Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
11. Ежелгі Греция ғылымның отанын көрсетіңіз Нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан басталды делінеді. Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді. Қул иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді.Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды..Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды. Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм програм-масы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды.Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол Де-мокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.Ертедегі гректер ой-қиялдары жетілген, бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы, дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер (полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі – енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген философия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай мифологиясы-нан және «жеті данышпан»деп аталатындардың нақылынан бастау алады. Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол кездердегі Шығыс елдеріне өте ұқсас болған. Он жерде сондай-ақ бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым мүшкіл еді: көпшіліктері ірі жер иеленушілерге қарыздар болудан көз ашпайтын.Алайда билік басына солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді. Ол б.з.д. 594 жылы жер аристократиясынан зорлық-зомбылық көрген жұртшылықты қорғауға бағытталған ірі реформалар жасады. борыштық құлдыққа тап болғандарды азат етті. Кейіннен барлық осы ірі өзгерістер клисфен конституциясында (б.з.д. 509 жыл) бекітілді.Нәтижесінде, демократияның азаматтық теңдік, сөз бостандығы, елдің барлық азаматтарының мемлекеттік лауазымдарды иелену құқы сияқты құндылықтары пайда болды. Адамдар шын мәнінде азат бола бастады: қоғам өмірінің, мемлекет өмірінің мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысты. Осы факторлардың барлығы адамдардың та-ланттары мен дарындарынашуға жеткізіп, қоғам оларды бірегейлігі, қоғамды жетілдіруге сіңірген еңбегі дәрежесіне қарай бағалай бастады. Ежелгі Грекияда еркін адамдар дене еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол себепті олар (гректер) еркін ақыл-ой қызметімен ғана айналысып, еңбек құралдарын пайдалануға, оларды жетілдіруге аса көңіл аудара қоймады. Ақыл-ой қызметін олар ғылым деп атап, қалғандарының барлығын «техне», яғни кәсіптің, өнердіңқатарына қосты. Ежелгі Грекияда да ғылым бастаулары нақты өмір қажеттіліктерінен пайда болған деп айтуға болады. Алғашқы математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және көрсету жолымен беріліп отырды. Сондай деп Фа-лес – суды, анаксагор – ауаны, гераклит Эфесский отты санауды ұсынады. Ал анаксимандрдың ойынша, әлемнің негізін табиғаттың нақты бір заттарынан іздеу мүмкін емес. Әлемнің бастауы – апейрон – әлдебір белгісіз және шексіз нәрсе болуға тиіс. Фалестіерекше бөле жарып айтуға болады. Оның үстіне, соны ғана кейбір ғалымдар еуропалық ғылым мен философияның негізін салушыдеп атайды. Ол Мысыр пирамидаларының, көптеген ескерткіштер мен ғибадатханалардың өлшемін алуға қол жеткізді. 12. Орта ғасырдағы Европадағы ғылыми танымды пайдаланыңыз Француз зерттеушілерінің позитивистік тарихнаманы сынаулары 1890- жылдардан басталды, 1920 жылдығының бірнеше онжылдығында бұл сынаулардан тұтас позитивистік программа құрылған емес. ХХ ғасырдың басында антипозитивистік орталықтың негізі ретінде Эмиль Дюрггеймнің (1858 – 1917) әлеуметтік мектебі болды, ол «Социологический ежегодник» және «Международный центр синтеза» деген журналдар басып шығарған, ол Анри Берромен (1863 – 1954) «Обозрение исторического синтеза» деген журналымен бірлесіп шығарды. Бұл мектептер позитивизмнің фактографиясына, иррационализм мен спиритуализмге қарсы шықты. Беррдың ойынша, тарихи синтезге шақырулар тарихқа деген тәжірибедегі іс өимылдармен бірдей, болашаққа ретроспективті түрде болды. Дюркгеймнің жақтастары тарих және әлеуметтану бірлігі үшін шыға бастады, себебі, тарих әлеуметтану қорытындылары үшін негізгі матриалдары болып есептелінді. Позитивистік тарихнаманың критиктері болып жатқан жағдайларға әсер ететін терең факторлар болады деп есептеген. ХХ ғасырдың басында француз тарихнамасында негізгорынды саяси тарих және идея тарихы (саяси- құқықтық, административтік, дипломатиялық және әскери тарих мамандықтарымен) алды. Әлеуметтанудың ықпалымен экономикалық және әлеуметтану тарихы қалыптаса бастады. Зерттеудің дәстүрлі кеңістігі кеңейе бастады, және Жерторта теңізінің бассейні мемлекеттерінің тарихымен жұмыс істеуде, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің тарихы қызықтыра бастады. Студент тарихшылардан ұйымдар құрылды және Париж университетінің құрамына Хартия ұлттық мектебі, Жоғары орта мектебі, Әлеуметтік білімдердің практикалық мектебі кірді. ХХ ғасырдың басында Францияның жаңа тарихын зерттеу бірнеше түрлі профессионалды тарих ұйымдарымен бөлінді, олар мемлекеттегі тарихтың негізгі кезеңдері мен проблемаларын зерттеумен болды, «Общество исследования эпохи Рабле» және «Шестнадцатый век» атты журналадары, қоғам және бюллетеньдері «История французского протестантизма», общество и журнал «Восемнадцатый век», сонымен қатар, қоғам және журналдар «Французская революция», «Политические науки», «История французских колоний» болса, «Военная история» және «История экономических и социальных доктрин» атты журналдары болды. Бұл журналдар өздерінің ғылыми программаларымен зерттеушілік мектептердің өмірге келуіне ықпал етті. Мемлекетте сонымен қатар, көптеген жергілікті тарихи қоғамдардың беделі түсе бастады. 1830, 1848, 1870 – 1871 жылдардағы француз революциясына қатысты құжаттар және осы проблемаға байланысты монографиялар шыға бастады. Француз тарихшыларына қатысты саяси көзқарастарды көбінесе француз тарихы ғылымында либералды- республикалық бағыттағы тарихшылар білдірді. Олар консервативті бағыттағы тарихшылармен қарсыласты, бұл тарихшылардың айтуынша, тарих ғылымға емес, керісінше өнерге және әдебиетке жақын деді. Оңды көзұарастардағы тарихшылар өздерінің трактаттарында Францияның атағын шығарған Бірінші империя кезіндегі, Наполеонның беделдігіне өте үлкен мән берген. 1912 жылы оңды көзқарастардағы тарихшылар наполеое кезеңінің тарихын зерттеуге қатысты Қоғам құрды.Осы кездегі ірі мамандардың бірі Альбер Вандаль (1853 – 1910) болды. Радикалды-демократиялық және әлеуметтік бағыттағы тарихшылар өздерінің саяси көзқарастары бойынша тематикамен айналысты. 1907 жылы демократияға жақын тарихшы Альбер Матьез (1874 – 1932), робеспьеризмді зерттейтін Қоғам құрды, «Анналы французской революции» атты журнал шығарды. ХVІІІ ғасырдың аяғындағы революцияны зерттеудегі жұмыстарды мемлекеттегі әлеуметтік қозғалыстың бір басшысы Жан Жорес (1859 – 1914) еді. Ол көптомды «Социалистической истории 1789 – 1900 гг.» деген еңбекті шығарды. Француз тарихнамасында кезеңде француз тарихын зерттеп оған баға беруде, көптеген жетістіктермен бірге, субъективті жақ көп болды, мәселен, консерватизмді субъектизм солшыл либералды ссубъектизммен қарсыласты. Үшінші республикадағы тарихи сана белгілі тарихшылармен бірге буржуазиялық республиканизм түрінде қалыптасты, олар реформизмді жандандырып, монархизм және социализмге қарсы тұрды. Тарих ғылымы Университетінің, мектептегі білімнің, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тәрбиеші, әрі ірі ұйымдастырушысы Эрнест Лависс (1842 – 1922) болды, ол А. Рембомен бірге 12- томдық «Всеобщую историю» еңбекті шығарған, сонымен қатар, 1884 – 1950 жылдары миллиондаған басылымдарымен бастауыш сыныптарға Франция тарихына байланысты кітаптар шығарған. Мектепке арнаған еңбегінде отанына деген патриотизмін көрсетіп жазады, ал республика деген барлық Франция тарихының қорытындысы деп есептейді. 13. Шығыс ортағасыр ғылымды табыңыз Ортағасырлық Шығыс философиясын екіге бөліп қарастыруға болады: 1.Араб тілді мұсылман-шығыс философия; 2. Түркі тілді мұсылман-шығыс философиясы. Шығыс философиясы грек философиясымен байланысты үзбей, оларды қабылдап, сақтады. Сондай-ақ негізгі мәселесі – Ислам және оның догмалары болды. Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары: Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу; Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді; суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу. әл-Кинди (800-879) – Араб тілді ортағасырлық философияның алғашқы өкілі. Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты. Адам ақыл иесі, ол өзін-өзі ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады. 4 түрлі ақылды көрсетті. 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3- - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл. Танымның 3 түрлі деңгейін. 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық). әл-Фараби (870-950) – шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі. Аристотель шығармаларының шығыстағы комментаторы. Философиясына болмыс мәнін түсінуге тырысты. Негізгі еңбектері «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің көзқарастыры», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. бақытқа ұмтылудың себебі – адамның өзін-өзі жетілдіруі мен саясаттың соңғы мақсаты деп түсіндірді. Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) – ғылымдарды класификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теоретикалық. Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар : физика, математика, метафизика. Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады. Ибн-Сина философия мен теологияның ерекше статустары туралы айтты, кейін ол Ибн-Рушдтың «екі удайлы ақиқат теориясынан» көрініс тапты. Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) – Кардова халифатының тұсында Испанияда өмір сүрген араб-испан философы, «фальсафа» (философия) терминін ендірген. Материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік. Ол жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек. «Екі удайлы ақиқат» теориясы – ғылым мен философияны дінен босату керек, бір ғана шындық бар, ол – философиялық шындық деген. Түркі тілді философия. Ж. Баласағұни, «Құтты білік», Қашқари «Дивани луғат ат түркі», А. Яссауи – түркі бұтағының суфизмнің өкілі. 14. Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихын көрсетіңіз. Қайта Өрлеу дәуірі (Ренессанс) – еуропа қоғамындағы жаңа өндірістік қатынастардың пайда болып дамуы және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар кезеңі. Бұл кезең мәдениет пен ғылымның дамуындағы ұлы төңкеріс кезеңі. Антикалық құндылықтар қайта жанданып, прогрессивті дәстүрлер қалыптасты. Жаңа мәдениеттің сипатты белгілері: гуманизм, тар өрісті схоластиканы теріске шығару, адамның ақыл-ойының белсенділігі мен мүмкіндігіне сеніммен қарау. Көркемөнер, мүсін өнері, сәулет өнері, әдебиет бұрын болып көрмеген қарқында дами бастады. Ғылыми білімдердің даму процесі қолдағы бар білімдерді жинақтап, табиғатты танып-білудің жаңа әдістерін ойлап табуды қажет етті. Жаңа мәдениет пен жаңа дүниеге көзқарасының қалыптасуына итальяндық сәулетші, суретші, мүсінші, ақын Микеланджело Буонарроти (1475-1564), Леонардо да Винчи (1452-1519); діни реформаторлар: Мартин Лютер (1483-1546) – Германия, Жан Кальвин (1509-1564) – Франция; ұлы гуманистер: Томас Мор (1478-1535)-Англия; Эразм Роттердамский (1469-1536)-Нидерландия; жазушылар: Франсуа Рабле (1494-1533)- франция; Француз қайта өрлеуі мәдениетінің энциклопедиялық ескерткіші – “Гаргантюда и Пантагрюэль” (5 кітаптан тұрады) романын жазды, Уильям Шекспир (1564-1616)- көптеген мәңгі өлмес романдардың автроы, Мигель де Серваитес (1547-1616)-“Дон Кихот” романының авторы; ғалымдар Джордано Бруно (1548-1600)- итальяндық философ, ақын; неміс математигі Михель Штифель (1487-1567), итальян математигі Николло Тарталья (1500-1557) және Франсуа Виет (1540-1603)- (көрнекті) француз математигі елеулі үлес қосты. Схоластиканың біртіндеп күйреуі мәселелерді батыл қоюға, аристотельдің ілімдерін сынға алуға мүмкіндік берді. Дегенмен де ортағасырлық ойлау стилі басым болды. Ол әр түрлі сиқырлық рецептерге, құралдарға т.б. ғылымнан тыс дүниелерге сенулерден айқын көрінді. Басқаша айтқанда ғылыми ойлау әлі де толығынан көріне алмады, бірақ бақылаулардың нәтижелері туралы ақпараттар легі біртіндеп өсе бастады. Жеке алғанда, географиялық зерттеулер мен жаңалықтар алдымен бақылаушы, кейіннен есептеуші астрономияның дамуына жағдай жасады. Христофор Колумб (1451-1506) Генуяда туды. 12.10. 1492 ж. Американы ашты. Фернан Магеллан (1470-1521) – теңізші. Португалияда туды, жалғыз ғана Әлемдік мұхиттың бар екенін дәлелдеді және Жердің шар тәріздес екеніне практикалық түсініктеме берді.Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Леонардо да Винчи (1452-1519) болып табылады. Итальяндық суретші, ойшыл, ғалым, өнертапқыш. Флоренцияға таяу жерде өмірге келген. Флоренция мен Миланда өмір сүріп, қызмет етті. Өмірінің соңғы кезін француз королінің шақыруымен Францияда өткізеді. Ленардо математика ғылымын жоғары бағалады. Оның айтуы бойынша, математикалық ғылымдар өзінің дәлдігімен айтыскерлердің аузына құм құяды?!Леонардо да Винчи бос сөздер мен дискуссияларға (пікір-таластарға) батыл қарсы шығып, олардың ғылыми негізінің жоқтығын, практикадан алшақ екенін атап өтті. Олар өздерінше әдемі киініп, қоқиланып жүреді, - деп жазды Леонардо. “Олар өнертапқыш – мені жек көреді. Өздері біреудің еңбегін жымқырғаннан басқа қандай еңбек сіңіріпті”. Бос сөз, құрғақ теорияға Леонардо тәжірибеге негізделген білімді қарсы қояды. Өмір бойы кезбелікпен күн кешкен Леонардоның өзінің ғылыми идеяларына жинақтап бір ізге салуға мүмкіндігі болған жоқ. Дегенмен оның күнделік дәптерлері, қолжазбалары (7 мың бетке жуық) сақталды. Леонардоның ғалым ретіндегі ең басты сипаты – болашаққа деген ұмтылысы. Ол жаңа экспериментальдық жаратылыстану бағдарламасын ойластырып ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі кездегі аэроплан, геликоптер, автомобиль, парашюттердің жобасын жасады. Бұл кезеңде математика еуропа мәденитінің маңызды факторы бола бастайды. Леонардо экспериментальдық ғылыммен, механикамен, оптикамен, астрономиямен шұғылдана отырып математиканы ғылыми дәлелдеулерінің үлгісі деп есептейді. “Нағыз және жалған ғылым туралы” деген қолжазбасында мынандай философиялық қорытындыға келеді: Бірінші. “Нағыз ғылымдар дегеніміз тәжірибе арқылы өткен, сонысымен айтыскерлердің аузын жаба білген ғылым… Нағыз ғылымдар өзінің мақсатына біртіндеп, нағыз қорытындылардың нәтижесінде, математикалық ғылымдар деп аталатын арифметика мен геометрияның өлшемдері сан мен шаманың нәтижесінде жетеді. Бұл ғылымдар жоғары дәлдікпен үздіксіз пен үзіктіктің шамалары туралы айтып береді”. “Бірде бір адамзаттың зерттеу, ол егер де математикалық дәлелдеулерден өтпесе нағыз ғылым деп атала алмайды” – деп есептеді Леонардо. Осы айтылған қағидалар шын мәні неде ғылыми танымның өсу мәселесін қамтиды. Леонардоның бұл түсініктері жаңа ғылымның дамуында жоғары бағаланып, оның өкілдерімен: И.Кеплер, Г.Галилей, И.Ньютон, Дж. Максвелл, Г.Герц, А.Эйнштейн т.б. қуатталды.XVІ-XVІІ ғғ. ғылыми төңкеріс дүние танымның барлық жақтарын қамтыды. Бұл дүниеге деген көзақарастағы, дүниедегі адамның орнына деген, ғылыми танымның әдістері мен маңызына деген төңкеріс болды. Оның нәтижесінде жаңа ғылым-эксперименттік жаратылыстану, сондай-ақ жаңа философия пайда болды. Ғылыми төңкеріс Николай коперниктің “Аспан денелерінің айналуы туралы” (1543 ж.) еңбегінің жарыққа шығуына байланысты астрономияда болды. Бұл еңбекте дүниенің құрылымы мен ондағы Жердің орны туралы жаңа түсінік бекітіледі. Нағыз ғылыми төңкерісөзінің шыңына Галилео Галилейдің (1564-1642) іс-қызметінің барысында жетті. ғылыми таным мен ғылымның әдісі туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Галилей мен басқа да ғалымдар мен философтардың арқасында эксперимент, жаратылыстану, әсіресе физика дами бастайды.Коперниктің негізгі жетістігі Күн мен Жұлдыздардың көріністік қозғалысы олардың Жерді айналуымен түсіндірілмейді, керісінше Жердің өзінің осімен тәуліктік айналуымен, сондай-ақ Жердің күнді Жылдық айналып өтуімен түсіндіріледі деген жаңалығы. Осынысымен ол өзінің гелиоцентризм деп аталатын идеясын жасады. Өнеркәсіп төңерісіне себеп болған ғалымдар ашқан жаңалықтарына тоқталып кететін болсақ: Англияда: Кей 1733ж иіру станогыны, Дж.Харгривс 1764ж «Дженни» атты тоқыма машинасы, Э.Картрайт 1784 ж механикалық тоқыма станогы, Дж.Уатт 1765ж бу машинасыны, Джордж Стефенсон 1825ж 8 вагон тіркелген паравоз ойлап тапты. Сондай-ақ, Америкада Роберт Фултон 1807ж бу кемесіні, Э.Уитни 1793ж мақта тазалау машинасыны ашты. Швеция ғалымы Нобель динамитты ойлап тапты. Жаңа заман ғалымдары үлкен ізденісте болды. Жеке тоқталатын болсақ, Англия ғалымы Исаак Ньютон 1665ж әлемдік тартылыс заңыны ашты. Жаңа заман ғылымының қалыптасуында Ньютонның әдістемелік идеялары үлкен маңыздыға ие болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта және нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің,объектілердің математикалық бейнесін жаратылыс ғылым зерттеуінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қолданды. Э.Дженнер шешек ауруына қарсы егуді ойлап тапты; Майкл Фарадей магнит өрісін қиып өтетін тұйық сымның бойында электр қуаты пайда болатынын ашты; Дж.Максвелл 1865ж күн сәулесінің электромагниттік табиғаын анықтады; Д. Джоуль жылуыдың механикалық эквиваленттілігін тапты; Дж.Томсон электр атомын, бірлік зарядын дәлелдеді; Э.Резерфорд барлық атомдардың құрамында ядро бар екендігіні дәлелдеді; А.Флеминг 1928ж пенициллинді ойлап тапты; |