Главная страница

Стандарт. стандарт акуш гин. Фельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау


Скачать 222.88 Kb.
НазваниеФельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау
АнкорСтандарт
Дата20.01.2022
Размер222.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файластандарт акуш гин.docx
ТипДокументы
#337342
страница4 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кюстнера-Чукалов белгісін анықтау. Алақан қырымен қасаға үстіне басқанда жыныс аңылауынан шығып тұрған кіндікбпу егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажырамаған болса қайта ішке тартылады. Ал егер ішке тартылмаса онда бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажырады деген мағынаны білдіреді.

  • Альфельд белгісін анықтау. Кіндікбауға және аралыққа салынған қысқыш егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажыраса төмен қарай 8-10см-ге түседі.

  • Штрассман белгісін анықтау. Егер алақан қырымен жатыр түбін аздап ұрғыласақ және егер бала жолдасы әлі жатыр қабырғасында бекініп тұрса, ұрғылау нәтижесінде қан плацента арқылы және кіндікбау арқылы сыртқа шығады. Ал егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажыраған болса бұл көрініс болмайды.

  • Довженко белгісін анықтау. Әйелді терең тыныс алуын сұраңыз. Егер тыныс алғанда кіндікбау қайта ішке тартылса онда әлі жатыр қабырғасынан ажрамады деген мағынаны білдіреді. Ал егер ішке тартылмаса онда жатыр қабырғасынан бала жолдасы ажырады деген мағына береді.

  • Клейн белгісін анықтау. Әйелге күшенуін айтыңыз, егер бала жолдасы ажыраған болса онда кұшену аяқталғанда кіндікбау қайта ішке тартылмау керек. Егер ажарамаған болса онда қайта ішке тартылады.

  • Микулича-Радецкий белгісін анықтау. Жатыр қабырғасынан ажыраған бала жолдасы қынапқа түседі және әйел осы кезде күшенгісі келеді.

    Ескерту. Бала жолдасының бөлінгені туралы жоғарыда аталан көріністердің 2-3 болған жағдайда айтады. Соның ішінде әсіресе Шредер, Альфельд, Кюстнера-Чукалов белгілері.
    3.1.39. Стандарт «Ажыраған бала жолдасын сыртқы тәсілдер арқылы сыртқа бөліп шығару»
    Мақсат: Бала жолдасы өздігінен бөлінбеген жағдайда оны сыртқа шығару.

    Ресурс: Босану залының жабдықталуы, қуық катетері, лоток; бір реттік перчатка.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Абуладзе тәсілі:

    • Қуықтағы зәрді катетермен шығару;

    • Алдыңғы құрсақ қабырғасын екі қолмен көтеріп ұзыннан ұстаңыз және іштің екі тік бұлшықеттері саусақ арасында болуы тиіс.

    • Әйелдің күшенуін сұраңыз.

    2. Гентер тәсілі :

    • Босанушының жанына тұрыңыз;

    • Екі қолыңызды жұдырыққа түйіп, жатырдыдың бұрыштарынан бастап басыңыз.

    • Жатыр түбін баса отырып басу күшін көбейтіңіз сөйтіп бала жолдасы туылғанша жасаңыз.

    3. Креде – Лазаревич тәсілі:

    • Жатырыд ортаңғы бөлікке әкеліңіз;

    • Жатыр түбіне аздап массаж жасаңыз;

    • Ары қарай жатырдың алдыңғы қабырғасына үлкен саусақты ал қалған 4 саусақты жатырдың артқы қабырғасына орналастырыңыз.

    • Жоғарыдан төмен баса отырып, бала жолдасы туылғанын бақылаңыз.



    3.1.40. Стандарт «Бала жолдасының бүтіндігін қарап-тексеру»
    Зерттеу мақсаты: бала жолдасын бағалау.

    Ресурс: поднос, функциональды үстелше, салфетка, таразы, сантиметрлік лента, бір реттік перчатка.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1.Бала жолдасын тегіс ыдысқа салыңыз, аналық жағын жоғары қаратып, салфеткамен құрғатыңыз және қарап тексеруге кірісіңіз.

    • Аналық жағынан барлық бөлікшелер түгел болуы керек. Беті тегіс және жылтыр, сұрғылт-көк түсті болуы керек.

    • Бала жолдасының шеттеріне назар аударыңыз. Яғни кальцинаттардың болуы, майлық өзгерістер сияқты т.б өзгерістер бар-жоқтығын анықтау.

    2.Бала жолдасын кіндікбаудан ұстап көтеріңіз және қабының бқтіндігіне тағы көз жеткізіңіз.

    3.кіндікбауды да қарап тексеріңіз. Ондағы қантамырларына мән беріңіз. 4.Бала жолдасын қарап болған соң оның салмағын және көлемін өлшеңіз

    5. Медициналық құжатқа мәліметтерді тіркеңіз.
    3.1.41. Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарап тексеру»
    Мақсат: Босанудан кейінгі жарақаттардың диагностикасы.

    Ресурс: Босану төсегі, стерильді инструменттер: қайшы, қынаптық айналар, қысқыштар, ине ұстағыштар, хирургиялық инелер, тігіс материалдары, анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, антисептик ерітіндісі (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі), стерильді пеленка, стерильді перчатка, стерильді мақталық тампон.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру

    2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеу.

    3. Әйелдің жамбасының астына стерильді пеленка төсеу.

    4. Стерильді пакеттен босану жолдарын қарайтын айналарды алып шығыңыз.

    5. Қынапқа айналарды салыңыз, жатыр мойнын жалаңаштаңыз.

    6. Ассисентке айнаны ұстатып, екі қысқыштар арқылы жатыр мойнын сағат тілімен айналдыра қарап шығыңыз.

    7. Айналарды шығара отырып, қынапты қарап шығыңыз.Жыртылуды көрсеңіз оның дәрежесін анықтаңыз.

    8. Мақталық тампондар арқылы сыртқы жыныс мүшелерін қарап шығыңыз.

    9. Жатыр мойнының және қынаптың, аралықтың жыртылуын анықтаған жағдайда барлық асептика және антисептика ережелерін пайдалана отырып, ауырсыздандырып, тігу керек.


    3.1.42. Стандарт «Босану кезінде қан кетуді есептеу»
    Мақсат: кеткен қан көлемін анықтау.

    Ресурс: градуирленген ыдыс, лоток, таразы, пеленка, перчатка.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1. Босанудың 3 кезеңінде әйелдің жыныс мүшесінің жанына лоток қойыңыз және кәндібаудың ұшын сол жерге салыңыз.

    2. Лотоктағы қанды градуирленген ыдысқа құйып, көлемін анықтаңыз.

    3. Қан сіңген пеленкалардың салмағын өлшеңіз.

    4. Кеткен қан көлемінің сандық көлемін анықтаңыз, яғни 100мл қан 125 грамм болады.

    1. Босану алдындағы әйел салмағын ескекере отырып, кеткен қан көлемінің проценттік көрсеткішін анықтаңыз. Физиологиялық қан шығыны ол 0,5% дене салмағынан.

    2. Кеткен қан шығынын босану тарихына енгізіңіз.


    3.1.43. Стандарт «Акушердің (фельдшердің) акушерлік қан кетуде жасайтын әрекеті»
    Мақсат: жедел жәрдем көрсету.

    Ресурс: босану залының жабдықталуы, жатыр мойнын қарауға арналған заттар, тамырішілік катетерлер № 16, 18, тонометр, фонендоскоп, термометр, секундомер, қуық катетері, лоток, физиологиялық ерітінді, окситоцин, пробирка, мақталық және дәкелік шариктер, корцанг, шприцтер бір реттік 5,0 және 10,0мл, спирт 70%.
    Іс-әрекет алгоритмі.

    1. Бос мед.персоналды шақыру:

    • акушер-гинеколог;

    • анестезиолог;

    • лаборант.

    2.Әйелдің жалпы жағдайын бағалау:

    • артериалық қан қысымы;

    • пульс;

    • температура;

    • тері жабындылары;

    • тыныс алу жиілігі;

    • кеткен қан көлемін анықтау.

    1. Екі перифириялық венаны катетерлеңіз (катетер мөлшері №16,18)

    2. Физиологиялық ерітіндіні кеткен қан көлеміне байланысты 3:1 қатынасында енгізіңіз. Енгізу жылдамдығы 15 минутта 1000,0мл.

    3. Қуықты катетерлеңіз.

    4. Қан кету себебін «4 Т» принциптеріне сүйеніп анықтаңыз.

    • Травма (жарақат) – аралық, қынап және жатыр мойны жыртылуларын тігіңіз.

    • Тромбин – егер лаборант болмаса, пробиркаға қанды жинап қан ұйығанша оны баяу шайқаңыз, қалыптыда 5 минутта қан ұю керек.

    • Ткань (тін) – бала жолдасының бұзылған жағдайда жатыр қуысын қол тсалып текесеріңіз.

    • Тонус –гипотония болған жағдайда, атония кезде жатырдың сыртқы массажын жасаңыз.

    -5 ЕД окситоцинді 500,0 мл физиологиялық ерітіндімен минутына 60 тамшы жасап көктамыр ішіне 25-30 минут енгізіңіз. Окситоциннің максимальді дозасы 60 ЕД, оның ішінде 10 ЕД босанғаннан кейін 1 минутта енгізілген болып табылады.

    -Жатырдың бимануальді компрессиясын жасаңыз. Стерильді қолғаптар киіп, қынап ішіне енгізіңіз, енген қолды жұдырыққа түйіп, алдыңғы күмбезге басып, жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз, ал екінші қолыңызбен жатырды сыртқы құрсақ қабырғасы арқылы пальпациялап, оның артқы қабырғасын басып ұстаңыз, сонда жатыр екі қолдың ортасында қысылып тұрады.Бұлай басуды қан кету тоқтап, жатыр жиырылғанша тоқтатпаған жөн.

    1. Әйелді жылытыңыз. Ылғалды жаймаларды, пеленкаларды алып тастап, жылы көрпемен жабыңыз. Дене температурасын өлшеңіз.

    2. Құрсақ аортасын кіндіктің сол жағынан басуды пайдалну бұл уақытша қан тоқтату тәсілі болып табылады. Аортаны басу арқылы әйелді оперциялық бөлімге тасымалдау қажет.

    3. Мәліметті перинатальді орталыққа жіберіңіз, бас акушер-гинекологқа тәулік бойы.




    1. 3.1.44. Стандарт «Жатырдың бимануальді компрессиясы»


    Мақсат: жатыр гипотониясын/атониясын емдеу.

    Ресурс: босану залының/палатасының жабдықталуы, стерильді перчатка, антисептик.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1 .Әйелге іс-әрекет қажеттігін және барысын түсіндіріңіз
    2.Қолыңызды сабынмен жууп, антисептикпен өңдеп, стерильді қолғап киіп, қынапқа қолыңызды енгізіп, жұдырыққа түйіңіз.

    3. Алдыңғы күмбезге басып, жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз

    4. Екінші қолыңызбен жатырды сыртқы құрсақ қабырғасы арқылы пальпациялап, оның артқы қабырғасын басып ұстаңыз, сонда жатыр екі қолдың ортасында қысылып тұрады.

    5. Басуды қан кету тоқтап, жатыр жиырылғанша тоқтатпаған жөн.

    6. Манипуляция аяқталған соң қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.

    7.Қолыңызды сабынмен жууп, антисептикпен өңдеңіз

    3.1.45. Стандарт «Құрсақ аортасын басу»
    Мақсат: қан кетуді уақытша тоқтату.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    • қолыңызды жұдырыққа түйіп, сыртқы құрсақ бөлімі арқылы құрсақ аортасын басыңыз, оның нүктесі кіндік үстінде және сәл сол жақта орналасқан.

    • екінші қолмен сан артериясын пальпациялаңыз.

    • егер пульс анықталса демек аорта дұрыс басылмады, ал егер пульс болмаса демек аорта дұрыс басылды, қан кету уақытша тоқтады деген мағына білдіреді.

    Ескерту. Босанудан кейінгі ерте кезеңде аорта пульсациясы сыртқы құрсақ бөлімі арқылы оңай анықталуы мүмкін.

    3.1.46. Стандарт «Бала жолдасын қол салып бөліп алу»
    Операция мақсаты: бала жолдасын бөлу және шығару.

    Көрсеткіштер: бала жолдасының бөліну белгілерінің болмауы, бала жолдасының қалдықтарының жатыр қуысында қалуы, босанудан кейінгі қан кету.

    Ресурс: дезинфекциялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді қолғап, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаментер, стерильді шприцтер, мұзды мұйық.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1.Қуықты катетер арқылы босату.

    2.Әйелдің келісімін алу.

    3.Сыртқы жыныс еріндерін антисептикалық ерітіндімен өңдеу (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі).
    4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді қолғаптар киіңіз.

    5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз.

    6.Сол қолдығ сұқ және үлкен саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз.

    7.Оң қолыңызды конус тәрізді ұстап, жамбастың тік өлшемімен кіріп, екінші қолыңызыд жатырды сыртқы құрсақ бөлімі арқылы пальпациялап бекітіңіз.

    8. Алақан сыртын сегізкөзге қаратыңыз, кіндікбау бойымен жүре отырып, бала жолдасын табыңыз және бала жолдасының шеттеріне қарай жылжи отырып, алақан қырымен бала жолдасын жатыр қабырғасынан ажырата бастаңыз және жатыр мойнына қарай жылжытыңыз.

    9.ол қолмен кіндікбаудан тарта отырып, бала жолдасын шығарып алып, ассистентке беріңіз.

    10. Оң қолды жатыр қуысында қалдырыңыз, яғни қалдықтарды шығару үшін.

    11 .Қалған қан ұйындылары шыққан соң қолыңызыд жатыр қуысынан шығарыңыз.

    12.Қолғапты шешіп, ережеге сәйкес тастаңыз.

    13.Қолыңызды сабынмен жуыңыз..

    14.Көктамыо ішіне жатырды жиыратын препараттарды енгізіңіз, төменгі құрсақ бөліміне мұзды мұйық қойыңыз.


    3.1.47. Стандарт «Жатыр қуысын қол салып тексеру»
    Операция мақсаты: бала жолдасының қалдықтарын анықтау және шығару

    Көрсеткіштер: бала жолдасының бүтіндігінің бұзылуы. Операциядан кейін жатыр бүтіндігіне көз жеткізу. Ұзақ босану. Гипотониялық және атониялық қан кетулер. Жатыр тыртығы бар әйелдер.

    Ресурс: дезинфекциялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді перчатка, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаменттер, стерильді шприцтер, мұзды мұйық.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1.Қуықты катетер арқылы босату.

    2.Әйелдің келісімін алу.

    3.Сыртқы жыныс еріндерін антисептикалық ерітіндімен өңдеу (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі).
    4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді қолғаптар киіңіз.

    5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз.

    6.Сол қолдығ сұқ және үлкен саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз.

    7.Оң қолыңызды конус тәрізді ұстап, жамбастың тік өлшемімен кіріп, екінші қолыңызыд жатырды сыртқы құрсақ бөлімі арқылы пальпациялап бекітіңіз.

    8.Оң қолдың саусақтарының жастықшаларымен жатырдың ішкі бетін түбінен бастап жатыр мойнына дейін пальпациялаңыз.

    1. Қолыңызды жатыр қуысынан шығарыңыз

    2. Қолғапты шешіп, ережеге сәйкес тастаңыз.

    3. Қолыңызды сабынмен жуыңыз..

    4. Көктамыо ішіне жатырды жиыратын препараттарды енгізіңіз, төменгі құрсақ бөліміне мұзды мұйық қойыңыз.


    3.1.48. Стандарт «Аралыққа тігіс салу операциясы»
    Мақсат: аралық тіндерінің бүтіндігін қалпына келтіру.

    Ресурс:

    1. Шприц 10,0 мл ұзын инесімен.

    2. Новокаин 0,25% - 50,0.

    3. 2% йод немесе 1% йодонат ерітіндісі.

    4. Стерильді материал (дәкелік, мақталық шариктер, салфеткалар).

    5. Үстелшеге тігіс салуға арналған заттарды қою.

    • Айналар

    • Корнцанг.

    • Пинцет.

    • Инеұстағыш.

    • Инелер хирургиялық.

    • Тігіс материалдары (кетгуг, жібек).

    • Қайшылар.

    Аралықтың 1 дәржелі жыртылуында жүргізілетін іс-әрекеттер:

    Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық еретінділермен екі рет өңдеңіз

    1. Әйелдің жамбас астына стерильді төсеме төсеңіз.

    2. Ауырсандыруды жасаңыз (жараны 0,25 новокаин ерітіндісімен ауырсыздандыру).

    3. Үстелшеге аралыққа салатын тігіс заттарын қойыңыз.

    4. Қынаптың жыртылған жарасының шетінен бастап кетгутпен тігістер салыңыз (түйіндік немесе үздіксіз тігістер)

    5. Аралыққа жібек жіппен тігіс алыңыз.

    6. Тігістерді 1 % йодонат немесе 2 % йод ерітіндісімен өңдеңіз


    Аралықтың 2 дәржелі жыртылуында жүргізілетін іс-әрекеттер:

    1 .Сыртқы жыныс мүшелерін 1 % йодонат ерітіндісімен өңдеңіз.

    2. Әйелдің жамбас астына стерильді төсеме төсеңіз.

    3.Ауырсандыруды жасаңыз (жараны 0,25 новокаин ерітіндісімен ауырсыздандыру).

    4.Үстелшеге аралыққа салатын тігіс заттарын қойыңыз.

    5.Кетгут жіптерімен бұлшықеттердің жыртылған жерлерін қосып тігіңіз.

    6.Жара бұрышына кетгут жіппен тігіс салыңыз, оны ұстап тұрушы деп пайдалануға болады және ары қарай артқы жабыспаға дейін (спайка) кетгуттан тгістер салыңыз. Соңғы түйін де ұстап тұрушы деп есептеледі.

    7.Аралық терісіне жібек жіптен тігістер салыңыз.

    8. Тігістерді 1 % йодонат немесе 2 % йод ерітіндісімен өңдеңіз
    3.1.49. Стандарт «Жатыр мойнының жыртылуларын тігу»
    Мақсат: жатыр мойнының бүтіндігін қалпына келтіру.

    Ресурс: үлкен қынаптық айналар; 3 зажим; 2 корцанг; 2 Кохер зажимі; инеұстағыш; қайшылар; пинцеттер; хирургиялық инелер; кетгут; стерильді мақталық-дәкелік шариктер; дезинфекциялық ерітінділер; стерильді перчатка; маска; антисептикалық заттар.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1 .Әйелге процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз

    2.Қуықты катетер арқылы босатыңыз

    3.Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітінділермен өңдеңіз

    4.Гинекологиялық куреслоға стерильді пеленка төсеңіз

    5.Испаптық үстелшеге керек заттарды қойыңыз

    6.Қолыңызды хирургиялық өңдеңіз

    7.Маска және стерильді перчатка киіңіз

    8.Жатыр мойнын айна арқылы жалаңаштаңыз

    9. Жыртылған тіндердің шетіне қысқыштарды салып тартып көріп тексеріңіз

    10.Инеқстағыш арқылы инені кетгутпен дайындаңыз және бірінші т ігісті жыртылған жерден жоғары салыңыз. Жіп ұшын Кохер зажимімен ұстаңыз. Кохер қысқышын ұстаушы ретінде пайдаланыңыз.

    11 .Келесі тігістерді араларын 1 см жасап салыңыз.

    12.Қолданған заттарды дез.ерітіндіге салыңыз және КБУ-ға тастаңыз

    13.қолғаптарды шешіп КБУ-ға тастаңыз.

    14.Қолыңызды сабынмен жуып, антисептикпен өңдеңіз.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


  • написать администратору сайта