Главная страница

База данных. пособие. Ермагамбетова т. С


Скачать 228.1 Kb.
НазваниеЕрмагамбетова т. С
АнкорБаза данных
Дата28.12.2021
Размер228.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапособие.docx
ТипДокументы
#320784
страница6 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

Жалпы қолданыстағы ақпараттық технологияларды экономикалық міндерттерді компьютермен іске асыруда қолдану.

1 Жалпы қолданыстағы ақпараттық технологияларды экономикалық міндерттерді компьютермен іске асыруда қолдану.

1.Жалпы қолданыстағы ақпараттық технологияларды экономикалық міндеттерді компьютермен іске асыруда қолдану
Электрондық кеңсе. Жалпы қолданыстағы ақпараттық технологиялар көптеген міндеттерді шешуді және әртүрлу қызметтерді өте кең ауқымда орындауды қамтамасыз етеді, сондықтан бір не басқа дәрежеде әрбір пайдаланушыға, оның мамандығына қарамастан, компьютер керек, олардың көпшілігі электрондық кеңсеге біріктірілген және ол кеңестік қосымшалар деп аталады. Нарықта Lotus, Sun, Microsoft фирмаларының электрондық кеңселері бәсекелеседі.

Пакет құрамын ең танымал MS Office 2010- ның кеңейтілген шығарылымының мысалында көрелік. Оның құрамында Word(мәтіндік процессор), Excel(кестелік процессор),Access(деректер қорын басқару жүйесі),

PowwerPoint (таныстыруларға дайындау), Outlook Express(электрондық пошта және дербес диспетчер), Publisher(үстелүсті баспа жүйесі) және басқалары бар. Барлық осы қосымшаларда үстемдік етуші болып бастапқы технология саналды.

Word – мәтіндік процессор- тарихи тұрғыда ең алғашқы мейлінше кең пайдаланылатын қосымша, өйткені мәтінді жазу және рәсімдеу бәріне керек. Бұрын соған ұқсас бағдарламалар редактор деп аталатын, бірақ бүгін бұл термин олардың өскелең мүмкіндіктерін бейнелей алмайды. Мәтінмен жұмыстан бөлек (терілім, редакциялау, пішімдеу, орфографияны автоматты тексеру, автореферат құру т.с.с.) Word мәтінде әртүрлі кестелер, кескіндер, иллюстрациялар, формалалар жасауға және басқа автоматтық нөмірлеуге, тоғыспалы сілтемелер жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кет келген күрделі және көлемді құжаттарды дайындауға болады. Яғни Word мәтіндік және графикалық редакторларды, электрондық кестелерді, гипермәтіндік технологияларды біріктіруді білдіреді.

Excel-кестелік процессор-күнделікті қызметтегі кез келген ақпаратты кесте түрінде есепке алуға, жоспарлауға, ұсынуға болатын міндеттерді шеші құралы болып табылады. Ол әртүрлі пошымдағы есеп-қисаптар құруға, кестелік деректерді графика, диаграмма түрінде көрнекті етіп ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол мәтіндік және графикалық редакторлар, гипермәтіндік технологияның элементтерінің ықпалдасуы болып табылады.

Access- деректер қорларын басқару жүйесі- көлемді шектеулі компьютердің тікелей зердесінің сыйымдалығымен берілетін және деректерді жолдар мен бағандар түрінде екі өлшемде көрсетілетін құрылымдалған ақпаратқа хабарламалық тәсіл болып есептеледі. Access те, Excel сияқты, кестелермен жұмыс істейді, бірақ ол кезде деректер сыртқы ақпарат сақтаушыларда сақталады және кестелер бір-бірімен тоғыспалы гипермәтіндік сілтемелермен байланысады. Сонымен бірге бұл жерде электрондық кестелердің, деректер қорларын басқару жүйелерінің, графикалық ресурстар мен гипермәтіндік технологиялардың біріктірілуі байқалады. Access-ті жергілікті заттық жүйелерді құру, әртүрлі тақырыптар бойынша жеке каталогтар жүргізі үшін пайдалануға болады.

PowerPoint-таныстыруларға дайындық- дәрістер, баяндамалар, иллюстрациялық материалдарды, мәтіндік баяндаманың нігізгі тезистерін көзбен бейнелеуге дайындау үшін қажет. Соларға ұқсас ббағдарламалар таяуда пайда болды. Олар гипермәтіндік және мультимедиялық технологиясы бар мәтіндік және графикалық редакторды синтездеуге негізделген.

Outlook Express-пошталық жүйе және дербес диспетчер адрестер кітабын, ағымдар жазбалар күнделігін, қызметті жоспарлауға арналған апталықты, электрондық пошта және басқа дда пайдалы қызметтерді қамтиды. Бұл жерде мәтіндік процессордың электрондық пошта, тапсырмалардың жеке жоспарлау жүйелерінің конвергенциясы(ұқсастығы) байқалады. Outlook-ты тек жеке қызметті жоспарлауға ғана емес, топтық жоспарлу үшін де пайдалануға болады.

Publisher- үстелүстілік баспа жүйесі Word-тың көптеген қызметтерін (құжаттың мазмұнын құру) атқарады, бірақ оның жұмысының нәтижесі жоғары сапалы полиграфиялық басылым түріндегі құжат: көркем буклеттер, каталогтар, шақыру билеттері, шақырылған қабылдаулар үшін ас мәзірі, құттықтау хаттар және басқалары болып саналады.

Соңғы уақытта электрондық кеңсеге «Өнім берушілер және сатып алушылар», «Қойма есебі» және басқа заттық қосымшалар қосылады,олар жұмыты тездетеді және басқа қосымшалардан, мысалы «1С: Пердприятие»

Жүйесінен алынған OLE технологиясы көмегімен деректерді шығаруға мүмкіндік береді.

OLE технологиясы әртүрлі қосымшалар арқылыь жасалгған нысандарды (қосымшалар, мәтіндік, құжаттар, суреттер, кестелерді) біріңғай құжатқа байланыстыруға мүмкіндік береді. Microsoft корпорациясы – әртүрлі қосымшаларда жасалған құжаттарды біріктіруге мүмкіндік беретін OLE(Object Linking and Embedding) – нысандарды беркіту және кіріктіру хаттамасын жасады. Хаттама тез арада және мейлінше ілтипаттық жағдайында жүзеге асырылатын мүмкіндіктердің үлкен санын ұсынады, өйткені оларға операциялық жүйе де, қосымша да кез келген уақытта қол жеткізе алады.

OLE хаттамасы құрамдас құжаттар тұжырымдамасын қамтамасыз етеді. Мысалы, Word редакторының құжатына Excel диаграммасын, Visio сызбанұсқасын шығаруға болады.

Бұл технологияның екі құрамдас бөлігі бар: беркіту және кіріктіру. Егер бір нысан екіншісіне байланған болса, онда түпнұсқаның өзгеруі байланған нысанның өзгеруіне келтіреді. Егер нысан бірнеше құжатқа байланса, онда түпнұсқаның өзгеруі барлық байланған нысандарға енгізіледі. Егер нысан құжаттың ішіне салынса, онда түпнұсқаның өзгеруі кіріктірме нысанның өзгеруіне келтірмейді.

«Орнында» редакциялау. Байланған және кіріктірілген нысандарды біріктірілген құжатта редакциялауға болады.

Нысанды тасу. Тасудың мысалы ретінде файлды бір дискіден екіншісіне файл пиктограммасын Windows «файлдары фиспетчеріне» белгіленген диск белгісіне тасу жолымен ауыстыруды айтуға болады. Microsoft корпорациясы нысандарды Интернет желісіне біріктіру үшін, OLE технологиясын жетілдірді.

