Главная страница
Навигация по странице:

  • 8. Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуын талқылаңыз.

  • Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеЖай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
    Дата20.12.2019
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаFilosofia_dayyn[1].doc
    ТипДокументы
    #101264
    страница6 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    7. Жаратылыстану ғылымдарының жіктелуі. Физика жаратылыстану білімінің іргетасы ретінде өзара байланысын табыңыз

    Ғылымның эмпириялық және теориялық құрылысынан басқа оның тағы бір құрылысы бар екенін атап көрсету қажет. Ол ғылымның негіздері деп аталады. Оның бұл құрылысына идеалдары (әрекетке бастайтын ішкі мақсаты), нормалары (қабыл алынған реті, тәртібі), критерийі (ақиқаттығының өлшеуіші) және принциптері кіреді — кез келген ғылымның эмпириялық негізі мен теориялық қондырмасы осыларға сүйенеді.

    Ғылым негіздерінің құрылымын сипаттайтын үш негізгі құрамдас бөлігі бар. Олар, біріншіден, ғылыми зерттеу идеалдары, нормалары мен критерийлері, екіншіден, дүниенің ғылыми бейнесі (көрінісі), үшіншіден, ғылымның философиялық негіздері. Ғылым негіздерінің бұл құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты және бір-бірімен әрекеттестіктікте өмір сүреді.

    Ғылым негіздері оның теориялық базисін құрады да оның гипотезалары, заңдары мен теориялары сол базиске сүйенеді.

    Әрбір іс-әрекет сияқты ғылыми қызмет те нақты ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты оқтын-оқтын туып отыратын белгілі мақсаттарды басшылыққа алады. Екіншіден, белгілі бір жалпы танымдық құндылықты көздейді, атап айтқанда, ең алдымен шындық туралы объективтік ақиқат білімге қол жеткізуді көздейді. Үшіншіден, болашақта практикалық қолданыс табуы мүмкін теориялар мен модельдер жасайды.

    Бұл мақсаттар мен құндылық бағдарлары ғылыми зерттеудің идеалдары мен нормалары арқылы шындыққа айналады. Бірақ ол идеалдар мен нормалар ғылымның тарихи дамуы барысында өзгеріссіз қалмайды, елеулі өзгерістерге ұшырап отырады, әсіресе ғылымдағы революциялар кезінде ғылымилықтың идеалы және әсіресе ғылыми зерттеудің нормалары өзгереді. Ертедегі гректер, мәселен, дәлелді ақиқат білімді - "эпистеманы" ғылымилықтың идеалы деп жариялады. Бұл идеал Евклид құрастырған геометрияның бірінші аксиомалық жүйесінде — оның "Бастамаларында" нақты іске асқаны белгілі. Онда барлық белгілі геометриялық білімдер логикалық дедукцияның көмегімен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалардан қорытып шығарылды.

    Ертедегі гректердің ғылыми білімді құрудағы аксиомалық және дедукциялық идеалын ертедегі мысырлықтардың ғылымға дейінгі идеалымен салыстырса, олардың арасындағы орасан зор айырмашылықты байқамау мүмкін емес: мысырлықтар дәлелдеудің, қорытындылаудың орнына нақты жекеше есептерді шығарудың мысалын келтірген немесе геометриялық дәлелдеудің орнына сызба чертежын келтіріп, "қараңыз!" деп жазып қойыпты. Ертедегі вавилондықтардың математикасы да осындай ғылымға дейінгі сипатта болған. Сондықтан ертедегі гректердің өздерінен бұрынғьшардың эмпириялық, қолданбалы математикасын теориялық ғылымға айналдыруын бүкіл адамзат алдындағы сіңірген аса зор еңбегі деп санау қажет.XVII ғасырда пайда болған жаңа ғылым математикалық ғылымдағы гректердің дәлелділік және негізділік идеалын қайта қалпына келтірумен бірге табиғат құбылыстарын зерттеуде ғылымилықтың жаңа идеалын жасауға тиіс болды. Ол идеалдың негізін құрған табиғат құбылыстарын оңашалап бақылаудың нәтижесін дәл талдауға негізделген эксперименттік әдіс және оларды математикалық тұрғыдан өңдеу әдісі болды. Бұл әдістерді ғылыми зерттеуге енгізген Галилейдің механикалық қозғалысты зерттеуге арналған алғашқы эксперименттері ортағасырлық ғалымдардың ойдан шығарылған схоластикалық қағидаларына және натурфилософиялық гипотезаларға қарсы бағытталғандығы белгілі. Галилей мен Ньютон тұжырымдаған механиканың негізгі зандары көп уақыт бойы абсолюттік ақиқат деп есептелді, өйткені XVII—XVIII ғғ. Жаратылыстанудың ғылымилығының идеалы ғылыми заңдардың күмәнсіз ақиқаттығына және зерттеу әдістерінің дұрыстығына талассыз сену еді. Сондықтан да ғылыми идеалдары мен нормалары, әдістер дүниетану қызметінің басқа формаларының ішіндегі ең қолайлысы, сенімдісі деп есептелді. XVII ғасырда ағылшынның жаратылыс зерттеуші философы Фрлэнсис Бэкон эмпириялық ғылымдар саласында аса маңызды зерттсу әдісі ретінде индукцияны ұсынғаны белгілі. Дедукцияны, атап айтқанда Аристотельдің силлогизмдік дәлелдеу әдісін, ол табиғатты зерттеу үшін

    мүлдем жарамсыз деп есептеді. Сөйтіп Аристотельдің дедукциялық әдістері тұжырымдалған "Органон" атты еңбегіне қарама-қарсы "Жаңа органон" деген еңбек жазып, онда иңдукциялық зерттеудің қарапайым әдістерін баяндап берді. Алайда Бэкон дедукция мен математиканың ғылыми зерттеудегі рөлін, мысалы эксперименттің нәтижесін талдаудағы математиканың рөлін, түсінбеді. Ол өзінің индукциялық әдісін ғылымда жаңа ақиқат білімдерді ашудың қателестірмейтін ең сенімді әдісі деп сыңаржақ түсінді.

    XVII ғ. француз ғалымы, аналитикалық геометрияның жасаушысы көрнекті рационалист-философ Рене Декарт Бэконның индукциялық әдісіне қарама-қарсы дедукциялық әдісті дүниетанудың ең сенімді әдісі ретінде ұсынды. Ол ғылыми танымда қарапайым анық пікір айтудан бастап, олардан күрделі пікірлерді тұжырымдап шығаруды ұсынды. Бұл мақсатты іске асыру үшін, оның пікірінше, ойлаудың екі қабілеті: дедукция және интуиция қажет. Интуицияның көмегімен аса қарапайым және анық ақиқатты танып біліп, олардан дедукцияның ережелері бойынша барлық басқа ақиқаттар тұжырымдалады. Бұл әдістің сипаты - теоремалар ақиқаттығы анық аксиомалардан шығарылатын математикалық таным үшін аса дәл келеді. Ғылым әдісінің дедукциялық сипаты жөніндегі Декарттың идеяларын XVIII ғ. немістің математик-философы Г.В.Лейбниц әлдеқайда кеңірек негізде өрі қарай дамытып, пікірлеуді есептеу түрінде түсіндіруге тырысты. Осы жөнінен алғанда ол қазіргі математикалық логиканың бастамасын салушы деп саналады.

    XIX ғасырдың аяғында классикалық ғылымның идеадары айтарлықтай өзгерген жоқ, тек позитивизм философиясы ғана ғылыми танымда құбылыстарды түсіндірумен ғана шектеліп, олардың мәнін ашудан бастартуға шақырғаны болмаса. Позитивизмнің негізін салушы О.Конт құбылыстардың қалай болатынын ғана зерттеп, не себепті олай болатынына көңіл аудармауға шақырды, бірақ мұны ғалымдар қолдамады. Ғалымдардың көпшілігі құбылыстардың себептерін зерттеп, олар бағынатын заңдарды ашты. Тек кейбір позитивистер ғана табиғи жағдайда бақылауға болмайтын объектілерді пайдаланбауға шақырды, мәселен, физик Эрнст Мах атом-молекулалық теорияның жаратылыстануда қолданылуын сынады.

    XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында элементтердің табиғи радиоактивтігінің ашылуына байланысты жаратылыстануда болған революциядан кейін жағдай түбірінен өзгереді. Осы өзгерістің нәтижесінде атом материяның бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі емес екендігі анықталды, энергияның кванттары ашылды, кеңістік пен уақыт жайындағы ұғымдар т.б. өзгерді.

    Мұның бәрі классикалық ғылымда сөзсіз ақиқат деп келген ғылыми заңдылықтар тек салыстырмалы ғана ақиқат екендігін көрсетті. Сондықтан ғылымилықтың бұрынғы идеалы қатаң сыналып, қайта қаралды, сөйтіп ғылыми ақиқаттың салыстырмалылық сипаты, ғылым мен практиканың XX ғасырдағы даму деңгейіне сәйкес келетін классикалық емес ғылымилық деңгейі пайда болды.

    Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында элементар бөлшектер физикасының ең жаңа жетістіктеріне, космология, молекулалық биология, синергетика және басқа ғылымдар саласындағы жаңалықтарға сәйкес постклассикалық емес жаңа ғылыми идеал қалыптасуда - ол түрліше материалдық жүйелер мен құрылымдардың өзара байланыс және бір-біріне айналу принциптеріне негізделеді. Ғылым тарихына жасалған бұл қысқаша шолу көрсеткендей, ғылымилықтың идеалдары және олармен байланысты зерттеу әдістері мен нормалары бүкіл ғылым тарихы бойында түбірлі, сапалық өзгерістерге ұшырап отырды.

    Енді ғылым негіздерін құратын құрылымдық бөліктерінің арасындағы байланыстарды қарастырайық. Жоғарыда атап көрсеткендей, ғылыми зерттеудің шешуші негізі -ғылым көздеген құндылықтар, ал бұл соңғылардың ішіндегі ең маңыздылары шындық дүние және оның даму зандары туралы объективтік ақиқат білімдердің өсуі. Ақиқатқа жетудің бұл бағдары ғылыми танымның идеалдары мен нормаларынан айқын көрінеді. Идеалдар таным процесінің жалпы мақсаты мен стратегиясын белгілейді, ал нормалар жалпы мақсатқа жетудің зерттеудің жеке кезеңдеріндегі нақты жағдайларын реттейді. Зерттеудің әрбір кезеңінде кез келген проблеманы шешу үшін бұл процесті реттейтін белгілі бір нормалар мен критерийлер пайдаланылады.

    Кейбір батыс философтары ғылымның дамуы бір жаңа нақты проблемадан соң басқа жаңа проблемаларды шешумен ғана байланысты деп санайды. Шынында да жаңа проблемаларды шешусіз ғылымның өсуі мен дамуы мүмкін емес. Бірақ объективтік ақиқатты ашу мақсатын қоймай, проблемаларды шындап шешу мүмкін емес. Тіпті проблеманы дұрыс тұжырымдаудың өзі де объективтік ақиқаттың бар екендігіне сенуді талап етпей ме?

    Ғылым негіздерінің екінші бір аса маңызды бөлігі — дүниенің ғылыми бейнесі қоршаған сыртқы дүниенің құрылысы және адамның ондағы орны туралы жалпы түсінік береді. К.Поппер философияның біз үшін керектігі сол ғана, өйткені біз өзіміз "өмір сүретін дүниенің қыр-сыры туралы және ол дүние туралы адам білімдерінің сыры туралы бірдеңе" білгіміз келеді дейді.

    Ақырында, ең жалпы дүниеге көзқарастық идеялар ғылымның философиялық негіздерінде бейнеленеді. Дүниенің ғылыми бейнелерінің принциптеріне қарағанда, дүниеге көзқарастық идеялар әлдеқайда жалпы универсальдық сипатта болады. Сондықтан олар саналы түрде не санасыз түрде болса да кез келген маңызды ғылыми зерттеудің мазмұнында болады.

    Сонымен, ғылым философиясы шеңберінде тұжырымдалған ғылым принциптері мен дүниеге көзқарастық идеялары ғылымның ең түбірлі негіздері қызметін атқарады. Бұл философиялық негіздер ғылым онтологиясында, атап айтқанда дүниенің ғылыми бейнесінде нақтырақ іске асады, ал ғылымның құндылық бағдары, идеалдары мен нормалары қайсы бір ғылыми проблемаларды шешкенде іске асады, бірақ бір-бірімен өзара тығыз әрекеттестікте іске асады.
    8. Биология және дүниенің эволюциялық бейнесінің қалыптасуын талқылаңыз.

    Біздің ғасырдың екінші жартысында биология өзінің  молекулалық деңгейдегі обьекті мен  құбылыстарын зерделей бастағанда  жаратылыстану ғылымдары табиғаттың жан-жақты көрінісін тұтас зерттей бастады.Жанды және жансыз табиғаттың сырын білуге енген сайын оның тұтастығындағы жалпы мәселелермен қатар дара “спецификалық” сарқылмайтын көптүрлілігі аян болады.Биологиядағы жалпы мен жекелік арасындағы қатынас барынша ерекшелікке қарай бағытталған.Биология өзіндегі күрделілік жағынан химия мен физикадан асып түседі.Онда соңғы екі ғылыммен салыстырғанда кең көлемдегі жалпыламалық көп кездеседі.Биологиняң қазіргі жаратылыстанудағы орны мен маңызын негізінен екі фактор анықтайды.ірінші – биологиядағы үш “келбетін бір-бірінен тарихы дамуы мен мазмұны бойынша өзгеше болғанмен негізгі мақсаттары бірдей;табиғаттағы керемет феномен -өмірді түсінуге тырысуында;Бұл өмір әрине,жанды табиғаттан өзінің атқаратын функциялардың күрделілігімен өзіне ұқсастықты  тудырмауынан және айтып жеткізе алмаушылығынан ерекше.Екінші фактор-өмір туралы біріккен теория жасау жолындағы ізденістің аяқталмайтындығы;.Бұл теория тек биология,химия және физиканың көмегімен құрылатындығы анық және ол барлық жаратылыстанудың біртұтас екендігін айқындайды.Биологяның үш “келбеті”: дәстүрлі немесе сипаттайтын-табиғи биология ;физика-химиялық биология;эволюциялық биология.Дәстүрлі биология (Орта ғасыр ХУІІІ-ХІХ) өте ертеде қалыптасқан.Оның негізгі міндеті табиғаттағы құбылыстарды тыңғылықты байқау,сипаттау мақсаты- табиғаттағы мәліметтерді жіктеу,артық заңдылықтарды анықтау болып саналады.Дәстүрлі биология ғылым болып қалыптасу үшін табиғатты комплексті және жүйелі зерделеу керек.Бүгінгі таңда дәстүрлі биология өзінің маңызын еш жойған жоқ,оған дәлел “Жануарлар өмірі” (1962-1973,не “Өсімдік өмірі” (1974-1982),ал экология биология ғылымы ғана емес барлық жаратылыстанудың тіпті барлық  мемлекетті,яғни барлық адамзаттың алдындағы негізгі мәселе және оны қорғау міндетіміз.Экология (грекше –тұратын орын,үй) органимдердің өзара (биологиялық фактор) және ортамен (абиотикалық фактор) қарым-қатынасы туралы ғылым.Бұл ілім дәстүрлі биология әдістері мен принциптеріне сүйенеді.Биологияға “физика-химиялық биология” деген терминді 1970 жылы Ю.А.Овчинников  енгізді,ол биологияға қазіргі физика мен химиядағы дәл әдістерді  ендірді,яғни жаратылыстанудың интеграциясын қолдаушы,жақтаушы ғалым болатын.Физика-химиялық биология жанды материяның молекулалық және молекуладан жоғары элементар деңгейлерді зерттеуге қажет ғылым саласына жатады.Сонымен,физика-химиялық биология соңғы кезде  дамыған биология ілімінің бір тармағы болып саналады,объекте тірі  табиғатты молекулалық және одан да жоғары деңгейге зерттеуге химия мен физикадағы озық, дәл әдістерді және құрал-жабдықтарды пайдалану болып саналады.Биология үшін концепцияның даму фундаментальді мәнді игерді,жанды табиғат үшін уақытқа байланысты дамуы оның бөлінбейтін қасиеттерін көрнекілейді.Биология концепциясында әртекті бағыттағы білімдер синтезделеді.Нәтижесінде өзінше бір бөлек экологиялық биология ғылымы дамыды.Оның алдына қойған мақсаты мен міндеттері және дәстүрі ,зерттеу әдістері бар жаңа ғылым  тізбегін құрайды.”Ұйымдастыру деңгейі” құрылым деңгейінің “иерархиясы” деген биологиядағы терминдер барлық ғылым-жаратылыстануда кең көлемде қолданылады.Өйткені барлық табиғаттағы жанды және жансыз объектілер жүйелерді түзейді.Яғни элементар бөлшектер (электрондар,протондар ,кварктар) атомдар,молекулалар,субмолекулалық жүйелер (полимерлер) т.б құрылымдық иірім деңгейлері иерархиялық бағынышты болуы керек. Иерархиялық бағыну салдарында төменгі мен жоғары сатылы деңгейлерде арнаулы байланыс болуы қажет.Биология оның қажеттігін мына мысалдан байқауға болады.Биополимерлердің  физика-химиялық қасиеттерін зерттеп,оның құрамы мен құрылымын  дәл анықтауға болады. Ал олардың биологялық мәні мен мақсатын  түсінбей  экспериментатор тірі материяның ұйымдасуындағы бір ғана деңгейді  зерделемейді,оңашаланған,жеке алынған макромолекуланы зерттейді,яғни өмір феноменінің құрылысының физика-химиялық ұйымдасуын жәй зеттемей,оны белгілі бір мақсатпен зерделеу керек.Тірі материядағы реттілік пен ретсіздікті әртүрлі дәрежелі проблемалар натуралистерде ХУІІІ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан болатын.Алғашқы ілімдер 1830 ж.клеткалар теориясымен байланысты болатын.Биологиялық құрылымдық деңгейлер концепциясы тарихын жүйелілік және онымен тығыз байланысқан өмір туралы түсініктер дамуы белгілі дәрежеде әсер етті.ХХ ғасырдағы биологиядағы негізгі жетістіктер  қатарына жанды табиғатты молекулалық деңгейде зерттеу болып саналады.Молекула-генетикалық деңгейдегі зерттеулердің негізгі бағыты өмірдің қайдан пайда болатындығына жауап іздестіру.Бұл негізгі проблема екендігі тек биологияға  ғана  тән емес,бүкіл жаратылыстанудағы “Өмір дегеніміз не?” деген сұраққа жауап табу.Өмірдің мәні туралы әлі біріккен және толық мәлімет жоқ.Жердегі өмірдің дамуы туралы үш негізгі теория қалыптасқан:1) Иреационизм-“өмір”ертедегі ас табиғи оқиғаның нәтижесі, 2)папсермия-бір космостық денеден екіншісіне өмірдің тасымалдануы (алғашқы өмірдің қайдан келгендігін түсіндірмейді),  3)Биохимиялық эволюция теориясы.Соңғы теория бойынша “өмір” химия мен физика заңдарына бағынатын  процестердің нәтижесінде пайда болған деп тұжырымдалады.Опарин теориясы бойынша өмір мұхитта пайда болған.Күн сәулесінің радиациясының әсерінен органикалық заттар синтезделіп,”алғашқы бульон”, сонан соң кездейсоқ процестер нәтижесінде өмір пайда болған.Эксперименталь қондырғыларда Жердегі  алғашқы жағдайды модельдейтін тәжірибелерден бірнеше заттар алынды (амин қышқылы,аденин,қарапайым қант және рибоз т.б) Табиғатта 100 түрлі амин қышқылы кездеседі,және олар екі түрлі болады.Кейбір молекулалар-оң симметриялы,ал басқасы сол симметриялы.Кездейсоқ құрылыстарды бір бөлігінде оң,екіншісінде сол ассимметриялы.Тірі организмдегі амин қышқылдарында тек сол ассимметрия болады.Алғашқы клеткалар  табиғи түрде биохимиялық эволюция нәтижесінде пайда болды деу, биогенез концепциясына қарсы келеді.Биологиядағы қабылданған жалпы көзқарас бойынша өмір бұрынырақта  пайда болған өмірдің жалғасы,яғни жансыз материямен жанды клетканың аралығында өтпелі форма жоқ.Жансыз табиғатта реттілігі өте жоғары дәрежедегі құрылымдар баршылық.Кристалл жоғары реттілікпен симметрияға нақты мысал бола алады. Бұл процес қоршаған кеңістікке жылу беру нәтижесінде энтропияның кемуімен түсіндіріледі,яғни энергия төменгі сапаға өтеді.Тірі жандардың молекуласында жоғары дәрежелі реттілікпен қатар  өзінде сапалық химиялық энергияны аккумулирлейді.Тірі жандардың молекуласы спонтанды пайда болмайды,термодинамиканың екінші бастамасына сәйкес сыртпен келісілген үздіксіз күрделі механизм әсерінен туады. Қазір термодинамиканың заңдарын жанды табиғатқа  да қолданады.Тәжірибеден жүйеге берілген және одан шығатын энергиялар мөлшері анықталды.Энергия жоқтан пайда болмайды,жоғалмайды,бір түрден екінші түрге айналады,яғни физикадағы энергияның сақталу заңы тірі жүйелерге де орындалады.Бұл табиғаттағы универсал заң.

