропалық фирмалар үлесіне әлемдік нарықтың 45%-i тек SAP AG үлесіне ЕRP –жүйелер нарығының 33%-I тура келеді. Басқа КАЖ әзірлеушілерден; SCM – жүйелер өндірушілер – і2 компания Manugistics және Numetrix; CRM –жүйелер өндірушілер – Siebel, Vantive, Clarify және Ріvotal; электрондық коммерция жүйелерін өндірушілер – Аriba, Commerce one, IBM Broadvision aтауға болады. Одан бөлек, КАЖ нарығында көрнекті орын алатындар; Вrain; Sage Group; Symix Systems; Geac Computer; SCT; IBS; Epicor Software QAD/BMS; Exact Software; IFS компаниялары және басқалары.

    SAP AG (ERP-жүйесі SAP R/3). Бұл көлеміне қарай әлемдегі БҚ әзірлеуші төртінші компания. Компанияның негізгі өнімі – ЕRP-жүйесі SAP R/3, онда 1000-нан астам бизнес-үдеріс жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің 46 нұсқасы 28 тілде әзірленеді. Жүйе түрлі салаларға: ғарыш және қорғаныс; автомобиль жасау; банк ісі; химия өнеркәсібі; тұтынушылық тауар өндіру; жобалау және құрылыс; денсаулық сақтау; СМИ; дәрі-дәрмек; бөлшек сауда және басқа да салаларға енгізілді.

    1990 жылдың ортасынан бастап компания өз өнімдерін Интернетпен біріктіруге үлкен көңіл аударып келеді. SAP-тың басты назар аударғаны – Интернет-портал Му SAP.com (Sun-cepверлер қолдау көрсететін), coның көмегімен клиенттердің сұратулары бойынша оған Интернет қорында бизнесті бірігіп жүргізу үшін жеке шешім қабылдайтын ашық орта (онлайн қызметі үшін БҚ) ұсынылады. Маңыздылығына қарай SAP үшін екінші мәселе СRM

    технологияларын дамыту болып табылады. Барлық үлгілер R/3-пен біріктірілген, бірақ оларды жеке-жеке пайдалануға да болады.

    Оracle (KAЖ Оracle Applications). Бұл – көлеміне қарай әлемдегі екінші БҚ әзірлеуші. Оracle-дің негізгі өнімдерінің бірі – СRM және ЕRP қосымшалары, сонымен бірге электрондық коммерция үшін БҚ (Е-Вusiness Suite). Oracle-дің негізгі ЕRP – өнімі КАЖ Oracle Applications болып табылады. Оracle СRM өнімдері жиынтығы кәсіпорынның тапсырысшыларының өзара әрекеттестігінің барлық жақтарын – маркетинг пен сатудан сервиске дейін қамтиды және клиенттік бөлік (Front-Office), әрі ЕRP-жүйенің ішкі бизнес- логикасымен (back-end) ұтымды біріктіруді қамтамасыз етеді.

    Baan (CRM, ERP, SCM және Corporate Knowledge Management).

    Бiрiктiрiлген шешiмдер Е-Business және электрондық коммерция саласында СRM, ERP, SCM, сондай-ақ Corporate Knowledge Management құрамдас қосымшаларын шығарады. Baan 15000-ден астам инсталляцияға (жүктемеге) ие. Оның стратегиялық серiктестерi: IBM, Microsoft, Hewleftt, Packard, Compag, Sun Microsystems және басқаларды.

    Вааn жүйесi бизнестi кешендi қолдауға арналған. Ол – жүйеге келтiрiлетiн жүйе, оның барлық қосымша жүйелерi шаралармен және тапсырыс берушiнiң бизнес мiндеттерiмен үйлестiрiледi. Оған келесi мiндеттерi шешетiн қосымша жүйелер: жобаларды басқаруды қолдау; шаруашылық операциялар ағындарын басқару; қаржы қаражаттарын басқару; жоспарлау; өнiм сапасын қамтамасыз етудi қолдау; тiршiлiк қарекетiнiң сервистiк қызметтерiн қолдау және басқалар кiредi.

    Қазақстандық өндiрушiлер – бағдарламалық қамсыздандыруды, кешендi ақпараттық шешiмдер мен зияткерлiк қызметтердi берушiлер арасынан LimeOn Global Company компаниясын, яғни жоғарыда аталған қызметтердi берушiнi атауға болады. LimeOn Global Company – қолында бар құзыреттерi мен мәртебесiн тұрақты қуаттап отыратын, әрi бағдарламалық қамсыздандырудың әлемдiк жетекшi өндiрушiлерiнiң ресми серiктесi болып отырған компания.

    Компания қызметiнiң негiзгi бағыттары:

    • Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi беру және оның Дистрибьюциясы.

    • Коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз етудi және тапсырыс берiлген ақпараттық жүйелердi әзiрлеу.

    • Меншiктi сауда таңбасымен ұлттық бағдарламалық қамтамасыз етудi шығару және тарату.

    • Корпоративтiк WEP-порталдар мен интернет сайттар құру.

    • Ақпараттық жүйелердiң консалтингi және аудитi, лицензиялық құқықтарды басқару.

    • Ақпараттық технологиялар саласындағы жүйелiк бiрiктiру және жобаларды бас0ару. Аустсорсинг АТ қызметтерi.

    Ең iрi және маңызды жобалар:

    • <<КнигоМания>> бөлшек сауда желiсiн кешендi автоматтадыру жобасы.

    • Инфрақұрылымдық, кеңселiк және мамандырылған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi ҚР Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң қажеттiлiктерi үшiн берiп отыру.

    • ҚР қаржы министiрлiгiнiң ақпараттық қауiпсiздiгi жүйесiн техникалық қолдау бойынша қызметтер.

    • Microsoft компаниясы –нiмдерi негiзiнде «ұлтты0 ақпараттық технология»Ақ-ы үшiн iшкi портал құру.

    • «Қораптық» бағдарламалық қамтамасыз етудің МЕНШІКТІ өндірісі.

    • Логиканың реттелген үдерісі және халықаралық ынтымақтастықтың зор тәжіпибесі.

    • ISO 9000 халықаралық стандарттарты қағидасында құрылған сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі.

    • Алдыңғы қатарлы технологияларды және COBIT, ITIL, ISO, CMM, MSF,

    RUP, PMI және IPMA іспетті халықаралық стандарттарды білу және жұмыста қолдану.

    • Бүкіл Қазақстан бойынша дамыған серіктестік жүйе.

    • Қазіргі басқару және әрекеттесу құралдарын пайдалану және қалыпты ішкі инфақұрылым.

    • Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдану және қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысу.

    Сонымен, корпоративтік ақпараттық жүйелерді әртүрлі көлемдегі және кез келген қызмет саласындағы кәсіпорындарға енгізу кәсіпорындарға бірқатар артықшылықтар береді. АЖ таңдауға өте үлкен байыппен қарау керек. Енгізу үшін КАЖ-ды таңдау – кәсіпорынның ағымдағы қажеттілігі мен күрделі қаржылық мүмкіндіктерін тиянақты талдауды, сондай-ақ оның дамуның келешек жоспарларын да талап ететін күрделі, әрі жауапты үдеріс. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорынның сенімді серіктесіне (оны басқарудың тиімділігін көтеру ісінде) айналуға тиіс компанияның – КАЖ әзірлеуші/енгізушінің дұрыс таңдалуы – КАЖ енгізудің табыстылығының негізі болып саналады.

    8.Тақырып: АЖ – дарды жобалау әдістемесі

    Дәріс жоспары

    1.АЖ – дарды жобалау әдістемесі

    Әдебиеттер № 8,9,10,11,

    1. АЖ-дарды жобалау әдістемесі
    Күрделі жүйелерді жобалау міндеттерін шешу үшін аранйы әдістемелер мен стандарттар бар. Олардың ішінде:

    • DEFO – Function Modeling күрделі жүйелерді қызметтік үлгілеу әдістемесі. IDEFO көрнекті кескіндік тілі көмегімен зерттелуші жүйе әзірлеушілер мен талдаушылар алдында өзара байланысты қызметтік блоктар жиынтығы ретінде көрінеді. Ол 60 жылдардың соңында SofTech компаниясы әзірлеген SADT (Structured Analysis and Design Technique) – құрылымдалған талдау және әзірлеу

    технологиясына негізделген. Әдетте, IDEFO құралдарымен үлгілеу кез келген жүйені зерттеудің бірінші кезеңі болады.

    • IDEFI – Information Modeling. Жүйе ішіндегі ақпараттық ағындарды үлгілеу әдістемесі, ол олардың құрылымын және өзара байланыстарын бейнелеуге және талдауға мүмкіндік береді.

    • IDEFIX (IDEFI Extended) – Data Modeling. Деректердің хабарламалық қорларын жобалау әдістемесі. Ол деректердің

    «мәнбайланыс» (ERD – Entity-Relationship Diagram) үлгілерін құруды білдіреді.

    • IDEF2 – Simulation Model Design – жүйелерді серпінді үлгілеу әдістемесі. Қазіргі уақытта алгоритмдер және олардың компьютерде іске асуы IDEFO статистикалық диаграммалары жиынтығын серпінді үлгілерге айналдыруға мүмкіндік береді, олар

    «Петридің боялған желілері» (CPN – Color Petri Nets) негізінде құрылған.

    • IDEF3 – Process Description Capture. Жүйеде өтіп жатқан үдерістердің құжаттау әдістемесі: ол, мысалы, кәсіпорында технологиялық үдерістерді зерттеу үшін пайдаланады. IDEF3 көмегімен әр үдеріс үшін операцияның сценарийлері және тізбектілігі сипатталады. IDEF3-тің IDEFO әдістемесімен тікелей өзара байланысы бар, әр қызмет/қызметтік блок IDEF3 жеке үдерісінің құралдары түрінде ұсынылуы мүмкін.

    • IDEF4 – Object-Oriented Design. Нысандық-бағытталған жүйе құру әдістемесі. IDEF4 құралдары көрнекті түрде нысандар құрылымын және олардың онда салынған өзара қарым-қатынастарының қағидаларын бейнелейді, сол арқылы күрделі нысандық- бағытталған жүйелерді талдауға және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

    • IDEF5 – Ontology Description Capture. Күрделі жүйелерді онтологиялық зерттеудің әдістемесі. IDEF5 әдістемесінде жүйенің онтологиясын, уақыттың кейбір сәтінде олардың негізінде қаралып отырған жүйенің жай-күйі туралы нақты пікір қалыптастырылуы мүмкін терминдер мен ережелердің белгілі бір сөздігінің көмегімен сипатталады. Осы пікірлер негізінде жүйенің келешектегі дамуы туралы қорытынды қалыптасады және оңтайландырылуы орындалады.

    • IDEF6 – Design Rationale Capture. Жобалаудың ұтымды тәжірибесін пайдалану әдістемесі, оның міндеті: жаңа жобалауда құрылымдық ақаулардың алдын алу үшін ақпараттық жүйелерді жобалаудың ұтымды тәжірибесін сақтау.

    • IDEF7 – Information System Auditing. Ақпараттық жүйенің аудит әдістемесі.

    • IDEF8 – User Interface Modeling. Пайдаланушының интерфейсін жобалау әдістемесі.

    • IDEF9 – Scenario-Driven IS Design. Қолданыстағы шарттар мен шектеулерді (оның ішінде, табиғи, заңдық, саяси) және олардың реинжиниринг үдерісінде қабылданатын шешімдерге ықпалын талдау әдістемесі.

    • IDEF10 – Implementation Architecture Modeling. Орындау сәулетін үлгілеу.

    • IDEF11 – Information Artifact Modeling. Артефактілерді ақпараттық үлгілеу.

    • IDEF12 – Organization Modeling. Ұйымдастырушылық үлгілеу.

    • IDEF13 – Three Schema Mapping Design. Карталардың үш жүйелік дизайні.

    • IDEF14 – Network Design. Компьютерлік желілерді үлгілеу әдістемесі. Ол сыртқы бейнелерді (кофигурация), кезектерді, желінің құрамдас бөлшектерін, сенімділікке қойылатын талаптарды және басқаларын сипаттай отырып, есептеу желілерін кескіндік тілде жобалау кезінде ұсыныстарды орындауға және деректерді талдауға мүмкіндік береді.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта