Главная страница

АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер


Скачать 133.46 Kb.
НазваниеЖалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Дата23.01.2022
Размер133.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг.docx
ТипДокументы
#339667
страница5 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

59.Жота-ми, эпидуральдық немесе перидуральдық

анестезия өткізген кездегі іс-әрекет алгоритмі

Көрсеткіші:жамбас, аяқ, ішке операция жасаған кезде.

Кері әсері:төмен артериялық қысымда омыртқа, жұлын ауруларында.

Анестетиктер:

Тримекаин 1% - 30 мл

Дикаин 0,3% - 30 мл

Совокаин 1% -1 мл

Құрал -жабдықтар :

заласыздандырылған лоток

марля дәкелер

Бир инесі

шприц 20 мл;

Анестетик

5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид; кофеин 10%-1 мл, кофеин 10% - мл, анальгин 50% - 5 мл (асқынуларда қолданады;

70% этил спирті

Пациент жағдайы:

пациентті бір жақ қырына жатқызу;

басын ішіне қарай жатқызу;

аяқтарын тізе, жамбас буындарды бүгіп, ішіне қарай әкелеу, тізесін қолдарымен ұстау.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Пациентті жатқызу

2.Саймандарды, таңу материалды, анестетикті, дәрі-дәрмектерді дайындау.

3.Мейіркеш пациенттің жанында тұрып қажетті жағдайды сақтап тұруға көмектеседі.

4.Анестезияны дәрігер жүргізеді.

5.Анестетикті енгізген соң пациенттің басын жоғары орналастыру керек.

6.Дәмін, қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау.
60.Новокаин блокадалар жүргізген кездегі іс-әрекет алгоритмі

Көрсеткіші: ауырсынуды басу үшін, трофикалық бұзылыстарды емдеу үшін, қабырға сынықтарында, қабырға аралық невралгияда.

Анестетиктер:новокаин 0,25% -250 мл

новокаин 0,5% - 50 мл

новокаин 2% - 10 мл

Құрал –жабдықтар:

заласыздандырылған лоток

марлялы дәкелер

шприц 20 мл

новокаин

2 пинцкт

70% этил спирті

резеңкелі қолғаптар

инелер бұлшық етке арналған
61.Оберст-Лукашевич блокадасын өткізген

кездегі іс – әрекет алгоритмі

Іс-әрекетінің алгоритмі: саусақтарға оперция.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Пациентті ыңғайлы жағдайда жатқызу.

2.Резеңкелі қолғап кию.

3.Алақанды заласыздандырылған салфеткамен, спиртпен 2 рет өңдеу.

4.Саусақтың негізінен залалсыздандырылған бинт орналастыру.

5.Шприцке 2% -5 мл новокаин алу.

6.Саусақтың ішкі бетінен екі жақтан тері ішіне новокаин негізу.

7.3-5 минут өткен соң операция жасау, саусақтың негізінен залалсыздандырылған бинтті шешпеу.

62.Қабырға аралық блокадағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: қабырға сынықтарында, қабырға аралық невролгияда

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті ыңғайлы жағдайға жатқызу

Резеңкелі қолғаптар кию

Теріні 2 рет спиртпен өңдеу

Шприцке новокаин ерітіндісін лу

Қабырғаның төменгі шетімен инені енгізу, ине тамырға түскен жоқпа деп тексере отыру

Новокаинді ақырын жіберу

Инені алып, иненің орнын спиртпен өңдеу

Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез.ерітіндісі бар ыдысқа орналастыру

3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.
63.Вишневский бойынша вагосимпатикалық блокада өткізген кзеде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: кеуде жарақаты, торакотомиядан кейін

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті арқасымен жатқызу

Резеңкелі қолғап кию

Жауырын астына валик салу, басы шалқаю үшін

Блокадаға қарама-қарсы жаққа басын бұру

Блокада жағында, қолын дененің ұзындығы бойынша орналастыру

Төс-бғана бұлшық ет аймағында теріні 2 рет спиртпен өңдеу.

Блокаданы өткізетін дәрігер!

Пациентті қадағалау. Егерде блокада дұрыс өткізілсе-блокада өткізілген жақта беті қызарады, көзінің қарашығы кішірейеді.
64.Паранефральдық блокада өткізген кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: бүйрек, бүйрек маңайындағы клетчатканың жарақаты, аурулары

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті сау жағына жатқызу

Резеңкелі қолғап кию

Бел аймағына валик салу

Сау жағында аяқты тізе, жамбас буында бүгу

Ауырған жағынан аяғын жіберу

Ауырған жағында қолын жоғары орналастыру

2 рет спиртпен залалсыздандырылған салфеткамен омыртқа-қабырға бұрыш аймағын өңдеу.

Блокаданы өткізетін дәрігер!
65.Шәует байламының блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: бүйрек коликасы, ер адамдардың жыныс ағзаларының жарақаты және аурулары

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті арқасымен жатқызу

Резеңкелі қолғап кию

Ума аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу

Шприцке 2%-5 мл новокаин ерітіндісін алу

Ума түбіне тері ішіне новокаин енгізу

Инені алып, оның орнын спиртпен өңдеу

Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез.ерітіндіге орналастыру

3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.
66.Жатырдың домалақ байлам блокадасындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі

Көрсеткіші: бүйрек ұстамасы, әйел адамдардың жыныс ағзаларының жарақаты және аурулары.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті арқасымен жатқызу

Резеңкелі қолғап кию

Шап аймағында залалсыздандырылған салфеткамен, спиртпен теріні 2 рет өңдеу

Шприцке 2%-5 мл новокаин ерітіндісін алу

Шап аймағына тері ішіне новокаин енгізу

Инені алып, оның орнын спиртпен өңдеу

Резеңкелі қолғаптарды шешіп, дез.ерітіндіге орналастыру

3-5 минут өткен соң жансыздандыру пайда болады.
67.Жергілікті жансыздандыру өткізген кезде пациент күтімінде

іс – әрекет алгоритмі

пациентті ыңғайлы жағдайда жатқызу, операцияға байланысты.

жастықсыз жатқызу – локсу болуы мүмкін және жота –ми анестезиядан кейін.

жағымсыз жағдай жоқ кезде – басына жастық салу.

пациентті 2 сағат бойы қадағалау: қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу, байламды қадағалау.

жота – ми анестезиядан кейін 2 тәулік бойы төсек режимін сақтау.
68. Жалпы жансыздандыруға пациентті дайындаған кездедегі іс- әрекет алгоритмі

пациентті зерттеу тыныс жолдарының өткіздігін, мойынның, иектің қоғалуын;

ауыз-қуысына санация жүргізу;

аллергиялық және созымалы аурларды анықтау.

Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын өлшеу.

Жалпы қан анализдерін, зәрді, электролитті, сулы, қышқыл – сілтілі балансты зерттеу.

Қан тобын, резус- факторды анықтау.

Анестезиолог картасын толтыру.

Тоқ ішекті клизма арқылы кешке жақын, немесе операцияға 2 сағат қалғанда дәрігер нұсқауымен тазалау.

Дәрігер нұсқауы бойынша наркозға 12 сағат қалғанда аштықты, су режимді сақтау.

Операция алдында кучқты босату.

Операцияға 30 минут қалғанда дәрігер нұсқауымен кешкілік және таңертеңгі премедикацияны өткізу.

Қатаң төсек режимін сақтау таңертеңгі премедикация өткізген соң.
69.Наркотизатор үстелін дайындағанда кездегі іс – әрекет алгоритмі

1.залалсыздандырылған үстел № 1:

5 мл, 10 мл, 20 мл шприцетер

Инелер

Дәрілерді езетін ыдыстар-4

Пинцеттер -4

Қанды тоқтататын қысқыштар- 2

Қайшылар -2

Таңу материалдар (салфеткалар, шариктер)

Корнцанг -1

2.Залалсыздандырылған үстел № 2:

Интубациондық трубкалар

Ларингоскоп

Маскалар

Трубкаларды аппаратпен бекітетін коннекторлар

Ауа түтікше

Ауыз кеңейткіш

Тіл ұстағыш

Зондтар

Мұрын катетерлері

3.Залалсыздандырылған үстел:

1 рет қолданатын система -2

1 рет қолданатын шприц инемен – 5

Тыныс жолдардан сілекейді сорып алатын катетер -2

Термометр – 1

Фонендоскоп 1

Лейкопластырь 1

Медикаментоздық заттар (анестетиктер, миорелаксанттар, жүрек, дем аналептиктер, сұйық наркотикалық заттар, атропин, прозерин, спазмолитиктер).
70.Анестезистканың жұмыс кезіндегі іс –әрекеті

Пациентке дәрі препараттарды, сұйықтықтарды енгізу.

Интубация кезінде дәрігерлерге көмектесу.

Тамыр соғуын, қан қысымын қадағалау.

Көзінің қарашығын, теріні қадағалау.

Приборлардың көрсеткішін қадағалау.

Қан жоғалтудың мөлшерін жүргізу.

Наркоз басында пациенттің асқазанына зонд енгізу.

Тыныс жолдардан электроотсос арқылы сілекейді сорып алу.

Наркоз картасын толтыру.

Жарылыстың алдын алу үшін ережелердің сақталуын қадағалау.

Пациент операиядан толық оянғанша қадағалау.

Реанимация бөліміне пациентті тасымалдау.

Газдардың берілуін өшіру.

14.Аппаратураның зарарсыздандыруы.
71. Наркоз кезінде жарылыстардың алдын алу шаралары

Эфирлы немесе циклопропан наркоз қолданғанда, диатермокоагулянттармен қолданбау.

Операция бөлімінде синтетикалы киім, аяқ киім қолданбау.

Аппараттардың бөлшектерді антистатикалық материалдан болу керек.

Ашық спиральды жылытқыштармен қолданбау.

Жалаңаш сымдар, сынған розеткалармен қолданбау.

Пациент бетінде, анестетиканың қолында, аппараттардың бөлшектерінде май, крем, ерін бояғыштар болмау керек.

Газ бар баллондардың түсін нақты білу керек:

Оттегін-көк түсті, жазулары қара;

Азоттың қос тотығы – сұр, жазулары ақ,;

Циклопропан – қызыл түсті, жазулары қара;

Көтір тегі – қара түсті , жазулары ақ;

Операция бөлімінде өрт сөндіргіш болу керек.
72.Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің

іс –әрекет алгоритмі

Пациентті таза, жастықсыз төсекке жатқызу.

Тамыр соғуын, демін, қан қысымын, дене қызуын өлшеу.

Диурезді қадағалау.

Дренаж бойынша шыққан сұйықтықтың мөлшерін, түсін қадағалау

Пациенттің динамикалық қадағалау қағазын жүргізу.

Операциядан кейінгі жараны қадағалау.

Наркоздан оянған соң, операцияға байланысты пациентке ыңғайлы жағдай беру.
73.Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы іс-әрекетінің алгоритмі

Ұзақ уақыт қысылу синдромы – бұл патологиялық жағдай, жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу себебінен пайда болатын, жарақат шогына, токсемияға, плазма жоғалтуға әкелетін. Бұл синдром кездеседі жер сілкіністе, жарылыстарда, жол-көлік, теміржол аппатарда.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Қысылған жерден жоғары, аяқ қолды босатқанша ширақ салу.

2.Қысылған заттан аяқты босатқан соң, шетінен бастап ортасына дейін тығыз байлам салу, сосын ширақты босату.

3.Жансыздандыру (2% промедол -2 мл бұлшықетке).

4.Аяқ қолды құрсаулармен бекіту.

5.Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).

6.Аяққа мұзды мұздық қою.

7. Зембілге арқасымен жатқызу.

8. Қан қысымын, тамры соғуын қадағалау.

9.Реанимация бөліміне тасымалдау.

10.Сіреспенің алдын алу шаралары.
74.Аяқ-қолдың травмалық үзілуіндегі

іс-әрекет алгоритмі

Бұнда өткір қансырау, травмалық шок пайда болады.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Аяқ қолды киіммен босату.

2.Үзілген жерден жоғары ширақты салып, қанды тоқтату.

3.Жансыздандыру 2% промедол 2 мл бұлшықетке.

4.Жараға асептикалық байлам салу.

5.Аяқ-қолды құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек.

6.Байлам үстіне мұзды мұйық қою.

7.Көктамыр ішіне полиглюкин (реополигюкин -500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).

8.Зембілге арқасымен жатқызу.

9.Үзілген аяқ-қолды үлкен целлофан пакетке салып, мұзды мұйық орналастыру керек.

10.Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.

11.Хирургия бөліміне тасымалдау.

12. Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
75.Жаралану кезіндегі іс-әрекет алгоритмі

Жара – бұл ашық механикалық жарақат терінің және терең жатқан тіндердің толықтығының бұзылуы.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Жара аймағын киімнен босату.

2.Қансыраудың түріне байланысты қанды тоқтату.

3.Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немес бұлшық етке 50% -2 мл анальгин).

4.Тері аймағын антисептикпен өңдеу (3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, фурацилин).

5. Жараға асептикалық байлам.

6.Аяқ қолды құрсаумен немесе косынкалы байламмен бекіту.

7.Жара аймағына мұзды мұйық.

8.Жарақат шогының диагнгстикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.

9.Жарақат бөліміне тасымалдау.

10.Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
76.Күйіктегі іс-әрекет алгроритмі

Күйік –бұл тіндердің жарақаты жоғары температураның, химиялық заттардың, сәуле энергиясының, электро тоқтың жергілікті әсерінен пайда болған. Жағдайдың ауырлығы күйіктің аймағына және тереңдігіне байланысты.
Термиялық күйіктегі іс-әрекет алгоритмі

Термиялық күйіктер будың, қайнаған сұйық заттардың, оттың, ысыған заттардың әсерінен пайда болады.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Жарақаттайтын фактордың әсерін жою.

2.Зардап шеккен адамды таза ауға шығару.

3.Күйген жерді киімнен босату (егерде киім шешілмесе жара маңайында қайшымен қию).

4.Жансыздандыру (анальгин таблеткасы немесе бұлшық етке 50%- 2 мл анальгин, 2% промедол – 2 мл бұлшықетке).

5.Жараны суық антисептикпен жуу.

6.Жараға асептикалық байлам салу (фурацилин ерітіндісі, анестезин суспензиясы немесе пантенол аэрозольмен өңдеу)

7.Құрсаумен немсе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.

8.Күйген жерге мұзды мұйық қою.

9. Жарақат шоғының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.

10.Жарақат бөліміне тамысалдау, зәмбілге салу.

11.Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
77.Химиялық күйіктегі іс –әрекет алгоритмі

Химиялық күйіктер – бұл теріге, кілегей қабатқа қышқылдар (азот, күкірт, тұз, сірке) және сілтілер (калий, натрий қортылмаған әк), фосфор, ауыр металдың тұздары (азотқышқыл күмісі, цинк хлориді) түскен кезде.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Жарақаттайтын фактордың әсерін жою.

2.Күйген жерді киімнен босату.

3.Күйген жерді суық сумен 20 минут бойы шаю (күйікті күкірт қышқылы қортылмаған әк, фосфор) тамған кезде шаюға болмайды, бұндай жағдайда – фосфорды пинцетпен алып ьастау, күкірт қышқылы қортылмаған әкті салфеткамен алып тастау, антисептикке матырылған.

4.Жансыздандыру.

5.Жараға асептикалық байлам салу.

6.Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.

7.Күйген жерге мұзды мұйық қою.

8.Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.

9.Жарақат бөліміне тасымалдау, зәмбілге салу.

10.Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.

12.Құрсаумен немесе косынкалы байламмен иммобилизация өткізу.

13.Күйген жерге мқзды мұйық қою.

14.Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.

15.Жарақат бөліміне тамысалдау, зәмбілге салу.

16.Күйіктің 2-4 дәрежесінде сіреспенің алын алу шараларын жүргізу.
78.Электрожарақат кезіндегі іс –әрекет алгоритмі

Электрожарақат – бұл электротоқпен немесе атмосфералық тоқпен жарақаттану. Жарақат болуы мүмкін жергілікті (терінің күйігі) немесе жалпы (есінен тану, коллапс, шок, әлсіздік, демнің жүректің тоқтауы).

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Электротоқтың әсерін жою, қауіпсіздік техникасын сақтап отырып.

2.Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу.

3.Зардап шеккен адамды тексеру.

4.Күйген жерге асептикалық байлам салу.

5.Жансыздандыру (50% анальгин -2,5 мл бұлшық етке).

6.Бұлшық етке 2 мл кордиамин,5% эфедрин 1 мл тері астына.

7. Демі, жүрегі тоқтаған кезде жасанды дем, жабық массаж.

8.Реанимация бөліміне зембілге салып тасымалдау.
79.Үсік кезіндегі іс –әрекет алгоритмі

Үсік – төменгі температураның әсерінен тіндердің жарақаты.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

І әдіс.

1.Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.

2.Кепкен жылы изоляциялық байлам салу (мақталы –марлялы тампон бет жағынан целлофан, немесе клеенка оның сыртынан жұмсақ дәке немесе түбіт орамал).

3. Үсіген аяқ қолға иммобилизация өткізу.

4.Тез арада емдік ауруханаға жеткізу.

ІІ әдіс

1.Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.

2.Дененің үсіген бөлігін бөлме температурадағы +180С суға орналастыру, оның температурасын біртіндеп +380С көтеру. Кепкен дәкемен сүрту.

3. Үсіген жерге асептикалық байлам салу.

4. Аяқ қолды құрсаулармен немесе косынкалы байламмен бекіту.

Зардап шеккен адамға ыстық шәй, кофе беру.

5.Бұлшық етке 1% дибазол 1 мл ,1% никотин қышқылы 1 мл.

6.Жарақат бөліміне тамысалдау.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта