Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін

  • 157; Тақырып 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану Дәріс 1  Қ арастырылатын мәселелер

  • «Әлеуметтану»

  • Ф.Теннис

  • 2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік орта

  • Әлеуметтік орта:  мемлекет;  қоғам;  әлеуметтік топтар;  жеке тұлғалар.Әлеуметтік орта

  • Әлеуметтік мінез-құлық

  • 3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница1 из 14
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    Ф.7.11-19

    Турекулова Ж.Е.

    Монтаев А.Б.


    «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша
    ДӘРІС ЖИНАҚТАРЫ

    Шымкент 2019

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

    «Философия және мәдениеттану» кафедрасы
    Турекулова Ж.Е.

    Монтаев А.Б.
    «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары
    Барлық мамандық студенттері үшін

    Күндізгі оқу бөліміне

    Ш ымкент 2019
    ӨӘЖ 327:005.934

    Құрастырушылар:
    1.Турекулова Ж.Е. – тарих мамандығы бойынша PhD доктор,аға оқытушы

    2. Монтаев А.Б. – әлеуметтану мамандығы бойынша PhD доктор, доцент
    «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары-Шымкент: ОҚМУ, 2019. - 107 бет
    Дәріс жинақтары «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшінәлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.


    Рецензент: саяси.ғ.к., доцент Рысбаева С.Ж. – М. Әуезов атындағы ОҚМУ
    «Философия және мәдениеттану» кафедрасы (хаттама № «___» __ 2019 ж.) және «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және басуға ұсынылған. (хаттама № «__» ____ 2019 ж.)


    Басылымға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік кеңесімен ұсынған, хаттама №__ «___» ____ 200__ж.


    © М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

    2019ж.

    Ш ығаруға жауапты Турекулова Ж.

    МАЗМҰНЫ
    1. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану 4

    2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе 12

    3. Әлеуметтанулық зерттеулер 16

    4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы 20

    5. Әлеуметтену және бірегейлік 26

    6. Отбасы және қазіргі заман 33

    7.Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау 40

    8. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 46

    9. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері 51

    10. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат 56

    11. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері 59

    12. Қоғамның саяси жүйесі 69

    13. Саяси сана мен саяси идеология 79

    14. Саяси даму және модернизация 84

    15. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар 91

    Тақырып 1 Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
    Дәріс 1

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам.

    2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.

    3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар.

    4. Әлеуметтену және бірегейлік
    1. Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Қоғамның әрбір мүшесі үшін әлеуметтік білімдерді меңгеру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары әлеуметтану ғылымы дербес ғылыми пән ретінде басқа ғылымдардың арасынан орнын тапты. Әлеуметтану адамзаттың тарихи тәжірибесін, әлеметтік әлемнің маңызды қырларын қарастырады. Әлеуметтануды зерттей отыра, адамзат қоғамының құрылымын ұғынамыз. Питер Бергердің «Әлеуметтануға шақыру»1 еңбегінде, ғалым әлеуметтану ғылымын әлеуметтік әлемге ашылатын терезе ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, әлеуметтік институттарға талдау жасай отыра, әлеуметтік тәжірибені меңгереміз. Өзімізді қоршаған қоғам, біздің сезімімізді, көзқарастарымызды, тағдырымызды айқындайтынын ұғынамыз. Яғни, әлеуметтану ғылымын зерттеу, қоғамның заңдылықтарын түсініп, өзіміздің мінез-құлқымыз және іс-әрекеттеріміздің себеп-салдарын айқындау үшін қажет.

    «Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану «қоғам туралы ғылым» немесе «қоғам туралы ілім» дегенді білдіреді.

    Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.

    Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

    Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.

    Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды «заттар ретінде», қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет.

    Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.

    Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П.Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және «органика үстілік» немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық категориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.

    Американ әлеуметтануының классигі Т.Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.

    Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж. Г.Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну.

    Индивид және қоғам. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекше-ліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуанан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

    Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жеке даралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.

    Тұлға – бұл нақты қоғамдық тарихи қатынастардың жай ғана тасымалдаушысы емес, оларға өзінің жеке-дара қабілеттерімен және бейімділіктерімен, саналылығымен және ұйымшылдығымен, еңбектік және саяси-қоғамдық белсенділігімен елеулі ықпал ететін адам.

    Әлеуметтануда «қоғам» категориясына әр түрлі тұжырымдамалық көзқарастар жасалған. Мысалы, «атомистикалық» теория бар, оған сәйкес қоғам әрекет етуші адамдардың немесе олардың арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы болып шығады. Бұл тұжырымдаманы шегіне жеткізген Г.Зиммель теориясы болды, ол «қоғам» жеке адамдардың өзара іс-қимылын білдіреді деп ұйғарды. Г.Зиммельдің пікірінше, өзара іс-қимыл әрқашан белгілі бір нәрсеге берілу немесе белгілі бір мақсат үшін қалыптасады. Инстинкттер, іскерлік мүдде, діни импульстер, қорғаныс немесе шабуыл, ойын немесе кәсіпкерлік, көмектесуге, үйренуге ұмтылу, сондай-ақ көптеген өзге де уәждер адамды басқа адамдар үшін, басқа адамдармен бірге, басқа адамдарға қарсы әрекет етуге, ішкі жан дүниесін үйлестіруге және келістіруге, яғни ықпал етуге және өз кезегінде ықпалына көнуге итермелейді. Осы өзара ықпал ету жеке қозғаушы импульстер мен мақсаттардың жеке көздерінен бірлестік, «қоғам» құралатындығын білдіреді.

    «Әлеуметтік топтар» теорияларында қоғам - бір басым топтың сан алуан түрі болып табылатын адамдардың түрлі топтарының жиынтығы ретінде түсіндіріліп келді. Қоғамды адамдардың неғұрлым жалпылама жиынтығы ретінде қарастыра отырып, бұл тұжырым-даманың авторлары «қоғам» ұғымын «адамзат» ұғымымен теңестіреді.

    «Қоғам» категориясының анықтамалар тобы әлеуметтік институттар мен ұйымдар жүйесін білдіреді. Қоғам - тұтас бір институттар мен ұйымдар шегінде бірлесе отырып, әлеуметтік өмір құрайтын адамдардың үлкен тобы. Қоғам тұтас жүйе ретінде мынадай ішкі жүйелерден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық.

    Әлеуметтанушылар қоғамның мынадай жалпы әлеуметтанулық анықтамасын береді: «Қоғам - адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан нысандарымен біріккен әрі тұрақтылығымен және тұтастығымен, өзін-өзі байытуымен, жеткілікті болуымен, реттеп отыруымен және өздігінен дамуымен, мәдени дамуының өзара байланыстары мен өзара іс-әрекетінің негізін құрайтын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар көрініс табатын деңгейімен сипатталатын жиынтық».

    2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттердің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).

    Әлеуметтік орта:

    мемлекет;

    қоғам;

    әлеуметтік топтар;

    жеке тұлғалар.

    Әлеуметтік орта – адамды қоршаған жандар:

    Жақын әлеуметтік орта – отбасы, туыстар, достар.

    Аралық орта – мектеп.

    Алыс орта – бейтаныс адамдар, БАҚ.

    Әлеуметтік орта:

    тұлғаның дамуына жағдай жасайды;

    мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру;

    басқа да адамдармен өзара әрекет жасау.

    Әлеуметтік мінез-құлық – әлеуметтік акторлардың өздерінің артықшылықтары мен көзқарастарының, әлеуметтік әрекеттер мен өзара әрекеттесулердің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің көрінісі мен нысаны.

    Әлеуметтік мінез-құлық - физикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға байланысты қоршаған ортаның әлеуметтік ортасына реакция ретінде пайда болатын адам мінез-құлық процестерінің жиынтығы. Әлеуметтік мінез-құлық субъектісі ретінде индивид немесе топ қарастырылады.

    Әлеуметтік мәнез-құлық анатомиясын сипаттай отырып, әлеуметтанушы-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:

    өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;

    әрекет ететін нақты орта;

    әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;

    әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.

    3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. «Әлеуметтік қарым-қатынастар» ұғымының мынадай белгілері болады:

    адамдардың қоғамдық өмірінде туындайтын барлық өзара іс-қимылдары;

    адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын өзара іс-қимылдары;

    қоғамның үлкен топтарының - таптарының, этностарының, әр түрлі елдер мен аймақтар халықтарының арасындағы қарым-қатынастар;

    барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;

    адамдардың және олардың азаматтық қоғамды, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін саласын құрайтын топтарының іс-қимылы;

    адамдардың бір-бірімен бірлескен қызметінде пайда болатын тікелей байланысты (бетпе-бет) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-қимылдары;

    жеке адамдардың өмірдің шағын ортасын құрайтын өзара байланыстары;

    қоғамдағы адамдар мен олардың топтарының өзара іс-қимылының өзге де жақтары мен қырлары.

    Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер «әлеуметтік институт» терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік.

    Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. «Институция» термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. «Институт» ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.

    Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.

    Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

    Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

    Әрбір институт:

    белгілі бір қызмет аясын;

    белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

    ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

    қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

    Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану рәсімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

    Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

    бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

    қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

    тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

    білім беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

    рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

    Әлеуметтанудағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару мен бақылау.

    Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдық нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық институттар топтық және ұзақ байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

    Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын функциялары, сондай-ақ әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті функциялары болады.

    Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерін белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың жұмыс істеуі қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап ету-күту арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қабылдайтын мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.

    Институттардың ықпалдастық қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділіктері мен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

    Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбиелеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

    Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туындаған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.

    Әлеуметтік институттардың айқын функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда, әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта