АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Скачать 133.46 Kb.
|
кездегі іс – әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: күйіктер, үсіктер, жарақттар, операциядан кейін кез. Құрал -жабдықтар: бинт, ені 20 см Іс-әрекетінің алгоритмі: пациентті отырғызу керек, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцины түсіндіру; бинттің ені 20 см, ұзындығы 75-90 см бау кесіп алу. бинтті ортасына дейін кесу, бинттің ортасы 10-15 см; иек аймағына пращты орналастыру; кесілген шеттерін крест тәрізді орналастыру; төменгі байламдарын құрақ үстіне көтеріп, шүйде аймағында байлау; жоғары байламдарын құлақ астына өткізіп, мойын аймағына байлау. 43.Бастың төбе сүйектеріне «Праща» тәрізді байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: пациентті отырғызу керек, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру; бинттен ені 20 см, ұзындығы 75-90 см бау кесіп алу; бинтті ортасына дейін кесі, бинттің ортасы 10-15 см; бастың төбе сүйектеріне пращті орналастыру; кесілген шеттерін крест тәрізді орналстыру: төменгі байламдарын маңдай үстінде байлау. жоғары байламдарын иек астында байлау. 44.«Т» тәрізді байламды шат аралыққа салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Есте қалдыру: Ер адамдарда байлам салғанда бинттің жоғарғы орналасқан туралы алдыңғы жақ белдемеден, бір жерден емес, екі жерден өткізеді, жыныс ағзаларын қалдырады. «Т» тәрізді байламның басқа түріне жатады умаға арналған суспензорий. Бинттен ені 20 см – пращ дайындайды. Уманы пращтің ортаңғы бөлігіне орналастырып, пращтың алдыңғы, артқы байламдарын тиістіріп, алдыңғы жақтан алып келіп, белдікке байлайды. 45.Окклюзионды (герметикалық) байлам салған кезде іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: жабық (тасымалдау кезінде ашыққа ауысуы мүмкін), ашық пневмоторакс. Құрал -жабдықтар: антисептик ерітінділері; залалсыздандырылған салфеткалар; клеенка, целлофан, жеке тану пакеті, мақталы жастықшалар, бинт. Іс-әрекетінің алгоритмі: пациентті жартылай отырғызып, бетімен өзіне қаратып, тыныштандыру. резеңкелі қолғап кию; жарақаттанған жерді тексеру, ашық пневмоторакстың барын дәлелдеу; пациентке манипуляцияны түсіндіру; жара маңайында теріні антисептикпен өңдеу; жараға заласыздандырылған салфетка немесе жеке таңу пакетінің жастықшаларын орналаластыру. таңу материалды бинттің 2-3 турымен бекіту. Клеенка, целлофан немесе жеке таңу пакетінің резеңкелі ішкі қабатын жараға орналастыру; бинттің церкулярлы турлармен бекіту; бинттің шетін түйінге байлау. Есте қалдыру: байламның нәтижесін анықтау (байлам кпкен, сулы емес, нақты бекітілген, плевра қуысына ауа кірмейді). 46.Иық сынығы кезінде Крамер құрсауын салу кезіндегі іс – әрекет алгоритмі Көрсеткіші: тықтың сынуы, иықтың шығып кетуі. Құрал -жабдықтар: Крамердің сатылы құрсауы; 2 бинт, мақта, қайшы. Есте сақтау: құрсауды салған кезде таяу орналасқан үш буынды бекіту керек. Іс-әрекетінің алгоритмі: науқасты өзіне қаратып отырғызыңыз, тыныштадырыңыз; болып жатқан ; үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз; жарақат аймағын тексеріңіз, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз. сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз: ұшзындығы 120 см, ені 11 см. құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз. құрсауды сау қолға салып көріңіз. құрсауды алып сынған буынның аймағында 900- қа бүгіңіз. құрсауды сау қолға салып, білезік буынынан иық буынына дейін өлшеңіз. құрсауды иық буыны маңайында топас бұрышта бүгіңіз (1150); құрсауды сау қолға иық маңы құрсаумен ұсталып тұрғанына көз жеткізе отырып тексеріңіз, құрсау соңы сынған иық орналасу керек. зақымданған қолға орташа физиологиялық жағдай беріңіз, білезік сүйегін құрсауда супинация мен пронацияның орта қалпында орналастырыңыз. құрсаудың іші жағына білезік сүйегін, шынтақты, салып, құрсауды артқы сыртқы аймаққа иық арқылы қарама-қарсы жаққа бағыттаңыз. құрсау сондарын сау иық асты және қолтық лйығы арқылы байлаңыз. марлядан немесе мақтадан жасалған валикті ауру жақтың қолтық ойығына және қол ұшы астына салыңыз. құрсауды иықтың орта бөлігіне дейін, спиральды жүріспен, бинтпен, бинтпен бекітіңіз. Қолды жақыслап бекіту үшін «Дезо» байламын жасаңыз. Есте қалдыру: Бинт байламын жарақат кезінде шынтақ буынына дейін немесе иықтың ортаңғы үшінші бөлігін салу керек. Себебі, бинт байлаған кезде қолды қозғалту ауырсынуды болады. 47.Дитерхс құрсауын салған кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: жамбас маңы сынығында, жамбас сан және тізе буынына қолданылады. Құрал -жабдықтар: Дитерихс құрсауы, 2 бинт, қайшы. Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті тыныштандырыңыз Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз. Үстіндегі киімін қиып, жарақаттанған аймақты жаланаштандырңыз. Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз. Дитерихс құрсауының екі жақ бөліктерін пациенттің сау жағына өлшеп көріңіз. Пациенттің ауру жағына салып, сегіз тәрізді байламмен төменгі жағын бекітіңіз. Ауру жағының қолтық асты ойығына құрсаудың сыртқы жағын орналастырыңыз, бабан бөлігінен 8-10 см-ге шығып тұруын қадағалап, бекітіңіз. Дитерихс құрсауының сыртқы бөлігінің табан бөлігіне металл құлақшасын орналастырыңыз. Құрсаудың іші жақ бөлігінің сынған жақтың шап маңайына орналастырып, табан жағына металл құлақшаларын бекітіңіз. Шығып тұрған сүйектер астына мақтадан жасалған валик салыңыз. Есте қалдыру: Балтырдың буынының бұзылысын алдын алу мақсатында, қосымша Крамер құрсауын қолданған дұрыс. Бұны сынған аймақтың артқы бөлігіне орналастырады. Құрсауды қолтық асты мағайынан ауру бөлігіне, сау аяқты иық маңайына белдікпен бекіту керек. Жіппен айналдырғыш таяқшаны бекітіңіз. Айналдырғыш таяқшаны шап және қолтық асты маңайына тірелгенше айналдыру керек. Айналдырғыш таяқшаны сыртқы құрсаудың шығыңқы жеріне бекітіңіз. Құрсауды бинтпен спираль тәрізді байламмен, балтыр мағайынан және жамбас –бөксе буынынан бекітіңіз. 48.Крамер құрсауын балтырға салудың іс- әрекет алгоритмі Көрсеткіші: балтыр сынығы, тізе буынының шығып кетуі. Құрал -жабдықтар: Сатылы Крамер құрсауы 3; Ені 20 см бинт, қайшы Есте сақтау: құрсауды төменгі жаққа салған кезде, екі буын бекітіледі: сынған жерден жоғарғы буын және төменгі буын. Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті арқасымен жатқызып, тыныштандырыңыз. Орындалатын манипуляцияны түсіндіріңіз. Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз; Жарақта аймағын тексеріңіз, сынғанын немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз. Крамер құрсауының сатылы түрін таңдаңыз: бірінші - 120 см ұзындығы, ені 11 см, екі шина ұзындығы -80 см, ені 8 см. Құрсаудың екі жағынан мақтамен орап, мақтаны бинтпен орап бекітіңіз. Құрсаудың төменгі бөлігін (120*11) сау аяқтың табанына бақайдан өкшеге дейін салыңыз. Өкше аймағында түзу бұрышта түғіңіз (90е). Дайын болған құрсауға аяқты салыңыз: 1-шина табанмен жүреді. Балтырдың артқы жағымен бөксенің ортаңғы үштен бір бөлігін алып жатады. 2 – құрсау балтырдың сыртқы жағынан табанның сыртқы шетінен басталады. 3- құрсау балтырдың ішкі бөлігінен табанның ішкі қырынан өтеді. 10.Құрсауды бинттің спиральді турларымен бекітіңіз. Ескертулер: балтырдың жоғарғы үштен бір бөлігі сынған кезде, құрсаудың жоғарғы ұшы жамбас – сан буынына жету керек. Егер құрсау екеу ғана болса, екі құрсауды қырынан орналастырады да, немесе біреуін артқы бөлікке орналастырады. Табан сүйегінің сынығы кезінде құрсауды бақай ұшынан балтырдың ортаңғы бөлігіне дейін салынады. 49.Иыққа Крамер құрсауын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: иық сүйектерінің сынығы. Құрал -жабдықтар: Сатылы Крамер құрсауы; 2 бинт, мақта, косынка, қайшы. Ескертулер: шинаны салған кезде екі буын бекітіледі: сынықтан жоғары және төмен буындар. Іс-әрекетінің алгоритмі: Науқасты өзіне қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз. Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз. Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз; Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз. Сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз: ұзындығы 80 см, ені 8 см. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекітіңіз. Құрсауды науқастың сау жағына орналастырыңыз, саусақ ұшынан, шынтақ буынына дейін. Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүгіңіз (90 е); Құрсауға сау қолды, иықты салып (құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау). Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаңыз. Дайын құрсауға қол мен иықты салыңыз. Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан, иық буынына дейін бекітіңіз. Жақсылап бекіту үшін, косынкалы байлам салыңыз. Ескертулер:Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөңгеоек валик салыңыз, қолға мақтадан, марлядан немесе бинттен валик жасап, салыңыз. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қойыңыз. 50.Гипс байламдарын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі Емдік иммобилизация қолдану үшін, гипстен жасалған қатты байламдар қолданылады. Гипсті бекітуге арналған кез келген дене бөлігін бекітуге арналған байлам салуға болады. Байламдарды дайындау үшін құрғақ гипс қолданылады, ұн тәрізді консистенциялы. Гисптік байлам салардың алдында гипстің жарамдылығын тексеру керек. Алақанға, гипс ұнтағын алып жұдырықтап ұстағыз. Егер гипс құрғақ болса саусақ арасынан өтіп құйылады. Егер дымқыл болса, түйін пайда болады. Судың бір бөлігін, гипстің екі бөлігін араластырып, лотокқа құйып, қадағалаңыз. Гипс 6-7 минут ішінде су керек. Пайда болған пластина басқан кезде ұнтақталмау керек. Сумен араласқан гипс шіріген жұмыртқаның иісіндей болмау керек. Гипсты сумен араластырып, пайда болған массадан, шарик жасау керек. Егер гипс жақсы сапалы болса, 5-8 минуттан кейін кебеді, лақтырған кезде металл дыбысын шығарады, және сынбайды. 51.Гипс бинеттерін жасаудағы іс- әрекет алгоритмі Көрсеткіші: емдік иммобилизацияны қолдану. Құрал -жабдықтар: Темір үстел; Гипске арналған ыдыс; Ені 15-20 см бинт; Гипстенген байламдарын сақтауға арналған қорап; Гипсті ұнтақтауға арналған елеуіш; Резенңке қолғап, маска, аяқ киім, халат. Іс-әрекетінің алгоритмі: Арнайы киім кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию. Арнайы үстелге гипсі бар ыдысты қою. Бөтен заттар түспеу үшін, тазарту; Ені -15-20 см, ұзындығы 40-50 см бинтті жаю; Бинтке жұқалап, гипс жаю. Қолмен гипсті жайлап жаю. Бинтті орап, қалған бөліктеріне жаю. Гипсті құрғақ ыдыста сақтау керек. Ескертулер: гипске арналған бинт 2-3 м ұзындықта болу керек. Бұл ұзындыққа қолдануға ыңғайлы. 52. Гипс лонгетасын дайындау Іс-әрекетінің алгоритмі: Арнайы ким кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию. Арнайы үстелге бар ыдысты қою. Бөтен заттар түспеу үшін, тазарту Ені 15-20 см, бинтті жайыңыз (50-75-100 см). Жайылған бинт үстіне гипс жағыңыз, үстінен бинтпен жабыңыз. Әр слойды гипспен жабыңыз. Екі жақтан ортасна қарай ойық жасаңыз (кітап тәрізді салыңыз). Лонгетаны құрғақ жеде, арнайы қорапта сақтаңыз. Ескертулер: жоғарғы бөлікке 6-8 қабатты лонгета, төменжегіге 9-10 қабатты лонгета. 53.Гипстік лонгеталарды салудағы іс – әрекет алгоритмі. Көрсеткіші: гипстік байлам салу. Құрал -жабдықтар: Ішінде 250С суы бар леген; Гипстік лонгета; Ені 15-20 см бинт, қайшы. Іс-әрекетінің алгоритмі: Арнайы киім кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию. Гипстік байламның орналасуына байланысты науқасты жайғастырыңыз; Науқасты тыныштандырып Есте қалдыру:лангета алдын ала мөлшерді болу керек 54.Гипстік байламдарды шешудегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: иммобилизация уақытының өтуі Құрал -жабдықтар: Штилле гипс қайшылары Вольф қысқыштары; Кнор кеңейткіштері гипс байламдарын қиюға арналған қайшылар тігінші қайшылары гипс пышақтары гипс аралары Іс- әрекет алгоритмі: науқасты отырғызып, тыныштандырыңыз; орындалатын манипуляцияларды түсіндіріңіз; қолды немесе аяқты арнайы үстелге қойыңыз; гипсті, гипс қайшылары, аралары қолданылады. Ескертулер: гипсты қиған кезде абайлап, қолды немесе аяқты қиып алмаңыз. балтыр немесе шынтақ маңындағы гипсты гипертониялық ерітіндісімен жібітіңіз.Қайшының қырларын, максимальды үлкен аумақта ашыңыз. Қолдың немесе аяқтың перифериялық бөлігін ұстап тұрып, байламды шешіп алыңыз.Байламды шешкен соң қол терісін сумен, сабындап жұмсақ ветошпен жуу керек.Қолды вазелин майымен өңдеңіз. – .Жансыздандыру кезіндегі іс –әрекет алгоритмі Жансыздандыру (анестезия) жергілікті және жалпы болады. 55.Пациентті жергілікті анестезияға дайындау іс –әрекет алгоритмі пациентті зерттеу, жансыздандыру өткізетін жерде тері аймақтарын тексеру; тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексеру; аллергиялық аурулар барма екенін зерттеу, әсіресе анестетиктерге аллергия барма екен; премедикация алдында қуықты босату; премедикация өткізу :промедол атропин ертіндісін 1 мл бұлшық етке, анестезияға 20 минут қалғанда, 1 шприцте. жергілікті жансыздандыру біткенше қатаң төсек режимін сақтау. 56.Беткей анестезияны өткізу Офтальмология, оториноларингология, стоматологияда, бронхоскопия, гастроскопия, цистоскопия, ларингоскопия өткізген кезде қолданылады. Анестетиктер: кокаин 1%, 2%, 3% - 5 мл; дикаин 0,5% - 5 мл; лидокаин 2% - 5 мл; хлорэтил 30 мл анестетиктің әсерін ұзарту үшін адреналин ерітіндісін қосады (анестетик ерітіндісінің 1 мл – 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін 1-2 тамшы. Іс- әрекет алгоритмі: Теріні, кілегей қабатты тампонмен өңдеу Пипетка арқылы 3-4 тамшы тамызу Аэрозольды дененің бетінен 25 см арақашықтықта шашырату. 57. Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде іс –әрекет алгоритм Көрсеткіші: Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу өткізген кезде, іріңдіктерді тескенде. Анестетиктер:новокаин 0,25% - 500 мл; новокаин 0,5% - 250 мл; Құрал -жабдықтар: залалсыздандырылған лоток; марлялы дәке; 2 пинцет Шприц 20 мл; Инелер, бұлшық ет инъекциясына арналған; 1% йодонат; 70% этил спирті; новокаин ерітіндісі резеңкелі қолғаптар Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию; Теріні 2 рет залалсыздандырылған салфеткамен йодонат пен пинцет арқылы өңдеу, содан кейін спиртпен ортасынан шетіне дейін. Шприцке новокаин ерітіндісін алу. Тері ішіне инъекциялық инені енгізу. «Лимон қабыршағы» пайда болғанша новокаинды ақырын жіберу. Инені тері ішіне қабатымен (майлы клетчаткаға, бұлшық етке) терең енгізу, новокаин жіберу. Инені алып, 3-5 минут өткен соң манипуляцияны жүргізу. 58.Футлярлық анестезия өткізген кездегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: аяқ- қолға операциялар, манипуляциялар жүргізгенде, сүйек сынығында, ұзақ уақыт қысылу синдромында жансыздандыру үшін. Анестетик:новокаин 0,25% - 500 мл Құрал-жабдықтар: ширақ 2 пинцет малярлы дөкелер шприц 20 мл инъекциялық ине бұлшық етке 70% этил спирті резеңкелі қолғаптар; новокаин ерітіндісі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Анестезия өткізетін жерден жоғары ширақ салу 2.Ширақтан төмен теріні 2 рет спиртпен өңдеу 3.Шприцке новокаин ерітіндісін алу. 4.Ширақтан төмен бұлшық етке терең инені енгізу. 5.Новокаинды ақырын жіберу. 6.Инені бірнеше жерден ірі бұлшық еттің фасциясына енгізу. 7.Манипуляция біткен соң ширақты біртіндеп босата отырып шешу. 8.Манипуляцияны 1,5 сағат бойы өткізеді |