Еркін мәтінге немесе құжатқа графикаларды, диаграммаларды, сызбанұсқаларды, суреттерді, заттаңбаларды енгізу қажеттілігі графикалық процессорлар құру қажеттілігін тудыруды. Графикалық процессорлар асспаптық ақпараттық технологиялардың төмендегі тұрпаттарын пайдалана отырып, графикалық бейнелерді құруға және түрлендіруге мүмкіндік беретін аспаптық құралдар болып табылады:

• Коммерциялық графика;

• Безендіруші графика;

• Ғылыми графика;

• Когнитивті графика;

Коммерциялық немесе іскерлік графиканың ақпараттық технологиялары кестелік процессорларда, деректер қорларында және жекелеген жергілікті фаайлдарда екі немесе үш өлшемді графикалар, шеңберлік диограммалар, бағаналы гистограмма, желілік графикалар түрінде сақталатын ақпараттың бейнесін қамтамасыз етеді. Олар кеңселік қосымшлардың, көптеген кіріктірілген технологиялар мен жүйелердің құрамына енгізіледі.

Иллюстрациялық графиканың ақпараттық графикалық карталар және әртүрлі мәтіндік құжаттар үшін тұрақты құрылымдар түрінде – әртүрлі геометриялық фигуралар және тұрақты емес құрылымдар – пайдаланушының суреттері түрінде иллюстрациялар құруға мүмкіндік береді. Иллюстрациялық растр графикасын жүзеге асыратын процессорлар пайдаланушыға сызықтарының қалыңдағы мен түсін, құю палитрасын, мәтінді жазі және салу үшін бұрын құрылған графикалық бейнелерді енгізуге мүмкіндік туғызады.

Бұдан өзге, пайдаланушы суретті өшіре, бөлшекке бөле және оның бөлшектерінің орындарын ауыстыра отырып бейнелерді слайдтар, арнайы нәтижелер режимінде көре де, құра да алады. Сондай-ақ оларды жандандыра алады. Бұл құралдар PowerPoint, FrontPage кеңселік қосымшаларына қосылған және Visio6 CorelDraw, Adobe Photoshop, 3D Studio және басқа графикалық процессорлармен қамтамасыз етіледі.

Ғылыми графиканың АТ-тары картография құрамында химиялық математикалық және басқа формулалары бар ғылыми есептеулерді шешулерге арналған. Іске асыру үшін векторлық және когнитивтік графика құралдары пайдаланылады.

Когнитивтік графика – міндеттер шарттарын бейнелеп көрсетудің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, ол шешімді бірден көріге немесе оны табудың бір амалын қарастыруға жағдай туғызады. Күрделі теоремаларды дәлелдеу үшін ол әртүрлі математикалық формулаларды және заңдылықтарды бейнелі түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Сананың – әлемнің осы ең күрделі және асыл құпиясының жұмыс істеуі заңдарын танып білу үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.

Когнотивтік компьютерлік құралдар көзге көрінетін ақпараттың жиынтықта өңделетін бейнелер, үдерістер, құрылымдар іске асырратын виртуалдық құрылғылар шешімі болып табылады. Виртуалдық құрылғы пайдаланушыға аталған құрылғының жүйеде бар-жоғына қарамастан берілетін құрылғының қызмтік баламасы болып табылады.

Когнотивтік графика ақпараттық үлгілеуде, зияткерлің ақпараттық технологияларда, басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау жүйелерінде және көптеген басқа жерлерде пайдаланады.

1945 жылы Ваневар Буш, президент, Труменнің ғылыми кеңесшісі, ақпараттарды есеп-қисаптар, баяндамалар, жобалар, графикалар, жоспарлар түрінде ұсыну тәсілдерін талдай келе және бұндай ұсынудың тиімсіздігін түсіне отырып, ақпараттарды, біріктіре ойлау ұсынымы бойынша орналаластыру тәсілін ұсынды. Осы ұстаным негізінде МЕМЕКС гипотетикалық машинасының үлгісі жасалған. 20 жыладан кейін Теодор Нельсон осы ұстанымды ЭЕМ-де қолданды және гипермәтіндік деп атады. Әдетте, кез келген мәтін белгілердің бір бағытта оқылатын бір ұзын жолы ретінде танылады. Гипермәтіндік технология мәтіннің көпөлшемді, яғни иерархиялық құрылымды желінің тұрпаты болып табылатындығынан көрінеді. Мәтін материалы үзінділерге бөлінеді. Дисплей экранында көрінетін, басқа үзінділермен көптеген байланыстар арқылы толықтырылған әрбір үзінді зерттеуші нысан туралы ақпаратты нақтылауға және жаңадан таңдалып алынған байланыс бойынша бір немесе бірнеше бағытта жылжуға мүмкіндік береді.

Үзінділерге бөлінген материалдары ұйымдастырудың гипермәтін желілік емес пошымына ие, олардың әрқайсысы үшін байланыстардың белгілі тұрпаттары бойынша басқа үзінділерге өті көрсетілген. Байланыстар орнатқан кезде әртүрлі негіздерге сүйенуге болады, бірақ кез келген жағдайда да әңгіме байланыстырылатын үзінділердің мағыналық семантикалық жақындығы туралы болып отыр. Көрсетілген байланыстарды пайдалана отырып, материалды бір бағытта ғана емес, әртүрлі бағыттарда оқуға және меңгеруге болады. Мәтін өзінің тұйықтығын жоғалтады, түбегейлі түрде ашық мәтінге айналады, оған қолда бар үзінділермен байланысты көрсете отырып, жаңа үзінділер енгізуге болады. Мәтін құрылымы бұзылмайды және, жалпы айтқанда, гипермәтінде күні бұрын берілген құрылымы жоқ. Сөйтіп, гипермәтін – бұл құрылымдалған еркін ұлғайтылатын білімді көрсету технологиясы. Осы арқылы ол ақпараттарды көрсетудің басқа үлгілерінен ерекшеленеді.

Гипермәтінді өңдеу ақпараттарды игерудің дәстүрлі мүмкіндіктерінен ерекшеленетін жаңа мүмкіндіктерін ашты. Ақпаратты тиісті іздестіру кілті бойынша іздестірудің орнына, гипермәтіндік технология, олардың мағыналық семантикалық байланыстылығын есепке ала отырып, ақпараттың бір нысандарынан екіншілеріне орын ауыстыруды ұсынады. Ақпаратты гипермәтіндік технологияда тиісті дәрежеде шығару ережесі бойынша өңдеу гипермәтіндік желі бойынша орын ауыстыру жолын еске сақтауға сәйкес келеді.

Гипермәтіндік технология ақпараттарды адамның орнына емес, адаммен бірге өңдеуге бағытталған, яғни ол авторллыққа айналады. Оны пайдаланудың қолайлығы пайдаланушы материалды өзінің жеке қабілеттерін, білімдерін, біліктілігі мен дайындығының деңгейін есепке ала отырып, материалды зерттеу немесе құруға байланысты тәсілді өзі таңдайтындығында. Гипермәтіндік тек ақпараттан емес, сонымен бірге оны тиімді іздестіру ақпаратынан тұрады.

Құрылымды түрде гипермәтін құрамы ақпараттық материалдан, гипермітіннің тезаурусынан, басты тақырыптар тіізімінен және алфавиттік сөздіктен тұрады.

Ақпараттық материал мақаланың және мәтіндік атауынан тұратын ақпараттық мақалаларға бөлінеді. Атау – тақырыптың аты немесе сипатталушы нысанның атауы. Мақаланың мәтіні дәстүрлік анықтамалар мен түсініктерді құрайды, ол экранның бір бетін алуға және жеңіл көрінетін болуға тиіс,

пайдаланушы оның наза аударып оқуға тұрарлығын немесе мағынасы бойынша жақын басқа мақалаға ауысуы қажеттілігін түсініктемелер, сандық және кестелік мысалдар, құжаттар, суреттер, диаграммалар, нақты уақыт нысандары қоса беріледі.

Мақала мәтінінде шешуші сөздер басқа ақпараттық мақалалармен байланыс орнату үшін бөлініп көрсетіледі. Олар тезаурус мақалалары атауларының көрсеткіштьері қызметін атқарады. Кілт болып сол маңызды сөздерді егжей-тегжейлі түсіндіретін, басқа мақалағасілтеме жасай»тын сөз немесе сөйлем қызмет атқара алады.
Экономикада ықпалдасатырылған ақпараттық жүйелер технологиялардың қолдануы.

1. Экономикада ықпалдасатырылған ақпараттық жүйелер технологиялардың қолдануы.
Экономика мен басқару саласында АТ нарығына талдау жасау және олардың бизнестің өзгермелі талаптарына бейімделуі

Дайын ақпараттық технологиялар нарығы кең көрсетіліп отыр.әлемдегі ДК (сурет) өнімдерін берушілердің ең ірі алғашқы бестігіне DELL және HP-ден бөлек,нарықтың 5,9%-імен IBM компаниясы, 4,3%-іменFujitsu және NEC компаниялары кірді.Gartner-де Fujitsuжәне Fujitsu Siemens нарығының үлесі жеке есепке алынып,бұл көшбасшылар бестігінеNEC және TOSHIBA-ның енуіне мүмкіндік берді.Бірақ бұл рейтингте жеткізілімдер көлемі ақшалай есепте емес,өнім бірлігінде есептеледі есептеледі,ал ол ДК өндірушілер үлкен табысқа кепілдік бермейді.

Мамандар соңғы кездері компаниялардың экономиканың айқын емес келешегі және корпаративтік көрсеткіштік нашарлап кетуі себепті жоғары технологияларға инвестиция салуды қысқартқаның және қазір олар АТ секторына салымды көбейтуді көздеп отырмағанын атап көрсетті. Ақпараттық технологиялар нарығы дамытудың ең үлкен серпініне Азия ие болып отыр. Оңтүстік Корея,Австралия,Тайвань,Сингапур және Жаңа Зеландияда сату көлемі бұрынғы деңгейде қалды немесе нарықтың тауарлармен молығуынан төмендеді.Филиппиндегі елдің саяси жағдайының орнықсыздығының,ұлттық валютаның (Филиппин песосы) тұрақсыздануынан және экспортқа шығудың азаюына байланысты сату деңгейі де төмен.Қытай,Үндістан,Малайзия,Таиланд және Индонезия-ДК таралымдағы ең төмен деңгейдегі елдер- компьютерлік техникаға негізгі тапсырыс беруші елдерге айналып,сол арқылы аймақта сауданың өсуіне ықпал етіп отыр.АТ нарығы өте дамыған елдерде-Тайвань және Оңтүстік Кореяда-ДК-ны пайдаланушылар әлі бұрын сатып алған компьютерлерін пайдаланудан және оларды жаңартуға асықпайды.Garther-дің пікірі бойынша бұндай үрдіс әлі ұзақ уақыт сақталады.

Legend компаниясы Азия-Тұнық мұхиты аймағында 1ә% үлеспен нарықта көшбасшы болып қалып отыр,одан кейін LG IBM, Compaq

Computer және Samsung Electronics келе жатыр. Дербес компьютердің азиаттық нарығының өсуі даму қарқыны бойынша әлемдік экономикадан озып кетті. ә1-әә суреттерде техникасын пайдаланушы елдердегі компьютер техникасы нарықтары бойынша ақпарат беріліп отыр.

