АЛГОРИТМЫ по хирургии 137 алг. Жалпы хирургия жне анестезиология пнінен алгоритмдерді жиын 2018 жыл Рецензи я Оулы рал Алгоритмдер
Скачать 133.46 Kb.
|
8.Ширақ салған кезде іс- әрекет алгоритмі Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құрал -жабдықтар: дәке резеңкелі ширақ қағаз, қарындаш резеңкелі қолғап дез ерітінді бар ыдыс таңу материалдар Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию Жарақаттанған аяқ-қолды көтеру Жарақаттанған жерді бақылау Жарадан жоғары дәке салу, немес жарақат аймағында пациенттің киімін дузеу. Ортаңғы бөлікте екі қолмен ширақты созып, аяқ аймағына орналастыру. Ширақты соылған түрінде бір айналымды салу, содан кейін екі –үш айналымды қан тоқтағанша, периферия тамырларда тамыр соғуы жоғалғанша салу. Ширақтың туралры жақында орналасу керек, айналмай, теріні қыспай. Ширақтың шетін бекіту шынжыр арқылы. Ширақтың бір тур аймағына қағаз орналастыру – күнін, ширақтың салған уақытын (сағат, минутты) көрсетіп. Жарақаттанған жерді өңдеп, аспетикалық байлам салу, жансыздандыру. Жылдың суық мерзімінде аяқ-қолды жылы орау, үспі кетпеу үшін. Зембілге салып пациентті ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез ерітіндіні ыдысқа салу. Есте сақтау керек: Ширақ бір сағатқа, ъъъъъъъжфлдфң мерзімінде – 30 минутқа дейін. Берілген уақыттан ассақ, ширақты бірнеше минутқа босатып, содан кейін қайтадан салу. Ширақ екі сағат бойы салуына болады. 9.Айналмалы ширақты салған кезде іс-әрекеттің алгоритмі Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құрал -жабдықтар: дәке таяқша қағаз қарандаш резеңклі қолғап дез ерітінді бар ыдыс таңу материалдар бинт Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию Жарақаттанған аяқ-қолды көтеру Жарақаттанған жерді бақылау. Айналмалы ширақ салынатын жерге дәкені бекіту. Дәкенің ұштарын бет жағына байлау. Таяқшаны орналастырып, қан тоқтағанща , прифериялық тамрыларда тамыр соғуы жоғалғанша, таяқшаны айландыру. Таяқшаның бос бөлігін байламмен бекту. Жара аймағын өңдеп, аспетикалық байлам салу. Ширақтың аймағына қағаз орналастыру – күнін, ширақтың салған уақытын (сағат, минутты) көрсетіп. Жарқаттанған жерді өңдеп, асептикалық байлам салу, жансыздандыру. Зәмбілге салып пациентті ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез ерітіндіні ыдысқа салу. 10..Ұйқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кездегі іс- әрекет алгоритмі Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құрал -жабдықтар: Крамер құрсауы мақталы-марлілі пелот заласыздандырылған дәкелер резеңкелі ширақ дез ерітінді бар ыдыс бинт Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию Жарақаттанған жерді тексеру Мойынға салар алында Крамер құрсауы ыңғайлы жағдайға майыстыру. Асептикалық байлам салу. Бас. Мойын сау жағынан Крамер құрсауды орналастыру (құрсау каркас ретінде жұмыс істейді – осының үстінде мойынға ширақ салынады). Асептикалық байлам үстіне мақталы – марлілі пелотті орналастыру. Ширақты қатты созып, мойын аймағына, бірнеше айналыммен бекіту. Ширақтың бос бөліктерін бекіту. Зәмбілге салып, пациентті жартылай отырғызып, ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез ерітінді ыдысқа салу. Есте сақтау керек: Егерде, ширақ болмаған жағдайда, пациенттңғ сау жағынан қолын орналастырып, ширақпен бекітеді. Бұнда, құрсау ретінде иықты қолданады. 11.Қансырап тұрған тамырға қанды тоқтататын қысқыш салған кезде іс –әрекет алгоритмі Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату. Құрал -жабдықтар: екі үшкір ілгектер қанды тоқтататын қысқыштар таңу материалдар резеңкелі қолғаптар дез ерітінді бар ыдыс бинт Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию Заласыздандырылған лоток, екі үшкір ілгектер, қанды тоқтататын қысқыштар дайындау. Жараның шетін ілгектермен ашу. Қансырап тұрған тамырдың екі шетін табу. Залалсыздандырылған қысқыштармен тамырдың шетін ұстап бекіту. Жарамға асептикалық байлам салу. Зәмбілге салып, пациентті ауруханаға тасымалдау. Резеңкел қолғапты шешіп, дез ерітінді ыдысқа салу. 12.Қысып тұратын байлам салған кездегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: Жұмсақ тіндер жарақаттанған кездегі көктамырлы қансырауды тоқтату. Құрал -жабдықтар: 1% иодонат флаконы Залалсыздандырылған салфеткалар Бинт, мақта, жеке таңу пакеті Лоток, қайшылар, пинцеттер (3) Резеңкелі қолғаптар дез.ерітінді бар ыдыс Іс-әрекетінің алгоритмі; Резеңкелі қолғап кию Жараны, тіндерді тексеру Жара аймағын 1% иодонатпен өңдеу (ортасынан шетіне дейін) екі рет Пинцетті айырбастау Жараның бетін 1% иодонатпен өңдеу (сорғыш әдісімен) Пинцет арқылы жараға залалсыздандырылған салфеткалар салу, бет жағына бинт, немесе қатты шиыршықталған гигироскопиялық мақта. Таңу материалды бинт байламмен бекіту.Пациентті ауруханаға тасымалдау қансырауды біржолата тоқтату үшін. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу. Есте қалдыру: Егерде жеке таңу пакеті қолданса, жара бетіне бір жастықшаны оның үстіне екінші жастықшаны орналастырып, бинтпен бекіту. 13.Артериялық қансырауды барынша бүгу әдісті қолданып уақытша қанды тоқтату үшін іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: ширақ және жұмсақ заттар жоқ кезде, қансырауды тоқтату үшін буында барынша бүгу әдісті қолдану. 1.Бұғана астындағы артериядан қан кеткенде қанды тоқтатуға болады: бұғананы қабырғаға қысу – ол үшін иықты барынша арт жаққа апарып, байламмен немесе косынкамен буында бекіту. 2. Иық артериядан қан кеткнде: Шынтақ буында білек сүйектерін барынша бүгіп, иықты, білектерді ортаңғы бөлікте нақты бекітіп, байламмен немесе косынкамен бекіту. Тақым астындағы артериядан қан кеткенде: Аяқты тізе буында барынша бүгіп, осы жағдайда байламмен немесе косынкамен бекіту. Сан артериядан қан кеткенде: сан сүйегін шап аймағында барынша бүгіп, байламмен немесе косынкамен бекіту. Есте қалдыру: Аяқ-қолдардың барынша бүгу жеріне алдын-ала пелот мақтадан, марліден немесе басқа материалдан жасалған орналастыру қажет. 14.Мұрыннан қан кеткенде шұғыл көмек көрсеткен кезде іс- әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Мұрынның кілегей қабатының қансырауды тоқтату үшін, мұрын қуысының қабыну ауруларында, геморрагиялық диатезде, жүрек ақауларында, гипертониялық ауруларда (криздер). Құрал -жабдықтар: Резеңкелі қолғаптар Лоток, мұз, дәке, клеенка 3% сутегі асқын тотығы флаконы, 3% хлорамин ерітінді Дез.ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі; Резеңкелі қолғап кию Пациентті отырғызып, бас жағын алға еңкейту Пациментке лоток беру қанды жинау үшін Пациентті тыныштандыру, ескерту, ауызға жиналған қанды лотокқа түкіріп отыру – бұл қансыраудың көлемін анықтау үшін қажет. Дәкеге мұзды орап мұрынға, кеңсірікке қою. Мұрын қанаттарын мұрынға 3-5 минутқа 2 саусақпен қысу, егерде қан тоқтамаса. Марлелі турундаларды 3% cутегі асқын тотығы ерітіндісіне матырып, мұрын ішіне енгізу. Тоқтамайтын қансыруда, марлелі турундуларды 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне матырып, пинцетпен мұрын ішіне тереңдікке 24-48 сағатқа дейін енгізу. Мұрынға пращ тәрізді байлам салу. Лотоққа қанды дез ерітіндіге 1 сағатқа салып қою. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез ерітінді ыдысқа салу. Зәмбілге салып паицентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. Есте қалдыру: Қансыраду біржолата тоқтату үшін, мұрынның алдыңғы тампонадасы, емдік ауруханада артқы тампонадамен өткізіледі. 15.Жеке таңу пакетін салған кездедегі іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: Өтпелі жарақаттар, жаралар, күйіктер, үсіктер. Құрал -жабдықтар: жеке таңу макеті қайшылар резеңкелі қолғаптар дез ерітінді бар ыдыс Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию Пациентті жатқызу немесе отырғызу, жарақат жерін тексеру Жара аймағын антисептикамен өңдеу Жеке таңу пакеттің резеңкелі қабатын жырту Пакетті қағаз қабатымен алу Конверт ретінде жабылған қағаз қабатты ашу Оң жақ қолмен бинттің бас жағын ұстау, жақ қолмен жеке таңу пакеттің жастықшаларын ашу (бинтке бекітілген жағына қолмен ұстауға болады). Жастықшаларды залалсыздандырылған жағымен жара бір-біріне орналастыру. Жеке таңу пакеттің жастықшаларын бинтпен бекіту. Бинтті түйреуішпен немесе байламдармен бекіту. Есте қалдыру: Өтпелі жарақаттарда бір жастықшаны залалсыздандырылған жағымен кірген тесікке, екіншісін бинт бойы жылжытып отырып, шыққан тесікті жабады. 16.Тістің экстракциясындағы мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Тіс экстракциясынан қанды тоқтату. Құжаттар: Резеңкелі қолғаптар; Залалсыздандырылған лоток, пинцет; Бикс тану материалдармен; 3% сутегі ақын тотығы флаконы; Фурациллин ерітіндісі 1: 1000; Калий перманганаты; Дез.ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию. Пациентті отырғызып тыныштандыру. Тану материалы бар лоток дайындау, пинцет, ағынды суға лоток дайындау. Пациенттің қолына лоток беру. Ауыз қуысын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шаю, содан кейін фурациллин ерітіндісімен. Пациентке аузын аш деп айту, қолына лоток беру. Мақтадан тығыз тампон дайындау. Тістің орнына перманганат калийдің кристалигін салып, тығыз тампонмен басу. Пациентке жақ сүйектерін қатты қысып, 20 минут бойы ұстап тұру. Қан тоқтаған соң тістің қуысынан тампонды алып тастау. Қолданған тану материалды 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салып қою. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу. 17.Құлақтан қан кеткенде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: құлақтың жарақатында қансырауды тоқтату үшін. Құжаттар: Резеңкелі қолғаптар; Бикс тану материалымен; 3% сутегі ақын тотығы флаконы; Дез.ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию. Пациентті отырғызып тыныштандыру. Тану материалы бар лоток дайындау, 3% сутегі ақын тотығы флаконы. Турундаларды 3% сутегі ақын тотығы ерітіндісіне матырып, құлақ қуысына тығыздап енгізу. Пациенттің құлағына асептикалық байлам салу. Пациентті жатқызып, ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу. 18.Өкпеден қан кеткенде (қанды қақырық) мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: кеуде қуысының жарақатында (өкпе, бронхтардың жыртылуы), өкпе ауруларынан (туберкулез, ісікте, абсцесстер) қанды тоқтату үшін. Құжаттар: Резеңкелі қолғаптар; Лток, мұз; Дез.ерітінді бар ыдыс. Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию. Пациентті отырғызып тыныштандыру. Пациентке түсіндіру қажет жөтелмеу, терең және ақырын демалу, сөйлемеу. Толық физикалық, психикалық тыныштық сақтау. Мұзбен лотокты дайындау Әр 15 минут сайын мұз бөліктерін жұтып отыру. Пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу. 19.Асқазаннан, өңештен қан кеткенде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: асқазан жара ауырғанда, геморрагиялық гастритке, өңештің көк тамырларының кеңеюінде қанды тоқтату үшін. Құжаттар: Резеңкелі қолғаптар; Мұйық, мұз; Құсық массасын жинайтын ыдыс; Дез.ерітінді бар ыдыс. Дәрілік заттар: 10% 10 мл хлористі кальций, 12,5% этамзилат 2 мл, 5% аминокапрон қышқылы 100 мл. Іс-әрекетінің алгоритмі: Резеңкелі қолғап кию. Пациентті арқасымен жатқызып тыныштандыру. Толық физикалық, психикалық тыныштық беру. Мұйықты дайындап, мұзға толтыру. Эпигастрий аймағына мұзды мұйықты 15 минут қою. Құсық кезінде пациентке көмек көрсету Пациентке тамақ, су, дәрілік заттарды ішуге кедергі қою. Көк тамыр ішіне коагулянттар енгізу (10% 10 мл хлористі кальций, 12,5% этамзилат 2 мл, 5% аминокапрон қышқылы 100 мл.) Лотокқа дез.ерітіндіге құсық заттарды 1 сағатқа салып қою. Пациентті жартылай отырғызып ауруханаға тасымалдау Резеңкелі қолғапты шешіп, дез.ерітінді ыдысқа салу. 20..«Чепец» тәрізді байламды салған кезде іс-әректінің алгоритмі Көрсеткіші: Бастың маңдай, шүйде бөлігі жарақаттанған кезде. Құрал -жабдықтар: Бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі; Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алу. Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстау. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға. Маңдай, шүйде сүйектен бекітілетін тур өткізу. Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін. Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу. Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу. Байламды екі бекітетін турлармен бітіру, байламның бір жақ шетінде бинтті байлау. Пациент ұстап отырған бинттің иек астынан байлау. 21.Жүген тәрізді байламды салған кезде іс-әрекет алгоритмі Көрсеткіші: беттің, иектің, бастың маңдай бөлігінің жарақаты. Құрал -жабдықтар: Бинт, ені 10см. Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын –оң жақ қолға. Бастың маңдай , шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту. Бинтті шүйде сүйекке түсіріп, әрі қарай иекке, бет жаққа бастың маңдай бөлігіне өткізу, әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін тур мен бітіру. Бинттің турларын қайталап отырып, иекке бет жаққа қарай апару. Бас жақта бектітетін турлармен байламды бітіру. Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бітіру. 22.Бір жақ көзге (монокулярлық) байлам салудың іс- әрекетінің алгоритмі Көрсеткіші: Операциядан кейінгі кезең, көздің жарақаты. Құрал -жабдықтар: бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі; Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияларды түсіндіру. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға. Бинтті бастың мағдай бөлігіне бекіту. Маңдай, шүйде сүйектен бинттің циркулярлы турын бекіту. Шүйде сүйектен бастап құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру, осы жолмен ауырған көз жабылады. Маңдай, шүйде аймақта бинтті бекітетін турмен өткізу. Бинттің жолдарын көзге және басқа аластырып отыру керек. Бинттің шетін кесіп, байламды бекту, түйінмен байлап (жарақаттанған көздің қарама-қарсы жағынан). 23.Екі көзге (бинокулярлық) байлам салғанда іс-әрекет алгортмі Көрсеткіші: операциядан кейінгі кезең. Құрал -жабдықтар: Бинт, ені 10 см. Іс-әрекетінің алгоритмі: Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. Сол жақ көзді – сол жақтан оңға, оң жақ көзді – оң жақтан солға байлау. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, сол сақтан оңға қарай байлау. Маңдай, шүйде аймағында бекітемін тур жасау. Шүйде сүектен құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру, осы жолмен сол көз жабылады. Маңдай, шүйде аймағында бектітетін тур жасау. Шүйде сүйектен бастап маңдайға бинтті апарып, оң жақ көз жабылады. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде. |