АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Скачать 133.46 Kb.
|
«Талдықорған қалалық жоғары медициналық колледжі» МҚК «Жалпы хирургия және анестезиология» пәнінен алгоритмдердің жиын 2018 жыл Р е ц е н з и я Оқулық құрал «Алгоритмдер» Мемелекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес мамандықтары «Емдеу ісі»: біліктілігі «Фельдшер», «Акушер». «Мейірбике ісі» « Хирургия анестезиология» пәнінен типтік бағдарлама бойынша құрастырылғн. Оқулық құрал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, нұсқауларын және орта буынды медицина қызметкерлеріне арналған арнайы оқулықтары материалымен толықтырылған. Алгоритмдер нақты орындау жұмыстың сапасын жоғарлатады, орындалу уақытын азайтады, асқынуларды және сырқат пен медицина қызметкерлері арасындағы психологиялық жайсыздықты болдырмайды, нәтижесінде медбике және фельдшердің еңбегін тиімді пайдалану мүмкінді туындайды. Оқулық құралдың жетістігі сонда, әрбір манипуляцияның психологиялық дайындығына аса мән беріледі. Оқулық құрал медицина колледж білімгерлеріне және орта буынды медицина қызметкерлеріне арналған. Рецензенттер: Медицина колледж директоры, медицина ғылымының кандидаты Жансеңгіров С.М. Талдықорған облыстық аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі Долаев М.Е. Облыстық аурухана бас медбикесі Нұрғалиева Р.С. Мазмұны: Қолды өңдеу шараларының іс-әрекетінің алгоритмі Қолды гигиеналық өңдеуден өткізген кезде іс-әрекетінің алгоритмі Қолды хирургиялық жолмен өңдеудегі іс-әрекетінің алгоритмі Қолды 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өңдеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі Қолды первомур ерітіндісімен өңдеу кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі Өз бетімен халат киген кезде іс-әрекеттің алгоритмі Залалсыздандырылған үстелдің жұмысқа дайындаудыңіс-әрекеттің алгоритмі. Ширақ салған кезде іс- әрекет алгоритмі Айналмалы ширақты салған кезде іс-әрекеттің алгоритмі Ұйқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кездегі іс- әрекет алгоритмі Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде іс –әрекет алгоритмі Қысып тұратын байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Артериялық қансырауды барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін іс-әрекетінің алгоритмі Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде іс- әрекетінің алгоритмі Жеке таңу пакетін салған кездедегі іс-әрекет алгоритмі «Чепец» тәрізді байламды салған кезде іс-әректінің алгоритмі Жүген тәрзіді байлмды салаған кезде іс-әрекет алгоритмі Бір жақ көзге (монокулярлық) байлам салудың іс- әрекетінің алгоритмі Екі көзге (бинокулярлық) байлам салғанда іс-әрекет алгортмі Бір жақ құлаққа байлам салғанда іс- әрекет алгоритмі Шүйде сүйекке «Крест» тәрізді байлам салудағы іс- әрекет алгоритмі Иыққа «Масақ» тәрізді байлам салғанда іс – әрекет алгоритмі Шынтақ буынға «Тасбақаның» (кездесетін) байламын салған кездеіс- әрекет алгоритмі Білекке байлам салған кезде іс – әрекет алгоритмі Қолдың бір саусағына байлам салған кезде іс – әрекет алгоритмі Түгел саусақтарға «Рыцарь» қолғап байламын салған кездегі іс – алгоритмі Омырауға байлам салған кезде іс-әрекет алгоритмі «Дезо» байламын салғандағы іс-әрекет алгоритмі Балтыр буынға «Сегіз» тәрізді байламсалған кезде іс-әрекет алгоритмі Алақанға «Косынкалы» байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Иыққа «Косынкалы»байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Омырауға «Косынкалы» байлам салған кездегі іс- әрекет алгоритмі Мұрынға «Праща» тәрізді байлам салған кездегі іс- әрекет алгоритмі Иекке «Пращ» тәрізді байлам салған кездегі іс – әрекетінің алгоритмі Бастың төбе сүйектеріне «Праща» тәрізді байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі «Т» тәрізді байламды шат аралыққа салған кездегіт іс-әрекет алгоритмі Окклюзионды (герметикалық) байлам салған кезде іс-әрекет алгоритмі Иық сынығы кезінде Крамер құрсауын салу кезіндегі іс – әрекет алгоритмі Дитерхс құрсауын салған кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Крамер құрсауын балтырға салудың іс- әрекет алгоритмі Иыққа Крамер құрсауын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Гипс байламын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Гипс бинеттерін жасаудағы іс- әрекет алгоритмі Гипсті лонгетаны дайындаудағы іс – әрекет алгоритмі Гипс лонгетасын дайындау Гипстік лонгеталарды салудағы іс – әрекет алгоритмі Гипстік байламдарды шешудегі іс-әрекет алгоритмі Жансыздандыру кезіндегі іс –әрекет алгоритмі Пациентті жергілікті анестезияға дайындау Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде іс –әрекет алгоритмі Футлярлық анестезия өткізген кездегі іс-әрекет алгоритмі Жота-ми, эпидуральдық немесе перидуральдық анестезия өткізген кездегі іс-әрекет алгоритмі Новокаин блокадалар жүргізген кездегі іс-әрекет алгоритмі Оберст-Лукашевич блокадасын өткізген кездегі іс – әрекет алгоритмі Жергілікті жансыздандыру өткізген кезде пациент күтімінде іс – әрекет алгоритмі Жалпы жансыздандыруға пациентті дайындаған кездедегі іс- әрекет алгоритмі Наркотизатор үстелін дайындағанда кездегі іс – әрекет алгоритмі Анестезистканың жұмыс кезіндегі іс –әрекеті Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің іс –әрекет алгоритмі Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы іс-әрекетінің алгоритмі Аяқ-қолдың травмалық үзілуіндегі іс-әрекет алгоритмі Жаралану кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Күйіктегі іс-әрекет алгроритмі Термиялық күйіктегі іс-әрекет алгоритмі Химиялық күйіктегі іс –әрекет алгоритмі Электрожарақат кезіндегі іс –әрекет алгоритмі Үсік кезіндегі іс –әрекет алгоритмі Бас-ми жарақатындағы шұғыл көмектегі іс – әрекет алгоритмі Жабық бас-ми жарақаттарындағы іс – әрекет алгоритмі Төбе сүйектерінің сынығындағы іс-әрекет алгоритмі Мидың негізі сынған кезде іс-әрекет алгоритмі Жақ және иек сүйектері сынған іс-әрекет алгоритмі Иек шығып кеткен кездегі іс – әрекет алгоритмі Мойын аймағының жарақатында шұғыл көмек көрсеткенде іс-әрекет алгоритмі Көмекей шеміршегінің соғылуы Көмекей шеміршегінің сынуындағы іс-әрекет алгоритмі Кеңірдек жарақатындағы іс – әрекет алгоритмі Өңеш жарақатындағы іс-әрекет алгоритмі Мойын тамыр жарақатындағы іс – әрекет алгоритмі Кеңірдекке, көмекейге бөгде зат кезіндегі іс – әрекет алгоритмі Өңеш күйігіндегі іс-әрекет алгоритмі Кеуде жарақатында шұғыл көмек көрсетудегі іс-әрекет алгоритмі Кеуде қуысының соғылуындағы іс – әрекет алгоритмі Кеуде қуысының қысылуындағы іс – әрекет алгоритмі Қабырға сынықтарындағы іс – әрекет алгоритмі Бұғана сынығындағы іс-әрекет алгоритмі Гематорокс кезінде іс – әрекет алгорит 1. Қолды өңдеу шараларының іс-әрекетінің алгоритмі Кәдімгі әлеуметтік қолды өңдеу Мақсаты: Мед персоналдың және пациенттің жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Транзиторлы микрофлорада механикалық түрде жою. Тазалықты және гигиенаны камтамасыз ету. Көрсеткіші: Пациентті күтер алдында және күтім аяқталған соң; Тамақ ішер алдында, науқсты тамақтандырғандағ тағамдармен жұмыс жасағанда; Әжетханаға барған соң; Қан ластанған жағдайда Талабы: Мед персоналдың зақымдалмаған сау қолдың терісі, тырнақтары қол саусағымен 1 мм ғана асу керек, лаксыз, әшекейсіз. Құрал -жабдықтар: Мөлшері сұйық сабын немесе көбірек қолданатын кішкентай мөлшердегі сабын подведкасы бар сабын салфетка болу керек. Жеке басты кепкн орамал, 6 сағ. Сайын ауыстырылып, отыратын немесе 1-ақ рет қолданылатын қағаз салфеткалар Кран және жылы су. Қолды жуу іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Терінің толықтылығын тексеру, сағатты, әшекейлерді шешу (бұлар толық микробты жою үшін кедергі тудырады). 2.Кранды ашып, судың мөлшерін қалыптастыру. 3.Жылы су астында қолды 2 рет сабындап 30 секунд бойы қолды уқалау. 4.Ағынды сумен сабынды шайып жәберіп, қолды ұстап тұрып қолдың саусақтарын шынтақтан төмен тұру қажет. Бұл жағдайда су таза заладан ластанған залаға ағады. 5.Қағаз орамалмен қолды кептіріп кранды жабу. 6.Қағаз орамалды дез.ерітіндісі бар ыдысқа жою үшін салу. 2.Қолды гигиеналық өңдеуден өткізген кезде іс-әрекетінің алгоритмі. Мақсаты: Мед персоналдың және пациенттің жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Жоғарғы деңгейлі гигиенамен және тазалықпен қамтамасыз ету. Транзиторлы микрофлораны жою. Көрсеткіші: инвазивті процедураның алдында және кейін; иммунитеті төмен және жаңа туған балаларға күтім жүргізер алдында; жарақатқа күтім жасағанда және қуықтық катер қолданғаннан бұрын және бұл процедура біткен соң; перчатканы киер алдында және киген соң; іріңді заттармен қарым-қатынас жасаған соң, құрамында қан немесе ластанған микробтық ластану қауіпі болу. (Мысалы жұқпалы науқсты тексеру, тік ішек арқылы температураны өлшеу). Талабы: Антисептикалық әсер ету уақыты – 15 минуттан көп емес. Құрал -жабдықтар: Антисептик 70% этил спирті немесе 0,5% хлоргексидин ертіндісі, АХД -2000, сестричка, велтосепт. Іс-әрекетінің алгоритмі: Қолға 3-5 мл антисептик енгізу (70% спирт немесе қолды сабынмен сабындау). Қолды келесі техниканы орындап жуу: 1.Қолды энергиялық, механикалық түрде укалау – 10 секунд, 5 рет қайталау. Оң жақ алақанмен сол жақ алақан үстін ысып жуу, сосын сол жақ алақанмен дәл солай оң жақ қолды жуады. Бұны 5 рет қайталаймыз. Сол жақ алақан оң жақ қолдың үстінде орналасады, қолдың саусақтары айқасады, 5 рет қайталанады. Бір жақ қолдың саусағы жұмылып, 2-ші қолдың үстінде орналасады 5 рет қайталау. Бір жақ алақанмен саусақтарымен 2- ші қолдың үлкен саусағын ысу 5 рет қайталау. Ағынды судың астында шаю, қолды білекпен, қолды шынтақтан төмен орналастырамыз. Краны жабу (қағаз орамалды пайдалана отырып). Егер қолды гигиеналық жолмен өңдеу сумен өңдеуге жағдай болмаса, оларды 3,5 мл антисептикпен өңдеуге болады. (70% спиртпен), оны қолға құйып, толық кепкенше укалаймыз. (Қолы сүртпеу керек). Әсер ету уақытын қадағалу керек – қан антисептикпен 15 сек бойы ысқанда болуы керек. 3.Қолды хирургиялық жолмен өңдеудегі іс-әрекетінің алгоритмі Мақсаты: Мед персоналдың және пациенттің жұқпалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Жоғарғы деңгейдегі залалсыздандыруды қамтамасыз ету. Микробтарды ұрығымен жою. Көрсеткіші: Операцияға кірер алдында. Құрал –жабдықтар: Антисептик – 2,4% первомур ерітіндісі –С4; Легендер Іс-әркеттерінің алгоритмі: 1.Қолға 3-5 мл антисептик енгіземіз 2.Антисептикті қолдана отырып, 2-5 мин өңдейміз, 2,4% первомур ерітіндісінде 1 минут өңдейміз. 3.Қолды саусақтан шынтаққа одан жоғары қарай өңдейміз. 4.Хирургиялық антисептика өткізген соң қолды көтеріп, шынтақты жоғарыдан төменге ағу үшін. 5.Қолды заласыздандырылған орамалмен сүртіп, одан соң заласыздандрылған халат және резеңкелі қолғап кию. 4.Қолды 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өңдеген кезде іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед персоналдың қолын заласыздандыру үшін. Құрал -жабдықтар: 0,5% хлоргексин ерітіндісі бар флакон.: 70% этил спирті бар флакон; Бикс таңу материалдармен; Бір рет қана қолданатын сабын; құм сағат (1-3 минут). Іс-әрекетінің алгоритмі: 0,5% хлоргексидин ерітіндісі бар флаконды дайындау. Подставкаға таңу материалы бар, операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру. 1 минуттық құм сағатты қою, сабын дайындау. 1 минут бойы қолды сабынмен жуу (тырнақ астын, тырнақ маңайын, саусақ араларын, саусақтарды, алақанды, қолдың сыртын сол жақ қолдың, сосын оң жақ қолды, сол жақ, оң жақ білезікті, сол жақ, оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін). Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап, шынтаққа дейін шаю. Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру (оң жақ қолдың саусақтарынан бастап негізіне дейін, алақанды білезік буынға дейін, оң жақ қолдың ішкі сыртын ортаңғы бөлікке дейін, содан кейін сыртқы жағын, оң жақ қолдың ішкіжағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін, сосын сыртқы жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтыққа дейін). Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру. Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2 минут бойы. Заласыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, иықтың ортаңғы бөлігіне дейін 1 минут бойы. 5.Қолды первомур ерітіндісімен өңдеу кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед персоналдың қолын залалсыздандыру үшін. Құрал-жабдықтар: 2,4% первомур ерітіндісі бар флакон 10 литр дистилденген су бар ыдыс Бикс операциялық жабдықтармен Бір рет қана қолданылатын сабықұм сағат (1 минут) Іс-әрекетінің алгоритмі: 2,4% первомур ерітіндісі бар флаконды дайындау – 1000 мл 9 листр дистилденген суға езу – ерітінді бірақ тәулікке дайындалады. Подставкаға операциялық жабдықтары бар биксті орналстыру. Құм сағат, сабынды даййындау. Қолды ағынды сумен, сабынмен 1 минут бойы тырнақтн бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін жуу. Сабынды шаю үшін ағынды сумен шайып жіберу, тырнақтан бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін жуу. Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру, тырнақтан бастап қолдың ортаңғы бөлігіне дейін – оң жақ қолды, сосын сол жақ қолды. 2,4% первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолды 1 минутқа салып қою. Залалсыздандырылған орамалмен кептіру. 6.Өз бетімен халат киген кезде іс-әрекеттің алгоритмі Көрсеткіші: Операция кезінде асептиканы сақтау үшін. Құрал -жабдықтар: операциялық жабдықтары бар бикс таңу материалдары бар бикс заласыздандырылған лоток, корнцанг қолды өңдеу үшін антисептикалық ерітінділер бикске арналған подставкалар Іс-әрекетінің алгоритмі; 1.Подставкаға операциялық жабдықтары бар заласыздандырылған бикті орналастыру. 2. Сыртқы бейнесіне қарап бикстің залалсыздануын, макрировскасын тексеру. 3.Көмекші немесе педаль көмегімен биксті ашу. 4.Залалсыздандыру индикаторларын залалсыздандырылған коринцаг арқылы алып, жағдайын тексеру. 5.Залалсыздандырылған коринцаг арқылы ақ жайманың ішкі қабаттарын ашып тастау (бикстің шеттері жабық тұру керек). 6.Залалсыздандырылған корнцаг арқылы ашық бикспен заласыздандырылған косынканы немесе колпакты алу. 7.Колпакты немесе косынканы киіп шаштарды жабу керек. 8.Залалсыздандырылған коринцаг арқылы масканы алып жіптерін байлау (төменгі бөлігін – бастың төбе сүйек аймағында, жоғарғы бөлігін – шүйде аймағында). 9.Бикстің қақапағын жабу. 10.Қолды ағынды сумен жуып, кептіру, антисептикпен өңдеу. 11.Көмекші немесе педаль көмегімен бикстің қақпағын ашу, қолмен оралған халатты алу. 12.Мойын жағынан халатты ұстап тұрып ашу (залалсызандырылған халаттың сырқты жағы киімге, көрші заттарға тимеу керек). 13.Халаттың ішкі жағын өзіне қарату. 14.Екі қолға халатты кигізу, қолды жоғару көтеру керек, сосын жанына. Көмекші халаттың ішкі жағынан ұстап дұрыстайды, байламдарын байлайды. 15.Қолдағы байламдарды өз бетімен байлайды, басында сол қол, сосын оң қолды. 16.Байламдарды халаттың жеңінің ішкі жағына салады. 17.Оң жақ қалтадан белдікті алып, 30 см арақашықтықта ұстап, әр жақ шетінен 15 см-ден қалдырып отырып. 18.Көмекшіге белдікті әперу (шеттерін ақырын алады, белдікті халаттың беліне байлайды). 19.Бикстегі оралған қолғаптарды ашады. 20.Сол жақ қолмен қолғапты алып, астына енгізеді, ІІ, ІІІ, IV-V саусақтарды жауып, 1 саусақпен қолғаптың ішкі жағын ұстап тұрып. 21.Оң жақ қолдың саусақтарын қолғапқа енгізу, сол жақ қолмен қолғаптың бас жағын ұстап жабу. 22.Оң жақ қолдың саусақтарын ашып, қолғапты саусақтарға тартып кигізу. 23. Қолғапты халаттың манжетіне кигізу. 24.Қолғапты оң қолымен алып, жанағындай әдіспен сол жоқ қолға кигізу. 25.Залалсыздандырылған үстелді жұмысқа дайындау. 7.Залалсыздандырылған үстелдің жұмысқа дайындаудың іс-әрекеттің алгоритмі. Көрсеткіші: операция кзінде асептика ережелерін сақтау Құрал -жабдықтар: операцияларлық жабықтары бар бикс үстел бикске арналған подставка Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Операцияға баратындай қол өңделеді, заласыздандырылған халат, колпак, бахил киіп, заласыздандырылған құрал-саймандар үстелін жаюға кіріседі. 2. Үлкен құрал-саймандар үстелін 1 қабат жайма жаямыз, ал үстеліне 2 немесе 2-ге бүктелген жаймамен жабамыз. Жаймалар қолындағы 3 қабатты болу керек. 3.Үстелдің сол жақ шетіне 4-ке бүктелген жайманы жаяды, бұл жерде құралдар бар тор орналасады. 4.Үлкен үстелден басқа кішкентай қоғалмалы үстелді жаймамен жайып, қысқыш қыстырады. Жайманың бетіне бұл этапқа керекті материалдары бар орамал болу керек: аз мөлшерде қан тоқтататын қысқыштар, скалпель, қайшы, кішкне таңу материалы, тігінге арналған контейнерлер, шетіне тағы бір орамалмен жабылған кішкене мөлшерде тігін материалы. Есте сақтау керек: 1.Манипуляция ағымына сәкес қолды жуып отыру керек, құрал-саймандарды, салфеткалар мен жаймаларды, кейбір жағдайда бүкіл жаймаларды ауыстырып отыру қажет. 2.Мейірбикеде көп мөлшерде ауыстырлатын ақ жаймалар мен қолғаптар болу қажет. |