Главная страница
Навигация по странице:

  • Іс-әрекетінің алгоритмі

  • 130.Қаңқа тартудағы жатқан пациенттің төсек-киімін айырбастау кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

  • 131.Қаңқа тартудағы теріге күтім көрсеткен кезде іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші

  • 25.Стандарт. Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу Мақсаты

  • Кері көрсеткіші

  • Науқастың мүмкін болатын мәселелер

  • Нәтижені бағалау

  • АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер


    Скачать 133.46 Kb.
    НазваниеЖалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
    Дата23.01.2022
    Размер133.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг.docx
    ТипДокументы
    #339667
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Жамбас сынығындағы іс-әрекетінің алгоритмі

    Жвмбас сүйектерінің сынығында жиі кездеседі-кіші жамбас ағзалардың жарақаты және травмалық шок

    Іс-әрекетінің алгоритмі:

    Зардап шеккен адамды қатты зембілге арқасымен жатқызу, тізе, жамбасбуында аяқтарын бүгіп (тізе астына валик)

    Жансыздандыру

    Көктамыр ішіне полиглюкин 50 мл, 2 мл кордиамин

    Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау.
    130.Қаңқа тартудағы жатқан пациенттің төсек-киімін айырбастау кезіндегі мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

    Құжаттар: төсек жабдықтары, резеңкелі қолғап, дез.ерітінділері бар ыдыс

    Іс-әрекетінің алгоритмі:

    Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру

    Тазаа жайманы бинт тәрізді бүктеп алу

    Беллер құрсаудан жүктен босату

    Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріп, жастықты алып тастау

    Ластанған ақ жайманы пациенттің бас жағынан бастап беліне дейін жинап, керуеттің босаған таза ақ жайманы орналастыру

    Жастықты салып, пациентті жатқызу

    Пациенттің сау аяғын бүгіп, төсекке тірелуін, жамбастың көтеруін сұраймыз

    Ластанған ақ жайманы ары қарай жинап алып, таза ақ жайманы жаямыз

    Беллер құрсауын жарақаттанған аяқпен қоса көтере тұрамыз

    Ластанған ақ жайманы жинап алып, тазаны жаямыз

    Беллер құрсауды төсекке орналастыру, пациенттің аяғын құрсауда түзеу (құрсаудың иілген бөлігі тақым астына орналасу керек)

    Блокта байламның орналасуын тексеріп, жүкті іліп қою.

    131.Қаңқа тартудағы теріге күтім көрсеткен кезде іс-әрекетінің алгоритмі
    Көрсеткіші: біз берген жердің жұқпа түсірмеуінің алдын алу

    Құжаттар:

    3 пинцет; Купер қайшылары; Тану материалдар;

    Антисептикалық ерітінділер (70% спирт, 1% йоданат, 0,5% гибитан);

    Резеңкелі қолғаптар; Дез.ерітінді бар ыдыс.

    Іс-әрекетінің алгоритмі:

    Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру

    Резеңкелі қолғап кию

    Пинцетпен, спица кірген және шыққан жерге орналасқан салфетканы алып тастау

    Пинцетті айырбастау

    Спица кірген және шыққан жерді 1% йоданатпен өңдеу

    Салфетканы 70% спиртке немесе 0,5 гибитанға матыру

    2 пинцетті қолданып, салфетканы сорғыту

    Дайындалған салфетканы спицаның кірген жеріне орналастыру

    Дайындалған салфетканы спицаның шыққан жеріне орналастыру

    Пациенттің терісіндегі салфеткалар кепкен сайын айырбастап отыру

    Қолданған заттарды дез.ерітіндісі бар ыдысқа орналастыру.

    25.Стандарт. Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу

    Мақсаты: зардап шеккендерге және терминалды жағдайда реанимация жүргізу, клиникалық өлім.

    Көрсеткіші: кенеттен жүректің тоқтауы, клиникалық өлім, электрожарақат, суға бату, жол апаттары, жазатайым жағдай ж/е т.б.

    Кері көрсеткіші: кеш жасалған реанимация, онкологиялық және ауыр созылмалы аурулардың терминалды сатылары, қарттық жас.

    Құрал жабдықтар:

    -Стерильді қолғап, маска

    -стерильді таңғыш материал (дәке, бинт, мед-қ марлы)

    Науқастың мүмкін болатын мәселелер :

    -декортикация

    -постреанимациялық синдром

    -қабырғалардың сынуы, төс аймағының жарақаттанулары

    -тілдің тыныс жолдарына түскен кездегі обтурация, асқазан заттары тыныс жолдарына түсуі.

    Іс – әрекет алгоритмі

    1. Жүрек – өкпе реанимациясының көрсеткішін анықтау, жүрек және тыныс алудың тоқтауының белгілерін анықтау.

    2. Зардап шегушіге реанимация жүргізуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету (науқасты тегіс қатты жерге арқасымен жатқызады, тізеден төмен деңгейде)

    3. Бір қолдың алақаны төстің семсер тәрізді өсіндісінен 2 см жоғары, төстің төменгі 1/3 бөлігіне қояды. Екінші қолдың алақаны бірінші қолдың үстіне қояды, қолдар шынтақ буынында тік болуы тиіс, қолдары «құлып» тәрізді немесе саусақтар тік болуы тиіс.

    4. Алақынды кеуде торынан ажыратпай, 3-4 см тереңдікте, минутына 60-80 рет жылдамдықпен, ырғақты түрде компрессия жасаймыз. Өкпеге жасанды тыныс беру және кеуде торына компрессия жасау қатынасы 2:30



    5. Үштік Сафараны әдісін жүргізу (басын артқа шалқайтып, астыңғы жағын алдыға жылжытып, ауызын ашу)

    6. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін тексеру, ауыз қуысын бөгде заттардан тазалау.

    7. Зардап шегушінің ауызын дәкемен жауып, бір қолмен маңдайынан ұстап, төменгі жақты ұстап тұру.

    8. Өкпеге ауа алып, зардап шегушіге ауыздан ауызға тәсілімен жасанда тыныс беру, сол кезде науқастың кеудесі 3 – 4 см көтерілу керек.

    9. Әрбір 1-2 минут сайын орындалып жатқан реанимацияның эффективтілігін тексереміз (ұйқы артериясының пульсациясын анықтау, көз қарашығының тарылуы, тері қабаты түсінің өзгеруі)

    Нәтижені бағалау: ұйқы артериясының пульсациясын анықтау, көз қарашығының тарылуы, тері қабаты түсінің өзгеруі

    Травмалық шок іс-әрекетінің алгоритмі
    Іс – әрекет алгоритмі:

    1. Болжам диагноз қою. Іштің қысыңқы травмвсы. Іштің қаңсырауы. Геморрагиялық шок,травмалық шок 2-ші дәрежелі ауырлық.

    2. Науқасты дайындаңыз ( Тренделенбург қалыпы, науқасты арқасына жатқызу, аяқ жағын 10-45 градусқа көтеру)

    3. Жоғарғы тыныс алу жолын қамтамасыз ету( бас пен мойыннын иммобилизациясын орнату:басты артқа қарай шалқайтып еңкейту,төмеңгі жақ пен тыныс алу жолдарын тазалау)

    4. Оттегімен қамтамасыз еткізу ( бет маска арқылы ,ылғалды оттегімен қамтамасыз ету)

    5. Веноздық қол жеткізуді қамтамасыз етіңіз( катетерді екі перифериялық венасына қойыңыз)

    6. Мониторинг өткізіңіз( АҚ өлшеу, пульсін,ЖСЖ, оттегін қанықтыру,мониторинг әр 5 минут сайын )

    7. Науқас жазбасы аякталғанына көз жеткізіңіз. Хаттама толтыруды бастап оған өмірге қажетті көрсеткіштерің жазыңыз)

    8. Анестетикалық препаратты енгізіңіз Диазепам 0,5% 2-3мл +Трамадол 5% 1-2мл немесе Диазепам 0,5% 2-4млд+Тримеперидин 1% 1,0мл немесе Диазепам 0,5% 2-4мл Фентанил 0,005% 2мл

    9. Инфузионды терапияны енгізу ( көк тамырға натрий хлориді 0,9% немесе глюкоза ертіндісі 5% немесе гидросиэтилкрахмал ертіндісі 6% немесе декстран ертіндісі 6%, 250-500мл минутына)

    10. Инфузияның тиімділігін бағалау терапиясы( 5-7минуттан кейін АҚ өлшеу). Келесі 15 минутына дейін критикалық деңгейге көтерілу керек ( САҚ 90 мм с.б).

    11. Көк тамырға глюкокортикостероидты енгізу - преднизолон 250 мг.

    12. Пациенттің маршутын анықтау. Хирургиялық стационарға жеткізу.

    Ескерту! Қолданылатын вазопрессоровты (допаминді ) травмалық шокта асқынған қан жоғалуда ( инфудиялық терапия) өрескелі қателік болып саналады,станция сәтсіз аяқталды.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта