Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
14.Физиканың, химияның, астрономияның, космологияның, математиканың, информатиканың, жер туралы ғылымның(география, геология), техниканың философиялық проблемаларының шешімін табыңыз. Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы жаратылыстану –дүниені біртұтас деп санайтын натурфилософиядан өсіп, өркендеген. Табиғаттағы оймен сипаттаудың орнына оның даму заңдарын тәжрибелік әдіспен шешу басымдылық танытты. Материалды Әлемнің қарапайым және жалпы қасиеттерін зерделейтін жекеғылым саласы –физика бөлініп шықты. Физикадағы заңдардың барлығы тәжрибеден қортылған және тек біздің Жерге ғана тән универсал заңдар емес, барлық материалды Әлемге де орындалады. Физикалық заңдылықтар басқа да жаратылыстану салаларына орындалады. Және бұрыннан осы кезге дейін өзгеріп келген кеңістік, уақыт және материя туралы түсінік береді. Ертедегі философтар Әлем бұрыннан болған және болады да, онда периодты түрде әртүрлі катаклизма болып тұрады деп есептелген. Діни аңыз бойынша Әлем ертеде, бір уақытта пайда болған делінеді. Химия-күрделі жүйелер туралы ғылым Макроскопиялық заттардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттері, оларды түзейтін атомдар мен олардың молекулаға бірігу әдістері, химиялық байланыстарының құрамы мен түрлеріне тәуелді болды. Натур философиядан бастау алып дамып келе жатқан атомизм концепциясы қазіргі жаратылыстану ғылымдарының түпкі тамыры болып саналады. Химияның мақсаты мен маңызын және адамзат баласына қажеттілігін бірауыз сөзбен жеткізуге тырысатын, көптеген анықтамалар кездеседі. Бұл анықтамаларды талдау үшін химияның тек заттар туралы ілімдердің жиынтығы еместігін, ол өте жоғары дәрежеде реттелген, үнемі белгілі бір заңдылықпен дамып жүйеленген ғылым екендігін ескеру керек. Өзімізге қажетті қасиеті алдын-ала белгіленген жаңа материалдарды анықтап, қасиеттерін басқаруға болатын әдістерді тандау химияның негізгі мақсаты мен міндеті болып саналады. Бұл мәселелер ертеден-ақ туған және бүгінде маңызын жойған емес. Өзінің даму тарихында химия негізгі мәселелерді толық шешу үшін химиялық заңдылыктар мен әртүрлі процестер мен әдістерді жүйелі пайдалана білді. Негізгі проблеманы анықтауда химия заттардың қасиеттері мен оларға әсер ететін факторларды төрт түрлі әдістерді пайдаланып зерттеуді мақсат етті. Бұл факторларға : 1. Элементтік және молекулалық құрам; 2. Молекулалық құрылыс; 3. Заттың химиялық реакция процесіндегі кинетикасы мен термодинамикалық жағдайы; 4. Заттың химиялық ұйымдық деңгейі жатады Соңғы химиялық фактор бүгінгі кезеңде қалыптасты. Астрономияда – аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе, – математика, есептеу саласы, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия – табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық, т.б. көзқарастар ажыратылады. Космология, ғарыш ілімі – Ғаламның біртұтастығы және оның астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлігі жайлы ілім; астрономияның бір бөлімі. Космологияның тұжырымдары (Ғаламның модельдері) физиканың заңдары мен астрономиялық бақылаулардың деректеріне, сондай-ақ адамзат қоғамының әр түрлі дәуірлеріндегі философия принциптерге сүйенеді. Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дəлелденген жəне негізделген болуы керек. Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады. Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын -қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды. Жер туралы ғылымдар немесе геоғылымдар - Жер ғаламшарын, оның литосферасын, гидросферасын, атмосферасын және Жер маңындағы ғарышты зерттейтін ғылымдар. Барлық ғеоғылымдар физика, математика және биология ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Сол сияқты, астрономиямен, физикалық географиямен, геодезиямен, тау-кен ісімен, металлургиямен тығыз байланысты. Геоғылымдардың негізгі бағыттары болып келесі ғылымдар саналады: Геодезия, картография және геоинформатика; География; Геофизика, гляциология және метеорология; Геология, палеонтология, минералогия және петрография; Гидрология және океанография. География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу»[1]) — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым: Геология— Жер туралы ғылым (грекше «гео» — жер, «логос» — ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялык қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын курделі дене. Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне физика, химия және математикаға) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғылымдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді. География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе, эндогендік жер астылық) және экзогендік (жерүстілік) іздедестірудің нәтижесінде пайда болатын бедер 15.Саяси және экономикалық ғылымдардың, психологияның, филологияның, әдебиеттанудың және лингвистиканың, тарихтың, педагогикалық ғылымдарға баға беріңіз. 1. Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде: 1) саяси теория; 2) саяси институттар; 3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; 4) халықаралық қатынастарды анықтады. Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет. Саяси ғылымның даму кезеңдері Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал. Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал. Жаңа кезеңде Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды. Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. мен XX ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси бірлестік құрылды. Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі - [[[international Political Science Association]], IPSA]- әлемнің көптеген елдерінің саясаттанушыларын біріктіруші ұйым. ЮНЕСКО шешімі бойынша 1949 ж. құрылған. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен ЮНЕСКО жанында кеңесші мәртебесін алған. Саяси ғы¬лымның халықаралық бірлестігі 40-тан аса саяси ғылымның үлттық бірлестіктерін, 100-ден аса жетекші университеттердің кафедраларын, бір мыңнан аса жеке мүшелерді, танымал саясаттанушыларды біріктіреді. Саясаттанушылардың халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуде, саяси зерттеулерді дамыту мен ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бірлестік штабы Париж қаласы Саяси ғылымдардың ¥лттық қорының жанында орналасқан. Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары: а) саяси ғылымның ұлттық бірлестіктерін дамыту және білім беруге қолдаушылық көрсету; ә) саяси ғылым саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету; б) саяси ғылымның халықаралық бірлестігінің дүниежүзілік конгресс жүмысын ұйымдастыру; в) СҒХБ (МАПН) мүшелері үшін саясаттануға арналған кітаптар, ғылыми журналдар мен ресми ақпараттарды басып шығару; г) саяси ғылымдағы бірлескен халықаралық зерттеулерді қамтамасыз ету. 2. Экономикалық ғылымдар – қоғамның экономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалық өңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі. Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесіне қарай жалпы және нақты (жеке) экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Жалпы жкономикалық ғылымдарға саяси экономика (экономикалық теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады. Экономикалық статистика‚ бухгалтерлік есеп‚ шаруашылық қызметті талдау‚ экономикада математикалық әдістерді қолдану‚ т.б. ерекше орын алады. Нақты экономикалық ғылымдар сала аралық (атқарымдық) белгі бойынша – қаржы‚ несие‚ ақша айналысы‚ баға белгілеу‚ еңбек экономикасы‚ т.б.; салалық белгі бойынша – өнеркәсіп‚ ауыл шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс экономикасы‚ т.б.‚ сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірістердің жекелеген салаларының экономикалық мәселелерін зерделейтін пәндер; аумақтық (аймақтық‚ ел танушылық) белгі бойынша – жекелеген елдердің‚ аймақтардың экономикасын зерделеу бойынша ажыратылады. Бұлайша ажырату шартты сипатта болады. Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай экономикалық ғылымдар іргелі және қолданбалы Экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экономикалық зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіп салаларын‚ жалпы халық шаруашылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. 3. Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. 4. Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлық пәндердің жиынтығы мәтін филологияның алғашқы нақты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ықпал етті. Филологияның ішкі құрылымы екі жақты қарама-қарсылыққа негізделген: бір жағында — нақты мәтіннің қарапайым қызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы қызметі. Mәдениеттің өзін-өзі тануына қызмет ете отырып, филология жазу өркениетінің неғұрлым толысқан шағында пайда болған. Таяу Шығыстың өте жоғары көне мәдениеті тіпті филологияны білмеген, ал батыс еуропалық орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грекияда филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге қатысы тұрғысынан зерттелген. Филологияның жоғарылауы дүниетанымдық ойдың ұлы дәуірлерімен (Аристотельден кейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Үнді филологиясы Панини (б.з.д. 5—4 г. шамасы), Патанджали (б.з.д. 2 ғ.) сияқты грамматистер мен стилистика теорияшылдарын берді. Ежелгі Қытай мәдениетінде де өзінің филологиялык дәстүрі болған (5—6 ғ. Лю Се т. б.). Бірақ жаңа дәуірге дейін Үнді филологиясының жетістіктерімен таныс болмаған Еуропа филологиясы үшін негізгі білім көзі Грекия болды, онын негізінде Гомер ілімі жатты. Софистер дәуірінде (б.з.д. 5—4 ғ.) филологияны жетілдіруге Протагор, Горгий, Продик айрықша еңбек етті. Грек әдебиет теориясы Аристотельдің "Поэтикасында" толығып жетілді. Эллин дәуірінде филология философиядан бөлініп, онымен Александрия мен Пергамнын кітапханашы-мамандары шұғылданды. Дионисий Фракийский (б.з.д. 170—90 ж.) қазіргі кезде белгілі сөз татары туралы ілімді қалыптастырды. Қайта өркендеу дәуіріндегі ойшылдар антикалық құнды деректердің мазмұнын меңгеріп қоймай, ежелгі дәуірлер тілінде сөйлеп, сол әлемнің рухани дүниесін игеруге тырысты. 16—18 ғғ. Германияда филологияның жана дәуірі басталды. Неміс филологы Ф. А. Вольф "филология" терминін қолданысқа енгізді, 19 ғасырдағы неміс филологтарынын (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) арқасында көне тарихтан филология бөлініп шықты. Сол кезде романтизм және басқа идеялық ағымдардың әсерімен классикалық филологиямен бірге "жана филология", оның түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстану пайда болды. Бірақ кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртұтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыққанына қарамастан, филология баспасөздің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сақтап келеді. Қазіргі заманда гуманитарлық білімді математика сияқты формалдандыруға тырысушылық басым. Математиканың нақты әдістері филологияның шеткі салаларында ғана қолданылуы мүмкін, бірақ оның негізгі мәніне әсер ете алмайды. 5. Әдебиеттану — көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетик. ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстол., тарихнама, библиогр. 6. Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua — тіл) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы. 7. Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие."Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. 8. Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.[1] Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған. |