АТ-тың әлемдік нарықтағы үрдістерін талдай келе,төмендегідей қорытынды жасауға болады:

• Компютерлік техниканың әлемдік нарығын талдау нарықтың өсуі,негізінен,Азия елдерінде болып жатқан көрсетеді.Бұл Еуропа және АҚШ елдерінде компьютерлік техника нарықтарының тауарлармен молығып болғандығына байланысты. Азияда өз экономикасын дамыту үшін компьютерлік техниканы көп қажет ететін дамушы елдер көп. Компьютерлік техниканы тұтыну бойынша жеңіпаздар: Қытай-43%, Оңтүстік Корея -16%, Үндістан -9%-ке ие болып отыр.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз етуші негізгі компаниялар: Dell- 18,3%, HP-15,7%, IBM-6,5%, Fujitsu Siemens-3,8%,Acer-3,ә%

Қазақстанда ақпараттық технологиялар нарығы қазіргі уақытта жоғарғы қарқынмен дамып бара жатқанына қарамастан,оның жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы үлесі жоғары емес (1%-тен сәл-ақ асады). Осы уақытта АҚШ пен Канада ол -4%-ке, ал Батыс Еуропада ЖІӨ ә,5-ке тең.

Қазақстанда АТ нарығы құрылымында өндіріс секторы және АТ- жабдығының іске асырылуы жалпы көлемде басым болып (79%),қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үдерісімен ілесе жүретін ол компьютерлерге,желілік және сыртқы компьютерлік жабдықтарға жоғары кәсіпорындардың жалпы түсімі ә009 жылы 71 млрд.теңге көлемін құрады. Сарапшылардың бағасы бойынша қазақстандардың табысының үлесі ә млрд теңгеден аспайды (ә%-ке жуық).Сектордың маңызды ерекшелігі бұл микроэлекторндық құрамдас бөлшектердің меншікті өндірістік базаларының жоқтығының салдарынан болатын импортқа тәуелділігінде.

Егер бүтіндей ресейлік экономиканың ақпараттық технологиялар саласы және макроэкономикалық көрсеткіштері дамуының ағымдағы үдерістері (ЖІӨ- нің жылына 7%-ке жуық өсуі),сақталса, онда Қазақстан Батыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне ә01ә жылдан ерте емес уақытта жақындап қалуы мүмкін. Сол кезде ақпараттық технологиялардың ҚР ЖІӨ-дегі үлесі ә% жетуі мүмкін.

әлемдік нарықта ақпараттық технологиялардың басқа жетекші өндірушілерін дамытудың негізгі бағыттары

Ақпараттық технологиялардың әлемдік нарығының негізгі жабдықтаушы компаниялары:

1. Ғаламдық нарықтың 80%-тен астам нарықтық үлесі бар компьютерлік микропроцессорлар жеңімпазы болып Intel Corporation компаниясы танылды. Негізгі маркетингтік бағдарлама- Intel Premier Provider 1998 жылы Intel жетекші тапсырыс берушілерін қолдау,сонымен бірге тапсырысшы- компаниялар арасынан жеңімпаз топты анықтау және қалыптастыру мақсатында басталды.

Бағдарлама корпорацияда ең жоғарғы деңгейде болып отыр және үстелүсті және ұтқыр ДК-ларды алға жылжыту саласында қалыпты көшбасшыларды және техникалық тәжірибені, сонымен бірге серверлер мен сымсыз Intel шешімдерді көрсетіп жүрген ең ірі ықпадастырушылар мен шешімдер берушілерге арналған болатын. Бағдарламаға қатысушылар корпарацияның ең озық технологияларына қол жеткізеді, бұл олараға жергілікті нарықтарда көш бастауға мүмкіндік береді. IPP бағдарламасы оған қатысушы компанияларға техникалық қолдау және жарнама саласында едәуір қосымша артықшылықтар береді, оларIntel стратегиясы және технологиясы туралы ең жаңа, әрі қолайлы ақпаратқа эксклюзивті қол жеткізеді, сонымен бірге маркетингтік іс-шараларға қаржылық қолдау көрсетеді.

ә. Калифорния штатындағы Саннивейл қаласында орналасқан Advanced Micro Devices (AMD) корпорациясының негізі 1969 жылы қаланды. Корпорация микропроцессорлар, флэш-зерде құрылғыларын,сондай-ақ бүкіл әлем бойынша телекоммуникациялық және есептеуіш құрылымдарды өндірушілер үшін басқа да жартылай өткізгіш өнімдерді шығарумен айналысады.

АMD корпорациясы АҚШ-та,Еуропада,Жапония мен Азияда өндірістік қуаттарды,сонымен бірге әлемнің ірі қалаларында сату кеңселерін пайдаланады.AMD-шын мәнінде халықаралық корпарациясы, оның табысының жартысынан көбі әлемдік нарықтағы тиесілі. Компанияның акцияларының бағалары Нью-Йорк қор биржасында AMD белгісімен белгіленеді. AMD компаниясы-компьютерлік процессорлар және флеш- зерде микросызбанұсқасы компьютерлік нарығында Intel корпорациясының негізгі бәсекелесі. Ғаламдық микропроцессорлар және флеш жерде микросызбанұсқасы компьютерлік нарығында Intel корпорациясының негізгі бәскелесі. Ғаламдық микропроцессорлар нарығында Intel корпорациясының негізгі бәсекелесі. Ғаламдық микропроцессорлар нарығында Intel корпарациясында негізгі бәсекелесі екенші орында тұр. Негізгі сату өнімдері- Athlon және Duron процессорлары.

3. MICROSOFT CP MSFT компаниясы. 1981 жылы құрылған Microsoft компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудің әлемдік нарығында теңдесі жоқ жеңімпаз болып отыр. Кейбір бағалаулар бойынша, Windows тобына кіретін операциялық жүйелер әлемдегі бардық компьютерлердің 90 %-не орнатылған.

4. 1911 жылы құрылған- International Business Machines (Ай-Би-Эм) компаниясы- есептеуіш техника нарығының әлемдік көшбасшысы. IBM дербес компьютерлерді,серверлерды, мейнфреймдерді және супер компьютерлерді әзірлейді, өндіреді және сатады, сонымен бірге бағдарламалық қамсыздандыру нарығында Microsoft-тан кейінгі екінші орында тұрып, бағдарламалық қамтамасыз етудің кең ауқымын әзірлейді. Дәстүрлі түрде деректер қорын басқару жүйесі (немесе ДҚБЖ) секторында IBM күшті. IBM-нің барлық табысының 35%-ін ол корпоративтік және ақпараттық желілерді басқарудан бастап, әскери ведомстволар үшін стандартты емес бағдарламалық және компьютерлік шешімдер қызмет көрсетуден алады.

5. Hewlett-Packard (HP) компаниясы. HP компаниясы- корпоративтік тапсырыс берушілер мен түпкілікті пайдаланушылар үшін шешуші технологиямен әлемдік жабдықтаушы. Компания АТ- инфра құрылым, дербес есептеуіш жүйелер және қолжетімдік құрылғылар саласында жүйелік біріктіру бойынша қазметтер көрсету, сервистік қолдау және аутсорсинг, соныменбірге баспа құрылғылары және ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес ұйымдары, түпкілікті пайдаланушылар үшін бейне шығару құралдары салаларында шешімдер береді.

Бүгінгі күні компания, сол арқылы адамдардың көп санына ақпараттық технологиялар көмегімен әлемдік экономикаға қатысуға мүмкіндік беру үшін, міндеттемелердің жаңа түрлерін, жаңа бизнес және технологиялық шешімдер қолданады.

Сонымен,бұл бөлімде ақпараттық технологиялар саласында дамуы, қазіргі бар компаниялар сипатталды. Өкінішке қарай, Қазақстанда түрлі қолдану салалары бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеумен орнықты компаниялар жоқ.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта