Главная страница
Навигация по странице:

  • Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология . - Social psychology

  • Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5

  • 157; Тақырып 7 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау Дәріс 7  Қ арастырылатын мәселелер

  • Әлеуметтену

  • Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б . МОДУЛЬ 2. САЯСАТТАНУ 157; Тақырып 8. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница6 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    3. Соңғы онжылдықта отбасылық өмірге бірнеше түрлі альтернативтік формалар пайда болды.

    Швецияда, 1988 жылдан бастап, азаматтық және шіркеу некеге тұрумен қатар неке қатынастарының формасы «самбо» заңдастырылды. Самбо ерлі-зайыптылардың қандай да бір заңдық міндеттемелеріне әкеп соқпайды, мүлікті жеке меншікке, жинақ, табыс, қарым-қатынас еркіндігі мен некеге байланысты. Заң бірлескен балаларға қамқорлық жасау үшін самбо жасаған жұбайларды ғана міндеттейді.

    Годвиндік отбасы («үйлену некеге тұру», «қонақ үйлену») - ерлі-зайыптылардың бөлек тұруыі, ортақ үй және өмірлерінің болмауы. Моногамдық некенің отбасылық емес нысаны алғаш рет XVIII ғасырда сипаттаған В. Годвин болған.

    Конкубинат – некедегі ер адам мен мен ресми түрде некеде тұрмайтын әйел арасындағы қарым-қатынас, әдетте мұндай қатынаста ортақ бала болып, материалдық жағынан қолдан танылады.

    Коммуна - балаларды басқару және тәрбиелеу үшін бірнеше отбасының одағы.

    sБақылау сұрақтары:

    1.Қазіргі қоғамда отбасының дамуының қандай тенденциялары сізге ұнамды?

    2. Әлеуметтану ғылымы тұрғысынан отбасы ұғымына сипаттама беріңіз

    3.Отбасы және некенің қандай түрлері бар?

    4.Әлеуметтік институт ретіндегі отбасының функциялары қандай?

    5.Дамыған қоғамда қандай отбасылық өмірдің альтернативті формалары пайда болды?
    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.

    2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.

    3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б.

    4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.

    5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б.

    Тақырып 7Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау

    Дәріс 7

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Девиация мен әлеуметтік бақылау.

    2. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық).

    3. Аномия мен қоғам.

    4. Деликвенттілік және қылмыс.

    Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. «Девианттық мінез-құлық» ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік «жамандықтың» жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады

    Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.

    Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.

    Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек, әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке аясы болады. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады.

    «Әлеуметтік бақылау» - терминін айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард оны бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын. Шет ел әлеуметтанушылары Ф.Знанецкийдің, Р.Лапьердің, Д.Мартиндейлдің, У.Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл әлеуметтанушылар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Әлеуметтік бақылау теориясын Э.Росс пен Р.Парк жасаған. Э.Росстың пікірінше, әлеуметтік бақылау дегеніміз «салауатты» әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамның жеке адамның мінез-құлқына мақсатты ықпал етуі. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды:

    қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар;

    қоғамдық пікір;

    әлеуметтік институттар.

    Т.Парсонс әлеуметтік бақылау проблемаларына және әлеуметтік жүйенің орнықтылығы мен ықпалдасушылығын қамтамасыз ету құралдары ретіндегі нормаларға ерекше назар аударған. Ол әлеуметтік бақылаудың үш құралын бөліп қараған:

    1. Оқшаулау нормаларды бұзушыға (девиантқа) қатысты қолда­ны­лады және оны жөндеуді көздемейді. Мұндай әдіспен түзелмейді делінген қылмыскерлерге ықпал жасалады.

    2. Шеттету құқық бұзушының байланыстарын шектеумен байланысты, бірақ оны қоғамнан толық оқшаулауды көздемейді. Бұл оған өзінің қоғам нормалары мен заңдарын ұстануға дайындығы мен қабілетін байқаған кезде қоғамға қайтып оралуына мүмкіндік береді.

    3. Құқық бұзушыны жөндеу, оны қалыпты өмірге және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға қайта оралуына дайындау. Көптеген түзету орындарында, психиатиярлық емханаларда оңалту бағдарламалары кеңінен қолданылады, ал әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қамсыздандыру органдарында, түрлі қоғамдық ұйымдарда ынтымақтаса отырып, құқық бұзушыларды оңалтумен айналысуда. Бұл ұйымдардың полициядан, соттан, бас еркінен айыру орындарынан айырмашылығы, девианттық мінез-құлықты қаскүнемдік жауыз ниет емес, әлеуметтік сәтсіздік, өзінің еңбек және өзге қабілеттерін қолдана алмау проблемасы ретінде қарауға бейім, әрқашан құқықтық санкцияларды емес, қолдауды, жанашырлықты, мейірімділікті, көбінесе емдеуді талап етеді. Сондықтан олар әлеуметтік-психологиялық, медициналық және өзге алдын алу шараларына, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

    Сонымен, тұлғаның қалыптасуы өзара байланысқан бірқатар деңгейлерді - адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және дүниетанымдық қалыптасуын қамтитын күрделі процесс болып табылады. Әлеуметтену институттары адамға мінез-құлық үлгілерінің мәдени нормаларын үйретіп қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен рөлдердің қаншалықты берік, терең және дұрыс меңгерілгенін де бақылап отырады.

    2. Девианттық мiнез-құлық мәселелерi әлеуметтiк жанжал теориясының негiзiнде қарастырылады. А. Коэн әлеуметтiк топтарға нақты қауiптi оның ұйымшылыдығын қалыптастырып, топтық нормалардан оның мүшелерiнiң ауытқуын азайтады, және сонымен қатар ауытқитын мiнез-құлық жасайтын топтың мүшелерiне қатысты топтық репрессияға ұшырататындығы басым көрiнедi. Жанжал теориясына қатысты, әлеуметтiк жүйедегi мiнез-құлықтың мәдени бейнелерi ауытқитын мiнез құлық болып табылады, егер ол басқа мәдениеттiң құндылықтарына негiзделген болғанда. Девианттық ауытқитын мiнез- құлық теориясы арнайы социологиялық теория ретiнде құрылымдық функционализм теориясының аясында дамиды. Р. Мертон аномия теориясын қолдана отырып, девианттық мiнез-құлық теориясын мәдениеттiң жасайтын мақсаттарымен әлеуметтiк-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келiспеушiлiктер деп түсiндiредi. Оның пiкiрiнше әртүрлi топтар үшiн бiркелкi емес мақсаттарға жетудiң ресми жолдары қоғамның ресми құрылымымен қамтамасыз етiледi, және осылардың функционалдық жетiспеушiлiктерi мақсатқа жету үшiн қолданатын бейресми құрылымдардың пайда болуына негiз болады.

    Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

    Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

    Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.

    Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.

    Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.

    Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.

    Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.

    Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

    Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.

    Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.

    Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.

    Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:

    Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.

    Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.

    3. Аномия - қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.

    Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:

    қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;

    әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;

    адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;

    мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.

    Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы Э.Дюркгейм.

    Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.

    «Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.

    Аномия ұғымын қазiргi әлеуметтану ғылымында әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон. Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.

    4. Деликвенттікмінез-құлықтермині – латын сөзі «dilinguens» – «қылық, айып» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез-құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент).

    Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар.
    sБақылау сұрақтары:

    1. Девианттық мінез-қылық ұғымы нені білдіреді?

    2. «Норма» ұғымының социологиялық мағынасы неде?

    3. Девианттық мінез-қылықтың шығу себептерін әртүрлі теориялар тұрғысынан сараптаңыз.

    4. Аномия дегеніміз не?

    5. Деликвенттілік дегеніміз не
    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.

    2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.

    3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б.

    4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б.

    5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б.

    МОДУЛЬ 2. САЯСАТТАНУ
    Тақырып 8. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
    Дәріс 8

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары

    2. Саясаттанудың пәні мен объектісі.

    3. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.

    4. Саясаттанудың прагматикалық мәні.

    1. Қоғамтану ғылымының түрлі-түрлі білім бөлінуіне байланысты саясаттану да өзіндік бір жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары мен өз заңдылықтары бар ғылым болып қалыптасқан. Оның өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына қоғам өміріне, қоғамдық қарым-қатынастарға саясаттың өктемдік жасап қоғамдық болмыстың (формасына) түр-бейнесіне тигізетін ықпалы күшті, сол арқылы қоғамның саяси өміріне тигізетін әсері себеп болды.

    Саясаттану сөзі гректің «политика» (саясат) және «логос» (ілім) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал саясат сөзінің өзі көне грек ұғымдарына негізделген politike – «мемлекетті басқару өнері немесе мемлекеттік істі жүргізу» деген сөзінен алынған. Алғашқы кезде саясат ұғымының дәлме-дәл аудармасы мемлекеттік істі жүргізу болған болса, қазіргі кезде саясат ұғымының ауқымы кең, күрделі зерттеу мәселесі бар ғылым саласы. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен ролі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта