Главная страница
Навигация по странице:

  • 10.1997 жылғы Лиссабон конвенциясы. Жаһандану мен интернационализациялау жағдайындағы ұлттық білім, әлем мәдениетінің қалыптасуындағы білімнің роліне баға беріңіз.

  • 11.Нақты ғылымдардың философиялық проблемаларына болжам жасаңыз.

  • Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеЖай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
    Дата20.12.2019
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаFilosofia_dayyn[1].doc
    ТипДокументы
    #101264
    страница12 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    9.Қазақстандағы білімнің ұлттық моделінің қалыптасуын дәлелдеңіз.

    Еліміздің жоғары оқу орындарында  оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан бастап енгізіліп келеді. Сонан  бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен енгізілді  деп айтуға болмайды. Сол себептен, бүгінгі таңда министрлік кредиттік оқыту технологиясын ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді.

    Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті [1].Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді.
    Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады.
    Сонымен, қазіргі әлемді демократияландыру социумның негізгі элементттерін иерархиялық тұрғыдан ауыстыра отырып, ішкі және сыртқы саясатта негізгі ережелерге бағынуды талап етеді. Осы иерархияда алғашқы орынға адам тұлғасы, екінші орынға – қоғам көтеріледі, үшінші орынды мемлекет иемденіп, жеке адам мен қоғамның мүдделерін қорғайтын қалқанға айналады. Әлемдік істерде елеулі орынға ие болғысы келетін кез келген ел бүгінгі күнде осы иерархияны қатаң сақтауға мәжбүр. Сыртқы ортаны демократияландыру ешкімге де адам құқықтарын аяқасты етуге, оның нормаларын бұрмалауға мүмкіндік бермейді. Әлемнің ешбір мемлекеті өз ішінде бір саясатты қолданып, оның аумағынан тыс жерде келесі саясатты қолдана алмайды. Мәселені келесі жағынан алғанда, егер сыртқы жағдай ескерілмейтін болса, ұлттық даму стратегиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша қандай шаралар қолданылмасын, бәрібір олар бүкіләлемдік жаһандық үдерістер легіне және қаржы, өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. салалардағы үдерістер әсеріне ұшырайды. Жаһандану, сонымен, ішкі және сыртқы саяси шекаралар пердесін сыпырып алып тастайды.
    Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды, ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді, сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту – бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін.
    Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі.
    Мәдени стандарттау ақпараттық ашықтықтың белгілі бір дәрежедегі салдары бола отырып, бір кездері тұйық болып келген мәдени ерекшеліктер арасында дүмпу тудырады. Өте күшті заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жаһандану түрлі мәдениеттер арасындағы бұрын мызғымас болып саналып келген қағидаларды бұзып жарады. Бұл иірімде қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуге қабілетті мәдениеттер ғана аман қалады. Мұның жарқын үлгісі – жапон мәдениеті. Қарама-қайшы мысал ретінде мәдени біріздендіру қыспағына төтеп бере алмаған испан, мексикан, түрік, аргентин және т.б. мәдениеттерді атауға болады. Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды, осы елдердің азаматтарын «әлем азаматы» атандырды. Олардың кебін киюге «әрең тыныс ала отырып» шығыс және Орталық Еуропа елдері (Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария, Румыния), Балтық елдері дайын тұр. Кезекте – Ұлыбритания, Франция, Германия. Олар әлі де болса қарсыласып бағуда, өйткені олардың тарихи мәдениеті өте тереңнен нәр алады. Бұл мәселеде шағылмайтын жаңғақ кейпін танытып тұрғандар – сан ғасырлар бойы мәдени тарихи дәстүрлерге ие болған Қытай, Үндістан мен Ресей. Алайда, оларға сүйсіне қараудың қажеті жоқ, егер олар құлаштап дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуді бастамаса, жаһандану оларды да жайпап салады. Осы күнге дейін осы үш мәдениет қана өздерінің жоғары бейімделгіштік қасиетін танытып келді. Осы үш мәдениет қана басқа мәдени стандарттарды тықпалауға ұмтылған өзге мәдениеттермен «ілініскен» кезде өздерінің ұлттық, соңынан барып саяси бейісмделу қасиеттерін тиімді жүзеге асыра білді.Егер атап көрсететін болсақ: Үндістан британ мәдениетін өзіне бейімдеп алды; Ресей либералдық және коммунистік батыс жобаларын өз бойына сіңістіре білді; Қытай советтік үлгідегі коммунизмді өз ыңғайына келтірді, ал қазір керек десеңіз, ол батыстың экономикалық либерализмі мен американың мәдени жаһандануын да өз ырқына бағындырып келеді [3].
    Бұл дегеніміз, осы үш мемлекет жаһандану ықпалына ұшырамайды дегеyut кепілдік бермейді. Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу шайқасы әлі де болса алда күтіп тұр. Бұл үшін олар жаһандануға қарсы тұрарлық аса қуатты әрі сенімді ұлттық жобалар ұсынуы тиіс.
    Ұлттық құндылықтарды әмбебаптандыру. Бұқаралық ақпараттық технологиялар көмегімен ( алғашқы кезекте телевидения мен Интернет) ол батыстың даму моделін, соған сәйкес ретте батыстың құндылықтарын көрнекі ретте көрсетіп келеді: жеке бостандық, адам құқығы, демократиялық механизм, нарықтық экономика, құқықтық мемлекет, азаматық қоғам және т.б. Қалай болғанда да, осы құндылықтарға арқа сүйеген елдер көш бойы озып шығып, арқа сүйемеген елдер кейін қалып қойды. Алайда, бұл дегеніміз, ұжымшылдық, мемлекеттік патернализм, авторитарлық (кейде тоталитарлық) басқару тетіктері, экономикалық өмірдегі мемлекеттік дирижизм және т.б. жаһандану дәуірінде түкке аспай қалады дегенді білдірмейді.
    Жапон Өнеркәсіптік университетінің профессоры К.С.Итоның пайымдауынша, әлемдік жүйе жеке ерекшеліктерден әмбебап құндылықтарға қарай жол тартып барады [3]. Америкалықтар шектен тыс индивидуалистер болғандықтан, — олар үшін жаһанданудың салдарлары орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады.
    Сонымен, ұлттық құндылықтар үшін, ұлттық ерекшеліктер үшін жаһанданудың салдарлары қарама-қайшы пайымдаулардан тұрады. Ол дамудың бұрын-соңды көз көріп, құлақ естіп көрмеген мүмкіндіктеріне ие. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер сатысында тұрған Қазақстан үшін осы айтылған жағдайлардың барлығы да маңызды болып келеді.
    10.1997 жылғы Лиссабон конвенциясы. Жаһандану мен интернационализациялау жағдайындағы ұлттық білім, әлем мәдениетінің қалыптасуындағы білімнің роліне баға беріңіз.

    1997 жылғы Лиссабон конвенциясының  және 1999 жылғы Болон декларациясының  талаптарына сәйкес 2003-2004 оқу жылдарынан  бастап Қазақстанның бір қатар  жоғары оқу орындарында кредиттік  оқу жүйесі енгізілді.

    Біздің республикамыздың жоғары оқу  орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор.

    Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім  беруді  таңдап  алған траекториясын регламенттеу болып табылады

    Кредит – білім алушының оқу үрдісі көлемін бірыңғайлы бірлікпен есептеу тәртібімен жүргізіледі. Академиялық үрдіс бойында, 1 кредит – білім алушының бір апталық аудиториялық жұмысының 1 дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) және студиялық академиялық сағаттары міндетті түрде 2 сағаттық (100 минут) бакалаврлық СӨЖ студенттің өздік жұмысымен жалғастырылады.

    Қазақстан Республикасы жоғары білім  беру саласына кредиттік оқу жүйесін  енгізіудің басты мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне тереңдеп енгізу және ҚР оқу орындарын бітіріп шығушы мамандардың алған дипломдарын әлемдік еңбек нарығында ешқандай шектеусіз қолдануға болатынына қол жеткізу.

    Кредиттік оқу жүйесінің негізгі бағыттары:

     

    – жоғары оқу орындарының классикалық дәстүрлерін сақтай отырып жоғары сапалы білім беру:

    – алған білімнің іргелілігі, жүйелілігі, білім беру үрдісінің сабақтастығы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін көп нұсқалылығы;

    – басқа білім беру мекемелерімен білім беру нәтижесін салыстырып, оның жақсы нәтижелерін бірлесе мойындай отырып іске асыру үрдісіне енгізуге қол жеткізу;

    – білім алудың сабақтастығына үнемі қолдау жасап отыру;

    – білім берудің тұлғаландырылған (жеке тұлғамен тікелей жұмыс істеу) қағидасын жүзеге асыру;

    – студеттердің ілімді жылдам қабылдауға қалыптасуына қол жеткізу.

     

    Еліміздің жоғары оқу орындарында  оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан бастап енгізіліп келеді. Сонан  бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен енгізілді  деп айтуға болмайды. Сол себептен, бүгінгі таңда министрлік кредиттік оқыту технологиясын ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді.

    Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті [1].Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді.
    Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады.
    Сонымен, қазіргі әлемді демократияландыру социумның негізгі элементттерін иерархиялық тұрғыдан ауыстыра отырып, ішкі және сыртқы саясатта негізгі ережелерге бағынуды талап етеді. Осы иерархияда алғашқы орынға адам тұлғасы, екінші орынға – қоғам көтеріледі, үшінші орынды мемлекет иемденіп, жеке адам мен қоғамның мүдделерін қорғайтын қалқанға айналады. Әлемдік істерде елеулі орынға ие болғысы келетін кез келген ел бүгінгі күнде осы иерархияны қатаң сақтауға мәжбүр. Сыртқы ортаны демократияландыру ешкімге де адам құқықтарын аяқасты етуге, оның нормаларын бұрмалауға мүмкіндік бермейді. Әлемнің ешбір мемлекеті өз ішінде бір саясатты қолданып, оның аумағынан тыс жерде келесі саясатты қолдана алмайды. Мәселені келесі жағынан алғанда, егер сыртқы жағдай ескерілмейтін болса, ұлттық даму стратегиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша қандай шаралар қолданылмасын, бәрібір олар бүкіләлемдік жаһандық үдерістер легіне және қаржы, өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. салалардағы үдерістер әсеріне ұшырайды. Жаһандану, сонымен, ішкі және сыртқы саяси шекаралар пердесін сыпырып алып тастайды.
    Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды, ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді, сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту – бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін.
    Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі.
    Мәдени стандарттау ақпараттық ашықтықтың белгілі бір дәрежедегі салдары бола отырып, бір кездері тұйық болып келген мәдени ерекшеліктер арасында дүмпу тудырады. Өте күшті заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жаһандану түрлі мәдениеттер арасындағы бұрын мызғымас болып саналып келген қағидаларды бұзып жарады. Бұл иірімде қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуге қабілетті мәдениеттер ғана аман қалады. Мұның жарқын үлгісі – жапон мәдениеті. Қарама-қайшы мысал ретінде мәдени біріздендіру қыспағына төтеп бере алмаған испан, мексикан, түрік, аргентин және т.б. мәдениеттерді атауға болады. Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды, осы елдердің азаматтарын «әлем азаматы» атандырды. Олардың кебін киюге «әрең тыныс ала отырып» шығыс және Орталық Еуропа елдері (Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария, Румыния), Балтық елдері дайын тұр. Кезекте – Ұлыбритания, Франция, Германия. Олар әлі де болса қарсыласып бағуда, өйткені олардың тарихи мәдениеті өте тереңнен нәр алады. Бұл мәселеде шағылмайтын жаңғақ кейпін танытып тұрғандар – сан ғасырлар бойы мәдени тарихи дәстүрлерге ие болған Қытай, Үндістан мен Ресей. Алайда, оларға сүйсіне қараудың қажеті жоқ, егер олар құлаштап дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуді бастамаса, жаһандану оларды да жайпап салады. Осы күнге дейін осы үш мәдениет қана өздерінің жоғары бейімделгіштік қасиетін танытып келді. Осы үш мәдениет қана басқа мәдени стандарттарды тықпалауға ұмтылған өзге мәдениеттермен «ілініскен» кезде өздерінің ұлттық, соңынан барып саяси бейісмделу қасиеттерін тиімді жүзеге асыра білді.Егер атап көрсететін болсақ: Үндістан британ мәдениетін өзіне бейімдеп алды; Ресей либералдық және коммунистік батыс жобаларын өз бойына сіңістіре білді; Қытай советтік үлгідегі коммунизмді өз ыңғайына келтірді, ал қазір керек десеңіз, ол батыстың экономикалық либерализмі мен американың мәдени жаһандануын да өз ырқына бағындырып келеді [3].
    Бұл дегеніміз, осы үш мемлекет жаһандану ықпалына ұшырамайды дегеyut кепілдік бермейді. Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу шайқасы әлі де болса алда күтіп тұр. Бұл үшін олар жаһандануға қарсы тұрарлық аса қуатты әрі сенімді ұлттық жобалар ұсынуы тиіс.
    Ұлттық құндылықтарды әмбебаптандыру. Бұқаралық ақпараттық технологиялар көмегімен ( алғашқы кезекте телевидения мен Интернет) ол батыстың даму моделін, соған сәйкес ретте батыстың құндылықтарын көрнекі ретте көрсетіп келеді: жеке бостандық, адам құқығы, демократиялық механизм, нарықтық экономика, құқықтық мемлекет, азаматық қоғам және т.б. Қалай болғанда да, осы құндылықтарға арқа сүйеген елдер көш бойы озып шығып, арқа сүйемеген елдер кейін қалып қойды. Алайда, бұл дегеніміз, ұжымшылдық, мемлекеттік патернализм, авторитарлық (кейде тоталитарлық) басқару тетіктері, экономикалық өмірдегі мемлекеттік дирижизм және т.б. жаһандану дәуірінде түкке аспай қалады дегенді білдірмейді.
    Жапон Өнеркәсіптік университетінің профессоры К.С.Итоның пайымдауынша, әлемдік жүйе жеке ерекшеліктерден әмбебап құндылықтарға қарай жол тартып барады [3]. Америкалықтар шектен тыс индивидуалистер болғандықтан, — олар үшін жаһанданудың салдарлары орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады.
    Сонымен, ұлттық құндылықтар үшін, ұлттық ерекшеліктер үшін жаһанданудың салдарлары қарама-қайшы пайымдаулардан тұрады. Ол дамудың бұрын-соңды көз көріп, құлақ естіп көрмеген мүмкіндіктеріне ие. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер сатысында тұрған Қазақстан үшін осы айтылған жағдайлардың барлығы да маңызды болып келеді.
    11.Нақты ғылымдардың философиялық проблемаларына болжам жасаңыз.

    Өзінің құрылымы бойынша, ғылыми теория дегеніміз анықтаманың көмегімен оның бүкіл басқа ұғымдары мен негізгі заңдарынан жекеше заңдары тұжырымдап шығарылатын түбірлі ұғымдар мен негізгі зандардың жүйесі болып табылады. Математикалық теорияларда негізгі зандардың орнына аксиомалар туралы, жекеше зандардың орнына теоремалар туралы ой-пікірлер қолданылады. Осы тұрғыдан қарастырғанда теория алғашында аса қарапайым эмпириялық заңдарды, ал содан кейін жалпылығы кеңдеу теориялық заңдарды іздеп табудың қиын жолдарының нәтижесіңде қалыптасады. Тек зерттеудің соңыңда ғана негізгі теориялық заңдар тұжырымдалады. Сөйтіп, тұжырымдалып аяқталған формасында теория дегеніміз ұғымдар, тұжырымдар, аксиомалар мен заңдар сияқты құрамдас бөліктері белгілі бір логикалық қатынастар негізінде байланысқан білімдердің бір тұтас біріккен жүйесі болып табылады. Сондықтан жеке гипотеза мен жеке заңды тұжырымдап, тексерумен салыстырғанда теория құру ісі әлде кайда күрделі де қиын жұмыс болып табылады.

    Мықты теориялық жүйе құрудың қиындығы және бұл істің толып жатқан түрліше факторларға байланыстылығы ғылымды зерттелуші құбылысты оңайлату үшін оны белгілі бір схемаға салып, тұрпайыландыруға мәжбүрлейді. Сол себепті ол шындық дүниедегі нақты объектілердің орнына дерексіздендірілген (идеализацияланған), абстракцияланған объектілірді енгізеді (бұл соңғылардың арасыңдағы қатынастар шындықта бар нәрселер мен процестердің арасындағы мәнді байланыстарды шамалы ғана дәл бейнелендіреді). Мұңдай абстракциялық объектілердің қасиеттері теорияның бастапқы, негізгі ұғымдарының көмегімен, ал олардың арасындағы логикалық қатынастар не аксиомалардың көмегімен (математикада) немесе теорияның негізгі заңдарымен (нақты ғылымдарда) бейнеленеді. Демек, мұндай зандар шындык, жүйесінің элементтері арасындағы байланысты білдірмейді, осы шындық жүйелерін бейнелендіруге көмектескен абстракциялық объектілер арасындағы байланысты білдіреді. Механикада, мәселен, мұндай жүйе ретінде "нүктелік массалар" немесе сыртқы күштің әсерінен қозғалатын материалдық нүктелер алынса, ал генетикада гендер жүйесі, социологияда әлеуметтік әрекеттер жүйесі және т.т. алынады. Материалдық нүктелердің бөгде күштің әсерінен болатын қозғалысы Ньютонның үш негізгі заңымен түсіндіріледі; Мендельдің заңы, ал қазіргі молекулалық генетиканың заңы тұқым қуалау кезінде ата-ана белгілерінің бөліну процесін түсіндіреді; социологияның зандары әлеуметтік қарым-қатыныстардың нәтижелерін сипаттайды.

    Бұл сияқты абстракциялық объектілер жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды білдіретін зандар шындықтағы жүйелердің элементтерінің мәнді белгілері мен байланыстарын салыстырмалы түрде дөл бейнелендіретіндіктерінен ғана олардың мәні мен маңызы болады. Міне сондықтан да абстракциялық объектілердің осындай жүйелері ғылыми теорияның ерекшелігін көрсетеді және ол теорияларды құруда басты рөл атқарады. Мұндай жүйенің теорияны қалыптастырудағы шешуші рөлін атап көрсету үшін оны теорияның концептуальдық өзегі, базисі немесе іргелі теориялық схемасы деп атайды. Мұндай жүйе белгілі бір тұрғыда зерттелуші шын жүйенің орнына жүре алатындықтан, оны абстракциялық модель ретінде де қарастыруға болады. Модельдердің абстракциялық объектілері арасыңдағы қатынастар дәл ғылымдарда түрліше тендеулердің және олардың жүйелерінің көмегімен түсіндіріледі, ал басқа ғылымдарда сипаттаушы модельдің бастапқы объектілері арасындағы қатынастар туралы мазмұнды пікірлермен түсіндіріледі. Егер бұл қатынастар шындық процестері мен жүйені сипаттайтын қатынастар арасындағы байланысты мүмкіндігінше жуық көрсетсе, онда модель мақұлданады. Ал шындық пен теориялық модель арасында айтарлықтай алшақтық бар екендігі көрінсе, онда модель түзетіледі, түрі өзгертіледі немесе тіпті жарамсыз деп тасталады.

    Теориялық және эмпириялық ұғымдар. Кез келген теорияны зерттеуді оның негізгі ұғымдарын талдаудан және теориялық ұғымдар мен эмпириялық ұғымдардың арасыңдағы байланыс пен айырмашылықтарды анықтаудан бастаған жөн. Зерттеудің алғашыңда эмпириялық ұғымдарды бақылауға болатын объектілер және олардың қасиеттері туралы ұғымдар деп, ал теориялық ұғымдарды бақылауға болмайтын ұғымдар деп анықтауға болады. Бұлайша бөлу таным процесін сезімдік-эмпириялық және рациональдық-теориялық зерттеу сатыларына бөлуге сәйкес келеді. Алайда жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлайша бөлу танымның дамуыңда бақылауға болмайтын объектінің бақылауға болатын объектіге айналу өзгерісін есепке алмайтын бастапқы ғана болу екенін түсіну қиын емес. Олай болса эмпириялық және теориялық ұғымдардың арасындағы айырмашылық зерттеудің уақыты мен жағдайларының шеңберімен ғана шектелген салыстырмалы айырмашылық болып табылады. Бұл айырмашылықты абсолюттендіруші ғалымдар зерттеудің рационалдық және эмпириялық деңгейлерінің арасыңдағы өзара байланыстылықты, теориялық ойдың бақылау мен тәжірибеге тигізетін әсерін, яғни тәжірибенің "теориялық жүгі" болатынын ескермейді. Дәл осы фактілер мен диалектикалық қарым-қатынасты ескермеу позитивистерді ғылым тілін бір-біріне байланыссыз таза теория тіліне және таза бақылау тіліне бөлуге алып келді - бұлайша бөлу позитивизмге қарсы шыққан ғалымдар тарапынан қатты сынға ұшырағаны белгілі.

    Егер эмпириялық ұғымдарды және оларды білдіретін термин сөздерді бақыланатын объектілермен және олардың қасиеттерімен, ал теориялық ұғымдарды бақылауға келмейтін объектілермен байланысты қарастырса, онда оларды әлгіндей қарама-қарсы қоюдың салыстырмалылығын байқау 1 эсперимент жүргізу техникасын жетілдірген сайын оңайлана түседі. Шынында да электр тізбегіндегі токтың күшін тікелей бақылау мүмкін емес, оны амперметр деген аспаптың көрсетуі бойынша ғана білуге болады, сол себепті де оны бақылауға болатын құбылыс деп санаймыз. Екінші жағынан алғанда, амперметр стрелкасының қозғалысын бақылау электр тогының зандары туралы теориялық түсініктерге негізделеді. Бұл мысал бақылауға болатын және бақылауға болмайтын құбылыстар арасындағы шекара, белгілі бір тұрғыдан алғанда, салыстармалы, тәжірибелік жолмен анықталатын уақытша құбылыс екенін көрсетеді.

    Эмпириялық және теориялық ұғымдар арасында абсолюттік шекараның жоқтығы олардың арасында салыстырмалы айырмашылық бар екенін мойындау орынды дсп санауға қайшы келмейді. Алайда бұл айырмашылық тиісті объектілерді бақылаудан гөрі, олардың теориялық түсініктерден тәуелділік деңгейіне көбірек байланысты екенін атап көрсету қажет. Эмпириялық ұғымдардың теориялық "жүгі" болып, теориядан қаншалықты тәуелді болғанымен, бірақ олардың шындыққа сәйкестігі мен дәлелдігі айтарлықтай дәрежеде оларда қолданылатын теориядан тәуелсіз анықталады. Ал теориялық терминдер ғылыми тілге белгілі бір дерексіз жүйенің абстракциялық объектілерінің қасиеттері мен қатынастарын түсіндіру үшін енгізіледі. Олар шыңдықтан алынған абстракциялылық болғаңдықтан, оларды бақыланатын объектілермен, олардың қасиет, қатынастарымен тікелей салыстыруға болмайды. Сондықтан теориялық ұғымдардың шындықпен үйлесімділігін де, теориялық пікірлердің ақиқаттығын да олардың эмпириялық түсініктемелерінің көмегімен ғана анықтауға болады. Бұл айтылғанның бәрі эмпириялық және теориялық ұғымдардың өзара аса тығыз байланыстылығын көрсетеді.

    Танымның тарихи даму барысында эмпириялық және теориялық ұғымдар бірін-бірі қуаттап, толықтырып отырады. Шындықты барған сайын тереңірек және толығырақ танып білудің күрделі де қайшылықты процесінде эмпириялық ұғымдардың түзілуі бірінші қадам болып табылады. Күнделікті таным деңгейінде ол ұғымдар сезімдік қабылдау мен бақылау нәрселері мен құбылыстарының атауларына, түсініктеріне сәйкес келеді. Алайда танымның эмпириялық деңгейінде-ақ ғылымдарға күнделікті сөйлеу тіліндегі терминдерге қарағанда әлдеқайда ғылыми мәні бар ұғымдар енгізіле бастайды. Бірақ олар бұрынғыша не тікелей бақыланатьш нөрселерді, олардың қасиеттері мен қатынастарын немесе түрліше аспаптар мен приборлардың көмегімен бақылауға болатын нәрселер мен қасиеттерді білдіреді.

    Эмпириялық ұғымдардан абстракциялық, теориялық ұғымдарға көшу зерттеудің сезімдік-эмпириялық деңгейінен рационалдық-теориялық деңгейіне диалектикалық секіріс болып табылады. Рационалдық-теориялық танымның көмегімен шындық дүниенің нәрселері мен процестерінің сезім мүшелерімен қабылдауға болмайтын қасиеттері мен қатынастарын, яғни мәні деп аталатын жақтарын бейнелендіруге болады. Құбылыстың мәнін тікелей қабылдауға болмайтындықтан, оны түсіндіру үшін эмпириялық ұғымдар мен пікірлер енгізіліп, солардың көмегімен мәнін ашып көрсетеді. Осыны негізге ала отырып, эмпиризмнің, инструментализмнің, бихевиоризмнің, операционализмнің, ғылым философиясының және басқа кейбір бағыттарының жақтаушылары теориялық ұғымдар мен термиңдерді эмпириялыққа жатқызбақшы болды немесе оларды ғылым тілінен мүлдем шығарып тастауға әрекеттеңді.

    Теориялық ұғымдардың бірінші,ең маңызды қызметі сол, олардың көмегімен ғылыми білімді дедукциялық тұрғыда жүйеге келтіруге жағдай жасалады, ал бұл соңғы сондай-ақ теориялық пікірлерді де пайдалануды талап етеді. Теорияның негізгі ұғымдары мен бастапқы пікірлерін анықтағаннан кейін, логиканың ережелері бойынша, олардан басқа барлық пікірлерді, оның ішінде эмпириялық түсініктеме беруге болатындарын да қорытып шығаруға болады.

    Теориялық ұғымдардың екінші методологиялық қызметі эмпириялық қорытындылар мен заңдарды түсіндіру үшін де және оларды теориялық тұрғыдан жалпылау және ғылыми білімді кеңейту үшін де қолдануға болатындығында. Эмпириялық қорытындылар мен заңдар заттар мен құбылыстардың қимыл-әрекетін бақылаудың шеңберінде ұдайы қайталанатынын көрсетеді. Олар бірақ мұндай қайталанудың себебі мен механизмін түсіндіре алмайды. Мысалы, ағаштың суға батпайтыньн, ал темір батып кететінін сансыз кеп бақылаулардан білеміз. Бірақ бұл пікір тек су тұрғысынан ғана ақиқат болады, ол ағаш пен темір тұрғысынан салыстырмалы ғана рас болады, өйткені суда батып кететін ағаш бар екен- ол Шри Ланкеде (бұрынғы атауы Цейлон — ант.) ғана өсетін, темір ағаш деп аталатын ағаш екен. Сонымен катар, темірден іші қуыс шар жасаса, ол да суға батпайды екен. Бұл құбылысты түсіндіру үшін ғылымда көлемдік тығыздық немесе сыбағалы салмақ деген ұғым енгізілген. Ол ұғымды дененің массасының оның көлеміне қатынасы ретінде анықтайды. Физикада оны Р=m/v деген (т — масса; V — көлемі) формуламен өрнектейді.

    Сөйтіп, "сыбағалы салмақ" деген жаңа теориялық ұғым енгізу арқылы физикада жаңа фактілерді түсіндіруге мүмкіндік туды: дененің тығыздығы судың немесе басқа сұйықтықтың тығыздығынан кем болған кезде дене олардың бетінде қалқып жүреді, ал егер дененің тығыздығы артық болса, онда ол батып кетеді деген заңдылық тұжырымдалды. Теориялық ұғымдардың үшінші методологиялық қызметі олардың эмпириялық және теориялық білімдерді жүйеге келтіруінде. Мұндай жүйеге келтіру теорияның бастапқы алғышарттарының көмегімен ғана емес, сондай-ақ оның алғашқы теориялық ұғымдарының көмегімен де жүзеге асады. Теория ұғымдарының жүйеге келтірілуі, жоғарыда айтқандай, барлық екінші қатардағы, туынды ұғымдарды негізгі ұғымдардың анықтамасынан логикалық жолмен шығару арқылы іске асады. Ол ұғымдарда теорияның абстракциялық обьектілерінің мәнді қасиеттері бейнеленетіндіктен, оларсыз ғылыми білімді жүйеге келтіру ешқашан мүмкін болмайды.Сөйтіп, білімді теория шеңберінде жүйеге келтіру теориясының бір пікірлерін басқаларынан логикалық жолмен қорытып шығару арқылы ғана емес, сондай-ақ біреулерінің логикалық анықтамасын басқаларының анықтамасынан шығару арқылы да іске асады екен.

    Теориялық ұғымдардың төртінші методологиялық қызметі теориялық білімдердің дамуымен байланысты. Мұндай даму ең алдымен теориялық білімнің ұғымдық мазмұнының концепциялық өзгерісімен байланысты бола-ды-бұл дамудың барысында кейбір ұғымдардың мазмұны анықтала түсіп, жаңартылады, ал екіншілерінің көлемі кеңейтіліп, терендей түседі.

    Теориялық ұғымдардың бесінші методологиялық қызметі олардың ғылыми білімнің дамуы мен қолданылуында эвристикалық және прагматикалық рөл атқаруында. Іргелі теориялық ұғымдарда зерттелуші құбылыстардың аса жалпы қасиеттері бейнеленетіндіктен, олар ең терең мазмұңды заңдар мен принциптерді тұжырымдауға мүмкіңдік береді.

    Теорияның құрылымын талдаудың әдістерімен танысқаннан кейін енді оны құрудың әдістері мен принциптері туралы ең күрделі де қиын мәселені қарастырайық. Жалпы ғылыми зерттеу және әсіресе теория құру процесі творчествалық сипаттағы іс болғандықтан, оның принциптері барлық зерттеулер үшін міндетті болмай, мүмкіндігінше жалпы ұсыныс түрінде болуы қажет. Методологиялық принциптердің ішінен, біріншіден, логикалық пен интуициялық (аңғарушылық) және екіншіден, эмпириялық пен рациональдық факторларды ерекше бөліп көрсетуге болады.

    XX ғасырдың екінші жартысында ғылым методологиясы тап болған түсіндірудің шын мәні әлдеқайда күрделі екенін, ең бастысы — позитивистер бір ізге салған моделінен гөрі көп түрлі екенін көрсетті. Телеологиялық түсіндірудің Аристотельдік дәстүріне қайта оралу тарихта және әлеуметгік-гуманитарлық ғылымдарда бұл түсіндірудің айрықша сипатын ашып берді. Түсіндірудің әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдардың міндеттеріне сәйкес жаңа модельдерін іздеу қазіргі кезде түрлі бағытта жүргізілуде. Әрекет етуші субъектінің мақсат-мүдделерін ескеретін телеологиялық түсіндірудің ең тиімді формасы, көп зерттеушілердің пікірінше, кезінде Аристотель қолданған практикалық силлогизм көрінеді, өйткені практикалық силлогизмнің үлкен алғышартында әрекеттің мақсаты айтылады, кіші алғышартында сол мақсатқа жетудің амалдары келтіріледі, ал қорытындысыңда алғышарттарға сәйкес әрекет еткенде ғана, яғни мақсат пен оған жетудің амалдарын дұрыс ұштастырғанда ғана кездеген мақсатқа жетуге болады дегсн пікір айтылады. Кесімді силлогизммен салыстырғанда практикалық силлогизм дәлелді ойқорытынды еместігіне қарамай, дегенмен ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда түсіндіруді талдаудың маңызды құралының қызметін атқарады.

    Интенционалдық деген термин латынша іntenio -талпыныс дегенді білдіреді. Бұл түсіңдірмеде бірінші орынға талпыныстың сипаты, әрекет етуші субъектінің ниеті мен мақсат-мүддесі қойылады. Бұл түсіндіру психологияда, педагогика мен заң ғылымдарында жиі қолданылады, сондықтан мұны телеологиялық түсіндірудің бір түріне жатқызуға болады.

    Функциялық түсіндірме өзінің міңдеті жағынан алғанда телеологиялық түсіндірмеге жақын, өйткені ол "қалай, неліктен" деген сұрақтарға емес, "не үшін" деген сұраққа жауап қайырады. Мұндай түсіндірмелер бір тұтас системаға жататын кіші система немесе элемент атқаратын қызметі (функция) туралы түсіндіргеңде қолданылады. Мысалы, тірі организмнің мына мүшесі немесе мемлекеттің мына органы қандай қызмет атқарады деген сұрақтарға жауап бергенде осы түсіндірме қолданылады. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы тұжырымдалғаннан кейін бұл түсіндірме кеңінен қолданыла бастады. XX ғ. жалпы системалар теориясы мен синергетика шыққаннан кейін мақсат, функция, мақсатқа сай даму деген ұғымдарды т.б. өздігінше ұйымдасушы күрделі системалардың функциясын түсіндіру үшін пайдалану мүмкіндігі туды.

    Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқын түсіндіру үшін нормативтік түсіндірме берудің рөлі мен маңызы арта түсті. Адам-қоғамдық-әлеуметтік жан болғаннан кейін ол белгілі бір моральдық нормаларды, құқықтық нормаларды орындауға міндетті. Оларды дұрыс орындау үшін дұрыс түсіндірме берілуі тиіс. Ондай нормалар табиғатта жоқ, қоғамда ғана әрекет етеді. Осыны негізге ала отырып, кейбір зерттеушілер түсіндірудің дедукциялық-номологиялық моделі жаратылыстану ғылымдарына дұрысырақ сәйкес келеді, ал қоғам үшін лайықтысы нормативтік түсіндірулер дейді. Бұл да бір ойландыратын проблема болып табылады.

    Қорыта айтқанда, түсіндірудің барлық альтернативтік модельдерінде басты назар алдымен адамның саналы да мақсатты іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне, атап айтқанда, көздейтін мақсат-мүддесіне, қоғамдағы атқаратын қызметі мен рөліне т.б. субъективтік факторларға аударылады. Бұл зерттеулерде қол жеткен маңызды бір нәтиже түсіндіру мен ұғыну процестерінің арасындағы терең бірлікті түсіну десек, артық айтқан болмас, өйткені ғылым философиясын иемденуге тырысушы осы күнгі бір батыстық бағыт- неопозитивизмді жақтаушылардың назарынан ұғыну проблемасы тыс қалып қойыпты. Сол себепті де олар ұғынуды түсіндірудің бір психологиялық кезеңі ғана, ол ғылым философиясында қосымша эвристикалық қана рөл атқарады деп санайды. Шынында да солай ма, енді сол мәселені анықтауға көшейік.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта