Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
11.Информатика пәнаралық ғылым ретінде. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұнының өзара байланысын табыңыз. Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрасты Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).ру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар: экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту; қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады. Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар –абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы. «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасн жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды. ХХ ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Электроника табыстары нәтижесінде жасалған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады. 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ элекрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен- тразисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталғаны-мен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді. 70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини - ЭЕМ-дер шыға бастады. Осындай микропрессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды. Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ–дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуге ыңғайлы құрал болып шықты. Бастапқы кезеңде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттігін тудырды. 12.Ақпараттық қоғамның пайда болуын сыни бағалаңыз. Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.[1] Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).[2]] XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпарат-тық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты, екіншісі - индустриалды, үшіншісі - ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар: экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту; қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады[3]. 13. Әлеуметтік информатика проблемаларына деген синергетикалық ыңғайының категориясын анықтаңыз. Синергетика ұғымы қазіргі дискуссияларда кең таралған. Терминнің өзі грек тілінде жəрдем, қатысу, көмекші деп мағына береді. Оның іздерін исихазмде – Византияның мистикалық ағымында табуға болады. Көп жағдайда ол ғылыми зерттеу контекстінде «келіскен іс-əрекет, үздіксіз ыңтымақ, бірлесіп қолдану» деген мағынада қолданады. Ғылымның бүкіл даму тарихында оған философиялық идеялар мен принциптер зор әсерін тигізіп отырды. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап неопозитивизмді жақтаушылар ғылымды, өздерінің пікірі бойынша, еш мәні жоқ философияның немесе метафизиканың1 ықпалынан босату үшін көп әрекет жасады. Осы мақсатпен олар философия мен ғылымның арасына шекара қою программасын ұсынды. Бұл программа бойынша, философиялық идеялар мен принциптер шындықта объектісі жоқ жалған пікірлер деп жарияланды, өйткені оларды эмпириялық тексеру мүмкін емес. Егер эмпириялық тексеру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бағаласа, онда таза математикалық білімдер де, тіпті жаратылыстанудың жалпы теориялық қағидалары да жалған деп жариялануы тиіс қой. Шынына келгенде, философияның және абстракциялық ғылымдардың жалпы қағидаларының эмпириялық тексеруге көнбеуі олардың объективтік мазмұнын жоққа шығара алмайды. Бұл жағдай философия мен абстракциялық ғылымдардың эмпириялық ғылымдарға жатпайтындығының ғана көрсеткшті болып табылады. Философия пайда болғаннан бері дүниенің құрылысы және ондағы адамның алатын орны туралы, ең бастысы, шындық дүниені танып білудің мүмкіндігі мен қиындығы туралы жалпы мәселелерді талдаумен айналысқандықтан туған оған тән сипат ойша дерексіздену болды. Жоғарыда аталған проблемалармен нақты ғылымдар да азды-көпті айналысатындықтан, олардың да философия мен ғылымның арақатынас проблемасына көңіл аударуы табиғи нәрсе. Бұл проблема, біріншіден, философиялық идеялардың ғылымды негіздеуге тигізетін әсерін қарастыруды, екіншіден, философияның ғылыми ізденістің эвристикалық құралы ретіндегі рөлін анықтауды, және, үшіншіден, философиялық проблемалар қоюға ғылымның тигізетін әсерін анықтауды қажет етеді. Кезінде антик заманының философтары да дүниедегі алуан түрлі заттар мен құбылыстарды бір алғашқы бастаманың көмегімен түсіндіруге әрекеттенгені белгілі. Антик философиясының бастамашысы Фалес және басқалар дүниенің алғашқы элементтерін немесе "стихиясын" сезімдік қабылдауға болатын заттармен (Фалес - сумен, Анакси-мен - ауамен) тепе-тең қарастырып түсіндірді, ал Гераклит дүниенің бастама негізі от деді. Мұндай түсіндірулердің тұрпайылығына қарамай, олардың бәрінің орынды жағы бар еді-дүниенің алуан түрлілігін бір ортақ материалдық нәрсемен, сезімдік затпен, түсіндіруге талпыну. Сондықтан түсіндірудің бұл сияқты формаларын теорияны немесе дүниенің жалпы бейнесін пайдаланудың алғашқы қарапайым (тұрпайы) формалары деп қарастыруға болады, өйткені одан кейіннен ғылымды түсіндірудің және негіздеудің нағыз теориялық формалары өсіп шықты. Философияның ғылыми білімді негіздеудегі рөлі. Ғылыми білімді негіздеу зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен дәлелділігін, объективтік ақиқаттығын және оны тексеруге болатындығын қамтамасыз етуі тиіс. Мұңдай негіздеуде теориялық жағынан түсіндірудің рөлі ерекше зор. Мұнда теориялық және эмпириялық терминдер арасындағы сәйкестікті анықтау жолымен теориялық заңдардан эмпириялық зандар қорытып шығарылады. Эмпириялық заңдардың көмегімен нақты фактілер түсіндіріледі, өйткені олар жекеше факті ретінде жалпы қорытындыдан шығады. Соның нәтижесінде тек эмпириялық заңдар ғана емес, фактілер де теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Бірақ теориялық түсіндірменің негізгі маңызы онда емес, одан эмпириялық заңдарды тұжырымдап шығарудың арқасында оның өзі де эмпириялық жағынан расталуында, өйткені нақты фактілер мен эмпириялық заңдарды біз тек тікелей бақылау немесе арнайы жасалған эксперимент арқылы ғана тікелей тексере аламыз ғой. Осындай жолмен теория практикамен тікелей байланысты дәлелдеуге ие болады. Негіздеудің философиялық принциптері әрине теориялық зандарды эмпириялық зандар арқылы түсіндірумен ғана шектелмейді. Олар сондай-ақ дәлелдеудің, ұғымдарды анықтаудың және түсіндіру әдістерінің көптеген логикалық принциптерін де қолданады. Бірақ ғылымды дамытуда, оның теорияларын тұжырымдап, жаңа зерттеу салаларында қолдануда теориялық түсіндірмелердің маңызы ерекше зор. Философияның ғылымды дамытудағы эвристикалық және болжаушылық рөлі. Дүниеге көзқарастың негізі ретінде философия пайда болған бастапқы кезінен бері адамды қоршаған дүниенің шығуы мен құрылысы, ондағы заттар мен құбылыстардың себептері сияқты т.б. жалпы проблемаларды талқылаумен келеді. Бұл талқылаулардың нәтижесі кейде ғылымның алдағы бірнеше ғасырлар бойғы дамуына жол көрсеткен кейбір данышпандық болжаулардың жасалуына алып келді. Сондай болжамдардың бірі Демокрит ұсынған материяның атомдық құрылысы жайлы идеясы еді. Бұл ілім антик заманындағы алғашқы тұрпайы материалистік көзқарастарға ғана емес, ең алдымен дүниенің өзгерісі мен дамуын теріске шығарған Парменидтің біртұтас өзгеріссіз болмыс туралы іліміне қарсы бағытталған еді. Дүниенің мұндай бейнесіне Демокрит те қарсы шықты. Ол дүниедегі заттардың бәрі ең ұсақ белшектерден-атомдардан тұрады, әрі қарай одан ұсақ бөлшектерге бөлінбейтін (грекше аtoms -бөлінбейтін дегенді білдіреді) бұл атомдар бос кеңістікте ұдайы қозғалыста болады, өзара түрліше біріге отырып, алуан түрлі заттарды құрады деді. Сөйтіп дүниедегі кез келген өзгеріс сайып келгенде атомдардың түрліше қосылысы болып табылады деп түсінді. Демокриттің дүниенің атомдық құрылысы жөніндегі бұл данышпандық философиялық идеясы кейін ғылымдар үшін зерттеудің негізгі программасына айналды. Классикалық механика мен физикада атомдар заттың бүкіл массасы шоғырланған материалдық нүкте ретінде түсінілді. Атомдардың құрылысы күрделі екендігі ашылғаннан кейін атомдар бір-біріне қарама-қарсы корпускулалық және толқындық қасиеттері бар элементар бөлшектерден тұратын зерттеу объектісі деп қарастырылатын болды. Сөйтіп, дүниедегі өзгерістер мен қозғалыстардың мүмкіндігі туралы таза философиялық проблеманың шешілуі бақылауға болатын заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен заңдылықтарын бақылауға болмайтын атомдар мен молекулалардың көмегімен түсіндірудің мықты программасын іске асыруға көмектесті. Осы жолмен физика мен химияда газдың көлемі мен қысымы арасындағы кері пропорциональдық заңын, газдың температурасы мен көлемі арасындағы тура пропорциональдық заңын, химиялық құрамның тұрақтылық заңын, т.б. эмпириялық зандарды түсіндірудің мүмкіндігі туды. Атомдардың күрделі құрылысы ашылып, заттың массасы мен қуатының арасындағы байланыс анықталғаннан кейін ғалымдардың бұл қуатты адамзаттың мүддесіне пайдалануына мүмкіндіктер туды. Термоядролық реакция кезінде атом ядроларының синтезделу қуатын игеру бүдан зор мүмкіндіктер тудыратыны сөзсіз. Мұның бәрі материяның аса ұсақ бөлшектерінің бар екендігі жайлы адамзаттың таза ақыл-ойынан шыққан философиялық идеялары біртіндеп осындай орасан зор теориялық және практикалық жетістіктерге алып келгенінің айқын дәлелі болып табылады. 14. Интернеттегі киберкеңістік ұғымы және оның философиялық мәнін талқылаңыз. Әрбір қоғамның өзіндік құндылық¬тары¬ның маңызды өлшем екенін қанша жерден мойындасақ та, әлемдік мәдениеттегі қазіргі жағдайды көбінде еуропалық өмір үлгісінің басымдық танытуы деп қарастыруымыз керек. ХХ ғасырда бұл жағдайды ойшылдар еуроорталықтық деп атады. Еуропалық құндылықтар жүйесін орнықтыруға Еуропаның және АҚШ-тың экономикалық, технологиялық және әскери басымдылығы қуат беріп отыр. Оның үстіне қоғамдық пікір тудыратын ақпарат тас¬қы¬нының 70-80 пайыздайын қадағалап отыр¬ған, көпшілік мәдениетін қалыптастыратын киноиндустрия өнімінің жартысынан көбін шығарып отырған англо-американдық, де¬мек, бастыстық мәдениет өз өмірінің стан¬дарттарын бүкіл әлемге үлгі етіп тық¬¬палауы таңғаларлық жағдай емес. Адам әлемінде болсын, адамзат мәдениетінде болсын жоқтан еш¬теңе пайда болмайды. Осы қазіргі за¬ман мәдениетіне алғышарт бол¬ған, осы кезеңнің құндылықтарын даярлаған мәдени дәуірлер қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін сонау ренессанстық гуманизмнің қалып¬тасуын, реформацияның зайырлы¬лық принципіне жол ашуын, ағар¬ту¬шылық дәуірінің жалпылай сауат¬тылық пен білім құндылығын алға тартқандығын еске алу керек. Осы аталғандардың барлығы әлемді діни билік құрсауынан шығаруға, ғылым-білімнің жетістіктерін өмірде кеңінен пай¬далануға және адамның жеке тұлғасының қадір-қасиетін мойындауға алып келгендігін айта аламыз. Сонымен, қазіргі заман мәдениетінің негізгі сипаттамаларына тоқталар болсақ, төмендегілерді баса айту керек сияқты. Қазіргі заман мәдениеті рационализмнің орныққандығымен анықталады. Рациона¬лизм – таным мен іс-әрекеттің түп тамы¬рын адамның ақылымен байланыстырып пайымдайтын көзқарастар жиынтығы. Қа¬зіргі мәдени дәстүрдің рационалистік дәс¬түр екендігін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ ол дегеніміз – бұған дейінгі мәдени кезеңдерде рационалистік көзқарас жоқ еді деген сөз емес, өйткені адамзат мәдение¬тінің қай-қайсысына болсын ақыл-зердеге (рационға) негізделу тән. Демек, әр мәде¬ниет¬тің, тіпті, әр тарихи-мәдени кезеңнің өзіндік рационалистік дәстүрі бар екендігін ескергеніміз жөн. Ал жалпы адамзаттық рационализм ара¬сынан осы қазіргі замандағы рационализм несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, оған шындыққа деген ерекше қатынастың тән екендігін айта аламыз. Атап айтар болсақ, бұл рационалистік дәстүрде шындық қада¬ғалау мен бақылауға, есептеуге келетін шын¬дық есебінде, яғни көз алдыңа нақты елес¬тетуге болатын шындық есебінде алы¬на¬ды. Есептеу, соның негізінде нақты жос¬парлау, жоспардың орындалуын қатаң қадағалау, міне, шындықты нағыз көзге көрі¬нерлік шындық ететін рационализм, немесе қазіргі рационализм деген осы. Бұл рационализмнің еуропалық ра¬ционалистік дәстүрден бастау алатындығын да баса айтқан жөн. Еуропалық рациона¬лизм¬нің кредосын жасап берген Рене Де¬карт болды. Оның түсінігінде, әлемдегі кез келген бар нәрсені әдіс (метод) арқылы, де¬мек, белгілі бір процедуралар жүйесі арқы¬лы тануға болады. Ғылыми танымның әдісі танымның математикалық операцияларына сүйенген шақта ғана дәйекті де ақиқат нә¬тижелер береді деп білген Декарттан бастап, осы тәсіл тек қана жаратылыстанымдық ғы¬лымдарда ғана емес, гуманитарлық ғылым¬дарда да қолданыла бастады. Сол кезеңнен бастап, “Білім – күш” деген қанатты сөз тағы бір рационалистік ұс¬танымдағы Ф.Бэконның арқасында ел арасына кең тарады. Адамның ақыл-ойы¬нан тысқары қалатын ештеңе жоқ деген қа¬ғидатты ұстанған, ғылыми әдістеме арқылы бар¬лығын танып-білуге талпынған адамзат¬тың еуропалық бөлігінің экспансиясы сол еуропалық мәдениеттің әлемге кеңінен тарауына бірден бір себеп болды. Бірақ сол экспансия арқасында басқаларды бодандау саясаты мен табиғатты аяусыз қанау да жүзеге асырылғандығын ұмытпаған абзал. Рационализмнің соңынан ерген ғылым-білім ғасыры техника әлемі деген ғаламатты туындатты. Техниканың жетістіктері адам мен оны қоршаған ортаны танымастай өзгерт¬ті. Жеке бастың еңбек үдерісін көпшілік-конвейерлік өндіріске дейін көтерген техникалық прогресс жер шарын бір үлкен фабрика-зауытқа, ал тіршілікті қандай да бір алып механизмнің әрекетіне айналдырып жібергендей. Қазіргі заман мәдениеті техницистік мәдениет, яғни тех¬никалық прогресс пен техниканың ма¬ңыз¬дылығына құдайдай сенетін мәдениет. Техницизм қатаң мамандану үдерісін тудыр¬май қоймайды. Техникаға негізделген өндіріс процесі барысында адамдардың көпшілігі техникалық үдеріске қажетті бір бөлшек есебіне жүреді. Мәдениеттің прагматикалануы, яғни “пайда” ұғымы тұрғысынан негізделуі де осы қазіргі заманның айдары. Адам әре¬кетінің барлығы практикалық бағыт алып, келтіретін нақты пайдасы, есепке алынатын нәтижесі тұрғысынан құрылымданады. Есеп, пайда және ұтымдылық – бүгінгі прагматикалық әлемнің ұрандары осылар. Ақпараттану идеологиясы ақпараттық мәдениет феноменін дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені, қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің бар¬лық саласына әсер етіп отыр. Ғаламтордың пайда бо¬луы¬мен бірге, әлемдегі адам¬заттың өзара тәуелді байланысының қа¬лып¬та¬суы – жаһандану үде¬рісін туындатты. Жа¬һан¬дануға адамзат өміріне саяси-эко¬но¬микалық өз¬герістер әке¬летін кұбылыс деп қана қа¬рауға болмайды. Жаһан¬дану ұлттық құн¬дылық¬тар¬ды сақтай оты¬рып, ғалам¬дық қаты¬нас¬тарға бейім¬делу деген үлкен мәселені күн тәр¬тібіне қойып отыр. Міне, қысқаша қайыр¬сақ, қазіргі заман мәде¬ние¬тіне тән сипаттамалар реті осындай. Ары қарай қазіргі заман мәдениетінің бедерін салып отырған ақпараттық техно¬ло¬гияларға, олар туындатқан рухани мәде¬ниет үлгілеріне нақтырақ тоқталуды қажет көріп отырмыз. Компьютерлік технологиялар жетістігі¬нің арқасында адамда жаңа “өмір сүру” кеңістігі (көзбояу болса да) – киберкеңістік пайда болды. Ол кеңістікте бүкіл әлем бізге монитор экранынан нақты шындық іспет¬тес болып көрінгенімен, ол өзінің қолмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырылған мөлдір әлем. Ғаламторды постмодерн (модерн дәуірі¬нен кейінгі) заманының ұлы гипермәтіні деуге болады. Қазірде ғаламтор бірнеше мил¬лиондаған компьютерлердің басын қо¬сып отырған ашық жүйе. Ғаламтор әу бас¬тан либералды мәнге ие. Онда көп нәрсеге рұқсат етілген. Ғаламторға ілінген мәтін еркін пайдалануға берілген мәтін. Сон¬дық¬тан мәтін авторы өз шығармасын ғалам¬торға ілу арқылы оны өзінен шеттетумен пара-пар әрекет жасайды. Нәтижесінде ав¬торлық құқық, гонорар сынды баспа мәде¬ниетіне тән ұғымдар өзінің бұрынғы мәні¬нен айырылады. Ғаламторды көз алдыңа жақсылап елес¬тету үшін біз постмодерн дискурсының өзін¬дік ұғымы “ризомаға” жүгінеміз. Бұл терминді Жиль Делез бен Феликс Гварттари ботаникадан алған. Онда ризома – өсімдіктің тарамдалып тамырлану түрі. Яғни, оның қайдан тарағанын анықтау мүмкін емес деген сөз. Ғаламторлық технологияларды сипат¬тауда ризома таптырмас бейнелі ұғым. Ри¬зома табиғатынан орталықсыздандырылған, иерархияға бой бермейтін құрылым. Сон¬дықтан оның ешбір нүктесі басқасына қатысты басымдық таныта алмайды, сол сияқты, қос нүкте арасында да ешқандай айрықша бөлек байланыс қалыптаспайды, өйткені онда бәрі бәрімен тікелей байла¬ныс¬ты. Кең мағынасында “ризома” пост¬мо¬дерн әлемінің бейнелі сипаты бола ала¬ды, өйткені онда орталықтану, реттілік пен симметрия жоқ. Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдарғы шын¬дықтан мүлдем бөлек. Ол виртуалды шын¬дық туындатқан ғайып болмысқа бай¬ла¬нысты. Осы “виртуалды шындық” тіркесі қа¬зір оңды-солды көп қолданылып жүр¬гені¬мен, оның мағынасының түсініксіз, көмес¬кілеу екендігі белгілі. Әдетте, бұл термин ком¬пьютермен байланысты пайдаланы¬ла¬тындығы ғана анық. Виртуалды шындық әлемінде бізге үй¬реншікті кітаби мәдениет мәтіні де өзге¬ріс¬ке ұшырап отыр. Бұрынғы бірөлшемді, бір сызық бойына тізбектелген бір жазық¬тық¬та¬ғы түзу мәтін орнына көпөлшемді элек¬тронды гипермәтін келді. Гипермәтін ке¬ңістігінде бірнеше мәтіннің қатар орна¬ла¬суы мүмкін, тіпті, мәтіндегі кез келген сөз немесе автор туралы бүкіл керекті мағлұ¬мат¬ты ала алатын басқа сайт парақтары тұруы мүмкін. Кәдімгі кітапты оқып отырып біз оның кеңістіктегі шегінен аса алмаймыз, онда көрсетілген сілтемелер бойынша қызық¬тыр¬ған нәрсені әлгі кітапты тастап барып қана, басқасын іздеп тапқаннан соң оқи аламыз. Ал киберкеңістіктегі виртуалды шындықта орналасқан гипермәтінде біз бір мәтіннен келесі мәтінге алдыңғысында тұрып-ақ лезде өте аламыз. Виртуалды шындық мәтін оқудың ғана емес, мәтін жасаудың да (“жазу” деген сөзді әдейі¬леп пай¬даланбай отырмыз) жаңа жолдарын ұсынып отыр. Бүгінгі заманда көп¬шілік шығарма жазбайды, мәтін құрастырады. Құрас¬тыру (аннан-мыннан, анадан-мынадан, тиіп-қа¬шып...) – интермәтін¬ді¬лікпен анық¬талған жаңа шығарма¬шы¬лық түрі. Ин¬тер¬мәтін де¬ге¬німіз мәтін¬дердің өзгеріске түскен нұсқасы, мәтін¬дер¬дің бір-біріне кірігуі. Бұл ұғым мә¬тінді жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермәтіннің негізгі қасиеті оның іштей әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Интермәтін өзге мәтіндерге қатысты шы¬ғарылады. Ол тек бұ¬рын¬ғы мәтіндерге қатысты емес, өзінен кейін жазылған мәтіндерге де қатысты. Қазіргі заман мәдениетін терең зерт¬теушілердің бірі Роллан Барт “Автор өлімі” туралы айтады. Айта кететін бір жай, бұл ХХ ғасырдағы зиялылар айтып жүрген көп “өлімдер” ішіндегі тағы бір өлім. |