Главная страница
Навигация по странице:

  • 7. Философиялық концепцепциялардың ғылымның дамуына әсерін көрсетіңіз.

  • 8. Ғылымның шығармашылығындағы философияның рөлін көрсетіңіз

  • 9. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін таңдаңыз.

  • 10. Ежелгі мәдинет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері мен мәдениетіндегі байланысты орнатыңыз.

  • Жай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеЖай сратар ылым философиясы мен методологиясы философиялы білімні саласы ретінде крсетііз
    Дата20.12.2019
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаFilosofia_dayyn[1].doc
    ТипДокументы
    #101264
    страница2 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    6.Мәдениет жүйесіндегі ғылым және оның қоғамдағы орны мен функцияларын пайдаланыңыз.

    Ғылым өзі көп анықтамалардын иесі, бірақ үш ипостась /қырында/ көрінеді: қызмет түрінде, пəндік сфералардың жүйесі, əлде əлеуметтік институт ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет əлде іс-əрекет түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, тандау, жауапкершілік атқару аланына кіреді. Осы жағдайға В.И.Вернадский назар аударған: «ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардын ғылыми жұмысынан тұрады». Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттын көрінісі, автономды позицияны алуға тырысады, саяси жəне əлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат – ол ғалымдардын арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мəні де, ғылымды құрастыратын элементжəне оның негізгі құндылығы. Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен /дін, саясат,құқық, өнер т.б. / тығыз қатыста. Ғылым əлеуметтік институт жəне қоғамдық сананың түрі ретінде ғылыми- техникалық білімді өндіреді жəне ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек 20 ғ. шіркеу мен заңгер кəсібіне тең ғалым кəсібіде дамиды. Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:

    1) институт ретінде;

    2) əдіс;

    3) білім дəстүрінің жинағы;

    4) өндірістің даму факторы;

    5) адамның дүниеге қатысы жəне сенім тудырудын негізгі факторы.

    Американдық этимологиялық сөздікте ғылымды бақылау, құрастыру, суреттеу, эксперимент пен теориялық анықтамаға қарап бағалайды /бұл операционалдық подход/. Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы теория деп түсіну керек; бұл ғылыми жəне қарапайым білімдерді ажырату болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді. Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым болмас. Бірақ, бұл екі жақты мəселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық, концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы. Қазіргі кезде ғылым əлеуметтік-мəдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің əсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына əсер етті, «мəдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мəдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік жəне технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам жəне заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым əлеуметтік-мəдени феномен ретінде адамзат қытынастарының бүкіл сфераларына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бəрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дəлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мəдениетте қалыптасқан дəстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мəдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мəдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өндеу. Ғылымның мəдениеттік функциясы тек нəтижеге емес, мəдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мəдениеттік функциясы процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мəдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид социализация процесінде дайын əдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бəріне ортақ тіл, қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасымен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп, қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада тұлғаның қалыптасуыайқын. Ғылым этосы: интеллектуалдық жəне əлеуметтік жауапкершіліктер туралы мəселе; моральдық жəне адамгершілік тұрғысында тандау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік климатты тудыру. Ғылым қоғамдық процестердің əлеуметтік меңгеру факторы. Осының бəрі білім беру, тəрбиежүйелері арқылы қалыптасады. Біліммен тек 6-8 % адамдар айналысады; 20 ғ. аяғында əлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мын ғылыми пəндер қалыптасқан; қазір ғылыми интеграция мен пəнаралық тенденциялар үстемді.
    7. Философиялық концепцепциялардың ғылымның дамуына әсерін көрсетіңіз.

    Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік–мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым - ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас жəне бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті. Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа əкелді:

    Экстернализм – бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлармен жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болды. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға əсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.

    Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің нəтижелеріне қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады.

    Ғылымның дамуына екі заңдылық тән: бір жағынан, әр тарихи кезеңдерде өзінің жетістіктерінің мөлшерін белгілеп отырады және әрбір нәтижесі оның ортақ қорының ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңа фактілер мен жаңалықтар қайта қаралады және нақтыланады. Екінші жағынан ғылымның даму процесі оның құрылымына әсер етеді. Әр тарихи кезеңде ғылыми таным белгілі бір танымдық формалардың жиынтығын-түбегейлі категориялары мен түсінігі, әдістері, принциптері мен түсіндіру сызбасын пайдаланады. Мысалы, антикалық ойлаудың негізгі білім алу тәсілі, ол – бақылау. Жаңа ғасыр ғылымы тәжірибеге арқа сүйейді. Қазіргі заманғы ғылым зерттейтін объекті экспериментальді-теориялық іс-әрекеті негізінде жалпы және жан-жақты зерттеуді сипаттайды. Қазіргі заман ғылымының негізгі ерекшелігі белгілі жүйелерге негізделмейтін жаңа материалдарды іздеп табу болып табылды. Сондықтан зерттеушілер жаңа принциптер, таным категориялары мен тәсілдерін дамытуға, ғылымның мазмұнды құрылымының негізгі компоненттерінің радикальды алмасуына алып келетін ғылыми төңкеріске ғылым дамуының жаңа интенсивті жолдарын іздестіреді.
    8. Ғылымның шығармашылығындағы философияның рөлін көрсетіңіз

    Мəдениетті жабық, автономды, тек өзін менгеретін жүйе деп айтуға болмайды, себебі, оның дамуы ішкі жəне сыртқы, мəдениеттану себептермен негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мəдениет пен ғылым аралығындығы қатынас туралы тақырып жалпы жəне шексіз, оның көп бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи жəне əлеуметтік өмірдің заңдылықтарын шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның қажеттіліктеріне əсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны тандау, мəдени даму жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы фунциясын атқару қызметі мүмкін тек негізгі бір себеп арқылы – ғылым мəдениеттін ең жетілген бөлігі болған сон, əлі бəрінежетпеген түрлермен байланысты. Мəдениеттің ғылымға əсерін дəлелдейтін бір факт бар, əрбір мəдениет ғылымды жаратпайды, мысалы, майя мəдениеті. Ғылымның пайда болуына мəдениеттану негіздер қалыптасқанда қана, мəдениет адамзаттың басқа іс-əрекеттерінің нəтижелерімен қоса /мораль, өнер, дін, техника, экономика т.б./ өзіндік ойлау стильді, дүние бейнесін, танымның стандарттары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мəдениет əр-қашанда ғылымнан объектілердің адекватты /шындық, ақиқат / түрін, деңгейін талап етеді. Осы нəтижесінде ғылым өзіне деген мəдениеттің əсерін сезеді, қоғамда қалыптасқан мəдени дəстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді. Мəдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де əсер ету мүмкін. Мəдениет пен ғылым арасындағы қатынастын механизмі рельефтік түрде техногендік /батыс/ жəне дəстүрлі /шығыс/ өркениеттерді салыстырғанда айқын. Өнер адамзаттың өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ.Нұржанов өзінің еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада – кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады (Культурология: курс лекций. Алматы, 1994). Өзінің кең мағынасында өнер адамының барлық шығармашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнердің формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілін де көбірек қолданылады: орыстың “искусство” деген терминімен аударылатын “poіesіs” сөзі ежелгі гректерде “білім”, “туынды”, “сана” ұғымдарын де білдіреді. Адамның әрекетімен байланысты және осы әрекеттің өнімі болып табылатын барлық нәрселер “poіcsіsіa” - адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – “Physіs’y” қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әртүрлі формалардағы көркем шығармашылықтың нәтижелері мен процестері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б.) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып табылады және біз де оны осы мәнде қарастырамыз. Ақындар, суретшілер, музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсаттылықтағы, заңдылықтың көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік – бұл аулантүрліліктің тұтастығы, өзінше құндылық емес, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесімділік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы – бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.
    9. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін таңдаңыз.

    Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым — табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы. Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта — табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де — адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

    1)мәдени-көзқарастық;
    2) өндіргіш күштер функциясы;

    3) әлеуметтік күштер функциясы.

    Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері. Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес. Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
    Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді. Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды. Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр — адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) — ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) — әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) — Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар — атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы. Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
    Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі — ғылымның басты мақсаты — жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
    10. Ежелгі мәдинет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері мен мәдениетіндегі байланысты орнатыңыз.

    Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:

    1. Философиялық немесе түсіндірмелік;

    2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;

    3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;

    4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;

    5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.

    Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғат пен сырлас болуды талап етті. Скиф – сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер. Түрік халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы былай бейнеленеді: жеті қабат Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі – алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемдік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бәйтеректен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендіріліген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.
    Ертедегі қиял-ғажайып (сиқырлы) ерекшелік ондағы фантастика арқылы өріледі. Анығырақ айтқанда, фантастика – қиял-ғажайып ертегілердің жаны. Халық ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер қолданылған. 1) Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру. Алғашқы қоғам адамдарының ұғымынша табиғат дүниесіндегі барлық заттардың рухы бар, сол рухтар бейне адам баласы секілді ой-сезімге, түйсікке ие. Міне, бұл біз ұдайы айтып жүретін анимизмдік көзқарас болып саналады. Қиял-ғажайып ертегілерде бұл көзқарас айқын бейнеленген. Осы көзқарас бойынша табиғат дүниесіндегі түрлі-түсті бар заттар адамзаттық сезіммен құдіреттің күшті қуаты арқылы жарық дүниеге шыққан. Мысалы, ертегілердегі жердің жарылып немесе бас кейіпкердің жер астына түсіп, қатерден құтылуы, сиқырлы сулардың адам баласцын әр қилы хайуанға айналдыруы, жануарлардың адам баласына қамқорлық жасауы, сол сияқты адамға серік болуы, әруақтардың тірі адамдармен қарым-қатынас жасауы, балгерлердің болжам айтуының нақты өмірде іске асуы, адамды хайуанға айналдыру секілді әрекеттердің бәрі таңғажайып фантастика. Мұның бәрі ертедегі адамдардың жерге, суға, тауға, ағашқа, жануарларға және ата-бабалар рухына сыйынатын көзқарастары. 2) Әсірелеу. Ертегілердегі фантастиканы жасаудың тағы бір тәсілі талдау жолы. Ертегілердің бір бөлігінде табиғат дүниесіндегі белгілі бір зат, тұрмыс бұйымдарын әсірелеп, олардың маңызы мен жұмыстағы қызметі шектен асырыла көтермеленді. Мысалы, қылыш – адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі болған. Сондықтан қылыштың жасалуы өзінің дәуірі тұрғысынан айтқанда зор тапқырлық саналған. Сол үшін адамдар қылышты ертегілер әлеміне енгізіп, оның қызметін әсірелеу арқылы өздерінің бағытты тұрмысқа жетуі жолындағы армандарын қылыштың қасиеті арқылы жетуге болады деп түсінген. Сандық – халықтың алтын қазынасын, киім-кешегін, т.б. да бағалы заттарын сақтауға пайдаланатын мүлкі. Сондықтан сандық ертегілерде кедейлерге тауар шығарып беретін игі қасиетке ие етілген.
    Кейін Құдай адамдарға кітап (Құран, Библия) «сыйлаған» соң, мифологиялық дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді. Дін объективтік шындықты адам басында бұрмалап, фантастикалық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда дүниеде қандай бір құбылыс болмасын оның тікелей тірегі, қозғаушысы өмірден тыс тұрған және оны жаратушысы күш (құдірет) екені. Ең бірінші діндер политеистік болған, діндердің ең жоғары сатысы таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Үш ірі дүниежүзілік дін бар: буддизм, христиан, ислам діндері. Діннің пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-құдіретке балағанын көрсетеді.
    Буддизм б.з.д. VІ ғасырда пайда болады. Оның шығу тарихы принц Сиддхартха Гаутаманың есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір – қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу – азап, қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатына жете алмау – азап. Ал осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адамның бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады». Христиан діні б.з. І ғасырда қалыптасты. 1054 жылы христиан діні: католик және православиелік болып екіге бөлінсе, ал ХVІ ғ. бұл діннің жаңа тармағы – протестанттық ағым пайда болды. Христиан діні — өзінің мазмұны мен мәні жағынан өзгеше жаңа мәдениеттің негізін қалауға ткелей себепкер болды. Бұл жаңа мәдениет адам тұлғасын мойындады, адамды құдайтағаланың жер бетіндегі пендесі, ал Иисус Христос адамзат баласының ең жақын қамқоршысы деп танылды.

    Ислам (арабша Аллаға берілу, мойын ұсыну) діні Батыс Аравияда VІІ ғасырда таптық араб мемлекетінің құрылу кезеңінде пайда болды. Ислам діни ілімі Құранда баяндалған, оның мазмұны, аңыз бойынша, Құдайдың еркімен Мұхаммед пайғамбарға хабарланған. Ислам діні христиан діні мен иудаизмнің, ішінара манихейлік пен зороастризмнің әсеріне ұшырады. Исламның басты догматы бірден-бір ақиқат Құдай көк пен жерді жаратушы және ондағы бір нәрсенің бәрін жасаушы ретінде олардың үстінен өктемдік жүргізетін Алланы мойындау болып табылады. Мұсылманның бес парызы бар. Олардың біріншісі, діннің символы: «Алладан басқа Құдай жоқ, ал Мұхаммед – Құдайдың елшісі» деген сөздерді айту болып табылады. Одан әрі мұсылмандарға күнделікті намаз оқу, ораза тұту, салық (зекет) төлеу, сондай-ақ қажыға бару парыз етілген. Ислам негізінен екі бағытқа – суннизмге және шиизмге бөлінеді.
    Мұсылмандық діннің еуразиялық Далада таралуына байланысты көшпелі халықтардың ғарыш туралы түсінігі де өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы ескі мұра жоғалып кетпей, ислам космогониясымен синкреттік (тығыз байланысты) түрде тұтасты. Бұл түсініктер бойынша әлем екі дүниеден: фәни (белгісіздік) және бақидан (мәңгілік) тұрады. Осыған сәйкес адам өмірі шексіз. Фәниден бақиға өту, бұл дүниеден кету дегеніміз – жанның бір формадан екінші формаға ауысуы, оның нұрға айналуы. Мифология мен діни сананың кемшіліктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

    Натуралистік философия – жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. «Философия» — грек сөзі (даналықты сүю), шығыс халықтарында арабшаланған түрде фәлсәфә деп аталады, біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді. Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы – материалдыққа және идеалдыққа душар болады.

    1. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады.
    2. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады.

    Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта