Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
4.Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекстіне тәуелділігі: классикалы, классикалы емес және постклассикалық емес ғылымына баға беріңіз. Классикалық ғылым - өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқан тарихи-мəдени ареалдағы үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми интеллектің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде теорияландырудың /мəселені қою тəсілдері, зерттеу тəсілдері, пəндік аймақтарын сипаттау, нəтижелерді дəлелдеу түрлері, нəтижелерді ұсыну, мазмұндау, бекіту түрлері/ типикалық ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдылық, абсолютизм, қияли реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм, аналитизм, механицизм, кумулятивизм. Неклассикалық /классикалық емес/ ғылым – классикалық емес кезеңнін идеялық негіздері – 20 ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар: жаңашылдық, ревизия, дəстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, символдылық, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сəйкес емес белгілірге толы дəстүрлі емес интеллектуалды перспектива қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық. Неонеклассикалық ғылым – əлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткен жəне класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім-бейнеге қарағанда, «біз басында» тұрған неонеклассика білім инструмент ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату перспективасын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализімнен креативизімге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың еңгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм – айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - əлемнің антропоморфтық анықтамасын, əлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық – қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын құндылық-мақсаттылық түрде іске-асырудың болмыс-ұйытындысы. Классикалықпен қабылданған өзіндік əр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына əкелген бəріне ортақ өзгерістер: ғылымның пəндік аймағында /неэвклид геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттік-релятивистік құрылыстар т.б./, оның бүкіл методологиялары /Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нəтижелері/. Орта ғасыр ғылымы – орта ғасыр ойлаудың өзгеше сипаттары: схоластикалық теорияландыру, герметизм, символизм, иерархизм, авторитаризм, консерватизм, традиционализм, ретроспективтілік, дидактизм, талмудизм, телеологизм, универсализм, маңыраю, квалитатизм, мистицизм, эссенциализм, фундаментализм - түбінде білімнің жоғары гносеологиялық құндылығына мүмкіндік бермейді. Кондорсе айытқандай, Орта ғасырда «бір принциптің мəнін зерттеу емес, соны негіздейтін мəтіндерді талдау, пайымдау, жоққа шығару əлде растау. Ереже айқын ақиқат болған сон қабылданылмайды, бір кітапта əлде бір елде бір ғасырда қабылданған сон. Сөйтіп, адам авторитеті ақыл авторитетінен үстемді болды. Табиғатқа қарағанда кітаптар зерттелген, ежелгі данышпандардың ақылы Ғарыш құбылыстарымен салылыстырғанда үстемді болған». 5.Қазақстандағы әлеуметтік методология мен әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасын дәлелдеңіз. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (Ғ.ф.м.м.қ.м) – халықараралық ауқымда танылған отандық философия зерттеу бағыты. Бұл философия мектеп өкілдерінің (Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.С.Орынбеков, М.Сәбитов, т.б.) еңбектерінде диалектика ойлаудың қарама-қарсылықтық, нақтылық, тарихилық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, т.б. принциптері түбегейлі зерттелді.Олар ғылымда кез келген қозғалыс пен дамудың қайнар бастауы әрі тіршілік ету шарты – диалектика. Қарама-қарсылықтарға сүйенетін ғылыми ойлаудың жасампаздық әдебін қалыптастыру идеясын негіздеді. Бұған қоса тұтастықты өздігінен қозғалу және қажетті ішкі байланыстылық арқауларын қарастыру арқылы ақиқатқа жетудің маңызды принциптерін талдады. 1974 ж. қазіргі заманғы ғыл. танымның логикалық-методол. проблемаларын жүйелі түрде зерттеу қолға алынып, Қазақстан Ғылым Академиясының Философия институтында (қазіргі Филос. және саясаттану ин-ты) жаратылыстанудың филос. мәселелері бөлімі ашылды. Ол 1996 ж. ғылым мен техника философиясы бөлімі болып қайта құрылды. Осы кезден бастап республикада Ғ.ф.м.м.қ.м. қалыптасты. Осы мектептің ғылыми деңгейінің көтерілуіне Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғалымдары да үлес қосты. Ғ.ф.м.м.қ.м-нің қалыптасу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: 1-кезең (1960–70), тұтастай алғанда ғылыми танымның логикалық-методол. проблемаларын диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде (Әбділдин, Нысанбаев, «Теория құрудың диалектикалық-логикалық принциптері», 1973, Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атынд. 1-дәрежелі сыйл. 1974; Орынбеков, «Философиядағы және ғылымдағы субстанция мәселесі», 1975; «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі», 1976; т. б.) 20 ғ-дың 2-жартысындағы ғылымның логикалық-гносеол. аспектілері мен проблемалары қарастырылды. Қазақстан философтарының бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгрия,Болгария, т.б. елдердің беделді ғыл. басылымдарында жарық көріп, олар ғылым философиясы мен методологиясын өркендету ісіне соны серпін берді әрі ғыл.- зерттеулердің филос.-теор. деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарды. 20 ғ-дың 80-жылдарынан Ғ.ф.м.м.қ.м тарихындағы 2-кезең басталды. Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғыл. теориялардың әлеум.-мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді. Ғылыми танымның методол. проблемаларын жүйелі зерттеу ісіндегі әлеум.-мәдени және категориялық талдауларды біріктіру де осы кезеңде атқарылды. Ғыл. танымды категориялық талдау оның мәдени-тарихи сипаттамаларын ой елегінен өткізу арқылы жүзеге асты. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеум.-мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғыл. айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы («Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика», 1985; Нысанбаев, Р.Кубанов, «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988; ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990; «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Ғ.ф.м.м.қ.м жұмысының қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді. Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың, тех., әлеум. және гуманитарлық ғылымдардың (психология, тарих, социология, саясаттану, мәдениеттану, т.б.) филос.-методол. және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық филос. мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеум.-мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи-филос., тарихи-ғыл. және тарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеум. және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалект.-логикалық принциптерін қорытты. Әсіресе, қарама-қарсылық, нақтылық, субъектінің белсенділігі, тарихилық принциптері дүниетанымдық, логикалық-гносеол. және методол. мәселелермен бірлікте қарастырылды. Ғылымның категориялық және ұғымдық аппаратын қалыптастырып, жетілдіру заңдылықтарын, оны дамытудың интегративтік жолдарын іздестіруге ғалымдар жете мән берді. Өркениеттің өркендеуі барысындағы ықпалды тех. сана құбылысы мен компьютерлік революцияның салдарын талдай қарастыру қолға алынады. Қазіргі кезде ғылымның бағдарлылығын зерттеуге орай ғылым методологиясы жөніндегі отандық әдебиетте бұрын-соңды зерделенбеген тың мәселелер, соның ішінде, ұлттық мәдениет, оның этн. бейнесі мен әлемдік көрінісі аясындағы проблемаларды зерделеуге талпыныс жасалуда. Үшінші кезең, сондай-ақ Еуропаға құлай жүгінетін логикалық парадигмалардан Шығыс пен Батыстағы ғақылиялы ой кешудің алуан тұрпаттарының диалогына қарай ойысу қажеттілігін бағдар тұтуымен де ерекшеленеді. Философия және саясаттану ин-ты ғалымдарының «Шығыс және батыс мәдениеттерінің өзара байланыстары ауқымындағы ғылым методологиясы» (1998) атты ұжымдық монографиясы осы мәселені талдауға арналды. Ғ.ф.м.м.қ.м-нде жүзеге асырылған зерттеулер ғылым философиясы мен методологиясын дамытудың әлемдік бағыттарына сәйкес келеді. Бұрыннан белгілі проблемаларда басқа жаңадан пайда болған ғылыми білімдерге көңіл бөледі, оның қалыптасу процестерңн қарастырады. Ғылымның теориялық сатысының белгілі мөлшерде тәжірибеден тәуеліз, жеке, дербес екендігін мойындап, жаңа ғылыми білім алуда, тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндігі болмайтын дүниеге көзқарастың, методологиялық принциптердің бар екендігін мойындайды. Бірақ ғылымның даму заңдылығын оның функцияларын дұрыс түсіндіре білетін тек ғана диалектикалық көзқарас. 6.Педагогика мен білім философиясының философиялық проблемаларына болжам жасаңыз. Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян. Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.). Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі– бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады. Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады. Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді. Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с. Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым – педагогиканың зерттеу нысандары. Осыдан, педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады: - сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу; - анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу; - болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру. Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады. Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді: - жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты; - жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану; - ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру. 7.Білім философиясының ұғымы мен орны. Білім онтологиясы. Білімның негізгі идеялары. Білім аксиологиясы. Білім логикасы. Білім методологиясы. Білім этикасына баға беріңіз. Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. «Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. |