Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е
Скачать 1.17 Mb.
|
sБақылау сұрақтары: 1. Әлеуметтену дегеніміз не? 2. Әлеуметтену кезеңдерін атап көрсетіңіз және ерекшеліктерін сипаттаңыз. 3. Гендерлік әлеуметтену дегеніміз не? 4. Гендерлік тәртіп ұғымын қалай түсінесіз?. 4. Рөлдер және мәртебелер ұғымына сипаттама беріңіз ¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Социология. Основы общей теории: учебник / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с. 2.Дж. Ритцер, Дж. Степницки. Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет. 3. Майерс, Д.Г. Әлеуметтік психология. - Social psychology. /Д.Г. Майерс, Ж.М. Туенж; Жауапты шығарушы А.Б.Айтпаева, Б.Орынбетова.- 12-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 648 б. 4. Бринкерхоф, Д. Әлеументтану негіздері. – Essentials of socioloy. /Д. Бринкерхоф, Р. Уейтс, С. Ортега.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 464 б. 5. Аронсон, Э. Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе. /Эллиот Аронсон; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы: Тәжин М.М.- 11-басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы», 2018.- 408 б. Тақырып 6. Отбасы және қазіргі заман Дәріс 6 Қарастырылатын мәселелер 1. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. 2.Отбасының әлеуметтік қызметтері. 3. Неке мен отбасының альтернативті формалары. 4. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты. Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Нуклеарлы (ядерлік) отбасы – бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы. Кеңейген нуклеарлы отбасы – ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы. Толық емес отбасы–ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі – бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі – бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді. Функционалдытолық емес отбасы– ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы тиіс. Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б. Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты: жастар отбасы («бал айындағы» отбасы); жас отбасы (жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл); бала күтіп жүрген отбасы; орта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру); ересекерлі-зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық өтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(өз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рөлдерін атқарып жатқан отбасы). Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалы және көп балалы отбасына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі-зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көп балалары бар отбасы көп балалы отбасына жатады. Көп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді. Мекен-жай орны бойынша қалалық, ауылдық отбасыларды және алыс аудандарда тұратын отбасыларды бөледі. Олар өмір сүру стилімен, тұрмыс салтымен, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жұмыс бастылық сипатымен және рөлдік құрылымымен, тұтыну деңгейімен, тәрбиелік қызметтерді атқару сипатымен ерекшеленеді. Мысалы, алыс аудандарда тұратын отбасылар өз балаларын мектеп-интернаттарға оқуға жіберуге мәжбүр, бұл дегеніміз ата-аналардың балаларынан ұзақ уақытқа жырақта жүруіне және ата-аналық қамқорлық пен протекцияның депривациясына әкеледі. Өмір сүру түрінің өлшемдері патрилокальды, матрилокальды және неолокальды отбасыларын бөлуге мүмкіндік береді. Отбасының патрилокальды түрі әйелдің күйеуге шыққаннан кейін жұбайының үйіндегі мекен-жайымен анықталады. Матрилокальды отбасының әйелдің үйінде мекендеуімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда отбасының неолокальды типте мекен етуі кең таралған, мұнда нуклеарлы отбасы ата-анадан және басқа туысқандардан бөлініп, жеке отбасымен өмір сүруге тырысады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірге тұратын ерлі-зайыптыларда годвин-неке, яғни ерлі-зайыптылардың жеке тұруы жиі кездеседі. Бұл неке түрі өмір сүрудің осындай түрін жақтайтын У. Годвиннің есіміне байланысты аталған, У. Годвин бойынша ерлі-зайыптылардың бірге тұруы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, бейімділіктеріне сәйкес толыққанды тұлғалық дамуға кедергі келтіреді. Рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипатына байланысты дәстүрлі, авторитарлық, эгалитарлық, демократиялық отбасыларды бөледі. Дәстүрлі авторитарлы отбасы авторитарлы типтегі ердің жеке билігімен және ер мен әйелдің рөлдерін нақты жіктеу арқылы отбасылық рөлдерді дәстүрлі бөлумен ерекшеленеді. Авторитарлы отбасы патриархалды (ер адам билік етеді) және матриархалды (отбасын әйел билейді) болуы мүмкін. Эгалитарлы отбасы (тең құқылы, эквивалентті) – отбасында билік, рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу болмайды, рөлдік құрылым бекітілмейді. Әдетте, эгалитарлы отбасы – бұл баласыз жас ерлі-зайыптылар. Баланың дүниеге келуі ерлі-зайыптылардан ұстанымдар мен рөлдерді бөлуді талап етеді, сондықтан эгалитарлы тип дәстүрлі немесе демократиялық типке ауысады. Демократиялық (серіктес) отбасы ерлі-зайыптылардың тең құқылығымен, бірлесе билік етуімен, қызметтерді бірге бөлумен, отбасы рөлдері мен міндеттерінің икемділігімен және әрбір серіктестің, біртұтас отбасының мүдделерін ескере отырып, рөлдік құрылымды өзгертуге дайындығымен ерекшеленеді. Отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар- отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). 2. Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер. Отбасындағы әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизмдер: 1. Дүниеге келгеннен басталатын әлеуметтену үрдісі персонификация және идентификация (ұқсастырылу) механизмдері негізінде жүзеге асады. Дүниеге жаңа келген сәби ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі де есейе келе сол көргендерін қайталай отырып, болашақта атқаратын қызметі мен орындайтын рөлдерін игереді. Фрейдтің әлеуметтік дамуға енгізген келесі психологиялық механизмдері: имитация (еліктеу), идендификация (ұқсастырылу), ұят және кінә сезімдері. Имитация (еліктеу) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақындарының, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін. Осы механизм негізінде бала көргендерін, естігендерін ұқсастыра қайталай отырып,болашақта нені айтуға, істеуге болмайды дегендей жақсы мен жаманның ара қатынасын ашады. Идентификация (бірегейлік) бала өзін ата-анасымен, ағайын- туыстарының,достарының ішіндегі өзіне ұнаған адамдармен ұқсастырылу арқылы жақсы (өкінішке орай кейде теріс) әрекет-қылық үлгілерін, олардың бойындағы құндылықтар мен нормаларды қабылдап өзінің меншікті әлеуметтік-психологиялық сапа-қасиеттеріне айналдырады. Америка психологы Ч.Кули әлеуметтену үрдісінде баланың өзіндік санасының қалыптасуына оны қоршаған бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы өзге адамдардың (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңыздылығына назар аударады. Қоршаған жақын адамдарының пікірлері бала үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі олардың ықпал-әсері арқасында оның «Мен» бейнесі қалыптасады. Егер отбасында татулық, сыйластық болса, уақыт өте келе бастапқы әлеуметтік ұжымдардағы әлеуметтік ықпалдар мен байланыстардың шеңберінің кеңеюі нәтижесінде субъективті «Мен» нығайып, тұрақтанады, қоршаған адамдар ықпалымен баланың өзін-өзі қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік нормалары мен құндылық бағдары, әлеуметтік белсенділігі жоғарылайды. Ч. Кули өз теориясында баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақындардың, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалаған. Дегенмен, олар бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіндегі бастапқы баспалдақтары болып табылады. Американдық ғалым-психолог Дж.Г. Мид баланың әлеуметтік кемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастардың рөлін ерекше бағалаған. Дж.Мид отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластық болашақтағы үйлесімді әлеуметтік қатынастардың негізі екенін айта келе, ата-ананың балаға айтқан жақсы және жаман сөздерінің бала психикасының, өзін-өзі бағалау деңгейіне ықпалына баса назар аударған. Отбасында әлеуметтену үрдісінің үш өрісі: Біріншісі – белсенді іс-әрекет. Баланы еңбек арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Еңбектену кезінде бала адамзат тарихы жасап келген тәжірибені, құндылықтар жүйесін іс-әрекет тәсілдерін игере отырып, сол ортаның белсенді мүшесіне айналады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі үрдістер жүзеге асырылады. Біріншіден, әртүрлі іс-әрекет түрлері мен оның формаларының арасындағы байланыстарды игереді. Осыдан туындайтын екінші үрдіс – өзі таңдаған, жетекші іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындырады. Үшінші үрдіс, іс-әрекет барысында бала жаңа рөлдерді игереді және олардың маңыздылығын түсінеді. Осының бәрі баланың болашақта өз ісінің шебері болуға, іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына тиімді ықпал етеді. Әлеуметтенудің екінші өрісі – қарым-қатынас. Ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, өзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерек отбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады. Әлеуметтенудің үшінші өрісі – баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуы. Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Адамның өзіндік сана-сезімі оның мінезінде, іс-әрекетінде, қылығында көрініс табады. Жоғарыда айтқандай баланың отбасындағы орны, оғандеген ата-анасыныңмахаббаты үлкен рөл атқарады. «Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғыдағы көзқарастар бар. Соның ішінде кеңінен тарағаны үш компонентті «Мен» құрылымы: танымдық (баланың өзін-өзі танып түсінуі), эмоциялық (өзін-өзі бағалауы), мінез-құлықтық (өзінің әрекеттеріне сын көзбен қарауы). Баланыңөзіндік санасы – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, ол оның өзін біртұтас адам ретінде қабылдауы, түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы әлеуметтік-психологиялық кемелденуі, әлеуметтік тәжірибелер, білімдер мен құндылықтар жүйесін игеру болып табылады. Бұл қасиеттерге ие болуда отбасы, ата-анасы үлгі-өнеге бола отырып, оның мәдениетті, жауапкершілікті, тәрбиелі, жан-жақты болуына ықпал етеді. Бұл қасиеттер баланың әлеумет ортасымен тығыз қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Отбасы – адамның туғаннан қартайғанға дейінгі даму ортасы болғандықтан маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену стилі ата-ананың ұлттық санасымен, мәдениет деңгейімен, салт-дәстүрлерді, ұлттық рухани құндылықтарды қаншалықты қабылдайтынымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ата-аналардың білім деңгейімен әлеуметтік жағдаяттарына да байланысты болады. Отбасындағы әлеуметтенудің басты бағыты – бұл ата-аналардың тиімсіз және тиімді бағыттарды нұсқаулары болып табылады. Ата-ананың нұсқаулары отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, татулық сияқты рухани құндылықтарға байланысты байқалады. Ата-ана тәрбиесінің жалпыланған формасы «бала – менің қызығушылықтарымның орталығы» ұғымының қанағаттандырылуымен беріледі. Ата-аналар әрдайым баламен айналысады, мейірімді қатынас көрсетеді, оның өмірі жайлы болу үшін жағдайдың бәрін жасайды. Отбасындағы әлеуметтенудің қазіргі кездегі төрт түрі: Баланың өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту мақсатында балаға мейірімді қарым-қатынас жасау, еркіндік беру; Балаға қатаң қарау, оның жүріс-тұрысын қатал қадағалау, еркіндік бермеу, қателіктері үшін жазалау; Балаға бірде шектен шыққан жылылық, бірде қаталдық, кейде әділетсіздік қарым-қатынастар құру арқылы баланың жайсыз әлеуметтік-психологиялық сапаларын тәрбиелеу; Бала тәрбиесіне либералды қарау, ер жеткен соң өзі бәрін түсінеді, балалық қой деп оның жаман мінез-құлықтарына назар аудармау. |