Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
15.Қазіргі замандағы ғылымды таңдап алып түсіндіріңіз. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдер ғылымға жалпы ұлттық кірістің 2-3 % жұмсауда. Бұл шығындарсыз елдің қорғаныс және өндіріс саласының жоғары деңгейін сақтап қалу мүмкін емес. Ғылым экспонент бойынша дамуда, яғни ғылыми ақпарат пен ғылыми еңбектердің көлемі әр 10-15 жыл сайын екі есе көбеюде. Ғылымдардың көбеюі нәтижесінде ғалымдардың да саны ұлғаюда. Егер 1900 жылы ғалымдардың саны 100000 болса, қазіргі кезде олардың саны 5000000 - ға жеткен (яғни Жер шарында тұратын әрбір мың адамның біреуі). Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Орташа сұрақтар: 1.Ғылым және адамзат тарихындағы технологиялық төңкерістерін талқылаңыз.Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет. Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас. Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасында ғылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жанат МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік. Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет. Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас. 2.Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісін негіздеңіз. «Ғылымның философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар мен принциптерін, жəне танымдық қызметке жалпы бағытты береді. Қалыптасқан білімді негіздеумен бірге ғылымның философиялық негіздері эвристикалық /жаңа теорияны шығару/ жəне методологиялық функцияларды атқарады. Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау жəне синтездудің нəтижесінде құрылған реалды дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пəніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін. Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тəжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану /17 ғ./ классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория /20 ғ./ келесі түрін ұсынды, қазір – синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рольді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болғансон қалыптасуында соны содан негіз алады. Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым əлеуметтануымен, ғылыми шығармашалақтың психологиясымен, ғылымтанумен. 20 ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала – ғылым философиясы пайда болды. Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың жүйесі. Ғылыми білімнің құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар, əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құңдылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің басқа күрделі құрылысы бойынша: мəселелер, мақсаттар, тəжірибе фактілер, эксперименталді фактілер, зерттелетін объект туралы жалпы білімдер жиынтығы, онтологиялық схемалар мен суреттер, модельдер, құралдар /тіл, ұғым, категориялар/, əдістер мен методикалар. Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды. Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет. Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы мәселе жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады. Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі — білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады. Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты. Сонымен бірге, ескерте кеткен жөн, олар тек делелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясынжасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқаша айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалықеді. Дәл осы сияқты жаңа методологиялық әдіс XVII ғасыр-да - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде Классикалық жаратылыстанудүниеге келді. Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың жайлары реформалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объективтісі тікелей дүние заттары мен құбылыстары болмай, сан, сапа, заң т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүние) әлдеқайда жүйелі, логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұргандай болып, айтарлықтай дербес өзіндік болмысын — теориясаласын құрды. Антик ғылымы жасап берген соңдай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады. Осындай жаңалықтардың арқасыңда антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед т.б.), космологиялық моделдер (Аристарх Самосский, Птолемей т.б.) жасап, физика, биология және т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері анықталды. Ол ерекшеліктер 1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді, т.б. Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан 2,5 мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіңдік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмады. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар: а) дәл анықталған фактілер; ә)бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар: б)шындық дүниенің бір қатар құбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар; в)бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми бейне көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі: Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл — ғылымның эмпириялық, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпириялық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді. 3.Ғылыми іс-қызметтің институтциональдық формаларының тарихи дамуы: негізгі тенденцияларын талқылаңыз. Толық ғылыми аймақты қамтитың білімнің құрылыс деңгейінқарастырайық. Бір-неше локалды аймақатардың бар екендігі анық. Бірақ бұл мəселенің қиын да жағы бар. Оны біз былай анықтайық: мысалы, қазіргі физиканың құрылымына не кіреді. Оған алғашқы ашылған теориялар қана кіреді ма, əлде 20 ғ. пайда болғандары ма? Əрине, қазіргі физиканың теория реттілігіне алғашқы теориялардың кейбірі кірмейді, мысалы теплород теориясы. Мəселенің өзектілігі келесі сұрақта тұрады: қазіргі физиканың құрамына генетикалық тұрғыдан қазіргі концепциялармен байланысты, бірақ алғашқа уақытта пайда болған теориялар кіреді ма? Мысалы, біз білеміз, механикалық құбылыстар кванттік механика негізінде сипаттау жасалады. Енді, қазіргі физикалық білімнің құрылымына классикалық механикаға кіреді ма? Біз білеміз жылу құбылыстарға статистикалық термодинамика негізінде сипаттау жасалады. Ал, классикалық термодинамика қазіргі білімнің құрылымына кіреді ма? Осындай сұрақтар қарастырылып жатырған мəселені өзектейді. Жəне тағы бір сұраққа назар аударайық: келешекте бүкіл ғылымдардың салаларын біз қалай бейнелейміз? Бұл мəселенің анық тенденциясының бірі – бəріне ортақ, олардың негізінде басқа теориялар нақты оқиға сияқты қарастырылатын пəндік аймақтың фундаменталды принциптерінен тұратын теория. Осындай бүкіл пəндік аймақты қамтитын, бəріне ортақ теорияны құрастыру жағдай физика, биология, география т.б. тарихында жие кездеседі. Əр ғылымның аймақтарында бұл ұстанымы айқын. Мысалы, 20 ғ. аяғына дейін осындай ортақ теория ретінде механиканы ұсынған, оның негізінде бүкіл физиканы құрастыруға болады деген. Содан кейін, осы мүмкін емес деп шешті. Жалпы теория ретінде электродинамиканы ұсынған, бұл да мүмкін емес болып шықты, себебі, байланыстың əр-түрлері электромагниттік, күшті, əлсіз, гравитациялық бір теорияға біріктіруге болмайды. Жəне ортақ нөль теориясын құрастыруға талпыныс болған. Элементарлық бөлшектер физикасының жетістіктері бойынша осы жолда фундаменталды нəтижелер пайда болды. Біз осыған қалай қараймыз? Осы сипатталған бейнені ғылымның сол аймағының құрылымының идеалы деп санауға болады ма? Бұл күрделі сұрақтар. Бірақ, осы сұраққа жауап беру үшін оның шеңберінен шығу қажет, оны кеңейтейік жəне келесі экстраполяцияларын көрсетейік, содан кейін мəселеге қайтып келуге болады. Физикада бəріне ортақ теорияны құрастыруға болады деп мүмкіндік еңгізейік. Осындай теорияны физика аймағында құрастыруға мүмкіндік бар болса, неге біз осындай реттілік бойынша химиялық құбылыстарды қарастырмаймыз. Химиялық құбылыстар да сол физикалық байланыспен негізделеді. Ал, енді сол химиялық құбылыстарды да қамтитын физикалық теория құрастырылады деп болжау жасайық. Электромагниттік пен жылу құбылыстардың шекарасы, электромагниттік пен химиялық əлде жылу жəне химиялық, немесе физикалық пен химиялық приниципиалдық түрде сонша өткір емес. Ал, принципиалды түрде физикалық пен химиялық құбылыстарды құрастыратын ортақ теория мүмкін десек, неге ол биологиялық құбылыстарды да қамтымайды, себебі, молекулярлік деңгейде биологиялық процестер де нақты физикалық-химиялық байланыстан тұрады. Сондай физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды біріктіретін теория бар деп болжау жасайық. Яғни, келешекте бүкіл реалдылықтың оқиғалары қарапайым физикалықтан бастап қиын əлеуметтік құбылыстарға дейн сол жалғыз фундаменталды теория арқылы түсіндіруге болады ма? Мысалы, механика негізінде аспан, сұйық жəне газ денелері сипатталады. Бұндай глобалды бағдарлама күмəн тудырады, себебі, тек қазіргі реалдылықтан алшақ болғансон емес, сонымен қатар, ол ғылым құрылымы туралы сұрақты тым қарапайым түрінде шешкісі келеді. Бұл бағдарлама əр- түрлі пəндік аймақтардың өзгешелігін ескермейді. Əрине, біз физикалық, математикалық жəне тарихи білімді «ғылым» деп біріктіреміз, оны біз басқа адамзат мəдениетінің сфераларынан, іс- əрекеттерінен нақты универсалды принциптер мен қатарлас белгілер арқылы ажыратамыз. Мүмкін, жалпы ғылым шеңберінде оларды ажырататын өзгешеліктеріде айқын. Бір теорияда қазіргі ғылымдағы ғылыми ойлау стильдерінің түрлері мен таным əдістерін біріктіруге бола ма? Əлде ол тек уақытша құрылыс функцияны атқаратын теория ма? Яғни, жоқ, жəне ол тарихи өзгеріске бағынатын құбылыс. Осы интуицияға бағыт алып осы нақты бағдарламаның қателігін анықтайық. Біріншіден, əр-түрлі ғылымда сипатталатын объектілер өзгеше. Мысалы, физика мен тарихта, бұл жерде əр-түрлі объектілерді біз ортақ принциптер арқылы көрсете алмаймыз. Осы мəселені нақты көрсетейік. Əуелі айтып кетейік, физикалық құбылыстар адам санасынан тыс. Олар туралы білімдер өздеріне əсер етпейді. Ал, əлеуметтік объектілер туралы білім сол объектілерге əсер жасайды ма? Əрине, олай деуге болмады. Мысалы, 2000 ж. энергетикалық дағдарыс болады деп болжаған. Осылай болса, адамдар термоядерлық синтез аймағында жедел зерттеу ізденістер жасайды. Яғни, əлеуметтік объект туралы бағдарлама сол объектті өзгертуге қолданылады. Адамның болашағы туралы білім сонша болжамды потенциалды келешекті өзгерте алады. Реалдық түрде ол болмайды, себебі, ол болжау. Ал физикада басқа жағдай. Жəне сонша жалпы бəрін біріктіретін принциптерде табылмас. Басқада айырмашалақтарға тоқтауға болады. Физикалық құбылыстар əлеуметтікке қарағанда қарапайым болып табылады. Осы жағдай интеллектуалдық бақылауға негіз беретін себеп, яғни, қиын физикалық құбылыстарды математикалық теориялар арқылы ашылады. Сөйтіп, абстрктілі объектілер негізінде сипатталатын физикалық құбылыстар қарапайым. Мысалы, бұл жағдайда, теорияның идеалды функциясын атқаратын адамның бір абстрактілі бейнесін құру қажет, оның қасиеттерін, басқа адамдарға жəне қоршаған ортаға қатынасын, жəне сол негіз арқылы бүкіл əлеуметтік объектілердін қатынасын құруға болады. Бірақ бұндай жол арқылы нəтижеге жетсекте, бірақ физикада орын алатын, сондай қатал жəне толық теория мүмкін емес. Осындай ережемен біз биология, география, геология жəне т.б. құбылыстарды сипаттауда кездесеміз. Осы ғылымдардың объектілері физика объектілеріне қарағанда қиын, сол жағдайда, сандық теорияны құруда қиыншылық туылады. |