Главная страница
Навигация по странице:

  • Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы

  • Саясаттанудың негізгі категориялары

  • Саясаттанудың зерттеу пәні

  • Әлеуметтік әдіс

  • Диалектикалық-материалистік әдіс

  • Танымдық қызметі.

  • Саяси әлеуметендіру қызметі.

  • Реттеушілік, басқарушылық қызметі.

  • Саяси өмірді жетілдіру қызметі.

  • 157; Тақырып 9. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері Дәріс 9  Қ арастырылатын мәселелер

  • Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.)

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница7 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

    Саясаттану – саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.

    Саясаттану рухани, материалдық, тәжірибелік, сонымен қатар саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетін қамтитын саяси өмірдің барлық қырларын зерттейді.

    Көпшіліктің санасында «саясат» термині негізі екі мағынада қолданылады. Бірінші мығынада белгілі бір саяси үрдісті басқару болса, мысалы «саяси экономика», «білім саласындағы саясат», яғни мемлекет тарапынан қолдау мен бақылау қажет керек екендігін көрсететін ұғым. Осындай қолдау мен бақылаулар мемлекеттің мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, міндеттер мен мақсаттарды айқындауға, оларды жетілдірудегі мүмкіндіктерді белгілейді. «Саясаттың» көпшіліктің санасындағы екінші мағынасы – белгілі бағытталған саяси іс-әрекеттердің адамның өзінің мақсаттарды алға қою бейімділігі мен оларға жетудегі мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру кезіндегі шығындары мен нәтижелері болып есептеледі. Бұл ұғымда саясат «стратегия» ұғымымен ұштасады. Мұндай «саясат» терминінің мағыналары - мақсатты айқындау, оны үкіметпен бірлесе отырып жүзеге асыру сияқты түсініктермен байланысты.

    Саясаттанудың қалыптасу эволюциясы саяси – ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық кезең, эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі және қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретіндегі қалыптасу кезеңі.

    Философиялық кезең шамамен Аристотель заманынан бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең ( 1861-1865).

    Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.

    Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзім.

    Бүгінгі күні саясаттану – қазіргі заманғы қоғамның саяси мәселелерін зерттейтін, болашақтағы саяси оқиғалардың үлгісін әзірлейтін және қоғамның саяси жүйесінің жұмысына объективті сараптамалық баға беретін ғылыми пән. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық қөзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы қүштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

    Саясаттанудың негізгі категориялары- басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б.

    Саясат категориялары саяси қатынас, саяси шындық , саяси сана деген түсініктемелермен де айқындалады. Саяси қатынас пен қызметтің түйіні болып мемлекет пен саяси жүйені құрайтын өзге де саяси институттар болып есептеледі. « Саяси жүйе » ұғымы « азаматтық қоғам » түсінігімен қабыса отырып, өзіне қанаттасқан ұғымдармен – саяси институт, саяси партия, қоғамдық ұйым және қозғалыс бюрократия, саяси реим, басқарушы элита, диктатура т.б. атаулармен толыға түседі. Осыған байланысты саяси жүйенің қызметі мен динамикасын қарастырғанда « саяси процесс » түсінігінде көрсеткіш компоненттері мен аспектілерінде функцияланған саяси жүйелер, саяси реформалар, саяси революция, саяси шиеленіс және дағдарыс т.б. көрініс табады.

    Бұл шоғырланған ұғымдар саяси қызмет пен қатынаста, саясаттағы субьект пен обьекті, саяси қажеттілік пен мүдде, саяси басқару әдістері мен түрлері, стратегия мен тактика, саяси басшылық пен мінезі және тағы басқаларын атап айтқан жөн.
    Кесте № 1. Ғылым ретіндегі саясаттанудың құрылымдық элементтері



    2. Саясаттану объектісі - қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады.

    Саяси ғылымның негізгі зерттеу объектілері болып төмендігілерді есептеу шешілді:

    саяси теория (тарихи-саяси ойларды қамти отырып);

    саяси институттар (орталық және жергілікті басқару органдары, үкіметтік құрылымдар, осы институттар атқаратын функциялар, сонымен қатар саяси институттар қалыптастыратын әлеуметтік күштер);

    саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

    халықаралық қатынастар.
    Саясаттанудың зерттеу пәні саяси билікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдістері болып табылады.

    3. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп –білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады

    Салыстырмалы әдіс: әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіншілік береді.Ол елдегі саяси тұрақтылық саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдіс әсіресе қазіргі Қазақстан Респуликасында алатын орыны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

    Жүйелеу әдісі: саяси құбылыстарды күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орынын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

    Әлеуметтік әдіс: саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

    Тарихи тәсіл: саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай , бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр-түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

    Бихевиористік әдіс: жеке адамдармен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады.

    Нормативтік әдіс: қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асырудға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін зерттейді.

    Диалектикалық-материалистік әдіс. Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс болып есептелген тәсілдің бірі. Ол табиғаттағы, қоғамдағы, санадағы құбылыстар мен процестерді бір-бірімен тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдіс тиімсіз деуге болмайды бірақ сол мезгілдегідей текқана бұл әдіспен шектелуге болмайды.

    5. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік, т.б. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттану ғылымы да мынадай қызметтер атқарады:

    Танымдық қызметі. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

    Бағалау қызметі. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды.

    Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді.

    Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді.

    Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады.

    Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.
    sБақылау сұрақтары:

    1. Саясат дегеніміз не?

    2. Саясаттану пәні нені оқытады

    3. Саясаттану функцияларын ашып көрсету?

    4. Саяси ғылым жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

    5. Саясаттануды оқытуда қолданылатын қандай әдістерді білесіз?

    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

    2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017

    3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017

    4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

    5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

    6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

    7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9

    8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.
    Тақырып 9. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

    Дәріс 9

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.

    2. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).

    3. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы.

    1. Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:

    1. Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін).

    2. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).

    3. Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.

    4. ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.

    2. Көне Шығыста қоғамды ұйымдастыру мен билік туралы түсініктің дамуында буддизм мен конфуцияндық ерекше роль атқарады. Олар б.д.д. VII – VI ғ.ғ. қауымдық құрылыстың ыдырауында, алғашқы мемлекеттердің пайда болу дәуірінде дүниеге келеді. Бұл діни - философиялық идеялар мемлекеттің дамуына, өмір салтына, мемлекеттік және қоғамдық қайраткелердің ой – санасына, саяси қызметіне ықпал етіп келеді. Б.д.д. VI – V ғ.ғ. саяси қоғамдағы құбылыстарды зерттеген философтардың бірі – Қытай ғалымы Конфуций немесе Кунфуцзы ( 551 – 479 ж. Б.д.д. ) оның саяси ойлары, көзқарастары « Лунь – Юй » деген жинағында айтылған. Оны философтың шәкірттері шығарған. Конфуций ілімінің негізі – «жэнь» - адамгершілік, адамды сүюшілік мақсаты – адамгершілікті жетілдіре беру. Конфуций ілімінің бұдан кейінгі өзегі – «Ли» - жалпыға бірдей әлеуметтік талап «Жэньді» іске асырудың тәсілі. Бұл екуінің біріншісі - адамгершіліктің мазмұны болса, екіншісі оның формасы. Конфуций қоғамда ұрпақтан – ұрпаққа көшетін мұраларды сақтау, оның мәнін түсіну, семьяда, мемлекет көлемінде әдет – ғұрыпты, салтты, дәстүрлерді құрметтей білу арқылы іске асырылады деп біледі.

    Конфуций саяси ілімнің негізіне қайырымдылық, жанашырлық алынған. Адамдардың бәрі, әсіресе басқаруға қатысы бар адамдар кемеңгер, адамгершілікті, әділ, үлкенді сыйлайтын, білімге талпынғыш болу қажет деп санайды. Мұндай билеуші өз басының қамын емес жұрттың қамын ойлайтын болады.

    Конфуцийді әлеуметтік – этика саяси ілімнің және мемлекеттің патриархалдық теориясының негізін қалаушыдеп санайды. Конфуций билік басына лайықты адамдар конкурстық негізде қойылуы керек деп санайды. Қоғамның тұрақтылығы қоғамдық қызметті дұрыс ұйымдастыруға байланысты, сондықтан қалыптасқандәстүрлер мен рәміздерді қатаң сақтауды талап етті.

    Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.

    Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

    Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.

    Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития; Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

    Саяси ілімдер тарихында орта ғасырлар ойшылдарының еңбектері мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты.Әрі олардың саяси тұжырымдары діни сипатта болды.

    Солардың бірі, Аврелий Августин (354-430 ж.ж. )Христиан философиясының негізгі қағидаларын дәріптеп уағыздаған.Ол «Құдай қала» туралы атты еңбегінде саяси ой-пікірлерін білдірді.А.Августин барлы әлеуметтік ,мемлекеттік,құқықтық ұйымдармен заңдар адам күнәсінің нәтижесі деп санады.Себебі оның ойынша адамдарға баста екі жолмен өмір сүруге мүмкіндік берілген. Бірі құдай жолымен екіншісі адам жолымен. Біріншіні қалағандар құдаймен мәңгілік патшалық құрып бақытты өмір сүрсе, екіншілер жын-шайтандармен бірігіп азапқа түседі.

    Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға сүйенеді деп есептеген.

    Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

    Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер. Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


    написать администратору сайта