Стандарт. стандарт акуш гин. Фельдшер, Акушер біліктілігі 1 Стандарт Жкті йелден анамнез жинау
Скачать 222.88 Kb.
|
Стандарт «Акушерканың (фельдшер) ауыр преэклампсия кезіндегі іс-әрекеті» Мақсат: жедел жәрдем көрсету. Ресурс: ауызкергіш; тіл ұстағыш; ауа өткізгіш; маска және Амбу қапшығы, электроотсос, кислород, тонометр, фонендоскоп, секундомер, термометр, көктамырішілік катетерлер № 16-18, 25% магний сульфат ерітіндісі, физиологиялық еретінді, қуық катетері резеңкелі, корцангтар, мақталық және дәкелік шариктер, дәкелік тампондар. Іс-әркет алгоритмі. Диагноз қойыңыз: Ауыр преэклампсия егер келесі симптомдар болса: бас және асқазан тұсының ауруы, көз алдында шыбын-шіркейлердің ұшуы, жүрек айну және құсу, артериалды гипертензия 140/90 мм сын бағ тең, протеинурия. Бос мед.персоналды мобилизациялау (шақыру): акушер-гинеколог; анестезиолог; лаборант. 2. Әйелдің жалпы жағдайын бағалау: артериалды қысым; пульс; температура; тері жабындылары; тыныс алу жиілігі; 3.Әйелді сол жақ қырымен жатқызыңыз; 4. Отегінің берілуін қамтамасыз ету. 5.ауызкергішпен аузын ашып, тілұстағышпен бекітіңіз. Ұстама аяқталған соң ауыз қуысын сорғышпен тазалаңыз. 6.Перифириялық веналарды катетерлеңіз (катетер №16, 18). Магнезиалды терапияны бастаңыз: - магний сульфаты 25% - 20,0 мл баяу 10-15 минут бойы енгізу (старттық доза). - магний сульфат 25% - 80,0 мл на 320,0 физиологиялық еретіндіге т/і тамшылатып, 11 тамшы минутына (ұстап тұрушы доза). 7. Қуықты катетерлеңіз. 8. Ұстап тұрушы дозаны енгізуді жалғастыра реанимция бөліміне тасымалдаңыз. 9. Перинатальді орталықтағы бас акушер-гинекологқа мәлімет беріңіз. 3.1.28. Стандарт «Жатыр мойнының пісіп-жетілгендігін бағалау» Зерттеу мақсаты: босану жолдарының босануға дайындығын анықтау. Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка; стерильді қолғап, корцанг, дәкелік шариктер, 1% йодонат ерітіндісі немесе 2% йод ерітіндісі. Іс-әрекет алгоритмі. Зерттеу туралы әйелге айтыңыз. Әйелді гинекологиялық креслоға жеке пеленкаға жатқызыңыз. Сыртқы жыныс мүшелерін жоғары аталған ерітінділердің біреуімен өңдеңіз. Стерильді қолғаптар киіңіз. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың 1 және 2 саусақтарын қынапқа енгізіңіз. Жатыр мойнын пальпациялау арқылы оның консиситенциясын, ұзындығын, жамбас өлшемдеріне қатынасын, цервикальді канал өтімділігін анықтау. Жатыр мойнының пісіп-жетілгендігін бағалау. Жатыр мойнының пісіп жетілгендігі туралы оның 2 см-ге азаюына, жұмсаруына және цервикальді канал 1 саусақ өткізуіне қарап айтады. Қолғапты шешіп, ережеге сәйкес тастаңыз Қолыңызды сабынмен жуыңыз. Медициналық құжатқа тіркеңіз. 3.1.29. Стандарт «Толғақ ұзақтығын анықтау» Мақсат: Босану белсенділігінің сипатын анықтау. Ресурс: секундомер, босану тарихы. Іс-әрекет алгоритмі. 1. Әйелге зерттеу қажеттігін айтыңыз. Босанушы әйелдің оң жағына бетпе-бет қарап отырыңыз. Алдын-ала қолыңызды жылытып, ішіне қойыңыз. 4. Секунд бойынша толғақ ұзақтығын анықтаңыз (жатырдың тонуста болу ұзақтығы), әйелдің жағдайын бағалаңыз, толғақтың аяқталған уақытын анықтаңыз. 5. Толғақ аралық ұзақтықты анықтаңыз. 6. Толғақ ұзақтығына, жиілігіне, күшіне, ауырсыну сезіміне сспаттама беріңіз. 10 имнут ішінде болған жиіоігін жазыңыз. 7. Алынған мәліметтерді босану тарихына партограмамға тіркеу. 3.1.30. Стандарт «Партограмма» «Физиологиялық босану хататмасына қосымша. ҚР ДСМ 07.04.2010 ж.». Физиологиялық босануды бақылап тіркейтін құжат деп есептеледі. Толтыру ережесі. Әйел туралы мәлімет: Ф.И.О., жүктілік жіне босану саны, босану тарихының нөмірі, босану бөліміне түсен дата және уақыты, қағанақ суының кеткен уақыты. Нәрестенің жүрек соғысының жиілігі: әр 30 минутта тіркеледі (тыңдалады ірбір 15 минутта) – нүктемен белгіленеді-. Қағанақ суы: әр ұынаптық тесреуде қағанақ суына мән беріледі. I – қағанақ қабы бүтін; С – қағанақ суы түссіз, таза; М – су меконий аралас; В – суда қан аралас; А – судың болмауы Нәресте басының конфигурациясы: 0 – конфигурация жоқ; + - жіктер оңай ажыратылады; ++ - жіктер бірінің бірі шығуы; +•++ - жіктердің бірінің үстіне шығуы және қайта ажырамауы; Жатыр мойнының ашылуы: әр қынаптық тексеруде бағаланады ж (х) әрпімен белгіленеді.. Бақылау линиясы: линия жатыр мойны 3 см-ге ашылған сәттен бастап толық ашылғанға дейін бақыланады. Іс-әрекет линиясы: бақылау линиясымен қатар басталады бірақ 4 сағат солға кетеді. Бала басының түсуі: бала басының түсуін алдымен сыртқы құрсақ бөлімі арқылығ кейін қынаптық тексеруде анықталады: 5/5 – бала қасаға сүйектен 5 көлденең саусақ биік тұр-жамбас кіреберісінде; 4/5 - бала қасаға сүйектен 4 көлденең саусақ биік тұр – жамбасқа бекіді; 3/5 - бала қасаға сүйектен 3 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басы пальпацияланады. 2/5 - бала қасаға сүйектен 2 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басының кіші бөліктері анықталады. 1/5 – бала басы кіші жамбас астауында. Уақыт: Линиядан сол жакта белгіленеді. Әрбір 30 минут сайын тіркеліп жазылып отырады.Мысалы 13.00 немесе 13.30. 9. Жатыр жиырылуы: жатыр мойнының ашылуымен қатар нәрестенің төмен түсуі босану белсенділігінің көрстекіші болып табылады. Әрбір торша бұл кезекті жиырылу деп есептеледі. Торшалардың әртүрлі боялуы бұл толғақ қарқындылығын көрсетеді. Партограммада келесі бояуларды қолданады: - нүктелер – әлсіз толғақ ұзақтығы 20 секунд; - қиғаш сызықтар – орташа толғақ ұзақтығы 20-40 секунд; b - толық боялған – күшті толғақ ұзақтығы 40 секунд. Окситоцин: тағайындалғанда оның көлемі, концентрациясы, 1 минутта енгізілген дозасы жазылады. Дәрілер тағайындау: қосымша берілген кез-келген дәрі тіркеледі. Пульс: әрбір 30 минут сайын нүктемен белгіленеді -. Артериалды қысым: әрбір 4 сағат сайын тіркеледі. Температура: Әрбір 4 сағат сайын. Протеин (белок), ацетон және зәр көлемі: әрбір кіші дәретте тіркеледі. 3.1.31. Стандарт «Вастен белгісін анықтау» Зерттеу мақсаты: жамбас өлшемдеріне нәресте басының клиникалық сәйкес келмеуін диагностикалау Іс-әрекет алгоритмі. Әйелге зерттеу қажеттігін айтыңыз. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз Бір жақ қырында тұрып, алақанынызды әйелдің қасаға сүйегінің үстіне қойыңыз, ары қарай қолыңызды жылжыта отырып, нәрестенің келіп бөлігін анықтаңыз. Егер қасаға сүйектің үстінен томпайған бөлік анықталса, ол нәресте басы және жамбас өлшемдеріне сәйкес келмей тұр дегенді білдіреді, себебі кіші жамбас астауына түспеген. Бұл Вастен белгісінің оң деген мағынасын білдіреді. Егер алақан қырымен нәресте басы қасаға сүйектің ішіне таман орналасса онда ол Вастен белгісі теріс деген мағына береді, себебі нәресте басы жамбас өлшемдері сәйкес және нәресте кіші жамбас астауына түсіп келе жатыр деген мағына білдіреді. Егер алақан қыры мен нәресте басы қасаға сүйегінде бір деңгейде тұрса, бұл Вастен белгісінің күмәнді екенін білдіреді. Бұл нәресте басы мен жамбас өлшемдері арасында шамалы сәйкессіздік бар деген мағына береді және еггер босану белменділігі жақсы болса әйел өзі босануы да мүмкін. 3.132. Стандарт «Цангеймейстер белгісін анықтау» Зерттеу мақсаты: Клиникалық тар жамбасты диагностикалау. Ресурс: тазомер Іс-әрекет алгоритмі. Әйелдің жамбасының сыртқы конъюгатасын өлшеп, шыққан санды белгілеп алыңыз. Сегізкөзде тұрған тазомер түймесін қозғамай, екінші түймені нәрестенің төмен келіп тұрған ең шығыңқы бөлігіне қойыңыз. Шыққан санды белгілеп, сыртқы конъюгата өлшемімен салыстырыңыз. Егер соңғы шыққан сан сыртқы конъюгата өлшемінен аз болса болжам жақсы, егер көп болса болжам нашар. Егер бірдей болса болжам анық емес. Бұл кезде босану ағымы және аяқталуы босану белсенділігіне байланысты. 3.1.33. Стандарт «Амниотомия» Көрсеткіштер: босануды ынталандыру, көпсулық, плацентаның жартылай жатуы, артериялық гипертензия. Ресурс: оқ тәрізді қысқыш браншасы, бір реттік қолғаптар. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қынаптық тесеру жүргізіп, жатыр мойнының ашылуын бағалаңыз. Келіп нәресте бөлігін анықтаңыз. 2. Оқ тәрізді қысқыш браншасын қынапқа саусақ бойымен баяу енгізіңіз. З. Толғақ максимальді болған кезде қағанақ қапшығын жарыңыз. 4. пайда болған саңылауға сұқ және ортаңғы саусақты енгізіп, саңылауды кеңейтіңіз. Ұрық айналасындағы су баяу шығуы тиіс. 5.Шыққан судың көлемі мен сипатына мән беріңіз. 3.1.34. Стандарт «Босану белсенділігін көктамыр ішіне окситоцин енгізу арқылы ынталандыру» Мақсат: Босану белсенділігінің әлсіздігін емдеу. Ресурс: 5% глюкоза ерітіндісі 500,0 мл; 1,0 мл окситоцин; бір реттік шприц 2 мл; бір реттік система; спирт 70%; корцанг, стерильді мақталық шариктер; стерильные перчатка. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Босандыруды ынталандыру алдында амниотомия жасаңыз.(Стандарт «Амниотомия») 2. 1,0мл (5 ЕД) окситоцинді 500,0 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосыңыз, системаны толтырып, қосыңыз. 3.Окситоцинді минутына 8 тамшы болатындай енгізіңіз. 4. Босану белсенділігін бақылаңыз. 5. Қажет болған жағдайда окситоцин енгізу жылдамдығын имнутына 40 тамшыға дейін көбейтуге болады. (40 тамшыдан көп емес!). Стандарт «Акушердің босануды қабылдауға дайындалуы» Мақсат: асқынулардың алдын-алу, асептика және антисептика ережелерін сақтау. Ресурс: 2-3 жылы пеленка, чепчик, носки, босануды қабылдауға арналған бір реттік стерильді заттар, стерильді қолғап, сұйық сабын, бір реттік сүлгі, көзге тамызатын 1% эритромициндік мазь, 10 ЕД окситоцин шприцте. Нәрестеге арналған бір реттік біріншілік жабдықтар: 2 зажим, 1 қайшы, 10 дәкелік шариктер. Нәрестеге арналған бір реттік екіншілік жабдықтар: қайшы, сантиметрлік лента, кіндік қалдығына арналған қысқыш (скоба). Жатыр мойнын қарауға арналған жабдықтар (көрсеткіштер бойынша қолдану): екі жармалы айналар, ине ұстағыш, 2 корнцанг, пинцет, дәкелік шариктер. Іс-әрекет алгоритмі. Өңделген фартук киіңіз Қолыңызды өңдеңіз механикалық жолмен. Қолыңызды стерильді сүлгімен құрғатыңыз. Бір реттік халат пен перчатка киіңіз. Әйелге бір реттік халат пен бахилла кигізіңіз. Стерильді пакеттен босануды қабылдауға арналған заттарды алып шығыңыз. Кіндікбауды қысқанға қысқыштар және кесуге қайшы дайындаңыз. Босануды қабылдауға бәрі дайын. 3.1.36. Стандарт «Эпизеотомия, перинеотомия» Көрсеткіш: нәресте өмірін сақтау мақсатында босандыруды жеделдету.Аралықтың қауыпты жыртылу қаупі. Ресурс: корнцанг, қайшы, пинцет хирургиялық, ине ұстағыш, инелер, тігу материалдары (кетгут, жібек), дәкелік және мақталық шариктер, антисептик. Іс-әрекет алгоритмі. 1 .Аралық терсіні антисептикпен өңдеу. 2.Инструменттерді даярлау. 3.баланың келіп тұоған бөлігі мен қынап қабырғасын саусақпен пальпациялаудың бақылауымен қайшыны енгізіңіз, келесі толғақта аралық максимальді созылғанда кесіңіз және кесілген жер арқылы баланың шығуы жеңілгендігін анықтаңыз. 4.Перинеотомия бұл кесуді орталық сызық бойымен анусқа дейін 2-3 см жасалады. . 5.Эпизеотомия бұл кесуді 2-3 см отырықшы төмпешікке қарай жасалуын айтамыз. Кескін ұзындықтары 2 см. 6.Босанғаннан кейін тігістер салу керек. 3.1.37. Стандарт «Босандырудың 3 кезеңін белсенді жүргізу» Мақсат: Босанудан кейінгі қан кету қаупін азайту. (Босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу қан кету қаупін 2-2,5 есе төмендетеді). Ресурс: Босану залының жабдықталуы; 10 ЕД окситоцин в шприцте, нәрестені біріншілік өңдеуге арналған заттар. Іс-әрекет алгоритмі. Бала туылған соң жатырды пальпациялаңыз. Себебі егіз жүктілікті жоққа шығару керек және 1 минутта 10 ЕД окситоцинді б/е ішіне енгізңіз. Кіндікбпуды тарту арқылы бала жолдасын шығаруды бастаңыз. Кіндікбауды аралыққа жақын етіп Кохер қысқышымен қысыңыз. Екінші қолыңызды әйелдің қасағасының үстіне қойыңыз және жатырды артқа қарай пальпациялаңыз, бұл жатырдың айналып кету қаупін төмендетеді. Кіндікбауды аздап тартып, жатырдың қатты жиырылуын күтіңіз (әдетте 2-3 имнут). Жатыр жиырылуын байқаған соң кіндікбау аздап шығып ұзарады, осы кезде Кохер қысқыштарының орнын ауыстырып, аралыққа жақын жерге қайталап қысып бекітіңіз. Егер бала жолдасы бірінші иырылуда шықпаса, кіндікбауды тартуды аздап тоқтатыңыз. Кіндікбауды ұстап тұрып, келесі жиырылуды күтіңіз. Жатыр кезекті жиырылғанда кіндікбауды тартып тұрып, жатырды қарам-қарсы жаққа пальпациялаңыз. Кіндікбауды жатырды ұстап тұрмай тартуға болмайды. Бала жолдасы туылған соң оны екі қолмен ұстаңыз. Бала жолдасын мұқият қарап-тексеріңіз. Оның бүтіндігіне мән беріңіз. 3.Бала жолдасы туылған соң жатыр тонусын бағалаңыз. Жатырды сыртқы құрсақ бөлңмң арқылы пальпациялаңыз. Жатыр тонусын әр 15 минут сайын алғашқы сағатта, одан кейін әр 30 минут сайын қадағалап отырыңыз. 3.1.38. Стандарт «Бала жолдасының бөліну белгілері» Мақсат: Босанудың3 кезеңін физиологиялық жүргізген жағдайда бала жолдасының жатыр қабырғаларынан ажырауын анықтау. Ресурс: Босану залының жабдықталуы. Іс-әрекет алгоритмі. . Шредер белгісін анықтау. Бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажраған соң жатыр кіндіктен жоғары көтеріліп, оң жаққа қисаяды. Ал төменгі жақта бөлінген бала жолдасы болған соң жатыр пішіні құмсағат тәоіздес болады. |