Мұғалім: Мерзімі: Сынып: Сабақ №:23
| Сабақ тақырыбы
| Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
| экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын
түсіндіру
| Сабақ мақсаттары
| Оқушы:
Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау; Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату
| Бағалау критерийлері
| Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын көрсетеді; Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын
анықтайды.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады:
Қоректік тізбектер құрастырып, тізбектегі ағзалар арасындағы байланысты сипаттай алады
Пәнге тән лексика мен терминология:
Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар, энергия, 10%,пирамида
Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Түзушілер: ..., …, ... және т.б.
..., …, ... тұтынушылар болып табылады, ал ..., …, ... ыдыратушылар.
Экологиялық пирамидада әр бір келесі деңгейге ... беріледі, себебі... .
| Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.
Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.
Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.
Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады.
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.
| Пәнаралық байланыстар
| Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады.
| Бастапқы білім
| Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық
факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады.
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы 0-5
| 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топта бидайтұқымы,тышқан,түлкірөліне бөлінеді. Әр топ «Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы білудің маңызы неде?» сұрағына жауап береді, өткен сабақтағы оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.
| Қосымша 1
|
5-10
| 2. Ой шақыру.
Оқушылар «Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар?» сұрағын талқылайды.
|
|
| Дескрипторлар Оқушы
Қоректік тізбектегі трофикалық деңгейлердің санының энергия мөлшеріне әсерін сипаттайды.
|
|
| 3.Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
|
| Сабақтың ортасы 10-15
| 4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.
| Қосымша 2
|
|
| Қосымша 3
|
15 - 30
| 5. Топтық жұмыс. «Қоректік тізбек» ойыны. Оқушылар топта бидай тұқымы, тышқан, түлкі рөліне бөлінеді. Оқушылар бұл ойында түлкілер тек тышқандарды жейтіндігі, тышқандар- бидай тұқымын жейтіндігін түсіндіреді.
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс беріп, қоректік тізбекте энергияның бір деңгейден келесі деңгейге өтетіндігін, энергияның берілу заңдылықтары немесе «10% ереже», бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге 10% артық энергия өтпейді, 90% энергия ағзаның өз қажеттігіне жұмсалатындығын талдайды.
Ойын нәтижесінде қоларындағы қалған «қорек» мөлшерлерін санау арқылы экологиялық пирамида құрастырады.
|
|
|
| Дескрипторлар Оқушы
|
|
|
| Қоректік тізбектегі энергияның берілу заңдылықтарын сипаттайды;
Бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге артық энергия өтпей өз қажеттігіне жұмсалатындығын анықтайды.
Экологиялық пирамидада деңгейлерінде энергия мен заттардың ауысуын көрсетеді.
|
|
30-38
|
6. Сабақты бекіту.
10% ережені ескере отырып 5 кг бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есепте. (қоректік тізбек: шөп – қоян– бүркіт). Әрбір трофикалық деңгейде әрқашан алдыңғы деңгейдегі өкілдерді ғана жейтінін шартты түрде қабылда.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 4
|
| Дескрипторлар Оқушы
|
| Әрбір трофикалық деңгейге қажетті қорек мөлшерін анықтайды;
Бір бүркіт өсу үшін қанша шөп керектігін есептейді.
| Сабақтың соңы: 38-40
| 8. Рефлексия
Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.
Кері байланыс «Табыс баспалдағы».
- баспалдақ Мен БІЛЕМІН. - баспалдақ Мен ТҮСІНБЕДІМ. - баспалдақ Мен ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Мен ТҮСІНБЕДІМ» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.
| Қосымша 5
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады
Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.
Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.
Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.
Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен
жұмыс ұсынуға болады
| Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы
Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай
тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;
Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;
Дескрипторлар арқылы.
| Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
| |