Главная страница
Навигация по странице:

  • 157; Тақырып 14. Саяси даму және модернизация Дәріс 9  Қ арастырылатын мәселелер

  • Модернизация мақсаты

  • Модернизация теориясының классиктері

  • Модернизацияның түрлері

  • «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

  • Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е


    Скачать 1.17 Mb.
    НазваниеФ 1119 Турекулова Ж. Е
    АнкорЗерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар
    Дата13.09.2022
    Размер1.17 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФ 11-19 Турекулова Ж. Е.doc
    ТипДокументы
    #675548
    страница12 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    4. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылатындығын тағы бір рет атап көрсетті. Елбасының пікірінше мақсатқа жету үшін қазақстандықтардың санасы ісінен озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісі бүгінгі заманның болмысына сай келмейді. Өзгеру үшін заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.

    Жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Халық тарихы мен ұлттық салт-дәстүрі алдағы өркендеудің берік діңі болуы тиіс. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын Елбасы атап өтті:

    Бәсекелік қабілет;

    Прагматизм;

    Ұлттық бірегейлікті сақтау;

    Білімнің салтанат құруы;

    1. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

    Елбасы қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыру және заман сынағына лайықты төтеп беру үшін алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жоба ұсынды:

    Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру;

    Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу

    «Туған жер» бағдарламасын қолға алу;

    Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру;

    «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру;

    «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру.
    sБақылау сұрақтары:

    1. Саяси сана дегеніміз не?

    2. Саяси сана функциялары, формалары мен деңгейлеріне сипаттама береңіз.

    3. Идеология дегеніміз не?

    4. Қоғам мен саясаттағы идеологияның алатын орны мен рөлі қандай?

    3. Саяси идеологияны анықтауда қандай әдістер қолданылады?

    4. Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясының негізгі бағыттарын ерекшелеңіз
    ¨ Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

    2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017

    3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017

    4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

    5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

    6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

    7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9

    8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.
    Тақырып 14. Саяси даму және модернизация

    Дәріс 9

    Қарастырылатын мәселелер

    1. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары.

    2. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

    3. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде.

    4. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.

    1. Саяси модернизация дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, саяси саладағы модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен саяси қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс.

    Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады.

    Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар:

    О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы;

    К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ;

    М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы;

    Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;

    Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;

    Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;

    Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы.

    Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар:

    «модернизация»;

    «даму»;

    «артқа қалу»;

    «тәуелділік».

    Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті;

    Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі;

    Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;

    Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы.

    Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».

    Модернизацияның түрлері:

    Классикалық үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.

    Модернизацияның екінші үлгісі, кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі).

    Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия).

    Кесте Саяси модернизация эволюциясы және мазмұны
    ðŸð¾ð»ð¾ñ‚ð½ð¾ 197
    Үшінші кезең( 80-90жж ХХ ғ) дәстүр және қазіргі заман қарсы келуінің болмайтындығы жайлы ойдың ары қарай таралуы; технологиялық прогресс, «батыс» иституттарын және нормаларын енгізу сияқты факторлар жоққа шығарылмады, осы факторлардың екіншілігі байқалады және олардың басқа бір оғамда басқаратын әлеуметтік қатынастар және мәдениәлеуметтік құндылықтардың бағыныштылығы


    2. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

    «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

    «Мәңгілік Ел» идеясы ұлт жоспары ретінде бес институционалдық реформалар негізінде жүзеге асырылады:

    Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

    Заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

    Индустрияландыру және экономикалық өсім.

    Біртектілік және бірлік.

    Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

    Мұнда бірінші қадам арқылы мемлекет халықты жалпыұлттық идеяға жұмылдырып, кәсіби қызметкерлері арқылы қоғамның дамуына барынша үлесін ұқсатын негізгі күш. Өйткені, адамзат тарихындағы әрбір кезеңдерде модернизациялық үрдістердің негізгі өзегі мемлекет болып табылатындығы айқын. Мемлекеттің даму болашағындағы маңызды қадам – ұлттық экономиканы дамытып, саяси жүйелердің үйлесімін қамтамасыз етіп, елдің әл-ауқатын арттыру болып табылады. Мемлекеттің модернизациялық жобаларының негізгі діңгегі ел қамын ойлаушы, мемлекеттік басқару діңгегін қолына алып, барлық сатылардан мүдірмей өтуге жетелейтін тұлғалар. Жалпы ұлтты жұмылдырушы мемлекеттік жобалар мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік артып, олардан ұлтжандылықты, төзімділікті, ерен еңбектерді күтеді.

    Заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын жүзеге асырылады. Әділ сот жүйесі, халықты қорғауға бағытталған құқық қорғау жүйесі, әрбір республика азаматтарының бойында мемлекеті үшін мақтаныш сезімін ұдайтып, жаңа белестерге тартады. Бұл да «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың маңызды межесі болып табылады.

    Индустрияландыру және экономикалық өсім арқылы халықтың әл ауқаты жақсарып, тұрмыс деңгейі көтеріледі. Ұлттық экономиканы терең реформалау стратегиялық инвесторларды тарту және өндірісті арттыру арқылы мемлекет басымдықтарға жетеді.

    Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамында Мәңгілік Ел Ұлттық идеясына қатысты екі бап бар. Олар: IV.Біртектілік пен бірлік бөлімінің 85-қадамы. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу» болса, 89-қадам. «Нұрлы 27 болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу.

    Берілген Ұлт жоспарында еліміздің жоғары оқу орындарының қызметіне бағытталған 7 қадам бар. Мемлекет басшысы заманауи білім және ғылымның, жастар тәрбиесінің саласына саласына да өзінің басты назарын аударып отыр.

    Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты адам бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды қадамдар еліміз тарапынан жасалуда. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі бағдарламаның басты қадамы болып табылады. Реформа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Бағдарламаның бірінші және екінші қадамы мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту және лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиістігін меңзейді. Бұл – мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу болып табылады және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатындар өз қызметтік жолын тек төменгі лауазымдардан бастайды. Қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін, меритократия қағидаттары негізінде қалыптасқан ұлттық элита қауымдастығы қажет. Мұндай элитасы бар қоғам ғана өркендейді. Қауымдастықтың аясына, өз елінің және ұлтының дамуын жеке басының қамынан, меркантильді мақсаттарынан жоғары қоюға ұмтылатын тұлғалар жиналуы керек. Бұл – әрбір өркениетті мемлекеттің әлеуметтік саясатының стратегиялық маңызды бағыты болуы және стратегиялық қоғамдық мораль мәселесін де қамтуы тиіс.

    Үшінші қадам бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

    Төртінші қадам – мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін енгізу бойынша, қазіргі таңда күшіне еніп отырған 59 заңдармен қатар 20 дан астам заңға тәуелді актілер негізінде мемлекеттік қызметке түсудің жаңа тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі, мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті сынақ мерзімі мен тәлімгер тағайындалуы, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауы жүзеге асырылуда.

    Мемлекеттік қызметке ұмтылған үміткерлер үшін сынақ мерзімі тағайындалған. Алдымен үш ай, егер қажеттілік туындаса мерзімі тағы да үш айға ұлғаяды. Мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданатын тұлғалар үшін, мемлекеттік қызметке қабылдау және ілгерілетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында байқаушылар институты енгізілген.

    Бесінші, алтыншы және жетінші қадамдардың бағыттары мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру және еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу мәселелерін қамтиды. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффииенттерін қосу да қарастырылған. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қолданылады. Яғни, бір санаттағы қызметшілер қай өңірде тұрса да, еңбекақыларын теңдей алады. Бұл жүйе коэффициенттерге негізделген және қызмет өтілі мен атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатын ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу тәртібі айқындалған. Тұрақтылыққа қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемақысы, жеке сектормен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігі төмен болып қалуда. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің жұмыс сапасын жаңа енгізіліп жатқан бағалау жүйесі анықтайды және әр мемлекеттік қызметшінің еңбек үлесі мен материалдық, мансаптық және моральдық ынталандыру мөлшерін реттейтін болады. Осы шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғаудың нақты жүйесі де құрылатын болады.

    Сегізінші қадам бойынша ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру көзделген. Мемлекеттік қызмет бойынша ауысып келген тұлға үшін пәтер мәселесін шешіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін еңбек ету барысында ешқандай өзіндік әлеуемттік мәселелерге алаңдамауын қамтыған бұл қадам маңызды.

    Құжаттың тоғызыншы қадамында мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру делінген.

    Оныншы қадам бойынша мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

    Он бірінші қадам және он екінші қадамдарда шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе ететіндігі және жаңа этикалық ережелерді енгізу арқылы, мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізуді меңзейді. Осы орайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданды. Бүгінде аталған нормативтік құқықтық актілер күшіне енді.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», сыбайлас жемқорлық індетінен арылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруға бағытталған он үшінші қадамы тұлғаның бойында әрдайым өзін-өзі шыңдауға деген ұмтылысты қажет етеді. Мұнда ең бастысы мемлекеттік қызметкер басқаларға билік жасауға, атаң-даңққа жету, қоғамдағы мәртебесі арқылы байлыққа көз тігу сияқты теріс пиғылдарға ұмтылудан сақтануы маңызды. Мемлекеттік қызметкер – тұлға ретінде қолындағы билікті қоғамға қызмет етуге, жақсылық жасауға ұмтылуы шарт. Ең маңыздысы, «билік» және «билікке деген ұмтылыс» басқаларға билік жүргізумен ғана шектелмейді, мұнда ең алдымен тұлға өзін – өзі билей алып, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылуы маңызды.

    Он төртінші және он бесінші қадамдарда, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қарастырылған.

    3. Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар:

    мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;

    әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;

    қоғамдық сананы қайта өзгерту.

    Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Қазақстан - 2050 Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар мыналар:

    қуатты да табысты мемлекет;

    демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;

    түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;

    ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;

    қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат;

    әлемдік қауымдастық таныған ел;

    ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.

    Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.

    Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:

    мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;

    басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,

    кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

    мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құру;

    мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;

    мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс;

    құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта