Главная страница
Навигация по странице:

  • 4. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қызметіне

  • Қазақстан Республикасының саяси жүйесі

  • 157; Тақырып 13. Саяси сана мен саяси идеология Дәріс 13  Қ арастырылатын мәселелер

  • Саяси сана деңгейлері

  • Саяси сананың функциялары

  • Саяси сананың атқаратын қызметтері.

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница11 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    3. Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөлінуі.

    Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

    либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

    коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

    дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

    Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

    авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

    4. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап көрсетуге болады:

    Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;

    қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;

    қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;

    артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары

    Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді.

    Қазақстан Республикасының саяси жүйесі:

    Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;

    қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;

    Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құ­қықтық негіздердің нығаюы;

    халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;

    биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын  қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.

    Қазақстанның саяси жүйесіндегі ерекше орында – Президент институты тұр. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды.

    1995 жылы қабылданған Конституция, оған 1998 және 2007 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде  Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі «Президенттік басқару нысанында» деп сипатталады.

    Конституцияда президентализмнің демократия институты ретіндегі саяси жүйедегі орны, мәртебесі өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: «Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі», – деп нақты көрсетілген.

    Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қызметті қажет етеді. Бұл процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз, эволюциялық жолмен өтті.

    Президенттік институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол бүкіл саяси жүйеге немесе оның басым көпшілігіне сүйенгенде ғана саяси жүйеде топтастырушы, байланыстырушы рөл атқарады. Бұндай тірек-сүйенішсіз президенттік институттың әлеуметтік-саяси базасы әлсіз болуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент.

    ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп жариялады.Кез келген демократиялық мемлекетте Парламенті болады. Ол біздің республикамызда да бар. Заңдар қабылдайтын бұл жоғары өкілді орган екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен құралады.Сенат екі түрлі жолмен жасақталады: 1) Сенат конститу-циялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының аста-насынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.2) Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенат-тың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.

    Қазақстан Республикасының демократиялық даму жолында төмендегідей мәселелер маңызды орынға ие болып отыр:

    мемлекеттің негізгі саяси институттарын одан әрі дамыту мен нығайту;

    биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым тиімді өзара ықпалдасуы;

    биліктің түрлі тармақтарының қызметіне тәуелсіз қоғамдық бақылау, сондай-ақ олардың есептілігін, ашықтығын және тиімділігін күшейту;

    Парламенттің жауапкершілігін ұлғайту және рөлін нығайту;

    саяси тежемелік және тепе-теңдік жүйесін дамыту;

    саяси партиялардың елдің саяси өміріне әлдеқайда белсене қатысуы;

    азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру үдерісін нығайту

    sБақылау сұрақтары:

    1. Саяси жүйе дегеніміз не?

    2. Саяси жүйелер қалай жіктеледі

    3. Саяси жүйе қандай қызмет атқарады?

    4. Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне сипаттама беріңіз.

    5. Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай?

    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

    2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017

    3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017

    4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

    5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

    6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

    7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9

    8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.

    Тақырып 13. Саяси сана мен саяси идеология

    Дәріс 13

    Қарастырылатын мәселелер
    1. Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері.

    2. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.

    3. Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер.

    4. Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы.

    1. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

    Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

    Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара арым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.

    Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:

    танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;

    идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;

    коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;

    болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;

    тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.

    2. Саяси идеология-идеология ядросы болып табылады. «Идеология» (гректің ideа және logos идея, білім; оқу, идеялар туралы ілім) –көзқарастар мен идеялар жүйесі. «Идеология» терминін қоғамдық ғылымдарға Антуан Дестют де Траси енгізді.Ол өзінің «Идеология элементтері» атты еңбегінде анықтама берген. Траси және оның замандастары П.Кабанис және К.Вильней ерекше «идеология ғылымын» жасап шығарды,яғни идеялар туралы ілім.

    Идеологияның практикалық маңызын ерекше атай отырып, Траси идеология- саяси және идеологиялық өмірдің, саяси іс-әрекеттің, мемлекеттің фундаменті болуы тиіс дейді.Траси Бэкон, Локк, Гельвеций, Кандильяктің еңбектерін алғаш рет жүйелеп,идеология туріалы алғаш рет толықтай ілім жасаған адам.

    Саяси идеология - бұл абстрактылы –теориялық түсініктер, идеялар, теориялар және абстрактылы –практикалық бағдарламалар, шешімдер, лозунгтер жүйесі.

    Саяси идеологияға тағы да бір анықтама бұл саясаттану ғылымында кең тараған саяси идеологияны “белгілі доктрина қоғамдық пікірлерді өз идеяңмен ұштастыра білу”.

    Саяси идеология өте ерте заманнан дамып келе жатқан процесс. Адамзаттың жүріп өткен тарихы ежелгі полистің идеялары мен идеалдарынан (азамат идеясы, демократия және республика идеясы) бастап, ортағасырлық догмалар мен ересейлермен (хистиандық-Европаның мемлекеттік идеологиясы ретінде, діни көзқарастар қақтығысы) жалғасып, жаңа заманның және қазіргі заманның саяси концепцияларына дейін (гуманизм, либерализм, консерватизм, марксизм).

    3. Ғылыми әдебиеттерде бірнеше басты философиялық-социологиялық бағыттарды бөліп қарастырады.Олар саяси идеологияның концепциясының қалыптасуына ықпал еткен басты факторлар:марксизм-ленинизм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин), неміс социология білімдері (М.Шелер, К.Мангейм), әлеуметтік позитивизм (К.Коппер, Г.Альберт, Т.Гейгер, Э.Топич т.б.), Франкфурт мектебі (Т.Адорно, М.Хоркхаймер, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т.б.), оңшыл ревизионизм (Э.Фишер, Л.Колаковский, Р.Гароди).

    Саяси идеологияны анықтаудағы тұжырымдардың көптігін екі сипатта бөліп қарастыруға болады:

    батыс ғалымдарының бағыты бойынша саяси идеоологияны жасанды сана ретінде қарастыру.

    ғылыми тұжырым басымдылығы,идеология прогрессивтілігі кеңес ғалымдары мен оқытушыларына тән сипат.

    Саяси идеология пәнінің мазмұны оның түсініктері мен категорияларында көрініс табады.Олардың басқа идеологиялық формалардан айырмашылығы –ойлаудың спецификалық формасы болып табылады.

    Танымның келесі формасы саяси идеялар. Саяси идеяда идеалдық обьектінің саяси шындыққа айналуы бейнеленеді.

    Саяси идеялар, концепциялар мен теориялар тек практикалық іс-әрекеттер негізінде ғана жүзеге асып қоймайды, рухани әрекеттің тағы д бір формасы- саяси бағдарламалар арқылы жүзеге асады,бұлар теориялық қосымша сипатқа ие. Саяси бағдарламалар –бұл партияның, әлеуметтік топтың және басқа да ұйымдардың ұсынылатын жоспары.

    Саяси идеологияның құрамдас ажырамас бөлігіне саяси лозунгілер кіреді.Олар қысқаша формада негізгі идеялар мен талаптарды бейнелейді.Лозунгтің басты сипаттамасы –бұл императивтік. Ол қоғамның аяси дамуының нақты қажеттілігінен туындайды.

    Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден келіп шығатын қорытынды саяси идеология құылымы абстрактілі – практикалық сиптатқа ие.Бұл құрылымның дамуы абстракциядан практикаға немесе керісінше жүреді.

    Тек функциялары арқылы ғана саяси идеологияның қоғамда алатын құндылықтарының мазмұны ашылады. Саяси идеологияға екі функция комплексі сипатты:танымдық функциялар комплексі және әлеуметтік функциялар. Алғашқысына танымдық, бағалаушылық, нормативтік функциялар кіреді.

    Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік функциялар комплексіүлкен роль атқарады: қорғаныстық, болжамдық, тәрбиелік, пропагандалық, легитимдік функциялар.

    Саяси идеологияның басты бағыты-қоғамның әлеуметтік мүдделерін қорғау.

    Жоғарыда аталған функциялар саяси идеологияның соңғы деңгейі актуалды немесе белсенді деңгейіне алып келеді.Мұнда нақты саяси идеологияның іс жүзіне асырылуы, принциптер, мақсаттар негізінде жүзеге асырылды.

    Саяси идеология тұлғаның әлеуметтенуіне жеке идентификациясына әсер етуші басты фактор.

    Тарихи эволюция, менталитет ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік стратификациясы, идеалдар көпшілігі саяси идеологияның түрлі вариацияларының туындауына алып келеді. Оларды төмендегідей сипаттары бойынша классификациялауға болады: деңгейлік (вертикалды және горизонталды анализ), түрлі жүйе жасаушы сипаттамалар.

    Саяси идеологиялар өз қызметі барысында бір-бірімен, сонымен қатар мемлекетпен және өзге де саяси институттармен,жалпы қоғаммен белгілі бір қарым-қатынасқа түседі. Осындй қарым-қатынастар арқылы олар социологиялық жүйені түзеді. Бұл ұғымға мемлекеттегі саяси идеологиялар жиынтығы мен олардың қарым-қатынас принциптері кіреді.

    Қандай да бір елдің идеологиялық жүйесінің сипаттамсы мен ерекшеліктері көптеген факторларға -әлеуметтік-саяси күштердің орналасуына,қоғамның саяси сауаттылық дәрежесіне, саяси сана мен мәдениет деңгейіне, тарихи дәстүрлерге, ұлттық құрам мен діни жағдайға және т.б.байланысты. Идеологиялық жүйенің қалыптасуына әрекет етуші заңнама елеулі ықпал етеді.

    Осыған орай идеологиялық жүйенің әр түрлі типтері қалыптасады: плюралистік және монистикалық (моноидеологиялық).

    Плюралистік идеологиялық жүйе идеялық саладан саяси плюрализмнің көрінісі болып табылады,елде бірнеше саяси идеологияның болуымен сонымен қатар саяси көзқарастарды еркін түрде білдіру мүмкіндігімен сипатталады. Бұл идеологиялық жүйе түрлі әлеуметтік топтардың толығырақ өкілеттілігін қамтамасыз етеді,саяси поцестің бәсекелігі мен бұқаралығына ықпалдасады,қоғамның демократиялық дамуының оңтайлы нысаны мен шарты ретінде болады,қандай да бір идеология тарапынн болатын тотальды басынушылықтан тұлғалық қозғалуына кепілдік береді.

    Монистикалық идеологиялық жүйе бір саяси саяси идеология тарапынан билікке монотиппен сипатталады.Үстем саяси идеология өзінен өзге қоғамдық ой-санаға билік етушілерді болдырмайды.Бұл жүйе тоталитарлық мемлекеттерге тән,мұнда идеологиялық және мемлекеттік құрылымдар бірігіп кетеді,ал билік етуші идеология мемлекетте үстемдігін жүргізіп қоғамды езгіге ұшыратады. Билік функцияларының бір саяси идеологиямен мононполизациялануы субьективизмге,догматизмге, саясат пен қоғам өміріндегі дағдарыстарға, қоғам мен билік арасындағы бұзылуына, тұлғаның шеттетілуіне әкеледі.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта