Главная страница
Навигация по странице:

  • 157; Тақырып 10. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат Дәріс 10  Қ арастырылатын мәселелер

  • Мемлекеттердің мүдделері

  • 2. Саясат функциялары

  • Саясаттардың құрылымына мыналар кіреді

  • 157; Тақырып 11.

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница8 из 14
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

    Әл Фараби өзінің философиялық зерттеулерінде үш бағытты айқындайды:

    біріншісі, дүниенің мәңгілік қозғалыста екендігін дүниетанымдықтың болмысқа қатысты тәуелділігін дәйектеді;

    екіншісі, тұлғаның ақыл-парасаты және оның болмыстағы орны туралы пайымдауларға жауап іздеді;

    үшіншісі, мәңгілік ұғымын, адам баласының жан дүниесінің ерекшеліктерінен, құбылыстардың мән-мағынасынан іздестірді.

    «Мәңгі Ел» идеясының теориялы тұжырымдамасын, өзінің «Қайырымды қаланың тұрғындары және оның көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері мен ойлары» еңбектерінде тереңінен талдау жасайды.

    Ғұлама философ өз ебектерінде, дүниенің болмысы, мемлекет және оның тұрғындарының өзара байланысы бойынша озық ойларын білдіреді. «Қайырымды қала адамдардың бес түрінен құралады: аса құрметті тұлғалардан, атақты шешендерден, пайымдаушылардан, әскерилерден жəне әл ауқаты жоғары тұлғалардан. Ізгілікті тұлғалар қатарына данышпандар, пайымы мол тұлғалар, ел өмірінде беделге ие адамдар кіреді. Осы тұлғалардан кейін дін саласының қызметкерлері және жыраулар тұрады — дей отыра құрметті қаланың халқын бес түрдегі əлеуметтік санатқа кіргізе отыра, осы топтардың әрқайсысы туралы пайымдар жасайды [22, 527 б.].

    Әл-Фараби елі үшін, халқы үшін және ортақ мақсаттағы қасиетті істер үшін жанын қиған, ел деп еңіреген тұлғалар туралы ерекше ықыласпен жазады. «Ізгі ниеттегі тұлға өмір үшін күресуі тиіс, ал егер ажал келетін жағдайда, тағдырына мойынсұнып, абыроймен бұл дүниеден өтуі тиіс», деп тұжырымдайды.

    3. Қайта өрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін.

    Макиавеллидің («Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары», «Әмірші», «Әскери өнер туралы» және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады.

    Макиавелли - үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. «Әмірші» кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі.

    Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.

    Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады.

    Ерікті мемлекет халық пен ақсүйектердің ымыраласуына негізделуге тиіс; «аралас республиканың» мәні де осында — мемлекеттік органдар жүйесі аристократиялық және демократиялық мекемелерді қамтиды, олардың әрқайсысы халықтың тиісті бөлігінің мүдделерін таныта және қорғай отырып, сол мүдделерге басқа бөлігінің қол сұғуын тежеді.

    Макиавелли саясаттың маңызды құралы деп дінді санады. Макиавелли: «дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы», — деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.

    Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.

    Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген. Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

    sБақылау сұрақтары:

    1. Аристотель бойынша мемлекеттік басқару міндеттері қандай ?

    2. Платонның идеалды мемлетінің белгісі қандай?

    3. Ф. Аквинский мемлекеттің қандай басқару формасын қолдады?

    4. Н.Макиавелли бойынша халықты бағындыру жолдары қандай? Билікті бөлу принципін кім ұсынды?

    5. Дж. Локк мемлекеттің шығу тегі туралы қандай тұжырымды қалыптастырды ?

    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

    2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017

    3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017

    4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

    5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

    6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

    7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9

    8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.
    Тақырып 10. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

    Дәріс 10

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер.

    2. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы.

    3. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі.

    4. Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары.

    1. «Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық. Мысалы:

    «Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету немесе билікке қатысуға ұмтылысты білдіреді» (М. Вебер).

    «Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу» (Д. Истон).

    «Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер күресі. Жеке бастың пайдасы үшін қоғамдық істерді басқару» (А. Бирс).

    «Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат» (О. Шпенглер).

    «Саясатты зерттеу – ықпал мен ықпал етушіні зерттеу, басқаша айтқанда, кім не пайда табады, қашан және қалай» (Г. Лассуэл).

    «Саясат онымен айналысқан адамдардан ақыл шеберлігін талап етеді; ол тәртіпке мәңгі берілген өзгермейтіндерді білмейді» (Г. Плеханов).

    Саясаттың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.

    Саясаттың ғылыми талдауы басқа саяси мағыналардан айырмашылығы логикалық негіздерге сүйеніп, саясатың генезисі мен даму тенденциясында жатыр. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің пайымдауынша, саясат – кең мағыналы бола отырып, адам өмірінің бүкіл аспектісін жеке дара бақылауға ықпалын тигізеді. Банктің ақша саясаты мен Империялық банктің дисконт саясатынан бастап, шерулердегі кәсіподақтардың саясаты, қала немесе ауылдық мектептерінің саясаты, корпорация басқаруындағы саясат болсын, ақылды әйелдің ер азаматын басқаруына дейін, барлығы адам өміріне әсерін тигізеді.

    Америкалық әлеуметтанушы Т. Парсонс саясатты бірегейлік пен келісімділікті сақтаудағы, қоғамды біріктірудегі, оның интеграциялық мүмкіндіктерін арттыру мен алдағы мақсаттарға жетудегі рөлін атап көрсетеді.

    Саясат мемлекеттің мүдделерінен туындайды. Мемлекеттердің мүдделері:

    егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу және бекіту;

    қоғамдық үдерістерді реттеу;

    ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;

    құқықтық, демократиялық және азаматтық қоғамның тұрақты негіздерін қамтамасыз ету;

    қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

    конституциялық құрылымды және құқық қорғауды қамтамасыз ету;

    тиімді сыртқы халықаралық қатынастарды қамтамасыз ету;

    ішкі және сыртқы қауіптерден қорғану.

    2. Саясат функциялары- қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    Басқару, реттеу функциясы.

    Қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету функциясы.

    Саяси әлеуметтенудің функциясы.

    Ортақ қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету және жұмылдыру функциясы.

    Гуманитарлық функция.

    Рационализаторлық функция.

    Саясаттардың құрылымына мыналар кіреді:

    әлеуметтік-саяси және саясаттану білімдерінің тарихы;

    билік пен саяси жүйелердің жалпы теориясы;

    саяси мүдделердің, олардың өзара байланыстарының түрлерінің (конфликт) қақтығыс, (консенсус – келісімге келу) және саясаттың өз бағытын білдіру теориясы;

    саяси институттар мен құбылыстардың (процесс) теориясы;

    идеологиялық процестердің теориясы;

    саяси мәдениет теориясы;

    жеке адамның саяси қызметі және саяси әлеуметтендіру теориясы;

    қоғамды саяси басқару теориясы;

    халықаралық қарым- қатынастар мен жүйелердің теориясы.

    sБақылау сұрақтары:

    1. Саясат дегеніміз не?

    2. Саясат функциялары қандай?

    3. Саясат құрылымы дегеніміз не?

    4. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігін сипаттаңыз.

    5. Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттарын атап көрсетіңіз .
    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

    2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017

    3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017

    4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

    5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

    6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

    7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9

    8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.

    Тақырып 11. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері

    Дәріс 11

    Қарастырылатын мәселелер
    1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).

    2. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары.

    3. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері.

    4. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

    1.Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым, саяси қозғалыс ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар саясатты түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Билік бүкіл қоғамдық қатынастарда саясат пен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстан қазір тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде, жастарымызды билік туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор. Осыған орай осы оқу құралында бұл мәселенің тоериялық тұстарын жұртшылық назарына ұсынбақпыз.

    Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, әлеуметтанушылар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңір билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:

    Бихевиористік анықтама бойынша, билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.

    Теологиялық анықтама бойынша, билік құдайдың күшімен түсіндіріледі.

    Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.

    Структуралистік билік анықтамасы бойынша, билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

    Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.

    Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады. Бұл анықтама биліктің мәнін қайсыбір субъектінің өз мүмкіндіктері арқылы өзінің ерік-жігерін түрлі саяси әлеуметтік қатынастардағы алатын қасиеттері негізінде ашатын билік жөніндегі Вебердің белгілі анықтамасына өте жуық.

    Ғылыми әдебиетте кеңінен белгілі американ саясаттанушысы Г. Саймонның пікірі де осыған саяды. Ол билікті былай деп түсіндіреді: Егер В-ның мінез-құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, В-ның үстінен А билік жүргізеді . Демек билік оның барлық анықтамасында өз ерік-жігерін әртүрлі(бедел, заң, күштеу) құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

    Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегідей бөлшектердің болуы шарт:

    Кем дегенде билік қатынасының жеке адамдар немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек;

    Билікті жүзеге асырушының бағынбаған жағыдайда жазалау шараларын қолданатындығыжөніндегі бұйрығы болуы тиіс

    Билікті жүзеге асырушыға билікке бағынатын адамдардың илануы керек.

    Бұйрық берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуытиіс, ал бұл бұйрықтың кімге қатысты болса, оның билікті жүргізушіге бағынуға міндеттілігі айқын болуы тиіс.

    2. Билікті жіктеудің негізгі белгілері төмендегідей:

    қызметі саласы бойынша (саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық т.б.);

    деңгейінің көлемі бойынша (мемлекеттік, халықаралық т.б.);

    билік субъектісі бойынша (таптық, партиялық халықтық және бастық мәселен президенттік, әке билігі, ұстаз билігі т.б.);

    Құрылымдық – формальдық белгілері бойынша (институттық, институттық емес, жеке билік жүргізу, екі жақты немесе көп жақты жүргізу );

    Жүзеге асыру тәсілі бойынша (үстемдік, күштеу, мәжбүр ету, сендіру);

    Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша (жеке билік жүргізу, коллегиялық топтық басқару);

    Басқару тәртібі бойынша (қаталдық, беделдік, демократиялық, бюрократиялық).


    Кесте № 2. Биліктің негізгі түрлері, жүзеге асу құралдары, басқару мен іске асу формалары

    ð’ð¾ð»ð½ð° 93

    ðŸð¾ð»ð¾ñ‚ð½ð¾ 92
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


    написать администратору сайта