|
Математика қмж. Ii тосан. Орта таырыптар Мені отбасым жне достарым, Бізді оршаан лем. 33саба
II ТОҚСАН. Ортақ тақырыптар: «Менің отбасым және достарым», «Бізді қоршаған әлем».
33-сабақ. Бөлімі:
| 2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту
|
| Педагогтің аты-жөні:
|
|
| Күні:
|
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Қосудың ауыстырымдылық қасиеті / Достарыммен бірге спортпен шұғылданамын
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
|
| Сабақтың мақсаты:
| Қосудың ауыстырымдылық қасиетімен танысасың.
|
| Сабақтың барысы: Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Қызығушылықты ояту
0-3
| Ынталандыру
Мұғалім оқушылармен спортпен шұғылданудың пайдасы туралы әңгіме жүргізеді?
|
|
| Оқулық.
| 4-6
| Өзектендіру.
«Доп лақтыру» ойыны.
5+3 2+2 4+3
8 – 6 5+5 7 – 2
|
Оқушылар ауызша сандарды қосуды, азайтуды орындайды.
|
| «Доп лақтыру» ойыны.
| 7-10
| Мақсат қою (мәселелік жағдаят).
Мұғалім тақтаға үш сары текше мен екі қызыл текше жапсырады.

Оқушыларға сұрақтар қояды:
Сары текше нешеу? (3)
Қызыл текше нешеу? (2)
Барлығы неше текше? (5)
3+2=5
Текшелердің орындарын ауыстырып қояды.

Қызыл текше нешеу? (2)
Сары текше нешеу? (3)
Барлығы неше текше? (5)
2+3=5
Екі санның орындарын ауыстырып қоссақ та, қосындының мәні бірдей болғанын көрдік.
Бұл қасиет қалай аталады?
Ережесін тұжырымдай аласың ба?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Мәселелік жағдаятты түсінеді.
| Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.
|
Текшелер.
| Мағынаны тану
10-15
| Жаңаны ашу.
Оқулықтағы №1тапсырманы орындау ұсынылады. Суреттерді салыстыр. Сен не байқадың?
Бірінші суретте кі ұл мен бір қыз бала тұр.
Барлығы неше бала?
2+1=3
Екінші суретте бір қыз бен екі ұл бала тұр.
Барлығы неше бала?
1+2=3
Ереже оқылады.
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
2+1=1+2
 Бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті деп аталады.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін үйренеді.
|
| Оқулық, дәптер.
| 15-20
| Жаңаны қолдану
Оқулықтағы №2тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Суретте және сан кесіндісінде қосудың қалай орындалғанына қарап, айтып бер.Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің орындалатынын тексереді.
|
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады.
4+2=6

2+4=6

4+2=2+4
| Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.
| Оқулық, дәптер.
| 20-25
| Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру
Оқулықтағы №3 тапсырманы оқушылар өзбетімен орындайды. Оқушылар үлгіге қарап, сурет бойынша өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастырады.
4+3=7 2+6=8
3+4=7 6+2=8
7 – 4=3 8 – 2=6
7 – 3=4 8 – 6=2
«Сәйкестендір» әдісі. Оқулықтағы №4тапсырманы орындау ұсынылады. Суретке қай қосынды сәйкес келеді?
Бірінші суретке сәйкес келетін қосындылар:
3+4=7
4+3=7
Екінші суретке сәйкес келетін қосындылар:
3+5=8
5+3=8
| Сурет бойынша өзара байланысты мысалдар төрттігін құрастырады.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің орындалатынына көз жеткізеді.
| Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
| Оқулық, дәптер. «Сәйкес-тендір» әдісі.
| 25-32
| Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.
Дәптердегі №1 тапсырманы орындауды ұсынуға болады.
Сурет бойынша мысалдар төрттігін
құрастыр. Мұғалім қосуға кері амал азайту амалын қолданып, бос орындардағы сандарды анықтауды ұсынады.

| Оқушылар сурет бойынша мысалдар төрттігін
құрастырады.
4+5=9 4+3=7
5+4=9 3+4=7
9-4=5 7-4=3
9-5=4 7-3=4
| Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.
| Баспа негіздегі жұмыс дәптері
| Рефлексия
32-35
| «Бес саусақ» әдісі. Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.
«Бас бармақ» – басты мәселе.
Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» – бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» – ойлану.
Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» – шынайылық.
Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек» – көңіл күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
| Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді.
Осыдан соң олар сабақ туралы сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.
|
| «Бес саусақ» әдісі.
| ________________________________________________(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
34-сабақ. Бөлімі:
| 2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту
|
| Педагогтің аты-жөні:
|
|
| Күні:
|
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| 2 санын қосу және азайту / Ең жақын досым
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу, қолдану;
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
|
| Сабақтың мақсаты:
| 2 санын қосуды және азайтуды орындап үйренесің.
|
| Сабақтың барысы: Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Қызығушылықты ояту
0-3
| Ынталандыру
Мұғалім оқушылармен достық туралы әңгіме жүргізеді.
|
|
|
| 4-6
| Өзектендіру.
«Ыстық орындық» әдісі. Оқушылар сұрақ құрастырып, орындыққа отырған оқушыға қояды.
–2 санының құрамын ата.
–2 санының құрамын жаз.
1+1=2
Қосу амалының компоненттерін ата, т.с.с.
|
Оқушылар санның құрамын айтады.
Сұрақтар қарастырады.
|
| «Ыстық орындық» әдісі.
| 7-10
| Мақсат қою (мәселелік жағдаят).
Бүгін біз 2 санына қосу мен азайту кестесін үйренеміз.
|
Мәселелік жағдаятты түсінеді.
|
|
| Мағынаны тану
10-15
| Жаңаны ашу.
Оқулықтағы №1тапсырма орындау ұсынылады.
2 санын қосу мен азайтуды есіңе түсір.
Кестенің қалай құрылғанына назар аудар.

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, 2 саны мен 2 санына қосу жағдайларын қарастырамыз. Сонымен қатар қосуға кері амал ретінде саннан 2 санын азайтудың кестелік жағдайларын қарастырамыз.
Есептеуді орындайды.
Есіңде сақта.

| 2 санын қалай қосуға,
азайтуғаболатынын есіне түсіреді.
2 саны мен 2 санына қосудың кестелік жағдайларын есінде сақтайды.
|
| Оқулық, дәптер.
| 15-20
| Жаңаны қолдану
Оқулықтағы №2тапсырманы өзбетімен орындау ұсынылады. Сандардың құрамын айт.
6 санының құрамы 2мен қандай сан?(4)
7 санының құрамы 2мен қандай сан? (5)
8 санының құрамы 2мен қандай сан? (6)
Өзің азайтуға мысалдар құрастыр.
6 – 2=4 7 – 2=5 8 – 2=6
6 – 4=2 7 – 5=2 8 – 6=2
|
Сандардың құрамын айтады. Азайтуға мысалдар құрастырады.
| Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.
| Оқулық, дәптер.
| 20-25
| Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру
«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. Оқулықтағы
№3 тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.


Үлгіні пайдаланып, қалған мысалдарды есепте. Сандық кесіндіні қолдан. Досыңнан тексеруін сұра.
| Үлгіні пайдаланып, мысалдарды есептейді. Сандық кесіндіні қолданады.
8 – 2=6
8 – 1 – 1=6
9 – 2=7
9 – 1 – 1=7
4+ 2 =6
4+1+1=6
| Оқушылардың жұмысы смайлберу арқылы бағаланады.
| Оқулық, дәптер.
«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.
| 25-32
| Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.
Оқулықтағы №4 тапсырманы өзбетімен орындау ұсынылады. Кесінділерді өлшейді.
Әлия өлшенген кесіндінің ұзындығын 2-ге арттырады. Сырым өлшенген кесіндінің ұзындығын 2-ге кемітеді.
| Кесінділерді өлшейді. Өлшенген кесіндінің ұзындығын 2-ге арттырады,
2-ге кемітеді.
|
| Оқулық, дәптер.
| Рефлексия
32-35
| «Тазалық» ойыны.
Жол сөмкесі – бүгінгі сабақ маған ұнады, маған қажет.
Еттартқыш – бүгінгі сабақты әлі де жетілдіруім керек, көп нәрсені түсінбедім.
Қоқыс жәшігі – бүгінгі сабақ маған ұнамады, қажет емес.
| Оқушылар тақтадағы суреттерге стикерлерін жабыстырады. Онда мына суреттер салынған:
|
| «Тазалық» ойыны.
| ________________________________________________(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар
35-сабақ. Бөлімі:
| 2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту
|
| Педагогтің аты-жөні:
|
|
| Күні:
|
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| 3 санын қосу және азайту / Менің ата-анам
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу, қолдану;
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
|
| Сабақтың мақсаты:
| 3 санын қосуды және азайтуды орындап үйренесің.
|
| |
|
|