АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Скачать 133.46 Kb.
|
80. Антибиотиктерге байқау жүргізу іс –әрекет алгоритмі Дәрігер байқау түрін тағайындайды, бірақ оны жүргізудің алдында медицина қызметкері науқастан антибиотикке сезімталдығын сұрап біледі. Сезімталдығы болса,оны дәрігерге айту қажет. Аппликациялық байқау 1. Білектің алақан жағын, ішті, арқасын 70% спиртпен өңдейді. 2. Одан соң төрт қабат 1,5 х1,5 см көлеміндегі дәкені пенициллинге немесе басқа антибиотикке сулап алып жапсырады. 3. Үстін компресс қағазбен жауып, оны таңғышпен немесе лейкопластрмен бекітеді. 4. Нәтижесін 20 минуттан кейін анықтайды. 5. Егер қызарса, қышу, күлдіреу пайда болса, онда бұл антибиотикті қолдануға болмайды. Скарификациялық байқау 1. Білектің алақан жағына 70% спиртті жағады. 2. 10 000 Б антибиотиктің ерітіндісін қойып, қасына бір тамшы еріткішті құяды. 3. Иненің ұшымен теріге ұзындығы 1 см сызат түсіреді. 4. Сызат аумағы 20 минуттан кейін қызарса, болмаса күлдіреу пайда болса, бұл антибиотик емдеуге жарамайды. Теріішілік байқау 1. ілектің алақан жағы терісін спиртпен өңдейді. 2. Инсулин шприцімен 0,02 мл пенициллин (100-1000ЕД) ерітіндісін тері ішіне егеді. 3. Диаметрі 15-20 мм қызарған (эритемалық) бөртпе пайда болса, реакция оң деп есептеледі,бұл антибиотик емдеуге жарамайды. 81.Дәкелі таңғыштарды салу ережелері 1.Зақымданушыны жағдайына қарай таңып байлау үшін ыңғайлы орналастырады. 2.Қол-аяққа орташа физиологиялық бап жасайды. а) аяқ ұшы 900 бұрышпен сираққа бүгіледі. б) тізе буынында сирақ 1600 бүгіледі. в) ұршық буынында сан сүйегі алшақтатылады. г) қол ұшы сәл бүгілген. д) шынтақ буыны 900 бұрышпен бүгіледі. е) иық тұлғадан алшақтатылады (қолтыққа буылтық қойылады). 3. Таңғыш салғанда зақымданушының бет алдында болу керек. 4. Таңғыш салынатын дененің бөлігі таңғыш салушының кеудесінің деңгейінде болуы керек. 5. Таңғыш салу үшін дәкелі таңғыштың ені таңғыш салатын жердің анатомиялық аумағына сәйкес келуі керек: түлғаға -10 - 12 см; басқа – 6 - 8 см; қолдың ұшы мен саусақтарға – 4 - 6 см. 6. Дәкелі таңғышты байлағанда қолды таңғыш салатын беткейден айырмай, таңғышты ұзартып созбайды. 7. Таңғышты оң қолмен ұстап, бос ұшын сол қолмен ұстайды. 8. Солдан оңға, шеттен орталыққа қарай байлайды. 9. Байлаудың алдында және соңында таңғышты 2-3 айналдырып бекітеді. 10. Байлағанда бірқалыпты тартып, қыртыс қалдырмайды. 11. Әр айналымның 1/2 немесе 2/3 енін келесі айналыммен жабу керек. 12. Егер таңғыш бітіп қалса,онда таңғыштың ұшың алдыңғы таңғыштың астына салып және оны айналдырып бекітіп,таңуды әрі қарай жалғастырады. 13.Таңудың соңында оның ұштарын жарадан жоғары немесе төмен байлайды. 14. Салынған таңғыш лимфа мен қанайналымын бұзбауы керек. 15.Таңғышты әдемілеп салады. 16. Байланған таңғыш келесі таңуға дейін орнында жақсы бекітілуі керек. Бас ми жарақатына жатады Жабық бас-ми жарақаттары (шайқалу, соғылу және ми затының қысылуы) Төбе сүйектерінің сынығы Мидың негізінің сынығы Жақ және иек сүйектерінің сынығы Иек сүйектерінің шығып кетеуі. 82.Жабық бас-ми жарақаттарындағы шұғыл көмектегі іс – әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды зәмбілге салу, бас жағын 100- қа көтеру. 2.Бұлшық етке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл. 3.Көктамырға 40% глюкоза 20 мл немесе 25% магний сульфаты 10мл бұлшық етке (қан қысымы төмен болғанда магний сульфатын қолдануға болмайды). 4.Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою. 5.Ессіз жатқан кезде – тілі артқа кетпеу және құсықпен тұншықпаудың алдын алу үшін (басын бір жаққа бүру, ауыз қуысын тазалау, тілін салфеткамен ұстап сыртқа шығару). 6. Қан қымысын, тамыр соғуын қадағалау. 7.Нейрохирургия бөліміне тасымалдау. 83.Төбе сүйектерінің сынығындағы іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды зәмбілге салу, бас жағы көтеріңкі. 2.Бұлшықетке 50% анальгин 2 мл, 1% димедрол 1 мл. 3.Көктамырға 40% глюкоза 20 мл. 4.Қансырауда және жарада - самай артерияны басып немесе самай артерияға қысып тұратын байлам салып қанды тоқтату. 5. Жараға асептикалық байлам салу. 6.Бастың төбе жағына мұзды мұйық асып қою. 7.Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 8.Нейрохирургия бөліміне тасымалдау. 9.Жара бер кезде сіреспені алдын алу шаралар жүргізу. 84.Мидың негізі сынған кезде іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды зәмбілге салу, бас жағы көтеріңкі. 2.Бұлшық етке 50% анальгин 5 мл. 3. Бұлшық етке 2 мл кордиамин, 5% эфедрин 1 мл тері астына. 4.Көктамырға 40% глюкоза 4 мл. 5.Жара жағдайда – антисептикпен өңдеу, асептикалық байлам салу. 6.Бастың төье жағына мұзды мұйық асып қою. 7.Басын валикпен бекіту. 8.Шок диагнгстикасын анықтау үшін қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 9.Абайлап нейрохирургия бөліміне тасымалдау. Есте қалдыру: қансырауды және ликвореяны тоқтатпаймыз. 85.Жақ және иек сүйектері сынған іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шекккен адамды зембілге салу, басын бір жағына бұрып. 2.Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен тазалау. 3.Мұрыннан, тіс лункасынан қан аққан кезде тампонада арқылы қанды тоқтату. 4.Жансыздандыру. (бұлшық етке 50% анальгин 5 мл). 5.Жараға асептикалық байлам салу. 6.Жаққа иммобилизация өткізу – пращ тәрізді байламмен немесе жүген тәрізді немесе арнайы қатты «прашті» бас кимімен. 7.Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау. 8.Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. 9.Сіреспенің алдын алу шаралары. 86.Иек шығып кеткен кездегі іс – әрекет алгоритмі. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Ауыз қуысын тексеріп салфеткамен өңдеу. 2.Буын аймағында 2% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру. 3.Иекке пращ тәрізді байлам салу. 4.Жақ-бет хирургия бөліміне тасымалдау, зембілге салып, бір жағына бұрып. .Мойын аймағының жарақатында шұғыл көмек көрсеткенде іс-әрекет алгоритмі Мойын жарақаттары (көмекей, тіл астындағы сүйек, кеңірдек, өңеш, мойынның ірі тамырлары) осы жағдайларда жарақат шогы, өткір қансырау, демнің бұзылуы кездеседі. 87.Көмекей шеміршегінің соғылуындағы іс-әрекет алгоритм Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Жансыздандыру (50% анальгин 2 мл) 2. Соғылған жерге мұзды мойық қою. 3.Демін қадағалау. 4.3-4 дәрежедегі стенозда трахеочстомиялық пункция 5.Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе Лор бөліміне тасымалдау. 88.Көмекей шеміршегінің сынуындағы іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зәмбілге арқасымен жатқызу. 2.Мұрын қуысынан медициналық резенкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы мұрын қуысынан қанды сорып алу. 3.Сыртқы жараларға асептикалық байлам салу. 4. Жансыздандыру (50% анальгин 2-5 мл). 5. Мұзды мұйық қою. 6. 3-4 дәрежедегі стенозда трахеостомиялық пункция. 7. Жартылай отырғызып, хирургия бөліміне немесе ЛОР бөліміне тасымалдау. 89.Кеңірдек жарақатындағы іс – әрекет алгоритмі Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты. Іс-әрекетінің алгоритмі: Зардап шеккен адамды арқасымен жауырын астына валик салып жатқызу. Жара аймағына антисептикпен өңдеу. Жара тесігінен кеңірдектегі медициналық резеңкелі сорғышпен немесе электроотсос арқылы қанды сорып алу. Жансыздандыру (50% анальгин 2-5 мл). Кеңірдекті трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка арқылы кеңейту. Кеңірдекке трахеостомиялық трубка немесе дренажды трубка енгізу. Трубка аймағында залалсыздандырылған салфеткаларды орналастыру. Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, 2 мл кордиамин, 5% - 100 мл аминокапрон қышқылы. Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. Демі қиындағанда – трахеостомиялық трубканы тазалау. Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. Сыреспенің алдын алу шаралары. 90.Өңеш жарақатындағы іс-әрекет алгоритмі Себебі – оқтың немесе пышақ жарақаты өңеш аймағында, көбінесе сол жағы жарақаттанғанда. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу. 2.Жансыздандыру (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол). 3.Жара аймағын асептикамен өңдеу. 4. Жараға тампонада өткізу. 5.Жараға қысып тұратын байлам салу. 6.Мұзды мұйыө қою. 7.Көктамыр ішіне полтглюкин 500мл, 2 мл кордиамин. 8.Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. 9.Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 10.Сіреспенің алдын алу шаралары. 91.Мойын тамыр жарақатындағы іс – әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу. 2. Ұйқы артериясын омыртқаға саусақпен басып қанды тоқтату. 2.Жансыздандыру (50% анальгин 2-5 мл, 2% 2 мл промедол). 3.Жара аймағын асептикамен өңдеу. 4. Жараға тампонада өткізу. 5.Жараға қысып тұратын байлам салу. 6.Мұзды мұйыө қою. 7.Көктамыр ішіне полтглюкин 500мл, 2 мл кордиамин. 8.Зембілге салып арқасымен хирургия бөліміне тасымалдау. 9.Қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 10.Сіреспенің алдын алу шаралары. 92.Кеңірдекке, көмекейге бөгде зат кезіндегі іс – әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамның жағдайын бағалау. 2. 1-2 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды басын төмен салбырату керек немесе өзіміздің санымызға (орындықтың арқасына) басымен төмен орналастыру, зардап шеккен адамның төсі, көмек көрсететін адамның сан аймағында орналасу керек, рефлекторды демді шығару үшін – жөтелдіру керек, қолмен арқасын ұрғылау керек. 3.Нәтиже болған кезде – зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу, жауырын астына валик, Дюфо инесімен трахеостомиялық пункция өткізу. 4. 3-4 дәрежедегі стенозда зардап шеккен адамды арқасымен жатқызу, жауырын астына валик, Дюфо инесімен трахеостомиялық пункция өткізу. 5. Зембілге салып, жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. 6.Демін қадағалау. 93.Өңеш күйігіндегі іс-әрекет алгоритмі Себебі – қышқылдарды немесе сілтілерді қабылдау. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Жансыздандыру (50% анальгин 2-5 мл6 2% -2 мл промедол) 2.Спазмолитиктер қолдану (0,1% 1 мл атропин, 2% - 2 мл папаверин тері астына). 3.Асқазанды өңешті зонд арқылы 10 литр ағынды сумен шаю. 4.Бұлшық етке 2 мл кордиамин, көктамырға 300 мл полиглюкин 2% 30 мл новокаинмен. 5. Көлденең жатқызып зембілмен реанимация бөліміне тасымалдау. 6.Қан қысымын, тамыр соғуын қадағалау. Кеуде жарақатында шұғыл көмек көрсетудегі іс-әрекет алгоритмі Кеуде жарақаттары ашық және жабық болады. Жабық жарақаттар ішкі ағзалардың жарақаты және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады. Ашық жарақаттар болуы мүмкін – өтпелі емес ішкі ағзалардың жарақатымен және ішкі ағзалардың жарақатсыз түрінде болады. Кеуде жарақаттарында кездеседі – травмалық шок, өткір қансырау, демнің бұзылуы, жүрек өкпе жетіспеушілігі. 94.Кеуде қуысының соғылуындағы іс – әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамға анальгин 1 таблетка беру. 2.Соғылған жерге мұзды мұйық қою. 3.Жарақат бөліміне жартылай отырғызып тасымалдау. 95Кеуде қуысының қысылуындағы іс – әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.Зардап шеккен адамды қысылудан босату. 2.Бұлшық етке 2% 1 мл промедол, 0,2% 1 мл платифилин, 0,1% 1 мл атропин тері астына. 3.Дем шығарған кезде жұмсақ байлам кеуде қуысына. 4.Оттегін беру. 5.Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау. 6.Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын, демін қадағалау. 96.Қабырға сынықтарындағы іс – әрекет алгоритмі Қабырға сынықтары болуы мүмкін – жеке, көпше түрінде ішкі ағзалардың жарақатымен немесе ішкі ағзалардың жарақатысыз. Іс-әрекетінің алгоритмі: Жансыздандыру 50% 2 мл анальгин немесе 2% новокаин 10 мл жарақаттанған қабырғаның төменгі бөлігімен. Жұмсақ тіндердің жарақатында, жара аймағын антисептикпен өңдеп, залалсыздандырылған салфетка салу. Жарақаттанған жағына жабысқақ черепица тәрізді байлам салу төстен омыртқаға дейін. Сынық аймағына мұзды мұйық қою. Оттеегін беру. Жартылай отырғызып жарақат бөліміне тасымалдау. Шок диагностикасына немесе өкпе ісінудің алдын алу үшін қан қысымын, тамыр соғуын демін қадағалау. Ашық сынықтарда сіреспенің алдын алу шараларын өткізу. 97.Бұғана сынығындағы іс-әрекет алгоритмі Іс-әрекетінің алгоритмі: 50% 2 мл анальгин крітіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. Дезо немесе Дельбе байламын өткізу. Сынған жерге мұзды мұйық қою. Жартылай отырғызып жарақат бөліміне жеткізу. 98.Гемоторакс кезінде іс – әрекет алгоритмі Гемоторакс – өкпе тамырлары немесе кеуде қуысы жарақатыныңнәтижесінде қансырау болып плевра қуысында қанның жиналуы. Іс-әрекетінің алгоритмі: 1.50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. 2.Егер жара болса айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеу. 3.Жараға асептикалық байлам салу. 4.Жара орнына мұзды мұйық салу. 5.Көктамырға 10% калий хлоридін және кальций глюконат 10 мл жіберу. 6.Зембілге салып, жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. 7.Өткір қан жоғалту және жарақат шогының диагностикасын өткізу үшін қан қысымын, тамыр соғысын, демін бақылау. 8. Жара болса, сіреспенің алдын алуын шешу. 99.Жабық пневмоторакс кезінде іс-әрекетінің алгоритмі Жабық пневмоторакс плевра қуысына бір уақытта ауаның жара арқылы шығуынан дамиды. Іс-әрекет алгоритмі: 50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол етіріндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу. Жараға асептикалық байлам салу. Жара орнына мұзды мұйық салу. Зембілге салып жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. Жара болса,сіреспенің алдын алуын шешу. 100.Ашық пневмоторакс кезінде іс-әреккет алгоритмі Ашық пневмоторакс плевра қуысына ауаның жара арқылы демді алғанда және дем шығарғанда оның сыртқа шығуы. Іс- әрекет алгоритмі: 50% 2 мл анальгин ертіндісін немесе 2% 1 мл промедол етіріндісін бұлшық етке жансыздандыру ретінде өткізу. Егер жара болса айналасын антисептик ертіндісімен өңдеу. Жараға окклюзиялық байлам салу (жараны тампонданғаннан кейін теріні майлы ертіндімен айналасын өндеп,жеке байлам пакетінен жасалған резиналы тіңді стерильді жағымен салу,лейкопластырмен жабыстыру). Жара орнына мұзды мұйық салу. Оксигенотерапия өткізу. Зембілге салып жартылай отырғызып хирургия бөліміне тасымалдау. Қан қысымын,тамыр соғысын,демін қадағалау. Сіреспенің алдын алуын шешу. 101.Клапанды пневмоторакс кезінде іс-әрекетінің алгоритмі Клапанды пневмоторакс терідегі жарадан плевра қуысына әр демалған сайын ауа кіреді, демді шығарған кезде жара бітеледі. Әр дем алған сайын плевра қуысында ауаның мөлшері ұлғая түседі. Іс-әрекетінің алгоритмі: Жансыздандыру (50% анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін бұлшық етке) Жара аймағын антисептикпен өңдеу Жараға окклюзиондық байлам салу (жараға тампонада өткізген соң, жара аймағын майлы ертііндімен өңдеп, клеенкалы байлам салу, жабысқақ пластырмен бекіту) Жараға мұзды мұйық қою Жарақаттанған жақта ауаны сорып алу үшін плевральдық пункция өткізу Оттегін беру Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин Зембілге жартылай жатқызып, хирургия бөліміне тасымалдау Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау Сіреспенің алдын алуын шешу. 102.. Сарысу еңгізудегі іс – әрекет алгоритмі. Жабдықтар: сыворатка (1:100 есе ерітілген), шприц, мақта домалағы, 70% спирт, таза сары су, сызғыш, құм сағат. Іс-әрекет алгоритмі: Шприцке 1:100 есе ерітілген (қызылмен жазылған) ампуладан сыворотка сорып ал, ауасын шығаруға есептеп ал. Білектің 3:1 бөлігінің алдыңғыт бетін жоғарыдан төмен спиртпен өңдеу. Иньекция орнының терісін төмен тарт. Ине кесігін жоғары қаратып ұстап, тері ішіне 0,1 мл сыворотканы еңгіз. Иньекция орнына папула пайда болады. 20 минуттан кейін папула диаметрі сызғышпен өлше. Егер папула диаметрі 0,9 см аспаса, байқау қорытындысы теріс деп есептелінеді. Ерітілмеген (көкпен жазылған ампула) сыворотканы 0,1 мл тері астына еңгіз. 1-1,5 сағаттан соң байқау қорытындысы теріс болса, қалған дозаны бұлшық етке немесе тамыр ішіне еңгіз, егер тері ішіне салған байқау нәтижесі оң болса, ерітілмеген сарысуды еңгізу гормонды препараттармен бірге және 0,5 2,0 5,0 мл еңгізіледі. Ескерту. Сыворотканы еңгізбес бұрын шығару және сақтау мерзіміне, мөлдірлігіне қара, 37 гр С температурада жылыт, байқау қортындысын дәрігерге оқыт, нәтижесін ауру тарихына жаз. |