Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
Скачать 132.22 Kb.
|
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Ол басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Қазақ халқының саяси санасынынң дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаммеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдік отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бастандықтарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Парламентке өту үшін партияның міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда ол 7% құрайды.Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматттардың сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы.Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы. Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты. 1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Қазақстандағы саяси жүйенiң өзгеруi. (тоталитаризмынан демократияға) Қазақстан Парламентінің үшінші сайланымы 2004-2007 жылдары қызмет етті.Бұл сайланымның мемлекетіміз үшін атқарған қызметтері өте маңызды, солардың бірі - 2007 жылғы 21 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Бұл заңның қабылдануы Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдісіндегі елеулі жетістік болып саналады. Осы заңдардың негізінде тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Қазақстан Президенті мен Парламент арасындағы билік өкілеттілігі елеулі түрде қайта бөлінді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде заң шығарушы орган 38 қосымша бақылаушылық құқықтарына және Үкімет жұмысына ықпал етудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі Парламенттің пайдасына қарай қайта бөлінді, ал жоғарғы өкілді органның өзі Үкіметті және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, олардың жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Конституцияға енгізілген осы өзгерістер арқылы Мәжіліс депутаттарының саны 77 ден 107-ге дейін көбейтілді және оның 98-нің саяси партиялық тізім негізінде сайлануы Қазақстанның саяси жүйесін демократиялық түрғыдан түбегейлі жаңартты. Осы жаңарту жөнінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 21 мамырда сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті: «Іс жүзінде Қазақстан президенттік—парламенттік басқару формасына көшті». Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан Республикасы бүгін Президенттік—парламенттік республикаға айнала бастады. Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады. Сонымен, Қазақстан Парламенті қызмет атқарған жылдары оның әрбір сайланымы мен сессиясы еліміздің экономикалық және саяси дамуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында табысты қызмет атқарды. Парламент жүздеген озық үлгідегі заңдар қабылдап, биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы күштердің орнықты тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, палаталардың әрқайсысында заңдарды нақтылықпен қарау арқылы заң жобаларын бекітудің парламенттік тиімді жолдарын қалыптастыра білді. Бүгін Қазақстан саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңіне өтті. Парламенттің болашақта да қоғамның саяси жүйесін жетілдіруші, мемлекетімізді демократиялық жолмен дамытушы күші болып қала беретіні анық. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері Шиеленістердің көптеген түрлерінің ішінде әлемде неғұрлым кеңінен таралғаны және неғұрлым өткірі болып ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер саналады. Әлемдік көлемде олар әрқилы аймақтарда орын алуда. Ұлттық қатынастарды үндестікпен дамытудың жолдарын талдағандағы ең басты мәселе - ұлттар ынтымақтастығының негізі, ол қоғамды демократияландыру болып табылады. Ұтымды ұлттық саясат жүргізудің барлық басқа да жолдары қоғам өмірін демократияландырумен байланысты. Себебі, әлемдік тәжірибе бойынша демократиялық принциптер жеке тұлғаның ұлттық- этникалық жағынан қиянат көрмеуіне кепілдеме береді. Қоғамдағы ұлтаралық келісімге ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қаныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек. Қоғам мен мемлекеттiң байланысы. Азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық үйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Азаматтық қоғам экномикасының негізі – әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адмның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың саяси жүйесiндегi орны және рөлі. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзендегі (1989 ж.)әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды. Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы: «Азат», «Желтоқсан».Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар:Консервативтік.Реформистік.Революциялық.Контрреволюцялық болып бөлінеді. Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы: 2. Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы: 3. Дамыыған жұмыс кезеңі:4. Саяси қозғалыстың өшу сатысы.Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары». Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамында қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін.Халық майдандарының мынадай түрлері бар: Қоғамдағы батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Өздеріңнің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиалардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылғн халық майдандары. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интерноционалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. М : 1936 жылы Францияда құрылған халық майданы фашизмнің дамуына жол бермеді, т.с.с. Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы. қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, элеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Зерттеушілер саяси жүйенің мынандай негізгі төрт бөлігін атайды: 1)саяси институттар; 2)саяси қатынастар; 3)саяси ережелер; 4)саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік: Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар-саяси партиялар. Олар мемлекттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынастары көрініс береді. Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Саяси жүйенің төртінші саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Қоғамның саяси жүйесiндегi қысымның топтары. Қысым топтары қоғаммен байланысқанда адамдар тобы қоғаммен байланыс жасау қызметімен қалыптасқан осы немесе басқа топқа жағымсыз жағымен қарау мақсатында сонымен бірге сол немесе басқа топбасшыға және оның әдістеріне жағымсыз қарау, саясаттануда қысым тобы ретінде формалды түрде ұйымдасқан топтармен бірге формалды емес адамдар тобы да аталалады, олар қарама-қарсы пікірде болады қоғамдық қысым арқылы басқа пікірі бар адамдарға қысым жасайды. Қысым топтары жұрт алдындағы акцмяларда жиі қолданылады. Қоғамның саяси жүйесiндегi орны және мемлекеттiң рөлi. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады.Қоғамдық-саяси қозғалыс үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады:2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жана Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко(Актау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді:3)ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады.Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жанарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Саяси қозғалыстар бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы:үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы. ҚР-дағы азаматтық және қоғамдық саяси қозғалыстар. ҚР-дағы жастар қозғалыстары. Қазақстандағы жастардың конгрессі. . Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсаты: «Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу» деп біледі.бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдык пен тоталитариз зардаптарынан арылту үшін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады. Қоғамдық қозғалыстарының ішінде кең тарағанының бірі – «Халық майдандары» . Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының н/е көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады.1) экологиялық бағыттағы ұйымдар: «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті ж/е т.б; 2)ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «русская обшина», «Единство» қоғамдық бірлестігі.3)тарихи-ағартушылық қоғамдар: «мемориал», «Әділет», «Ақиқат» ж/е т.б.4)әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «жерұйық», «Шаңырақ» ж/е т.б ҚР-дағы заңға сүйенген мемлекеттi құрастырудың мәселелерi. Мемлекетаралық экономикалық одақтар Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына(2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды. |