Главная страница

АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер


Скачать 133.46 Kb.
НазваниеЖалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Дата23.01.2022
Размер133.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг.docx
ТипДокументы
#339667
страница7 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

103. Ми-жұлын сұйықтығын алу процедурасына қатысудағы іс- әрекет.

Жабдықтар: анестезия жүргізуге инелер, шприц, 5,0; 10,0; 0,5 % новокаин, 70% спирт, мақта домалақтары, йод, мандрені бар арнайы ине, салфеткалар, штативтегі пробиркалар, стерильді материлы бар бикс, лейкопластырь, сүлгі, жолдама, жедел көмекке қажетті препараттар.

Іс-әрекет алгоритмі:

Процедура жүргізу ережесін түсіндір.

Сырақатты кушеткаға қырынан басын алдыға, аяғын ішіне бүгіп жатуын түсіндір.

Қолыңды өңде, зарарсыздандырылған халат, маска, резеңке қолғап ки.

Процедура барысында дәрігерге көмектес, сырқат жағдайын бақыла.

Сырқатты процедурадан каталкамен палатасына әкел.

Төсек ережесін 2 сағат сақталуын қадағала.

Сырқат дене қызуын, қан қысымын, тынысын бақыла, пункция орнын асептика, антисептика ережелерін орындай отырып, күтім ұйымдастыр.
Ескерту:Процедура жасайтын күннің алдында жеңіл тамақ ішкіз, гигиеналық ванна қабылдат, тазалау клизмасын жаса, алынған ми –жұлын сұйықтығын зертханаға контейнерде жылытқышқа орап жеткіз, егер мұмкін болса 18 сағатқа термостатқа сақта.
104.Механикалық жарақаттарда шұғыл көмек көрсеткен кезде іс-әрекетінің алгоритмі

Соғылу-жұмсақ тіндерді жарақаты, терінің толықтығы сақталған.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Жансыздандыру өткізу (анальгин беру, бұлшық етке 50%-2 мл анальгин енгізу, немесе жергілікті анестезия 50 мл 0,5% новокаин)

Аяқ-қолды жұмсақ байламдармен немесе құрсаумен бекіту.

Жарақаттанған жерге мұзды мұйық 2-3 сағатқа, арасында 20 минут үзіліс.

Жарақаттанған дене бөлігін көтеріп, пациентті жатқызу.

Ауруханаға тасымалдау
105.Гипс байламын салудағы іс-әрекетінің алгоритмдері
Көрсеткіші: ашық сынықтардың хирургиялық өңдеу жүргізгеннен кейін, операциядан кейін.

Құжаттар:

Суы бар ыдыс;

Гипс бинттері;

Гипс дайындауға арналған үстел;

Ортопедиялық үстел.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Арнайы киім кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию;

Пациентті ортопедиялық үстелге отырғызыңыз;

Дене бөлігіне физиологиялық қалып беріңіз;

Науқасты тыныштандырып, болатын монипулляцияны түсіндіріңіз.

Барлық шығып тұратын сүйектерді маталы валиктермен жабыңыз.

Гипстік байламды 25 Є с суға батырып, салыңыз.

Гипс байламдарын судан сығып алып шығыңыз.

Гипс байламдарын тартпай ораңыз.

Бинтті оң жақтан сол жаққа, әр турды алдыңғы бөліктен 2/3 бөлігіінің жауып тұратындай жабыңыз.

Әр турды қолмен сипалап, уқалаңыз.

Байламды науқастың денесімен бірдей қылып мүсіндеңіз.

Байламды кетіріңіз.

Науқасқа болуы мүмкін асқынулар жайлы мағлұматтар беріңіз.
Ескртпелер: егер гипстің қатуын жылдадату үшін, ыстық суды қолдану керек. Тежеу үшін, суық суды қолдану керек.

.
106.Иықтың жоғарғы бөліктерін, балтырдың төмеңгі бөліктерін пневматикалық пластмассалы құрсаулармен иммобилизация жасау.
Иықтың жоғарғы бөліктерін, балтырдың төмеңгі бөліктерін пневматикалық пластмассалы құрсаулармен иммобилизация жасау үшін пластмассалы құрсаулар қолданылады. Пластмассалы құрсау алюминсынымен бекітілген пластмасса таяқшалардан тұрады. Құрсау қырларында денемен бекітуге арналған жіп өткізілген. Пластмассалы құрсаулардың 3 типтері бар

І тип-ені-11,5 см, ұзындығы-90,130 см

ІІ тип-ені-10 см, ұзындығы-90,130 см

ІІІ тип-ені-8,5 см, ұзындығы-90,110 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Құрсауды дайындау.

Науқасты отырғызып, тыныштандыру.

Орындалатын манипуляцияларды түсіндіру.

Қол немесе аяққа физиологиялық ыңғайлы жағдай беріңіз.

Құрсауды сау жақпен дайындап алыңыз.

Дайын құрсауды жарақаттанған жаққа салыңыз.

Жіптің шетін құрсау шетімен алып шығып байлау.

Құрсауды косынкаға салып, бекітіңіз.
107.Медициналық пневмотикалық құрсауды салудағы іс-әрекетінің алгоритмдері
Құрсаулар түссіз пластмассалы клеенкалардан жасалған және келесі элементтерден тұрады.

Екіқабатты герметикалық пленка;

Молния-застежка;

Камераға ауаны шығару үшін түтікшелі қақпақшалы құрылым МПҚ үш мөлшерлі пакеттерде шығарылады.

Иыққа және қол ұшына;

Табан мен балтырға;

Тізе буынға, жамбасқа арналған.
Көрсеткіші: жоғарғы және төменгң бөліктердің сынығы.

Құжаттар: құрсау пакетпен.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Науқасты отырғызып, тыныштандыру, орындалатын манипуляцияларды түсіндіру.

Науқасқа физиологиялық ыңғайлы жағдай беру.

Құрсауды пакеттен алып шығу.

Молнияны шешу.

Құрсауды айналдырып, зақымданған бөліктің астына орналастыру.

Застежкаға – молнияны салу.

Ауа шығаратын құрылымның қақпақшасын ашу.

Құрсауды қатайғанша ауызбен желдетіңіз.

Қақпақшаны жабыңыз.
Ескертпелер: қысым түскенде камерада 40-45 мм с б.б қатаяды. Бұл транспорттық иммобилизацияға қажет қысым. Құрсау қанайналымды бұзбайды. Тез қойылады. Рентгенологиялық сәулелерді өткізгіштігімен ерекшеленеді.

108.Қабырға сынған кездегі транспорттық иммобилизация кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: қабырға сынығы

Құжаттар:

Лейкопластырь, жуан қайшы

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Науқасты тексеру

Қабырға сынығының бар жоғын тексеру

Науқасты тыныштандыру

Науқасқа жартылай отыру қалпын туғыз

Орындалатын манипуляцияларды түсіндіріңіз.

Сынған жерге лейкопластырьдан черепц тәрізді байлам салыңыз

Лейкопластырьдан ұзын полоска қиып алыңыз

Ұзын полосканы төс сүйегінен омыртқа жотасына дейін салыңыз.

Әрі қарай, келесі лейкопластырьды алдындағының жартысына орналастырыңыз

Науқасты ауруханаға тасымалдаңыз.
109.Жабық бас-ми жарақаты кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: шайқалу, жаншылу, мидың қысылуы

Құжаттар:

Зембіл, лоток, орамал

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Науқасты тексеріп, тыныштандырңыз

Орындалатын манипуляцияларды түсіндіріңіз

Науқасты носилкаға арқамен жатқызыңыз

Иммобилизациялық воротникті кмгізу

Суық суға малынған салфетканы жарақат маңайына салыңыз

Науқасты ауруханаға тасымалдаңыз.

Ескертулер: егер науқас ессіз бллса, мүсәпір спиртін іскетіңіз. Науқастың есін жию керек.
110.Буын шығып кеткен кезде іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: - буын қалтасының орнынан жылжып кетуі, капсуланың және байлам аппаратының жыртылуы.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Жансыздандыру (50% анальгин-5 мл бұлшық етке)

Аяқ қолға косынкалы байламмен құрсаумен иммобилизация өткізу

Жарақаттанған буынға мұзды мұйық қою

Пациентті зембілге салып ыңғайлы жағдай беру

Жарақат бөліміне тасымалдау.

111.Сүйектердің ашық сынығындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Сүйектердің ашық сынығы-бұл сүйектердің толықтығының бұзылуы, тері және жұмсақ тіндердің жарақаты.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Аяқ қолды киімнен босату

Сынықтан жоғары ширақ немесе айнымалы ширақ арқылы қанды тоқтату

Жансыздандыру (50% анальгин-5 мл бұлшық етке, немесе фурлярды анестезия 0,25% новокаин-100-200 мл)

Жара аймағын антисептикпен өңдеу (1% йоданат, 70% этил спирті, фурациллин ерітіндісі)

Жараға асептикалық байлам салу

Аяқты құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек

Сынған жерге мұзды мұйық

Пациентті зембілге арқасымен жатқызу

Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу

Жарақат бөліміне тасымалау

Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.


112.Жамбас сүйегі сынған кездегі іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: Жамбас сүйегі сынығы, жамбас қуысы ағзаларының жарақаты

Құжаттар:

Қатты зембіл, 25-30 см валик, орамал

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Науқасты тексеру

Сынықтың бар екендігіне көз жеткізу

Науқасты тыныштандыру

Орындалатын манипуляцияларды түсіндіру

Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру

Науқасты абайлап, арқамен зембілге, немесе щитқа жатқызыңыз

Тізе буынында аяқты бүгіп, аяқты екі жаққа созу

Бүгілген тізе астына валик салу

Тізені валикпен бекітіп, орамал бөлігімен немесе матамен бекіту.
113.Омыртқаның төс және бел бөлігінің сынығы кезінде транспорттық иммобилизация кезінде іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: омыртқа сүйектерінің жарақаттануы

Құжаттар:

Қатты зембіл немесе вакуумды, 20-25 см бинт

Ескертулер: омыртқаның бел немесе төс бөлігінің сынығы кезінде вакуумды зембілдер қолданылады.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Науқасты тексеру

Сынықтың бар екеніне көз жеткізу

Науқасты тыныштандыру

Орындалатын манипуляцияларды түсіндіру

Науқасты абайлап,зембілге ауыстыру

Зембіл чехолдарын байлау

Арнайы ауа шығаратын пышақ арқылы ауаны шығару

Зембілді екі адам арнайы қолдар арқылы ұстап шығарады.

Ескертулер: егер вакуумды зембіл болмаса, науқасты арнайы қатты зембілде немесе қалқанға салып тасымалдайды. Омыртқа жотасын қозғалтпай, орнынан ауыстыру. Науқасты орнынан ауыстырған кезде төртеулеп орындау керек. Науқас денесін жуан бинтпен кеуде маңайында, жамбас, тізе аймағында екіту керек.
Ескертулер: егер науқас ессіз болса, ішпенн тасымалдау керек. Егер омыртқаның мойын бөлігі сынса, науқасты арқамаен, мойын астына валик салып, тасымалдау керек.

Іш пердесінің өткір хирургиялық аурулары және жарақат щұғыл көмек кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Іштің жарақаттары-ашық және жабық. Жабық жарақаттар іш ағзаларын жарақаттайтын және жарақаттамайтын болады. Ашық жарақаттар өтпелі, өтпелі емес болуы мүмкін. Іштің жарақатында кездеседі травмалық шок, өткір қансырау, перитонит.
114.Іш пердесінің соғылуындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Жарақаттанған жерге мұзды мұйық

Зембілге салып, арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау
115.Іштің жабық жарақаты ішкі ағзалардың жарақаттану кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі

Қуысты ағзалар-ішек, асқазан, паренхиматозды ағзалар-бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, және қан тамырлары

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Ішке мұзды мұйық қою

Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик

Хирургия бөліміне тасымалдау

Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау

Сіреспенің алдын алуын шешу
Естк қалдыру: Жансыздандырмаймыз! Су ішуге болмайды!

Жарақат шогында қолдануға болады азоттың қос тотығын оттегімен бірге 1:1, немесе 1:2, көктамырға полиглюкин 500 мл, бұлшықетке 2 мл кордиамин. Қансырауда көктамырға 10% 10 мл хлорид кальций.
116.Іштің өтпелі емес жарақаты шұғыл көмектегі іс-әрекетінің алгоритмі

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Жара аймағын антисептикпен өңдеу

Жараға асептикалық байлам салу

Жараға мұзды мұйық қою

Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу

Хирургия бөліміне тасымалдау

Сіреспенің алдын алуын шешу
117.Іштің өтпелі жарақаты, ішкі ағзалардың ақтарылуындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу, тізе астына валик

Жара аймағын антисептикпен өңдеу

Ақтарылған ағзалардың маңайында мақталы валик салу

Дымқыл асептикалық байламмен ағзалардың үстін жабу

Көктамырға полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы

Травмалық шоқ жағдайда азоттың қос тотығы оттегімен бірге 1:1, 1:2.

Хирургия бөліміне тасымалдау

Сіреспенің алдын алуын шешу

Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.

Есте қалдыру: Су ішкізуге болмайды!
118.Өткір іштегі іс-әрекетінің алгоритмі
Өткір ішке кіреді-өткір аппендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, перитонит, өткір ішектің түйілуі, асқазанның тесілу жарасы, мезентериальды тамырлардың тромбозы.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик

Ішке мұзды мұйық қою

Хирургия бөліміне тасымалдау
Есте қалдыру: қолдануға болмайды-жылтқыш қою, ішті босататын дәрілер беру, ішті тазалау, асқазанды жуу, жансыздандыру, су ішкізу.
119.Қысылған жарықтағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик

Ішке мұзды мұйық қою

Хирургия бөліміне тасымалдау
Есте қалдыру: жарықты орнына салу, жансыздандыруға болмайды!
120.Асқазан ішек қансырауындағы іс-әрекетінің алгоритмі

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды зембілге бір жақ қырына жатқызу, аяқ жағы көтеріңкі

Көктамыр ішіне 10% 10 мл хлорид кальциі, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы, 12,5% 2 мл этамзилат

Ішке мұзды мұйық қою

Су бермеу

Хирургия бөліміне тасымалдау
Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Тік ішектің жарақаттарына жатады-кілегей қабаттың жарақаты, бұл өз бетімен жазылады, және өтпелі жарақаттар.

Тік ішектің жарақатында травмалық шок, өткір қансырау, перитонит кездеседі.
121.Тік ішектің өтпелі жарақатындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Жара аймағын антисептикпен өңдеу

Жараға қысып тұратын байлам салу

Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 2 мл промедол ерітіндісін бұлшық етке)

Пациентті жартылай отырғызу

Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин

Проктология бөліміне тасымалдау

Сіреспенің алдын алуын шешу.
122.Тік ішек шығып кеткен кездегі іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті қырына немесе тізе-шынтақ жағдайға жатқызу

Шығып кеткен ішектің кілегей қабатын тексеру-қысылуы, өліеттену жоқпа деп

Вазелин немесе басқа май жағу салфетка арқылы

Осы салфетка арқылы ішекті ақырын орнына түсіру

Қатаң төсек режим 1 сағат бойы сақтау

Балаларға жамбасты қолмен қысып 1 сағатқа жабысқақ пластырьмен бекіту

Ішектің кілегей қабаты өліеттенсе орнына салуға болмайды

Проктология бөліміне тасымалдау.
123.Несеп-жыныс ағзалардың ауруында және жарақатындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Бүйрек жарақаты

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу

Бел аймағына мұзды мұйық қою

Жансыздандыру (бұлшық етке 50% 2 мл анальгин)

Урология бөліміне тасымалдау.
124.Қуық жарақатындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу

Бел аймағына мұзды мұйық қою

Зәр тоқтап қалған кезде катетеризация өткізуге болмайды

Урология бөліміне тасымалдау.
125.Бүйрек ұстамасындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:

Бұлшық етке 50% 2 мл анальгин, 1% 1 мл димедрол, 0,1% 1 мл атропин.

Зардап шеккен адамды көлденең зембілге салу

Урология бөліміне тасымалдау.
126.Өткір зәрдің тоқтап қалуындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Өткір зәрдің тоқтап қалуы-бұл өз бетімен қуықты босатудың тоқтауы.

Себебі: предстата безінің аденомасы, уретраның тастары, структурасы, ісіктер, фимоз, нәжіс тастары, операциядан, босанудан кейін, истерия.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

А. Себебін анықтау

В. Истерия, операциядан кейін, босанған соң-пациентті ширмамен қоршау, коанды ашу, қуық аймағына жылы қою

С. Басқа ауруларда және алғашқы жағдайда нәтиже болмаса қуыққа резеңкелі катетер қолдану

Д. Зембілге салып, көлденең урология бөліміне тасымалдау
127.Омыртқа жамбас жарақаты шұғыл көмегіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Омыртқа жарақаттары болуы мүмкін-жұлынның жарақаттануымен және жарақаттанусыз, көбінесе жарақат шогымен қосарланады.
128.Омыртқа мойын бөлігінің сынығындағы іс-әрекетінің алгоритмі

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең мойын астына валик салып жатқызу

Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол)

Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин

Мойынға Еланский немесе Шанц құрсауын қолдану

Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау

Жарақат бөліміне тасымалдау
129.Кеуде, бел аймағындағы омыртқа сынығындағы іс-әрекетінің алгоритмі

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Зардап шеккен адамды қалқанға немесе қатты зембілге көлденең мойын астына валик салып жатқызу

Жансыздандыру (бұлшық етке 2% 2 мл промедол)

Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин

Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау

Жарақат бөліміне тасымалдау
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта