Стандарт. стандарт акуш гин. Фельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау
Скачать 222.88 Kb.
|
III «АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША КӘСІБИ СТАНДАРТТАР «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі 3.1.1. Стандарт «Жүкті әйелден анамнез жинау» 1.Паспорттық бөлім. 2.бала күнінде, ересек жаста ауырған аурулары, олардың ағымы, емі. 3 .Тұқым қуалаушылық. 4.тұрмыс жағдайы 5.Эпидемиологиялық анамнез. 6.Аллергологиялық анамнез. 7.Акушерлік-гинекологиялық анамнез: менструация функциясы (менархе и менструальді циклдың қалыптасуы, ұзақтығы, ауыру сезімі және жиілігі, қан щығынының көлемі, соңғы менструация күні); жыныстық өмір (қай жаста, некеде бар-жоқтығы); гинекологиялық аурулар (қандай, қашан, ұзақтығы және ағымының сипаты, жүргізілген терапия, емінің нәтижесі); репродуктивті функция – алдыңғы жүктіліктерінің ағымы, нәтижесі (жасанды түсік және өздігінен болған түсіктер) осы уақыттағы жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартысындағы ағымы, ауырған аурулары, қай аптада, емі және нәтижесі, емі амбулаторлы және стационарлы ма және т.б). Акушерия бойынша: 3.1.2.Стандарт «Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру» Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау. Ресурс: гинекологиялық кресло, бір реттік қолғаптар, жеке пелёнка. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу. Бір реттік қолғаптарды кию. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру: қасаға, түктенуі (еркек типтес, әйел типтес), үлкен және кіші жыныс еріндері, жыныс саңылауы. 5. Бірінші және екінші саусақпен жыныс еріндерін ашып, ретімен клитор, уретра, қынап кіреберісін, бартолин безінің жағдайын, аралықты бағалау. 6. Оң қолдың бірінші және екінші саусақтарымен қлкен жыныс еріндерінің төмен үштен бір бөлігінде орналасқан бартолин безін палбпациялаңыз, алдымен оң жақта, сосын сол жақтан. 7. Әйелдің тұруын сұраңыз. 8. Қолғаптарды шешіп, инфекциялардың алдын-алу ережесіне сәйкес тастау. 9.Қолды сабынмен жуу. 3.13. Стандарт «Айнамен қарап-тексеру» Зерттеу мақсаты: қынап және жатыр мойнын визуальді қарап, бағалау. Ресурс: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, бір реттік қолғап, жеке пеленка. Іс-әрекет алгоритмі: Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу. Қынап және жатыр мойнының жақсы көрінуі үшін жарықпен қамтамасыз ету. Бір реттік қолғапты кию. Стерильді үстелшеден стерильді айналады алыңыз. Қасықтәріздес айнаны оң қолыңызға алып, сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз. Айнаны қынаптың бүйір қабырғаларымен енгізіп, төмен бұрыңыз. Айнамен қынапты төмен басып, екінші айнаны енгізуге орын босатыңыз. Екінші айнаны да қынаптың бүйірімен енгізіп, жоғары қарай тартыңыз. Осылайша қынап пен жатыр мойнын жалаңаштап, визуальді көріп бағалаңыз. Екіжармалы айнаны сол қолмен жыныс еріндерін ашып тұрып, оң қолмен қынаптың бүйірімен жабық күйінде енгізіңіз және жатыр мойнына жеткенде айнаны ашып, жатыр мойнын жалаңаштаңыз. 7.Жатыр мойнын және қынапты қарағанда, олардың түсіне, бөлінділер сипатына, жатыр мойнындағы патологиялық өзгерістерге, жатыр мойнының пішініне мән беріңіз. 8.Айнаны жабық күйінде қынаптан шығарып, дез.ерітіндіге салыңыз. Егер бір реттік айна болса, КБСУ-ға тастаңыз. 9.Әйелдің тұруын сұраңыз.. 10. Қолғаптарды шешіп, инфекцияның алдын алу ережеге сәйкес тастаңыз. 11.Қолыңызды сабынмен жуыңыз.. 3.1.4. Стандарт «Бимануальді зерттеу» Зерттеу мақсаты: ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау. Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, бір реттік қолғап. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз. Қуықты босату туралы әйелге ескертіңіз. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу. Зерттеу кезінде әйелдің тынысының еркін болуын ескертіңіз. Бір реттік қолғаптарды киіңіз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз. Оң қолдың ортаңғы 3 саусағын кейін 1 саусақты қынапқа енгізіңіз. Ал үлкен саусақ қасаға сүйегіне жанасуы керек. Қынапқа енгізілген саусақтармен қынап және қынап күмбездерін зерттеңіз. Кейін, енгізілген саусақтарды жатыр мойнының астынағ яғни артқы күмбезге баса отырып, сол қолыңызды құрсақтың төменгі бөлігінен жатырды пальпациялаңыз. Осылайша, жатырды пальпациялау арқылы оның орналасуын, көлемін, консистенциясын, қолғалғыштығын және ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз. Жатырды пальпациялай отырып, оның бұрыштарынан екі жақта аналық без және жатыр түтіктерін пальпациялаңыз. Қалыпты жағдайда жатыр түтіктері пальпацияланбайды. Ал аналық бездерді пальпациялай отырып, оның көлемін, піщінін, қолғалғыштығын, ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз. Қолыңызды қынаптан шығара отырып, қолғапта қалған бөлінділер сипатына назар аударыңыз. Қолғаптарды ережеге сәйкес тастаңыз. Қолыңызды сабынмен жуыңыз. 3.1.5.Стандарт «Пельвиометрия» Зерттеу мақсаты: жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтау. Ресурс: кушетка, тазомер. Іс-әрекет алгоритмі. Әйелге зерттеу қажеттігін түсіндіріңіз. Әйелді аяқтарын жазып, арқасымен кушеткаға жатуын айтыңыз. Әйелдің оң жағына оның бетіне қарап тұрыңыз. Тазомер шкаласының жоғары қарап тұруына мән беріп ұстаңыз. Сұқ саусақтармен өлшенетін нүктелерді тауып алыңыз және тазомер түймешелерін сол нүктелерге орналастырып, араларын өлшеуді бастаңыз. Мықын сүйектерінің алдыңғы–жоғарғы қырлары (Distancia spinarum) 25-26 см. Мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелері (Distancia cristarum) 28-29 см. Жамбас сүйектерінің ұршық ойығына бекінген нүктелері (Distancia trochanterica) 30-31 см. Сыртқы конъюгатаны (Conjugate externa) өлшеу үшін әйелді бір жақ қырымен жатқызып, төмен жатқан аяғын бүгуін, ал доғарғы аяғы жазық болуын айтыңыз. Тазомер түймешелерінің біреуін қасаға сүйектің жоғарғы қырына, екіншісін сегізкөз ойығына қойыңыз. Бұл аралықтың өлшемі 20-21 см. Шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 9 санын алып тастау керек. Сонда ішкі конъюгата өлшемі 11-12 см-ге тең. Қолыңызды жуыңыз.. Алыеған мәліметтерді медициналық документацияға тіркеңіз. Тазомерді дез.ерітіндімен өңдеңіз.. 3.1.6. Стандарт «Соловьёв индексін өлшеу» Зерттеу мақсаты: жамбас сүйектерінің жаундықтарын анықтау. Ресурс: сантиметрлік лента Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу туралы әйелді ескертіңіз. Жүкті әйелді орындыққа отырғызыңыз. Стерильді сантиметрлік лентамен шынтақ-білезік буынын айналдыра өлшеңіз. Алынған өлшемді белгілеңіз. Қолыңызды жуыңыз. Медициналық документацияға мәліметтерді тіркеңіз. Ескерту. Словьев индексі бойынша шынайы конъюгатаны анықтау: - Соловьев индексі 14 см-ден төмен (сүйектер жіңішке). Сыртқы конюгатадан 8 см, диагональді конъюгатадан 1,5 см-ді алып тастаңыз. - Соловьев индексі 14-15 см (сүйектер орташа жіңішке). Сыртқы конюгатадан 9 см, диагональді конъюгатадан 1,5 см-ді алып тастаңыз. - Соловьев индексі 15 см-ден көп (сүйектер жуан). Сыртқы конюгатадан 10 см, диагональді конъюгатадан 2 см-ді алып тастаңыз. 3.1.7. Стандарт «Михаэлис ромбын өлшеу» Зерттеу мақсаты: Жамбас тарылуларының формаларын анықтау. Ресурс: сантиметрлік лента. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу туралы әйелге айтыңыз. Әйелдің шешінуін айтыңыз. Әйелдің арқасына қарап орындыққа отырыңыз. Сегізкөз аймағының вертикальді және горизонтальді диагоналдарын стерильді сантиметрлік лентамен өлшеңіз: вертикальді диагональ - Михаэлис ромбының жоғарғы бұрыштарынан (сегізкөз үсті ойығы) төменгі бұрышына дейінгі аралық (сегізкөз төмпешігі), 11 см-ге тең. горизонтальді диагональ – Михаэлис ромбының бүйір бұрыштарының аралығы (мықын сүйектерінің артқы жоғарғы өсінділері), 10-11 см-ге тең. 5.Алынған өлшемдерді белгілеңіз. 6. Қолыңызды жуыңыз. 7. Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз.. 3.1.8. Стандарт «Диагональді конъюгатаны өлшеу» Зерттеу мақсаты: Жамбас тарылуының дәрежелерін анықтау. Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, сантиметрлік лента немесе тазомер, бір реттік қолғаптар. Іс-әркет алгоритмі. Әйелді зерттеу туралы ескертіп, қуықты босатуын айтыңыз. Әйелді гинекологиялық креслоға арқасымен жеке пеленкаға жатқызыңыз. Стерильді қолғаптар киіңіз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз, оң қолдың ортаңғы және сұқ саусақтарын қынапқа енгізіңіз. Оң қолдың ортаңғы саусағымен сегізкөз мүйісіне дейін жетіңіз және сол қолмен қасаға сүйекке жанасып жатқан оң қолдың нүктесін белгілеңіз. Қолыңызды қынаптан шығарып, белгіленген жерге назар аударыңыз. . Ассистент көмегімен белгіленген жер мен ортаңғы саусақ ұшының аралығын өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см немесе одан кқп болуы керек. Шынайы конъюгатаны анықтау ұшін осы өлшемне 2 см-ді алып тастаңыз, сонда 11 см-ге тең. Сонымен диагональді конъюгатаны өлшеу арқылы шынайы конъюгатаны анықтауға болады. Қолғаптарды шешіп, ережеге сай тастаңыз. Қолыңызды сабынмен жуыңыз. 11. . Тазомерді немесе сантиметрлік лентаны дез.ерітіндімен өңдеңіз 12. Медициналық құжаттарға тіркеңіз. . 3.1.9. Стандарт «Сыртқы акушерлік тексеріс (Леопольд-Левицкий тәсілдері)» Зерттеу мақсаты: жатырдағы ұрықтың орналасуын анықтау. Ресурс: кушетка, фантом, кукла. Іс-әрекет алгоритмі. 1 .Әйелге зерттеу туралы айтыңыз. 2. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз. 3.Кушеткаға әйелдің бетіне қарап отырыңыз. 4. Бірінші тәсіл бойынша жатыр түбінің биіктігін және ондағы ұрық бөліктерін анықтау. Ол үшінекіқолдың саусақ ұштары бір-біріне бағытталып, жатыр түбіне орналасуы керек және саусақ ұштары бір-біріне жанаспауы тиіс.Жатыр түбі биіктігінің төс сүйекке және кіндікке қатынасын анықтаңыз және жатыр түбінде орналақан ұрықтың қай бөлігі екенін анықтаңыз. 5. Екінші тәсіл арқылы ұрықтың орналасуын, позициясын анықтаңыз. Ол үшін екі қолдың алақандарын жатырдың бүйір беттеріне қойыңыз. Егер жатырдың бір жақ бүйірінде жазық және дөңес бөлік анықталса, ол ұрықтың арқасы, ал егер ұсақ бқліктер анықталса ол ұрықтың аяқ-қолдары деп есептеледі. Және егер қрықтың арқасы жатырдың сол жақ бүйірінде анықталса ол – 1 позиция, арқасы бері қарап жатса алдыңғы түрі, артқа қарап жатса артқы түрі деп есептеледі. Дәл солай егер ұрықтың арқасы жатырдың оң жақ бүйірінде анықталса ол 2 позиция, арқасы алдыға қараса алдыңғы түрі, артқа қараса артқы түрі деп есептеледі. 6. Үшінші тәсіл арқылы ұрықтың жамбас астауына келіп тұрған бөлігін анықтау. Ол үшін оң қолдың үлкен саусағын қасаға сүйектің бір жағына қарама-қарсы жаққа қалған 4 саусақты орналастырыңыз. Егер осы саусақтар арасында дөңгелек пішінді, қатты және қозғалмалы мүше анықталса ол ұрықтың басы, ал егер дғес, ірі және қозғалмайтын жұмсақ бөлік анықталса ол ұрықтың жамбасы деп есептеледі. 7. Төртінші тәсіл арқылы ұрықтың кіші жамбас астауына қатынасын анықтау. Бұл тәсіл 3 тәсілдің жалғасы деп есептеледі. Ол үшін әйелдің аяқтарына қарап тұрыңыз және екі қолдың саусақ ұштарын бір-біріне жақындата қасаға сүйекті ішіне қарай басыңыз. Сол кезде ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасы анықталады. 8.Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз. 3.1.10. Стандарт «Іш айналымы және жатыр түбі биіктігін өлшеу». Зерттеу мақсаты: Жүктіліктің дамуын динамикалық бақылау. Алынған мәліметтер бойынша ұрық салмағын болжамды анықтау. Ресурс: сантиметрлік лента, кушетка. Іс-әрекет алгоритмі. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз және қуығын босатуын ескертіңіз. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз. Сантиметрлік лентаны алып ұшын кіндік тұсына қойып, қалған бөлігін айналдырып алып келіңіз. Алынған өлшемді белгілеңіз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасаға сүйекке қойыңыз және жатыр түбіне дейін жатыр бойымен өлшеңіз. Алынған мәліметті тіркеңіз.. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз. Қолыңызыд жуыңыз.. Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз. Ескерту: жатыр түбі мен іш айналымын өлшеу жүктіліктің тек 20 аптасынан бастап өлшенеді. 3.1.11. Стандарт «Акушерлік стетоскоп арқылы ұрықтың жүрек соғысын анықтау» Зерттеу мақсаты: ұрықтың жүрек соғысының жиілігін анықтау. Ресурс: акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка. Іс-әрекет алгоритмі. Әйелге зерттеу туралы айтыңыз. Әйелге кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз. Сыртқы акушерлік тексеріс (Леоаольд-Левицкий тәсілін қараңыз) ұрықтың позициясын, түрін анықтаңыз. Ұрықтың жүрек соғысын оның арқа тұсында, әйелдің құрсақ бөліміне стетоскопты тереңірек орналастыра тыңдаңыз. Қажет болғанда стетоскопты ұрықтың жүрек соғысын тапқанша қолғалтуға болады. 1 минутта болатын жүрек соғысын анықтаңыз Қосымша әйелдің де пулсін қатар есептеп отырыңыз, себебі ұрық жүрек соғысымен шатасып кетуі мүмкін. Алынған мәліметті белгілеңіз. Әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз 9.Қолыңызды жуыңыз. Стетоскопты дез.ерітіндімен өңдеңіз. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа енгізіңіз. Ескерту: Егер егіз болған жағдайда жүрек соғыстары екі фокуста анық естіледі. 3.1.12. Стандарт «Жүктілік мерзімін анықтау» Мақсат: Мәліметтер жинағы негізінде жүктілік мерзімін анықтау. Ресурс: гинекологиялық кабинет. Іс-әрекет алгоритмі. Күнтізбе арқылы соңғы етеккірдің бірінші күнінен апталарды санаңыз Күнтізбе арқылы ұрықтың алғашқы қозғалысынан бастап апталарды санаңыз және шыққан санға алғаш босанушылар үшін 20 апта, қайталап босанушылар үшін 18 апта қосыңыз. Әйелдің есепке тұрған уақыттағы жүктілік мерзіміне (12 апта) бүгінгі күнге дейін откен апталарды қосыңыз. Әйелді УДЗ арқылы қараңыз. Жүктіліктің кеш мерзімдерінде жатыр түбі биіктігінің орналасуы: 16 апта - 12 см (кіндік пен жатыр арасында); 20 апта - 16 см (кіндіктен 2 көлденеі саусақ төмен); 24 апта - 20 см (кіндік тұсында); 32 апта - 28 см (кіндік пен төс сүйегінің өсіндісі арасында); 36 апта -34-36 см (қабырға доғалдарының астында); апта - 28-32 см (кіндік пен төс мүйек арасында). Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеу. 3.1.13. Стандарт «Болжамды босану уақытын анықтау және босануға дейінгі декреттік демалысты дайындау» Болжамды босану уақытын анықтау үшін жүктілік мерзімін анықтауда қолданылатын тәсілдерді пайдаланады. Орташа есеппен жүктілік 280 күн немесе 40 апта жүреді. Болжамжы босану уақытын анықтау үшін Негеле формуласын пайдаланады. Яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 айды алып, 7 күн қосады. Қазіргі уақытта әйелді декреттік демалысқа жүктіліктің 30 аптасында жібереді және 126 күнге еңбекке жарамсыздық парағын береді. Көпұрықты жүктілікте жүктіліктің 28 аптсында декретке шыарады және еңбекке жарамсыздық ұзақтығы 180 күн. Асқынумен жүрген босануда 14 күн тағы қосылады. 30 аптаға дейінгі босану болса және тірі нәресте туылса еңбекке жарамсыздық парағы 156 күүнге беріледі және босану қай жерде болғанына да мән беріледі. Өлі нәресте туылса немес алғашқы 7 күнде өлсе 86 күнге беріледі. Радиоактивті аймақтарда тұратын әйелдерге еңбекке жарамсыздық парағы босануға дейінгі декрет 90 күн, ал босанудан кейінгі декрет 70 күн болады. Бала асырап алған әйелге босанудан кейінгі декрет 70 күн болады. |