    Қазіргі жаратылыстанудағы жалпы заңдылықтар.Ғылымның дамуын талдап,кейбір қорытындыларды,дүниенің табиғи-ғылыми бейнесі және жаратылыстанудың болашағын қарастырайық:

    1.                  Ғылым-адамзат мәдениетінің эволюциясындағы бір этапқа жатады.Ғылым ертедегі көне дәуірден қайта өркендеуге дейінгі аралықта бірнеше стадиялардан өте келе басқа мәдениеттердің оның ішінде философия мен діннің жетістіктерін талдап,өзі де жаңа құбылыс түрінде дамыды.

    2.                  Ғылымда бастапқы кезден бір-біріне қарама-қайшы екі мақсат болған,және олар қайшылыққа келетін нәтижелер алды.Бір жағынан ғылым  шындықты беретін тәсіл бола тұра,екіншіден табиғатқа иелік етіп,оны түрлендіруді көздеген еді.Осы екі мақсаттарды біріктіріп,Ф.Бэкон “Ғылымның айқын және заңды мақсаты адамзат өмірін жаңа жаңалықтармен және жаңа қуаттылықпен сапаландыру”,-деп жазған болатын.Ғылым көбіне үстемдік етуге әдейілеп бағытталды,яғни “табиғаттың иесі” етуге ұмтылдырды деген болатын Декарт.Ғылым дамуы кезінде адамның өзін дүниені және қоршаған ортаны түсінуі қажет пе?Әлде табиғатты жеңуі керек пе?-деген сұрақтар өткірлене түсуде.

    3.                  Тамырланған тағы да бір қарама-қайшылық туралы Д.Бернар жазған болатын:Техникалық қажеттілік жаңа ғылыми салалардың өсуін мақсат етсе,ғылыми жетістіктер тек практикалық мақсатта қолданылса ғана пайдалы деп саналды.Ғылым мен техникадағы  байланыстың зиян жағы да бар,өйткені бұл салалардың өзіндік ерекшеліктері болады.Ғылым дүниені зерттесе,техника оны түрлендіреді.

    4.                  Ғылым техникамен бірігіп  ХХ ғасырда ғылым-техникалық төңкеріс жасады.Бұл адамзат дамуындағы негізгі фактор болып саналады.Бес миллионға жақын адамдар қазіргі ғылыммен айналысуда.Ғылыми информация көлемі экспоненталық заңдылықтан қарқынды түрде өсуде.Ғылымның дамуы халықаралық деңгейге жетті.Бірнеше мемлекеттердің ғалымдары бірігіп зерттеулер жүргізуі бүгінгі күн талабынан туындалып отыр; а)ғылымға өте көп мөлшерде  қаражат қажет,  б) кейбір зерттеулер мазмұны жағынан интернационалды (космос,ауа райы т.б.)

    5.                  Ғылыми білімдердің дифференциалдану  дәуірінде ғылымды классификациялау өте қажет болады.Ертедегі грек философтары білімді көлеміне қарай үшке бөлген: табиғат (физика),қоғам (этика) және ойлау (логика).Ф.Бэкон адамның интеллектілік қасиетіне сәйкес білімді тағы да үш бөлікке саралады: история (ес),поэзия (елестету), философия (ақыл немесе парасат).Г.Спенсер барлық ғылымдарды абстракты (логика,математика), нақты (астрономия,биология,геология, психология, социология) және осы екеуінің аралығы абстракты-нақты (механика,физика,химия) деп ажыратқан болатын.Қазіргі кезде ғылымдарды  жаратылыстану,гуманитарлық, техникалық және математикалық деп бөлу қалыптасты.Жаратылыстану ғылымдарына: астрономия,физика,химия,геология,физикалық география,биология, адам физиологиясы,антропология жатады.Олардың ортасында аралық ғылымдарға: астрофизика,физика,химия,химиялық физика,геофизика,геохимия,биофизика,биохимия,т.б. және олардан гуманитарлық пен техникалық ғылымдар бөлінеді.Берілген классификация тосыннан-тосын пайда болмаған.Жаратылыстану ғылымдарының обьектілері табиғаттың жеке даму баспалдағын  немесе деңгейлік құрылымын құрайды.

    6.                  Ғылым тұрақты түрде ертеде қабылданған принциптерге қарсы (редукционизмнің орнына холизм келді,детерменизмге-индетерменизм қолданылды.т.с.) жаңа методологиялық принциптермен ,жаңа ықпалдармен (құрылыстық,жүйелілік, функционалдық,ықтималдылық),жаңа түсініктермен (мысал,физикадағы кварк,т.б) және жалпы ғылыми түсініктермен (анықталмаушылық,қосымша,тұтас,адаптация,өздігінен ұйымдасу,информация,өріс,т.с) молая түсуде.Түсінік беру аппаратының мақсаты – жаңалықты ықшамды түрде,тұрақты дамып отыратын білімдерді баршаға жеткізе білу.Сондықтан,жазуда терминдермен қатар белгілер пайдаланылады,олар баршаға түсінікті.

    7.                  Ғылым перманенттік даму процесінде тұр, оның қай бағытта және қандай жаңалықтарды ашатындығын алдын-ала білуге болмайды.Мысалы,физиктер 50 жылдары жасанды термоядролық реакцияны алып,өрістің жалпы теориясын құрастырмақ болды,ол оның орнына ашық жүйенің термодинамикасын жасады.Кибернетиктер өте күрделі аумақты ЭЕМ жасауды жоспарлаған деі,ал оның орнына жеке компьютерлер дүниеге келді.Ғылым әрдайым жаңа әрі сапалы жаңалықтар ашады,тек оны алдын-ала көріп білуге болмайды.

    8.                  Ғылыми зеттеу аймағы тұрақты түрде кеңейіп бұрын көңіл бөлінбеген объектілерді ( күрделі,орнықсыз,ашық жүйелер) зерделей бастауда. Сонымен қатар,ғылыми зерттеушілерге қойылатын негізгі талаптар: тәжірибенің жалпылығы,баяндаудағы универсальдылық өз күйінде қалуы тиіс.”Тәжірибе бір ғана басшы”,-деген Н.Винер.Ғылым негізінде құрылған натурфилософиялық концепция (мысалы,ноосфера концепциясы) эмпирикалық жолмен тексерілмейтіндіктен жаратылыстанудың сыртқы шеттік аймағында орналасады

    9.                  Эволюцияның үш түрлі механизмі бар: тірі емес дүниедегі диссипативтік құрылым;тірі табиғаттағы табиғи іріктелу және адамзат қоғамындағы мәдениет.Ғылым жаңалықтың қалай қалыптасқандығын біле бермейді,өйткені ол бірден-бір сирек процесс.Бұл жағдайда ғылым өзінің мүмкіншілік шегіне жетеді,себебі ол негізінен ұдайы өндіру және қайталанатын процестерде кездеседі.Ол сирек процестерді ықтималдылық әдіспен зерделейді.Ғылым жаңалықтарын міндетті түрде осылай болады деп айта алмайды.Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша дүниенің эволюциясы біржақты жоспарланған процеске жатпайды

    10.             Ғылым сезу және ойлау шегінде дамуда және біздердің сезім және ойлау мүмкіншілігіміздегі заңдылықпен шектеледі.Сезім мен ойлау органдарының ерекшелігі эволюция сияқты оның шекаралық жағдайын сипаттайды.Ғылым адам мүмкіншілігі  мен табиғаттың іс-әрекетімен шектелген үш бұрышта тұрған тәріздес.Ол  үнемі өзінің шекарасын кеңейте береді,де принципалды шектеулік бөлікте қала береді.

    11.             Қазіргі кезеңде ғылым дағы да төртінші – экологиялық жағынан шектелген деуге болады.Оның дамуы өзін және биосфераны жойып жіберуі мүмкін.Ғылым жұмыс істей алады,ал оған пара-пар  жасанды дүниені құру мүмкін емес.Жеке адам және адамзат қауымы үшін құрудан құрту жеңіл болып отыр.Сонымен,ғылым төрт жақты шектелген екен.Эмпирикалық,теориялық және заттық шектеулерге  тағы да этикалық сипаттағы шектеу қосылды.Сондықтан, “Этика мен  ғылым” проблемасы пайда болды және ғылым жақсылық па әлде жамандық па?-деген сұрақ та туындады.

    12.             Ғылым дүние туралы информация құрайды.Адамзаттың өзі өмір тізбегінде тұр, ол өмірге де, өзіне де жауапты.Барлығы өте күрделі,өте бүлінгіш бірақ өздігінен дамуға өте қабілетті.Дүниенің қазіргі табиғи-ғылыми бейнесі.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта