Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар.. Ф 11-19 Турекулова Ж. Е. Ф 1119 Турекулова Ж. Е
Скачать 1.17 Mb.
|
4. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. Қазақстан – 2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін Жолдау болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақ мерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды: адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру; мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру; сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс; мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру; жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру . «Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. sБақылау сұрақтары: 1. Саяси модернизация дегенімізді қалай түсінесіз? 2. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары қандай?. 3 «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Мәңгілік Ел» идеясының білім беру жүйесіне енгізілу стратегиясы мен жүзеге асырылуы 4. Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді дамуының негізгі стратегиялық басымдықтары қандай? 5. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасына талдау жасаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар 2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017 3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017 4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011. 5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013. 6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014 7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9 8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005. Тақырып 15. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар Дәріс 15 Қарастырылатын мәселелер 1. Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. 2. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. 3. Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. 4. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. 1. Саясат – бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ. Әлемдік саясат – халықаралық қауымдастықа қатысты шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру үдерісі Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз - дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Қазіргі заманғы әлемдік саяси үрдістердегі ағымдар: Нарықтық қатынастардың әлемді тұтас қамтып, қанат жаюда; Мемлекеттердің басым көпшілігінде демократиялық қатынастар орнауда; Авторитарлық – тоталитарлық саяси режимдердің ыдырауы; Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өскелең сипат алуы; Халық бұқарасының саяси оянуы және ұлттық сана-сезімнің арта түсуі; Қалың көпшіліктің саяси үрдіске қатысуға ұмтылуы; Жалпы адамзаттық құндылықтардың алдыға шығып, қоғам дамуының, оның қауымдастық есебіндегі бір тұтастығының өзегіне айналуы. 2. Халықаралық тәртіп – халықаралық қатынастар субъектілерінің өз мүдделерін бейбіт кезеңде жүзеге асыруға деген қажеттілігінен туындаған халықаралық қатынастардың құрылымы. Әлемдік тәртіп – халықаралық қауымдастықтың мызғымастығын қамтамасыз ететін сипат немесе сыртқы саясаттың бағыты. Ресейлік ғалымдар А. Богатуров: «Халықаралық тәртіп дегеніміз – халықаралық қауымдастықтың негізін құрайтын әлемнің барлық елдері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесі», К. Гаджиев: «халықаралық тәртіп – бұл әлемдік қауымдастық», деп сипаттаса, батыс ғалымдары Х. Абрахамссон: «халықаралық тәртіп – экономикалық және саяси ынтымақтастықты реттеуші ережелер мен нормалардың жиынтығы», Л. Миллер: «халықаралық тәртіп – халықаралық саяси оқиғаларды реттейтін нормативті шеңбер» және саяси қатынастардың субъектілері басшылыққа алатын ұстанымдар, іс-әрекеттер», деп тұжырымдайды, . Ағылшын ғалымы Х. Булл: «Халықаралық (әлемдік) тәртіп – халықаралық қауымдастықтың өмірлік мүдделерін қамтамасыз етуші сипаты немесе сыртқы саяси белсенділік бағыты» деп анықтама берген. Жалпы, әлемдік тәртіп ұғымын зерттеуде үш негізгі бағыт – реалистік, құрылымдық және институционалдық қолданылады. Ганс Моргентау негізін салған саясаттағы бағыт және саясаттанудағы парадигма болып табылатын саяси реализмнің өкілдері Дж.Кеннан, К.Томпcон, Р.Страус-Хюпе, Ч.Йост, Дж.Болл, С.Браун, З.Бжезинский, У.Ростоу, Ю.Ростоу, С.Хантингтон ж.т.б. өз зерттеулерінде әлемдік саясаттың субъектілерінің қарқынының ара-қатынастарына басты назар аударады. Халықаралық қатынастарды мемлекетаралық қатынастар ретінде қарастыра отыра, мемлекеттердің ара қатынасындағы басты мәселе әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық мүддесін қорғауы және саясатта осы мүдде тұрғысынан іс-әрекет жасауын, сонымен қатар халықаралық қатынастардың дамуын анықтаушы маңызды фактор –күш немесе мемлекеттің қуаты деп таниды. Екінші бағытта, американдық ғалымдар Р. Гилпин және Л. Миллер, ағылшындық зерттеуші Р. Купер еңбектерінде, халықаралық қатынастар белгілі бір заңдылықтарға сәйкес қызмет атқаратын толыққанды жүйе ретінде қарастырылады. Мемлекеттер және олардың одақтарының басты мақсаты – ұлттық мүдделерді қорғау, мемлекеттің қауіпсіздігі және халықаралық қатынастарда статус –кво сақтау. Бұл мақсаттарға қол жетудің негізгі құралдары – күш және одақтар деп санайды. Аталған зерттеушілер халықаралық тәртіпті халықаралық қатынастардың құрылымы ретінде таниды. Олардың пікірінше әлемдік саясаттың субъектілері арасындағы қатынастарды ретке келтіретін құрылым. Ал халықаралық жүйенің құрылымындағы маңызды мәселе жетекші мемлекеттердің күштерінің ара-қатынасы және олардың арасындағы сатылық құрылым. Институционалдық бағытты ұстанушылар халықаралық тәртіп ретінде белгілі бір халықаралық институттардың жиынтығын қарастырады. Бұл бағыт зерттеушілерінің пікірінше, институттар өздігінше халықаралық қатынастардың құрылымы болып табылады және мемлекеттердің негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Зерттеушілер әлемдік тәртіптің негізгі институттарына БҰҰ; НАТО; және басқа да халықаралық ұйымдарды, халықаралық режимдерді жатқызады. Халықаралық тәртіптің негізгі өлшемдері: деңгейлес; салалас; функционалды. Деңгейлес өлшем – әлемдік саясаттың негізгі акторлары арасындағы қатынастар. Бұл мәселенің аясына – халықаралық жүйеде тәртіпті сақтау, күш тепе-теңдігін сақтау, ортақ мүдделер мен құндылықтардың болуы кіреді. Салалас өлшем – әлемдік тәртіптегі күшті және әлсіз акторлардың арасындағы қатынастар. Халықаралық қатынастардың қатаң сатысының құрылымы, империя шеңберінде осы сатыны қатаң түрде қамтамасыз ететін күш факторына сүйенеді. Функционалды өлшемнің негізін дипломатия, акторлардың стратегиясы, олардың арасындағы экономикалық байланыстар, моральдық құндылықтар және саяси лидерлердің саяси амбициялары, трансұлттық корпорациялар, ғалымдар, мамандар ассоциациясы құрайды. Халықаралық тәртіп ұйымдасқан және еркін механизмдермен қамтамасыз етіледі. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етуші механизмдерді мазмұны бойынша төмендегіше жіктеуге болады: институционалдық; құқықтық; экономикалық; әскери-саяси; мәдени-идеологиялық; ақпараттық болып бөлінеді. Институционалдық құралының маңызды факторлары: халықаралық қатынастар субъектілері арасындағы танылған сатының болуы (мемлекеттер және халықаралық саясаттың жаңа субъектілері); сыртқы саяси іс-әрекеттердің қағидаттары мен ережелерінің жиынтығы; маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдау жүйесі; санкциялар кешені және осы санкцияларды бұзғаны үшін қолданылатын шаралар; қабылданған шешімдерді жүзеге асырудың нысандары және әдіс-тәсілдері - халықаралық тәртіпті жүзеге асыру режимі. Халықаралық тәртіптің талдауына қатысты ғылыми әдебиеттерде: құрылымдық және режимдік-институционалдық талдау қалыптасқан. Қазіргі халықаралық сатыдағы құрылымда құрылымдық және режимдік-институционалды жағынан үстемдік ұстанымына де-факто түрінде Америка Құрама Штаттары ие. АҚШ қазіргі әлемнің кешенді көшбасшысы ретінде танылса, де – юре бұл факторды Қытай Халық Республикасы мойындамайды және Ресей Федерациясы тарапынан қайшылықтар тудыруда. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етудің институционалдық механизмдеріне халықаралық ұйымдар да кіреді: БҰҰ, ЕО, НАФТА, ШЫҰ, МЕРКОСУР, АСЕАН, АТЭС. Халықаралық тәртіптің құқықтық механизмі. Бұл күрделі құқықтық кешенді құрайтын келісім шарттар және заң қағидаттарының жиынтығы. Олар өз саласында мемлекетаралық және басқа да қатынастарды реттейді. Халықаралық құқықтық тәртіп – бұл мемлекеттер арасындағы халықаралық-құқықтық қатынастардың жүйесі. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық құралдары халықаралық тәртіпте маңызды роль атқарады, халықаралық қауымдастықта заңсыз іс-әрекеттердің орын алуынан сақтайды. Тәртіпті құқықтық жағынан қамтамасыз етумен халықаралық органдар айналысады. Олар: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі; Халықаралық Сот; Теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал ж.т.б. Қазіргі халықаралық құқықпен реттелетін қатынастардың негізгі субъектілері: мемлекеттер және ұлттар. Олар – мемлекеттердің халықаралық қауымдастығын құрайды. Қауымдастықтар халықаралық құқықтық тәртіп арқылы халықаралық құқық бұзушылыққа жол бермеуге саясатын бағыттайды. Халықаралық құқық бұзушылықтарға төмендегілер кіреді: агрессиялық іс әрекеттер (әскери агрессия, блокада ж.т.б.); қастандық шаралары (агрессияны насихаттау, қарулы топқа қолдау көрсету, терроризм); басқа мемлекттерде жалған құжаттарды тарату. Халықаралық құқықтық тәртіп адамдар және мемлекеттер арасындағы қатынастардың нәтижесі. Ол төмендегідей үш түрдегі ара-қатынастардан туындайды: тұлға – мемлекет – планета – ғарыш; тұлға –ұжым –қоғам –әлемдік қауымдастық; тұлға – оның құқықтық мәртебесі – қоғамның (мемлекет) құқықтық жүйесі – халықаралық құқық – халықаралық құқықтық тәртіп. Халықаралық тәртіптің экономикалық механизмі – халықаралық қауымдастықтық акторлары арасындағы экономикалық қарым-қатынас және экономикалық шараларды реттеу шаралары. Экономикалық тәртіп дегеніміз – ғаламдық экономикалық қатынастар шеңберінде бір текті жүйені құру және халықаралық экономикалық жүйені реттеу тәртібі. Экономикалық тәртіптің негізін құрайтындар: экономикалық байланыстарды нығайту; сауда, қаржы, көлік байланыс ережелерін реттейтін халықаралық режимдердің құрылуы; экономикалық интеграция. Экономикалық интеграция мемлекеттік және корпоративтік деңгейде құрылады. Жаңа экономикалық тәртіп – дамушы елдер тарапынан ұсынылып отырған олардың индустриалды елдермен қатынасындағы түбегейлі өзгерістерді ұсынған ұсыныстар жиынтығын айтамыз. Жаңа экономикалық тәртіпті енгізу бойынша Декларация 1974 жылы 1 мамыр күні БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған. Декларацияда: жер шарының халқының 70 пайызын құрайтын дамушы елдер үлесіне әлемдік табыстың 30 пайызы ғана тиесілі екендігі айтылып, жаңа экономикалық тәртіптің 20 қағидатқа негізделуі туралы ұсыныс жасалынған. Ол төмендегідей талаптардан тұрады: табиғи қорларға және басқа да экономикалық қызмет түрлеріне толық ұлттық суверенитетті орнату; шикізат көздеріне деген бағаның толқуын реттеу; дамыған мемлекеттермен сауда жасау барысында преференцияларды кеңейту; халықаралық валюталық жүйені реттеу; дамушы елдердің өнеркәсіптік экспортын кеңейтуді ынталандыру; дамушы және дамыған елдер арасындағы технологиялық алшақтықты қысқарту бойынша шаралар кешенін қабылдау; қаржылық қарыз шарттарын жеңілдету және дамыған елдерден дамушы елдерге нақты қорларды тартуды көбейту; трансұлттық корпорациялардың қызметіне бақылау орнату және реттеу. Халықаралық тәртіптің әскери-саяси механизмі – халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету жолында барлық мемлекеттер қолданылатын механизм. Халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жекелеген мемлекеттер немесе коалициялар тарапынан халықаралық ұйымдардың мандаты негізінде қолданылады (1990-2000 жж Сомали, Бурунди, Шығыс Тимор, оңтүстік Ливан) немесе рұқсатынсыз (1999 ж НАТО Косоводағы әскери операциялары) қолданылады. Бұл мәселеде, «Гуманитарлық интервенция» деп аталынып жүрген әдісті халықаралық тәртіпті сақтау үшін және өз мүдделерін орнату үшін қолданылатын механизм ретінде де қарастыруға болады. Халықаралық тәртіптің мәдени-идеологиялық механизмі – халықтар және мемлекеттер арасындағы рухани қондырғылар, құндылықтардың орнатылуы. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Халықаралық тәртіптің ақпараттық механизмі – мемлекеттер және халықаралық қатынастар жүйесінің элементтері арасындағы ақпаратпен алмасу. Қазіргі кезде ғаламдық ақпараттық желі халықаралық қатынастардың негізі ретінде қарастырылуы ақпарат көздерінің халықаралық тәртіптің негізіне айналуын тудырды. Жүйе ішілік халықаралық тәртіптің төмендегі деңгейлерін анықтауға болады: ғаламдық; аймақтық; субаймақтық; екі жақты. Ғаламдық немесе әлемдік тәртіп халықаралық қатынастардың толықтай жүйесін білдіреді. Ол өзінен төменгі жүйе ішілік тәртіптердің үрдістеріне ұйымдық құрылымының негізін қалайды. Аймақтық тәртіп – бұл ірі географиялық аумақтардағы халықаралық қатынастардың жағдайы. Субаймақтық тәртіп – белгілі аймақта орналасқан мемлекеттердің жергілікті топтарындағы тығыз қарым-қатынастарын сипаттайды. Екі жақты тәртіп –мемлекеттер арасындағы қалыптасқан саяси, экономикалық, мәдени-идеологиялық қарым қатынастардың көрінісі. Халықаралық тәртіптердің тарихи қалыптасқан негізгі түрлері: Вестфаль; Вена; Версаль-Вашингтон; Ялта-Потсдам. Қазіргі халықаралық тәртіп және халықаралық қатынастар жүйесі өзінің бастауын 1648 жылдан, Вестфаль бітім шарты арқылы отыз жылдық соғыс аяқталып, Ұлы Рим империясы тараған кезеңнен алады. Вестфаль бітім шарты арқылы ұлттық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы бекітіліп, ұлттық мемлекеттер құрылды. Бұл кезеңдегі халықаралық тәртіптің үстем қағидаты – ұлттық суверенитет мәселесі болды. Халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың теңдігі идеясы 1815 жылға дейін, яғни Наполеон соғыстарынан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіне дейінгі кезеңде сақталды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Вена конгресінің нәтижесінде құрылған Қасиетті Одақ тарап, оның орнына екі негізгі әскери-саяси топ – Үштік Одақ және Антанта құрылады. Бұл кезеңдегі әлемдік тәртіп Версаль – Вашингтондық халықаралық тәртіппен бекітілген. Аталған халықаралық тәртіп те халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге күші жетпей, нәтижесінде екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ялта-Потсдам шарттарында ( Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ялта(4 — 11 ақпан. 1945) мен Потсдам (1945жыл, 17 маусымнан 2 тамызға дейін) қалаларында өткен конференциялар нәтижесінде бекітілген әлемдік тәртіптің жаңа көрінісі) бекітілген халықаралық тәртіпте дүниежүзі екі жетекші орталықтың ықпалымен екіге бөлінді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан халықаралық тәртіп – биполярлық құрылым ретінде танылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған АҚШ және КСРО ұстанымдары және мүдделерін сипаттайтын Ялта-Потсдам жүйесі 1991 жылы КСРО күйреуімен бірге ыдырады. Нәтижесінде Рейкъявиктегі және Мальтадағы келісімдер арқылы Ялта-Потсдам жүйелері күйреді. Бұл кезең 1997 жылы НАТО ның Мадридтегі саммитімен аяқталды. Мұның негізгі нәтижелері төмендегідей: КСРО геосаяси шынайылық ретінде өмір сүруін тоқтатты; екі Германия бірікті; Югославия федерациясы ыдырады; Кеңес әскерлері Ауғанстаннан әкетілген соң елде саяси хаос басталды; Ирактағы соғыс нәтижесінде аймақ азаматтық, этникалық, діни қақтығыстар режиміне кірді; НАТО территориялық кеңістіктегі ықпалы артты. Сол кезден бастап әлемдік саясатта бір полярлы жүйе, яғни АҚШ гегемониясын құру туралы идеямен ерекшеленеді. Бұл негізінен әлемдік тәртіптің келесі бесінші жаңа кезеңіне өту болып табылады. Оның негізгі шарттары: АҚШ әлемдік держава ретінде мойындау және оның саяси, экономикалық және мәдени үлгілеріне халықаралық процестің басқа да қатысушыларының бейімделуі; ұлттық суверенитет қағидаттарының өзгеруі және оның орнына «бүкіл әлем – әлемдік державаның стратегиялық мүдделерінің аймағы» деп қарастырылатын идеяның келуі; ғаламдық қауіпсіздік (НАТО үстемдігін дәріптейтін) және Батыс әлеміне қарсы тараптарды «бейбітшілікке күштеп мәжбүрлеу» идеяларын институционалды түрде рәсімдеу (2011 жылғы Ливиядағы, 2007 жылғы Ирактағы, 1998 жылғы Югославиядағы НАТО әскерлерінің әскери операциялары). Ал, ХХІ ғасыр қойнауында орын алып отырған халықаралық тәртіп бойынша қызу пікірталастар әлі күнге дейін өз шешімін таппаған. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Жаңа әлемдік тәртіп» терминологиясы жиі қолданылуда. Жаңа әлемдік тәртіп (ағылш New World Order) – саясатта қолданылатын әлемдік саясаттағы түрлі құбылыстар және әлемдік құрылымның болашақтағы сипатына болжау жасау. «Жаңа әлемдік тәртіп» түсінігінің негізгі мәні – бір мемлекеттің ғаламдық саяси және экономикалық көшбасшылығын орнату. Мұндай тәртіптің негізгі идеясын қондыру мақсатында, АҚШ президенті В. Вильсон 1919 жылы Париж бейбіт конфренциясында «АҚШ дүниежүзінің құтқарушысы», деп мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда американдық саясаткерлер Генри Киссинджер және Збигнев Бжезинский ұсынып отырған «Жаңа әлемдік тәртіп» - бұл ғаламдық деңгейде АҚШ үстемдігін орнату. |