Главная страница
Навигация по странице:

  • Ресурстар Қызығушылықты ояту 0-3 Ынталандыру

  • Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

  • «Шапалақтау» әдісі

  • Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

  • «Миға шабуыл» стратегиясы.

  • «Миға шабуыл» стратегия сы. 25-32 Дәптермен жұмыс

  • Рефлексия 32-35 «Бағдаршам» әдісі.

  • Ондықтарды қосу және азайту / Анама көмектесемін

  • Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

  • Мағынаны тану 10-15 Жаңаны ашу.

  • Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.

  • 2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

  • Ондықтарды қосу және азайту. / Анама көмектесемін

  • Математика қмж. Ii тосан. Орта таырыптар Мені отбасым жне достарым, Бізді оршаан лем. 33саба


    Скачать 170.85 Kb.
    НазваниеIi тосан. Орта таырыптар Мені отбасым жне достарым, Бізді оршаан лем. 33саба
    Дата08.01.2023
    Размер170.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМатематика қмж.docx
    ТипДокументы
    #876462
    страница7 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

    Сабақтың барысы:

    Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Қызығушылықты ояту

    0-3

    Ынталандыру

    Мұғалім «Достармен ойнау» тақырыбында диалогке тартады.

    Қандай ойындарды бірге ойнағанды ұнатасыңдар?

    Оқушылар өздері ойнағанды ұнататын ойын түрлері туралы әңгімелейді.







    4-6

    Өзектендіру.

    1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен ата.

    1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері ретпен атайды.







    7-10

    Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

    Мұғалім оқулықты ашып, 1-тапсырманың суретіне қарауды ұсынады.

    Ойыншықтар салынған неше жинақ бар? (4)

    Әр жинақтанеше ойыншық бар? (10)

    Мұғалім ондықтармен санауды ұсынады. Оқушылардың барлығы бірдей бұлай санай алмайтыны белгілі болады.

    Сұрақтарға жауап береді. Мәселелік жағдаятты түсінеді.

    Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады

    Оқулық, дәптер.


    Мағынаны тану

    10-15

    Жаңаны ашу.

    Бүгін біз санаудың жаңа бірлігімен танысамыз.

    Ондық– бұл санаудың ірірек бірлігі.

    10=1 ондық



    Ондықтармен сана.

    Ондықтармен санауды үйренеді.




    Оқулық, дәптер.


    15-20

    Жаңаны қолдану

    Оқулықтағы 2-тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.

    Ойыншықтардың әртүрінен қанша ондықтан барын сана? (1, 8, 4)

    Әртүрінен қанша ойыншық бар? (1 ондық, яғни 10, 8 ондық, яғни 80; 4 ондық, яғни 40)

    Сандарды салыстырайық.

    Ойыншықтарды санайды.

    Сандарды салыстырады.

    80>40

    80>10

    40>10

    «Фигуралар» әдісі бойынша бағаланады.


    Оқулық, дәптер.


    20-25

    Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

    Оқулықтағы №3 тапсырманы орындайды. Жарысқа қатысушылардың нөмірін тура және кері ретпен атайды.

    Қандай сандар жетіспейді? (20, 50, 70)

    Жазылу үлгісіне қарап, дәптеріне сандарды өсу ретімен жазады.

    «Миға шабуыл» стратегиясы.

    Оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды. Бос орынға қандай сан және таңбаны қою керек?

    Сан сәулесін пайдаланып салыстыруды орындайды.



    50-ден кіші толық ондықтарды ата? (10, 20, 30, 40)

    Осы сандардың кез келгенін қойып, теңсіздік құруға болады.

    Жарысқа қатысушылардың нөмірін тура және кері ретпен атайды.

    Сан сәулесін пайдаланып салыстыруды орындайды.10<50 20<50 т.с.с.

    Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

    Оқулық, дәптер.

    «Миға шабуыл» стратегия

    сы.

    25-32

    Дәптермен жұмыс

    Дәптердегі №1 тапсырманы орындауды ұсынады.

    Толық ондықтарға біріктіріп, сана.



    Дәптердегі №2 тапсырманы орындауды ұсынады.

    Ондықтарды өсу және кему ретімен атап,
оларды жазады.

    Тапсырманы өзбетімен орындайды.

    Суретте 40 жасыл үшбұрыш бар.

    Суретте 40 қызғылт сары үшбұрыш бар.

    Суретте барлығы 80 үшбұрыш бар

    Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

    Баспа негіздегі жұмыс дәптері

    Рефлексия

    32-35

    «Бағдаршам» әдісі.

    Қызыл түс - сабақта көп нәрсені түсінбедім, сабақтағы мәліметтер саған керек емес, сабақта белсенді бола алмадым, жауап берген жоқпын.

    Сары түс – сабақ қызықты болды, белсенді болдым, сабақта пайдалы мәліметтер алдым, орнымнан жауап бердім, бірнеше тапсырманы өзім орындадым, сабақта мен өзімді жақсы сезінемін.

    Жасыл түс – сабақта белсенді болдым, сабақта көп пайдалы мәліметтер алдым, көп жұмыс жасадым, өзіме тиісті баға алдым, маған бәрі түсінікті болды.

    Сабақ аяқталған соң балалар бағдаршамға сары, қызыл, жасыл түсті стикерлерін жабыстырады.





    «Бағдаршам» әдісі.

    ________________________________________________(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

    46-сабақ.

    Бөлімі:

    2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту




    Педагогтің аты-жөні:







    Күні:







    Сыныбы:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ондықтарды қосу және азайту / Анама көмектесемін




    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау;




    Сабақтың мақсаты:

    Ондықтармен есептеуді орындап үйренесің.




    Сабақтың барысы:

    Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Қызығушылықты ояту

    0-3

    Ынталандыру

    Мұғалім диалогке шақырады.

    «Анама көмектесемін» тақырыбы талқыланады. Оқушылардың анасына көмектескені бейнеленген бірнеше фотосуреттерді көрсетуге болады.










    4-6

    Өзектендіру.

    10-нан 100-ге дейінгі сандарды санамақпен қайталауға болады. Тура және кері санау жүргізіледі.

    Қосу және азайту кестелері ілінеді.

    «Жылдам есепте» ойыны өткізіледі.

    Мұғалім мысалды айтады, оқушылар жауабын көрсетеді.

    Ондықтардың жасалуы және ондықтармен санау, қарындашпен орындалады.

    10-нан 100-ге дейінгі сандарды ондықтармен санайды.




    «Жылдам есепте» ойыны.

    Парақтар мен екі түсті маркерлер

    7-10

    Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

    Оқулықтағы 1-тапсырма орындау ұсынылады. Ұлы мен қызы анасына көмектесуде. Тұшпараны сана. Балалар тұшпараны нешеден тізді? (10)

    Сырым тұшпараның неше ондығын дайындады?(3)Әлия тұшпараның неше ондығын дайындады? (2)Балалар тұшпараның нешеондығын дайындады?

    Бұрын мұндай есептеулер жүргізіп пе едіңдер? (Жоқ.) Мұғалім оқушыларға қосу кестесін пайдалана отырып 30 бен 20-ны қалай қосатынын түсіндіруді ұсынады. Содан соң азайту кестесін пайдалана отырып 50–20 қалай азайтатынын түсіндіруді сұрайды. Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.


    Сұрақтарға жауап береді. Мәселелік жағдаятты түсінеді.




    Оқулық, дәптер.

    Парақтар мен екі түсті маркерлер

    Мағынаны тану

    10-15

    Жаңаны ашу.

    Оқушылар өз түсіндіру нұсқаларын көрсеткеннен кейін, мұғалім кімнің жауабы дәлірек болғанын оқулықпен салыстыруды ұсынады.

    30+20=50

    3онд.+2онд.=5онд.

    50–20=□

    5онд.–3онд.=□онд.

    50–30=□

    5 онд. – 3 онд. = онд.

    

    Оқушылар қосу және азайту жағдайларын қарастырғаннан кейін, алгоритм жасап, іліп қоюға болады.

    Ондықтарды қосуды және азайтуды үйренеді.


    Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

    Оқулық, дәптер.

    15-20

    Жаңаны қолдану

    Оқулықтағы №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындайды.

    7+2=9 7 бірлік + 2 бірлік = 9 бірлік

    70+20=90 7 ондық + 2 ондық = 9 ондық

    5 – 2=3 5 бірлік – 2 бірлік =3 бірлік

    50 – 20=30 5 ондық - 2 ондық =3 ондық

    Біртаңбалы сандар мен ондықтарды қосуды және азайтуды орындайды.

    3+2=5

    30+20=50

    6-4=2

    60-40=20

    Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.

    Оқулық, дәптер.

    20-25

    Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

    Оқулықтағы №3 тапсырма бойынша жасалатын өзіндік жұмыста материалдың қаншалықты меңгерілгендігін тексеруге болады. Онда ондықтарды қосып және азайтып қана қоймай, сонымен бірге әрекеттің байланысын да ұмытпау керек. Егер кейбір оқушылардың деңгейі әлі де жеткілікті дәрежеде болмаса, оларға мәнді таңдайтын немесе тапсырманы жеңілдетіп, ондықтарды қосу және азайтудың қарапайым жағдайларын беріңіз.


    Тапсырманы өз бетімен орындайды.

    10+80=90

    40+30=70

    70-20=50

    90-40=50


    “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау

    Оқулық, дәптер.

    25-32

    Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.

    Оқулықтағы зерттеушілік №4 тапсырманы орындауға ұсынады. Мұғалім оқушыларға әр қатар мен бағанда фигуралардың орналасу заңдылығын анықтай отырып, бос шаршыға тиісті фигураны анықтайды (5-ші фигура).

    Оқулықтағы №5 тапсырма. Сандардың құрамын айтады.

    Қосуға және азайтуға екі мысалдан құрастырады.

    Қосуға және азайтуға екі мысалдан құрастырады.

    8+2=10 10-2=8

    5+5=10 10-5=5

    5+4=9 9-4=5

    6+3=9 9-6=3




    Оқулық, дәптер.

    Рефлексия

    32-35

    Сынып бөлмесінің әр жеріне «иә», «жоқ», «білмеймін» деген сөздер жазылған парақтар ілінеді. Ойынның шарты бойынша сұрақ қою керек, оқушылар дұрыс жазылған парақтың қасына жүгіріп жиналады. Оқушының әрекетіне қарап, олардың тапсырманы қандай деңгейде меңгергенін бақылап білемін.







    «Иә», «Жоқ»», «Білмеймін» сөздері жазылған парақшалар

    __________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

    47-сабақ.

    Бөлімі:

    2А 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту




    Педагогтің аты-жөні:







    Күні:







    Сыныбы:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ондықтарды қосу және азайту. / Анама көмектесемін




    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау;




    Сабақтың мақсаты:

    Ондықтарды қосуды және азайту орындайсың



    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


    написать администратору сайта