Главная страница
Навигация по странице:

  • Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология . - Social psychology

  • Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5

  • Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б . 157; Тақырып 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

  • М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге əсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница3 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    sБақылау сұрақтары:

    1.Әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының мәні неде және оның құрылымы қандай?

    2.Әлеуметтік сауалнама деректерін жинау әдістері қандай?

    3. Әлеуметтік деректерді талдау әдістері қандай?

    4. Адамдардың қоғам шеңберіндегі мінез-құлқын анықтайтын әдістер мен стратегиялар қалай аталады?

    5. Алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинаудың негізгі әдістерін атаңыз
    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.

    2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.

    3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б.

    4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.

    5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б.


    Тақырып 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

    Дәріс 4

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Ашық және жабық қоғам.

    2. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде.

    3. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер).

    4. Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік.
    1. Жаңғырулар мен жаһандық өзгерістерге толы жаңа тарихи дәуірде ашық қоғам туралы, яғни еркіндік пен прогресс, қазіргі әлем мен болашаққа ашық болатын қоғам туралы түсініктер өзектене түсуде. Ашық қоғам идеясының айқын жақтаушысы ретінде тарихта Карл Поппер танылады. Ол Платоннан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ең жақсы деген мемлекет идеясының теориядағы эволюциясын сыни талдаудан өткізеді. Платонның түсініктерінде жақсы мемлекетте билеушіден бастап қоғамның әрбір қарапайым өкілдерінің әрқайсысына дейін өздерін азаматтық міндеттерін орындай отырып бақытқа жететіндігі және ХХ ғасырдың демократиялық қоғамдарындағы бақыт туралы түсініктердің қандай болғандығы сұрыптаудан өткізіледі. К. Поппер кезінде өрнектелген Платонның мемлекет туралы идеяларын «тоталитарлы идеялар» деп есептейді. Өйткені Платон қоғамды сипаттау барысында жаһандық, уақыттан тыс деңгейдегі әділеттілік, даналық, ақиқат және сұлулық деген ұғымдарды қолданады, ал олар адамгершілік талаптары жүйесінде тоталитарлы сипат алады деген тұжырымға келеді. «Жабық» қоғамдар деп аталатын құрылымдардың ашық қоғамдар (бұл қоғамды қалыптастыратын әлеуметтік топтардың жасандылығына қарамастан) деңгейіне өтуі, К. Поппердің пайымдауынша, адамзат тарихындағы ұлы революциялардың қатарына жатады. Осы үлкен тарихи процестің адамзат тек бастапқы кезеңдерінде ғана екенін де атап өтеді. Яғни адамзат үшін, жер бетіндегі халықтар үшін нағыз, шынайы тарихтың негіздері енді ғана қалануда, ал осыған дейінгі жақсы қоғам жасаймыз деген қадамдардың барлығы да сәтсіз әрекеттердің қатарына жатқызылады. К. Поппердің «Ашық қоғам және оның жаулары» екі кітаптан тұратын еңбегінде ашық қоғам туралы өзіндік идеялары кейін әлемдік саяси ойлау тарихында әр қилы сипатта, әр қилы мағынада жалғасын тапты.

    Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. «Ашық» және «жабық» қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған.

    «Жабық» қоғам - догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, «ашық» қоғам -бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда «жабық» жүйеден «ашық» жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. «Жабық» жүйелерге өзінің әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия, патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар, «Ашық» қоғам үлгісі ретінде көне дәуірдегі халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа замандағы мемлекеттер мысал бола алады. Демокр. мемлекеттердің түрлері көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ белгілері бар. Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемл. жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады.

    2. Қоғам мүшелерінің арасында əлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мəнін түсінуде əлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.

    «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның əр даму сатысына тəн түрлі стратталардың болғанын білеміз.

    Біз қоғамның əлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің  құрылымы  жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың əлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында əлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мəселен, табыстарының көлемі, білім деңгейі, мамандықтағы мəртебесі, билікке қатынастары.

    Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ə) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық жəне жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен əлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар əлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады.

    Қоғамдағы қалыптасқан діни-наным мен дəстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынас асауларына қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни-наным бойынша, əр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

    Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары жəне төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал төменгі сословиеге қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы жəне төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

    «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Əсіресе XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мəні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

    3. К. Маркс жəне М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла бастады. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан əрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нəтижесінде ол əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті, бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен, К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда құл иеленушілік қоғамдықэкономикалық формацияның негізі таптары – құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

    Негізгі емес таптар – өткен дəуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.

    Мəселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

    К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардан басқа əлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Əлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы меншік иесі емес. Олай болса, бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

    К. Маркс интеллигенцияны əлеуметтік топқа жатқызады, өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз жəне олар шығу тегі жағынан да əртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық жəне пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.

    К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тəсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мəнін түсіндірді жəне өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

    К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан əрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына, қатынасына қарай жəне қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың əдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы, сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауды айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:

    адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;

    олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;

    еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;

    қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың əдісін;

    қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.

    Бұл белгілердің таза экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.

    Əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мəселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан  өзгеше жəне оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кəсіби дəрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.

    Екіншіден, М. Вебер адамның статусын саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.

    М. Вебердің пікірінше, статус əлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мəртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал адамның статусы білімі мен шеберлігінің дəрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

    М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге əсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:

    капитал иелерінің табы;

    интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

    дəстүрлі ұсақ буржуазия табы;

    жұмысшы табы.

    Сонымен, М. Вебердің ұсынған əлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген.

    Ғылыми əдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи жəне əлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.

    Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мəселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.

    Ерлер мен əйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде əйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Əйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары.

    Əлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кəсіби мамандануы ықпал етеді.

    Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық жəне өнеркəсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне əкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық жəне мəдени қызмет көрсету салаларының, саяси жəне басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тəн сипатты белгілер.

    4. Қандай бір қоғам болмасын оның әлеуметтік құрылымы тұрақты өзгеріске ұшырап отырады. Бір құрылымдағы адамдар екінші бір құрылымға ауысып, олардың қоғамдағы рөлдері мен мәртебелері үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болады. Мұндай өзгерісті ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп, арнайы «әлеуметтік мобильділік» теориясын жасаған атақты американ әлеуметтанушы П. А. Сорокин. Ол бұл терминді 1927 жылы енгізген.

    Сонымен қоғамдағы адамдың белгілі бір әлеуметтік топтан, таптан, яғни жіктен екінші әлеуметтік жағдайға ауысуын «әлеуметтік мобильділік» дейміз. Бұл – белгілі әлеуметтік құрылымдағы, басқаша сөзбен айтқанда әлеуметтік кеңістіктегі индивидтер мен топтардың орын, мәртебе, рөлдерін алмастыруы.

    Әлеуметтік мобильділікті әңгіме еткенде П. Сорокиннің ғылыми айналымға ендірген әлеуметтік кеңістік туралы түсінігінің орны бөлек. Осымен байланысты мобильділіктің тік және көлденең сызықтың бойымен болатын екі типі бар. Тік мобильдік — бір жіктен екіншіге жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында ауысуының нәтижесіңде болатын индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі.

    Британ әлеуметтанушысы Э. Гидденс тік мобильдікке жан-жақты талдау жасап, өз қоғамындағы төмен құлдыраудың себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) деп түсіндірген. Индивид өзінің бұрынғы мәртебелік дәрежесінен айырылуына оның жұмысынан босауы да жатады.

    Көлденен мобильдікте индивид тек көлденең сызық бойымен қозғалысқа түседі де, оның әлеуметтік жағдайы мен мәртебесі ешбір өзгеріске ұшырамайды.

    Әлеуметтік мобильділік жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке мобильдік – жеке индивидтердің мобильділігі. Оның әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы әсері әр түрлі болуы мүмкін. Ол көбіне индивидтің жеке қасиеттеріне байланысты. Ұжымдық мобильділік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудырады. Бұл экономикалық немесе саяси-идеологиялық салада кездеседі.

    Әлеуметтанушылар сондай-ақ мобильділіктің екі құбылыстық өлшемін атап жүр. Олар — мобильдіктің жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильділіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі әлеуметтік иңдивидтің жоғары өрлеуі немесе төмендеуінің қарқынымен өлшенеді. Жоғары өрлеу мен төмендеудің уақыты әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біреулер жылдам жоғары мәртебеге ие болып жатса, екінші біреулер ондай дережеге түрлі сатылардан өтіп, ұзақ уақыт жібереді. Ал мобильдіктің көлемі өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді.

    Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты деген сұрауға ғалымдар әр түрлі пікірлер білдіреді. Дегенмен бұл, біріншіден, жеке тұлғаның сапалық қасиеттеріне байланысты; екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында қоғамның қуатты экономикасы мен саяси жүйенің демократиялық сипатына байланысты. Дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және тік өрлеу бағытындағы мобильдік үдерісі көбірек. Американ әлеуметтанушылары АҚШ-тағы әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда «орта таптың» тік бағыттағы көтерілу үлесі өсіп отырғандығын айтады.

    Әлеуметтік мобильділікке әсер ететін факторлар бар және олар микро және макро деңгейде қарастырылады. Бірінші деңгей индивидтің тікелей өзін қоршаған әлеуметтік орта, сондай-ақ өзінің өмірлік ресурстары. Екінші деңгей – бұл қоғамдағы экономиканың жағдайы, ғылыми-техникалық даму деңгейі, саяси режимнің сипаты және т.т.

    sБақылау сұрақтары:

    1. Әлеуметтік страификация ұғымына анықтама беріңіз

    2. К. Маркстің таптық теориясының мәнін ашып көрсетіңіз

    3.М. Вебердің стратификация теориясын түсіндіріңіз
    4. Қазақстан саясатында теңсіздік бар ма?

    5. Теңсіздіктің себептері неде деп ойлайсыз?
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта