Стандарт. стандарт акуш гин. Фельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау
Скачать 222.88 Kb.
|
3.1.14. Стандарт «Нәрестенің болжамды салмағын анықтау» Ресурс: газомер, сантиметрлік лента, кушетка, таразы, бой өлшеуіш. Іс-әрекет алгоритмі. Әйелдің ЖТБ, ІА, салмағын, бойын анықтаңыз (сәйкес тандартты қараңыз). Джонсон бойынша нәресте салмағын анықтау: М=(ЖТБ-11)х155, где М – ұрық массасы, ЖТБ – жатыр түбінің биіктігі, 11 - шартты коэффициент' анасының салмағы 90 кг болса; 90 кг көп болса бұл коэффициент 12; 155 -арнайы индекс. Ланковиц тәсілі бойынша нәресте салмағын анықтау: М=(ЖТБ+Іш вайналымы + анасының салмағы + анасының бойы)х10. Жорданиа бойынша нәресте салмағын анықтау: ЖТБ х Іш айналымы. Мәліметті медициналық құжатқа тіркеу 3.1.15. Стандарт «Шүйдемен жатудың алдыңғы түрінде босану биомеханизмі» Бірінші кезең – бастың бүгілуі. Нәресте басы оқ тәрізді жікпен жамбастың көлденең жазықтығына еніп, шалқаяды.Жетекші нүктесі кіші еңбек болып табылады. Осылайша нәресте басы өзінің ең кіші өлшемімен өтеді. Екінші кезең – нәресте басының іщкі бұрылысы. Нәресте басы жамбас астауына түсіп, ішкі бұрылыс жасайды. Үшінші кезең – бастың шалқаюы. Желке асы шұңқыры қасаға сүйектің астына түсіп, бекіту нүктесі пайда болады. Осы тұста бала басы шалқайып, адымен шүйде, төбесі сосын маңдай және беті туылады. Төртінші кезең – нәресте иықтарының ішкі және сыртқы бұрылыстары. Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады. 3.1.16. Стандарт «Шүйдемен жатудың артқы түріндегі босану биомеханизмі» Бірінші кезең – бастың бүгілуі. Нәресте басы оқ тәрізді жікпен жамбастың көлденең жазықтығына еніп, шалқаяды.Жетекші нүктесі кіші еңбек болып табылады. Осылайша нәресте басы өзінің қиғаш өлшемімен өтеді. Екінші кезең – нәресте басының іщкі бұрылысы. Нәресте басы жамбас астауына түсіп, шүйдесімен артқа бұрылыс жасайды. Үшінші кезең қосымша 2 кезеңнен тұрады. Қасаға сүйектің астыңғы жағына маңдайдың шаш басталған аймағы келеді, осы тұста бекіту нүктесі пайда болады және нәресте басы бүгіледі. Осы кезде құйымшақ-сегізкөз байламдарына шүйде асы шұңқыры келеді. Екінші бекіту нүктесі пайда болады.осы кезде баланың тағы бүгіліп, жыныс саңылауынан нәресте басы туылады. Ары қарай туылу дәл алдыңғы түріндегі сияқты биомеханизммен жүреді. Төртінші кезең – нәресте иықтарының ішкі және сыртқы бұрылыстары. Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады. 3.1.17. Стандарт «Баспен жатудың алдыңғы түріндегі босану биомеханизмі» Жамбас астауына кіре берісте нәресте басының оқ тәрізді жігі жамбастың көлденең жазықтықтарына келеді. Үлкен және кіші еңбектер бір деңгейде болады. I кезең – аздап бүгілу, үлкен еңбек жетекші нүкте болып табылады. II кезең – бастың ішкі бұрылысы. Жамбас астауында нәресте басы шүйдесімен артқа қарай бұрылады. Оқ тәрізді жік жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Ш кезең – нәресте басының шығуымен сипатталады және келесі кезеңшелерден тұрады: а)бүгілу б)шалқаю. Алдымен жыныс саңылауынан үлкен еңбек сосын маңдай туылады. Қасаға сүйектің астына мұрын қас ойығы келіп бекіну нүктесі пайда болады. осы тұста нәресте басы бүгіліп, шүйде туылады. Шүйде асты шұңқыр екінші бекіну нүктесі болып табылады және осы кезде нәресте беті туылады. IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады. 3.1.18. Стандарт «Маңдаймен жатудағы босану биомеханизмі» I кезең – бастың бүгілуі, нәресте басының үлкен қиғаш өлшемімен бекінуі. Жетекші нүкте мұрын түбі болып табылады. Маңдай тігістері жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Осы қалыпта нәресте басы жамбас түбіне түседі. II кезең – нәресте басының шүйдесімен артқа бұрылуы. Маңдай тігістері жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Ш кезең – нәресте басының шығуымен сипатталады және келесі кезеңшелерден тұрады: а)бүгілу б)шалқаю. Алдымен жыныс саңылауынанмаңдай, көз және мұрын көрінеді. Жоғарғы жақ қасағаның астына бекінеді бірінші бекіну нүктесі пайда болады, нәресте басы бүгіліп, кейін шүйде және төбесі туылады. лоб, затем глаза и нос. Сосын шүйдеасты шұңқыр сегізкөз-құйымшақ байламына келеді, екінші бекіну нүктесі пайда болады, бас шалқайып ауыз және төменгі жақ туылады. IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады. 3.1.19. Стандарт «Бетпен жатудағы босану биомеханизмі» I кезең – бастың шалқаюы. Жамбас кіреберісінде нәресте басының беттік линиясы жамбастың сәл қиғаш өлшеміне келеді. жетекші нүкте иек болып табылады. II кезең – бастың ішкі бұрылысы (жамбас түбінде болады), иек әдетте алдыға қарап бұрылады және бет линиясы жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. III кезең – бастың бүгілуі, әдетте тіл асты сүйегі қасаға доғасына бекініпғ бекіну нүктесі пайда болғанда бас бүгіледі. Осылайша баланың беті туылады. IV кезең - Иықтары да жамбастың қиғаш өлшемдеріне келеді және жамбас астауынан шыға берісте жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. Осы кезед бала басы анасының сандарына қарай бұрылады. Кейін алдыңғы иық, сосын артқы иық туылады. 3.1.20. Стандарт «Жамбаспен жатудағы босану биомеханизмі» Жамбаспен жатуда нәрестенің туылуы әдетте жатыр мойнының толық ашылуында ғана басталады. 1.Нәресте жамбастары анасының жамбасының бір қиғаш өлшеміне келеді. қиғаш өлшемде нәресте жамбасы анасының жамбас астауына түседі. Осы кезде алдыңғы жамбасы артқы жамбасынан төмен орналасып, жетекші нүкте болып табылады. 2.Жамбас астауымен жылжи отврвп, нәресте жамбастары ішкі бұрылыс жасайды және тік өлшемге сәйкес келеді. Алдыңғы жамбас анасының қасаға сүйегіне, ал артқы жамбас анасының сегізкөз сүйегіне қарайды. 3. Ары қарай нәрестенің жамбастарының туылуы болады. алдымен алдыңғы жамбас туылып, нәрестенің мықын сүйегі анасының қасаға сүйегінің астына орналасады. Бекіну нүктесі пайда болады. осы тұста нәресте денесінің қатты бүгілуі болады және артқы жамбас туылады. Жамбас туылған соң нәресте денесі кіндікке дейін туылады, кейін жауырын астына дейін туылады. 4.Нәресте иықтары анасының жамбасының тік өлшеміне сәйкес келеді. Алдыңғы иық симфиз астына бекінеді, артқы иық туылады, сосын алдыңғы иық та туылады. 5.Нәресте басы бүгілген күйі жабастың қиғаш өлшеміне келеді, шүйдесімен алдыға бұрылады. Шүйдеасты шұңқыры қасаға сүйектің астына бекінеді және бекіну нүктесі пайда болады. Алдымен баланың иегі туылады, сосын беті, маңдайы, төбесі, желкесі туылады. Аяқпен жатқанда жыныс саңылауынан алдымен бір немесе екі аяғы көрінеді. Жетекші нүктесі алдыңғы аяқ деп есептеледі. Аяқтар тізеге дейін дейін туылғанда нәресте жамбастары анасының жамбас астауына түседі. Ары қарайғы босану биомеханизмі жоғарыда аталып өткен ретімен жүреді. 3.1.21. Стандарт «Таза жамбаспен жатудағы Цовьянов тәсілі» Мақсат: нәрестенің дұрыс жатуын сақтау. Көрсеткіштер: таза жамбаспен жатудағы босандыру әдісі. Іс-әрекет алгоритмі. Аталған тәсілді нәресте жамбасы туыла бастағанда жасауды бастайды. Екі қолдың үлкен саусақтарын нәресте санына, ал қалған төрт саусақтарды нәрестенің сегізкөзіне орналастырыңыз. Нәрестенің туылуына байланысты қолдарыңызды да сәйкесінше жылжытып отырыңыз. Тәсіл оңтайлы тиімді деп есептеледі егер нәресте денесі жауырынның төменгі бұрышына дейін туылса. Стандарт «Аяқпен жатудағы Цовьянов тәсілі» Мақсат: аяқпен жатуды аралас жамбаспен жатуға айналдыру. Осылайша босану жлдарын кеңейту. Көрсеткіштер: аяқпен жатуда босандыруды жүргізу. Іс-әрекет алгоритмі. 1. Нәресте аяқтары қынапқа шыққанда, қолыңызға стерильді пеленканы жауып, жыныс саңылауын жауып аяқтардың туылуына кедергі жасаңыз. Әр толғақта осы әдісті жасаңыз. Бұл тәсіл арқылы жатыр мойнының толық ашылуына және босану жолдарының кеңеюіне жағдай жасайды. Басқаша айтқанда нәресте жамбасымен ансының жамбасына жүресінен отырған тәріздес түседі. Ары қарай бала туылуын уақытша тоқтату тәсілін доғарыңыз, бұған себеп нәресте аяқтары сіз жауып тұрған қолыңызды итеріп шыға бастайды. 3.1.23. Стандарт «Жамбаспен жатудағы классикалық қол тәсілі» Мақсат: нәресте қолдарын және басын босату. Көрсеткіштер: жамбаспен жатуда нәресте қолының артқа ығысуы. Іс-әрекет алгоритмі. Нәресте аяқтарынан ұстап, оның позициясына байланысты анасының сәйкес шат бүкпесіне бұрыңыз, екінші қолыңыбен нәретенің шынтақ-буын бүкпесін басып, нәрестенің қолын босатыңыз. Ары қарай нәресте денесін 180° -қа бұрыңыз, осы тұста алдыңғы қолдары артқы қолдарға айналады. Нәресте басы Морисо-Левре-Ляшапелъ әдісі бойынша шығарылады. Ол үшін оң қолыңызды акушер ретінде бүгіп қынапқа еніңіз. . Нәрестені ішкен енген қолдға бекітіңіз. Еніп тұрған қолдың сұқ саусағын нәрестенің аузына енгізіңіз және басын осылайша бүгілген күйде ұстаңыз. Сыртта тұрған қолыңызбен нәрестенің иық белдеуін ұстаңыз. Сырттағы қолмен нәрестені алдымен төмен тартып аздап басыңыз, осы кезде шүйдеасты шұңқыры қасаға сүйекке бекініп, бекіну нүктесі пайда болады. Ары қарай нәресте аузы, беті, маңдайы, төбесі және шүйдесі туылады. Ескерту. Аталған манипулцияларды өте мұқият және сақтықпен жасау керек себебі нәрестеге өте үлкен зиян келуі мүмкі. 3.1.24. Стандарт «Нәрестені сыртқы-ішкі бұрылыс жасаудың классикалық тәсілі» Мақсат: Нәрестені дұрыс емес қалпынан ұзынша қалып позицияға келтіру. Көрсеткіштер: Қазіргі уақытта судың ерте кетуінде, егіз жүктілікте егер бірінші ұрық туылған соң екіншісі көлденең жатып алған жағдайда жасалады. Шарттары: жатыр мойнының толық ашылуы, баланың қозғалғыштығы, нәрестенің бас өлшемдері анасының жамбас өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда; тірі нәресте; Ресурс: Босану залының жабдықталуы, дезинфициялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді перчатка, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаменттер, стерильді шприцтер. Іс-әрекет алгоритмі: 1 .Қуықты катетермен босатыңыз. 2.Әйелге түсіндіріп, келісімін алыңыз. 3.Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітінділермен өңдеңіз. (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі). 4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді перчатка киіңіз 5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз 6.Сол қолдың саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз 7.Қолыңызды акушер қолы болатныдай жасап, жамбастың қиғаш өлшемімен енгізіңіз. Егер қағанақ қабы бүтін болса оны жарыңыз. 8.Екінші қолыңызды жатыр түбіне орналастырыңыз және жатыр түбін бекітіп ұстап тұрыңыз. 9.Егер нәресте позициясының алдыңғы түрі болса төменгі аяғынан ұстаңыз, ал егер артқы түрі болса жоғарғы аяғынан ұстаңыз. Аяқтарын тізе аймағынан ұстаңыз. 10. 4 саусақ тізеде, ал үлкен саусақ тізеасты ойығында орналасады. Аяқтарынан тартып баяу тартып қынапқа дейін түсіріңіз. 11. Сыртқы қолыңызды нәресте басына қойыңыз. Нәрестені шығара бастаған уақытта оның басын арқасына қарай ақырын шалқайтыңыз. Бұрылыс аяқталды деп есептеледі, егер жыныс саңылауынан аяқ тізеге дейін шықса. Ары қарай нәрестені тудыру жамбасымен туылу биомеханизмімен ұқсас жүреді. 3.1.25. Стандарт «Жамбас тарылуының әртүрлі формаларында босану механизмдерінің ерекшеліктері» Жалпы біркелкі тарылған тар жамбаста нәресте басы жамбас жақықтықтарының қиғаш өлшемдеріне келеді және аздап бүгіледі. Алайда жатырдың қатты жиырылуына және қарама қарсылық әсеріне нәресте басы созылады. Көп жағдайда босану ісігі қалыптасады себебі үлкен еңбек тым төмен орналасады. Туылар сәтте босану ісігі жыныс аңылауынан бірінші көрінеді, ал бассүйек негізі және иек жамбас кіреберісінде анықталады. Оқ тәрізді жік жамбастың қиғаш өлшемдеріне сәйкес келеді. бала басының бүгілуі және ішкі бұрылыс жасауы уақыт және жақсы босану белсенділігін талап етеді. Жалпы біркелкі тарлыған тар жамбаста қасаға сүйегінің бұрышы өзгереді, осыған байланысты бала басы осы қасаға сүйекке тіреліп, босану ағымы ұзарады және жыртылуларға әкеледі. Жай жалпақ жамбас биомеханизмінде келесі ерекшеліктерді атап өткен жөн. 1 .Оқ тәрізді жіктің жамбастың көлденеі өлшемінде ұзақ тұруы. 2.Бала басы қатты шалқаяды. 3.Айқын асинклитизм пайда болады. 4.Ішкі бұрылыс баяу жүреді. Кейде ішкі бұрылыс мүлдем болмайды. Бұндай жағдайларда жедел операция жасалады. Жалпақ рахиттік жамбас биомеханизм ерекшелігі жай жалпақ жамбас биомеханизміне ұқсайды. Алайда жамбас жазықтықтарынан өткен соң бала басы тез бұрылыс жасап, жамбас түбіне түседі. Ары қарай биомеханизм қалыпты босану биомеханизмімен аяқталады. Көлденең тарылған жамбас, егер жамбас өлшемдерінің өзгерістері айқын емес шамалы ғана болса, нәрестенің оқ тәрізді жігі жамбастың тік өлшеміне сәйкес келеді. шүйде көбінесе алдыға қарайды, сосын нәресте басының бүгілуі болады. босану қалыпты аяқталуы мүмкін. Жалпы тарылған жамбаста босанумеханизмі жалпақ жамбас биомеханизміне ұқсас. 3.1.26. Стандарт «Экспресс-әдіс арқылы зәрдегі ақуызды анықтау» Мақсат: кеш гестоздарды ерте диагностикалау. Ресурс: судно, стерильді банка, пробиркалары бар штатив, 30% сульфосалицил немесе 3-5% уксусной қышқылы бар флакон, пипетка, спирттік от. Алгоритм действия. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз Йелдің зәрін таза стерильді банкаға жинау керектігін айтыңыз. Пробиркаға 4-5 мл зәрді құйыңыз. Сульфосалицил ерітіндісімен сынама жасаңыз: Пробиркадағы зәрге 6-10 тамшы 30% сульфосалицил қышқылын құйыңыз. Егер зәрде белок болса зәрде тұнба пайда болады немесе лайланады. Уксус қышқылымен сынама жүргізіңіз: 6- 10мл зәрді спирттік отта қайнатыңыз, егер зәрде белок болса ол лайланады. Лайланған зәрге тағы бірнеше тамшы уксус қышқылын қосыңыз, егер зәр тазарса сынама теріс деген мағына білдіреді. Стандарт «Акушерканың (фельдшер) эклампсия кезіндегі іс-әрекеті» Мақсат: жедел жәрдем көрсету. Ресурс: ауызкергіш; тіл ұстағыш; ауа өткізгіш; маска және Амбу қапшығы, электроотсос, кислород, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көктамырішілік катетерлер № 16-18, 25% магний сульфат ерітіндісі, физиологиялық еретінді, қуық катетері резеңкелі, корцангтар, мақталық және дәкелік шариктер, дәкелік тампондар. Іс-әркет алгоритмі. 1. Бос мед.персоналды мобилизациялау (шақыру): акушер-гинеколог; анестезиолог; лаборант. 2. Әйелдің жалпы жағдайын бағалау: артериалды қысым; пульс; температура; тері жабындылары; тыныс алу жиілігі; 3.Әйелді сол жақ қырымен жатқызыңыз; 4. Отегінің берілуін қамтамасыз ету. 5.ауызкергішпен аузын ашып, тілұстағышпен бекітіңіз. Ұстама аяқталған соң ауыз қуысын сорғышпен тазалаңыз. 6.Перифириялық веналарды катетерлеңіз (катетер №16, 18). Магнезиалды терапияны бастаңыз: - магний сульфаты 25% - 20,0 мл баяу 10-15 минут бойы енгізу (старттық доза). - магний сульфат 25% - 80,0 мл на 320,0 физиологиялық еретіндіге т/і тамшылатып, 11 тамшы минутына (ұстап тұрушы доза). 7. Қуықты катетерлеңіз. 8. Ұстап тұрушы дозаны енгізуді жалғастыра реанимция бөліміне тасымалдаңыз. 9. Перинатальді орталықтағы бас акушер-гинекологқа мәлімет беріңіз. |