Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
Скачать 0.85 Mb.
|
4. Ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар туралы түсініктердің айырмашылығын түсіндіріңіз. Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастырады. Ғылым – ол білімді өндеу, жаңа ғалымдарды даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-əрекет. Өзінің іс-əрекетінің əлеуметтік табиғаты бойынша ғылым əлеуметтік институт ретінде қалыптасады. Əлеуметтік институт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың əлеуметтік мінез-құлығын анықтайтын əлеуметтік байланыс пен нормалар, əдет пен дəстүрлердің тұрақты жүйесі. Əлеуметтік институттар іс-əрекеттің негізгі сфераларын ретке келтіреді. Əлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, коллективтік таным процесті меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б. Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы. Ғылымның институционалды дамуы – дегеніміз жаңа білімді өндіру, тарату жəне қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың коллективтік іс-əрекеті, жəне ғалымдардың жас ұрпақтарың даярлау. Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми мектептерден бастама алды /пифаргоршылдықтар, Платон, Аристотель мектептері т.б./. Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, светский адамдар білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған. Əр-түрлі пікірлер сынау пікір-таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі қалыптасты /математика, физика, биология, əлеуметтану, психология т.б./. Осы ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пəн деңгейіне айналды, олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мəтін саны көбейіп, ғылыми кезек дайындалып тұрды. Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер жəне шіркеудегі мектептер болған. Олардың ішінде пұтқатабынушылықты жою жəне христиан құңдылықтарды насихаттау мақсаттары қойылған. Бірақ ғылым туралы айтуға əлі болмайды, көп монастырлік мектептер мен скрипторийлерде кітаптарды көшірумен айналысқан жəне сол жерде кітапханалар орналасқан. Оларда да оқу процесінде жеткізілетін ғылымның пəндік құрылымы қалыптасқан. Ол «жеті еркін өнерлер» - тривиум жəне квадривиум. Тривиум грамматика, логика мен диалектикадан тұрады; квадриум – арифметика, геометрия, астрономия жəне музыкадан тұрады. Орта ғасыр мəдениетінің өркендеу кезінде, 12-13 ғғ. екі функцияларын - жоғары білім беру жəне ғылыми жұмысты қамсыздандыру – университеттер атқарған. Университеттер еуропалық астаналардың барлығында ашылды жəне үлкен қалалардың көбісінде /1500 ж. олардың саны 80 жетті/. Еуропада университеттік орталар ұлттан жоғары интеллектуалдардың корпорациясын құрды, осыған білімге қатысты адамдардың интерұлттық тілдің бірі – латынь тілі ықпал етті. Сонымен орта ғасыр университеті ілім өкілінің ұжымына айналды, бірақ əлі қазіргі ғалым деген атқа жеткіліксіз болды, себебі, олар жаңа білімді ашпаған, тек абыз, заңшы жəне дəрігер мамандары бойынша жастарға сақталған, реттелген білімді жеткізу. Жаңаеуропалық ғылымның дамуы жəне оның келесіде үзілмей қалыптасуы Галилейдің уақытынан бастап үш ғасырлық ғылымның саңдық параметрлерінің экспоненциалдық өсу мəселесін қояды. Ол түсініктемені білімнің имманентік даму бейнеснің шеңберінде табамыз. Ғылымның əлеуметтік өлшемінде ескеру қажет, ғылымның дамуы институционалды түрлерінің эволюциясына арқа сүйеген, сол арқылы ғылыми ұжымның финанс жəне қоғамдық ресурстерге жол ашылды. Осы эволюцияда ғылым институтының дамуында келесі кезеңдерді шығаруға болады: қызығушылық ғылым, академиялық ғылым, университеттік ғылым жəне өнеркəсіп, мемлекеттік бағдарламалармен, əскери зерттеулермен байланысты ғылымдар. Ғылымның жаңа типі 16 ғ. аяғында – 17 ғ. басында еуропалық қоғамның əлеуметтік институттарынан тыс əлде аймағында пайда болды. Не мемлекет, не шіркеу, не университеттік орта схоластиканың канондарын сақтап ғылыми зерттеулерге қолдау жасамаған. Осы кезеңде ғылыми іс-əрекет дəулеті жоғары əлде басқа əлеуметтік сфераларда адамдардың қызығушылық жұмысына айналды. Формалды емес ғалымдар тобы үлкен мырзалардан əлде магнаттардан патронаж түрі типикалық болған. Осындай кішкентай интеллектуалдар ұжымы Қайта Өрлеу кезеңінен айқын, антика философиялық мектептері соған қарап өздерін «академия» деп атаған. Қазіргі мағынаға сай алғашқы академиялық ғылымның институттары – Лондон корольдік қоғамы /1660/, Париж ғылым академиясы /1666/ - эксперименталды ғылымдардың өсуі мен ғылымның əлеуметтік статусы өсу нəтижесінде өзің меңгеретін ғылыми қоғамға айналды. Академия мемлекеттен көмек алды, ал өкілдері əр-түрлі əлеуметтік артықшылықтар. 17-18 ғғ. академиялары ұлттық ғылыми қоғамдардың қалыптасуына ықпал жасаған, себебі, олар ғылыми журналдарын ашып, өз шығармаларын ұлттық тілінде басып шығарған. Академиялық пен бірге орта қласс айналысатын қызығушылық ғылым сақталды / «бюргерлік» деп аталған/. Осы институттармен негізделген білім массиві 19 ғ. басында қайшы мəселелерге əкелді. Зерттеуге қажетті білім көлемін меңгеру үшін ұзақ кəсіптік дайындық қажет болған. Ғалым əрекет күшін беруге мəжбүр, сол жағдайда ол жəй қызығұшылық болмай, қаржыландыру қажет етеді. Кəсіптікке қажеттілік, ғалым зерттеудің тар аймағына назарын толық беруге жəне қымбат, қиын эксперименталдық техникаға сұраныс жасайды. Осы мəселелердің шешімі ғылымның институционалдық революциясына əкеліп, нəтижесінде ғылыми ұжым қоғамның институционалдық құрылымында жаңа орын алды, олар ғалымдарға кəсіптік ғылыми іс-əрекетке негіз болатын шарттар мен əдістер ұсынды, олардың экономикалық тұрғыдан əлі өнімі аз болған. Сондай институт университеттің жаңа типін жəне негізгі принциптерін қалыптастырды – академиялық бостаңдық жəне зерттеу мен білім беру бірлестігін. Университеттің жаңа типі орта ғасыр университеттік корпорациясына айналды жəне Ағартушылық кезеңінің университеті мемлекеттік қажет бойынша мамандар мен шинеуніктерді дайындаған. Осы институт нақты түрде 1808 ж. 5. Ғылымды компьютерлендірудің әлеуметтік салалары мен маңызын негіздеңіз. Бүгінгі жаһандану заманында әлем күрделеніп, сан қырлы қатынастар мен қоғамдық өмірдің бағдарлары да өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ғылым да мынадай жалпы өзгерістерді бастан кешіп отыр: интеграция, дифференциация, математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б. Бұндай үдерістердің жағымды және жағымсыз жақтары бар. Интеграция жағдайында ғылыми білімдердің бірігу үрдісі басталады, ол да жаһандана бастайды, әр түрлі пәндер арасындағы айырмашылықтар түсіріле бастайды. Бұл құбылыстың өзі де әр түрлі бағытта іске асады. А) ғылыми салалардың өзара әрекеттесуі – мысалы, математика мен тіл білімі, физика мен химия сияқты ғылымдар байланыса бастайды. Б) таным аппараттарының жалпылануы мен ортақтануы – жалпы ғылыми ұғымда: құрылым, жүйе, ықтималдық, алгоритм т.б. өрісі кеңейіп, барлық ғылымдарда қолданыла бастады. В) Белгілі бір салалар басқа ғылымдарды өзіне қарай шоғырландыруда басты роль атқарып отырады: кибернетика, семиотика, ақпарат теориясы т.б. Диффереренциация ғылымдардың өз ішінен таралуы мен бөлінуі. ХХ ғасырдың екінші жартысында белең алған бұл бағыт күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы: плазма физикасы, қатты денелер физикасы т.б. Ғылым ішінде арнайы мамандану жүргізіліп, өзіндік терминологиялары қалыптасады. Мысалы, бүгінгі күні геологияның 80 нен астам салалары қалыптасқан. Бұл зерттеудің нақты бір аймағына үңілуге, ғылыми ізденістің белсенді және әсерлі болуына жағдай туғызады. Математикаландыру. Математикалық әдістер мен тұрғыларды басқа да ғылыми білімдерге қолдану: нақты тәсілдер, математикалық модельдеу, есептеу эксперименттері т.б. Мысалы, тарихта, әлеуметтануда, психологияда т.б. айқын көрінеді. Әлеуметтанулық зерттеулердің математикалық модельденуі, математикалық талдаулар жасау т.б. Индустриаландыру кезінде ғылымның технологияға және технологияның ғылымға енуі жүре бастайды. Бүгінгі ғылым күшті индустриалдық базаны қажет етеді: қарапайым жасақталған кабинеттерден бастап, ұжымдық зерттеулер жүргізетін үлкен лабараториялар. Кей жағдайда бұл гуманитарлық ғылымдарға қайшы келіп жатады. Информатика ақпараттық үдерістерді жетілдіруді және оның техникалық жүйесін қамтамасыз етуді зерттеумен айналысатын пәндердің тобы. Ақпаратандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру дегенге келіп саяды. 1990 жылдар жалпыға қол жетімді интернеттің пайда болуы бұл үдерісті күшейтті. Бұл машинаға сеніп қалуды күшейтіп, адам ізденіс пен өмірлік процестерде белсенділік көрсете алмайтын болды. Соған байланысты адамның жауапкершіліктері де шектелді. Мысалы, авариялар т.б. Мәселені адамның өзі көріп, оны шешу белгілі бір деңгейде шектеледі, оның тек көмекші құрал ғана екндігі ұмыт қалдырылды. Осындай жағдайларға байланысты ғалымның көпқырлылығын қажет ететін оның келбеті де өзгерді: библиографиялау – мақалалар жариялау, сілтемелерді дұрыс көрсету, оларды сауатты пайдалану; мәтінмен жұмыс – өзінің мәтіндерін тудыру ғылыми білімнің өсуінің өлшеміне айналып кеткен. Ғалымның жаңалығы тек жарияланып, тексерілгеннен кейін ғана мақұлданады. Сондықтан қазіргі ғылым ғалымдардың мәтіндерінің тұтастанған жинағы гипермәтін ретінде ұғынылды. Ғалымның осындай машықтануы ғылыми сауаттылық ретінде бағаланды. Патенттеусіз ғалымның еңбегі ескерілмей қалатын ыңғайлар байқалды. Бұл плагиат, сілтемені дұрыс алмау сияқты өзара қақақтығыстар туғызды. Ғалым ұйымдастырушы, менеджер, оқытушы сияқты қызметтерді қоса атқаруы тиіс болды. Ғалым көпшілік алдында сөйлеу, өзінің жобасын түсіндіріп беру сияқты мемлекеттік-саяси сипатты қызметтер де атқаруы тиіс болды. Сондықтан ғалым, жаңашыл, ақпараттанған, қазіргі жағдайға бейімділік сияқты қасиеттерді игеруі тиіс ахуал қалыптасты. Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды оқуға арналған кішкентай компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалған. Бұл мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Электронды кітаптың басқа құрылғылардан басты артықшылығы бұл қазіргі кең таралған мәтін форматтарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC, CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітаптардын мазмұнын ғана емес, қажетті материалдардың, құжаттардың, сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі нұсқаларында МРЗ форматтағы аудиофайлдарды да ойнату мүмкіндігі бар. Аталған кітаптағы ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады. Мысалы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал аккумулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді. Қазіргі заманғы кітапханалардағы ақпараттық қорлардың күн санап көбейе түсуі, шексіз өсуі мен олардың жүйеленуі, оқырман талаптарының әр бағыттағы ізденісі, олардың қанағаттану деңгейі мен қанағаттандыру өлшемдері кітапханашы мамандарға үлкен жауапкершіліктер мен міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі – ақпараттың ғылыми арнасы бойынша жүргізілетін жұмыстардың жетілу деңгейі, оның жаңа технология арқылы іске асырылу дәрежесі, әлемдік ғылыми ақпараттық кеңістікпен үнемі тығыз байланыс орнатып отырудың қажеттілігі және олармен тәжірибелік алмасуларды қамтамасыз ету т.б. тұтаса келе жоғары оқу орындарындағы кітапханашы және библиограф мамандар дайындайтын бөлім студенттерінің ғылыми ақпараттық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз етуді қажетсінеді. Осыған орай, бүгінгі таңда білім беру орындарында ғылыми ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ескеруіміз қажет: - Ғылым саласы тек теориялық деңгеймен шектеліп қалатын парадигма емес, ол практикалық іс-әрекет қызметімен де толығады. Кітапханашы мамандар да ғылыми кеңістікке енуі үшін өзінің ғылыми-шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру тәжірибесінен өтуі қажет, яғни, өз призмасынан өткеру керек. - Ғылыми ақпараттық қорлардың жаңаруы мен күн санап толығуы, өзге мемлекеттермен мәдени-рухани байланыстың артуына орай, шет елдердегі жаңаша ғылыми бағыттағы еңбектердің кітапхана қорын толықтыруы – ғылыми ақпараттық мәдениеттің де сәт сайын, заманауи қажеттіліктерге орай, үнемі жетіліп отырылуын қажет етеді. - Ғылым кең арналы, ақпараттардың шексіздігі мен үлкен қорларынан құралатындықтан, студенттер үшін жүйелі шығармашылық ізденімпаздық пен «ғалымның ролінде» болуды және ғылыми кеңістікке еркін енуді талап етеді. - Бұл мамандықтағы студенттер үшін ғылыми кеңістікке ену басты екі бағытқа ажырайды: маркетингтік, менеджерлік, диагностикалық, мониторингтік, эксперименттік т.б. – ұйымдастырушылық және ғылыми танымға, дүниетанымға негізделген – ізденушілік. Бұл екі арналы бағыттарды қатар игерудің қиыншылықтары болуы мүмкін т.б. - Аталған үдеріске қатысты шашыраңқы ұғымдар мен түсініктердің бірнешеу болуы және оны біріктіру, тұтастандыру арқылы іс-әрекеттің жүзеге асырылуы. Мәселен, «ақпарат», «ғылыми ақпарат», «ғылыми ақпаратты қалыптастыру», «жаңа ақпараттық технология» т.б. ұғымдарды – үдерісіне тоғыстыру мен оны іске асыру. 6. Жаратылыстану және әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдарының қазіргі философиялық проблемаларын салыстырыңыз. Ғылымның эмпириялық және теориялық құрылысынан басқа оның тағы бір құрылысы бар екенін атап көрсету қажет. Ол ғылымның негіздері деп аталады. Оның бұл құрылысына идеалдары (әрекетке бастайтын ішкі мақсаты), нормалары (қабыл алынған реті, тәртібі), критерийі (ақиқаттығының өлшеуіші) және принциптері кіреді — кез келген ғылымның эмпириялық негізі мен теориялық қондырмасы осыларға сүйенеді. Ғылым негіздерінің құрылымын сипаттайтын үш негізгі құрамдас бөлігі бар. Олар, біріншіден, ғылыми зерттеу идеалдары, нормалары мен критерийлері, екіншіден, дүниенің ғылыми бейнесі (көрінісі), үшіншіден, ғылымның философиялық негіздері. Ғылым негіздерінің бұл құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты және бір-бірімен әрекеттестіктікте өмір сүреді. Ғылым негіздері оның теориялық базисін құрады да оның гипотезалары, заңдары мен теориялары сол базиске сүйенеді. Әрбір іс-әрекет сияқты ғылыми қызмет те нақты ғылыми проблемалардың пайда болуына байланысты оқтын-оқтын туып отыратын белгілі мақсаттарды басшылыққа алады. Екіншіден, белгілі бір жалпы танымдық құндылықты көздейді, атап айтқанда, ең алдымен шындық туралы объективтік ақиқат білімге қол жеткізуді көздейді. Үшіншіден, болашақта практикалық қолданыс табуы мүмкін теориялар мен модельдер жасайды. Бұл мақсаттар мен құндылық бағдарлары ғылыми зерттеудің идеалдары мен нормалары арқылы шындыққа айналады. Бірақ ол идеалдар мен нормалар ғылымның тарихи дамуы барысында өзгеріссіз қалмайды, елеулі өзгерістерге ұшырап отырады, әсіресе ғылымдағы революциялар кезінде ғылымилықтың идеалы және әсіресе ғылыми зерттеудің нормалары өзгереді. Ертедегі гректер, мәселен, дәлелді ақиқат білімді - "эпистеманы" ғылымилықтың идеалы деп жариялады. Бұл идеал Евклид құрастырған геометрияның бірінші аксиомалық жүйесінде — оның "Бастамаларында" нақты іске асқаны белгілі. Онда барлық белгілі геометриялық білімдер логикалық дедукцияның көмегімен дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалардан қорытып шығарылды. Ертедегі гректердің ғылыми білімді құрудағы аксиомалық және дедукциялық идеалын ертедегі мысырлықтардың ғылымға дейінгі идеалымен салыстырса, олардың арасындағы орасан зор айырмашылықты байқамау мүмкін емес: мысырлықтар дәлелдеудің, қорытындылаудың орнына нақты жекеше есептерді шығарудың мысалын келтірген немесе геометриялық дәлелдеудің орнына сызба чертежын келтіріп, "қараңыз!" деп жазып қойыпты. Ертедегі вавилондықтардың математикасы да осындай ғылымға дейінгі сипатта болған. Сондықтан ертедегі гректердің өздерінен бұрынғьшардың эмпириялық, қолданбалы математикасын теориялық ғылымға айналдыруын бүкіл адамзат алдындағы сіңірген аса зор еңбегі деп санау қажет.XVII ғасырда пайда болған жаңа ғылым математикалық ғылымдағы гректердің дәлелділік және негізділік идеалын қайта қалпына келтірумен бірге табиғат құбылыстарын зерттеуде ғылымилықтың жаңа идеалын жасауға тиіс болды. Ол идеалдың негізін құрған табиғат құбылыстарын оңашалап бақылаудың нәтижесін дәл талдауға негізделген эксперименттік әдіс және оларды математикалық тұрғыдан өңдеу әдісі болды. Бұл әдістерді ғылыми зерттеуге енгізген Галилейдің механикалық қозғалысты зерттеуге арналған алғашқы эксперименттері ортағасырлық ғалымдардың ойдан шығарылған схоластикалық қағидаларына және натурфилософиялық гипотезаларға қарсы бағытталғандығы белгілі. Галилей мен Ньютон тұжырымдаған механиканың негізгі зандары көп уақыт бойы абсолюттік ақиқат деп есептелді, өйткені XVII—XVIII ғғ. Жаратылыстанудың ғылымилығының идеалы ғылыми заңдардың күмәнсіз ақиқаттығына және зерттеу әдістерінің дұрыстығына талассыз сену еді. Сондықтан да ғылыми идеалдары мен нормалары, әдістер дүниетану қызметінің басқа формаларының ішіндегі ең қолайлысы, сенімдісі деп есептелді. XVII ғасырда ағылшынның жаратылыс зерттеуші философы Фрлэнсис Бэкон эмпириялық ғылымдар саласында аса маңызды зерттсу әдісі ретінде индукцияны ұсынғаны белгілі. Дедукцияны, атап айтқанда Аристотельдің силлогизмдік дәлелдеу әдісін, ол табиғатты зерттеу үшін мүлдем жарамсыз деп есептеді. Сөйтіп Аристотельдің дедукциялық әдістері тұжырымдалған "Органон" атты еңбегіне қарама-қарсы "Жаңа органон" деген еңбек жазып, онда иңдукциялық зерттеудің қарапайым әдістерін баяндап берді. Алайда Бэкон дедукция мен математиканың ғылыми зерттеудегі рөлін, мысалы эксперименттің нәтижесін талдаудағы математиканың рөлін, түсінбеді. Ол өзінің индукциялық әдісін ғылымда жаңа ақиқат білімдерді ашудың қателестірмейтін ең сенімді әдісі деп сыңаржақ түсінді. XVII ғ. француз ғалымы, аналитикалық геометрияның жасаушысы көрнекті рационалист-философ Рене Декарт Бэконның индукциялық әдісіне қарама-қарсы дедукциялық әдісті дүниетанудың ең сенімді әдісі ретінде ұсынды. Ол ғылыми танымда қарапайым анық пікір айтудан бастап, олардан күрделі пікірлерді тұжырымдап шығаруды ұсынды. Бұл мақсатты іске асыру үшін, оның пікірінше, ойлаудың екі қабілеті: дедукция және интуиция қажет. Интуицияның көмегімен аса қарапайым және анық ақиқатты танып біліп, олардан дедукцияның ережелері бойынша барлық басқа ақиқаттар тұжырымдалады. Бұл әдістің сипаты - теоремалар ақиқаттығы анық аксиомалардан шығарылатын математикалық таным үшін аса дәл келеді. Ғылым әдісінің дедукциялық сипаты жөніндегі Декарттың идеяларын XVIII ғ. немістің математик-философы Г.В.Лейбниц әлдеқайда кеңірек негізде өрі қарай дамытып, пікірлеуді есептеу түрінде түсіндіруге тырысты. Осы жөнінен алғанда ол қазіргі математикалық логиканың бастамасын салушы деп саналады. XIX ғасырдың аяғында классикалық ғылымның идеадары айтарлықтай өзгерген жоқ, тек позитивизм философиясы ғана ғылыми танымда құбылыстарды түсіндірумен ғана шектеліп, олардың мәнін ашудан бастартуға шақырғаны болмаса. Позитивизмнің негізін салушы О.Конт құбылыстардың қалай болатынын ғана зерттеп, не себепті олай болатынына көңіл аудармауға шақырды, бірақ мұны ғалымдар қолдамады. Ғалымдардың көпшілігі құбылыстардың себептерін зерттеп, олар бағынатын заңдарды ашты. Тек кейбір позитивистер ғана табиғи жағдайда бақылауға болмайтын объектілерді пайдаланбауға шақырды, мәселен, физик Эрнст Мах атом-молекулалық теорияның жаратылыстануда қолданылуын сынады. XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында элементтердің табиғи радиоактивтігінің ашылуына байланысты жаратылыстануда болған революциядан кейін жағдай түбірінен өзгереді. Осы өзгерістің нәтижесінде атом материяның бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі емес екендігі анықталды, энергияның кванттары ашылды, кеңістік пен уақыт жайындағы ұғымдар т.б. өзгерді. Мұның бәрі классикалық ғылымда сөзсіз ақиқат деп келген ғылыми заңдылықтар тек салыстырмалы ғана ақиқат екендігін көрсетті. Сондықтан ғылымилықтың бұрынғы идеалы қатаң сыналып, қайта қаралды, сөйтіп ғылыми ақиқаттың салыстырмалылық сипаты, ғылым мен практиканың XX ғасырдағы даму деңгейіне сәйкес келетін классикалық емес ғылымилық деңгейі пайда болды. Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында элементар бөлшектер физикасының ең жаңа жетістіктеріне, космология, молекулалық биология, синергетика және басқа ғылымдар саласындағы жаңалықтарға сәйкес постклассикалық емес жаңа ғылыми идеал қалыптасуда - ол түрліше материалдық жүйелер мен құрылымдардың өзара байланыс және бір-біріне айналу принциптеріне негізделеді. Ғылым тарихына жасалған бұл қысқаша шолу көрсеткендей, ғылымилықтың идеалдары және олармен байланысты зерттеу әдістері мен нормалары бүкіл ғылым тарихы бойында түбірлі, сапалық өзгерістерге ұшырап отырды. Енді ғылым негіздерін құратын құрылымдық бөліктерінің арасындағы байланыстарды қарастырайық. Жоғарыда атап көрсеткендей, ғылыми зерттеудің шешуші негізі -ғылым көздеген құндылықтар, ал бұл соңғылардың ішіндегі ең маңыздылары шындық дүние және оның даму зандары туралы объективтік ақиқат білімдердің өсуі. Ақиқатқа жетудің бұл бағдары ғылыми танымның идеалдары мен нормаларынан айқын көрінеді. Идеалдар таным процесінің жалпы мақсаты мен стратегиясын белгілейді, ал нормалар жалпы мақсатқа жетудің зерттеудің жеке кезеңдеріндегі нақты жағдайларын реттейді. Зерттеудің әрбір кезеңінде кез келген проблеманы шешу үшін бұл процесті реттейтін белгілі бір нормалар мен критерийлер пайдаланылады. Кейбір батыс философтары ғылымның дамуы бір жаңа нақты проблемадан соң басқа жаңа проблемаларды шешумен ғана байланысты деп санайды. Шынында да жаңа проблемаларды шешусіз ғылымның өсуі мен дамуы мүмкін емес. Бірақ объективтік ақиқатты ашу мақсатын қоймай, проблемаларды шындап шешу мүмкін емес. Тіпті проблеманы дұрыс тұжырымдаудың өзі де объективтік ақиқаттың бар екендігіне сенуді талап етпей ме? Ғылым негіздерінің екінші бір аса маңызды бөлігі — дүниенің ғылыми бейнесі қоршаған сыртқы дүниенің құрылысы және адамның ондағы орны туралы жалпы түсінік береді. К.Поппер философияның біз үшін керектігі сол ғана, өйткені біз өзіміз "өмір сүретін дүниенің қыр-сыры туралы және ол дүние туралы адам білімдерінің сыры туралы бірдеңе" білгіміз келеді дейді. Ақырында, ең жалпы дүниеге көзқарастық идеялар ғылымның философиялық негіздерінде бейнеленеді. Дүниенің ғылыми бейнелерінің принциптеріне қарағанда, дүниеге көзқарастық идеялар әлдеқайда жалпы универсальдық сипатта болады. Сондықтан олар саналы түрде не санасыз түрде болса да кез келген маңызды ғылыми зерттеудің мазмұнында болады. Сонымен, ғылым философиясы шеңберінде тұжырымдалған ғылым принциптері мен дүниеге көзқарастық идеялары ғылымның ең түбірлі негіздері қызметін атқарады. Бұл философиялық негіздер ғылым онтологиясында, атап айтқанда дүниенің ғылыми бейнесінде нақтырақ іске асады, ал ғылымның құндылық бағдары, идеалдары мен нормалары қайсы бір ғылыми проблемаларды шешкенде іске асады, бірақ бір-бірімен өзара тығыз әрекеттестікте іске асады. |