Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е
Скачать 1.17 Mb.
|
¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с. 2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет. 3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Тақырып 5 Әлеуметтену және бірегейлік Дәріс 5 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). 2. Әлеуметтену кезеңдері. 3. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. 4. Бірегейлік және тұлға. Рөлдер және мәртебелер Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі. Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі. Әлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады. Еліктеу – индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы. Теңдестіру – теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау; Бейімделу – пассивті бейімделу қылығын таңдау. Адаптация – белсенді бейімделу позициясын таңдау. Конформизм (конформдық мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту. Қолдау үлгісі – қалыптасқан əлеуметтік тəртіптерді қолдаудың əрқилы түрлері. Қақтығыс – субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сəйкессіздігін сезінуі. Бірегейлікті зерттеудің бастауы З. Фрейдтің «Топтық талдау және Эго талдауы» еңбегінен бастау алады. 1914 жылы жазылған еңбекте бірегейлікті психологиялық тұрғыда қарастырған З. Фрейд, тұлға және әлеуметтік топ арасындаға өзара іс-әрекеттердің маңызды механизмі ретінде тұжырымдаған. З. Фрейд бірегейлікті тұлғаның басқа да адамдармен салыстырғанда өз ерекшелігін, өзіндігін түйсінуі, сезінуі деп қарастырған. Ғалым бірегейлікті, екі түрде қалыптасатын құбылыс ретінде сипаттайды. Бірінші сипатында ол өзгелерге еліктеп, осы топпен ұқсастықтарына оң көзқарас тұрғысынан бағалайтыны ретінде және екінші сипаты, өзіне жат өзгешелерден ерекшеленуі ретінде сипаттайды. Психологиялық антропология саласындағы бірегейлік бойынша американдық антропологтар Дж. Де Вое және Л. Романусси-Росс еңбектері де қызығушылық тудырады. Олар, бірегейлікті белгілі бір тұлға немесе топтардың мәдени дәстүрлерінде көрініс беретін бірдейлендіру нысаны ретінде қарастырып, ұлттық бірегейлік - тарихи түп тамырға деген бейімділік деп тұжырымдайды. Дж. Де Вое ұлттық ерекшелікті, әлеуметтік мәртебені және идеологияны біртұтас жүйеге біріктіріп, өткеннен тамырын жайған ұлттық ұқсастық, тұлғаның осы шағының және болашағының органикалық және ажырамас бөлігі болып табылады деп сомдайды. Ғалымдар, Г. Тэджфел, Дж. Тернер, М. Хогг. әлеуметтік бірегейлікті когнитивті әдіс шеңберінде қарастырып, ішкі топтық жетекші ұстанымдар және топаралық кемсіту түсініктерін жоғарғы орынға қояды. Ағылшын психологы Г. Тэджфел топ ішіндегі өзара қатынастағы әлеуметтік бірегейлік теориясын, топ іс әрекеттерінің таптаурыны негізінде қарастырады. Ғалымның берге түсіндірмесі бойынша, әлеуметтік бірегейлік- тұлғаның қандай да бір әлеуметтік топтың мүшесі екендігін сезіне отыра, сол топқа тән ерекше құндылықтар және сезімдік ерекшеліктері бар екенін түйсіндіретін адамның өзіндік болмысының бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік бірегейліктің түрі ретіндегі ұлттық бірегейлік теориясы Тэджфел еңбектерінде, тұлға аралық және белгілі бір қауым өкілдері арасындағы деңгейдегі адамдардың өзара іс әрекеттерінен туындайтын әлеуметтік іс әрекеті деп беріледі. Зерттеуші Дж. Тернер топ аралық іс әрекеттердегі бәсекелестік мәселесіне ерекше ден қояды, оның ойынша, топтар өзіндік іс әрекеттерін басқа топтарға қарағанда оң бағалау арқылы, әлеуметтік мәртебесін жоғары қояды. Дж. Мид, тұлғаның өзіндік болмысының жан-жақтылығына әлеуметтік үдерістер ықпалын тигізеді, деп қарастыра отыра, тұлғаның өз ортасына сәйкес қалыптасатынын сипаттайтын әлеуметтік өзара іс әрекеттер шеңберінде, әлеуметтік бірегейлік табиғатын зерттеген. Ч. Кули тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың ықпалын қарастыра отырып, төмендегідей анықтама береді: «Әлеуметтік болмыс — тұлғаның басқа да өз ортасындағы адамдармен араласуы барысында, тұлға санасында қалыптасқан көріністер». Аталған ғалым өз еңбектерінде тұлғаның болмысы, оның әлеуметтік қоршаған ортасына байланысты қалыптасатынын ерекше атайды. Феномендік әлеуметтану шеңберінде (М. Хайдеггер, Т. Парсонс, П. Бергер, Т. Лукман) әлеуметтік бірегейлік, әлеуметтік үдерістердің жемісі ретінде қарастырылады. Т. Парсонс, тұлғаның бірегейлігінің қалыптасуын, оның әлеуметтік қоғамға бейімділігі мен кәсіптік икемдігімен байланыстырады. Мұнда, ең алдымен қоғам және жеке тұлға арасындағы өзара алмасу кәсіби салада, яғни тұлғаның қоғам дамуына үлесін қосып, ол арқылы жаңа табыстарға жетуі, еңбегіне лайықты бағалануы нәтижесінде көрініс береді, деп санайды. П. Бергер және Т. Лукмандар бірегейлікті, тұлға мен қоғамның диалектикалық өзара байланысынан туындайтын құбылыс ретінде қарастыра отыра, бірегейлік түрлері қоғамның тарихи дамуының негізінде, яғни территориялық белгілері бойынша пайда болады деп тұжырымдайды. М.Бернэл және Д.Найт, бірегейлік - ұлттық азшылыққа жататын тұлғаның маңызды бөлігі деп көрсете отыра, ол ұлттық топтарды және басым мәдениет ішіндегі олардың әлеуметтік байланыстарын қалыптастырудың факторы деп дәйектейді. Ғалымдардың пікірінше, этникалық бірегейлік- бұл қандай да бір ұлттық топқа өзінің қатысына, сол топқа жататындығына байланысты жеке – дара идеялардың жиынтығы. 2. Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады: 1.Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді). 2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды). 3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды). 4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады). 5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы). Әлеуметтенудің бірінші реттігі және екінші реттігін ерекшелейді: Г.М.Андреева әлеуметтену үрдісін негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған: еңбекке дейінгі, еңбек ету және еңбектен кейінгі кезең. Автордың ойынша, осы үш кезеңнің ішіндегі ең маңыздысы отбасындағы әлеуметтену болып табылады. Бұл кезең туғаннан 18 жас аралығын қамтиды. Аталған кезеңді автор екі маңызды кезеңге бөліп қарастырған: 1) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды; 2) оқу кезеңі, кең мағынада адамның бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған тұтастай мектеп кезеңі және жоғары оқу орнында оқу жылдары кіреді. 3. «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді», – деп гендер ұғымын әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады. Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн. Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте «гендер» ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді. 4. Бірегейлік мәселесі ғылымдағы, тұлғаның ішкі дүниесіндегі өзегі-»Мен» болады деп болжамдайтын, «Мен» - тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл жердегі «Мен» - сана –сезім түсінігіне көбірек жанасатын, адамның өзі туралы, басқалар туралы ұғымдарынан туындайтын құбылыс. Бірегейліктің екі деңгейін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – тұлғалық-психологиялық – адамның «Мен кіммін?» деген сұрақтарға жауап іздеуі. Ол тұлғаның, түрлі әлеуметтік топтарға қатысуынан туындайды. Бірегейліктің бұл деңгейі адамның қандай да бір топпен байланысын, өзінің осы топқа қатысын бағалауынан туындайды. Екінші деңгей — әлеуметтік-психологиялық, тұлғаның әлеуметтік топтарға қатысын білдіреді. Адам өз тобын басқа да топтармен салыстыра отыра, оны бағалап, сол топтың мүддесі үшін қызмет етеді. Әлеуметтік – психологиялық бірегейліктің бір түрі ретінде ұлттық-әлеуметтік бірегейлік қарастырылады. Мұнда тұлға, өзінің белгілі бір ұлтқа тән екендігін сезінеді. Ұлттық бірегейлік тұлғаның өз таңдауы арқылы пайда болмай, тумысынан немесе бала кезінен қандай да бір ұлттық ортада тәрбиеленуінен туындайды. Өмірге жаңа келген нәрестенің тұлғалық сипаты, оны қоршаған орта-ұлтының салт-дәстүрлеріне сәйкес қалыптасады. Тұлға өз ұлтының тілін, мәдениетін, әлеуметтік ұлттық нормаларын бойына сіңіреді. Мұндай тұлғаның ұлттық сезімі табиғи үйлесімде дамып, айналасындағы адамдармен және өзінің ішкі дүниесімен қайшылықта болмай дамиды. Әлеуметтік бірегейлік түсінігінің келесі бір ережелері Үлкен психологиялық сөздікте, әлеуметтік бірегейлік әлеуметтік танымды ұйымдастырып, адамды осы топтарға жатқызуын білдіреді деп берілген. Когнитивті немесе танымдық құрылым, адамның өз ұлттық тобы туралы жалпы білімдерін: өх халқының тарихи тағдырының ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын, материалдық және рухани мәдениетінің элементтерін (ұлттық киім, фольклор, ұлттық тағамдар), ұлттық таңбаларын ж.т.б. құрайды. Бұл білімдер, тұлға бойында өз ұлтының өкілдерімен ара-қатынасы барысында, дәстүрлі іс-шаралар мен мерекелерге қатысу барысында қалыптасады. Аффективті немесе сезімдік құрылым, адамның өз ұлтына деген қатысын, берілген топтың субъективті маңызын білдіреді. Осы қатынастар сипатынан ұлттық бірегейліктің оң және теріс түрлері анықталады: адам өз халқын мақтаныш тұтып, сол халықтың бір бөлігі екендігіне мақтаныш сезіммен қарауы немесе керісінше өз дәстүрлерінен жиреніп, өзінің шығу тегінен ұялуы, немқұрайлы қарауы жатады. Аталған екі құрамдас бөліктерден үшінші- мінез-құлықтық құрылым қалыптасады. Ол, тұрмыстық және қоғамдық өмірден, қалыптасқан дәстүрден және іс-әрекеттерден көрініс табады. Жалпы, бірегейліктің бағыттарын төмендегіше анықтауға болады:
Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г.Мид қолданған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас нәтижесі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан. Екінші көзқарас Р. Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы әлеуметтанудың неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Рөлдің нормативтік құрылымында әдетте 4 элемент ерекшеленеді: осы рөлге сәйкес келетін мінез-құлықтың түрін сипаттау; осы мінез-құлықпен байланысты ұйғарымдар (талаптар); ұйғарылған рөлдің орындалуын бағалау; санкция - әлеуметтік жүйе талаптары шеңберіндегі қандай да бір әрекеттің әлеуметтік салдарлары. Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады. 1. Эмоционалдық деңгей. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады. Мысалы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоционалды сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін. 2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді). 3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орнының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс. 4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальды ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең. 5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса, клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды. Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін. Жалпы алғанда, рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қарама-қайшы міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптары оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады. Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы жеке адам жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін. Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен, қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады. Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді. Рөлдерді реттеу – ресми рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық қауымдастықтардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік жағынан мақұлданбайтын рөлдер үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойындарына алатынын білдіреді. Тәжірибеде бұл жеке адамның белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді. Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рөлдеріне өзін әр түрлі деңгейде теңестіреді. Рөлмен мейілінше үйлесуді рөлдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуді - рөлден алшақтау деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады. |