Стандарт. стандарт акуш гин. Фельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау
Скачать 222.88 Kb.
|
3.1.50. Стандарт «Нәрестені біріншілік өңдеу» Мақсат: нәрестенің сыртқы ортаға бейімделуіне жағдай жасау, нәрестеде дамитын патологиялық жағдайлардың профилактикасы. Ресурс: босану залының жабдықталуы, нәрестені өңдеуге арналған құрал-жабдықтар жинағының пакеті Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз, стерильді перчатка киіңіз Жылулық тізбекті сақтау үшін және теріге тері принципін сақтау үшін баланы алдын ала жылылтлғын жаймамен қабылдаңыз. Баланы теарада құрғатыңыз. Қажет болса отсоспен ауыз қуысын тазалаңыз. . Кіндікбауды туылған соң 1 минуттың соңында пулсация аяқталғанда зажиммен қысыңыз. Кіндікбау сақынасынан 10 см алшақ және жыныс саңылауынан 8 см алшақ орналастырылған екі зажимнің ортасында кіндікбауды антисептикпен алдын ала өңдеп кесіңіз. Мүмкін болатын ВИЧ инфекциясын алдын алу үшін кіндікті кеспес бұрын оған үлкен дәкені қою керек, себебі қан шашырауы мүмкін. Баланы анасына көрсетіңіз және жынысына мән ьеруін анықтаңыз. Баланы анасының кеудесіне жатқызыңыз. Алғашқы 30 секундта нәресте жағдайын бағалаңыз, анасына айтыңыз. 8.Нәрестеге таза жылы құрғақ бас киім, носки кигізіңіз үстін жаймалармен жабыңыз және 2 көрпемен жабыңыз. 9. Туылғаннан 30 минут ішінде дене температурасын өлшеңіз. 10.Нәрестені омырауға салуды үйретіңіз Гонобленореяның профилактикасы ретінде бала анасының кеудесінде жатқанда алғашқы 1 сағаттың ішінде көзге 1 % тетрарациклин немесе эритромицин жақпаларын жағыңыз. Егер анасында хламидичлық немесе гонореялық инфекция болса жоғарыда аталған дәрілік заттарды қайталап 2 сағатта жағыңыз. Кінідкбауды екіншілік өңдеу 2 сағаттан соң келесі ретпен жүргізіледі: кінідкбау сақинасынан 0,3 см алшақ арнайы қысқыштарды кіндікке салыңыз. Стерильді қайшылармен қалғант қалдығын алып тастаңыз. Егер анасының қаны теріс болған жағдайда инфузиялық терапия жүргізу мақсатында кіндікбау сақинасынан 2-3 см алшақ қысу керек ал қысқыштың өзінен 0,3-0,5 см алшақ қалған қалдығын алып тастау керек. Нәрестенің дене салмағын өлшеңіз. Таразы электронды болған жөн және алдын ала жылытылған болуы керек. Нәрестенің бойын стерильді сантиметрлік лентамен өлшеңіз яғни шүйдесінен өкше сүйегіне дейін. Одан әрі бас айналымын және куде айналымын да өлшеңіз. Нәрестенің қолына тағылатын браслетке нәрестенің аты –жөнін, әкесінің атын, анасының босану тарихының нөмірін, жынысы, массасы, бойы және туылған дата және уақыты жазылады. Оденьте ребенка в чистую одежду (распашонка, ползунки, шапочка, носочки), накройте теплым одеялом и уложите рядом с матерью для совместного пребывания. Ескерту. Туылғаннан кейін нәрестені шомылдыруға болмайды. Ал босану кезәнде мекониймен немесе қан, шырышпен ластануын стерильді мақталық тампондармен тазаланады. 3.1.51. Стандарт «Нәресте антропометриясы» Мақсат: нәрестенің жетілгендігі туралы дәрежесін анықтау. Ресурс: жаймалық үстелше; электрондық таразы; нәрестені екіншілік өңдеуге арнлаған заттары бар стерильді пакет, сантиметрлік лента, стерильді қолғаптар. Іс-әрекет алгоритмі. 1.1-3 минут қолыңызды сабынмен жуыңыз, стерильді салфеткамен құрғатыңыз, антисептикпен 3-5 минут өңдеңіз. 2.Стерильді қолғаптар киіп, оның сыртын 70 % спиртпен өңдеңіз Алдын ала жылытылған жаймаларға оралған нәрестенің салмағын лшеңіз және жаймалардың салмағын алып тастаңыз. Стерильді сантиметрлік лентамен бас айналымын, кеуде айналымдарын өлшеңіз. Нәресте бойын шүйде төмпешігінен өкше сүйегіне дейін өлшеңіз. Алынған мәліметтерді нәретелердің ауру тарихына жазып қойыңыз. 3.1.52. Стандарт «Омыраумен емізу техникасы және сүт бездеріне күтім жасау» Омыраумен емізуде бірқатар ережелерді ұстанған жөн: Емізер алдында анасы қолын ешбір химиялық жуатын заттармен қолды жумау керек. Егер айналасы шулы болса тыныш жерге баруы тиіс. Сүт безі ұшынан бірнеше тамшы сүт шығару керек себебі патогендік микроорганизмдерді шығару керек. Ыңғайлы қалыпта отыру керек. Отыратын орындыққа арқасы жанасып ыңғайлы отыруы керек. Орындыққа немесе жанына пышақ қоюы керек. Баланы иықтарынан және арқасынан демеп ұстап отыру керек. Сүт безін қолдың ортаңғы және сұқ саусақтары арасында ұстауы керек себебі баланың тыныс алуына ешнарес кедергі болмауы шарт. Саусақтары ареолаға см жетпей орналасуы керек. Баланың қалпы анасына ішпен іш жанасуы керек және басы омырау жаққа бұрылған болуы тиіс. Омыраумен емізерден бұрын сүт безі ұшымен нәрестенің ерніне тигізіп алуға болады, сол кезде нәресте рефлексті түрде аузын ашады. Нәресте емген кезде тек сүт езі ұшын ғана емес, сонымен қатар айналысындағы ареоланы да алуы керек. Емізу ұзақтығы 30 мин-тан спау керек. Емізіп болған соң баланы вертикальді қалыпта ұстап тұру керек, себебі емген кезде сүтпен бірге жұтқан ауа да шығуы керек. Емізіп болған соң қалған сүтті сауып тастау керек. Сүт безін ашып отыру керек себебі ылғал кебу керек. Баланы омырауға салуына мән береңіз. Анасы алғаш босанушы болса оған дұрыс емізу техникасын үйретіп, көрсетіңіз. Омырауға салудағы төрт негізгі жағдай: Нәресте басы және денесі бір деңгейде болуы керек. Нәресте беті анасының омырауына бұрылған болуы керек. Анасы нәресте денесін өзіне ішпе іш жанастыруы керек. Анасы баласын тек иығы мен басын ұстап қоймай сонымен қатар денесін де арқасын демеп ұстап тұруы керек. Нәрестенің омырауға дұрыс емес салынғандығын келесілер көрсетеді: Нәресте аузы ашық, астыңғы ерін жабылмаған; Сүт безі ұшы айналасындағы ареола қатты көрініп, нәресте аузының ішіне енбей тұруы. Нәресте сүтті ұзақ, баяу және арасында жиі пауза жасап емеді. Егер сүт безі сүтке өте қатты толып тұрса насына біраз сүтін сауып тастау керектігін айтыңыз. Бұл баланың емуін жеңілдетеді. Стандарт «Сүтті қолмен сауу тәсілі» Мақсат: әйелді қалған сүтті саувп тастау тәсіліне үйрету. Ресурс: Таза ыдыс және сүлгі. Іс-әрекет алгоритмі. Қолыңызды жақсылап жуыңыз. Сүтті сауу тыныш және таза жерде жүргізіледі. Таза ыдыс қолданылады. Сүтті сауар алдында сүт бездеріне 3-5 минут ылғалды жылы дәке салынуы керек. Сүт бездерін баяу ақырын ұшына қарай пальпациялап және массаж жасау керек. Сүт безі ұштарын да массаж жасау керек. Алдымен 2-3 тамшы сүтті шығару керек. Үлкен саусақты сүт безінің ұшынан жоғары қою керек. Сүт безін кеуде клеткасына қарай баса отырып, қалған саусақтармен сүт безінің ұшына қарай қысуы керек. Осы тәсілді ритмді түрде қайталау қажет. 10. Екі сүт безін әр 5 минут сайын қайталап алмастырып сауыңыз. 11. Сауып болған 1-2 тамшы сүтпен сүт безі ұшын ылғалдап, олардың кепкенін күтіңіз. Стандарт «Босанған әйелдің жыныс мүшесін өңдеу» Мақсат: іріңді-септикалық асқынулардың профилактикасы. Көрсеткіштер: Қынаптық зеттеу алдында, амниоскопия алдында, босану бөліміне ауыстырар алдында, кіші және үлкен дәреттен кейін, босану алды бөлмесінде 5 сағ артық жатқан уақытта. Ресурс: акушерлік кресло, жеке пеленка, судно, Эсмарх кружкасы с антисептикалық ерітіндісімен, стерильді корцанг, стерильді мақталық тампондар, 1% йодонат ерітіндісі, стерильді перчатка, стерильді маска. Іс-әрекет алгоритмі. 1 .Әйелге манипуляция мақсатын, барысын айтыңыз. 2.Әйелді акушерлік креслоға жатқызыңыз, аяқтарын сан-тізе буынында бүгуін айтыңыз, астында жеке пеленка. З.Сегізкөз астына судно қойыңыз, фартук киіңіз, қолыңызды жуып стерильді перчатка киіңіз, маска тағыңыз. 4.Эсмарх кружкасындағы антисептикалық ерітіндіні құя отырып корнцанг арқылы келесі аймақтарды жуыңыз: қасаға, үлкен және кіші жыныс еріндері, санның ішкі беті, аралық және анус аймағын жуыңыз. 5.Дәл осы ретпен құрғатыңыз. 6.Судноны алып тастаңыз 7. Сегізкөз астына стерильді пеленка төсеңіз 8.Қолғапты шешіп, ережеге сай тастаңыз. инфекции. 9.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз. 3.1.55. Стандарт «Әйелді өңдеу және аралық тігістерін өңдеу» Мақсат: іріңді-септикалық асқынулардың профилактикасы. Көрсеткіштер: Қынаптық зеттеу алдында, амниоскопия алдында, босану бөліміне ауыстырар алдында, кіші және үлкен дәреттен кейін, босану алды бөлмесінде 5 сағ артық жатқан уақытта. Ресурс: акушерлік кресло, жеке пеленка, судно, Эсмарх кружкасы с антисептикалық ерітіндісімен, стерильді корцанг, стерильді мақталық тампондар, 1% йодонат ерітіндісі, стерильді перчатка, стерильді маска. Іс-әрекет алгоритмі. 1 .Әйелге манипуляция мақсатын, барысын айтыңыз. 2.Әйелді акушерлік креслоға жатқызыңыз, аяқтарын сан-тізе буынында бүгуін айтыңыз, астында жеке пеленка. З.Сегізкөз астына судно қойыңыз, фартук киіңіз, қолыңызды жуып стерильді перчатка киіңіз, маска тағыңыз. 4.Эсмарх кружкасындағы антисептикалық ерітіндіні құя отырып корнцанг арқылы келесі аймақтарды жуыңыз: қасаға, үлкен және кіші жыныс еріндері, санның ішкі беті, аралық және анус аймағын жуыңыз. Бірақ тігіс салынған жерлерді стерильді материалмен жауып тұрыңыз. 5. Дәл сол ретпен құрғатыңыз, аралықты стерильді дәкелік шарикпен сүртіңіз 6. Тігістерді антисептикпен өңдеңіз 7. 6.Судноны алып тастаңыз 7. Сегізкөз астына стерильді пеленка төсеңіз 8.Қолғапты шешіп, ережеге сай тастаңыз. инфекции. 9.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз. Гинекология бойынша: Стандарт «Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру» Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау. Ресурс: гинекологиялық кресло, бір реттік қолғаптар, жеке пелёнка. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу. Бір реттік қолғаптарды кию. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру: қасаға, түктенуі (еркек типтес, әйел типтес), үлкен және кіші жыныс еріндері, жыныс саңылауы. 5. Бірінші және екінші саусақпен жыныс еріндерін ашып, ретімен клитор, уретра, қынап кіреберісін, бартолин безінің жағдайын, аралықты бағалау. 6. Оң қолдың бірінші және екінші саусақтарымен қлкен жыныс еріндерінің төмен үштен бір бөлігінде орналасқан бартолин безін палбпациялаңыз, алдымен оң жақта, сосын сол жақтан. 7. Әйелдің тұруын сұраңыз. 8. Қолғаптарды шешіп, инфекциялардың алдын-алу ережесіне сәйкес тастау. 9.Қолды сабынмен жуу. 3. 1 -57. Стандарт «Жатыр мойнын екі жармалы гинекологилық айна арқылы қарау» Мақсат: Жатыр мойны және қынап патологияларын анықтау Ресурс: Перчатка Стерильді қынаптық айналар (екі жармалы Куско айнасы) Іс-әрекет алгоритмі: 1. Әйелді гинекологиялық креслоға жатуын айтыңыз. 2. Стерильді перчатка киіңіз 3. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз Оң қолға екі жармалы Куско айнасын жабық күйінде алып, қынаптың бүйір қабырғасымен жатыр мойнына қарай енгізіңіз және айнаны ашып, жатыр мойнын жалаңаштаңыз. Анықтаңыз: Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаттарының түсін; Патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын (тыртық, полип, эрозия); Жатыр мойнының формасы (конус, цилиндр, деформацияланған); Сыртқы аран формасы (домалақ, саңылау тәрізді); Бөлінділер сипаты (шырышты, іріңді, қан аралас). 6. Айналарды шығарған кезде қынапқа да назар аудару керек. 3.1.58. Стандарт «Жатыр мойнын қасық тәріздес Симс айналары арқылы қарау» Мақсат: Жатыр мойны және қынап патологияларын анықтау Ресурс: Перчатка Стерильді қынаптық айналар (қасық тәріздес Симс айнасы) Іс-әрекет алгоритмі: 1. Әйелді гинекологиялық креслоға жатуын айтыңыз. 2. Стерильді перчатка киіңіз 3. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз Оң қолыңызға қасықтәрізді Симс айнасын алып алдымен төменгі айнаны қынаптың бүйір қабырғасымен енгізіңіз, кейін екінші үстіңгі айнаны дәл солай қынаптың бүйір қабырғасымен енгізіп жоғары тартып, жатыр мойнын жалаңаштап, қарап тексеріңіз. 5. Анықтаңыз: Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаттарының түсін; Патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын (тыртық, полип, эрозия); Жатыр мойнының формасы (конус, цилиндр, деформацияланған); Сыртқы аран формасы (домалақ, саңылау тәрізді); Бөлінділер сипаты (шырышты, іріңді, қан аралас). 6. Айналарды шығарған кезде қынапқа да назар аудару керек. 3.1.59. Стандарт «Бимануальді зерттеу» Зерттеу мақсаты: ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау. Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, бір реттік қолғап. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз. Қуықты босату туралы әйелге ескертіңіз. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу. Зерттеу кезінде әйелдің тынысының еркін болуын ескертіңіз. Бір реттік қолғаптарды киіңіз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз. Оң қолдың ортаңғы 3 саусағын кейін 1 саусақты қынапқа енгізіңіз. Ал үлкен саусақ қасаға сүйегіне жанасуы керек. Қынапқа енгізілген саусақтармен қынап және қынап күмбездерін зерттеңіз. Кейін, енгізілген саусақтарды жатыр мойнының астынағ яғни артқы күмбезге баса отырып, сол қолыңызды құрсақтың төменгі бөлігінен жатырды пальпациялаңыз. Осылайша, жатырды пальпациялау арқылы оның орналасуын, көлемін, консистенциясын, қолғалғыштығын және ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз. Жатырды пальпациялай отырып, оның бұрыштарынан екі жақта аналық без және жатыр түтіктерін пальпациялаңыз. Қалыпты жағдайда жатыр түтіктері пальпацияланбайды. Ал аналық бездерді пальпациялай отырып, оның көлемін, піщінін, қолғалғыштығын, ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз. Қолыңызды қынаптан шығара отырып, қолғапта қалған бөлінділер сипатына назар аударыңыз. Қолғаптарды ережеге сәйкес тастаңыз. Қолыңызды сабынмен жуыңыз 3.1.60. Стандарт «Қынап тазалығына жағынды алу» Мақсат: Микроскопиялық зерттеуге материал алу.. Ресурс: гинекологиялық орындық, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын. Іс-әрекет алгоритмі. 1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз. 2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз. 3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз. 4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз. 5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз. 6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз. 7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз. 10. Оң қолмен ұқыпты қынапқа Куско айнасын енгізіңіз: басында ұзынша орналастырып, сосын көлденең жағдайға ауыстырыңыз, ал қынапта оны жатыр мойнына жеткізбей, ашыңыз. 11. Айнаны винттің көмегімен ашық түрінде бекітіңіз. 12. Қынапқа Фолькман қасығын (пинцетте болады) кіргізіңіз, қынаптың төменгі бүйірлі қабырғасына сәл жанап ұқыпты түрде жағынды алыңыз. 13. Жазушаларды езбей, заттық әйнекке жұқа қабатпен жағындыны жағыңыз. 14. Егерде қынапта көп бөлінділер болса, онда жағындыны алардың алдында қынапты ұқыпты түрде пинцетке мақта тығынды алып (жақсы көріну үшін) құрғату қажет. 15. Айнадағы винтті ашыңыз. 16. Қынаптағы айнаны біртіндеп жабып ұқыпты түрде шығарыңыз. 17. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны КБУ салыңыз, ал айнаны, Фолькман қасығын, пинцетті және корнцангті 3% хлорамин ерітіндісіне бір сағат бойы салып қойыңыз. 18. Қолыңды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз. 19. Зертханаға жолдаманы дайындаңыз: Кабинет нөмірі Ф.И.О. Жасы Жұмыс немесе оқу орны Жағындның мақсаты (мазок на степень чистоты) дата акушердің, медбикенің, дәрігердің қолы 20. Жағындыны зертханаға жіберіңіз. |