Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е
Скачать 1.17 Mb.
|
4. Әлеуметтену және бірегейлік. «Әлеуметтену» ұғымы жалпылама түрде жеке адамның әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды. Әлеуметтенуден бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет. Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту кері әлеуметтену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады. Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты. Әлеуметтену процесінің мазмұны кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды сыйлайтын азаматтар болуына (саяси әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді. sБақылау сұрақтары: 1. Әлеуметтану ғылымының зерттеу нысаны ? 2. Индивид және тұлға арасында қандай айырмашылық бар? 3. Қоғам дегеніміз не? 4. Әлеуметтік институттардың қандай түрлерін білесіз? 5. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз ¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с. 2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет. 3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Тақырып 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе Дәріс 2 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер. 2. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). 3. Құрылымдық функционализм. 4. Қақтығыс теориялары. 1. Қазіргі әлеуметтану бірнеше мектептер мен бағыттарға бөлінеді. Олардың көпшілігі бірін-бірі толықтырып, дамытып отыр. XX ғасыр әлеуметтануында үш бағыт біріктіріледі: функционализм, конфликтологиялық (қақтығыс) әлеуметтану және символикалық интеракционизм. Әлеуметтанушылар қоғамды екі деңгейде зерттейді – микро және макро деңгейлер микросоциология адамдардың күнделікті өзара іс-әрекеттерін сұрыптауға басты назар аударады. Макросоциология қоғамның негізгі құрылымдарын зерттейді. Микро әлеуметтанулық деңгейде негізгі теория символикалық интеракционизм теориясы болып табылады. Бұл теория өкілдерінің пікірінше адамдар сыртқы дүние әсеріне белгілі бір мән береді. Макро әлеуметтанулық деңгейде негізгі екі теория бар: функционализм және конфликтология (дау-жанжал) теориясы. Функционалистер пікірінше қоғам бір-бірімен өзара байланысқан және әрқайсысы жалпыға өз әсерін тигізетін бөліктерден тұрады. Конфликтология теориясының өкілдері қоғамдағы билік бөлінісіне басты назар аударады. Бұл теориялар туралы кейінгі бөлімдерде толық қарастырамыз.
Кестеде көрсетілген өте кең жалпыланған бөлініс екенін ұмытпау қажет. Сондықтан қазіргі әлеуметтанудың кейбір теориялары көрсетілген бағыттардың бірде-біріне сыймайды. Осылай бола тұрса да бұл үш парадигма қазіргі әлеуметтану алдында тұрған проблемаларды көруге көмектеседі. 2. Огюст Конт (1798-1857) әлеуметтанудың негізін қалаушы болып табылады. Оның «Позитивтік философия курсы» атты еңбегі бар. Конттың пікірінше әлеуметтану әлеуметтік статиканы және әлеуметтік динамиканы зерттеуі тиіс. Әлеуметтік статика - қоғамдағы өмір сүріп тұрған құрылымдар. Әлеуметтік динамика - әлеуметтік өзгерістер үрдісі. О.Конттың пікірінше әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертетін ғылым болуы тиіс. Қоғамның нақты құрылымын зерттеуде Конт оның негізгі элементі ретінде отбасын алады. Адам отбасында жаратылыстық жағдайда болады. Осы жағдай барлық қоғамдық қатынастардың жаратылыстық негізі болып табылады. Әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертуде адам ақылына (интеллектуальдық эволюция) сүйенеді. Адам ақылы өз дамуында үш сатыдан өтті; 1) теологиялық, қоғамдағы өзгерістер қасиетті күштер әсерінен деп түсіндіріледі; 2) метафизикалық қоғамдағы өзгерістер абстрактылы-философиялық ұстанымдар көмегімен түсіндіріледі; 3) позитивті-ғылыми, бұл кезеңде адам ақылы реалды-шыншыл фактілерді зерттеуге тоқталады. Осылайша адам ақылының үш кезеңді дамуы туралы О.Конт заңы жалпы әлеуметтік даму теориясы болып табылады. Эмиль Дюркгейм (1859-1917) француз ойшылы. Оның ілімінің негізінде «социологизм» тұжырымдамасы жатыр. Э.Дюркгейм пікірінше қоғам негізінде ерекше бір «ақиқат» бар. Ол адамдарды біртұтас етіп біріктіріп, олардың арасында байланыс орнатады. Сондықтан ол «ақиқаттың» өз жалпы және дара заңдары бар. Міне осы заңдар әлеуметтанудың зерттеу пәні. Себебі бұл заңдар бар қоғамдық көріністердің мінезі мен мәнін ашады. Бұл «ақиқат» қоғамның жеке мүшесіне өз байламдарын «күтініс», «талап», ұстаным, мораль және т.б. түрлерде тоқтады. Міне осы жекеден шығатын (себебі «ақиқат» мәнін жеке адамдар әрекеті толықтырады) жалпы байланысты Э.Дюркгейм «әлеуметтік факт» деп атады. Әлеуметтану әлеуметтік фактілер жөніндегі ғылым ретінде ерекше ақиқатты қарастыра отырып жеке адамды да нақты тұлға ретінде көрсетеді. Дюркгеймше айтқанда біздің барлығымыз да қоғам үшін белгілі бір мәнге иеміз. Әлеуметтану бізге осы жалпы ақиқатқа біздің әрқайсысымыздың кірігуімізге, әрқайсысымыздың өз шындығымызды әкеліп қосуымызға көмектеседі. Мысалы, Э.Дюркгейм үлкен статистикалық материал мен әлеуметтану әдістердің үлкен жиынтығын қолдана отырып зерттеген өзіне-өзі қол салушылар (суицид) мінез-құлқы және қоғамдық мінез-құлықтың аномия құбылысын ашуға көмектесті. 3. Құрылымдық функционализм Р.Мертон (1912 ж. туған). Қоғам түгелімен және оның жеке бөліктері олардың қызметтері (функция) арқылы бекітілген тығыз өзара байланысқа ие. Функционалистер қоғамды көптеген бөліктерден тұратын организм ретінде қарастырады. Әрбір бөлік өз қызметін атқарады, әрі олардың арасында айырмашылық көп болған сайын бір бөліктің екіншісін ауыстыруы қиындай түседі. Г.Спенсер функционализм негізін қалады, ал Э.Дюркгейм оны әрі қарай дамытты. Қазіргі функционалистер Т.Парсонс, Р.Мертон, К.Дэвис осылардың ізбасарлары. Олардың негізгі еңбегі қоғам бөліктерін анықтау, қоғамдық қызметтердің керекті және керексіздерін бөліп көрсету, қоғамның органикалық біртұтас болып табылатын ұйымдасу ретін анықтауда. Қазіргі функционализмнің теоретикалық шеңберін анықтайтын бас пункт: 1) Қоғам-бұл біртұтас болып біріктірілген бөліктер жүйесі. 2) Қоғамдық жүйелер өз тұрақтылығын құқық қорғау органдары мен сот сияқты ішкі бақылау механизмдерінің арқасында сақтайды. 3) Қоғамға тұрақсыздық әкелетін қызметтер (дисфункция) болады, бірақ олар өз-өздерін жояды және ақыр соңында қоғамнан кетеді. Мыс. 60 ж. американ қоғамына радикалдар мен хиппи көп жаңалық әкелді: қоршаған орта проблемасына жаңа көзқарас, жоғары билікке сенімсіздік, ерлер мен әйелдердің анағұрлым ашық киім стилі және т.б., бірақ бүгінде оларды истеблишмент жұтып қойды. 4) Өзгерістер әдетте революциялық емес бірте-бірте жаңару мінезінде болады. 5) Әлеуметтік ынтымақтастық (интеграция) немесе қоғамның берік екендігін сезіну елдің көптеген азаматтарының құндылықтардың біртұтас жүйесіне табынуы негізінде құрылады. Бұл біртұтас құндылықтар жүйесі қоғамдық жүйе үшін тіреу болып табылады. 4. Конфликтология (қақтығыс) теориясы Конфликтология теориясы, таптық жанжал қоғам өзегінің өзінде деп есептеген К.Маркс еңбектерінің негізінде пайда болды. Таптық жанжал себебі мынада, адамдар экономикалық жүйедегі жағдайына байланысты әртүрлі топтарға бөлінген. К.Маркс пікірінше таптық күрес көптеген саяси жанжалдар көзі болып табылады. К.Маркс теориясына сәйкес таптық жанжал тарихтың қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі уақытта конфликт теорияларының әртүрлі варианттары ұсынылды. Қазіргі теориялар ішіндегі ең мәндісі неміс социолог-ғалымы Р.Дарендорф теориясы. Ол К.Маркстің «қоғамдағы негізгі жанжалдасушы таптар – экономикалық белгісіне байланысты ұйымдасқан таптар»,- деген пікірін жоққа шығарады. Р.Дарендорфтың ойынша әлеуметтік жанжалдың ең басты себебі бір адамдардың басқалар үстінен билікке ие болуы. Негізгі жанжал билік иелері мен одан тыс қалғандар, бірақ билік иеленуге әбден мүмкіндігі барлар арасында пайда болады. Р.Дарендорф конфликт теориясының мына негізгі мәндерін құрамдады: Кез келген қоғамның басты бейнесі үстемдік, жанжал және жаныштау болып табылады. Қоғамдық құрылым адамдардың бір тобының екінші топ үстінен билігіне негізделген. Мыс.: бизнесмендер жұмысшылар үстінен, офицерлер солдаттар үстінен, оқытушылар студенттер үстінен билікке ие. Осындай әрбір топтың, ол оны түсінсе де, түсінбесе де жалпы мүддесі бар. Әртүрлі топ мүшелерінің мүдделері әртүрлі және қарама-қайшылықта. Мыс.: өз кірісін көбейтуге мүдделі іскер адамдар мен қоршаған ортаны қорғау қозғалысының белсенділері арасында әрқашан да жанжал туып отырады. Адамдар өз жалпы мүдделерін түсінгенде олар қоғамдық топ құра алады. Мыс.: кәсіподақ қозғалысы нысанында. Қоғамдағы жанжал мынадай жағдайларда өте күшейеді: а) барлық билік түгелімен тек аздаған адамдар қолында ғана шоғырланған, ал қалғандар одан толығынан қол үзген; б) биліктен қол үзгендер оны алудың өзге мүмкіндігіне ие болмаған жағдайда; в) адамдар ерікті түрде саяси топтар құра алмаған жағдайда. sБақылау сұрақтары: 1. О.Конттың әлеуметтануға ғылым ретінде дамытуға қосқан үлесін анықтаңыз. 2. Г. Спенсердің тұжырымдамасы әлеуметтанудағы қандай бағытқа жатады? 3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтік тұжырымдамасының негізгі ережелері қандай? 4. Құрылымдық функционализмнің негізгі өкілдерін атаңыз? 5. атығыс теориясының негізгі ережелеріне сипаттама беріңіз. ¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с. 2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет. 3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Тақырып 3. Әлеуметтанулық зерттеулер Дәріс 3 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. 2. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. 3. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. 4. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау. Қазіргі әлеуметтану өз арсеналында әрқилы эмпириялық әдістерді қолданады. Олардың кейбіреуі этнографтардан, статистерден, психологтардан алынған, кейбіреуін әлеуметтану өзі жасаған. Ең негізгі әдістер мыналар: ақпараттық жазба көздерін, құжаттарды сұрыптау; бақылау және сұрау әдістері. Құжаттарды сұрыптау – бұл жазба көздің, құжаттың мінезіне тән әртүрлі вариацияларда пайдаланылады. Әлеуметтануда осы әдісті қолдана отырып өте ірі ғылыми-әлеуметтік мәселелер шешілген. Мыс: М.Вебер қоғам дамуында социомәдени фактор бар екендігі туралы гипотеза жылжыта отырып, оны осы әдіспен дәлелдеп шықты. Осы әдістің нақты, қатал түрі контент-анализ болып табылады. Бұл сұрыптау түрі жазба құжатты әлеуметтік маңыз немесе оған әлеуметтік мән бере отырып сұрыптау арқылы іске асырылады. Бақылау. Егер социолог анықталған бағдарлама, гипотеза, зерттеу негізінде бақылау жүргізсе, бұл стандартталған бақылау деп аталады. Мұндай жағдайда социолог өз бақылауын өзі бұған дейін болжаған индикаторларға сәйкес тіркеп отырады. Әлеуметтануда тікелей бақылау әдісі кең таралған. Мұндай жағдайда социолог өз зерттеу объектісінің ортасында өмір сүреді. Бұл зерттеу әдісінің бір кемшілігі, объектіге тікелей енген зерттеушіде сол ортаға байланысты антипатия не симпатия сияқты сезімдік көзқарас пайда болуы мүмкін. Ал бұл еріксіз социологты субъективизмге ұрындырады. Сұрау әдістері. Сұрау әдістерінің негізгі екі түрі бар: анкеттік сұрақ және сұхбат. Сауалнамалық. Ең алдымен социолог зерттелуге тиісті көріністің жалпы кестесін жасайды. Бұл кесте соңынан нақты негіздерге айналатын абстрактылы түсініктерден тұрады. Сауалнама – орта есеппен 30-40 сұрақтан тұратын машинкада, компьютерде немесе типографиялық әдіспен көбейтілген құжат болып есептеледі. Сауалнама сұрағына жауап берушілер респондент деп аталады. Сұрақтар нақты болуы тиіс. Сұрақтар екі топқа бөлінеді, ашық және жабық. Ашық сұрақта социолог бос орын қалдырып, респонденттен өз пікірін білдіруді сұрайды. Мыс: «Сіздің отбасыңызда әрбір адамға шыққандағы кіріс қанша?». Сұрақтан соң бос орын қалады. Ал жабық болса, жоғарыдағы сұрақтан соң жауап беріледі. Мыс: 1) 2000 теңге, 2) 2000 мен 4000 арасы, 3) 4000 жоғары. Жабық сұрақтарды компьютерде тез өңдеуге болады, бірақ ол социологтан зерттелуші мәселені толық білуін талап етеді. Ашық сұрақтар егер социолог жағдайды толық білмеген жағдайда барлау мақсатымен жүргізіледі. Сұхбат. Егер анкетаны респондент өзі толтырса, сұхбат кезінде оны оған маман оқып береді. Ол маман интервьюер деп аталады. Сұхбат әдісі негізінен екі мақсатта пайдаланылады, біріншіден, коммерциялық зерттеулерде белгілі бір тауарды жарнамалау мақсатында, ал екіншіден, егер анкетада қарапайым адамдарға түсініксіз терминдер көп қолданылса. Статистикалық көзқарас тұрғысынан сұрау әдістерінің ішіндегі ең дәлдісі жалпы сұрау болып табылады. Бұның ең айқын мысалы жалпы халық санағы. XIX ғ. бастап ол Европа елдерінде, ал қазіргі уақытта барлық елдерде жүргізіледі. Санақ өте бай және нақты ақпарат береді, бірақ бұл өте қымбат тұратын шара. Ең бай елдердің өзі 10 жылда бір рет қана санақ жүргізе алады. Осыған байланысты социологтар анағұрлым арзан, бірақ дәлдігі қалыспайтын жаңа сұрау әдісін тапты. Ол таңдап зерттеу деп аталады. Егер сұрауға жататын тұрғындарды жалпы жиынтық десек, онда таңдау жиынтығы соның кішірейтілген көшірмесі болып табылады. Мыс: АҚШ-тағы Гэллап институты тұрақты түрде таңдау методымен 1,5-2 мың адамды сұрап тұрады, ал сайлау кезінде 300 миллион американдық қалай дауыс беретінін болжап береді. Қателік бірнеше пайыздан аспайды. Тұрғындардың қай бөлігі жалпы жиынтыққа жататынын зерттеу мақсаты айқындайды. Ал осылардың ішінен кімдердің таңдау жиынтығына жататынын математикалық әдіс шешеді. Таңдау жиынтығы жалпы жиынтықтың дәл көшірмесі болуы тиіс. Бұл әлеуметтану негіздерінің негізі. Түпнұсқадан ауытқу репрезентативтік қателік деп аталады. Мұндай қателік анағұрлым аз болуы тиіс. Олай болмаса әлеуметтанулық зерттеу қорытындысы қате болып шығады. Әлеуметтік зерттеулер 5 кезеңнен тұрады. зерттелетін құбылыстарды анықтау, бастапқы болжамдарды тұжырымдау; зерттеу жоспарын жасау; мәліметтер жинау; жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; ғылыми түсіндірме жасау, оны тексеру. Зерттеу обьектісін анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып білудің 1-ші кезеңі болып табылады. Зерттеу құбылыс анықтағанда басқа құбылыстармен байланыстылығын анықтау керек. Ол білімдер толық болса, зерттелетін құбылыста толық дұрыс болады. Ғылыми зерттеудің міндеті-қоғамдық құбылыстар арасындағы байланыстардың формасы мен беріктігін анықтау. Бұл байланыстар мен қатынастар тәжірибеде іс жүзінде тексеругше болатындай болуы тиіс. Гипотезаның мазмұнын эмпириктік жолмен де тексеруге болады. Эмпириктік жолмен тексеру қажет болса, онда оны фактілермен салыстырамыз, ал теориялық тұрғыдан тексергенде ақиқаттығы бұрын негізделген қағидалардың, теориялардың көиегімен дедукциялық жолмен дәлелденеді. Болжам - әрдайым ақиқат бола бермейді, бірақ олардың мүмкіндігінше ақиқат болуына талпыну керек. Ғылымда қолданатын гипотезалар төмендегідей болады:1.ұғымдары анық, 2.обьектілерге қатысты,3 тиісті зерттеу техникасы мен теорияларға қайшы келмейтіндей болуы тиіс Бұдан зерттеудің жоспарын жасау белгіленеді. Жоспарды зерттелетін мәселемен алдын-ала танысу, сұрақтарға жауап алу, қорытынды жасау т,б. әлеуметтік проблемалар қарастырылады. Қоғамдық құбылыстарды зерттеу ісі- мамандық иелерімен жүргізілетін күрделі коллективтік (ұжымдық) іс. Зерттеу жұмысының дұрыстығы үшін басшылықтарға нақты адамдар тағайындалып, қажетті қаражат мөлшері қарастырылады. Әлеуметтік зерттеулердің негізі социологиялық әдіс-тәсілдері мыналар: Бақылау әдісі- қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады. Эксперимент әдісі- жасанды түрде қолдан жасау арқылы бақылау. Сұрау әдісі- зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Анкеталар тарату әдісі-әлеуметтік мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша немесе ауызша сауалнамалар алу. Интервью алу әдісі-белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жоылмен мәліметтер жинау. Тестілеу әдісі-жеке адамдардың өзіндік пікірлерін білу. Математикалық-статистикалық әдіс-сан мен сапа жағынан анықтау, баға беру. Салыстырмалы әдіс-ортақ белгілерді ашу, айырмашылықтарын анықтау. Документтермен жұмыс жасау әдісі-сапалық және сандық талдаулар жүргізу |